Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз бір тұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз



жүктеу 63.89 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі63.89 Kb.
: repository -> history -> 24%20%D1%82%D0%BE%D0%BC.%20%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B%20%D0%BC%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80 -> %D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай мектетебі
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абайдың шәкірттері туралы. 1951 жылы, 6-апрель күні Алматыда қорғалған «Абайдың әдебиет мектебі»
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Абай туралы Ә. Бөкейханов,
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Сонымен, 1951 жыл. Жиырма үшінші ақпан. Жазушылар жиналысы. Бұл жолы сөздің кезегі бірінші болып өмірінде бірінші рет Сәбит Мұқановтан бұрын Мұхтар Әуезовке берілді
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ііі том. 93 бет. 6 түптеме
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> МҰхтар әуезов пен сәбит мұҚанов
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Стенграмма: Талқылау барысында әлі жарияланбаған дастандар да сынға ілініп кетті. Оған Қ. Жармағамбетов өзінің қорытынды сөзінде
%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
Онда: «Алаш-орда» үкіметіне еш қолдау болмасын, бірақ уақытша олардың басшыларын (оқығандарын) Кенес өкіметінің қызметіне кеңірек пайдалану керек, жас Кеңес өкіметіне олардың білімдері қажет. Ал кейіннен көрерміз... Бірақ оларға мүлде сенуге болмайды» делінген. Сонымен бірге 1920 ж. Алашорданың бұрынғы басшыларын өз жерінде қалдырмай басқа аймақтарға ауыстыру туралы жасырын нұсқау берілді. 10 б.
Халел Досмұхамедов осы бір тарихи кезеңді кейін есіне алып: «1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицияның көзіне іліктім де, саяси жұмыс жүргізуіме тыйым салынды» дейді

18 б.
Жаһанша Досмұхамедов, съезд хаттамасындағы мәліметтерге қарағанда, Томск округтік соты прокурорының қызметін атқарған; ол съезд жұмыс істеген кезде Оралда демалыста жүрген болатын. Округтік сот орынбасары үлкен лауазым иесі болған. Оған Томск губерниясындағы саяси айдауда болғандар мен қамау орындарының үстінен қарау құқығы берілген болатын. 43 б.


Мәселен, «Досмұхамедов Халел – дәрігер, орыс тақылеттес чиновник, карьерист, мінезі тұйық, қулығы кез келген адамды шатыстырады. Оның өз күшіне сенгені соншалықты ең ауыр авантюраға да барады. Көзқарасы жағынан монархист, Михеевтің біріншісі ме, екіншісі ме, әйтеуір Дутов, Толстов, Мартыновтардың оң жағында. Ал Жаһанша Досмұхамедов – заңгер, шешендік қабілеті өте мықты, көзқарасы жағынан түсініксіздеу, ақ көңіл, ерік-жігері әлсіздеу, орыс тақылеттес интеллигент, саяси жағынан толысқан саналы адам» [73], - деп Ө. Әйтиевтің қос азаматқа біржақты мінездеме беруі, сөз жоқ, олардың идеялық көзқарастарының алшақтығында жатыр. 51 б.
«Біздің мақсатымыз – ел билеуді, халыктың өз қолын беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын өз қолына алады.

Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз – бір тұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз.

Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ жасап –араздасуға жол бермеуіміз керек, өйткені ғасырлар бойы осы тағдырмен тығыз байланысты.

Қазіргі желбіреген бостандықтың жасыл туы бәрімізді бірлікке, туысқандыққа шақырады. Қазақ шаңырағы бәріне де пана бола бермек. Сондықтан, – деп жалғастырды сөзін төраға, – саяси авантюристерден жолды бөгейік, қан төгіске жол бермейік – жұрттың берекесі кетуге түптеп себеп болған нәрсе қазақта бірліктің жоқтығы. Соған байланысты қазақты дұшпаны жекелеп біріне-бірін қарсы қойып қан қақсатқан. Бізге береке-бірлік әперетін тек әділдік. Қалың халықты тонаушыларды, момынды жылатушыларды – серіктікке алмаймыз. Қазақты, басқа халықтарды аяусыз қанаған патша орнынан түсті. Қазақты елдің тұрмысын, тілін, мінез-құлқын, әдет-ғұрпын білетіндер ғана басқарады. Осыған байланысты қалай болғанда да біз Ресейден автономия алуға тиістіміз», [75], – дегенде цирктегілер түгел орындарынан тұрып қызу қол соғып қуаттады. 52 б.


«Ойыл уәлаятындағы» 2000 сарбаздардан құрылған атты әскери полкінің командирі полковник Белоусов, штаб бастығы подполковник Кириллов та Оралдың әскери үкіметінен жіберілгендер. 62 б.
Жаңа ұлттық үкімет басшылары әскери жасақтау мәселесіне ерекше мән береді. Бүгінгі күнде «Ойыл уәлаятының» әскері тұрған жерге Жаһанша Досмұхамедовтың белнемересі Қуанышалиев Құдес 1998 жылы белгі тас орнатқан. 1918 ж. Шілдеде Жымпитыда прапорщиктер, Ойылда юнкерлер мектебі ашылды. 64 б.
Генерал Дутов: «Қазақ автономиясы бір топ зиялыларының ойдан шығарған нәрсесі, егер осы бір топтың көзі жойылса, қазақтардың көпшілігі ақ патша билігін өздері-ақ сұрайды». 69 б.б
Дутовтың нұсқауымен 25 шілдеде Комуч Торғай облысының басқарушысы қызметіне С. Қадырбаевты бекітеді, ал бұл адамды жеделхатта Ә. Бөкейханов Дутовқа хабарлаған болатын. С. Қадырбаевтың көмекшілері болып орыс және қазақ ұлттарының арасында О. Алмасов пен Лабанов тағайындалады. Орал облысында Комучтың қызметін атқаруға Д. А. Барановский бекітіледі
Комучтың мүшесі болған И. Майский өз естелігінде «Самараға Сібір үкіметімен келісе алмаған қазақтар келіп, комитеттен өздерінің Алашорда мемлекетін саяси жағынан тануды және қару-жарықпен көмектесуді сұрағанын», - айтады 71 б.
1) Комуч жергілікті комитет, Жалпыресейлік үкімет емес;

2) Өзінің қазіргі жағдайда қолы тимейтіндігін;

3) Шетел істер басқармасыньщ телеграммасындағы қойылған қол оған таныс емес екенін;

4) Құрылтай жиналысының Жер туралы қабылдаған заңын мойындамайтынын, сондықтан жер туралы өзінің заңы болатынын айтады. 72 б.


Біз жатжұрттықтардың (инородцы – авт.) мәдени-ұлттық мұқтаждарын орындау жөніндегі талаптарын қолдауға дайынбыз, алайда, өзін-өзі құртуға бет бұрған мемлекет қана осындай жатжұрттық сепаратизмге жол береді деп санаймыз».
Бұл мақаланың жариялануына Алашорданың төрағасы Әлихан Бөкейхановтың Сібір үкіметінің премьер-министрінің атына 1918 жылғы 13 (26) шілдеде келіссөздер жүргізу жөнінде жазған хаты түрткі болды. Онда Алашорданың жетекшісі Алашорданың басқару органдарының құрылуы мен Алашорда үкіметінің қызметінің заңды екендігін дәлелдеуге тырысты. «...қазіргі кезде, - деп жазды өз хатында Ә. Бөкейханов, – біртұтас Россия жоқ. Біртұтас мемлекеттік өкімет те жоқ ... Сондықтан да тарихи оқиғалардың күшімен большевиктер билігінен құтылған автономиялы облыстар мен халықтар мемлекеттік тәуелсіздік жолына түсулері керек ...Сібір мен Алаштың өзара ортақ мақсат-мүдделері екі автономияның тығыз одағы болуын талап етеді. Өзара тану күштерді біріктіреді ...Біз автономиялы Сібір үкіметіне талқылау үшін келісімнің төмендегі баптарын ұсынамыз:

1) Сібір үкіметі мен Алаш автономиясы бірін-бірі таниды;

2) Алаш территориясын мекендейтін барлық халықтар мойындайтын өкімет құрылғанша Алашорда қазақ-қырғыз халқының өкімет органы болып табылады;

3) Армия территориялық және ұлттық негізде құрылады... ол соғыс кезінде Уақытша Сібір үкіметінің әскерлерімен ортақ командованиеге бағынады. Сібір үкіметі армияны қару-жарақпен... азық-түлікпен және әскери нұсқаушылармен қамтамасыз етуге міндетті... Алашорда Алаш территориясын большевиктік бандалардан тазартуды, Түркістан мен Жетісуға көмек көрсетуді өзінің бірінші міндеті деп санайды;77 б.

Алашорда қазақ халқын басқаратын өкімет органы болып мойындалсын, оған үй бас сайын салық (кибиточная подать) пен басқа да алым-салық жинауға рұхсат етілсін, Алашорда ұлттық сот құруға құқылы болсын. Ұлттық армия кұру мәселесі бойынша қабылданған шешімде оның Сібірдің әскери мекемесі белгіленген тәртіп бойынша құрылатындығы айтылды. Ұлттық армияның командашысы мен әскери бөлімдердің командирлерін Алашорданың келісімімен Сібірдің әскери министрлігі тағайындайтын болды. 79 б.


1918 ж. сәуірдің басында Алашорда шешімімен Досмұхамедов бастаған Алашорда делегациясы Мәскеуге келіп, Халық Комиссарлары Кеңесінің және ұлт істері халық комиссариатының басшыларымен (Ленинмен және В.И.Сталинмен) ұлттық автономия жариялау жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес өкіметінің талаптары орталық Алашорда үкіметінің ойынан шықпай, келіссөз тұйыққа тірелгеннен кейін де Досмұхамедов бастаған делегация Совнаркомда Алашорда өкіметінен тұратын Қазақ комиссариатын құру жұмыстары мен айналысты. 84 б.
Осы оймен Досмұхамедов 1918ж. 8-23 қыркүйекте өткен Уфа кеңесіне белсене қатысып, Директорияның старейшиналар құрамына жұмыс істеді. Кеңес күндері Досмұхамедов бастаған уәлаят делегациясы орталық Алашорда үкіметінің төтенше мәжілісін, «Ойыл уәлаяты» уақытша үкіметін таратып, оның орнына бүгінде «Күнбатыс Алашорда» деген атау алған ірі әкімшілік бірлік – Алашорданың (Алаш автономиясының) батыс бөлігін басқару жөніндегі бөлімшесін құру жөнінде шешім шығаруға қол жеткізді. 86 б.
Батыс Алашорда тізе бүккеннен кейін оның белсенді үкімет мүшелері арасынан Жаһанша және Халел Досмұхамедовтермен бірге (1920 ж. ақпан айының басында) Орынбор арқылы Мәскеуге жөнелтілді. Маусым айында кеңес басшылығына табыс етілген Батыс Алашорда үкіметінің қызметі туралы мәлімдемені әзірлегендердің бірі. Сол жылғы 3 маусымдағы Бүкілодақтық Атқару Комитеті қаулысымен Қазәсревком қызметіне ұсынылды. 102 б.
1918 ж. наурыз-сәуірде Жаһанша және X. Досмұхамедовтер басқарған делегация құрамында Мәскеуге барып, Совнарком Кіші коллегиясында екі жақты келісімшарт әзірлеу ісіне қатысты. Сәуір аяғында Барбастауда Войско үкіметі мен облземуправа арасында жасалған одақтық келісім-шартқа қол қойғандардың бірі. 1918 ж. мамырда Жымпитыда өткен 4-Орал облыстық қазақ съезіне президиум хатшысы болып сайланды. «Ойыл уәлаяты» құрылғаннан кейін Жымпиты уездік земство басқармасының төрағасы қызметін атқарды. Облыстық уездік және деңгейдегі земство басшысы кезінде Алаш милициясын, кейін Батыс Алашорда Халық әскерін жасақтау ісін ұйымдастырушылардың бірі. Батыс Алашорда тізе бүккеннен кейін оның ең беделді қайраткерлерінің бірі ретінде Қазақстаннан аулақтатылып, 1920 ж. басында Жаһанша және X. Досмұхамедовтармен бірге Бүкілресейлік ОАК қарамағына жіберілді. 104-105 б.б.
Тарихта Уфа мемлекеттік мәжілісі (Уфимское государственное совещание) деген атпен бұл бас қосу 1918 жылы ашылды. Оның жұмысына 147 адам (кейбір деректер бойынша 170 кісі) қатынасты. Олардың ішінде Құрылтай жиналысының 81 мүшесі болды. Қазақоблыстарынан мемлекеттік мәжіліске Ө. Бөкейханов, X. Досмұхамедов, Ж. Досұхамедов, С. Досжанов, Б. Жанқадамов, А. Байтұрсынов, Г. Әлімбеков, М. Тынышбаев, М. Шоқайұлы, I. Тұрмұхамедовтар қатынасты.
Уфа Кеңесі барысында Алаш жетекшілері бас қосып өз бетінше ұйымдастыру Кеңесін өткізді. Алашордашылардың бұл Кеңесі Уфада 11 қыркүйекте төтенше түрде өтті, оның төрағасы Ә. Бөкейханов «автономияның жергілікті басқару жүйесі» туралы мәселені талқылады. Бұған алашорда мүшелері Жаһанша және Халел Досмұхамедовтар (Орал), Бақтыгерей Құлманов, Уәлитхан Танашев (Бөкей Ордасы), Сағындық Досжанов (Орынбор), Есенғали Тұрмұхамедов, Бижан Жанқадамов (Ақтөбе) сондай-ақ Ахмет Бірімжанов (Торғай), Әлімхан Ермеков, Мұхамеджан Тынышпаев (Жетісу) сияқты үкімет мүшелерінің қатысуымен мәжіліс өткізілді. 111 б.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет