Бирмаганбетова Жамила Жайлибаевна Тақырыбы: «Ол кім? Бұл не?» Кітапханалық сабақ



Дата03.05.2016
өлшемі30.19 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе облысы

Байғанин ауданы

3 Қарауылкелді орта мектебі



Тақырыбы: «Ол кім? Бұл не?»

(Кітапханалық сабақ)

Кітапхана меңгерушісі:

Бирмаганбетова Жамила Жайлибаевна

Тақырыбы: «Ол кім? Бұл не?» (Кітапханалық сабақ)

Мақсаты: Балаларды өз бетінше анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасауға, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Ол кім? Бұл не?»

Деп аталатын кітапты дұрыс пайдалана білу үшін ең алдымен оның осы бір алғашқы беттерін міндетті түрде оқып шыққандарың жөн. Бұл өзі үш кітаптан тұрады. Онда сендердің мың түрлі сұрақтарыңа мың түрлі жауап бар. Әдетте үлкендер балаларға кітап ұсынғанда: «Басынан бастап түгел оқы. Әр жерінен бір оқып, бет тастап кетпе»,- деп жатады.

Ал бұл кітаптың бір ерекшелігі - оны бет қалдырмай бастан аяқ түгел оқу шарт емес. Мысалы: өздеріңе қажет бір нәрсе жайында білгілерің келіп кітапты ақтара бастап едіңдер, іздеген әңгімелерің екінші кітаптың аяқ жағынан шықты делік. Сондай-ақ енді бір іздегендерің бірінші кітаптың бас жағында орналасуы, келесі біреуі кітаптан табылуы мүмкін. Тіпті бірінші, екінші үшінші кітаптың қалаған бетін алып, суретін тамашалап, кез-келген әңгімесін оқуға болады.

«Қызық екен. Сонда бұл өзі оң-терісі, бас-аяғы жоқ, ашылып түскен жерінен- ақ оқыла беретін кітап болғаны ма» деп ойлап қалуларың да мүмкін.

Бәрін білгілерің келетіні рас. Осыдан барып : Кім?, Не?, Қандай?, Қайда?, Қашан?, Қалай?, Неден?, Неге?, Неліктен?, деген сияқты сан алуан сұрақтарға тіреліп, оған жауап іздеулерің сөзсіз. Әрине бүкіл әлем сырын, оның бар құпиясын біліп алу мүмкін емес. Сендер ер жеткен сайын оқитын оқуларың, қызығатын кітаптарың көбейеді. Ал әзірге мына біз ұсынып отырған үш кітаптан сол толып жатқан сұрақтарына жауап тауып, ұйде, көшеде, мектепте, кітап оқығанда кездесетін мың сан сөздің мәні мен мағынасын түсіне жүргендеріңе әрі пайдалы, әрі қызықты болары ақиқат.

Энциклопедияны адам бір нәрсені білгісі немесе анықтағысы келгенде қолға алады.

Мына «Ол кім. Бұл не» кітабын сендер де өздеріңді қызықтырған жаңа бір нәрсенің жайын білгілерің келіп, алайда оның мән – мағынасын толық түсіне алмаған кезде оқығандарың абзал.

Кітаптағы бүкіл әңгіме атаулы өздерінің класс журналдарындағы фамилияларың сияқты А-дан Я-ға дейін алфавит тәртібімен орналасқан. Бұл мәнін білмек болған сөзді тез табуға мүмкіндік береді. Мысалы, сендер Ауғаныстан елі жайында бір мағлұмат білгілерің келді делік. Ол үшін кітаптың мазмұнын қараңдар А әрпі 7 – бетте деген жазуды көресіңдер. Енді сол бетті ашыңдар. Онда кітаптағы А әрпінен басталатын әңгімелер тізімі берілген.

Ауғаныстанды таптыңдар ма? Ол жағдайындағы әңгіме нешінші бетте екен? 135- бетте. Сол бетті ашып көрелік. Міне сол елдің картасы. Ал мынау – сол ел жайында қысқаша баяндалады. Сол сияқты сендер «Бегемот», «Витаминдер», «Гагарин Ю.А.», «Дене шынықтыру», «Европа», «Жұмбақ» сияқты қалған әңгімелеріңді тауып оқи аласыңдар.

Кітапханада тағы осы үш кітаптан бөтен «Ақтөбе энциклопедиясы» және «Қазақ совет энциклопедиясы» бар. Олардан ақын – жазушылардың, атақты адамдардың, мәліметтері туралы көптеген анықтамалар алуларыңа болады.

Сонымен сендер энциклопедиялардың құрылу тәртібін, оны пайдалану жолын жақсы білетін болдыңдар. Өздерің білгілерің келген сөзді іздеуден, сұраудан ешуақытта жалықпаңдар. Бұл кітаптар сендердің шетсіз – шексіз білім мұхитында еркін самғайтын кемелерің болсын.

Пайдаланған әдебиеттер.

1. Қазақ совет энциклопедиясы «Ол кім? Бұл не?» Алматы қаласы

3 томдық кітап.
Каталог: 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Ауыл шаруашылық ғылымдары
2014 -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Отчет о выполнении мероприятий по повышению эффективности
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Абай Құнанбайұлы "Әсемпаз болма әрнеге"өлеңі
2014 -> ӘӨЖ 821. 0 Абайтану тарихына қЫСҚаша шолу өнербаева А. А.
2014 -> Сабақ : «Абайды білмек парыз ойлы жасқа»


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет