Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы №42 хаттама



Дата03.05.2016
өлшемі50.19 Kb.
Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу

қорытындысы туралы № 42 хаттама

2013 жылы талдау, жобалау алдындағы зерттеу және технологиялық шешімдерді енгізу бойынша консультациялық қызметтерін мемлекеттік сатып алу




Астана қ.


2013 жылғы 15 қараша сағат 10:00

1. Астана қ. Кенесары к., 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті 001 «Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» бюджеттік бағдарламасының 104 «Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету» кіші бағдарламасы шеңберінде 2013 жылға талдау, жобалау алдындағы зерттеу және технологиялық шешімдерді енгізу бойынша консультациялық қызметтерін бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. Талдау, жобалау алдындағы зерттеу және технологиялық шешімдерді енгізу бойынша консультациялық қызметтерді сатып алуға бөлінген сомасы 27 678 571,43 (жиырма жеті миллион алты жүз жетпіс сегіз мың бес жүз жетпіс бір) теңге қырық үш тиын (ҚҚС-сыз).

3. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының м. а. 2013 жылғы 5 қарашадағы
№ 12-4/546 бұйрығының және Мемлекеттік қызметті дамыту және ақпараттық технология департаментінің 2013 жылғы 17 қазандағы негіздемесінің негізінде, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылуына байланысты, мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілі қолданылған.

4. «Эрнст энд Янг - кеңестемелік қызметтер» ЖШС Заңның 8-бабы 1-тармағында көзделген талаптарға сәйкес, жалпы және арнайы біліктілік талаптарына мына негіздер бойынша сәйкес келеді:

- заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

- заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- Филиалдың директордың орынбасары А. Садыкованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «HSBC Қазақстан Банкі» АҚ ЕБ-ң 2013 жылғы 12 қарашадағы № АМААСS307897анықтамасының түпнұсқасы;

- Алматы филиалының директордың орынбасары А.М. Казованың қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Қазкоммерцбанкі» АҚ Алматы филиалының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 61151186 анықтамасының түпнұсқасы;

- Сенімді тұлға Г. Байболованың және бас бухгалтер М. Шүкіровтің қолы қойылған, банктің мөр бедерімен куәландырылған анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен банктің алдындағы берешектің жоқтығы туралы «Сити Банк Қазақстан» 2013 жылғы 11 қарашадағы № 2-2299 анықтамасының түпнұсқасы;

- салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша 2013 жылғы 31 қазандағы жағдайына берешектің жоқтығы (болуы) туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің Бостандық ауданы бойынша Салық басқармасы» ММ-мен берілген 2013 жылғы 8 қарашадағы анықтамасының түпнұсқасы;

- мемлекеттік сатып алу процесіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтерінің түпнұсқасы.

Заңның 33-бабының 2-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші сондай-ақ, келесі ақпаратты ұсынды:

- ұсынылып отырған қызметтерге берілетін бағалардың негіздемесі;

- көрсетілетін қызметтердің техникалық ерекшелігі;

- мемлекеттік сатып алу процесімен байланысты шектеулердің болмауы туралы хат.

5. Шарттар жасалатын әлеуетті өнім берушінің атауы және орналасқан жері: «Эрнст энд Янг - кеңестемелік қызметтер» ЖШС, Алматы қ., пр. Аль-Фараби 77/7 «Есентай Тауэр» ғимараты және шарттың бағасы 27 648 571,43 (жиырма жеті миллион алты жүз қырық сегіз мың) теңге қырық үш тиын (ҚҚС-сыз).

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жауапты хатшысының м.а. 2013 жылғы 5 қарашадағы № 12-4/546 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) 2013 жылы талдау, жобалау алдындағы зерттеу және технологиялық шешімдерді енгізу бойынша консультациялық қызметтерді бір көзден алу тәсілімен Алматы қ., пр. Аль-Фараби 77/7 «Есентай Тауэр» ғимараты, мекен-жайы бойынша орналасқан «Эрнст энд Янг - кеңестемелік қызметтер» ЖШС-нен сатып алынсын.

2) Астана қ. Кенесары к. 36 мекен-жайы бойынша орналасқан Мемлекеттік қызметті дамыту және ақпараттық технология департаменті 2013 жылғы « 22 » қарашаға дейін «Эрнст энд Янг - кеңестемелік қызметтер» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасассын.



3) Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаменті осы хаттаманың мәтінін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.


ҚР АШМ Жауапты хатшысы




А. Қ. Евниев



Мемлекеттік қызметті дамыту және ақпараттық технология департаментінің директоры







Қ. Б. Әбілмағжанов

Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің директоры






Ж. Е. Аманбаев


Кадр және әкімшілік қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы






Г. Ж. Баймаханова


Приложение к протоколу об итогах




Экспертное заключение

по предлагаемым потенциальными поставщиками

услуг консультационных по анализу, предпроектному исследованию и внедрению технологических решений на соответствие требованиям технической спецификации конкурсной документации, утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 09.09.13г. №12-4/414
Экспертная комиссия рассмотрев техническую спецификацию услуги консультационных по анализу, предпроектному исследованию и внедрению технологических решений (далее – Техническая спецификация) предоставленной ТОО «Эрнст энд Янг-консультационные услуги» сообщает, что Техническая спецификация соответствует приложению 2 к Конкурсной документации утвержденной приказом Ответственного секретаря Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан от 9 сентября 2013 года №12-4/414.

Руководитель экспертной комиссии П. Барков
Член экспертной комиссии Л. Абикенова

13.11.13г.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет