Бүкіл әлемдік экономика және әлемдік нарық Жоспар: Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық): мәні және өзіңе тән сипаттары



Дата23.04.2020
өлшемі29.11 Kb.
Бүкіл әлемдік экономика және әлемдік нарық
Жоспар:

1. Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық): мәні және өзіңе тән сипаттары;

2. Әлемдік экономиканың эволюциясы;

3. Халықаралық еңбек бөлінісі: мәні, алғышарттары, үрдістері.

4.Әлемдік нарық және әлемдік экономиканың жаһандануы
1. Әлемдік экономика (әлемдік шаруашылық): мәні және өзіңе тән сипаттары.

Әлемдік экономика – бұл халықаралық еңбек бөлінісіне қатысатын, өзара байланысқан ұлттық шаруашылықтың тұтас жиынтығы.

Әлемдік экономика – бұл ұлттық шаруашылықтар арасындағы байланысты жүзеге асыратын, халықаралық экономикалық қатынастар жүйесі.

Халықаралық экономикалық жүйе сауда, қаржылық қатынастар, капитал қорлары және еңбек күшін таратып бөлуді сипаттайды.

Әлемдік экономикаға тән сипаттар:

Ұлттық шаруашылық - бұл әлеуметтік-экономикалық және тарихтық жүйе, оны сипаттайтын:

- Тұрақтылық, бұл әлемдік экономикадағы барлық құрушылардың тұрақты қарым-қатынастарының болжамы.

- Ортақ мақсаттың болуы - ақыр соңында, оның функцианалдануы адами қажеттіліктерді қанағаттандыруға бағытталған, бірақ басқа да ішкі жүйелерде бұл мақсат әр түрлі экономикалық-әлеуметтік шарттардың күшіне орай түрленеді.

- Құрушы элементтердің көптігі. Әлемдік шаруашылқта жеке элементтер арасындағы өзара қарым-қатынастар деңгейлерден тұрады, ал мемлекеттер арасында – халықаралық деңгей, ол халықаралық нормалармен және шарттармен реттеледі.

- Құрылымдылығы. Өндірістің және айналымның ең маңызды пропорциялары әлемдік экономиканың жаңғырту, сала, технологиялар және т.б құрылымдарынан тұрады, әрі маңызды кез болып бұл құрылымдық тұрақтандырушыларды мемлекетаралық орналастыру болып табылады. Салааралық құрылымнан басқа әлемдік экономикада әлеуметтік-экономикалық құрылымы бөлінеді.

Иерархиялық. Әлемдік экономика тағайынды тәртіпсіз дами алмайды, ол халықаралық көпшілік және жеке құқық шамаларында негізделген, мемлекеттер арасындағы экономикалық қатынастарды, экономикалық бірігу, заңды және жеке тұлға арасындағы қатынастарды реттейді. Оны бақылау халықаралық ұйымдар негізінде жүзеге асырылады.

- Дамудың тұтас және жеке секторларда, мемлекеттік аспектіде бірқалыпты еместігі. Өндірістің шоғырлануы (және тұтыну) материалдық игіліктерді және ресурстарды иерархиялық бірқалыпты бөлмеумен әлемдік экономика тығыз байланысты – әсіресе капитал тарту орталықтарында, әрі бұл капиталдардың қозғалысы әрдайым жүріп отырады.

- Әлемдік шаруашылықтың динамикалық тепе-теңдігі қоғамдық-экономикалық жүйе ретінде. Әлемдік шаруашылықтың тепе-теңдік жағдайы экономикалық әсер арқылы көрінеді. Абсолюттік мағынада экономикалық әсер ЖІӨ-нің мәні арқылы өлшенеді, ал абстрактылы мағынада – халықтың жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің мәні.

Ұлттық экономика әлемдік шаруашылықтың элементі болып табылады. Олардың арасындағы байланыс тауарлар мен қызметтердің трансшекаралық алмасуы, ақпараттар, зияткерлік қызметтің нәтижлері, капитал және жұмыс күші арқылы жүзеге асады.

Басқарушы бірліктер әлемдік шаруашылықтың субъектілері болып табылады, олар өндірістік іс-шараларды әлемдік шаруашылықта жүргізе алады. Әлемдік шаруашылықтың негізгі субъектілері:

- Мемлекет;

- Трансұлттық корпорациялар;

- Халықаралық экономикалық ұйымдар.

Мемлекет – әлемдік шаруашылықтың басты субъектісі болып табылады. Мемлекет капитал салудың көлемі мен құрылымына тікелей және жанама әсер етеді.

Мемлекет ақша-несие саясатының құралдары арқылы инвестициялық процесс және жеке секторды тұтынуға әсер етеді. Бірқатар салалардың дамуы мемлекеттік инвестициялармен тікелей байланысты (ауыл шаруашылығы, ғылыми-зерттеулік жобалар). Мемлекет жұмыс беруші ретінде жұмыспен қамтамасыз етеді.

ТҰҚ әлемдік шаруашылықта ерекше орын алады. ТҰҚ әлемдік өндірістің 25% қамтамасық етеді. Ірі трансұлттық компаниялар айналым көлеміңен бірқатар дамушы елдердегі ЖІӨ-нен де асып кететіні сирек жағдай емес. ТҰҚ-ның келуші елдердің экономикасына әсер етуге үлкен мүмкіндігі бар.

Маңызды экономикалық ұйымдарға Халықаралық валюталық қор, Халықаралық қайта жаңарту және даму банкі жатады. Соңғысы еншілес ұйымдармен бірге (Халықаралық қаржылық корпорация, Халықаралық даму ассоциациясы) Әлемдік немесе Бүкіләлемдік банк тобын құрайды.

Әлемдік банк дамушы және өтпелі экономикасы бар елдерде үлкен жобаларға несиелеу жүргізеді.
2. Әлемдік экономика эволюциясының кезеңдері.

Дүниежүзілік шаруашылық тарихи және саяси-экономикалық категория болып есептеледі. Оның негізі, әрбір нақтылы тарихи кезеңнің дамуына әлеуметтік-экономикалық құрылым мен шаруашылық өмірдің жалпыұлттылануы және өндірістің деңгейі мен қарқынының сәйкес болуы.

Дүниежүзілік экономика бірнеше жүзжылдықтарды қамтып, дүниежүзілік шаруашылықтың даму қарқынына байланысты, біраз кезеңді өзіне қосады.

Бірінші кезең –XV-XVI ғғ. Отаршыл-мемлекеттер мен колониялық-мемлекеттер арасындағы сауда араласының жылдам дамуы мен елдердің эконмикалық бірлесуіне ықпал жасайтын дүниежүзілік колониялдық жүйеге (әлемді территоиялық бөлуге), ұлы географиялық ашылымдар әкелді. Соңғылары әлемдік шаруашылықтың (ӘШ) соңғы шебі болып саналады. «Баға революциясы» болып, капиталдың алғашқы жинақталуы басталды. Мануфактураның дамуының негізі болып, әлемдік сауданың дамуына байланысты әлемдік капиталистік нарық туындады. Бірақ ол әлі де тауар айналымының көлемі бойынша біраз шектеулі болып, көпестік капиталдың маңайындағы қосымша болып қала берді. Даму әдісі – экстенивті, колониализм негізінде болды.

Екіші кезең – XVII – XIX ғ. бірінші жартысы. Әлемдік капиталистік нарықтың тұрақтануы, халықаралық еңбек бөлінуінің (ХЕБ) туындауы мен дамуы. ХЕБ дамуына материалдық база болып өндірістік төңкеріс пен буржуазиялық революция, және мануфактуралық өндірістен фабрикалық өндіріске көшу себебкер болды. Бұл кейбір елдердің шектеулі қолөнер-мануфактуралық өндірістік базалары ӘШ нарығына сәйкес келмеуінен болды. ӘЭ ретінде әлемдік нарық пайда болды. Әлемдік сауданың дамуымен бірге, басқа да халықаралық экономикалық қатынастар пайда болды, мысалы, капиталдың тысқа шығарылуы.

Үшінші кезең – 1900-1930 жж. Бірінші кезеңнің өзгешілігіне келесі процестер мен оқиғалар ықпал етті:

- Бірінші дүнижүзілік соғыс. Бұл соғысушы елдер өздерінің экономикасының негізгі салаларын дамытуға және барлық қор түрлерін (табиғи, ғылыми, еңбек) қарулы күштерін өсіру үшін жұмсауға негізделуіне әкелді. Бір жағынан бұл соғысқа тікелей қатыспаған елдердің, әскери тапсырыстардың көбейуінің арқасында, сауда айналымдарының ұдайы ұлғайуына әкелді.

- Артық өндіріске байланысты Нью-Йорк қор биржасындағы құланымнан кейін болған АҚШ-та басталған жалпышаруашылық конъюктурасындағы бірінші әлемдік дағдарыс.

- Батыс елдерінің Ресейге экономикалық блокада жариялауға және әлемдік тауарайналымынан шығартуға мәжбүр еткен еткен Ресей революциясы.

Нәтижесінде XX ғасырдың үштің біріншісінде әлемдік шаруашылықта автаркия – ұлттық оқшалану тенденциясы пайда болды.

Төртінші кезең – 1940-1950 жж. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін екі полярлық экономикалық жүйенің пайда болуы жылдамдады: капиталистік елдердің (нарықтық экономика, өндіріс құралдарына жеке меншілік) және социалистік елдер жүйесі (орталықтандырылған экономика, өндіріс құралдарына қоғамдық меншілік). Осы жүйелердің мүдделерін қадағалайтын құрылымдар пайда болды: НАТО, Варшава келісімі. Қырғи қабақ соғыс пен қаруландыру жарысы басталды. Капитализм мен социализмнің жарыспалық негізі экономикалық қорды өндірістің бейбіт салаларынан аластатты.

Бесінші кезең – өткен ғасырдың 60-шы жылдары. Осы күнге дейін өндірісі дамыған елдердің экономикалық конъюктурасына тәуелді болуына қарамастан, колониалдық елдердің саяси тәуелсіздік алуы (әсіресе Африка елдері). Осы кезеңде аймақтық интеграциялық топтамалар қалыптасуда.

Алтыншы кезең – 70-ші жылдар. АҚШ, Жапония және Германия араларында экономикалық даму деңгейі салыстырылады. Оны растайтын жайт – халықаралық есептеу бірлігі мәртебесіне америкалық доллармен қатар йен мен марканың ие болуы. Осы кезеңде АҚШ-тың ішкі нарығына шетел капиталы белсене кірді.

Жетінші – 80-ші жылдардың аяғы. Социалистік өндіріс жүйесі ыдырады. Бір жағынан бұл халықаралық шиеленістің басылуына байланысты оң бағытқа жетелесе, екінші жағынан бұрынғы социалистік елдердің ұлттық шаруашылығының дағдарысқа ұшырауы салдарынан, теріс бағытқа итермеледі.

Сегізінші кезең – (1990 ж. бастап осы уақытқа дейін) біріккен құрылымдардың пайда болуы мен күшейуі – 1994 ж. Солтүстік Америка еркін сауда аймағы, 1993 ж. Біріккен Европалық кеңестік, 1989 ж. Азиялық-Тынықмұхиттық экономикалық ынтымақтастықтың үкметаралық ұйымы. Әлемдік экономиканың дамуының осы кезең экономиканың ғаламдануын көрсетеді. Бір жағынан аймақтық қарқынның айқын күшейуі трансұлттық корпорациялардың (ТҰҚ) маңызының арта түсуінен көрінеді (90 жылдары трансұлттық корпорациялардың сыртқы сауда айналымы әлемдік айналымнан 3 есе артық болды).
3. Еңбектің халақаралық бөлінуі: мәні, алғышарттары, үрдістері.

Еңбектің халықаралық бөлінуі – әлемдік экономикадағы орны мен дамуына қарамастан, елдер арасындағы өндірістік, ғылыми-техникалық, сауда және басқа да ынтымастық, білім, технология, тауар мен қызмет көрсету салаларының халықаралық айырбас жасауларының шын материалдық негізі.

Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізі екі процестің бірігуімен айқындалады – өндіріс процесінің ажырауы және одан әрі бірігуі. Еңбектің халықаралық бөлінуінің негізгі мазмұны – кейбір елдердің әрқилы еңбек түрлерінің мамандырылуы мен әрі қарай бірлесуі, бір-бірін толықтыруы. Еңбектің халықаралық бөлінуі қоғамдық еңбектің шығын азайту құралы, әлемдік және ұлттық өндірістік күштерді оңтайландырудың негізі болып есептеледі, салалық және аймақтық елдік деңгейдегі оңтайлы халықаралық өндіріс қатынастарды құруға ықпал жасайды.

Қандай да топтардың ішінде кәсіпорындар арасындағы айырбастың жүруіне байланысты еңбектің халықаралық бөлінуінің келесі пішіндері пайда болады – ішкісалалық, салааралық, түраралық.

МРТ-нің ішкі салалық пішіні – белгілі бір заттар шығаратын, соның ішінде деректемелер, агретаттар және түйіндер, осы заттардың бір-бірімен араласуын көрсететін, халық шаруашылығының қайбір саласына кіретін түрлі елдердің өнеркәсіптерінің күштерінің жұмылдыруын көрсетеді. Егер де мысал ретінде трактор шығаратын өндірісті алсақ, онда ішкіаралық түр былайша болады – бірулері дөңгелекті трактор шығарса, екіншісі шынжыртабанды, үшіншісі - оған қосалқы бөлшектер т.б., және бір-бірімен осы заттармен алмасады.

Әр заттың бірнеше түрі болатындықтан, ішкісала бір түрлі болмауы мүмкін. Ішкі салалықтың заттық бейімделуінің жартылық немесе біртүрлілік, көптүрлілік пен барлықтүрліліктерін бөлу керек. Жартылай заттық бейімделу дегеніміз – елдер тек қана бір тауарды өндірудегі еларалық еңбек бөлуін айтады, мысалы бақша тракторы. Керісінше, көптүрлілік елдің аталған заттың бірнеше түрін шығаратындығын көрсетеді, мысалы, бақша және жер жырту тракторлары. Ал барлықтүрлілік заттық бейімделу – бір ел тауардың барлық түрін шығаратынын көрсетеді. Мысалы тракторды алатын болсақ, тек қана бақша немесе жер жыртатын емес, трактордың басқа да түрін шығаруын айтады.

МРТ-нің салааралық пішіні дегеніміз – түрлі саладағы еңбек бөлу емес, бір өндірістегі түрлі салалардағы еңбек бөлу. Осы ретте салааралық түр бірнеше нұсқада болуы мүмкін. Ең қарапайымы – екі кәсіпорын қатысатын екі елдің арасындағы еңбек бөлісуі, әр елден бір-бір қатысушы. Бірақ та салааралық еңбек бөлісу түрінде әр жақтан екі-үш немесе сол саладағы барлық өнеркәсіптер қатысуы да мүмкін. Кейде бір елдің бір кәсіпорны екінші елдің бірнеше кәсіпорнымен еңбек бөлісуі мүмкін. Санына байланысты басқа да нұсқалар болуы ықтимал. Сонымен, салааралық еңбек бөлісу түрінде қатысушы елдер саны сан-алуан болуы мүмкін.

МРТ-нің түраралық пішіні дегеніміз – бұл әр түрлі өндірістердің арасындағы еңбек бөлісу, өндіріс пен ауыл шаруашылығының, өндіріс пен құрылыс арасында және т.б. Түраралық еңбек бөлісуде бір өндірістік барлық бөлімшелерінің қатысуы міндет емес. Бір елдің өндірісінің барлық салалары өзінің тауарларын басқа елдің ауыл шаруашылығына айырбастауға міндетті емес. Егер де айырбас өндірісінің бір бөлімшесінде болса да ол түраралық пішін болып есептеледі, өйткені айырбас болып жатқан сала бір емес, әр түрлі өндіріске жатады. Әрине, еңбек бөлісудің түраралық пішінін қолданудың басқа да жолдары бар болуы мүмкін. Аймақаралық пішінді айтатын болсақ, ол бір елдің түрлі аймақтарындағы кәсіпорындардың қосылымын айтады.

 

Халықаралық еңбек бөлісудің негізін анықтайтын екі пішін болады: арнайыландыру және кооперациялау.



Халықаралық арнайыландыру деп– өнімнің сапасын жоғарлату және өзіндік құнын түсіру, тек қана өз қажеттілігін ғана емес, басқа елдердің де қажеттілігін жарыту үшін, біркелкі өнім шығарудың бір елде немесе көп емес бірнеше елде шоғырлануын айтады.

Халықаралық арнайландыру екі жолмен дамиды – аймақтық және өндірістік. Аймақтық аспектісі жекелеген ел топтары мен аймақтардың әлемдік нарыққа белгілі бір өнімдер мен олардың бөліктерін шығаруды жорамалдайды. Өз кезегінде, өндірістік бағыт салааралық, жекелеген кәсіпорындардың ішкіаралық арнайландыруы және ішкіфирмалы болып бөлінеді. Қазіргі кезде өңдеу өндірісін қамтитын, бірінші кезек машинажасайтын ішкісалалық арнайландыруы тез дамуда.

Халықаралық арнайландырудың негізгі белгілері болып заттық (нақты дайын өнім шығару, үлке пішінді), детальдық (ұсақтар, бөлшектер шығару, өнім құрамалары) және технологиялық немесе стадиялық арнайландырулар (жекелген операциялар немесе жекелеген технологиялық процесстерді орындау) есептеледі. Салалық аспектісінде арнайландырудың барлық пішіндерінің толық дамуы машинажасау саласында іске асты.

Келесілер халықаралық арнайлындырудың айқындаушы кездері болып есептеледі:

1) Табиғи қордың болуы;

2) Климаттық шарттар;

3) Өндірістік база;

4) Ұлтаралық арнайландырудың орнаған деңгейі.

Халықаралық еңбек бөлісуінің басқа бір түрі болып Халықаралық кооперациялау болып есептеледі. Бұл екі немесе одан көп елдердің шығарған өнімді техникалық жетістіктерге жеткізу үшін, біріккен өндірістік бағдарламаны орындау мақсатында, өндірістік құралдарды бірлестіру. Халықаралық кооперациялаудың негізгі белгілері:

- Тараптардың бірге жұмыс жасау шарттарын келісім-шарт тәртібімен алдын ала мәмілелеу;

- Түрлі елдердің серіктес-кәсіпорындардың шаруашылықтарын орындауды үйлестіру;

- Өндірістік кооперация субъектісі болып түрлі мемлекеттердің фирмалары болуы;

- Дайын бұйымдардың сапасының технологияға лайық болуын шартты түрде бекіту;

- Келісілген бағдарлама бойынша серіктестердің тапсырмаларды өзара тарату, кооперациялық келісімнің негізгі мақсатына байланысты, оларға өндірістік арнайыландырауды бекіту;

- Бір жақты немесе екі жақты тауар жеткізудегі тығыз байланыс;

- Серіктер арасындағы ұзақ мерзімді, тұрақты және үздіксіз экономикалық қатынас;

Халықаралық кооперациялауды топтастыру келесі бағыттарда жүргізіледі:

1) Субъектілер саны бойынша - екіжақты, көпжақты;

2) Объектілер саны бойынша – бірзаттылы, көпзаттылы;

3) Салалық байланыс құрылымы бойынша – ішкісалалық, салааралық (өндіріс, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік және сауда құрылымдарында);

4) Қызмет түрімен – өндіріс пен ауыл шаруашылығы арасында, өндіріс пен құрылыс арасында т.б., басқаша бұны салааралық ретінде қарастыруға болады.

5) Пайдалану әдістері бойынша – өндірістік-экономикалық, ғылыми-техникалық бағдарламалар, біріккен кәсіпорындар, келісімдік арнайлындырулар.


4.Әлемдік нарық және әлемдік экономиканың жаһандануы - елдер, оның ішінде әртүрлі әлеуметтік-экономикалық жүйелерге жататын, бір-бірімен халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуы арқылы байланысқан елдер арасындағы тұрақты тауар-ақша қатынастарының аясы.

Әлемдік экономиканың жаһандануының жалпы жұрт қабылдаған анықтамасы жоқ. Қазіргі әлемдік экономика ұлттық экономикалардың барған сайын біте қайнасуымен сипатталады. 19 ғасырдың аяғында басталған интернационалдану жаңа сатыға аяқ басып, бірыңғай жаҺандық әлемдік шаруашылық қалыптасты. 1980 – 90 жылдары өндіріс аялары мен салалары бойынша дағдылы мамандануға ғана емес, сонымен қатар компоненттерді, тораптарды, бөлшектерді әлемдік нарыққа шығарып, жеткізуге де маманданған мүлде жаңа халықаралық еңбек бөлінісі қалыптасты. 

Әлемдік экономиканың жаһандануы елдерді өздерінің басқару атқарымдарының бір бөлігін халықаралық ұйымдарға, ең алдымен Дүниежүжілік сауда ұйымына беруге мәжбүрлеп отыр. Бұл ұйым өз қызметін айтарлықтай кеңейтіп, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық саудасының нормалары мен ережелерін бұрын болып көрмеген дәрежеде сәйкестендіруге әрекет жасауда. Қазіргі уақытта ғалымдар осы үдерістің мәні мен нысандарын талдап, оның ауқымына, тереңдігі мен салдарларына түрліше баға беруде. Алайда жаҺандық экономиканың аса маңызды белгілері қазірдің өзінде айқындалды. Атқарымдық тұрғыдан жаҺандық экономикада мына белгілерді баса көрсетуге болады: жаҺандық қаржы жүйесі (электрондық байланыс құралдарының дамуы және компьютерлік технологиялардың пайдаланылуы арқасында осындай жүйеге айналып отыр); зияткерлік қызметтің нәтижелерін алмасудың жаҺандық жүйесі (технологияларды пайдалануға берілген лицензиялармен дәстүрлі сауда жасаудан бастап, интернетке біріктірілген компьютерлік ақпараттық желіге дейін); тауарлар мен көрсетілетін қызметтер қозғалысының желісі (тасымалдау, сақтау, сақтандыру, маркетинг, жарнама, тауар ағынын ұйымдастыру, т.б.).

Сонымен бірге Әлемдік экономиканың жаһандануының кейбір бағыттарын асыра бағалаудың жөні жоқ. Мысысалы, халықаралық өндіріс оның негізгі бағытына айналған жоқ. Әзірге негізінен жаҺандық сауда жүйесі ұлттық өндірістің нәтижелеріне арқа сүйеп келеді. Сонымен қатар Әлемдік экономиканың жаһандануы әркелкі даму мәселесін де шешкен жоқ, тікелей шетелдік инвестициялардың әлемдік ағынына да ықпалын тигізе алмай отыр.



Сыртқы экономикалық қызмет - мемлекеттік түрлі меншіктегі субъектілердің және жалпы ұлттық шаруашылықтың неғұрлым жоғары тиімділікпен жұмыс істеуіне қол жеткізу үшін халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын пайдалану мақсатымен әлемдік нарықта жүргізетін сауда-экономикалық және қаржылық-өндірістік өзара іс-қимылының түрлі нысандары мен әдістерінің жиынтығы. Сыртқы экономикалық қызмет кәсіпорынның шаруашылық қызметінің аясы болып табылады және ол кәсіпорынын өнім немесе қызметтер экспорты және/немесе импорты арқылы халықаралық кооперацияға енуіне байланысты. Қазіргі әлемдік нарықтың дамуы барысында ғылыми-технологиялық алмасудын түрлі нысандары, зияткерлік қызметтің нәтижелеріне айрықша күкыктарымен сауда жасау кеңінен таралуда, тұрақты өндірістік-технологиялық секторға, ең алдымен жоғары технологиялар секторына қызмет көрсететін тауар айналымының үлесі арта түсуде. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу мақсатымен мемлекет экспорттық бажды енгізеді, экспорттық тауарларға лицензия береді, шекара арқылы жеткізілетін тауарлардың кедендік бақылауын қамтамасыз етеді.[1]

Экономикалық қатынас, Халықаралық экономикалық қатынастар – әлем елдерінің арасындағы шаруашылық байланыстар жүйесі. Экономикалық қатынастардың аса маңызды нысандары – халықаралық сауда, жұмыс күшінің көші-қоны, капитал әкетілімі мен халықаралық несие, халықар. валюталық (есеп айырысу) қатынастары, халықар. ғылыми-техникалық және өндірістік ынтымақтастық. Бұл нысандар бір-бірімен тығыз байланысты және өзар іс-қимылда болады. Халықар. сауда экономикалық қатынастардың жетекші нысаны болып табылады. Оның негізгі түрлері:



  • Сыртқы сауда;

  • Капитал(.Негізгі капиталдың бір елден екінші елге аусуы);

  • Ғылыми-техникалық байланыс.(ҒТР шарты жаңа техникалық жетістіктерді енгізу,табиғат ресурстарын үнемді пайдалану және т.б);

  • Орнына келтіру жұмыстары(Мемлекеттің соңғы жылдарындағы жасаған маңызды экономикалық байланыстары)

  • Нисие-қаржы қатынастары(Несие мен займ беру арқылы және тура инвестиция негізінде ірі кәсіпорындар мен қызмет көрсету салаларының салынуы);

  • Қызмет көрсету салалары'

  • Халықаралық туризм.'

Импорт[1][2] (латынша: іmportare – әкелу) – ішкі рынокта өткізу үшін елге шет елден тауарлар, технологиялар әкелу.

Импорт құрылымы белгілі бір елдің табиғат жағдайларының ерекшеліктерімен‚ оның экономикасының дамуымен және оның халықаралық еңбек бөлінісіндегі рөлімен айқындалады. Экономиканы индустрияландыру‚ технологияларды жаңарту үшін шет елден машиналар мен жабдықтарды әкелудің маңызы зор.



Импортқа ерекше кеден тәртіптемесі‚ салық төлемдері‚ лицензиялар‚ т.б. белгіленеді. Бір елдің импорты екінші елдің экспортына тең болады.

Экспорт (лат. exportare – шығару‚ әкету) – тауарды‚ капиталды‚ жұмыстарды‚ қызметтерді‚ зияткерлік қызмет нәтижелерін‚ соның ішінде оларға айрықша құқықтарды сыртқы нарықтарға өткізу үшін шетелге әкету. Түрлері: тауарлар‚ бұйымдар‚ материалдық‚ заттай игіліктер экспорты; шетелдік серіктеске өндірістік сипаттағы және тұтыну мақсатындағы қызметттерді көрсету; капитал экспорты – капиталды шет елге ақшалай немесе тауарлы нысанда‚ қызмет көрсету саласы арқылы (соның ішінде патенттер‚ лицензиялар‚ “ноу-хау” нысанында) орналастыру.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет