Біз бабаларын сыйлаған халықпыз !



Дата25.04.2016
өлшемі16.17 Kb.
Біз бабаларын сыйлаған халықпыз !
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап ,уақыттың қалай жылдам өтіп бара жатқанын аңғармай жатырмыз.Енді міне,алдымызда қазан айындағы қарттар мерекесі де келіп жетті .Неткен шіркін уақыт десеңші,осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі,халқы,келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады.Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп,көңіл аударып,жан-жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда.Қазақстанның өсіп –өркендеуіне,еліміздің бейбітшілік тынышы өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз.Міне,енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп,тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға-апаларымыздың төл мерекесі.Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.Қарттар –біздің асыл қазынамыз. 14-ші қазан күні мектебімізде қарттар күніне орай «Біз бабаларын сыйлаған халықпыз !» атты концерттік кеш ұйымдастырдық.Мектеп директоры Халелова Эльмира Майданқызы келген қонақтарымызды мерекемен құттықтады.

Концерт әдеби –монтаждан басталды. Оған 7 сынып оқушысы Балтабекова Айдана, Ғиззатова Аружан,Хамзина Диана,2сынып оқушысы Кабдешев Арыстан және 1 сынып оқушылары Шыңғыс,Жұлдызай,Махаббат,Әділхан, Мадина, Нұрсұлтан, Айғаным сынды ұл-қыздарымыз қатысты. Мерекелік концерт әнжәне күйлермен жалғасты. Ән шашумен дайындық сыныбының оқушысы Жанэль «Жақсы көрем апамды», 2-ші сынып оқушысы Жиенбаева Анэль «Анашым», 3-ші сынып оқушысы Хайролла Саруар «Ақ дидарлы анашым»,4-ші сынып оқушысы Ұлатай Санжар «Аналардың тілегі»,Айдарбек Мадияр «Әкелер», ұлттық аспабымыз домбырада 6 -7 сынып оқушылары Мырзақмет Әлихан,Сәбікен Мәди «Келіншек» ,Қабдешева Маржан «Түркімен»,Кабдешева Мадина «Би»,қобыз аспабында 6 сынып оқушысы Дүйсембина Анэль «Япыр-ай» күйлерін келген қонақтарымызға тарту етті.Бүгінгі мерекеге орай ,мың бұралған бишілер 8 сынып оқушылары Құрманалина Аяжан, Қабиден Жанаргүл «Тұмар » биін билесе,ал 6 сынып оқушыларының қыздар вокалы «Зерендім » әнін әсем әуенмен шырқап берді.Келген қонақтарымыз өсіп келе жатқан жас буынға игі тілектерін білдіріп,баталарын берді .

Аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын!

«Мәлік Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ



Тәрбие ісінің меңгерушісі : Кенжина Дәмегүл Мұхамедрахимқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет