Бөлімнің атқарған жұмысы туралы толық есебі



жүктеу 44.73 Kb.
Дата18.04.2016
өлшемі44.73 Kb.
Бөлімнің атқарған жұмысы туралы толық есебі (2011-2013жж.).

Үкіметтік емес ұйымдар ішкі саясат бөлімінің қолдауымен әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттік органдармен тығыз ынтымақтастықта және ақпараттық насихаттық жұмыстарға белсене қатысады. Орал қаласында 300 астам ҮЕҰ тіркелген, соның ішінде 60 ҮЕҰ белсенді жұмыс жасайды. Қызмет бағыты бойынша әскери патриоттық, балалар мен жастар, отбасы және әйелдер, сауықтыру және алдын алу, ғылыми және білім беру болып бөлінеді. ҮЕҰ-мен серіктестікте үйлестіру қызметін ҮЕҰ мен өзара байланыс жөніндегі қалалық Кеңес атқарады. Кеңес тоқсан сайын Ережеге сәйкес мәжілісін өткізіп отырады. ҮЕҰ өткізетін шаралар азаматтық қоғам құру, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай ақ біздің аймақтағы әлеуметтік маңызды мәселелерді шешуге бағытталған. Қалалық ішкі саясат бөлімі ҮЕҰ қызметінің тиімділігін арттыру бағытындағы шараларымен келісу және талқылау және серіктестік қарым қатынасты тереңдету мақсатында олардың жетекшілеріне көмек беріп, кездесіп отырады. ҮЕҰ жұмыстары БАҚ да уақытылы жарияланып отырады.

Бөлім 2011 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде дөңгелек үстел, кездесу, семинар, конференция, акциялар түрінде 45 іс-шара өткізіп, оған жалпы саны 150 мыңға жауық адам қамтылды. Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік жобалары Елбасы Жолдауын насихаттау және іс жүзіне асыру, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат, діни және рухани құныдылықтар мен жастар тәрбиесін іске асыру, ардагерлерді құрметту бағыттарына арналды.

Жыл ішінде мемлекеттік, ұлттық мерекелер мен атаулы күндер, кәсіби мейрамдар жоғары деңгейде аталып өтті. Барлық мейрамдардағы мәдени-көпшілік іс-шараларға халықтың әр түрлі санаттағы өкілдері (ардагерлер, көп балалы, аз қамтылған адамдар мен жастар, кәсіпкерлер, студенттер, мекеме-ұйым қызметкерлері, қала тұрғындары және т.б.) кеңінен қатыстырылды.

2011 жылы ел көлемінде және халықаралық деңгейде маңызды болған Тәуелсіздіктің 20 жылдығы, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету, Азиада сияқты ірі қоғамдық-саяси оқиғалар өтіп, қала тұрғындарының болашаққа деген сенімін одан әрі нығайтып, қоғамды топтастыруға үлкен септігін тигізді.

2012 жылы жоғарыда аталған жұмыстар жалғастырылып, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 47 іс-шара өткізіліп, оның барысында 152 мың адам қатысты. Әлеуметтік тапсырыс бойынша гендерлік теңдік, тұрғылықты жері жоқ тұлғаларға көмек көрсету, жастар саясатын іске асыру және т.с.с. салалардағы жобалар жүзеге асырылды.

Жыл ішінде ел көлеміндегі маңызды оқиғалар мен қоғамдық-саяси ахуалға әсер ететін жағдайлар бойынша арнайы жоспарлар жасалып, жұмыстанылды.

2013 жылы жоғарыда аталған жұмыстар жалғастырылып, есепті кезеңде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 40 іс-шара өткізіліп, оның барысында 140 мыңнан астам адам қатысты. Әлеуметтік тапсырыс бойынша гендерлік теңдік, қарияларға қамқорлық жасау, жұмыссыз және жұмысшы жастармен шаралар өткізу, экологиялық акциялар ұйымдастыру, 7 мамыр – Отан қорғаушы күніне, 1 желтоқсан – ҚР Тұңғыш Президенті Күніне арналған патриоттық бағыттағы шаралар өткізу жобалары іске асырылып отыр.

ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауын БАҚ-та жарықтандыру жөніндегі медиа-жоспары жасақталып іске асырылды. Оның барысында жергілікті БАҚ-та 100-ге тарта мақалалар мен сұхбаттар, үнқатысулар жарық көрді.

Елбасы Жолдауын халық арасында түсіндіру мақсатында 116 мүшесі бар 20 ақпараттық-насихаттық топ құрылып (АНТ), олар қала ішінде 145-тен астам кездесу, дәрістер өткізіп, оған 17 мыңнан астам адам қатысты.

Соңғы 2011-2013 жылдар аралығында қала әкімі жанындағы келесі комиссиялар мен Кеңестер өз жұмыстарын бекітілген жоспарға сай жүргізді:

Қала әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия;

Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі қалалық консультативтік кеңес;

Жастар істері жөніндегі қалалық Кеңес;

Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық Кеңес;

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі

қалалық комиссия.

Азаматтардың құқықтары мен бостандығын қамтамасыз ететін ұлтаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаттың мәселелері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени орталықтармен қарым-қатынас ішкі саясат бөлімі жұмысының маңызды бағыты болып табылады.

Ұлтты тұрақты дамыту, болашаққа сенімді нығайтуды үйлестіру, ішкі саясатты, толеранттықты және қазақстандық этностар арасындағы сенімді тұрақтандыру мақсатында түрлі шаралар, фестивальдар, конференциялар, конкурстар, семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі. Бүгінде қалада ұлтаралық және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған түрлі шаралар өткізіп отыратын 15 этномәдени орталықтар бар. Ішкі саясат бөлімі олардың барлық шараларына қатысып отырады. Этномәдени орталықтардың мүшелері қалалық қоғамдық маңызы бар шараларға белсене қатысады.

6.Негізгі жобалардан (іс-шара, кездесу, объектілер және т.б.) фотолар. (жалғанды).

7.Салаға сәйкес негізгі нормативті-құқықтық актілер.

Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы», «Жарнама туралы», «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы», «Қоғамдық бірлестіктер туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы», «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы», «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы», «Саяси партиялар туралы», «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы», «Ұлы Отан соғысының қатсушыларымен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы», «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Заңдары, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы.



Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы», «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын бекіту туралы» Жарлықтары.

Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму стратегиясы, 2011-2015 жылдарға арналған Орал қаласының аумақтық даму бағдарламасы және Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет