Бұл мақалада қытай еліндегі қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін осы күнге дейін жоғалтпай сақтап, қазіргі сән үлгілерінде қолданылуы жайы қарастырылған



Дата28.04.2016
өлшемі83.64 Kb.

А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2013

ӘОЖ 741. 672


А.СӘДІБЕК

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің оқытушысы


ҚЫТАЙ ЕЛІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ

САЛТ-ДӘСТҮРГЕ КӨЗҚАРАСЫ
Бұл мақалада қытай еліндегі қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрлерін осы күнге дейін жоғалтпай сақтап, қазіргі сән үлгілерінде қолданылуы жайы қарастырылған. Ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп, көркем рухани қазына ретінде пайдалана білу керек. Әлемдегі әр түрлі елдердің дәстүрлі халықтық костюм үлгілері қазір де сән жасаушылар үшін шығармашылық жаңалықтардың негізгі бастауы болып отыр және де қандай жағдайда болмасын арналып тігілген киімдердің бәрінен де өзінің нақты көрінісін табуда. Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына екені белгілі. Автор осы мәселелерге баса көңіл аударған.
Кілт сөздер: стиль, археология, этника, диаспора, ирреденті (бөліндісі), геотарихи, фольклор, империя.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды… Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – дейді [1].

Бір сәт тарихқа көз салсақ, әрбір дәуірдің және әрбір халықтың өзіндік көркем стилі қалыптасқан. Белгілі бір стильдің өзінде киімнің жеке бөліктерінде өзгерістер болады және бұл киім тарихында сән ағымы деп аталады. Сән ағымына байланысты киім жаңарып, жетіліп отырады.

Қазіргі кезде ұлттық киімдердің үлгісін негізге алып тігіліп жатқан жастар модасы кең таралып отыр. Қазақ жастарының көпшілігі бұрынғы сәнді қайта жаңғыртып, ол жаңа үлгіде тігілген киімдерде де көрініс туып жатыр. Мысалы, қалталарда, белдікте, аяқ-киімде, шалбарда, тіптен сөмкелерде шашақ жиі пайдалана бастады. Сондай-ақ кешкі сән-салтанатқа арналған ұлттық стильдегі киімдерді желбезектермен, кестелермен, бастырмалармен, ою-өрнектермен әшекейлеуде [2].

Сонымен қатар, тек Қазақстанда ғана емес, өзге мемлекеттегі бауырларымызда ұлттық мұрамызды осы күнге дейін жоғалтпай, сақтап



А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2013

келеді. Соның ішінде, Алтай қазақтарының салт-сана мұражайынан Қытайда тұрып жатқан қандастарымыздың тұрмыс тіршілігінен сыр шертетін тарихи деректер мен халқымыздың әдет-ғұрыпын баяндайтын құнды материалдарды көзбен көріп, көңілге тоқи аласыз. Жалпы, аспан асты елінде ұлтымызға қатысты тың мағлұматтарды көптеп кездестіруге болады. Мәселен, Алтай қаласына іргелес жатқан Шеміршек ауылында тарихы тереңде жатқан қорымдар, сынтастар көп шоғырланған. Сондықтан бұл өлкедегі құнды қазынаны көздің қарашығындай сақтап отырған мұражай қызметкерлерінің айтуынша, рухани орынға келушілердің қатары жыл санап өсіп отырған көрінеді. Алтай жерін көне түркілердің мәдени ошағы деп те атайды. Сондықтан Алтай қаласында тұрып жатқан қандастарымыз қазақтың мәдени құндылықтарын қастерлеп, ұлттық төл өнеріміздің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына үлкен еңбек сіңіріп отыр. Олар атажұрттан жырақта жүрсе де, қазақи болмысымыз бен ұлттық бояуымызды сол қалпында сақтап, бабалардың аманатын ардақтап келеді.

Қазақ халқының қолөнері көне заман тарихымен бірге дамып, біте қайнасып келе жатқан бай қазына. Оның бір ұшы туысқан Орта Азия халықтарының және орыс халқының қол өнерімен де ұштасып жатыр. Қол өнерінің басты бір саласы – киім тігу. Ерте заманнан күні бүгінге дейін өзінің қадір-қасиетін жоймай, қолөнерінің озық үлгісі ретінде ғана емес, әрі әсем, әрі ыңғайлылығымен де пайдаланудан қалмай келе жатқан қазақтың ұлттық киімдері әлі де аз емес [3].

Ата-баба аманатын жоғалтпай, керісінше толықтырып, заманға сәйкестендіріп шығару, Кеңес одағының кертартпа саясатының салдарынан ұмытылып, тіпті, қолданыстан шығарылып тасталған киім үлгілерін жаңғырту үлкен міндет болып отыр. Қазақ ұлтының киімдері мен ою-өрнектерін сақтау және қайта жаңғырту тек Қазақстан аумағында ғана емес, қиырдағы қазақ елдерінде де өздеріне үлкен міндет деп қарайды. Соның ішінде, әсіресе Қытай еліндегі қазақтар. Қытайдағы қазақтар деген кімдер? Тарихи-географиялық тұрғыдан оларды өздерінің байырғы ата қонысында жасаушы қазақ ұлтының қомақты бір бөлігі деп түсінген жөн. Бұл пікірмен кейінгі кездері Қытайдағы қазақ диаспорасын тереңірек зерттеп жүрген ғалымдар да келіседі. Мысалы: белгілі шығыстанушы К.Л.Сыроежкин өзінің Қытай қазақтары туралы зерттеу еңбегінде: «...Сөз тек мемлекеттік шекара арқылы бөлініп тұрған этникалық қауым (община) туралы болып отыр» – десе, шетелдегі қазақтардың тарихи тағдыры туралы арнайы зерттеу еңбектің авторы Г.М.Меңдіқұлова Қытай қазақтарын «қазақ диаспорасы» емес, қазақ «ирреденті» (бөліндісі) деп есептейді. Жалпы қазақ ирредентасының қалыптасуы бірнеше кезеңдермен сипатталады. Қазақ ирредентасының қалыптасуының бірінші кезеңі XVI ғасырдың басы – XVIII ғасырдың аралығын қамтиды. Бұл кезеңге қазақ-ойрат соғысы жатқызылады. Бұл қанды соғыста қазақ халқынан Жетісу, Тарбағатай аудандарындағы жерлер тартып алынған болатын. Осының кесірінен орта және ұлы жүз қазақтарының



А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2013

үйреншікті көшіп-қону жерлері өзгеріп, Қытайдағы қазақ ирредентасының қалыптасуына себепші болды. Қазақ ирредентасының Қытайдағы қалыптасуының екінші кезеңі 1757 жылы Циндардың Жоңғар хандығын талқандауымен байланысты. Осы кезеңде Орта Азия аймағында алғашқы Қытай жасақтары құрылып, Қазақ әскерінің көмегімен Жоңғар хандығын талқандады. Жоңғар хандығы жойылғаннан кейін қазақтар өзіне тиесілі жерін алуға тырысты, бірақ Қытай мемлекеті бұл жерлерді қазақтарға беруден бас тартты. Қытай әскерімен көптеген қақтығыстардан кейін, қазақтар 1767 жылы Іле мен Моңғолдың Алтай аймағындағы кейбір өздерінің жерлерін қайтарып алды. Ұлы жүздің біраз бөлігі Іле өзенінің аймағына келіп, Қытай императорының хандығын мойындауларына тура келді. Ал, қалған бөлігі 1850 жылға дейін тәуелсіз болып тұрып, кейін Ресей империясының құрамына енді.

Қазақ ирредентасының Қытайдағы қалыптасуының үшінші кезеңі Ресей-Қытай мемлекеттерінің арасындағы аса құнды құжаттарға: 1860 жылғы Пекин келісім шарты, 1864 жылғы Чугучак протоколы, 1870 жылғы Тарбағатай Демаркациондық протокол, 1879 жылғы Ливидийск келісім шарты, 1881 жылғы Петербург келісім шартына қол қоюмен байланысты. Жоғарыда аталған келісім шарттар мен протоколға қол қойылғаннан кейін, бұл аудандардағы қазақ халқы мен жерлері екі мемлекет арасында, қазақ халқының пікірімен санаспай, қинаушылық түрде бөлінген болатын [4].

Қытайдағы қазақтардың «қазақ диаспорасы» емес, қазақ «ирреденті» екеніне былайша көз жеткізуге болады, біріншіден, олар жасап жатқан өңір геотарихи тұрғыдан алғанда байырғы Қазақ даласының құрамдас бөлігі. Осы өңірде қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына ұйтқы болған байырғы ғұн, үйсін, иузей (юэчжи), түрік, түркеш, қарлұқ, керей, найман тайпалары мен тайпа ұлыстары жасаған және өз кезінде олардың көшпелі жүйедегі қағандық билігі (мемлекеті) өмір сүрген. Екіншіден, қытай қазақтарының тілі, тұрмыс-салты, діни танымы, ұлттық өнері, ән-биі, фольклоры түгелдей Қазақстанда жасаушы қазақтармен бірдей. Үшіншіден, Қытай қазақтары негізінен Қытайдың Қазақстан және Моңғол Халық Республикасымен шекаралас Шыңжаң ұйғыр автономиялы өлкесінде орналасқан. Шыңжаң атауы қытайша «жаңа жер», «жаңа өлке» дегенді меңзейді, сондай-ақ, ол 1884 жылы Цин империясы аталмыш өңірді өзінің бір өлкесі деп жариялағаннан бастап қолданыла бастады. Негізінде бұл өлке ХІХ ғасырдың орта кезінен бастап ғылыми әдебиеттерде «Шығыс Түркістан» деп атала бастаған еді. Бүгінде Қытай үкіметі бұл атауды мүлдем қолданбайды. Өйткені ол ХІХ ғасырдан бастап империялистердің пантүркстер мен панисламистердің Шыңжаңды Қытайдан бөлшектеу мақсатында қолданылып келген деп есептейді. Бірақ көзі қарақты оқырман үшін оның әуелгі аты «Шығыс Түркістан» екенін ешкім де жоққа шығара алмайды [4].

Алтай аймағы - Шынжаңдағы Іле қазақ автономиялық облысына қарасты әкімшілік аймақ. Халқының саны 230 мың, оның 51 пайызын қазақтар құрайды. Алтайдың жері таулы, орман-тоғайы мол, шөбі шалғын көрікті мекен. Қазақ қайда жүрсе де алдымен елінің абыройын ойлайтын, ұлттық мұрасымен мақтанатын кемеңгер халық. Бұған дәлел, әлемнің әр бұрышында жүрген

А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2013

ағайындарымыздың қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап, қаймағын бұзбай қазірге дейін ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келе жатқандығы. Әсіресе, он саусағынан өнері тамған шеберлеріміздің осы бабаларлардан қалған аманатқа ерекше жауапкершілікпен қарайтындығын елі үшін істеп жатқан еңбектерінен байқауға болады [5].



Солардың бірі, Нұрила Қызыханқызы - қазақтан шыққан, этнограф, өнер зерттеушісі. Әрі ақын-жазушы, бір сөзбен айтқанда, «сегіз қырлы бір сырлы» деуімізге әбден лайықты жан. Жастайынан қолына ине-жіп алып, ісмерлікпен айналысқан ол қазақтың ою-өрнегін ғылыми деңгейде зерттеуге сонау 80-ші жылдары мойын бұрған екен. Қазақтың ою-өрнегінің тарихы тереңде жатыр. Ғылыми деректерге сүйенер болсақ, ертедегі оюлар мазмұны жағынан 3 түрлі ұғымды бейнелеген. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін береді.


А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2013

Сондай-ақ әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан танымал оюшы-шеберлер болған, олар өз қолынан шыққан тамаша үлгіні өзінің руына, маңайындағыларға таратып отырған. Осыдан келіп әр түрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде тағы сол сияқты қолөнер жұмыстарында «арғын, керей үлгісі» немесе «ұлы жүз, орта жүз, кіші жүздің үлгісі» деген сияқты мағыналы ою-өрнектер пайда болды.



Міне, осындай тарихи маңызы зор қазақтың қолөнер жұмыстарын зерттеп-зерделеп, кейінгі ұрпаққа қалдыруды мақсат еткен Нұрила Қызыханқызы ғылыми еңбекті жарыққа шығаруды көздеп отыр. Бұл – шетелдегі қандастардың ұлттық өнерімізді сырт жерде насихат етіп отырғандығының бір көрінісі.


А.ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ, №3, 2013

Жалпы, аспан асты елінде ұлтымызға қатысты тың мағлұматтарды көптеп кездестіруге болады. Мәселен, Алтай қаласына іргелес жатқан Шеміршек аулында тарихы тереңде жатқан қорымдар, сынтастар көп шоғырланған екен. Сондықтан бұл өлкедегі құнды қазынаны көздің қарашындай сақтап отырған мұражай қызметкерлерінің айтуынша, рухани орынға келушілердің қатары жыл санап өсіп отырған көрінеді. Алтай жерін көне түркілердің мәдени ошағы деп те атайды. Сондықтан Алтай қаласында тұрып жатқан қандастарымыз қазақтың мәдени құндылықтарын қастерлеп, ұлттық төл өнеріміздің ұрпақтан ұрпаққа жалғасуына үлкен еңбек сіңіріп отыр. Олар атажұрттан жырақта жүрсе де, қазақи болмысымыз бен ұлттық бояуымызды сол қалпында сақтап, бабалардың аманатын ардақтап келеді [5].

Қазақ халқының ескі заман дәуірінен сөнбес мұра болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, ұзақ жылдар өзіндік тарихымен елімізді бүкіл әлемге мәдени қол өнерімен танытып келген «далалық өркениеттің» алтын бесігі Ұлы Дала кеңістігінде қалыптасқан.
ӘДЕБИЕТТЕР


  1. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» – http://www.akorda.kz 14.12.2012.

  2. Асанова С. Қазақтың ұлттық киімдері. – Алматы: Атамұра, 1995.

  3. Жәнібеков Ө. Қазақ киімі. Альбом. – Алматы: Өнер, 2005. – 160 бет.

  4. Қасимов С. Қазақ халқының қол өнері. – Алматы: Қазақстан. 1995. – 240 бет.

  5. Өмірбекова М.Ш. Энциклопедия. Қазақтың ою-өрнектері. – Алматы: «Алматыкітап» ААҚ, 2003. – 284 бет.


РЕЗЮМЕ

В статье рассматриваются методы применения традиций и обычаи казахского народа, проживающих в Китае.



(Садибек А. Взгляды на традиции и обычаи казахского народа, проживающих в Китае)
SUMMARY

This article deals with the methods of tradition and custom application of the Kazakh people living in China.



(Sadibek A. Views on traditions and custom of the Kazakh people living in China)


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет