Бір көзден алу тәсілімен ветеринарлық препараттарды сатып алу қорытындысы туралы хаттама



жүктеу 21.99 Kb.
Дата03.04.2016
өлшемі21.99 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!
Бір көзден алу тәсілімен ветеринарлық препараттарды сатып алу қорытындысы туралы хаттама

Астана қ., Кенесары көшесі,36 2014 жылғы 16 маусым



сағат 16:50
1. Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36 мекенжайы бойынша орналасқан мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» ММ ветеринарлық препараттарды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүргізді.

2. 216 «Ветеринариялық іс-шаралар және тамақ қауіпсіздігін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы, 101 «Эпизоотияға қарсы шаралар, жануарлар мен құстардың қауіпті жіті және созылмалы жұқпалы ауруларының ошақтарын жою» кіші бағдарламасы 142 «Дәрі-дәрмектер және медициналық мақсаттағы басқа да құралдар сатып алу» ерекшелігі бойынша ветеринарлық препараттарды сатып алуға бөлінген сома – 43 999 606 теңге 20 тиын (ҚҚС-сыз).

3. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 32-бабының 2) тармақшасына сәйкес (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының «2014 жылы ветеринарлық препараттарды бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы» 2014 жылғы 5 маусымдағы № 44-1 бұйрығы, бұйрық – қоса берілген) мемлекеттік сатып алудың бір көзден алу тәсілін қолданған.

4. Әлеуетті өнім беруші Заңның 8-бабында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді.

5. «Антиген» ҒӨК ЖШС, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, Азербаев көшесі, 4 үй, шарт сомасы – 43 999 606 теңге 20 тиын (ҚҚС-сыз)..

6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Төрағасының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 44-1 бұйрығына сәйкес, әлеуетті өнім берушінің техникалық ерекшелігіне сараптама жүргізу үшін сараптамалық комиссия тартылды, сараптамалық қорытынды қоса берілген.

7. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті» мемлекеттік мекемесі осы бір көзден алу тәсілімен сатып алу нәтижесі бойынша ШЕШТІ:

1) Алматы облысы, Қарасай ауданы, Абай ауылы, Азербаев көшесі, 4 үй, мекен-жайы бойынша орналасқан әлеуетті өнім беруші «Антиген» ҒӨК ЖШС-нен жалпы сомасы 43 999 606 теңге 20 тиын (ҚҚС-сыз) сомасына келесідей тауарлар сатып алынсын:

- Малдың (иттің) құтыруына қарсы вакцина – 636,270 мың доза көлемінде;

- Малдың (мысықтың) құтыруына қарсы вакцина – 155,070 мың доза көлемінде;

- Ауылшаруашылық малдарының листериозына қарсы вакцина – 240,000 мың доза.

2) Тапсырыс беруші Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Заңда белгіленген мерзімде «Антиген» ҒӨК ЖШС -мен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасассын.

3) Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті осы хаттаманың мәтінін Тапсырыс берушінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

 

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау



және қадағалау комитетінің

Төрағасы _______________ Р. Құрманов



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет