«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру»



жүктеу 94.74 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі94.74 Kb.
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы № бұйрығымен бекітілген
 


«Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

1. Жалпы ережелер



 

1. «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

 

 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі



 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 10 (он) күннен аспайды;

2) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілген уақыты - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - жоғары оқу орны/тілдік мектеп/елшілік мекенжайына «Болашақ» халықаралық стипендиясының стипендиаты ретінде оқуға баратындар үшін кепілдік хатын беру.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-жұма аралығында 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағ. 9.00-ден 18.30-ға дейін.

9. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және  2-қосымшаларға сәйкес жоғары оқу орнының/тілдік мектептің/елшілік атауы көрсетілген қаржылық кепілдік хатын беру туралы өтініш;

2) ЖОО-да баға қойылғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына транскрипт түпнұсқасы. Көрсетілетін қызметті алушының бағасын тексеру үшін (академиялық оқуын жалғастырушылар үшін) студенттік аккаунтқа сілтемесі бар логин және пароль баламалы түрде қабылданады;

3) көрсетілетін қызметті алушы паспортының көшірмесі;

4) оқу мамандығы, бағдарламасы мен оқуға қабылдау мерзімдері көрсетілген шартсыз шақырухат (алғаш рет тілдік дайындыққа/академиялық оқуға шығатындар үшін).

 

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық


мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және
(немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану. Шағым жазбаша түрде осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша Министрлік басшысының не оны алмастырушы адамның атына не көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.



Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімін және орнын көрсете отырып көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) оның қабылдануын растау болып табылады. Шағым тіркелгеннен кейін жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына, Министрліктің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға өтініш бере алады.

Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қарастыруға жатады.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



 

 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар



 

12. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:

1) Министрліктің: www.edu.gov.kz

2) көрсетілетін қызметті берушінің: www.bolashak.gov.kz  интернет-ресурстарында орналастырылған.

13. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және дәрежесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігіне ие.

14. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары көрсетілетін қызметті берушінің www.bolashak.gov.kz интернет ресурсында орналастырылған. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

 

«Болашақ» халықаралық стипендиясының



стипендиаты ретінде оқуға баратындар

үшін кепілдік хатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына



1-қосымша

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

__________________________________________________

стипендиат _______________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)

_____________________________________ бағдарламасы

(бакалавриат/магистратура/аспирантура/

докторантура/маман)

________________________________________ мамандығы

(Республикалық комиссияның хаттамасы бойынша)

елі және ЖОО _____________________________________

Қазақстандағы почталық мекенжайы _________________

__________________________________________________

телефоны _________________________________________

электрондық мекенжайы ____________________________

ЖСН ______________________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі)

 

 

ӨТІНІШ

 

Мен, _____________________________________________________________________________, Сізден (тиістісін көрсетіңіз):

_______________________________________________________________________________ (елін көрсетіңіз) елшілігіне,

______________________________________________________________оқу орнына (ЖОО мен мамандығын көрсетіңіз)

__________________________________________________________________________________________________________

ұсыну үшін қаржылық кепілдеме хатын беруіңізді сұраймын.

Елшілікте сұхбаттан өтудің болжанған күні 20__ж. «__» _________

Кепілхатты мына мекенжай бойынша жіберуіңізді сұраймын:

_________________________________________________________________________________________________________

Кепілхатты менің әкем/анам/туысым алып кетеді.

Кепілхатты дайын болғаннан кейін Қоғамдағы куратордан өзім алып кетемін.

(үш нұсқаның тиісті біреуін х белгісімен белгілеу қажет)

Транскрипт түпнұсқасы Қоғам мекенжайына жіберілді. Қоғамның алатын күні 20__ж. «__» ___________.

Транскрипт көшірмесі, ЖОО-ның менің ағымдағы академиялық мәртебем туралы хаты және 20__-20__ оқу жылының ______ семестр/ триместрі пәндерінің тізімі осы өтінішке қоса берілді.

Қосымша: ______ парақ.

20__ж. «___»_________ Қолы _____________

 

Болашақ»  халықаралық стипендиясының



стипендиаты ретінде оқуға баратындар

үшін кепілдік хатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

 

 

 

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті

__________________________________________________

стипендиат _______________________________________

(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) толық)

___________________________________ бағдарламасы

(бакалавриат/магистратура/аспирантура/

докторантура/маман)

________________________________________ мамандығы

(Республикалық комиссияның хаттамасы бойынша)

елі және ЖОО _____________________________________

__________________________________________________

Қазақстандағы почталық мекенжайы _________________

__________________________________________________

телефоны _________________________________________

электрондық мекенжайы ____________________________

ЖСН ______________________________________________

(жеке сәйкестендіру нөмірі)

 

 

ӨТІНІШ

 

Мен,________________________________________________________________________________________________,

Сізден (тиістісін көрсетіңіз):

___________________________________________________________________________ (елін көрсетіңіз) елшілігіне,

оқу орны (ЖОО мен мамандығын көрсетіңіз) ___________________________________________________________

ұсыну үшін қаржылық кепілдеме хатын беруіңізді сұраймын.

Елшілікте сұхбаттан өтудің болжанған күні 20__ж. «__»  ________

Кепілхатты мына мекенжай бойынша жіберуіңізді сұраймын: _______________________________________________

Кепілхатты менің әкем/анам/туысым алып кетеді.

Кепілхатты дайын болғаннан кейін Қоғамдағы куратордан өзім алып кетемін.

(үш нұсқаның тиісті біреуін х белгісімен белгілеу қажет)

Қосымша: шетелдік ЖОО-ның шақыру хаты _____ парақ.

20__ж. «___»_________ Қолы ________________

 
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет