Бұйрығына 15-қосымша



жүктеу 68.2 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі68.2 Kb.
Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрінің

2012 жылғы 29 қыркүйектегі

652 бұйрығына



15-қосымша

 


«Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру»

 бойынша мемлекеттік қызмет көрсетудің регламенті




1. Жалпы ережелер

 

1. Осы «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызмет регламенті (бұдан әрі - регламент) «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімінің бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі 745 қаулысына өзгерістер енгізу және Мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 13 қыркүйектегі № 1195 қаулысымен бекітілген «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына сәйкес әзірленді.

2. «Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру» мемлекеттік қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті көрсетеді (бұдан әрі - уәкілетті орган).

3. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны: автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет:

1) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 2 шілдедегі қаулысымен ратификацияланған Халықаралық Азаматтық авиация туралы конвенцияға (Чикаго, 1944 ж.) 16-қосымша;

2) «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

3) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиацияның қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 38-бабы;

4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінде ұшу жарамдылығын сертификаттау және сертификат беру Қағидасы (бұдан әрі - Қағидалар);

5) стандарттың негізінде жүзеге асырылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру (бұдан әрі - сертификаттар) немесе қағаз тасығышта мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қайтару болып табылады.



 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар



 

6. Мемлекеттік қызметті уәкілетті орган:

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен белгіленген демалыс және мереке күндерінен басқа күндерде, күн сайын 9:00 дан 18:30-ға дейін көрсетеді. Түскі үзіліс 13:00-14:30.



Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылмай және жеңіл қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.

Уәкілетті органның заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1.

7. Мемлекеттік қызметті тәртібі мен оны алу құжаттары туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz  адресі бойынша орналастырылады.

8. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның уәкілетті өкілі уәкілетті органға стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырады.

9. Мемлекеттік қызмет стандарттың 7-тармағында белгіленген мерзімдерде көрсетіледі.

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіз стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

11. Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар осы регламенттің 6-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша уәкілетті органның кеңсесіне тапсырылады.

12. Уәкілетті орган құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.

13. Сертификат уәкілетті органның қызметкері берілген сертификаттарды есепке алу және тіркеу журналында қолын қойғызып, өзінің жеке келуімен мемлекеттік қызметті алушыға береді.



 

 

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiндегi iс-әрекеттердің


(өзара iс-қимыл жасасу) сипаттамасы

 

14. Мемлекеттiк қызмет ақысыз болып табылады.

15. Мемлекеттiк қызмет көрсетудің кезеңдері:



1) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2) құжаттарды уәкілетті орган басшысының қарауы және құжаттарды сәйкес функцияны жүзеге асыратын басқармаларға беру;

3) өтінім тақырыптамасын талдау және өтінімді орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау;

4) Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру не болмаса мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелденген жауап беру.

16. Әрбір құрылымдық функциональдық бірліктің (бұдан әрі - ҚФБ) іс-әрекеттерінің кезектілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы әрбір әрекеттің орындалу мерзімін көрсете отырып, осы регламентке қосымшада көрсетілген.



 

«Әуе кемесіне шуыл бойынша



сертификат беру»

мемлекеттік қызмет регламентіне



қосымша

 

 

ҚФБ іс-қимылының сипаттамасы

 

 

Негізгі процестің іс-қимылы (барысы, жұмыстар ағыны)

 

ҚФБ аты

Кеңсе қызметкері

Уәкілетті органның басшылығы

Тиісті функцияны жүзеге асыратын Басқарма қызметкері

1

Іс-әрекеттің (процестің, рәсімдерін, операцияның) атауы және солардың сипаттамасы

1. Құжаттарды тіркеу

2. Құжаттарды басшылыққа беру

3. Құжаттарды қарау

4. Құжаттарды тиісті функцияны жүзеге асыратын (жүргізетін) басқармаға беру

5. Өтініштің тақырыбын талдау. Өтінішті орындау мүмкіндігі туралы шешім қабылдау.

6. Мемлекеттік қызметті алушыға жауап дайындау.

2

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдастыру-өкі м шешім)

8. Құжаттарды жөнелту

 

7. Әуе кемесіне шуыл бойынша сертификат беру немесе мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасығышта жазбаша дәлелді жауап қайтару.

3

Орындау мерзімі

1 күн

1 күн

Тіркелген күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде;

бас тарту туралы жауап 3 жұмыс күні ішінде.

 

 

 



 

 
: images -> stories
stories -> Ақпараттық анықтама: Қр электрондық үкіметі Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті»
stories -> Бюллетень «Новые книги» Вып. 3 Павлодар 2013 Құрастырушылардан
stories -> Jewish. Msk. Ru согласно еврейскому обычаю родители (папа и мама) произносят следующие благословения на рождение детей
stories -> Марина Мелексетян мюмзик и сварог
stories -> Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерің тізімі
stories -> Учебная программа музыка 5-6 классы
stories -> 1958 жылдың 12 мамырында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданы Қаракөл ауылында дүниеге келген




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет