Бірыңғай кадрлық қызмет «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 110900 Қостанай облысы Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31, 305 каб, 8-71441-79000, электрондық мекен-жайы



жүктеу 52.15 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі52.15 Kb.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> Қр ижтм туризм комитетінің 2013 жылы атқарылған жұмыс туралы есеп
pages -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> Талдықорған қаласы әкімшілігі «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсты жариялайды
pages -> Конкурс жариялайды: «Ұлан ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> «Ақтоғай ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі 140200, Павлодар облысы, Ақтоғай ауданы, Ақтоғай ауылы, Абай көшесі 75, телефон: 8(71841)22011, 8
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы «13» маусымдағы
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптар
pages -> Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы
Бірыңғай кадрлық қызмет «Қарабалық ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (110900 Қостанай облысы Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31, 305 каб, 8-71441-79000, электрондық мекен-жайы: karabalyk@kostanay.gov.kz.), E-4 санаты - 2 бірлік «Б» корпусындағы бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы байқау жариялайды:

  1. «Қарабалық аудан әкімінің аппараты» ММ ақпараттық технологиялармен, мемлекеттік қызметі мониторингтеу бойынша ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бақылау бойынша бас маманы, (110900 Қостанай облысы Қарабалық кенті, Космонавттар көшесі, 31), лауазымдық өтілімі еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Облыс, аудан әкімінің нормативтік құқықтық әктілерін орындау барысын тексеру және бақылау тәртібін; облыс, аудан әкімінің тапсырмаларын, жоғары тұрған мекемелердің хаттардың ұйымдастыру тәртібін жүзеге асырады.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары: білім, құқық (заңтану, халықаралық құқық), әлеуметтік ғалымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг), есептеу техникасы (есептеу техникасы және бағдарламалық қамсыздандыру).

Жұмыс тәжрибесі қажет емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


2. «Қарабалық аудан әкімінің аппараты» ММ заңгер - бас маманы, лауазымдық өтілімі еңбек сіңірген жылдарына байланысты 77452 теңгеден 104935 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент және Үкімет, облыс және аудан әкімдерінің әктілерін орындалуын қамтамасыз ету және ұйымдастыру, құқықтық нормаларын сақтау; ауылдық округтер әкімдерінің шешімдер мен өкімдер құқықтық талдауын іске асыру, құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастыру; отырыс маслихатшыларға кандидаттардың тізімін қалыптастыру. Әрекет етуші заңнаманың насихаттау бойынша іс-шараларды жетілдіру, аудан әкімі аппаратында және басқа мекемелерде құқықтық жалпы оқуын ұйымдастыру. Заңдар, Нұсқауларды оқу мәселелері бойынша кент, ауылдық округтер және ауыл әкімдер мен мамандарымен жиналыстар өткізу. Жүйе есебін және түскен нормативтік әктілердің сақтауын ұйымдастырады, заңды қызметін заңдылық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етуін жақсартуына бағыттылған іс-шараларды қабылдау, Қазақстан аймағындағы адамдармен сауда-саттық жасауға байланысты қылмыстарды болдырмау және алдын алу, күресу бойынша іс шаралық Жоспарды орындау және жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлықпен күресу бойынша аудандық комиссия және қылмсыпен күрес бойынша Кеңес жұмысын ұйымдастыру, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің Ар намыс кодексін мемлекеттік қызметшілермен сақтау мониторингін жүргізу.

Байқау қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары: құқық (заңтану, халықаралық құқық, құқықтық сақтау қызметі).

Жұмыс тәжрибесі қажет емес.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.


Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын бiлу, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын білуі. Осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдері.

Конкурс ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2015 жылғы 29 желтоқсан № 12 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде жүргізіледі.



Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама; 

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

Аталған құжаттар байқау өткізу туралы хабарламаны соңғы жариялау сәтінен бастап 10 жұмыс күн ішінде «Қарабалық ауданы әкімі аппараты» ММ 305 кабинет, 110900, Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Қарабалық кенті, Космонавтов к., 31, анықтама үшін телефон 8 (71441)-79000, электронды пошта адресі: karabalyk@kostanay.gov.kz., мемлекеттік мекемесіне ұсынылуы тиіс.

Азаматтардың қолма-қол тәртіпте немесе пошта арқылы (қоса берілген құжатары көрсетіле отырып құжат тігілетін мұқабаға салынған) қабылдау мерзімінде берген құжаттары конкурстық комиссияның қарауына қабылданады. Байқауға қатысу үшін құжаттарын электрондық пошта арқылы берген азаматтар, құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, осы хабарды алған күннен бастап әңгімелесуді 5 жұмыс күнінің ішінде байқау жариялаған Қарабалық ауданы әкімінің аппараты 103 кабинетінде өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі маслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар Қарабалық ауданы әкімі аппараты кадрлық жұмыс бөлімінде әңгімелесу басталуына 1 жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне қатысты 5 күн ішінде шағымдана алады.



Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет