БҚО ет экспортының әлеуетін арттыру мәселелері



Дата03.05.2016
өлшемі27.63 Kb.

БҚО ет экспортының әлеуетін арттыру мәселелері

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылдың мамыр айында Қазақстан халқына ұсынған «100 нақты қадам» - Қазақстан Республикасының дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі жоспарының 61-ші қадамында ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту, шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау  міндеттері алға қойылған. Еліміздің аграрлық саласын кеңінен дамытуға мол мүмкіндігін пайдалана отырып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және оны терең өңдеу бүгінгі күннің басты мәселелерінің бірі. Соның ішінде ет өндірісі мен оны өңдеу үшін бірқатар шараларды іске асыру кезек күттірмейді. Елімізге тасымалданып жатқан ет импортының көрсеткіштері бұл саланың әлі де болса кемшін тұстары бар екенін көрсетеді.

Батыс Қазақстан облысы аграрлық саланы, соның ішінде мал шаруашылығын дамытуға қолайлы өңірлердің қатарына жатады. Бұған дәлел облыс бойынша 2015 жылдың 1 мамырына мүйізді ірі қара 536,9 мың басты, соның ішінде сиыр – 204,6 мың бас, қой – 1189,5 мың басты, ешкі – 252,8 мың басты, жылқы – 127,1 мың басты, шошқа – 26,4 мың басты, түйе – 3,2 мың басты және құс – 875,4 мың басты құраған. Мал басы жыл санап артып келеді және облысымыздағы мал басының басым бөлігі оңтүстік аудандарда, әсіресе Жаңақала, Бөкейорда, Жәнібек, Казталов, Ақжайық аудандарында өсіріледі. Сонымен қатар облысымыз бойынша 12 мың басқа жуық ірі қараны бордақылау кешендерінің жұмыс істеуі ет өндірісін жолға қоюдың біртіндеп іске асып келе жатқандығын көрсетеді. Ақжайық ауданында «Батыс Марка Ламб» ЖШС-і жобалық құны 2,3 млрд. теңге, қуаттылығы тәулігіне 1400 бас қойдың етін вакуумды орамада ірі кесекті және блокты түрде өндіретін етті қайта өңдеу кешені жобасын іске қосып, сынақ тәртібінде жұмыс жасауда.

Бірақта жоғарыда аталған қолға алынған шаралар ет экспортының әлеуетін арттыру мәселелерін түбегейлі шешпейді.

Ет экспортын дамыту үшін елімізде өндірілетін ет және ет өнімдері сыртқы нарықта сапасы және бағасы бойынша бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ет сапасы жоғары болуы үшін малды асылдандыру мен оны күтіп бағу айла - тәсілдерін жақсы меңгеру қажет. Малды асылдандыру мәселесіне тоқталсақ, соңғы 7 – 8 жыл көлемінде мемлекет тарапынан жасалып отырған қолдау нәтижесінде ауыл шаруашылығы құрылымдары асыл тұқымды мал басын сатып алып, шаруашылықтарындағы мал тұқымын жақсарту шараларын жүзеге асырып жатқандығымен де, бұл сала әлі де жетілдіруді қажет етеді. Ал малды күтіп бағу жағдайында жайылымда ұзақ уақыт болатын малдың еті дәмділігі жөнінен көш ілгері болатыны анық, себебі жайылымда мал өзіне керекті қоректі іздеп тауып жейтіні белгілі. Облысымыздың оңтүстік аудандарында бұл технологияны кеңінен қолдану мүмкіндігі жоғары. Ет өнімінің құнының төмен болуы әр түрлі факторларға тәуелді болғанымен, бірінші кезекте өнімділікке байланысты. Бізде өсірілетін малдың өнімділігі жөнінен АҚШ, Батыс Еуропа елдерін айтпағанда, көршілес Ресей, Беларусь Республикаларының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен бәсекеге түсе алмайтынымыз анық. Сыртқы нарыққа шығарылатын өнім қашанда өтімді болуы үшін бағасы сапасына сай келу керек екендігін ескерсек бұл бағытта да әлі атқарылар іс баршылық. Сондай-ақ ет және ет өнімдерін тұрақты экспорттауда ветеринарлық шаралардың алар орны ерекше. Біріншіден, ауру малдан дұрыс өнім алынбаса, екіншіден малдан жаппай ауру табылған жағдайда өзге елдерге ет экспорттау мүмкін болмайтынын жақсы білеміз. Облысымызда орын алған аусыл ауруына байланысты бірнеше жыл етті сыртқа нарыққа шығару мүмкін болмағаны белгілі.

Бүгінгі таңда облыс көлемінде ет ұсынысы сұраныстан едәуір жоғары болып отыр. Ал сұраныс ұсыныстан төмен болған жағдайда бағаның төмендейтіні белгілі. Оған ресей рублінің құнсыздануы салдарынан елімізге ағылған арзан ет импортын қосыңыз. Бұл қарапайым тұрғындар үшін тиімді болғанымен, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қолайсыз болып отыр. Сондықтан мал шаруашылығының даму қарқынын одан әрі сақтап қалу үшін сыртқы нарыққа өнім шығару жолдарын тынбай іздестіру қажет. Сонда ғана мал шаруашылығы одан әрі дамып, осы сала тауар өндірушілері үшін табысты болмақ.




Рахимгалиев Бейбіт, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ аға оқытушысы
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет