БҚО, Казталов ауданы, Әбіш ауылы Әбіш негізгі мектебінің тарих



Дата03.05.2016
өлшемі65.66 Kb.
БҚО, Казталов ауданы, Әбіш ауылы

Әбіш негізгі мектебінің тарих

пәнінің мұғалімі

Ерекешова Назгүл Темірболатқызы

Сыныбы: 5 сынып

Пәні: Қазақстан тарихынан әңгімелер

Тақырыбы: «Қазақстанның ауыл шаруашылығы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі: Оқушылардың тың эпопеясы туралы теориялық білімдерін жетілдіру. Тың және тыңайған жерлерді игерудің мәнін, себептері мен салдарын, мал шаруашылығы күйін ашып көрсету.

Дамытушылығы: Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыра отырып, шығармашылық ізденісін дамыту, салыстыра отырып ой қорыта білу, ой түйіндеуімен сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелілігі: Оқушылардың патриоттық санасын арттыра отырып, тыңгерлердің еңбек майданындағы ерлік істері арқылы ұлттық сезімдерін ояту, тарихи оқиғалар арқылы адамгершілікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Ауызша баяндау, топтастыру, дискуссиялық карта, екі жақты күнделік, Венн диаграммасы, сұрақ - жауап

Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы, сәйкестендіру тестісі, дискуссиялық карта, нақыл сөздер, өлең, ән «Ақ бидай»

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, музыка

Тақырыпқа байланысты нақыл – сөздер:

«Нан болса, ән болады»

«Ақ бидай – алтын астық дәнім аты,

Ақ бидай бүгін шырқар әннің аты».

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:

§19. Өнеркәсіптің дамуы

Тест тапсырмалары

Жаңа сабақ: §20. Қазақстанның ауыл шаруашылығы

Сабақтың жоспары:

1. Ауыл шаруашылығында қалыптасқан жағдай

2. Тыңның алғашқы табыстары

3. Тың игерудің нәтижелері

4. Демографиялық ахуалдың келеңсіз әсерлері

5. Мал шаруашылығының жайы және тың игерудің зардаптары

А. Қызығушылықты ояту сатысы.

С.Мәуленов «Дала дәптерінен» үзінді

Оқушылармен пікір алмасу



  • Өлеңді тыңдап отырғанда не туралы ойладыңыз?

  • Көз алдыңызға не келді?

  • Өлең текстінен ойыңызда не қалды?

  • Осы өлеңнен қандай мәлімет алуға болады?

  • Неліктен біздің Елтаңба мен туымызда бидай символы бейнеленген?

Б. Мағына тану сатысы.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы сендерге түсінікті ме?

Жаңа сабағымыздың тақырыбы 1954 – 1956 жылдардағы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы мен тың және тыңайған жерлерді игеру.

1954 жылы басталған тың эпопеясына биыл 60 жыл толып отыр. Осындай жарты ғасырдан астам тарихы бар бұл оқиғада дүние жүзілік өркениетте орын алатын еңбек майданында ерліктің үлгісін көрсеткен миллиондаған адамдардың тарихта қайталанбас үлгісі бар. Жастардың патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихтағы саяси оқиғалар қанша жыл өтсе де ешқашан өз мәнін жоймайтыны анық.

Тың жерлер - деп ғасырлар бойы жыртылмаған, ал тыңайған жерлер деп – жыртылған, бірақ біренеш жылдар бойы пайдаланбай жатқан жерлерді айтамыз.

Тірек – кестемен жұмыс

Тың игеру

КОКП Орталық Комитетінің 1954 жылғы қаңтар – наурыз пленумы

Сібір Қазақстан Урал Солтүстік Кавказ

Қазақстандағы тың игерілген облыстар:

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, 1100 – 1200 млн. пұт астық

Көкшетау, Торғай, Павлодар



1. Дискуссиялық карта

Проблемалық сұрақ: «Тың игерудің республика халқының шаруашылығы мен тұрмысын жақсартуға пайдасы тиді ме»?

Иә

Жоқ

1. Экспортқа бидай шығару. Қазір Қаз-ғы бір адамға жылына 2 мың кг астықтан келеді, ал дүниежүзілік тәжірибеде әр адамға 1 мың кг жеткілікті, яғни Қазақстан шетке астық шығара алады.

1. Саяси салдары:

Тың игеру кеңес өкіметінің өмірін тағы да ондаған жылдарға ұзартты.



332 совхоз құрылды, бұлардың арасында тас жол, байланыс жүргізілді.

2. Экономикалық салдары.

Тың жақсы өнімді 3 – ақ жыл берді. 1956, 1957, 1958. Ал 1959 жылдан бастап әр гектарына 4 – 5 мың өнім берді.






1962 жыл КСРО ашаршылық алдында тұрды.

Бұны мынадай 3 фактілермен дәлелдей аламыз;

1. 1962 ж. Новочеркасск оқиғасы халық шеруге шықты. «Бізге ет, май беріңіздер» деген ұранмен.

2. Факті: 1963 ж. нанға карточка енгізіліді.

3. Факті: 1963 ж. шетелден КСРО астық сатып алды.

Тыңға 20 млрд. сом ақша жұмсалды. Ғалымдар былай дейді: «әрбір гектардан алынатын өнімді 1ц арттыру арқылы тың жерлерді игермей – ақ сондай өнімді алуға болатын еді» яғни 20 млрд сом ақша желге ұшты.



3. Тек 1953 – 1958 ж. 266,6 мың механизатор, 50 мың құрылысшылар, 3 мың дәрігерлер, 1500 мұғалім келді.

3. Экологиялық салдары:

1957 – 1958 ж.Павлодар облысында топырақ дауылы басталып, 9 млн га жер қуаңшылыққа ұшырады. Ғалымдар тың игерілгеннен кейін 25 жылдың 23 жылында қуаңшылық болғанын дәлелдеп отыр. 25 млн гектардың 8 – 10 млн гектары жарамсыз.



4. 169 мың трактор, 98 мың комбайн, 78 мың машинаны алды.

4. Әлеуметтік салдары:

Қазақ ауылдары тозды. Түкпір – түкпірдегі қазақ ауылдары ірі совхоздарға қосылып кетіп, ондағы 700 қазақ мектебі жабылған. Қосалқы шаруашылықпен айналысуға тиым салынды олардың малдарын тартып алды, өте жоғары салық салды. Сондықтан ешкім мал ұстауға ұмтылмады да. Халық дәстүр салттарынан ажыратылды, қазақ мектебін жабу тамырды қиғанмен тең.




5. Көптеген емхана, дүкен, мектеп, тұрғын үйлер, моншалар, кітапханалар салынды.

5. Демографиялық салдары:

1954 – 1960 ж. Қазақстанға тың жерлерді игеруге батыстан 2 млн аса адам келді. Нәтижесінде 1962 ж. Қазақстандағы қазақтар 29% болып қалды.



ІІ. Екі жақты күнделік

Тыңның халыққа әкелген тиімді жағы


Тыңның халыққа тигізген салдары

1. Тың – республиканың экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытудың қуатты тездеткіші болды.

2. Қазақстан ірі астық өндірушіге айналды. Қазіргі таңда Қазақстан астығы 40 мемлекетке жөнелтіледі.

3. Тың жылдары автомобиль жолдарының ұзындығы 14 еседен астамға, темір жолдың ұзындығы 2,5 мың км – ге өсті.

4. 337 жаңа астық совхозы құрылды.

5. 90 мың км электр желісі тартылды.

6. Ауыл шаруашылығының көптеген салалары өрге басты.

7. Материалдық – техникалық база нығайтылды.

1. Жер эрозияға ұшырады.

2. 26 млн га тың жердің 8 млн га құнарлылығын жоғалтып, айналыстан шығарылды.

3. Астықтың бағасы оның өзіндік құнынан әлдеқайда төмен болды.

4. Егін орағы экономиканың басқа салаларынан орасан көп техника мен адамдарды қатыстыра отырып, аттандау әдісімен жүргізілді.

5. Мал шаруашылығына кері әсері болды.

6. Халықтың демографиялық құрамы өзгерді.

7. Қазақ мектептері жабылып, орыс мектептері көбейе бастады, жалпы қазақ тіліне, мәдениетіне нұқсан келтірілді.

ІІІ. Сәйкестендіру тестісі:

Қазақстандағы тың және тыңайған

жерлерді игерудің

а) экологиялық ұтымсыздығы

б) экономикалық мақсатсыздығы

в) әлеуметтік тиімсіздігі




Жауаптары:

1. Жанар – жағар май және басқа энергетикалық материалдар ұтымсыз пайдаланылды.

2. Мыңдаған студеттер, қала тұрғындары, әскери бөлімшелер астық жинауға аттанды.

3.Қазақстан халқы 61% - ға өсті.

4. Әр гектардан 1,5 – 2 ц. астық жасаған кезде әр гектардан 6 – 9 ц. астық жиналды.

5. Көші – қон көздері болған аудандар еңбек күші зәру аудандарға айналды.

6. Топырақты үрлеп тазарту жұмыс бүкіл тың алқабын қамтыды.

7. Республикадағы негізгі халықтың үлес салмағы 30% - ке төмендеді.

8. Көп мөлшерде жер жырту салдарынан кең көлемдегі қүрғақшылық өсе түсті.

9. Қазақ халқының тіліне және әлеуметтік - мәдени дамуына қауіп төнді.

10. 9 млн. гектардан астам жер жел эрозиясына ұшырады.


ІҮ. Сабақты бекіту:

ІҮ. Венн диаграммасы

Ү. Бағалау:

ҮІ. Үйге тапсырма: § 22. «Қазақстанның ауыл шаруашылығы»

«Тың қазақ халқына не берді?» эссе жазу.
Каталог: 2015
2015 -> С. Ж. Асфендияров атындағЫ
2015 -> Российская Федерация Республика Хакасия
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Сарыағаш ауданының 2015 жылдың 10 айында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы Слайд №1 Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
2015 -> Сабақтың мақсаты: Химияның құндылықтары бойынша дөңгелек үстел өткізу
2015 -> Конференция жұмысының бағыттары: Абайтанудың заманауи бағыттары
2015 -> Vіі международная научно-методическая конференция 1 2 октября 2015 г
2015 -> Сабақтың тақырыбы: " Кітап сенің досың"


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет