Бөлімінің басшысы Р. М. Қасқырбаев З.Қ. Мұқашева



жүктеу 27.61 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі27.61 Kb.
: files -> loader
loader -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
loader -> «550 лет Казахскому ханству». Интеллектуальная игра для старшеклассников
loader -> Әдісі: ойын- сайыс түрінде Қатысушылар: 5 а,в сыныптар Ойын барысы
loader -> Қазақ тілі Мұғалім: Мухамедкаримова К. Т. 9а, 9б сыныптары
loader -> Мағжан мен Абай сабақтастығы
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Дүние жүзі тарихы
loader -> 2. 3 с iшiнде контурды тесiп өтетiн магнит ағыны 3 Вб ден 9 Вб-ге дейiн артқан. Контурдағы индукция ЭҚК неге тең ?
«БЕКІТЕМІН» «БЕКІТЕМІН»

Дене шынықтыру және спорт Білім беру бөлімінің басшысы

бөлімінің басшысы

_____________Р.М. Қасқырбаев ____________З.Қ. Мұқашева

«___» __________ 2014 ж. «___» __________ 2014 ж.

Мектепке дейінгі балалар арасында

«Көңілді жарыстар» атты сайысты өткізу туралы

ЕРЕЖЕ


  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




    1. Мектепке дейінгі балалар арасында «Көңілді жарыстар» атты сайыс Павлодар қаласы білім беру бөлімі мен Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп ұйымдастырылады және өткізіледі.

    2. Осы ереже мақсат-міндеттерді, сайыстың өткізу және ұйымдастыру тәртібін, қатысушылардың іріктеуін, өткізу мерзімін, өткізу бағдарламасының мазмұнын белгілейді.

    3. Іс-шараны іске асыруына байланысты міндеттерді орындау үшін ұйымдастырушылық-техникалық қызметін атқаратын ұйымдастыру-шылық комитет құрылады (одан әрі – Ұйымкомитет).




  1. МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1. Мектепке дейінгі балаларды салауатты өмір салтына баулу.

2.2. Балаларда дене шынықтыру сабақтарына деген қызығушылықтарын қалыптастыру.

2.3. Балаларда моралдық-ізгілік қасиеттерін дамыту (жанашырлық, қызметтестік, өзара көмек)




  1. ӨТКІЗУ ЕРЕЖЕСІ МЕН ШАРТЫ

3.1. Сайыс үш кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – іріктеу – 2014 жылғы қаңтардың 20-31 аралығында № 3, 4, 5, 53, 85, 104, 120 балабақшаларында өтеді.

Екінші кезең – жартылай финал – 2014 жылғы ақпанның 3-7 аралығында өтеді.

Үшінші кезең – қорытынды – 2014 жылғы ақпанның 24-28 аралығында өтетін болады.

3.2. Сайыстың өту бағдарламасы №1 қосымшада көрсетілген.

3.3. Сайысқа қатысу үшін өтінімді (№2 қосымша) түрі бойынша 2014 жылғы 13 қаңтарға дейін Кривенко көшесі 25, 405 кабинетке тел. 32-08-56, krykbesova.oo.ap@pavlodar.gov.kz тапсыру қажет.


  1. ҚАТЫСУШЫЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚАТЫСТЫРЫЛУЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ШАРТТАР

4.1 Жарысқа даярлық топтарының балалары қатыстырылады (педиатрдың рұқсат-анықтамасы болуы қажет).

4.2. Команданың саны 6 адам (3 қыз бала + 3 ұл бала)

4.3. Жарысқа спорттық киім және спорттық аяқ киім киген командалар қатыстырылады.

4.4. Бір команданың ойыншылары бір түсті футболкада болуы керек.
5. ҚОРЫТЫНДЫ
5.1. Жеңімпаз барлық тапсырмаларды орындау кезінде уақытты неғұрлым аз пайдаланғандығымен анықталады.

5.2. Тапсырмаларды орындау кезінде кез келген ережені бұзғаны үшін командадан бір ұпай алынады.

5.3. Жартылай финалға шығу кезеңде бірінші орынға ие болған командалар, ал сайыстың қорытынды кезеңіне жартылай финалда бірінші орынға ие болған қомандалар қатысады.

5.4. Жартылай финалда жүлделі орындар алған командалар тиісті дәрежелі грамоталарымен марапатталады.

5.5. Қорытынды кезеңдегі жеңімпаздарды марапаттауды (1, 2, 3 орындар) Павлодар қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі жүзеге асырады, сайыс номинанттарын Павлодар қаласы білім беру бөлімі марапаттайды.


  1. ҚАТЫСУШЫЛАР МЕН КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ

ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
6.1. Жарыстар балабақшалардың спорттық залдарында өткізіледі.

6.2. Жарыстарды өткізу үшін балабақша басшылары Қазақстан Республикасы аймағында әрекет ететін, нормативтік-құқықтық актілеріне, тиісті талаптарына сәйкес жағдай жасасын.



6.3. Мектепке дейінгі мекемелердің басшылары тәрбиенушілердің денсаулығы мен өмір қауіпсіздігіне, балалардың балабақша аймағынан шығу кезінде техника қауіпсіздігін сақтауына дербес жауап береді.
Ескерту: Сайыстың ұйымдастырушылары осы Ереженің тармақтарына өзгертулерді енгізу құқығын өздеріне қалдырады және сол өзгерістер туралы қатысушыларды іс-шараның негізгі кезеңінің өткізілуіне дейін міндетті түрде 3 күн бұрын хабардар етуі керек.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет