БӨлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары «Жылу құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 1



бет3/3
Дата22.12.2019
өлшемі234.7 Kb.
1   2   3

Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Балқу/кристалдану кезіндегі жұтылатын/бөлінетін жылу мөлшерінің формуласын қолданады

1

Пластинаның массасын анықтайды;



1

Кристалдану кезіндегі бөлінетін жылу мөлшерін есептеу формуласын қолданады;

1

Суу кезіндегі бөлінетін жылу мөлшерін есептеу формуласын қолданады;



1

Пластина суыған кезде бөлінетін энергияны есептейді;

1

Заттың балқу және қатаю үдерісі кезіндегі температураның уақытқа тәуелділік графигін талдайды



2

Балқу кезіндегі температураның уақытқа тәуелді графигі арқылы құбылысты сипаттайды;

1

Молекула-кинетикалық теория негізінде заттың сұйық күйден газ күйіне және кері айналуын сипаттайды



3

Графиктің АВ бөлігіндегі заттың күйін анықтайды;

1

Графиктің ВС бөлігіндегі заттың күйін анықтайды;



1

Графиктің СD бөлігіндегі заттың күйін анықтайды;

1

Заттың булану және қайнау үдерісін сипаттайды



4

a) 1) Сұйықтың булану процесін сипаттайды;

1

2) Булану кезінде қандай құбылыс болатынын сипаттайды;



1

3) Жылу энергиясы берілмесе қандай құбылыс болатынын сипаттайды;

1

b) Жылу мөлшерін есептеу формуласын қолданады;



1

Қайнау кезінде суды буға айналдыруға қажетті жылу мөлшерін есептейді.

1

Жалпы балл

13


Термодинамика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау







Тапсырма 1 нүсқа, 2нұсқа

1.Изотермиялық сығылу кезінде газ қоршаған денеге 800(900) Дж жылу мөлшерін береді. Газдың ішкі энергиясының өзгерісі қандай?

[2]


2.Белгілі бір процесс кезінде газ 5(6) МДж жұмыс атқарды. Осы кезде ішкі энергия 2(3) МДж-ға кемиді.

    1. Газға берілген энергия қайда жұмсалатынын термодинамиканың бірінші заңы негізінде түсіндіріңіз және формуласын жазыңыз.

[2]

    1. Газға қандай жылу мөлшері берілгенін есептеңіз.

[1]

333..Идеал жылу машинасында қыздырғыштан алынатын әр килоджоуль энергия есебінен 300(200) Дж жұмыс атқарылады, ал тоңазытқыш температурасы280(300)К

    1. Қоршаған ортаға бөлінген энергияны анықтаңыз.

[1]

    1. Машинаның ПӘК-ін есептеңіз.

[1]

    1. Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын Карно формуласын жазыңыз.

[1]



4. Мотоцикл 25(20) км/сағ жылдамдықпен қозғалып, 100(80) км жолда 1,7(1,5) л бензин жұмсайды, ал қозғалтқыштың ПӘК-і 20(25) %. Бензиннің тығыздығы 700 кг/м3. Бензиннің меншікті жану жылуы 46∙106 Дж/кг.


      1. Бензиннің массасын анықтаңыз.




      1. Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз.




      1. ПӘК-інің формуласы арқылы пайдалы жұмысты анықтаңыз.

[1]
[1]
[1]
Жалпы балл: 11



Бағалау критерийлері

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Термодинамиканың бірінші заңын есеп шығарғанда қолданады

1

Термодинамиканың бірінші заңын қолданады;

1

Газдың ішкі энергиясының өзгерісін анықтайды;

1

Жылу қозғалтқыштарындағы энергияның түрленуін сипаттайды

2

a) Қай процесске байланысты екендігін

анықтайды;



1

Термодинамиканың бірінші заңының

формуласын жазады;



1

b) Газға қандай жылу мөлшері берілгенін анықтайды;

1

Іштен жану қозғалтқышының жұмыс істеу принципін сипаттайды

3

a) Қоршаған ортаға бөлінген энергияны

анықтайды;



1

b) Машинаның ПӘК-ін есептейді;

1

c) Идеал машинаның ПӘК-ін анықтайтын

Карно формуласын жазады;



1

Жылу қозғалтқышының пайдалы әрекет коэффициентін анықтау әдісін сипаттайды және жылу қозғалтқыштарын жетілдіру жолдарын ұсынады

4

a) Бензиннің массасын анықтайды;

1

b) Бензин толық жанғанда бөлінетін жылу

мөлшерін есептейді;



1

c) ПӘК-інің формуласы арқылы пайдалы жұмысты анықтайды.

1

Жалпы балл

11

«Электростатика негіздері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау. №1,2 нұсқа
1.Эбонит таяқшаны құрғақ жүнге үйкегенде ол теріс заряд алды. Неліктен эбонит таяқша теріс зарядқа ие болды?

    1. Таяқша жүннен электрондар алды

    2. Таяқша жүннен нейтрондар алды

    3. Таяқша жүнге электрондар берді

    4. Таяқша жүнге нейтрондар берді

[1]

2.Кеңістікте орналасқан екі нүктелік зарядтар көрсетілген. Олардың зарядтары сәйкесінше -12(-14)мкКл және 4(6) мкКл. k = 9·109 Н∙м2/Кл2.

Нүктелік зарядтар вакуумда орналасқан және олардың ара қашықтығы 8(10) см деп есептеп әсерлесу күшінің сандық мәнін анықтаңыз.


3.-q теріс электр заряды тудырып тұрған электр өрісі тарапынан С нүктесінде орналасқан зарядқа 𝑞 = (2)3·107 Кл зарядқа 0,035(0,045) Н күш әсер етеді. Осы С

P

нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтаңдар.




  1. .а ) Конденсаторды қолдану аймағына екі мысал келтіріңіз.


(b) Суретте конденсаторларды жалғау тәсілдері көрсетілген.

1. сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз. 2.сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтау формуласын жазыңыз.

[1]
[1]



Жалпы балл: 8

Бағалау критерийлері

Тапсырма



Дескриптор

Балл

Білім алушы

Үйкеліс арқылы денені

электрлендіру құбылысын сипаттайды



1

Үйкеліс арқылы дене қалай электрленетінін анықтайды;

1

Кулон заңын есептер шығаруда қолданады

2

Кулон заңын жазады;

1

Зарядтардың әсерлесу күшін есептейді;

1

Электр өрісі және оның күштік сипаттамасы ұғымдарының физикалық мағынасын анықтайды

3

Зарядтардың электр өрістерінің күш сызықтырын суретке салып көрсетеді;

1

С нүктесіндегі электр өрісінің кернеулігін анықтайды;

1

Конденсаторлардың құрылысын және қолданылуын сипаттайды

4

Конденсаторды қолдану аймағына екі мысал келтіреді;

1

Конденсаторларды жалғау тәсіліне сәйкес 1 сурет бойынша жалпы сыйымдылықты анықтайтын

формуласын жазады;



1

Конденсаторларды жалғау тәсіліне сәйкес 2 сурет бойынша жалпы

сыйымдылықты анықтайтын формуласын жазады.



1

Жалпы балл

8




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет