«БҚо зеленов ауданы Переметный ауылдық округінде құс фабрикасы құрылысы» ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасы бойынша қоғамдық тыңдау хаттамасы



жүктеу 31.31 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі31.31 Kb.
: assets -> uploads -> docs -> 2015
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2010 мазмұНЫ
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы батыс Қазақстан облыстық мәслихаттың
2015 -> Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы орал, 2015 мазмұНЫ
2015 -> «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру»
2015 -> Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен
2015 -> Төлемақысының ставкаларын түбірімен босатылатын сүрек
2015 -> ДСҰ-ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 тамыз аралығында жариялаған хабарламалар тізімі
2015 -> 2015 жылдың 1 мен 31 тамыз аралығындағы дсұ Санитарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша Комитетпен жарияланған хабарламалар тізімі
2015 -> Батыс Қазақстан облысында іске асырылып отырған 5 мемлекеттік және 10 салалық бағдарламалар бойынша ақпарат
«БҚО Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінде құс фабрикасы құрылысы» ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасы бойынша қоғамдық тыңдау

хаттамасы.
Өткізілген күні: 06.10.2015 ж.

Өткізілген орны: БҚО, Зеленов ауданы, Переметный ауылдық округі , Щапов к., Мәдениет үйі.


Қоғамдық тыңдау Щапов ауылдық округі әкімінің аппаратымен ұйымдастырылды.(жергілікті атқарушы органы).
Қоғамдық тыңдау туралы ақпарат жұртшылыққа 17.09.2015 ж. «Информбиржа» газеті арқылы жеткізілді.

     


Қатысты: 10 адам.

Қоғамдық тыңдау төрағасы және хатшысы болып



Төрағасы: - Кадралиев Валерий Джумагельдиевич

Хатшысы: - Исагалиева Айжан Наурзгалиевна
Қатысқан өкілдер:

Избулатова Ж.Н- БҚО Экология департаментінің өкілі.

Сураншиев А.Б.- Щапов ауылдық округі әкімінің аппаратының жетекші маманы.

Мухамбетов М.Г.- жүргізуші

Кусайнов М.Б.- ЖОБ Зеленов АІІБ

Карагойшин К.И.

Киндикова К.К.

Хункалиева А.С.- статист

Испаева А.Х.- бухгалтер

Тлегенов Т.Х.- жүргізуші

Давлетова Ж.Т.- кассир

КенжалиеваА.К.-бухгалтер

      Қоғамдық тыңдаудың күн тәртібі: Переметный ауылдық округінде құс фабрикасының құрылысы мен пайдалануына байланысты ҚОӘБ (қоршаған ортаға әсерді бағалау) жобасын талқылау

      Тыңдады:

1.Утежанов Алмас- «Құс фабрикасын салу» жобасының бас маманы

Жұмыс жобасын дайындау туралы: құрылыс бөлігі, жылыту және вентиляция бөлігі, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, абаттандыру туралы баяндама жасады.


2. РябининаО.А.- ҚОӘБ жобасының жасаушысы, инженер-эколог.

Переметный құс фабрикасының құрылысы және пайдалану барысындағы қоршаған ортаға әсерін бағалау туралы баяндама жасады. ҚОӘБ жобасы ҚР Экологиялық Кодексі негізінде және ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 28.06.2007 ж. № 204 бұйрығымен бекітілген ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулыққа» сәйкес әзірленгенін мәлімдеді.

Жұртшылық өкілдері ауыл мен Переметный құс фабрикасының қашықтығы туралы сұрақ қойды : құстың иісі Щапов к. дейін білінеді ме?
О.А.Рябининаның жауабы: 20.03.2015 ж. № 237 "Өндiрiстiк нысандарды жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" сәйкес 400000 астам мекиен тауық және 3000000 астам қонды балапан (бройлер) өсіретін шаруашылықтардың СЗЗ нормативтік шамасы - 1000 м

кем емес. Ең жақын селитебтік аумақ (Щапов к.) құс фабрикасынан 2 шақырым қашықтықта орналасқан. Және өткізілген сейілу есептеріне сәйкес - ШЖБШ (ластаушы заттардың шекті жол берілген шоғырланулары) өсуі байқалмайды, барлық шығарындылар шектен аспайды, сондықтан иіс болмайды.


Экология департаментінің өкілі Избулатова Ж.Н. құс фабрикасының аумағында нөсерлі кәріз жүйесі барлығы туралы сұрақ қойды.
Бас жобалаушының өкілі Утежанов А. Жауап берді: құс ұстау технологиясы бойынша құс фабрикасының аумағында нөсерлі кәріз жүйесі қарастырылмайды. Ағын сулар санаты - шаруашылық-тұрмыстық әрбіреуінің көлемі 12 м3/жыл 2 септикке жиналады, соның ішінен арнайы автокөлікпен төгу станциясына жеткізіледі.
Тыңдау төрағасы - тағы сұрақтар бар ма?

- Сұрақтар жоқ

Талқылау нәтижелері бойынша негізгі қорытындылар:


Жалпы Құс фабрикасының салынуы Переметный ауылдық округінің қоршаған ортасына тигізетін әсері минималды болып табылады және атмосфералық ауаның ластануы шамалы, нормативтік шегінде.

Қоғамдық тыңдаудың төрағасы:

_______________________________________

(Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы)

Қоғамдық тыңдаудың хатшысы

__________________________________________________________



(Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), қолы)



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет