Бір қыз бен он алты ақын І бөлім 82. 3К б 94 Бірінші бөлімінде: Бір қыз бен он алты ақын



жүктеу 3.85 Mb.
бет9/13
Дата02.04.2016
өлшемі3.85 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
: files -> docs -> books
books -> Бағдарламасы бойынша шығарылды Редакция алқасы: Т. Кәкішев, Ө.Әбдиманұлы
docs -> Изучить устройство светооптического микроскопа Усвоить основные показатели микроскопа Усвоить правила работы с микроскопом
docs -> Бабаджаев Радбей Бабаджан Халматов
docs -> Продуктивные качества бычков абердин-ангусской, чёрно-пёстрой пород и их помесей 06. 02. 10 частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Сравнительная оценка роста, развития и мясной продуктивности бычков абердин-ангусской, симментальской пород и их помесей в условиях центрального черноземья 06. 02. 10 Частная зоотехния, технология производства продуктов животноводства
docs -> Учебно-методический комплекс дисциплины «биогеография» Для специальности
books -> Хрестоматия ежелгі дәуір әдебиеті ббк 84(0)3 е 33 «Қазақ әдебиетінің тарихы»
books -> Қыраубайқызы бес томдық шығармалар жинағы астана 2008 алма қыраубайқызы екінші том астана
books -> Асылбек Мүтәліпұлы Қыраубайтегі жан-дүние сырлары кіріспе
books -> Деректі көркем әңгімелер мен мақалалар астана 2008 Редакциялық алқа

«Ырысты мен он алты ақын». Бұл айтыс әуелде «Бір қыз бен сегіз ақын» деген атпен басылып еді. Кейін Қазақ ССР Ғылым академиясының қызметкері М.Байділдаев жинаған жаңа деректермен толығып, қазіргідей аталуымен «Айтыстың» екінші томында (1965) қайта жарияланды.

Ырысты – Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы жағының ақын қызы.

Ырысты – Сыр бойындағы Ешнияз сал (1834- 1902), Кете Жүсіп (1871-1927), Балқы Базар (1842-1911), Кеншімбай (1865-1925), Әзірбай (Әзілкеш) Шымырұлы, Оңғар жырау (1859-1902) Қарасақал Ерімбет т.б. саңлақ ақындарға тайсалмай сөз тастап, бірауыз жұмбағымен айтысқа шақырған дарынды ақын қыз. Ырыстының бұдан басқа қарақалпақ ақыны Әжіниязбен (1824-1878). Оңғар жыраумен айтыстары бар. (Оңғар жыраумен 1885 жыл шамасында қыз күнінде айтысқан)79.

Ырысты он алты ақынмен айтысында Сыр сүлейлеріне қойған сұрағы арқылы теңіне қосыла алмаған өз қайғысын аңғартқысы келген:


Қосылған қосағыма көңілім толмай,

Көбейді көкірегімді басқан қайғым.

Өксітіп өмірімді өкінішпен,

Жабырқап жасым жетпей құр қартайдым.


«Ырысты мен он алты ақынның айтысы» көп ақынның қатысуымен болған жазба айтысқа жатады.

«Кеншімбай мен Ақсұлудың айтысы» «Айтыстың» бірінші томынан алынды.

Кеншімбай – XIX ғасырдың екінші жартысындағы ірі айтыс ақыны (1865-1925). Ақындардың алыбы Жамбыл Жабаев Кеншімбайды санаулы саңлақ ақындар тобына қосқан:


Кеншімбай мен Орынбай,

Өлең-сөздің қорындай.

Көрінеді сорабы

Керуен көшкен жолындай.


Кеншімбай ақынның творчествосы әлі зерттелмеген. Ақсұлумен айтысынан аңғаратынымыз: ол – Сыр бойындағы Жаппас елінің ақыны. Еліндегі тізесін батырған әкім, болыстармен сыйыспай, Ор өзені бойындағы жағалбайлы еліне келген. Ақсұлумен айтысы сол маңда зерттеуші Байділдаев жинаған дерек бойынша, 1890 жылы болған көрінеді.
Ұстасып уезге де беріспегем,

Құқайым жалғыз көрген бір бұл емес

Айқастым мұнан гөрі зор іспенен, –
дегеніне қарағанда, Кеншімбайдың намысын қолдан бермеген, «зорға» басын имеген адам екенін байқауға болады. «Ақынды пәлен айтқыш мен де көрдім, олар да жауап таппай тоқталатын» деген жолдар бұрын да талай айтысқа түскен ақын екенін аңғартады.

Ақсұлудың айтыстағы өз сөздеріне қарағанда, он жеті жаста, сол кездегі Ор, Рай өзендерін мекендеген жағалбайлы елінің атақты ақын қызы.


Бұрын да неше ақындар келген деді,

Бәрін де қыз Ақсұлу жеңген еді, –


деген сөздері Ақсұлудың бұрын да айтысқа түсіп жүрген ақын екендігін танытады. Ақсұлудың Кеншімбаймен айтысы идеялық мәні, ақындық шеберлігі тұрғысынан маңызды айтыстардың қатарына жатады. Айтыстың идеялық мәні жөнінде М.О. Әуезов былай деген: «Ақындар... айтыстың салмағын әлеумет тірлігіндегі сорақы мінездерді қазбалауға аударады. Сондықтан Кеншімбай мен Ақсұлудың болыстарды кезекпе-кезек жамандауы бүкіл болыс атаулыға қарсы айтылған қатал үкім, қоғамдық-халықтық қатты сын болып шығады».

«Молда Мұса мен Манат қыздың айтысы» «Айтыс» жинағының 1-томынан алынды (1965). (Мұсабек Байзақов) Молда Мұса80 (1849-1932) Шымкент облысының Түркістан ауданында Шоқтас деген жерде туған. Жігіттік шағында кедейлікті көп көрген. Араб-

парсы тілдеріне жетік ақынның өлеңдерінің стилінде шығыс әдебиетімен тығыз байланыстағы ежелгі әдебиетіміздің дәстүрі байқалып отырады. Молда Мұса кейбір шығыс аңыздарын қайталап, өзінше жырлаған: «Ұры мен жолбарыс», «Опасыз жар», «Сұлу әйел мен молда». Өлеңдерінің негізгі тақырыбы оқу-ағарту, адамгершілік, адалдық т.б. болып келеді.

Молда Мұсаның Бұдабай ақынмен, Манат қызбен айтыстары бар. Манат қызбен айтысы әуелі бір-біріне жазысқан хаттарымен басталып, бетпе-бет айтысқа жалғасады. Айтыста Молда Мұса жасының елуге келмегендігін айтады. Соған қарағанда айтыс 1894-98 жылдар шамасында болса керек.

Манат қыз сөз сайысында әйгілі ақын Молда Мұсамен тек түсіп отырады. Қиялы ұшқыр, ақыл-ойы терең, айтысқа төселген ақындық сөз саптауы байқалады.



«Мәнсүр мен Дәме қыздың айтысы» (1910 ж).

Мәнсүр81 – сырнайдай саңқылдаған үнімен, тасқынды жырымен бүкіл еліміздің мақтанышы болған атақты ақын Нартайдың туған ағасы. Інісінің ақындық жолға түсуіне өз өнегесімен әсер еткен, қамқорлық жасаған адам.

Мәнсүр Бекежанұлы (1875-1933) – Қызылорда облысының Шиелі ауданынан. Атақты Дәме қызбен айтысы, «Гауһар-Жауһар» дастаны, «Өмір туралы толғауы», Кете Жүсіп пеп Қаңлы Жүсіптің айтысына төрелік өлеңдері арқылы Сыр бойына танымал ақын. Шығыс әдебиеті, онымен тамырлас өз халқымыздың ежелгі әдебиетіне ортақ сюжеттерді жаңғырта жырлаушы, жинаушы. Мәнсүрдің айтуында «Сұлтан Махмұд Ғазнауи», «Әмір Темір көреген», «Мұңды қыз», «Алтын балық», «Масғұт хикаясы» т.б. қисса-дастандар таралған.

Дәме Тобағабылқызы:


«Қазақ пен қарақалпақ бастан егіз,

Аралас қашаннан да жатқан елміз», –


деп өзі айтқандай, туысқан қарақалпақ елінің ару қызы. Өзі шешен, ақыл-парасатына сұлулығы сай келген Дәме қыз айтыста бүкіл қарақалпақ елінің намысын қорғап, ел атынан сөйлейді. Дәме қыз жөнінде басқа деректер жоқ.

«Мәнсүр мен Дәме қыздың айтысы» – халық сүйіп тыңдайтын, тілге оралымды, оқиғасы қызық айтыстардың бірі. Сыр елінде көп жатталып, жыршы-жыраулардың айтуында «Кеншімбай мен Ақсұлудың» айтысы секілді ел арасына кең тараған. Сондықтан да болар, бұл айтыстың сөздерін әркім өзінше өзгертіп, «әдемілеймін» деу халық құлағында қалыптасқан, сіңісті болған бүтін дүниеге өз табиғатына жараспайтын жамау жапсырумен бірдей болмақ. Жалпы, қай бір айтыс болмасын, халық мұрасына құрметпен, ұқыпты қарау өскен елдің мәдениетін байқатпай ма?

«Мәнсүр мен Дәме қыз айтысының» 1964, 1965 жылғы82, 1982 жылғы83 басылымдарын және ел арасындағы жырау-жыршылар айтқан бір нұсқасын (1963 жылдары жазылып алынған) салыстыра қарағанымызда, 1982 жылғы басылымында көптеген жолдардың орынсыз түсіп қалған, көп сөздердің өзгертілгені көрінді. Алдарыңыздағы басылымда, аталған үш нұсқасын салыстыра отырып, көптеген түзетулермен ұсындық.

Мысалы:


Болған соң асылы пенде елде мін бар,

Мін айтпа, килігерсің сорға мұндар.

Суы – сүт, топырағы десең де алтын

Болмайды Сырдан ешкім шөлге құмар, –


деген жолдар:
Болған соң асылы пенде елде мін бар,

Етесің бір сөзді іліп сумаң.

Су бойы құт жайлаған елдерім бар,

Болмайды Сырдан ешкім шөлге құмар, –


болып, ұйқасы жағынан әлсіз жолдармен өзгертілген.

...Кедей деп Сырға тақтың қалың қайғы

Онымен кегің сірә алынбайды, –
деген жолдар:

«...Кедей деп Сырға жақтың қалың майды» болып мағынасына сәйкессіз өзгертілген.


Сөзімнің енді келді салмақтары,

Айтайын мысалменен аңлатқалы.

Жете алмай мысық тұрып айтқан екен:

«Сасық», – деп жайған етке шаңырақтағы, –

деген шумақтың соңғы әдемі екі жолы себепсіз түсіп қалған.

«Алды жөн адасқанның» дегендей-ақ,

Білмейсің өз мініңді өзіңдегі, –

деген жолдардағы «Алды жөн» дейтін тіпті Абайдан белгілі анық сөз тіркес «алды жол» болып кеткен.


Жүреді кей кедейің кесірленіп,

Желбегей жеңі болмас сұғынулы.

Көтеріп көк тарыға киім киіп

Тапқанын күз ноғайға тығынулы.

Көтерер қыс азығын қарыз тағы,

Қалдым деп өтей алмай шығынымды, –


деген кедей тіршілігінен беретін жолдардың соңғы үшеуі бойынша түсініксіз де әлсіз сөздермен өзгертілген:

Тапқаның құз тұрағы тығылулы

Көтеріп қыс азығын қарызға алып

Жылайсың өтей алмай шығыныңды.


Сонымен қатар екі басылымында да (1964, 1983) түсініксіздеу болып қалған немесе қалып қойған, мағыналық жағынан алдыңғы оймен жымдасып тұрғаны байқалған жеке сөздер, жолдар ел арасында айтылған нұсқасы бойынша түзетілді. Мысалы:
«Айтайын бір міні бар – тәкаппарлау,

Келеді деп жүр өзі кім қасыма?

Өлеңді сенен бұрын бастайды да,

Ойда-жоқта тағады мін басыңа».

Жігіттің бұл сөзінен зәрем кетіп,

Баяғы қайтып келдім қыр басына.

Сол кезде қыз да үйіне кірген екен,

Айнала үй іргесін түрген екен...–


деген әдемі оқиғалы жолдардың «жігіттің бұл сөзінен зәрем кетіп, баяғы қайтып келдім қыр басынаны» алып тастаса, екі шумақтың бір-бірімен байланыспай қалатындығы көрініп тұр. Бұл – «Кеншімбай мен Ақсұлу» айтысындағы:
Қарасам қыздың түрін енді байқап,

Манағы жігіт сөзі анық келді.

Отырмын жүрексініп айтысуға

Артықша қыздың өзі дәріпті еді, –


дейтін ойлармен үндесіп тұрған, халқымыздың ауыз әдебиетіндегі сөз сайысында болсын, күш сайысында болсын, қарсыласты күшті де айбарлы етіп суреттеу арқылы, оны жеген адамның қандай екендігін байқататын суреттеу тәсілі. Тыңдаушыны қызықтыра түсу үшін алынған жоғарыдағы жолдар оқиғамен жымдаса байланысып тұрғандықтан текске кіргізуді қажет деп таптық.

«Жаз жайлау сарысудың саласы бар» емес, әңгіме бұл жерде Сарысудың өзі туралы болып тұрғандықтан, «Жаз жайлау – Сарысудай саласы бар», – деп ел арасында айтылуы бойынша берілді.



«Омарқұл мен Тәбияның айтысы» (1916) қайымдаса айтысуға жатады. Айтыстың негізгі тақырыбы – қазақ әйелдерінің әлеуметтік теңсіздігі, революцияға дейінгі қазақ өміріндегі шындықтар. Омарқұл Итақов84 (1896-1944) Алматы облысы Қаскелең ауданы «10 жылдық Қазақстан» колхозында туған. Соғысқа дейін басқарма председателі болып, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан.

Тәбия Қаражанова – 1900 жылы туған, Омарқұл Итақовтың ауылдасы, айтысқа жас кезінен түскен ақын қыз. 1977 жылы Алматы облысы Ұзынағаш селосында өткен Жетісу ақындарының айтысын өлеңмен ашқан85.



«Нұрила мен Жетісу ақындарының айтысы және Жамбылдың төрелігі» Жамбыл Жабаевтың екі томдық шығармалар жинағынан алынды (1982). Нұрила Әбенқызы (1894-1921)86 – Жетісудың дүлдүл ақын қызы. Жамбыл, Кенен, Үмбетәлі, Бармақ, Шүкітай сияқты саңлақ ақындар

қатысқан айтыста жүйрік шығып, ақындық талантымен ел аузында қалған.

Айтыстың соңында ақындар атасы Жамбыл Нұрилаға аса риза болып: «Мұндай бала көргем жоқ өткір тілге», – дейді. Нұриланың бұған дейін де талай жыр сайысына түсіп, танымал болған ақын екендігін өз сөздерінен байқауға болады:
Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды,

Осы үйде домбырасы даңғырлайды.

Мен бар жерде айтпастай болып еді,

Әйткенмен ақын шіркін ар қылмайды.

Шыдамай өлеңімнің таяғына,

Жеңіліп ең Байбурыл баяғыда.

Оспан, Мақыш87, сенің де есіңде ме,

Жем түсіп ақсағаның аяғыңа.


Осы жолы сөзінде бет қаратпайтын дауылы бар Нұриланың алдына қаймықпай шығып, айтысқа түскен ақын Үмбетәлі Кәрібаев (1889-1969) Алматы облысының Жамбыл ауданында Ұзынқарғалы ауылында туған. Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті. Жетісудың кейінгі ақындарының біразы ұстазым деп есептейтін, белгілі айтыс ақыны, сонымен бірге халық ауыз әдебиетін жинаушы, эпостық жыр, айтыс, термелерді шебер орындаушы. 1937 жылдан СССР Жазушылар одағының мүшесі. 1960 жылы «Қазақ ССР-інің халық ақыны» құрметті атағы берілген. Бірнеше жинағы жарық көрген (1948, 1951, 1958, 1962).

«Саяділ мен Майсаның айтысы» (1936) – совет дәуіріндегі қыз бен жігіт айтысының тамаша үлгілерінің бірі. Мұнда революцияға дейінгі айтыстардағыдай ру тартысы, байлықты мадақтау т.б. кездеспейді. Айтыстың негізгі тақырыбы – еңбек. Елдің мақтаны – еңбегімен қадірлі, жаңа советтік заманды орнатып жатқан адамдар. Елдің таусылмайтын қазынасы да – еңбек.

Айтыс 1936 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданының Ұлы Октябрь мерекесіне арналған тойында өтеді.


Майсаның даңқы мәлім кішкентайдан,

Дауысым шырқағанда талай сайдан,

Ары өтіп құлағына естіледі.

Келмейді айтысуға көңілі тайған.

Шүкітай, Үмбетәлі, тағы, тағы,

Жүргені безер болып осы жайдан, –


деген жолдар Майса қыздың ақындық даңқынан хабар береді.

Саяділ Керімбеков (1900-1954) – Алматы облысының Қаскелең ауданында туған, «Құрмет белгісі» орденді ха-лық ақыны. Ақынның: «Өлеңдер жинағы», «Бес мыл-тық», «Еңбек – ата, жер – ана» және басқа өлең кітаптары бар. Саяділ мен Майсаның айтысы жұмбақ айтысына жатады. «Айтыстың» үшінші томынан алынды.



«Ақілгек пен Меңдібектің айтысы» – Саяділ мен Майса секілді жаңа мазмұндағы айтыстардың бірі. Ақілгек Жұмабекова мен Меңдібек Жүргімбеков Қостанай облысы Ұзынкөл – Меңдіқара ауданының ақындары. Екі ақын 1943 жылы және 1957 жылы екі рет айтысады. Қолымыздағы осы екі айтысты салыстыра қарағанда алғашқы Ақілгек «шешен келін» атанғанымен, көп ысыла қоймаған ұяңдық, сыпайылықпен сөйлесе, екінші айтыста кең қолтық арғымақтай көсіле шапқан майталман ақындықты танытады. Бұл жолы екі ақынның да шеберлігі өскен.

Бірінші айтыста Меңдібектің:


Ақілгек келін, бері жақын келші,

Сөйлесу шаруаны болмайды ерсі.

Болғандай көпке үлгі шешен келін

Беруші ең, сұрамай-ақ жырдан енші, –


деген сөзін Ақілгек:
Қайнаға, ұялушы ем анадайдан,

Кездесіп сұрау қойдың маған қайдан?

Біреуді сүгіреттеп жауап беру

Кең қолтық шығады ғой терең ойдан.

Еңбекке алаңы жоқ бейімделіп,

Өлеңді кезім еді жиып қойған, –


деп ұяла жауап береді. Екеуі қайнағалық-келіндік сыпайылықпен ғана жауаптасады. Ал екінші айтыста екі ауданның атынан, жарысқа шыққан ақындардың ел атынан сөйлеуге лайық салиқалы да биік бейнесі көрінеді. Ақілгек пен Меңдібек айтыстарының негізгі тақырыбы – совет заманындағы еңбекпен ер атанған жаңа адамдарды, советтік шындықты жырлау, келелі мәселелерді сөз ету. Кемшіліктерді сынай отырып, алдағы міндеттерді орындап шығуға шақырады. 1943 жылғы

айтыс Қостанай облысының «Большевиктік жол» газетінде жарияланған88.



«Назиқа мен Аңсаған» – Қостанай облысының жас комсомол ақындары. Назиқа – Қостанай қаласының, Аңсаған Семиозер ауданы комсомолдарының атынан сөйлейді. Екі ақынның бойынан жаңа заманға лайық жалындаған жастықты, ел қамын мемлекет мүддесі тұрғысынан ойлайтын, жақсылық пен кемшілікке жіті қарайтын еліміздің болашағы – комсомол жастардың келбетін танимыз. Айтыс 1957 жылы болған «Айтыс» жинағының үшінші томынан алынды.

«Кенен мен Xалиманың сөз қағысуы» Кенен Әзірбаев шығармаларының жинағынан алынды (1967). К.Әзірбаев 1884 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданында туған. Халықтың қайнаған ортасынан шыққан әнші, композитор, ақын-жыршы. Ұзақ жылдар жыр алыбы Жамбылмен айырылмас дос болып, Жәкеңнің әр түрлі сапарларында, қуаныш-қайғысында бірге болған шәкірті Кенен Әзірбаев сонымен қатар мағыналы, ұзақ өмірінде Балуан Шолақ, Сарыбас, Шашубай ақындармен кездесіп, достасқан, республикамызда өткен ірі ақындық сайыстардың бәріне дерлік қатысқан ақын. Кенен Қазақ ССР-інің көркемөнеріне еңбегі сіңген қайраткер атағын алған. «Құрмет белгісі» орденімен, 1941-45 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы еңбектегі ерлігі үшін медалімен наградталған. 1937 жылы Бүкілодақтық өнерпаздар слетіне, 1960 жылы шығысты зерттеушілердің дүниежүзілік XXV конференциясына қатысқан. Ақынның бірнеше кітаптары жарық көрген89. Кененнің Шәлипа, Ләтипа, Бопина секілді қыз-келіншектермен айтысы, ақын-ана Халимамен сөз қағысуы бар. Нұрила мен Жетісу ақындарының айтысына қатысқан.

Кенен мен Халиманың сөз қағысуының басқа айтыстардан ерекшелігі – халқына аянбай қызмет етіп, адал еңбегімен халық құрметіне бөленген, ендігі кезде өмірге ойлы көз жіберіп, ел қамын ойлаған ақын ата мен ақын әженің салиқалы ойлары мен сыпайы да жарасымды әзіл-қалжыңына құрылған.

Халима Өтеғалиева 1889 жылы Орал облысы Жәнібек ауданында Ақобада туған. 1946 жылдан СССР Жазушылар одағының мүшесі, халық ақыны. «Мақтанышым – өз елім» (1961), «Ана жыры» (1969), «Әже әлдиі» (1974) өлеңдер жинағы жарық көрген.

«Манап пен Надежданың айтысы» «Жыр шашу» атты ақындардың республикалық екінші айтысы жинағынан алынды (1982).

Надежда Лушникова – бауырлас орыс-қазақ халықтарының ажырамас туысқандығының айғағындай, қазақтың тілін біліп, жыр дариясында еркін жүзген орыс қызы, талантты айтыс ақыны. 1940 жылы Алматы облысының Қаскелең ауданы Шамалған селосында туған. 1969 жылы Қазақтың Абай атындағы педагогикалық институтының филология факультетінің қазақ бөлімін бітірген. Қазір Алматы облысы Ұзынағаш селосында кәсіптік-техникалық училищеде оқытушы.

Жас қыздың ақындық талант-бұлағының ашылып, бұрқыраған жыр дариясына қосылуына «жырдың елі» атанған Сыр бойы топырағының, Нартай мен Тұрмағамбет, Асқар ақындардың әр үйден естілген жыр күмбірінің әсері де аз болмаса керек. Н. Лушникова Қызылорда – М. Мәметова атындағы педагогикалық училищеде оқып, сол жақта Сырдария ауданында қызмет істеген.

Надежданың «Елім менің» (1962), «Көңіл хошы» (1970) өлеңдер жинағы бар. Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты, СССР Жазушылар одағының мүшесі, Қазақ ССР-інің мәдениетке еңбегі сіңген қызметкері (1980). Айтысқа 1963 жылдан бері қатысып келеді.

Манап Көкенов (1928 жылы туған) – Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Талап совхозының ақыны. Еңбек Қызыл Ту орденді, Қазақ ССР-інің мәдениетке еңбегі сіңген қызметкері (1976), Қазақ ССР-інің халық ақыны (1980) құрметті атақтары берілген, республикаға танымал айтыс ақыны. Әсімхан Қосбасаров, Өмірсерік Қалдыбаев, Мүтәліп Қыраубаев т.б. ақындармен талай-талай айтыстарға түскен. Бірнеше терме-жырлары грампластинкаға жазылған.

«Шолпан мен Елеусіздің айтысы» «Жыр шашу» жинағынан алынды (1982).

Шолпан Қыдырниязова (1949) – Орал облысы Қаратөбе ауданының ақыны. Орал педагогика институтының филология факультетін бітірген (1980). Қазақ ССР-інің мәдениетке еңбегі сіңген қызметкері атағы берілген (1980).

Елеусіз Кененбаев 1942 жылы Қызылорда облысының Арал ауданында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген (1967). Ақтөбе облысының Исатай аудандық газетінің редакторы болып қызмет істейді. «Ақ айдын» өлеңдер жинағы шыққан (1972).

Құрастырушы Алма Қыраубаева.




СЫР ЕЛІНІҢ ДҮЛДҮЛІ

ІІ бөлім

Сыр өңірінен небір дүлдүл ақындар, жезтаңдай әншілер шыққаны көпшілікке мәлім. Ал біз сөз еткелі отырған Мүтәліп Қыраубаев – ақындығы мен палуандығын қатар мақтанышпен айтуға тұрарлық азамат.

Ол 1921 жылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Төменарық кентінде дүниеге келген. Сонау елді аштық жайлаған 1932 жылдары әкесі Қыраубайдан жетім қалып, шешесі Жұпанмен (Жұпаркүл – Бұдабай ақынмен айтысқан Орал ақынның қызының қызы дейтін) нағашы қолында тәрбиеленеді. Мүтәліп Қыраубайұлы жастайынан ән-жырға өте жақын, жиын-тойдың сәнін келтірер жыршы болған.

Алаулаған жастық шақ қызығы көпке бармады. 1941 жылы сұрапыл соғыс басталып, Мүтәліп қан майданға аттанады. Воронеж майданында 1942 жылы ауыр жарақаттанып елге қайтады.

Еркек біткен соғысқа аттанып, тылда еңбек майданы қарқынды жүріп жатқан еді. Елге келгеннен кейін партия қатарына қабылданып, түрлі қызметтерді атқарады.

Оның палуандығы туралы үлкен ұлы Асылбек былай дейді: «Бұрынғылар жәй күш сынасқанда жілік сындырған ғой. Менің Қыраубай бабам жілігін сындырып, өгізді көтеріп кететін адам болған екен. Ал әкем – Мүтәліп ірі қойлардың ортан жілігін ұрып сындырушы еді. Әкем Сыр өңіріндегі белгілі палуандардың бірі болған, 51 жасқа дейін күресті тастамады. Талай ауданаралық, облыстық сабан тойларда бір рет те жауырыны жерге тимеген. 600-700 мың халқы бар, небір атан жілікті алып күш иелерін дүниеге келтірген осы облыстың ішінде жалғыз менің әкем алып болды деуден аулақпын, бірақ кіммен күрессе де жеңілмегені рас».

Осылайша еңбек пен өнерді, оған қоса палуандықты қатар алып жүрген азамат еді. Мүтәліптің жыршылық өнерінің өзі бір төбе.

Бірде ауылға қазақтың жезтаңдай жыршысы Нартай Бекежанов келеді дегенді естіп, Мүтәліп кездесуді асыға күтеді. Кешінде Нартай келіп түскен үйге адам лық толып, Мүтәліп те жезтаңдай Нартай өнерінің куәсі болады. Ел ішінде жыршы атағына ие болған жас жігіт Мүтәліптің өнерін де жиналғандар қаумалап ортаға салдырады. Әңгіме үстінде ол: «Сізден бата алайын деп едім» - деп өз ілтипатын білдірді. Нартай сонда: «Алдымен ойыңды өлеңмен айтшы», - дейді. Мүтәліп домбырасын қолға алып:
Өлең айтып берейін

Бір-екі ауыз аз ғана

Айта алмай қалсам қалтырап,

Көңілдерің қала ма?

Сөйле деп қолқа салмаңдар,

Мүтәліп дейтін балаға.

Өңшең жүйрік шешендер,

Мен де келдім араңа.

Ортаға салып отырмын,

Өлеңімді бағала – деп, әндетіп қоя береді. Мұны естіген Нартай ақын гормонын безілдете жөнеледі:

Айналайын дарын бол.

Ағысың қатты арын бол,

Не болмаса ғалым бол.

Халық үшін қызмет ет,

Тамам жұртқа мәлім бол...

Осылайша ел сүйген Нартайдан бата алып, Мүтәліп ойын-тойдың бұлбұлы атанады. 1979 жылы Қызылорда облысында өткен бірінші облыстық ақындар айтысында белгілі ақын Манап Көкеновпен айтысып, бас жүлдені жеңіп алады. 1980 жылы республикалық деңгейде Алматы қаласында ақындар айтысы өткізіліп, сол айтыста да Мүтәліп Қыраубаев шымкенттік Қалдыбек Әліқұловпен айтысып, республикалық ақындар айтысының жеңімпазы атанады. Айта берсек, Мүтәліп Қыраубаев жайында Сыр өңірінде жыраулығы мен палуандығы туралы ел жадында әңгіме көп. Осы өңірде өнегелі өмір сүрген Мүтәліп ақсақалды 1987 жылы 21 желтоқсанда еңселі елі қимастықпен соңғы сапарға шығарып салды. Ақындар өлмейді, себебі олардың соңында өлмейтін мұрасы қалады.


Гүлнәр Байжанова

(Жоғарыдағы мақала Өзбекстан Республикасы олий мажлисІ және уәзірлер мекемесінің «НҰРЛЫ ЖОЛ» газетінің 8 тамыз 2001 жылғы № 62 санына шыққан).

Қызылорда облыстық Мәдениет басқармасының бастығы Берік Жүсіповтың «Сырда өткен сөзсайыс» атты кітапқа жазған «Ақындық өнердің асқар шыңы» алғы сөзінен үзінді
1943 жылы Қызылордада бірінші рет өткізілген ақындар айтысы сұрапыл соғыстан жігері жасып, әбден мұқала бастаған халықтың рухын көтеріп, тылдағы еңбеккерлерді ерен ерлікке жұмылдырған, шерлі көкіректерге үміт сәулесін ұялатқан ерекше жиын болды.

Араға жылдар салып, 1945 жылы екінші қайтара өткізілген айтыс, бейбіт елдің шырқын бұзған басқыншы жауды жеңген қаһарман халықтың өлшеусіз шыттығының көрінісіне айналып еді.

Ұлттық рухымызды асқақтатқан айтыс өнері Сыр бойында араға 34 жыл салып барып, қайта жаңғырған. 1979 жылы Қызылордадағы Асқар Тоқмағамбетов атындағы Мәдениет үйінде Тың игерудің 25 жылдығына арналған облыстық ақындар айтысына Мүтәліп Қыраубаев, Манап Көкенов сынды айтыскерлер қатысып, алқалы жиынның алдында Сырдың саңлақ жыршы-күйшілері өнер көрсетеді. Содан соң, Қазақ ССР-інің құрылғанына 60 жыл толуына орай ұйымдастырылған республикалық ақындар айтысы халқымыздың біраз уақыт бойы тоқырап, ұмытыла бастаған ізгі өнерге деген іңкәр сүйіспеншілігін оятты. Халық жадында қайта жаңғырды. Сол күндердегі сөз сайыстарына үзбей қатыса бастаған аралдық Әбілхан Маханов, Берекет Омаров, Бекбосын Қайрақбаев, Бекұзақ Тәңірбергенов, қазалылық Едіге Кішкенеев, жаңақорғанлық Есіркеп Қоңқабаев, Әмір Мәжитов, Нұрберген Тастаев, сырдариялық Мүтәліп Қыраубаев, Замаддин Ибадуллаев, Серік Өтеуов, жалағаштық Мырзағали Ақжолов, қармақшылық Қали Шыңғысов, шиелілік Арзулла Молжігітов, Махамбетқали Тұрсынов, қызылордалық Ниятолла Раманқұлов, Бибігүл Жаппасбаевалардың есімдері ақындар айтысының тарихынан өзіндік орын алған, өткен жылдардың сөз сайыстарымен бірге, жыр сүйер жұрттың есінде қалған белгілі белестер болды.


Мүтәліп Қыраубаев

пен Манап Көкеновтің айтысы
Мүтәліп:

Көпшілік сөз кезегін маған бердің,

Сөйлейін азғантай сөз шамам келсе,

Мүтәліп сөзден қалай тоқталады?

Бұл жерде өздеріңді аман көрсе.

Мәкеңе қарсылық жоқ қай уақытта,

Қиялдан ойлап сөзді табам десе.
Тың елі түлеп жатқан ұлан ғасыр,

Төгіп тұр осы күнде жыр арнасын.

Көсемі партияның жазып берген,

Уа!, Мәке, оқыдың ба шығармасын?


Кеңейіп осы күні керегесі,

Теңелді бар елменен терезесі.

Тойыңыз жиырма бес жыл құтты болсын,

Тыңыңның болып жатқан мерекесі.


Елімнің ертеңі мен бүгініне,

Қаламын қалай қоспай жыр үніме.

Той болып мерекелеп жатыр мынау,

Тыңымның салсаң құлақ дүбіріне

Тойыңыз бүгінгі күн құтты болсын,

Уа, Мәке, қалай қарайсың бұл үніме?

Тұлпардай бәйге алатын жүрген жарап,

Секілді көлеңкелі гүжім дарақ.

Майталман өлең айтса сүрінбеген,

Талайдың шауып жүрсін алтын орап.


Басымыз себеппенен қосылып тұр,

Сынаушы төрағасы отыр қарап.

Сыртыңнан атағыңды естуші едім,

Жүрсің бе аман-есен, ақын Манап?


Ақын деп есептемен ешуақытта,

Қығазға жазып алып айтса қарап.

Жығылсаң нардан деген нақыл бар ед,

Өзіңмен айтысуға еттім талап.

Көпке ортақ шеберден қол, шешеннен сөз,

Халыққа көрсетейік жатпай қарап.

Өлеңмен талай жерге мәшһүр болдың,

Дегендей қап түбінде жатпас болат.

Ағалық-інілікпен сөйлесейік,

Жел сөзге желікпейік кетіп ағат.


Өлеңің талай жерді жағалаған,

Сондықтан халқың сүйіп бағалаған.

Көбісін айтысқанның жеңіп жүрсің,

Шеніңе анау-мынау бара алмаған.


Таймайтын тақыр мұзда мысал айтсам,

Жорға деп ойлап жүрмін тағалаған.

Адамсың сөзге шебер, өлеңге ұста,

Сондықтан ағаң сені қалап алған.

Айтатын өз жайымды бір-екі ауыз,

Құлақ сал, Манап ақын, қара маған.


Мүтәліп көпті көрген кәрі тарлан,

Бәйгенің өз теңінде алдын алған.

Елудің тоғызында жасым келіп,

Кісі емес шабысынан әлі танған.


Жарысқа бүгінгі күн түсіп отыр,

Бел байлап, «тәуекел» деп ырғиды ордан.

Шамамның келгенінше шарықтайтын,

Намысын ешкім беріп алмас қолдан.


Ауданым Сырдария Сыр бойында,

Облыс өзіңе ортақ Қызылордам.

Үш жылда ет пен сүтті артық беріп,

Шығармай Қызыл Туды жүрміз қолдан.


Екі айы осы жылдың қорытындысы,

Ауданым басқа ауданнан озық болған.

Сондықтан облыстың Қызыл Туын,

Тағы алдық мол табыспен етіп қорған.

Желбіреп қос Қызыл Ту қолымда тұр,

Жүйріктің бәйгесі сол ол жасалған.

Шарапат жақсы адамнан дегендей-ақ,

Сөйлеп отыр жаңалығын Жаңақорған.


Манап:

Уа!, халқым, сәлем бердім жалпыңызға,

Кемел жас, терең ойлы қартыңызға.

Алдымен өздеріңе сәлем беру,

Ежелгі ақындық бар салтымызда.
Көп орын, көңілге жыр ұялатқан,

Сауран мен Жаңақорған, Сығанақтан.

Сол жерден сәлем алып келдім бүгін,

Күн сүйген, еңбек өнер жұрағаттан.

Құлан ақын тәлімін жиып алып,

Атақты Әлшекейдің күйін алып,

Қастерлеп аға ұрпақтың мұраларын,

Келгенімді айтпайын бүгін неғып?


Ақынға шалқымаса шабыт келмес,

Бас қостық деген осы, өнер өлмес.

Айтыста тапқырлыққа тәк тұрмаса,

Ешкімге жюри сыйлап бәйге бермес.


Мен емес қарсыластан жасқанатын,

Ұстазым әнші Нартай, Асқар ақын.

Қайтқанмын талай рет дүбірлетіп,

Қазақ, өзбек, қарақалпақ астанасын.


Мәке, інісің бе, ағасың ба?

Отырмын байқай алмай шамасында.

Бас жақты есептесең жас боп қалып,

Отырсың іні-ағаның арасында.


Бұл айтыс жұмбақ емес ашық сыр ғой,

Менің бұл айтқаныма нанасың ба?

Айтысқа бүгін келіп отқан жансыз,

Жүргенмен басқа тірлік саласында.

Ақын болсаң ақ көңіл, жаны сырлы,

Армандаушы ем жақсымен танысуды.

Бұрын-соңды көрмеген қай ағасың?

Сыртекі естуші едім дабысыңды.


Салыстырып көрейік артық-кемді,

Кәнеки, ортаға сал табысыңды.

Қорғауға Сырдарияны келген болсаң,

Шынымен қолдан берме намысыңды


Халқыма жырым мәлім, әнім мәлім,

Талай рет ағымнан жарылғанмын.

Бүгінде айтыста біз кез кеп қалдық,

Білемін жұртшылықтың сағынғанын.


Партияның қолғанат үгітшісі,

Болған соң жай тасындай жалындадым.

Тік тұрған Алматың да, талай саңлақ,

Айтыстың жеңіп алған қалың бағын.


А!, Мәке, мен көрмеген ақын едің,

Басқамен шатаспасаң неғылғаның.

Кел кәне, ақын болсаң қапталыма,

Аптығын басушы еді қағынғанның.


Мүтәліп:

Бар екен, інім, сенде таудай талап,

Өзіңді асқар белге тұрсың санап.

Өзіңде бар, өзгеде жоқ деп ойлама,

Мүтәліп мұны естіп жатпас қарап.

Ағаңнан бір ауыз сөз тыңда, қалқам,

Атағы шығып жүрген ақын Манап.

Мүтәліп көпке мәлім болмаса да,

Өзіңмен айтысуға еткен талап.

Теңізге шыға алмайтын кез кеп қалдың,

Өзің де бүгінгі күн қапсың жарап.
Ақынға ауып тұрса ықыласың,

Жинадық көпшіліктің бүгін басын.

Ағаңнан жасың кіші боп шығады,

Ағарып кеткенменен кірпік, шашың.


Бұл айтыс бола бермес күнде-күнде,

Барады арқам қызып менің мүлде.

Егерде ағаң адам тани білсе,

Тап биыл сенің жасың елу бірде.


Оздым деп мен айрықша қалың жұрттан,

Халқыңнан ешуақытта күдер үзбе.

Құлақ сал, ақын Манап, бір азғантай,

Көрейік өлең айтып бүгін біз де.


Айт дедің ақын Манап табысыңда,

Азғантай көрсетейін шабысымды.

Атақты Сырдария өзің білер,

Ешкімге жібергем жоқ намысымды.


Қойды айтсам қоңы астаудай бәрі семіз,

Көктемде көпшілігі туар егіз.

Жүзіне жүз онбестен алу төлді,

Осылай міндет алар бізде негіз.


Өсірген ақтылы қой шопандарым,

Өзіңнің бағулы ма отарларың?

Күндіз-түн қой соңында семіртуде,

Атпенен мініп алып отарларын.

Аудан боп жұмыла бәрі кірісіп тұр,

Айшаның көбейтуге қатарларын.

Ол Айша Еңбек Ері көпке мәлім,

Білесің мен айтпай-ақ тегіс бәрің.


Күйеуін қан майданға аттандырып,

Қабылдап алып қалған отар малын.


Қой қонды жұрттан асып өнім берді,

Жүзіне жүз жетпістен төлін берді.

Атанды құрметпенен Еңбек Ері,

Ақталды партияның сенімдері.

Дегендей Ер Айшаның ізбасары,

Айтуға басқаны да кезің келді.

Жұмаділ Мінайдаров қандай шопан,

Бір күні арнап барып өзім көрдім.


Олардың баққан қойы тіптен күйлі,

«Ауданның чемпионы бұлар», - дейді.

Жүзіне жүз жетпістен төлді беріп,

Үш жылда қора-қора қозыны үйді.


Әбілхан, Дүйсен, Ғани, Манасым бар,

Айтатын бұған қандай таласың бар.

Бәрінің омырауы толған орден,

Қыдырса жарқыратып тағып шығар.


Қалқам, бір азғантай салсаң құлақ,

«Ауданда сүт қалай?», - деп қойсаң сұрап.

Атақты Піржанова Баяным бар,

Ағызған дария ғып сүттен бұлақ.


Белгілі Манабаев бір бас малдан,

Жүз бұзау, жүз сиырға жылына алған.

Келіден үш жүз жиырма етке берді,

Табыс деп осыны айтады, міне, малдан.


Даланың түйе малы кемесіндей,

Өркеші асқар таудың белесіндей,

Атақты Әужәмитов Әмірбек бар,

Даланың кемесінің киесіндей.


Алып тұр жүз інгенге алпыс бота,

Келе жатыр осылардан кем өсірмей.

Анасын емін-еркін емген бота,

Бір жылда өсіп шығар енесіндей.


Шапқанда суылдаған құйрық, жалы,

Еті бал, жануардың сүті дәрі.

Сойсаң ет, көлік болар, саусаң бұлақ,

Айрықша сүйкімді ғой жылқы малы.


Жылғадиев жылқышы ата аты шыққан,

Жүз құлын жүз биесі құлындады.

Осылай тапсырманы алып еді,

Міндетін бұлжытпастан орындады.

Сіздерде бұл сықылды кісі бар ма?

Бар болса, Манап ақын, айтшы кәні...


Манап:

Айтайын ал, Мәке ақын, сізге сөз кезегінде,

Жөн емес айтпай кету кез келгенде.

Білерсің Жаңақорған ауданымда,

Кім қарсы тұрар аға өрлегенге.

Естіп те жатқан шығарсың табысымды,

Шалқыған Шалқиядай кен де менде.

Одаққа атағы бар белгілі ғой,

Курортым шипа болар ем де менде.

Бас ауырып, балтырың сыздағанда,

Оны бара көрерсіз сенбегенде.

Бес аудан аймағына сиып кетер,

Көк теңіз байқап жүрсең жер де менде.

Саға алып Сыр бойынан ағатұғын,

Каналым жарты дария селдегенде.

Үш есе Сырдариядан күріш ексек,

Шығатын сонда төрге сен бе, мен бе?

Қой малым облыста бар ауданнан,

Үш есе сізден артық кем дегенде.

Жатады жер қайысып көктем болса,

Тау мен Сыр арасында төлдегенде.

Күрішші Қамар, Әнуар, Керім, Қамбар,

Арапбекті айтамын ер дегенде.

Камшаттың сіңлілері біздер жақта,

Әзия, Айша одан кем келген бе?

Ағалығың бар боп тұр, бүрер едім,

Қаршығадай қоян ап, сермегендей.

Кіші болсаң ұрысатын әдетім бар

Кететін ат сауырына өңгергендей.
Ау, аға, мақтандыңыз, мақтанған жөн,

Орынсыз босқа мақтау жөн келер ме?

Шынымен табыс болмай бос сөзбенен,

Ешкім сене қоя ма, әр дегенге?

Өнер мен еңбек жақтан кезің бар ма,

Ең болмаса, бірер жыл ерлегенде.

Жайың мәлім, ағажан, байқап қара,

Облысың тоспа соғып бермегенде.


Басқарып бір совхоздың асханасын,

Инженер-технолог боп ақша аласың.

Бір жылда атың шықпай ақын деген,

Халқыңды елеусіз ғып тастағасын.

«Аға» деп аузым бармай отыр менің,

Басқа айтар ем не деген масқарасын.

Облыс емес ауданның бір мәрте рет,

Не мақтанып шымылдығын ашпағасын.

Қызметіңнің атағын, атын да білмей

қойғасын,

Анау-мынау деуіме тәп-тәуір жақсы ағасың.

Әжептеуір «інім» деп отырып-ақ,

Бүркіттей қызыл көрген бас саласың.
Білмеймін қалай, ағажан,

Атағың жүрген білінбей.

Шынымен болсаң атақты,

Ақындардың біріндей.

Әйтеуір айтып жатырсың,

Жел сөзім деп кідірмей.

Байқап айт, отқан ортаң,

Өз үйің емес қой.

Манаптың кетші кәнекей,

Алдында бір сүрінбей.

Мен де сізге қуанам,

Сөз тапқанға мүдірмей.

Бәйге қайда, ағажан?

Жатып алар жүгірмей.


Мен сізді кінәламаймын,

Жүрсің деп неге еленбей?

Рахмет, жайың бар

Бұл думанға келгендей,

Сөзіңе риза болды інің

Бар екен дәрпің сенердей.

Халыққа қызмет етейік

Нартай менен Кенендей

Екеумізге жұрт болар

Сол уақытта сенердей

Олай-бұлай бұлтарсаң,

Ініңнің, аға, жөні жоқ

Дегеніңе көнердей.
Мүтәліп:

Айналайын, Манабым,

Өлеңін тыңда ағаңның.

Шабулы жүрген жүйріксің,

Халыққа артық бағалым.

Құр емес мынау ағаң да,

Қиялдан сөзді табамын.

Қалсам дағы қартайып,

Тұлпардай-ақ шабамын.

Ұят емес пе, Манапжан,

Менсінбей мені қалғаның,

Құлақ салсаң, Манапжан,

Бір азғантай сөзіме.

Таныстырып кетейін,

Осы жерде өзімді.

Мүтәліп деген ақынмын,

Көрініп тұрған көзіңе.

Түскенім жоқ қалай да,

Ортасына кеңестің.

Жамандасаң жаманда,

Қара жаяу емеспін.

Өзіңдей озған ақынның,

Талайымен теңестім.

Жеңемін деп қалайда,

Алдында ағаң тұрғанда,

Соза берме өңешті.


Өлеңмен, Манап ақын, тегістедің,

Жоқтай-ақ ауданыңда кемістерің.

Газеттен жазылатын көріп жүрміз,

Сенің бұл айтқаныңа келіспедім.

Айқай сап домбыра алып отырғанда,

Ойыңнан шыққан екен-ау Түгіскенің.

Және де Сунақата совхозың бар,

Белгісіз қайда еккені күріштерін.

Сүт бермей екеуі де осы күнде,

Белгісіз сауған сүтті кім ішкенін?

Детсадтың балаларынан сұрай қалсаң,

Деп айтар: «шынын айтсам, түк ішпедім».


Өзгентің, Келінтөбе, Сунақатаң,

Өзара сынды бүгін айтсақ қатаң.

Қалтырап арық сиыр тоңғаннан соң,

Апарар таразыға жауып шапан.


Көтерем көтеремге зорға шыдар,

Екі жүз алпыс келің зорға шығар.

Ортадан қоңы төмен болғаннан соң,

Қайтадан зияны көп сорға шығар.


Түркістан совхозың тұр жақын Сырға,

Қоймадың мұныңызда неге сынға.

Егіні үш жыл болды бітпей жатыр,

Тұрса да Сыр қасында, зар боп суға.

Алады жүз биеден тоғыз құлын,

Жылдағы әдеті осы дейді оның.

Сексен бестен қозы алар жүз басынан,

Не деген совхоз еді кеткен қырын.


Совхоздың директоры Әбсаматов,

Ойпырмай, қалай шыдар тыныш жатып.

Он жеті ауылшаруашылық машинасы,

Құрыған деп айтады құмға батып.

Манабым, салшы құлақ бір азғантай,

Ағаңнан жеңілерсің қарап жатып.

Қырық тоғыз трактордың жиырма алтысы,

Орнында қалған дейді тіпті қатып.

Жиырма машинаның оны жүрмей,

Көргендер жүр осы күні таңырқанып.


Жүрсіздер қалай шыдап бұл ісіне,

Бастықтың осылайша жүрісіне.

Бір миллион алты жүз отыз мың сом,

Бір ғана қарызданған жыл ішінде.

Манап-ау, неғып жүрсің араламай?

Арасын ауылыңның жағаламай?

Мәдениет қызметкері емессің бе?

Жақсыны мақтап, жаманды табаламай.


Осыдан барып бюро құрғызсаң да,

Бастықтың бірлеп шашын жұлғызсаң да.

Жабылып аудан болып болар еді-ау,

Бір жылда аяғынан тұрғызсаң да.


Совхозың, ақын Манап, Төменарық,

Сыр бойын жатқан сол жер түгел алып.

Ағаңа кезек бермей домбыра алып,

Сөйлегің келіп отыр айқай салып.

Ағаң да бір-екі ауыз өлең айтсын,

Сөзімді тыңда Манап хабарланып.


Совхоздың Төменарық қасындағы,

Ол ұйымдасқан еді ғой басындағы.

Үш жылда төрт мың басқа қойы кеміп,

Жүр дейді Алтыбаев жасырғалы.

Қойы арық, қора нашар, күй жетпеген,

Арығын жануардың емдетпеген.

Арықтан өлген қойды Алтыбаев,

«Өлді, - деп – акті жасатты індетпенен»


Қанаев деген кім еді, дүр шығыпты,

Бұл дүние ұмытыпты тіршілікті.

Тоғыз комбайн, он үш жаткасына,

Өмірі жазылмайтын зіл шығыпты.

Тозды деп акті жасап барлығына,

Көп мүлік топыраққа тұншығыпты.


Манап:

Ей!, Мәке, ісің жоқ қой мақтанарлық,

Жағдайыңды ойлапсың сақтанарлық.

Манаптан қайткенде де құтылам деп,

Газеттен жүр екенсің ақпар алып.

Мейлі, неде болса кеміс болса,

Жасырмастан ауылға ап баралық.
Біз ақын емеспіз ғой таласатын,

Адамбыз ғой, жағдаймен санасатын.

Халықтың қарсы алдында түсіндіріп,

Жүрміз біз партияның саясатын.

Қанша айтқанмен сізде, бізде басшылар бар,

Өзі жүрген жолынан адасатын.

«Тартоғайдың» көрмепсің қораларын,

Меніменен жөнің жоқ таласатын.

Не десең де суыңның басындамын,

Адамдай сөйлеме, аға, қарасатын.

Бағанағы айтқаныңның көбі өтірік,

Ыңғайлап алғанменен өзіңе жарасатын.

Ортаға сап отырмыз артық-кемді,

Ақыннан сөз шығады жөнсіз-жөнді.

Мұндай да екі арада көп кездесер,

Түзеп алсақ екеуміз жөндеп енді

Ақынбыз біз соларды тезге салар.

Қолымызда өткір сөз үлкен қару,

Уа, аға, уақыт жетті-ау жөндеп алар.

Демейік мынау жоқ па, мынау бар ма?!

Демейік сөз айтуға сұрау бар ма?!

Бізден де басқа ақындар күтіп отыр,

Сөз берсек ақындарға, жырауларға.

Оу, аға, сіз де нашар емессіңіз,

Бұл жерге нашар болсаң келмессіңіз.

Берейік басқаларға енді кезек,

Мына жұрт, мұны қалай көресіңіз.

Бағана құлағыма біреу келіп,

Сыбырлап кеткен еді төрешіміз.

Демейік сахынаға шығып алып,

Екеуміз осы жұрттың егесіміз.
Мүтәліп:

Ал енді жаңа жөнге келдің, інім,

Бұлбұлдай сайрайды екен қызыл тілің.

Атағы бұл ағаңның шықпағанмен,

Жұрт көрген теледидардан айтқан жырын.

Бізде де кемшіліктер жоқ демеймін,

Әрине, рас шығар берген сының.

Ағаңның енді келіп қолын алсаң,

Інідей бірге туысқан болып алсаң,

Абыройын Жаңақорған түсірмей жүр

Ақын ең енді, Манап, қолыңа алсаң.



1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет