Бір қыз бен он алты ақын І бөлім 82. 3К б 94 Бірінші бөлімінде: Бір қыз бен он алты ақын



жүктеу 3.85 Mb.
бет7/13
Дата02.04.2016
өлшемі3.85 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
: files -> docs -> books
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кәкішев, Ө.Әбдиманұлы
docs -> Изучить устройство светооптического микроскопа Усвоить основные показатели микроскопа Усвоить правила работы с микроскопом
docs -> Бабаджаев Радбей Бабаджан Халматов
docs -> Продуктивные качества бычков абердин-ангусской, чёрно-пёстрой пород и их помесей 06. 02. 10 частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Сравнительная оценка роста, развития и мясной продуктивности бычков абердин-ангусской, симментальской пород и их помесей в условиях центрального черноземья 06. 02. 10 Частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Учебно-методический комплекс дисциплины «биогеография» Для специальности
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Қыраубайқызы бес томдық шығармалар жинағы астана 2008 алма қыраубайқызы екінші том астана
books -> Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа

Ақілгек пен Меңдібек
Ақілгек:

Ал сөйле, Меңдіқара Меңдібегі,

Жүйрік боп ауданыңнан шыққан сері.

Жарысқа социалистік шақырады,

Ақыны Ұзынкөлдің Ақілгегі.
Айтысқа сіз де дайын, біз де дайын,

Сөз селін Волга-Дондай ағызайын.

Атағың ерте шыққан Меңдіқара,

Сұраймын өсуіңнің қал-жағдайын.


Ақынын Меңдіқара іздеп келдім,

Тартынбас өрен жүйрік сіз деп келдім.

Жас өмір, жаңа дүние жалпыға ортақ,

Теңдесу нысанасын көздеп келдім.


Заңым бай бақыт-дәулет талабыма,

Әйелді бұрын жан деп санады ма?

Партия теңдік берген заманында,

Сыйғандай мұхит суы алабыма.


Ескертіп, елестетіп өттім жанап,

Бәйгеге қосты елім барға балап.

Өсуін жанды-жансыз бір саладан,

Жауап бер ауданыңнан дәлдеп санап.


Меңдібек:

Баласы Жүргімбектің Меңдібекпін,

Қызамын жөні келсе жекпе-жектің.

Гүлденген жаңа өмірдің жемісін жеп

Қиялдан түлеп ұшқан Қаракөкпін.
Жиылған сәлем бердім, барша халық,

Қасиет көпшілікте екені анық.

Тәтті өмір, достық жүрек, бірлікпенен

Жасасын жаңа дүние күндей жарық!

Болмайды ескі өмірді айта кетпей,

Төр түгіл, босағаға тұрдық жетпей.


Сайратқан сахнада бұлбұл қылып,

Бола ма елім үшін еңбек етпей.

Ер жеттік, ерік алдық, жидық есті,

Бастады Компартия алға көшті.

Әділ заң, дана басшы арқасында,

Ауданым сан саладан мың есе өсті.


Ақілгек, «деме жеңем, аса аламын»,

Қайрасаң қиқар сөзбен қасарамын.

Мақтанып ауданымның табысына

Жыл сайын мен де түлеп жасарамын.


Қағайын қанатымды жайып кеңнен,

Келмессің сөйлеп кетсем біздің шеннен.

Ұзынкөл, Меңдіқара – егіз аудан

Өзенін Обағанның қатар емген.


Шығады ел атағы еріменен,

Шығады жер атағы кеніменен.

Сан істе сарапқа сап салмақтасаң,

Асылдың табылады дені менен.


Қымбаты дүниенің адам деген,

О-дағы қара жерді анам деген.

Анамның құшағында бар байлықты

Мен – қожа пайдаланам, алам деген.


Сондықтан алдыменен ерімді айтам,

Туғызған қасиетті ұл елімді айтам.

Мән берген, сәулет берген өміріме

Байлықтың бал бұлағы жерімді айтам.

Елімнің шарасынан байлық кетпес,

Еш аудан үстімізден басып өтпес.

Аттарын әр саладан атамасам,

Айтуға бәрін түгел сөзім жетпес.

Ленин орденін біз тақтық төске,

Түрленткен тың алқабы – әсем кесте.

Ардақты Еңбек Ері ауданымда

Төрт жүз де саны жетті алпыс беске.


Көбеев Спандияр былтыр өтті,

Елу жыл ұстаз болып еңбек етті.

Тарихқа мәңгі өлмейтін сөз қалдырған

Ақілгек, ауданыңда кімің жетті?

Қайғырған, надан қалған қазақ үшін,

Ағарту жолына арнап барлық күшін.

Шекеңнің көшіне еріп көмектескен

Бәйтішев, Шотаевтай бар ма кісің?


Ақілгек, мен көрмеген елің бар ма,

Шиелі, Көктеректей жерің бар ма?

Басқарған бір колхозды жиырма бес жыл

Шәкірдей Есеналин ерің бар ма?


Ай жүзді совхозымның дояркасы,

Мінәуара – Еңбек Ері, ел еркесі,

Ақілгек, ауданыңда бар ма осындай

Теңіне сол қызымның келер кісі?


Сауыншы Прасковья, Зоя қайда?

Келтірген совхозына сүттен пайда.

Сүт алды мың сегіз жүз он литрден

Бөлгенде әр сиырдан тоғыз айда.

Шығынсыз және сақтап төлдің басын,

Өсірген қойып оған ықыласын.

Еліңде бар ма сондай әйел ері

Болмаса айтысуды не қыласың?


Құйылар ерімді айтсам жалын жанға,

Ақілгек, тайталасар халің бар ма?

Долбушин МТС-інің комбайнері

Захаров Андрейге парың бар ма?


Боровой – ауданымның астанасы,

Қоршаған жаңа өмірдің жас қаласы.

Аңсайды алыс елден жетсем-ау деп

Ауырған, сырқағанның баспанасы.


«Елі бай, жері байдың» деген қайда,

Адамға дені саулық үлкен пайда.

Талықсып, таяқ ұстап келген қонақ

Қайтады шүйде бітіп бір-екі айда.


Елім бай, жері шипа, дауасы бар,

Көтерер көңіліңді ауасы бар.

Еселі еңбегіміз гүл жайнатты

Сөйле, ақын, қай ісіңнің саласы бар?


Ақілгек:

Меңдеке, кеттіңіз ғой өте шалқып,

Айдынға шаң жұқтырмай қаздай қалқып.

Аспанға қанат байлап ұшсаң-дағы

Кетермін аяғыңнан мен де тартып.

Ұзынкөл ерге де бай, жерге де бай,

Мен саған соқтығам ба келмесем сай.

Жібердің қиялымның шегін шертіп

Сыпайы жанға тимей отырмын жай.
Ағаңның бірінші айттың қасиетін,

Жеткізіп жер жүзіне өсиетін.

Сен түгіл, астаналық жазушылар

Ғабит пен Сәбитіме бас иетін.

Санаспай болмас сізбен қалай-дағы,

Кімнен кем Бижан ерім «Абайдағы?»

Онжылдық мектеп, малға үш баз салып,

Алды орден, ел таңғалды маңайдағы.


Аулыңның электрлі шамы да жоқ,

Ақ монша, аурухана тағы да жоқ.

Қалың ел үлкен жолдың үстіндегі

Үй алып даярланған қамы да жоқ.


Ортаңда көңіл ашар клуб та жоқ,

Мәдениетке көшу деген құлық та жоқ,

Мұнартқан ауыл көркі екпе ағаш

Жалғыз тал, о жағынан шыбық та жоқ.


Аулыңда шаттық ойын, мереке жоқ,

Алауыз, алтыбақан береке жоқ.

Аралап көзбен көріп берген сыным

Бұл сөзде ойын, қалжың, келеке жоқ.


Соғады әлденеге мұның арты,

Қолайлы көрінбейді елдің қалпы.

Қойыңнан екі мың бас қолыңдағы

Тұқымдық қалар ма екен жарым-жарты.


Жер қара, күн жылыда бақпаған ба?

Бақса да жердің шөбі жақпаған ба?

Жаңалық кұлақ естіп, көз көрмеген,

Күземді январьға сақтаған ба?


Меңдібек:

Ақілгек, көргенім жоқ ақын сіздей,

Тіліңіз қадалады өткір біздей.

Қара араш, қалың орман мінсіз болмас

Кемшілік табылады берсек іздей.
Отырдым жауап күтіп, кезек беріп,

Осы ма тапқан мінің бір ай теріп.

Мұны да алдағы жыл таба алмайсың

Күн санап келе жатыр өсу жеңіп.


Желіксем жел маядай маймаңдаймын,

Аузыма келген сөзді қайтармаймын.

Жетістік ауданыңда сенің де бар

Жаман деп жалпы еліңді айта алмаймын.


Жерің бар өркендеген, өрістеген,

Гүлденіп елің де өсіп жемістенген.

Ауызсу ауданыңда, жол жұмысы

Елеулі бір кемшілік келіспеген.


Жаз болса машинаңыз сазда жатад,

Қыс болса, бір жеті он күн қарда жатад.

Шетіне біздің аудан жеткен кезде

Жалтылдап жай оғындай зырқыратад.


Еске алмай ескерусіз тастап жолды,

Ауданың амалсыздан байлап қолды.

Беймезгіл есік қағып, әйнек шертіп

Сан рет шоферлерің қонақ болды.


Бір жауап өткендегі сөзіңізге,

Тартасың бар байлықты өзіңізге.

Берді деп сексен тиын кінәладың

Көрінбей сегіз сомым көзіңізге.


Қайтейін бар мініңді тере беріп,

Жолым жөн, алдым тура, іргем берік.

Миллионер «Север» атты колхозыма

Жұрт жүр-ау үлгі алуға күнде келіп.


Қарайын қайта айналып ауданыма,

Сыйғандай алуан байлық аумағыма.

Тарыдай тал бойымнан мін тапқанмен,

Көңілің қанағаттанар сау жағыма.


Еңбектің еркін жүзіп ағысына,

Тұсадым табиғаттың тағысын да.

Тойдым деп теңелсем де тоқтамаймын,

Ауданым дайын отыр тағы сынға.


Алда тұр ұлы міндет – көктем егіс,

Мол өнім алу үшін керек көп іс.

Жыртылған жүз процент жерім даяр,

Сол жерге жеткілікті тұқым тегіс.


Сөз сөйлеп нысанасыз алыспайық

Дәлелсіз сөйлеп және қарыспайық.

Бастаған Компартия Совет елі,

Жарыстан социалистік қалыспайық.


Бір тілек, бір жүрекпен совет халқы,

Жайылған жер жүзіне бірлік даңқы.

Қалсын деп сені артта тілемеймін,

Бірдей ес, бірдей жетіл, бірдей шалқы.


Өткенге өкінбейік, түзетейік,

Сынменен игілікке із етейік.

Бауырлас бір туғандай ынтымақпен,

Сол үшін қажырлы еңбек біз етейік.


Ақілгек:

Өрелі өлең сөздің өрені өзің,

Шырқайтын шын шабытпен келді кезің.

Жайларды жанашырлық жылата айттық,

Ұялап көкірекке достық сезім.
Сапырып сан істерді сараладық,

Жырменен қос ауданды араладық.

Кемістік некен-саяқ бар әлі де,

Жететін табыстар да бағаларлық.

Азыңды асыра айтып мақтамаймын,

Жаба айтып жаманыңды ақтамаймын.

Әй, Меке, өнегелі істерің көп

Тұқымың құюлы екен қапта дайын.

Көктемгі егісіңнің қамын жепсің,

Жеріңді жүз процент әзірлепсің.

Сақадай сай тұрайық жазғы сынға,

Партия десін бізге әзір кепсің.


Бұлақтай ағыл-тегіл сүтіміз бар,

Қажырлы еңбек ері құтымыз бар.

Алатын алдағы жаз науқанында,

Астықтан миллион-миллион пұтымыз бар.


Туғанда жайнаған жаз, жарқын мамыр,

Ақыным, уәделі жерден табыл,

Өнімге сан миллион пұт ұран тастап,

Қағайық өлең жырмен елге дабыл.


Ежелде деуші ед бізді бәйге алмаған,

Күң болып әйел шіркін, сор қайнаған.

Советтің сәулетті нұр заманында,

Ақілгек шалқи жырлап жайраңдаған.

Саралап сөз сұлуын таңдай дәйім,

Бақытты заманымды ардақтаймын.

Шығарған халқымызды шыңнан шыңға,

Лениндік партиямды мадақтаймын.


Меңдібек:

Қомдады Ақілгек те қос қанатын,

Дәлелсіз сөзі де бар бос қалатын.

Сынадық түзелсін деп кемшілікті,

Кез болды келешекті еске алатын.

Еліміз бұл айтыстан жеміс күтед,

Көлемі облыстың тегіс күтед.

Шешуші тіршіліктің табыс кілті,

Көкорай алда тұрған егіс күтед.
Жарқырап жер жүзіне жарық таңы,

Жағылсын бар әлемге Ленин шамы.

Әперген елге кеңдік, көпке теңдік,

Жасасын Компартия, совет заңы!


Шалқыдым, шарықтадым, қанат қақтым,

Өмірден шын бақыттың дәмін таттым.

Жайнатқан Компартия, ұлы Отаным,

Шабыттың қайрат көзін сенен таптым.

Мейірман құшағың жаз, жадыраттың,

Өнерін бағаладың мендей қарттың.

Жырымның ең асылын шалқып шыққан,

Ұлы Ленин партиясы, саған тарттым.



1957 ж.

Назиқа мен Аңсаған
Назиқа:

Үлкенді құрмет тұту біздің елде,

Сүйекке әдет болып сіңген мүлде.

Сіз іні, мен апа боп келіселік,

Мұнан жоқ келер зиян, інім, сізге.

Дарынды болмасам да сөзге шешен,

Кеткен жоқ ешбір жанда сөзден есем.

Сенімін жастарымның ақтау үшін,

Сайысқа белді буып түстім бекем.

Көңілім думан десе кетер тасып,

Тұрғам жоқ айтысудан қорқып-сасып.

Құрметті қонағым ең, жол берейін,

Хал-жайын жастарыңның айтшы ашып.

Аташы ерлеріңнің есімдерін,

Қалаймын айтуыңды мұны сенің.

Орындап шықты қалай аудан жасы,

Орталық Комитеттің шешімдерін?
Аңсаған:

Назиқа, жасың үлкен, апа деймін,

Жан едім мен де жастан жырға бейім.

Өрмелеп өлең деген биік өрге,

Келемін ілгеріге кетпей кейін.

Қашаннан ел еркесі – ақын-сері,

Аузынан ел деп шығад әрбір демі.

Айтыстың арқауы боп ел еңбегі,

Тобылдай тасқындасын өлең селі.

Айшықтап тарттым талай алға желі,

Еңбектің еленбейтін бар ма жері?

Біледі аудан түгіл, облысың,

Тың ері Шарыго мен Шаймерденді.

Талпынсам талқандайтын дария мұзын,

Бүгінге тар келеді кешегі ізім.

Тыңдағы санай берсем ерлерімді

Жыр емес, шығар еді сансыз тізім.

Өмір шат, Отанымыз – бақыт бағы,

Жастардың сырға толы алтын шағы.

Қырықтың қырқасына қырмызы боп,

Сан жетпес табыстармен келдік тағы.
Назиқа:

Сайысып қалың топқа тіл безедім,

Берген соң өзің топтан сөз кезегін.

Үздік жас, жақсы өнім бізде де бар,

Тыңдай бер келгенінше өз кезегің.

Ленин сызып берген сара жолда,

Ұстадық қызыл туды берік қолға.

Болса егер сенде астық, менде өндіріс,

Табасың өндірістен нендей кеміс?

Байытып әділдікпен көзің салшы,

Айнала шабытты еңбек, қызу жұмыс.

Бізде көп үздік жастар жеке-дара.

Тұрарлық мақтауыма ісі сара.

Үлес көп жастар қосқан айта берсем,

Бәрін де артық болмас озат десем.

Сенімді партияның серігі деп,

Бекерге атамаған ұлы көсем.
Аңсаған:

Мінеки, екінші рет келді кезек,

Шабытпен шарықтайын тілді безеп.

Еш жөнсіз жолдан неге жығылайын,

Апа деп құрмет тұтып қылсам да ізет.

Жырлайын Семиозердің өрендерін,

Аз сөзбен аңғартайын көпке мегзеп.

Жас жігер, көрікті өмір көктеміндей,

Тағдырды табындырар өктем үндей.

Тар келсе жер табаны талабына,

Шайқарлық жермен қоса көкті бірдей.

Тарихтың кенже ұлы қайратты ұрпақ,

Анасы арайлы таң Октябрьдей.

Еңбектің сан тараулы санасында,

Жастарым желпінуде жаңа сынға.

Ауылда үш мың жас бар бұл жөнінен,

Қостанай ерсе жарар қарасынға.

Бітіріп онжылдықты мен де бардым,

Жүрмек боп қызу еңбек арасында.

Мектептен малға барған отыз бала,

Сезерсіз игі тілек шамасында.

Бір кезде барам деген тілекте еді,

Мектептің он үшінші түлектері.

Көргенде Рудный рудасын,

Қалмайды дауаламай жүректері.

Жалғандық жаман қылық жастарыңа,

Бос айғай он бес күннен аспады ма?

Айтшы, бұл еліктіріп елді алдау ма?

Әйтпесе қиындықтан қашқаны ма?

Өзіңнің саусағыңды санашы екшеп,

Кімде озат, кімде жалқау, еріншек көп,

Екінші автобазың мың міндеттің,

Әлі жүр бір түйірін орындамай.

Ұмтылып үлес қосар ұлы іске,

Елімнің ең сенгені жас емес пе?

Білімді бес жүз қырық комсомолдан,

Барыпты жүз-ақ адам өндіріске.

Жоқ демек Қостанайдың табысы ма?

Еңбектің еркін жүзген ағысында.

Өркендеп өндірістің өрге шыққан,

Үлгісін мәдениет жарысында.

Табысым табысыммен терезе тең,

Қалаңнан Семиозердің қай жері кем.

Наз апа, сөйле және бердім кезек,

Мақтанад Қостанайың тағы немен?
Назиқа:

Шіркін-ай мақтануың қандай жақсы,

Салмағын әр сөзіңнің ойлап бақшы.

Аз ғана көрсеткішті бетіңе ұстап,

Ойың бар алдымды орап болмақ басшы.

Өзіңді-өзің алдап жұбанасың,

Балаша әлің білмей қуанасың.

Екі-үш сауыншыңды мақтағанға,

Шыңына қай белестің шыға аласың?

Тағы да малшыларың кеттің мақтап,

Жадыңа мына сөзді алшы сақтап:

Атағы «малшы», «шопан» демесеңіз,

Отырған жастарың жоқ мұны ақтап.

Дәлелім оған айтар мынау қарсы,

Абайлап сөз төркінін құлақ салшы.

Ақын мен Тілеубайдай шопандарың,

Қойға емес, қартаға екен өте жақсы,

Астында мотоцикл зырылдаған,

Жері жоқ олар барып ұрынбаған.

Оралды «Аққұдыққа» алты мыңмен,

Айтпайсың неге мұны өзің маған?
Аңсаған:

Наз апа, сіз мәнді де, мен мәнсіз бе,

Ақында сіз жүйрік те, мен әлсіз бе?

Түйінсіз түңілдірер жыр жолдарын,

Айтқан жоқ сияқты едім бүгін сізге.

Жаратпай жалқауды айтсам жалт бұрыла,

Жөнелдің бөтен жаққа сөзді бұра.

Шындықты мойындамай жалтаң десең,

Көрсетпей көмсейші онда бір шұқырға.

Құрбың ғой Қабиева барып сұра,

Сорлы емен мәдениет жағынан да.

Тамсанып табысымды тағы тыңда,

Орнаттық Сұлтанымның ескерткішін,

Ел үшін жанын қиған батыр ұлға.

Клуб пен кітапхана ауыл басы,

Көбіне соларға үйір ауыл жасы,

Наз апа, айтпай-ақ қой горсоветке,

Тағы да ұрсып жүрер Гороноға.

Бұл үйді бес жыл болды бастағалы,

Жатақ деп студенттер қақсағалы.

Бөлінген институт екі-үш жерге,

Бір шағын таба алмай жүр баспананы.

«Кустанайстройдың» бастықтары,

Қаулыны жастық қылып жастанады.

«Ыбырай Алтынсарин» мектебі де,

Көп болды бір жатаққа таласқалы

Жастардың жайын ойлап, жандары ашып,

Осы ма бастықтардың қарасқаны?

Жас адам арақ ішпе, дейміз «күнә»,

Әділ ғой ақын жаны өзің сына.

Не дейміз су деп кейбір комсоргтар,

Сусынға «қателесіп» ішсе сыра?

Деп бізде мәдениет өте жақсы,

Наз айтпай кемшілігім дейді тапшы.

Көшіп ед филормония неше жерге,

Рахымжан, Сейтім, Сыздық, сендер айтшы!


Назиқа:

Ақын деп халық отыр сені нағыз,

Ақынға әділ сөйлеу болар парыз.

Картина барлық жерде болып жатса,

Жастарың жазып жатыр неге арыз?

Қыс түгіл, кино көрмей алты ай жаз,

Қамтылмай елді қоныс қалды біраз.

Халықтың дабылына құлақ аспай,

Болады Богомолов несіне мәз?

Жаттанды бастықтардың сөзін айтып,

Көңілім тұрғаныңа қалды қайтып.

Жыл бойы жүргізілген жұмыс қайда,

Бермейсің сартылдатып неге айтып?

Бұл істің екеуміз де куәсіміз,

Неменен мұны шайып жуасыңыз?

Жатақ кір, асхана лас, тазалық жоқ,

Көргенде келмеді ме намысыңыз?

Рас, мен кемшілікті мойныма алам,

Талапқа таудай жетпей жатыр шамам.

Алайда аз кемістен облыста,

Түсе ме көп алдында жақсы бағам?

Данышпан бастаушымыз Компартия,

Алынған нұсқауымен нелер қия.

Сенімді серігі ғой соңына ерген,

Жігерлі комсомолдық гвардия!
Аңсаған:

Наз апа, құрдық біраз жыр базарын,

Әлеумет өзі анықтар асыл нәрін.

Табыспен келер жылы кездесейік,

Кеселді кемшіліктің түзеп бәрін.
Назиқа:

Аңсаған, ойың зерек, сөзің маржан,

Байқадым бағытыңды қанат жайған.

Қатты айтқан апа сөзін іні кешер,

Артық сөз көңіліңде болса қалған.

Өлеңмен қоссақ үлес Отан үшін,

Қате деп кім айтады мынау ісің.

Келелі табыспенен кездесуге,

Келгейсің алдағы жыл жинап күшің.

Самғадым мен де асқар әр қияға,

Қоспаққа тамшы үлес дарияға.

Ақындар, жырымыздың ең асылын,

Арнайық Коммунистік партияға!

1957 ж.



Кенен мен Халима
Кенен:

Ақ серке ай мүйізді қой бастаған,

Анық батыр жорықта жол бастаған,

Атамыз қазақ халқы өлмес-өшпес,

Торқалы міне осындай той бастаған.
Батырмыз Компартия жол бастаған,

Бұлжытпай нұсқауларын ел қостаған.

Ақ отау жұртым тіккен орда мынау,

Отанның ақынымын ойқастаған.


Айталық партияға сансыз алғыс,

Кедейді ең алдымен алға ұстаған.

Халима, әріптесім бері отыршы.

Шал едім келінге көп жанбастаған.


Келінжан, шайқасуға бар ма шамаң,

Көпшілік сөз бастауды берді маған.

Әуелі есендесу – елдің салты,

Халима, бала-шағаң есен-аман?


Атыңды жүруші едім сырттан естіп,

Естуші ем өлеңіңді оқып-біліп.

Шал екен деп, Халимаш, күдер үзбе.

Көп ішінде бетімнен қойшы сүйіп.


Сырымды мына жұртым білген қайдан,

Адамның дос болмағы осындайдан.

Тоғыз келін, қырық балдыз қоршап отыр,

Барлығы «той баста» деп қолын жайған.

Мен өзім кешке дейін жалықпаймын.

Айтыс десе сұңқардай шарықтаймын.

Ләтипа, Мөртай және Бәтимамен,

Айтысып талай елді анықтадым.

Халима атыңды естіп құмар едім,

Кәрі деп енді мені налытпағын.


Xалима:

Шіркін-ай, ауыр екен өлім деген,

Бұл ажал еш пендеге көрінбеген.

Кешегі асқар таудай Мұхтар қайда?

Адам жоқ естігенде егілмеген.
Бұл пәни дүниеден мен де кетем,

Өлгенше көргенімді жырлап өтем.

Балауса жас өмірім өтті, кетті,

Кенеке, сол күнімді арман етем.


Көпшілік қаумалап тұр іштен-сырттан,

Бағалап сынай білер сөзді ұққан.

Қызымын Исатай мен Махамбеттің,

Ерлікпен, ақындықпен аты шыққан.


Кенеке, сәлем бердім өлеңменен,

Құрбымсыз заманың бір дегенменен,

Бас қосқан ақын-әнші осындайда,

Қағыспай қалуымыз бола ма жөн?


Сен бе едің Қордайдағы ақын Кенен?

Құлағым «Кенен» десе елеңдеген.

Түсімде үш ұйықтасам бар ма менің,

Кенеке, қатарыңа келем деген.

Сен бе едің ақын Кенен Қордайдағы,

Шалдардың жуан мойын, сер бойдағы.

Кешегі теңдіксіз күн еске түссе,

Қайнайды зығырданым қай-қайдағы.

Қолымда праволы документім,

Жазылды қамшы тиген жаралы етім.

Келгенде кемпір жасқа қайрат беріп,

Көтерді қолтығымнан өкіметім.


Келсең кел, Кенен құрбы, қолыңды бер,

Қарт қыздың көрсетейін кереметін...

Әуеде бір жұлдыз бар жұптамадым,

Кененжан, уәдеңді мықтамадым.


Аузыңнан «жаным» деген бір сөз естіп,

Төңбекшіп өткен түні ұйықтамадым.

Әуеде бір жұлдыз бар ай кезіндей,

Шоқ шашпау, алтын айдар мен де өзіңдей.

Кенен сал, аяғыңды ширақтау бас,

Сүйретпей байдың жалқау кербезіндей.

Жарасқан құндыз бөркің, басың қандай?

Күмістей жылтылдаған шашың қандай?


Біздермен дағдыр қосып дәмдес болсаң,

Кененім, болар көңлің тасығандай.

Ішінен осынша жұрт мені қалап,

Отырмын мен де сөзді ерге балап.

Әркімнің өз қатары өзіне алтын

Мен үшін жас жігітсің жаңа талап.


Кенен:

Өлеңің, Халимажан, қандай тәтті,

Қартайған жүрегімнің шамын жақты.

Басымнан жел секілді желіп еткен

Есіме салдың-ау бір қызық шақты.

1961 ж.

Манап пен Надежда
Манап:

Надежда, сау жүрсің бе, қарындасым,

Жалын ең жасыңнан-ақ бағың басым.

Өнерде өрге жүзген бір жүйріксің

Қуанам сіздей жұптас табылғасын.
Сыр бойы, Жетісуда тел өссең де

Білемін Қызылорда жағындасың.

Екеуміз Асқар ақын шәкіртіміз

Ақын боп баста бізде танылғансың.


Өнерді қызғанбаймын өз басыңнан

Ырысың күннен-күнге қалыңдасын.

Жырлаумен ел мейірін, ел бақытын

Еңбегін паш етудің қамындасың.

«Жұптасым», «қарындасым» дегеніме

Күйеуің қызғаншақ боп қағынбасын.


Өзіңсің бүгін Шолпан, Сарамыз да,

Бүгінгі Мәриямсың арамызда.

Сыр менен Жетісудың мақтанысың

Жасырып мұны көптен қаламыз ба?

Жеріңнің құты болған жеті өзенің,

Қазақпыз енші алмаған, о да өз елім,

Еңбеккер түгел сау ма кәрі-жасың,

Сыйлаймын сырт жүрсем де өнер елін.

Осы елде туған Жамбыл, Үмбетәлі,

Келеді келген сайын, келе бергім,

Шалқышы алпыс жылдық юбилейде

Ендігі сөз кезегін сізге бердім.

Надежда:

Мен дағы тарта тудым түріңізге,

Сайраған сандуғаштай тіліңізге.

Тұсыңа қарындасың келіп қалды,

Біріміз ұқсағасын бірімізге.
Ағасы, есенбісіз, сөз зергері,

Асықты жүрек тулап, көз көргелі,

Халайық, артықтау ғой Сара ақынға

Ағайың Надежданы теңгергені.


Есен бе, «Талап» деген совхозыңыз,

Аман ба, ел-жұртыңыз, жалпы өзіңіз?

«Нартайдың бағы қонған, – дейді халқың, –

Айтыста шалдырмайтын жампозымыз».

Сайыстың небір ақын саңлағымен,

Соларға болар ма екен салмағым тең,

Дегенмен бүгінгі күн сақ бол, аға,

Артыңнан ере шыққан тайлағың – мен.

Айтуға Алматымдай ел ордасын,

Жырдың мен сайлап алдым бір жорғасын.

Үйіме өлең түнеп жүрген жанмын

Біздерді өнер қуған ел қолдасын!

Қазағым, мен бір қызы жыр бағының,

Жаңылмай ақын жүрек жырла бүгін.

Жамбылдай заңғар таудан басын алған

Мен сенің күмбірлеген бір ағының!

Қазақтың Октябрьден жетілгенін,

Құлдықтың қыл арқанын кетіргенін,

Достықтың жақсы айттың, Манап аға,

Туысқан ел орнатқан көпірлерін.


Өсірді бір де қақпай бетімді елім,

Жеткізіп мен секілді жетімдерін.

Тауларын молшылықтың жасаудамыз

Елемей шет дұшпанның лепіргенін.

Еліме бағыштаған ақ арманын,

Еңбекте көп қой менің майталманым.

Есімін атауыма бір жыл берсең,

Дастан қып әрқайсысын айта аламын.


Бүгінде әйел, қыз жоқ басы мұңды,

Ұғарсыз орынды деп тасуымды.

Қыздардан ермен бірдей тізгін тартқан.

Мен бүгін ала келдім шашуымды.


Тарқамас өлең деген базарымыз,

Ақында біз емес ек осалыңыз,

Өнер мен күш атасын танымайды

Ағасы, сәлем бердім, қош алыңыз!


Манап:

Айтысқа кім құмартар сын болмаса,

Жұрт нанбас жалған сөзге шын болмаса.

Мақтауды мұрат етпей екеуміз де

Аз ғана қағысалық тым болмаса.
Мен өзім Алматыға көп келемін,

Жемісті, кемісті де көп көремін.

Қарындас, артық айтсам өкпелеме

Ескертіп біраз жайды кетпек едім.


Не жетсін Алматыға, астанаға,

Өлке ғой үлгісі мол басқаға да.

Төпелеп автоматты бір түн жүріп

Тап болдым су іше алмай масқараға.

Тазалап табаныңды қалсаң-дағы,

Конверт ең арғысы алсаң-дағы.

Бірауыз біреулермен сөйлескелі

Автомат-телефонға барсаң-дағы

Жұтады тиыныңды берері жоқ,

Таусылмас елдің әуре-сарсаңдары.


Көшең мен мекемеңде қазақша аттан,

Бір қарап қате таптым қаптап жатқан.

«Апыр-ау, қашан осы түзелер?» – деп

Күн сайын қанша кісі даттап жатқан.


Міне алмай автобусқа талай халық,

Тұрғанын көзбен көрдім қатты налып.

Өкпемді өлімші қып қысқан кезде,

Жаяулап кеткім келді түсе қалып.


Тұрағың Ұзынағаш селосында,

Шындықты айтсам тәнті боласың ба?

Жоспарсыз қиқы-жиқы көшелерің

Кешікпей қайта жөндеп саласың ба?


«Көше» деудің орнына «кәше» дейді,

Бір қатені он етіп еселейді.

Қөше толған көп шұңқыр ойық-ойық

Асфальтты неге дұрыс төсемейді?


Өзіңмен серік болып Қарғалыға,

Өкіндім көрмек болып барғаныма.

Шұғалы, Шұғылалы өңіріңде

Жолыңды жөндеп салып алмадың ба?


Тазалық, сәндік керек өсер елге,

«Қадалып қалдың, – деме, – көшелерге».

«Жанында Алматының отырмыз!» – деп,

Бекерге желдей шалқып есе берме.


«Табысым таразыны басты!» – деме,

Айқаймен «абыройым асты!» – деме.

Астана – Алматыны көрген кезде,

«Бұл ақын Сырдан келген састы», – деме.


Ақынның құмар болар ойы асылға,

Келер жыл кемшілікті жоясың ба?

Әлі бар астанада сәнсіз көше,

Немене көрмеге оны қоясың ба?


Шоқ жұлдыз – Абай, Шоқан, Ыбырайым,

Қазақта кім білмейді мұның жайын.

Ыбырайға Алматыда ескерткіш жоқ,

Өнерлі болғаныңды не қылайын.


Өкінем бұл қалай деп келген сайын,

Айтудың таппай жүр ем бір орайын.

Ескертіп жақын жерден басшыларра,

Ескерткіш сал, келіп бір құттықтайын.


Мұратбаев Ғанидың сарайында,

Бейнесін орнатпақ боп маңайына,

Он үш жыл болды қаулы алынғалы,

Жұртым-ау, нанайын ба, нанбайын ба?


Надежда, егер шамаң келмей жүрсе,

Жерлесім ед жайыңды айт ағайынға.

Жұмысты жинап тастап ауылдағы,

Мүсінін өзім келіп соғайын да.


Мәдениет қайраткері ең бір мықты,

Аңыз ғып жұрты айтып жүр Жүргеновті,

Жұмысын бес министр өзі атқарып,

Болғанда ол Наркомпрос көзге ілікті.

Еске алып сексенінде еңбегін бір,

Басқосу, талай жиын арнадыңдар,

Атында театр, мектеп не көше жоқ,

Бар болса, айтшы, қайдан көргенің бар?


Қазақша оқып қазақтың тілін білдің,

Бойынан сусындадың шырын жырдың.

Көркіңе, өнеріңе қызықтырып

Қазақтың бір жігітін иілдірдің.


Сыр елінен ақындық үйрендің де,

Ағаңа қарсы ұмтылып қырын жүрдің.

Әй, қайдам, байқауымша, Надеждажан,

Мені де келіп тұр-ау сүріндіргің?


Надежда:

Қолдасын мені бүгін Жамбыл аруақ,

Сөзім тең, сізден кіші жасым бірақ.

Сиындым Сүйімбайдай бабамызға

Кейіме, түсер болсам басымырақ.
Ақыны үзілмеген айдынынан,

Облыспыз өзге ығар айбынынан.

Ондаған миллиард сом әр жыл сайын,

Өндірген өнімінің дайынынан.


Озат көп еңбегінде салтанаты,

Сан ерім аудан, облыс депутаты.

Мен шыққан биігіме жете алмайсыз

Ағеке, көкке тіреп қоймай саты.

Шелектің темекісін түтіндеттің,

Ілемнің жедің қантын қарш-қарш шайнап,

Еңбекшіқазағымда жүзім, алма,

Көргенде есің кетті көзің жайнап.

Нарынқол, Жамбыл аудан, Шелекпенен,

Бір өзі миллион қозы көгендеген.

Талғардың төсі толған курорттары

Кісіге құшақ жайған келем деген.


Пальтоңыз Қарғалының шұғасынан,

Жеңгейге базарлыққа шубасын ал.

Сіздегі жарты қала комбинаттан,

Біз жаққа картон қағаз қашан шығар?


Ал, аға, көкөністі көксегенде,

Келіп тұр өзің көрген Қаскелеңге.

Әй, қайдам, облысыңыз мән берер ме,

Помидор, картоп, сәбіз ас дегенге?


Қорқыт пен Тұрмағамбет – қос данышпан,

Туылып Қармақшыға өнер шашқан.

Соларға бар ма еді тең келері

Күмбезін көтерді ме сенген елі?


Еңбекпен жер жүзіне асқан бағым,

Сондықтан айтыс десе жасқанбадым.

Ақынмын Үмбетәлі бата берген

Жарамас кезек тоспай айта берген.


Манап:

Жақаев тың түлетті үлгі ісімен,

Сырластың өзің барып ол кісімен.

Алматы облысы да күріш екті

Сыр бойы диқанының үрдісімен.
Еңбекте, семьяда батыр ана,

Қанықсың Ұлбаланың атына да.

Ол жайлы әңгімелей бастағанда

Ынтықтың «айта түс» деп, ақын аға!


Жер басып қос аяқсыз жүре білген,

Қайратын ел таныған білегінен.

Қасымтай, Сәлиманы мақтан етем,

Тең келмес батырлардың біреуімен.


Белгілі Одағыма шырын қауын,

Алады шырын қауын көздің жауын.

Қауынның бір кеспесін жегеннен соң

Қалады ұмыт болып айтқан дауың.


Әлемге әйгілі ғой қаракөлім,

Алтынмен бағаланған құнды өнім.

Қысы-жаз біз өсірген қаракөлден,

Тон киіп жүрген жоқ па сіңлілерің?


Шалқыған Шалқиядай кен де бізде,

Одаққа даңқы кеткен ем де бізде!

Ақыны Алматының айтысушы

Тәрбие ап оқып қайттың сен де бізде!


Жақсы жыр естігенде жайтаңдаймын,

Мен сізді «осал қыз» деп айта алмаймын.

Шабытым шаршы топты ұйытқанда,

Шабыста шын жорғадай шалқаймаймын!


Қияға қанатыңды сермеп едің,

Өлеңмен өрден-өрге өрлеп едің.

Қарындас, ағаңды да осал деме

Жібермес сөзден есе мерген едім.

Сынадың комбинаттың кемшілігін,

Сөзің жөн, дей алмаймын ерсі мұның.

Бұрында ісі нашар болғанымен,

Өнімнің кереметін көрші бүгін.


Мал менен комбинатқа жетер қамыс,

Беруде сол қамысым көптеп табыс.

Қарындас, жанашыр боп мінімді айтсаң,

Бермейміз жарыссаң да қолдан намыс.


Жасырмай, айтсақ сөздің расын дәл,

Ауылда мал ұстамай тұрасыңдар.

Қаладан ет-сүт іздеп кезек күтіп

Кінәлап көрінгенді шығасыңдар.


Үйіңнің, шаруаңның бабын тауып,

Қайтеді асырасаң бірер тауық.

Еліңе насихатта осыны да,

Ет іздеп көше кезбей босқа шауып.


Мақтану болды, Надя, бар арманың,

Жақсы екен бар ауылың, бар ауданың.

Білімнің дариясынан сусындатқан,

Білесің Қызылорданың жаңарғанын.


Бәйгеден дәмелі ғой қосқан аттар,

Сыр елін қас та мақтар, дос та мақтар.

Қоймай-ақ көкке саты сағат сайын,

Ғарышқа ұшып жатыр космонавтар.


Кем дейсің көкөнісің әлі күнге,

Надяжан, шының ба бұл, әзілің бе?

Кем түспес Алматыдан Қызылорда

Жайылған дастарқанның мәзіріне.


Көрмедім асып-тасып жатқаныңды,

Мін айтсам қолайлайсың ақталуды.

Орның жоқ көкөністен мақтануға,

Айтпасаң көкбазарға сатқаныңды.


Келіп бір асханаға күйгенім бар,

Бергісіз төбелеске билерің бар.

Еліктеп Еуропаға ес кеткен көп,

Соны да дейсің бе елге үйреніп ал?


Сылқым қыз, сән түзеген қара бала,

Жармасқан иыққа да, жағаға да.

Би емес, би дегені шатты-бұтты,

«Ша-ша-ша», «чарльстон» мен «шала-бала»


Меніңше, бұл жөн емес қызығарлық,

Қалшылдар жын қаққандай қызып алып.

Бұл не зат қарындасым, мен білмедім.

Жастарды жүрмейміз бе бұзып алып?


Қарасам, қалқам, құрбы қыздарыңа,

Бұлбұлдай сайрап тұрған гүл бағында.

Алды – елу, соңы қырыққа келгенімен

Білмейді-ау ана болып туғанын да.


Күйеуге тағдыр қосқан күйе жағып,

Күйінем сопа басы тұрғанына.

Кей күйеу есепте бар, үйіңде жоқ,

Біразы баланың зар тырнағына.


Болмайды неге өзіңдей семьялы,

Ескертіп қоймадың ба бұл жағын да.


Ер – қос ие, әйелге бала – бақыт,

Ел қапа ұя шырқын бұзғанына.


Баурайы Алатаудың көркем еді,

Серуендеп қайтуына жер кең еді.

Тауықтың кепесіндей дачаларға

Көз түссе, көңіл шіркін өртенеді.


Курорт сал, салғыш болсаң, оу, ағайын,

Сочи мен Қырымыңды не қылайын?

«Алматы – әйбат қала», – десең-дағы

Күйдірер Надяжан-ау осындайың!


Надежда:

Қыз», «би», «сүт» араласқан және «тауық»,

Сұрақты үйдіңіз ғой Алатау ғып.

Ағасы, осы жолғы айтқаныңа

Көрейін мен әлімше жауап тауып.
Ақынның өлең деген перзентіне,

Иіген адам түгіл, қара тас та.

Қыздарды қалай ғана кінәлайсыз

Ойында дәнеңе жоқ жырдан басқа.


Жаңаны бір көруге адам асық,

Әркім-ақ бір өнерді қылар машық,

Ақшаға жақын кісі шын айтасыз,

Жастықтың ауылынан тартар қашық.


Жастықтың ала берсін желік есін,

Жаңа би «ша-ша-шаға» еліктесін.

Ракета заманының қыз-жігіті,

Билемес сіз бен біздей, әріптесім.


Қолдары, ақ сандары жарқ-жұрқ еткен

Жөн көрсе, варьетесін дәріптесін.


Бір сұрақ кермек татып таңдайыма,

Қаттырақ тиіп кетті маңдайыма.

Гүл еді Алатауым жасыл кілем

Дачаны жапырлаттық аздай пана.


Ағасы, жан-жағыңа қаран-дағы,

Еске ал құс заводын Тарандағы.

Қалаға етке шауып сарсылғанша,

Жақыннан ала берем барам-дағы.


Айтпадың, ақын аға, жөн еместі,

Шықтыңыз небір ойдан көкейкесті.

Қорамнан қи көрмедім демесеңіз,

Соғымға соямыз ғой төбел бесті.


Гүлденсін күннен-күнге алабыңыз,

Тудан-ту жеңе берсін «Талабыңыз».

Сәлем айт, Сыр еліне берекелі

Қашанда қыста – қызыл, жазда – қымыз!

Ал, аға, тойдан тойға кез болайық,

Көбейсін асқақтата айтпағымыз!


Манап:

Ақынға асыл қасиет – жыр мен өлең,

Сайысса әзіл тастап ілмелеген.

Сол үшін қастерлейді оларды жұрт,

Әу десең, айнала жұрт кимелеген,
Ақынға ел бәйгені алып берген,

Абырой, атақ, даңқ, дәріп берген,


Бұл айтыс – қазағымның ата салты,

Ұрпаққа мұра болып қалып келген.


Бұл айтыс – Жамбыл, Кенен, Нартай жолы,

Құрметтеп, дәріптеуде халық оны.

«Қызыл тіл – өнер алды», – деген бар ғой,

Әркімнің жете бермес оған қолы.


Сөз тастап, пікір айттым, Надя шырақ,

Кейде жай, кейде айттық қатаңырақ.

Топта озған шын жүйріктің өзі екенсің

Жол көрген әдеп сақтап, аға сыйлап.


Қойдық та туыстықты, көршілікті,

Табысты айтып сынадық кемшілікті.

Көрініс көлеңкелі болса мінеп,

Жасайық өлкемізде молшылықты.


Ақын боп өмірге бос келу емес,

Жеңілу, мақсатымыз жеңу емес,

Атынан облыстың келгеннен соң,

Намысты бірақ қолдан беру емес.


Біз емес ежірейіп егесетін,

Ақынбыз шындықты айтып кеңесетін.

Ақынбыз жырға қосқан туған елдің,

Торқалы алпыс жылдық мерекесін.


Білмейді біздің көңіл жасуыңды,

Асамыз алда талай асуыңды.

Өлеңмен өмір – сәуле жарқыраған

Шашайын, халқым саған, шашуымды.

Октябрь, Ленин берген күнім дарқан,

Елімнің ертеңіне сенім артам.

Табыспен кездесейік ел тойында,

Қолың бер, жасың кіші, Надя қалқам!



1980 ж.

1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет