Біздің мемлекетіміздің экономикалық стратегиясының басты мақсаты халықтың материалдық және мәдени деңгейін көтеру болып қалуда



бет1/5
Дата01.05.2016
өлшемі1 Mb.
  1   2   3   4   5
: public -> uploads -> OBNOVLENIE SAITA 2015 -> DIPLOMY
DIPLOMY -> Мазмұны кіріспе 4 1БӨлім. ҚАланың ҚЫСҚаша сипаттамасы
DIPLOMY -> «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Дипломдық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша тапсырма мамандығы 5В 100100 «Өрт қауіпсіздігі»
DIPLOMY -> Дипломдық ЖҰмыс (жоба) Мамандығы 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» Диплом жазушы: А. И.Қуандық Көкшетау-2015
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм
DIPLOMY -> Өрт кезінде аса қауіп палаталар орналасқан қабаттардан төнеді, өйткені онда тәулік бойымен әртүрлі жағдайдағы науқастар болады
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдай комитеті Көкшетау техникалық институты
DIPLOMY -> Өрттер әр қашан адамдарды өлтіретін,миллиардтаған теңгеге соғылған материалдық құндылықтарды (ғимарат, имарат, техника, шығармашылық заттары және т б.) жоятын ауыр қиыншылықтарды алып келеді
DIPLOMY -> Қазақстан Республикасында сауда саласы азаматтардың өмірінде үлкен мәнге ие. Жылдан жылға сауда орындары көбейіп келеді
DIPLOMY -> Күндізгі оқу бөлiмi


Кіріспе
Біздің мемлекетіміздің экономикалық стратегиясының басты мақсаты халықтың материалдық және мәдени деңгейін көтеру болып қалуда. Бұл мақсаттың алдағы кезеңдерде реализациялануы әлеуметтік-экономикалық дамудың жедел жолымен, халықтың тұрмыс-жағдайын жоғарылатумен, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру, сол сияқты маңызды тапсырмаларды реализациялау үшін өндірістің тиімділігін жоғарылатумен реализациялануда.

Қалалар мен ауылдық жерлерде шаруашылық салаларының қазіргі уақыттағы даму жағдайлары, ғылым мен техниканың жетістіктерін енгізу мәселелері өртке қарсы қызметтің практикасында тәрізді, қоғамдық, өндірістік, ауылшаруашылық кешендерінде, энергетика нысандарында, көп мөлшердегі материалдық құндылықтардың үлкен концентрациясы орындарында және адамдардың көп келуінде өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етеді.

Техногенді процесстің жеделдетілуі жаңа технологияларды енгізуіне әкеледі, ал мұнымен қоса құрылыс пен өдірістегі жаңа материалдар мен заттардың енгізілуіне.

Приватизацияның соңғы жылдарында шетел инвесторлары үшін Қазақстан нарығы демократикалық сапты ашты, бұл көптеген халық шаруашылығы нысандарының приватизациясына, жаңа технологиялар мен материалдардың енгізілуіне әкеліп соқтырды, бұл өз кезегінде өрттермен байланысты жағдайларды ұштастырады – ақпарат ағының шектеу, берілген кәсіпорындардың коммерциялық құпиясы түрінде.



Қазіргі кездегі біздің қоғамның даму кезеңдерінің негізгі тапсырмалары тұрақтылық негізінде халықтың жағдайының әрі қарай өсуінің қамтуынан, халықтық шаруашылықтың жылжымалы келуінен, ғылыми-техникалық прогрестің жылдамдауынынан және экономиканың интенсивті даму жолына ауысуынан тұрады.

Білім беру мекемелерін ереже бойынша, типті жоба бойынша 1-2 өрт төзімділік дәрежесінен төмен емес жеке көкалды аймақта тұрғызады. Оқу корпустарын кейде өзара жабық өткелдермен және галереялармен қосады. Оқу корпусының сыйымдылығы 100-ден 3000 орынға дейін болуы керек, ал биіктігі 3-қабаттан және оданда жоғары болуы керек. Қазіргі уақытта оқу корпустарын 800-1000 орынға дейін тұрғызып жатыр. Жаңа оқу корпустарының қабаттарының биіктігі 3,3 м.

Қазіргі кезге дейін 3-4 өрт төзімділік дәрежелі қиын жанатын және жанғыш материалдардан салынған ескі құрылыста көп.

Оқу корпусы ғимаратының ішкі жоспарлануы коридорлы бір жақты әртүрлі бөлмелер орналасуымен. Коридорлар үлкен қашықтықта болуы мүмкін және табиғи жарықтануы болмауы мүмкін, ал орталық сатылы торлары көбінесе ашық орындайды. Қабаттарда мұғалімдер бөлмесі, компьютер кабинеті, спорт зал, оқу залы, асхана, дәрігерлік көмек көрсету пункті, жуық шамамен 100 орынды дәріс залдары орналастырады.

Білім беру мекемелерінің көптеген бөлмелерін желдеткіш каналдарының таратқыш жүйесінен ауаны кондиционерлеу қондырғысымен жабдықтайды. Қазіргі уақытта ауаны жылыту, орталықтандырылған шаңды жинау жүйесі, қоқыс құбырлары, әртүрлі электр және радио қондырғылар, теледидар және т.б. кеңінен қолданылады. Оқу орындарының өрт ауыртпалығы бірдей емес, оқу залыларда ол 300 құраса, ал класстарда 40-50, ал басқа бөлмелерде 20-50 кг/м2 болуы мүмкін.

I және II өрт төзімділік дәрежелердегі ғимараттарда от 0,5-1,5 м/мин жылдамдақта бөлмедегі қондырғылармен, жиһаздармен және жанғыш материалдармен тарайды. Бөлмеден от және жану өнімдері коридорға тарайды. Егер саты торлары коридорлардан бөлінбесе, онда жану өнімдері және от жоғары орналасқан қабаттарға тез тарайды және оқушыларға құтқару жолдарын бөгеп қалуы мүмкін. Оқу орындарының жеке ғимараттарында бірнеше саты торлары қосылған, бұл олардың тез түтіндеуіне әкеп соғады. Сонымен қатар өртті сөндіру және адамдар мен мүлікті құтқаруын қиындата түседі.

Жалынның және түтіннің тез тарауына желдету, ауалы жылыту жүйелері, қоқыс құбырлары әсер етеді, сонымен қатар Ш және IV өрт төзімділік дәрежелі Университет ғимараттарының конструкциясының бос орындары әсер етеді. Мұндай ғимараттарда оттың тарау жылдамдығы 2-3 м/мин дейін жетеді, ал коридорларда, галереяларда және өтпелерде кейде 4-5 м/мин. Өрттің тез дамуына жеңіл тұтанғыш заттардың және дәріханалардағы материалдар, зертханалардағы, оқу залындағы кітаптар және т.б. әсер етеді.

Күш пен құрал жеткілікті кезде және оқушыларға қауіп төнген кезде бөлімдердің әрекеті: Өрт күндіз балалар екі қабатты кірпішті ғимаратында туындады. Қабат арасындағы және шатырлы аражапқыштар және ғимарат қабырғалары жанғыш, екі жағынан штукатурланған; кровля шифрлы ағашты тор бойымен.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Мекемелер және кәсіпорындардың басшылары тағайындалған лауазымына немесе орындалатын жұмыстың сипатына қарай қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілерді өрт қауіпсіздігі ережесіне сәйкес орындауы және анықталған жер учаскесінде ереженің сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.

Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды.

Ұйымның барлық жұмысшылары өрт қауіпсіздігі туралы нұсқаулықпен таныс болғаннан кейін жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша сабақтар оқиды.

Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.

Дипломдық жобаның мақсаты білім беру мекемелерінде өрт болған кезде адамдарды және материалды құндылықтарды дер кезінде және тез арада құтқаруды жұмыстырнын ұйымдастыру бойынша іс-шаралар кешенін ұсыну болып табылады.


  1. Қоғамдық ғимараттарда өрттерді сөндіру


1.1 Қоғамдық ғимараттарда өрттерді сөндіру бойынша жалпы талаптар
Қазіргі заманғы архитектура-құрылыс практикасыда ғимараттар тағайындалуы бойынша бөлінеді:

  • азаматтық, өндірістік және ауылшаруашылық;

  • қабаттылығы бойынша: бір қабатты, аз қабатты, көп қабатты;

  • сыртқы қабырғалардың материал түрі бойынша: тасты, ағашты;

  • от төзімділік дәрежесі бойынша.

Ғимаратты сипаттайтын тағайындалуы, қабаттылығы мен басқа да элементтері, тек қана бөлмелердегі өрттерді сөндіру мен дамуының бөлек (жеке) жақтарына әсер етуі мүмкін.

Өрт сөндіру басшысының негізгі тапсырмасы, ең алдымең ғимараттардағы өрттердің дамуының жалпы параметрлерін анықтау және олардың негізінде өрттерді сөндірудің тиімді әдістері мен тәсілдерін өңдеу болып табылады.

Бізге мәлім болғандай, кез-келген өрттің жалпы әрекеті ұйымдастырылмаған жану процесі болып табылады, ол газалмасудың болмауымен мүмкін емес – бұл аймақтан жану өнімдерінің бір уақытта шығуымен және таза ауаның келуімен.

Ғимараттардағы өрттер кезінде газалмасу шарты ашық кеңістіктегі өрттерден маңызды түрде ерекшеленеді. Ашық кеңістікте газалмасу тек қана жану өнімдері температуларының әр түрлі болуына және атмосфералық ауаға тәуелді, ал ғимараттардағы өрттер кезінде газалмасу архитектура-құрылыстық, технологиялық сипаттамаларға және көлемді-жоспарлы шешімдерге тәуелді.

Ғимараттар архитектуралық имарат түрінде болып келеді және түрлі тағайындаулы бір немесе бірнеше бөлмелерден тұрады. Сондықтан да бастапқыда ғимараттардың бөлмелеріндегі өрт жағдайын анықтайтын жалпы факторларды қарастырамыз.

Ғимараттың кез-келген бөлмесіндегі өрт жағдайы осы уақыт аралығында келесі негізгі орта көлемдік параметрлермен сипатталады: жанып жатқан бөлме көлемінде газды ортаның толық болуымен, жанып жатқан бөлмедегі қысыммен, температурамен, газды ортаның компоненттер концентрациясымен.

Ғимараттардың бөлмесіндегі өрттердің дамуы кезінде бұл параметрлердің өзгеруін анықтайтын ең басты факторлар болып табылады:

Агрегаттық күйі, өрт ауыртпалығының шамасы және оның бөлмеде таралуы (жұмылдырылған немесе тең таралған);

Бөлмелерде өрттер дамыған кезде газалмасу шартының коэффициенті Кг.

Газалмасу шартының коэффициенті Кг бөлмелердегі қоршағыш конструкциялары тесіктерінің ауданының Sо еден ауданына Sn қатынасымен түсіндіріледі.

Кг = Sо/Sn (1)
Жоғарыда аталған факторларға байланысты бірдей ғимараттардың бөлмелеріндегі өрттердің дамуы кезінде негізгі ортакөлемдік параметрлер шамалары әрбір уақыт сәтінде әр түрлі болады, мұны Ресейдің ВНИИПО МВД өткізілген эксперименталдық нәтижелерң куәландырады.

Бірінші сынақта шама 0,33 тең, ал екінші мен бесіншісінде – шамамен 0,16. Зерттеу нысандарын сипаттайтын басқа берілгендерді анализдей отырып, екінші және үшінші сынақтардың өткізілу шарттары тек бөлме биіктігімен, екінші және төртіншісінің - өрт ауыртпалығы шамасымен, үшінші және бесіншісі – бөлмелердің еден ауданымен, ал бірінші мен екіншісінікі – газалмасу шартының коэффициентімен ерекшеленді.

График анализінің негізінде мынадай қорытынды жасауға болады:

бөлмелердің қоршағыш конструкциялары мен олардың биіктіктерінде ойықтар ауданының ұлғаюымен температураның азаюы өтеді және жану жылдамдығының жалпы ұлғаюы кезінде өрт ұзақтылығы қысқарады;

өрт ауыртпалығының ұлғаюымен температура мен өрт ауыртпалығы да ұлғаяды;

ғимараттар бөлмелерінде өрттердің даму ерекшеліктерінің бірдей өрт ауыртпалықтары кезінде, негізінен, газалмасу шартының коэффициентіне және берілген бөлменің биіктігіне тәуелді.

Кг шамасы бойынша барлық бөлмелерді екі топқа бөлуге болады: Кг < 0,15 және Кг>0,15. Бұл топтардың әрбіреуінде h < 6 метржәне h>6 метр биіктігі бойынша екі топшалар бар.

Кесте 1.

Бөлмелердің топқа бөлінуі


Бөлмелер тобы

Кг

Олардың биіктігі кезіндегі бөлмелер атаулары, м

1

0,15 кем

h<6

h>6

Азаматтық ғимараттардың жертөлелері, тоңазытқыштар қабаттары, кейбір материалдық қоймалар, кейбір өндірістік ғимараттардың жер асты бөлмелері және т.с.с.

Көтергіштер шахталары, элеваторлардың күштік бөлімдері, табиғи жарықтандырусыз ғимараттардың блокталған бөлмелері, жабық портальды ойық кезіндегі театр сахнасы, өндірістік ғимараттардың жертөлелері.

2

0,15 артық

Тұрғын ғимараттардың, мектептердің, аурухана, балалар мекемелерінің, әкімшілік-шаруашылық ғимараттардың, мемлекеттік мекемелердің бөлмелері, тұрмыс бөлмелері, өндірістік кәсіпорындар қабаттарының кейбір бөлмелері (мысалы, мата фабрикаларының)өндірістік ғимараттардың шатырлы бөлмелері.

Өндірістік кәсіпорындардың машина және технологиялық залдары, ашық портальды ойық кезіндегі театрлардың көрме залдары, саты торлары, өндірістік ғимараттар, ангар, вокзал, мәдениет үйлерінің қабаттар бөлмесі және т.с.с.

Ғимараттағы өрттердің дамуы бір бөлмеден басқа бөлмеге түрлі жолдармен және жанғыш материалдардың жанып кетуімен от пен жану өнімдерінің таралуымен анықталады.

Ғимараттардағы өрттердің пайда болу орнына байланысты от пен жану өнімдерінің таралуының үш типтік сызбасын бөліп көрсетуге болады.

Бірінші сызба жер асты бөлмесінде немесе жертөлесіз ғимараттың бірінші қабатында өрттің пайда болуы кезінде болуы мүмкін.

Екіші сызба бірінші қабаттан жоғары қабаттарда өрттің пайда болу жағдайлары үшін тән.

Үшінші сызба шатырлы бөлмелердегі өрттердің пайда болуына қабілетті, ал олардың болмауы кезінде ғимараттардың жоғарғы қабаттарында.
1.2 Ғимараттарда өрт жағдайын бағалау және болжамдау
Ғимараттарда өрт жағдайын бағалау және болжамдау уақыт пен кеңістік аралығындағы өрттердің негізгі параметрлерін анықтаумен түсіндіріледі.

Басында жанып жатқан бөлмедегі жағдайдың бағалануы мен болжамдалуы өткізіледі, ал содан кейін күштер мен құралдарды енгізу және жұмылдыруды ескере отырып оның мүмкін даму динамикасына ауысады.

Барлық жағдайларда да ғимараттардағы өрттерді сөндіру кезінде өрт дамуының үш параметрі болжамдалады:

өрт ауданы;

жанып жатқан бөлме (бөлмелерде) көлеміндегі температуралық режим;

бөлмеде (бөлмелерде) өрттің дамуы кезіндегі газалмасу.

Өрт ауданын болжамдау кезінде берілген бөлмеде оның уақыт аралығындағы шамасын анықтайтын негіхгі параметр жанудың сызықты таралу жылдамдығы vл , м/мин болып табылады, ол өрт ауыртпалығының qп, газалмасу шарты коэффициентінің Кг және бөлме биіктігінің h функциясы болып табылады:

vл =f(qп, Кг,h) (2)

Қазіргі уакытта нақты өрттердің математико-статистикалық анализ-ұйғарымдамасы негізінде алынған орташаланған мәндер шамалары vл қолданылуда.

Температураны болжамдау, кезінде өрттің бос даму процессінде: температураның өсуі, орнатылған режим және температураның төмендеуі болатынын ескеру қажет.

Орнатылған режим жанып жатқан бөлмеден кететін газдар шығыны келетін ауа мен жану өнімдерінің қосындысына тең болған кезде басталады. Мұндай жағдай жанып жатқан бөлме көлемінде – жазықтығында нейтральді аймақта орналасуы кезінде басталады, яғни ішкі артық қысым атмосфералыққа тең болған кезде. Нейтральды аймақтан төмен кіші, сондықтан да бөлме көлемінің бұл бөлігіне сыртқы ауа ағысы енеді. Нейтральды аймақтан жоғары қысым атмосфералықтан үлкен. Бұл, от пен қызған жану өнімдерінің жанып жатқан бөлме көлемінде таралуына әкеледі, ол нейтральды аймақтан жоғары орналасады. Сәйкесінше, жеке бөлмеде немесе ғимаратта өрт жағдайын бағалау және болжамдау кезінде берілген уақыт сәтіндегі нейтральды аймақтың орналасу орнын мына формула бойынша анықтауға мүмкіндік береді:
hн = (3)
мұндағы hн – ағыс тесігінің геометриялық центрінен нейтральді аймаққа дейінгі арақашықтық, м; Н – ағынды және шықпалы тесіктер геометриялық центрлерінің арасындағы арақашықтық, м; Sп және Sв – сәйкесінше ағынды және шықпалы тесіктердің ауданы; pп және pв – сәйкесінше сыртқы ауа мен шығатын жану өнімдердің тығыздығы, кг/м3 .

Жанып жатқан бөлменің қоршағыш конструкцияларында бір тесік бар болған кезде нейтральді аймақ ойық енісінің шамамен 1/3 биіктігінде орналасады. Ғимаратта өрттің дамуын болжамдау кезінде азаматтық және өндірістік ғимараттарда оттың негізгі таралу жолдары жағыш конструкциялардың сыртқы және ішкі беттіктері (қабырғалар, арақабырғалар, жабындылар, шатырлар); конструктивты элементтердегі еністер мен түрлі конструкциялар; саты торлары; көтергіштер шахталары (лифттер); желдету каналдары болатынын ескеру қажет. Соңғы екі таралу жолы ғимараттағы өрт кезіндегі түтін таралуының негізгі таралу жолы болып табылады.

Түрлі сызбалар бойынша өрттің дамуы кезінде от пен түтіннің таралу жолы от төзімділігіне, ғимараттың тағайындалуы мен қабаттылығына, сол сияқты бөлмелердің жоспарлануына тәуелді болады. Осылайша, бірінші от төзімділік дәрежелі үш қабатты ғимараттарда оттың таралуының негізгі бағыты өрт ауыртпалығының беттігі бойынша горизонтальді және вертикальды болады.

Бірінші, екінші, үшінші от төзімділік дәрежелі көп қабатты ғимараттардағы өрттер кезінде оттың таралуының негізгі бағыты ретінде горизонтальді және конструкциялар ішінде ауалы конструкциялармен деп есептеуге болады, әсіресе корридорлы жүйе кезінде. Бірақ бұл ғимараттарда жанып жатқанға қатысы бойынша төмен және жоғары орналасқан бөлмелерге қабырғалар мен жабындылардағы түрлі ойықтар арқылы, саты торлары мен лифттердің шахталары бойынша, желдету каналдары бойынша тарала алады.

4-ші от төзімділік дәрежелі жанудан қорғалған ғимараттарда от сол сияқты горизонтальді бағытта таралады, бірақ вертикальді бағытта оттың таралу қауіптілігі үлкенірек болады, 1-, 2-, 3-ші от төзімділік дәрежелі ғимараттарда тәрізді. 4-ші от төзімділік дәрежелі ғимараттардағы өрттер кезінде оттың негізгі таралу бағыты вертикальді (үстіге) болуы мүмкін. Ғимараттардағы өрттер кезінде түтіннің негізгі таралу жолдары әрдайым вертикальді болады.

Ғимаратта өрттің дамуы кезінде жану қарқындылығының ұлғаюына, от пен түтіннің таралуына, құрылыс конструкцияларының бұзылуы қабілет ете алады.

Өрт жағдайында тасушы қабілеттілігінің жоғалуы температура әсерінен немесе оның жанцынан конструкция қимасының төмендеуінен өтуі мүмкін.

Конструкциялардың от төзімділік дәрежесінің нақты бағалануын қарастыру кезінде, ғимаратта өрт сөндіру кезінде қате шешімдер қабылдануы мүмкін. Практикада мынадай жағдайлар орын алған, конструкциялардың бұзылу қауіптілігі болмаған кезде күштер мен құралдар алынған позициялардан шығарылатын, және керісінше, ал пайда болған бұзылу қауіптілігі кезінде уақытнда шығарылмайды, бұл кейбір жағдайларда жеке құрамның өліміне душар етеді.

Өрт сөндіру басшысы нормативты от төзімділік шегіне сүйене отырып, кейбір кезде (үлкен от төзімділік шегінде) конструкцияларды қорғауға күштер мен құралдарды бөлмейді, олар нормалармен қарастырылған қатаң жағдайларда болады, және тасушы қабілетін жоғалтуы мүмкін.

Нақты жағдайларда құрылыс конструкцияларының тәртібін анықтау кезінде конструкциялардың бұзылуына қабілетті сипатты әрекеттерді білу қажет.

Осылайша, мысалы темірбетон конструкциялардың бұзылуына, әдетте жарықшақтар мен майысулардың түзілуі әсер етеді. Сылама қабатымен қорғалған ағаш конструкциялардың бұзылуына сыламаның ажырауы және т.с.с. әсер етеді.

Құрылыс конструкцияларына уақытша динамикалық және статистикалық ауыртпалықтар әсер етуі мүмкін (жоғары жатқан конструкциялардың құлауы, жарылс кезінде пайда болатын соққы толқыны, жеке құрамның жиналуы, судың көп мөлшерде болуы және т.с.с.).

Түрлі сызбалар бойынша өрттің даму процессін анықтайтын факторлардан шыға, келесі қорытындалырды жасауға болады: бірінші және екінші, ең төмені үшінші сызбалар бойынша өрттің дамуы кезінде ең үлкен өрт ауданы мен түтіндену аймағы болуы мүмкін. Бұл жағдайда ғимараттағы жалпы өрт ауданы барлық жанып жатқан бөлмелердегі аудандар қосындысы тәрізді анықталады.

Ғимараттардағы өрттермен күресу практикасы көрсеткендей, вертикальді бағытта (үстіге қарай) оттың таралуынан кейін, от қабаттардың бөлмелері бойынша тарала бастайды. Бұл жағдайда қабатар бөлмелері бойынша оттың таралу сипаты, ереже бойынша, бір немес екі жақты болады. Кейбір жағдайларда от барлық жаққа тарала алады немесе қандай да бір бұрышқа. Бірақ оттың таралу уақытының өтуімен, екі жақты немесе бір жақты болады. Бұл жағдайда оттың таралу майданының ені от таралатын бөлме еніне тең болады.


1.3 Өрттерді сөндірудің әдістері мен тәсілдері, құралдары
Бірінші топ бөлмелерінде өрттерді сөндіру кезінде жануды тоқтату үшін барлық от сөндіргіш заттар қолданылуы мүмкін (су, көбік, жанбайтын газдар ме булар және т.с.с.). Бұл топтың бөлме көлемінде жанудың тоқтауы жанғыш беттікке от сөндіргіш заттарды берумен, жанбайтын газдар мен буларды енгізуме немесе бөлмелерді сумен және көбікпен толтырумен жүзеге асырылады.

Екінші топ бөлмелерінде өрттерді сөндіру кезінде көбінесе су мен көбік пайдаланылады. Бұл топтың бөлмелері көлемі бойынша үлкен (500 м3 артық) болғандықтан, жанбайтын газдар мен булар қолданылуы мүмкін.

Бөлмелердегі өрттерді сөндіру кезіндегі осы немесе басқа да от сөндіргіш заттарды қолдану мүмкінділігінің дәрежесі тек физико-химиялық маңыздылық көзқарасынан жануды тоқтататын жағдайлармен ғана анықталмайды, сонымен қатар технико-экономикалық және тактикалық көрсеткіштермен де анықталады.

Өрттерді сөндіру практикасы көрсеткендей, технико-экономикалық және тактикалық көрсеткіштер көзқарасынан бірінші және екінші топты бөлмелерде ең тиімді от сөндіргіш заттар су мен көбік болып табылады.

Су мен көбікті беру үшін, ереже бойынша негізгі өрт автокөліктері (автоцистерналар, автосорғыштар) қолданылады.

Жауынгерлік іс-қимылдардың негізгі түрі оны толық тоқтатқанға дейінгі отқа шешімді және үздіксіз бағытталу болып табылады. Көптеген жағдайларда бөлімшелер жылудың агрессивті әсерінен жанбайтын конструкция беттерін қорғай алады.

Жауынгерлік іс-қимылдар келесі әдістермен жүзеге асырылуы мүмкін:


  • бөлменің барлық тереңдігіне отқа бағыттала отырып оттың таралу майданының сызығы бойынша тек күштерді енгізумен және жұмылдырумен;

  • бөлменің барлық бағыттарында отқа бағыттала отырып оттың таралу майданы бойынша перифрийден өрт ауданының орасына тек күштерді енгізумен және жұмылдырумен;

  • өртке дайындалған шабуылмен.

Бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін РСК-50, РС-50, РС-70 және лафетті оқпандар қолданылау мүмкін.

РСК-50 және РС-50 оқпандарын биіктігі 6 метрге дейінгі екінші топ бөлмелерінде қолданған жөн (мысалы, бөлмелер қабаттарында). Бұл былайша түсіндіріледі, бөлмелердің үлкен емес өлшемдері ағыс қимылдарын шектейді. РС-50, РСК-50 оқпандары, бізге белгілі болғандай, өте маневрлі болып табылады, сондықтан да жануды тоқтату жағдайларын құру үшін РСК-50, РС-50 оқпандарымен берілетін су пайдалану коэффициенті жоғарырақ болады.

Биіктігі 6 м асатын бірінші және екінші топ бөлмелерінде РС-70 және лафетті оқпандарды қолданған ыңғайлы. Биіктігі 6 метрге дейінгі бірінші топ бөлмелерінде РС-50, РСК-50 оқпандарын қолдану ұсынылмайды, өйткені бұл бөлмелерде өрт ауданы өте үлкен мағынаға ие, оданда үлкен ағысты, қуатты оқпандарды қолданған жөн.

Биіктігі 6 м асатын бірінші және екінші топ бөлмелерінде биіктік бойынша үлкен қашықтықтарға суды беру қажеттілігі пайда болады, оларды РС-70 және лафетті оқпандар көмегімен жүзеге асыруға болады. РС-50 оқпандарын барлық бөлмелерде қолдану мүмкінділігі қажет етілмейді, әсіресе келген бөлімше оны дамуыдың бірінші фазасында байқаған кездерде.

Өртті сөндіру процессінде бөлмелерде қорғағыш әрекеттерді жүзеге асыру кезінде, ереже бойынша, РС-50 оқпандары қолданылады.

Қолданылатын оқпандар типтеріне қарамастан, өрт сөндірушілер ауданды ағыспен максималды суландыруды қолданумен жанғыш беттікке суды берулері тиіс. Қандай да жағдайлар болмасын оқпашылардың түтін бойынша жұмыс істеулерін болдырмау қажет, өйткені бұл судың артық төгілуіне және көп мөлшердегі материалдық шығындарға әкеледі.

Практикада мынадай да жағдайлар кеңінен орын алған, оқпаншылар позицияларды дұрыс таңдайды, бірақ олар суды қолданудың максималды коэффициентін қамтамасыз ете алмайды (мысалы, арақабырғалар, жабындылар іші жанған кезде). Бұл жағдайларда оқпаншылардың позицияларында конструкцияларды ашу мен бұзу қажет.

Жануды тоқтатудың қажетті жағдайларын жүзеге асыру бойынша бөлімшелердің іс-қимылдары бөлмелерде түтіннің бар болуымен қиындатылады. Өрт сөндіру кезіндегі түтіндеуде негізгі бөгет оқпаншылардың жану аймағына өтуі болып табылады. Сондықтан да оқпаншылар үшін бөлмелердегі өрттерді сөндіру кезінде жұмыс аймағы деп аталатын аймақты құрулары тиіс, бұл кеңістікте оқпаншылар еркін жұмыс істей алады. Осы кеңістік әрдайым нейтральді аймақтан төмен орналасады, яғни қысым атмосфералықтан төмен және сыртқы таза ауа енетін жерде. Биіктік бойынша бұл кеңістіктің шамасы еденнен 1,5 – 2 метр болуы мүмкін. Сәйкесінше, оқпаншы үшін жұмыс аймағын құруға нейтральді аймақты жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет.

Нейтральді аймақтың жоғарылауы екі әдіспен жүзеге асырылуы мүмкін: табиғи және жасанды. Жағдайлардың көбінде нейтральді аймақтың жоғарылауы табиғи желдетумен жүзеге асырылады. Ауаалмасу, ереже бойынша, қоршаулардағы ойықтар арқылы жүзеге асады.

Теңдіктен көрініп тұрғандай, ойықтар ауданының теңдігі кезінде нейтральді аймақ ойықтардың геометриялық орталары арасында биіктіктің жартысында орналасады; ойықтар ауданы ұлғайғанда немесе кішірейгенде нейтральді аймақ ойықтар ауданы бойынша әрдайым жақынырақ орналасады.

Табиғи желдетудің әсерінен нейтральді аймақтың жоғарылауы екі әдіспен жүзеге асуы мүмкін:


  • бөлмеден жану өнімдерін шығаруға жұмыс істейтін жоғары ойықтар ауданының ұлғаюымен (жабындыларды, шатырларды ашу және бұзу, бөлменің үстіңгі бөлігінде басқа да ойықтарды жасау). Кейбір кездерде өртті тоқтату жағдайын орындау мақсатында жабындылар конструкциялары жарылады (мысалы, блокталған ғимараттарда);

  • бөлмеде ауаның енуіне жұмыс істейтін астыңғы ойықтар аудандарының азаюымен (есіктерді жабу немесе бөлменің астыңғы бөлігіндегі басқа да ойықтарды жабу).

Бірінші әдіс бойынша жұмыс аймағын құру үшін олар аудан бойынша шамамен 1,5–2 есе аспайтыдай ойықтардың үстіңгі бөліктері ашу қажет, ал екінші әдіс бойынша – ағынды ойықтарды жабу қажет.

Егер табиғи желдетудің көмегімен газды ағындармен басқару мүмкіндігі болмаса, онда түтінсорғыштарды қолданады. Олар қосымша ойықтарды жасау қиын болған жерлерде бірінші топ бөлмелерінде нейтарльді аймақты жоғарылату үшін өте жиі қолданылады (мысалы, жер асты бөлмелерінде, тоңазытқыштарда).

Түтінсорғыштарды биіктігі 6 м дейінгі бірінші топ бөлмелерінде қолдану ұсынылады. Түтінсорғыштың жұмыс істеуі кезінде түтін берілетін таза ауа ағынымен қысылады және мұнымен қоса оқпаншылардың жүру бағыты үшін жол босатылады.

Жану өнімдерін сору үшін түтінсорғышты тартпалы ойықта орнатқан дұрыс. Бұл жағдайда ағынды ойықтар ауданын азайту қажет. Түтінсорғыштар өрттерде жеке құрамның жұмысын жеңілдетеді, әсіресе егер олармен бірге брезентті полотнища-перемычкалар қолданылса.

Таза ауаны енгізуге түтінсорғыштар кері жағдайларда қолданылады.

Егер нейтральді аймақты жоғарылату мүмкін емес болса, онда оқпаншылар тыныс алу органдарының жеке қорғану құралдарында жану ошағына өтулері тиіс.

Нейтральді аймақты жоғарылату маңызды түрде бөлмедегі температураның төмендеуіне әсер етеді. Бізге мәлім болғандай, бөлмедегі температураны шашыранды ағыстармен ауаны ылғалдату жолымен өткізуге болады.

Ғимараттарда өрттерді тоқтату жағдайларын орындау кезінде горизонтальді бағыттарда тәрізді вертикальді бағыттарда да қажетті күштер мен құралдарды уақытында және дұрыс енгізілуіне байланысты, тез арадағы сөндіру мен қорғауға оқпандарды енгізу кезектілігі мен орнынан.

Ғимараттардығы өрттерді сөндіру кезіндегі оқпандарды енгізудің кезектілігі мен орны олардағы түтін мен жанудың таралу сызбаларына байланысты.

Осылайша, ғимаратта өрттің дамуы кезінде оқпандар жанып жатқан бөлмеге жануды тоқтату және жою үшін енгізіледі, ал көршілес және жоғары орналасқан бөлмелерге – жылулық әсерден қорғау үшін.

2 сызба бойынша өрттің дамуы кезінде оқпандар жоғарыда жанып жатқан, қос, жоғары және төмен орналасқан бөлмелерге енгізіледі.

3 сызба бойынша өрттің дамуы кезінде оқпандар жоғарыда жанып жатқан, қос және төмен орналасқан бөлмелерге енгізіледі.

Осы немесе басқа да сызбаларда өрттердің дамуы кезінде оқпандарды енгізу кезектілігі өздік, осы өрттегі нақты жағдай шартына тәуелді болады.

Ғимараттардағы өрттерді тоқтату өрт ауданының, от сөндіргіш заттар шығынының азаюымен, күштер мен құралдарды біртіндеп жинақтаумен, жанып жатқан конструкцияларды ашумен және қайта сөндірумен, бөлмелерден суды жоюмен және т.б. сипатталады.

Ғимараттың жеке конструкцияларын бұзу тек қажеттілік кезінде жүзеге асырылады, яғни өртті қайта сөндіру ашу мен бұзусыз жойылмаса.

Өртті тоқтату кезеңінде жанудың қайта пайда болуын болдырмау мақсатында ғимараттың барлық бөлмелерін тексеру қажет.

Ғимараттағы жалпы өрт сөндіру ұзақтылығы тоқтату уақыты мен барлық бағыттарда өртті жоюына туелді болады.




  1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет