Боранбаева Афуза Алпысбаевна Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы



Дата17.05.2020
өлшемі66.16 Kb.
МӘҢГҮРТТІКТІ АНА МЕЙІРІМІ ДЕ ЖЕҢЕ АЛМАЙДЫ

Боранбаева Афуза Алпысбаевна

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданы

КММ А.Пушкин атындағы жалпы орта мектебі


"Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі- надандық, екінші- еріншектік,үшінші- залымдық

деп білерсің"

А.Құнанбаев

"Адамзаттың Айтматовы" атанған Шыңғыс ағатайымыздың Шерхан Мұртаза сынды шеберіміз тәржімалаған "Боранды бекет" романын білмейтін замандастар кемде-кем шығар. Осы романды оқып шыққанымда "Найман-Ана" аңызы жақсы ой қалдырды және көкейімдегі мына сұрақтарға жауап тапқым келеді:

1)Мәңгүрт деген кім?

2)Ол қалай өмір сүреді?

3)Мәңгүрттікті жеңуге бола ма?

4)Ана мейірімі мәңгүрттікті жеңе ала ма?

Әрине, бұл сұрақтарға жауап іздеу қиын.

Шыңғыстың "Боранды бекет" "Молодая гвардия" баспасынан 1981 жылы, біздегі "Жалын" баспасынан 1986 жылы жарық көрген. Алғы сөзінде Айтматов "Барша "космологиялық" хикаяны мен жер бетіндегі адамдарға қатер төндіріп тұрған ситуацияны әсірелеу арқылы жандандыра көрсету мақсатында ойдан шығардым",-дейді.

Атадан қалған аңыз бойынша, әңгіме өткен ғасырда жуан-жуандардың Сарыөзек даласын басып алуынан басталады. Олар қолға түскен тұтқындарды адам айтқысыз азапқа салатын болған.

Мәңгүрттік-адам бойындағы ұлттық мәдениет пен құндылықтардың, адамгершілік қасиеттердің жойылуын білдіретін ұғым.

Мәңгүрттік - жуандардың енді ғана өмірдің мәні мен сәнін түсініп келе жатқан жастарға жасаған қиянаттарының нәтижесі.

Ең әуелі олардың шашын бір қылпық қалдырмай тақырлап тұрып ұстарамен қырып алады. Шашын алып бола берген тұста, жуан-жуанның жалаңдаған қасапшылары таяу жерде ең сыйдаң-саяқ түйені сойып тастайды. Түйенің терісін сыпырып жатып, ең қалың деген төстік көнтерісін бөлек кесіп алады.Сол көнді кесіп-кесіп, әлі жып-жылы буы бұрқыраған қалпында тұтқынның жап-жаңа шашы алынған тақыр басына қаптай қойған кезде осы өзіміздің қазіргі заманда суға жүзгіштердің басына киіп алатын резинка шәпке сияқты сып-сығыр желімдей жабыса қалады. Басқа көн қаптау деген осы екен. Мұндай сықпытқа ұшыраған пенде не өліп кетеді, не бұл азапқа шыдай алмай ақылынан адасып, өткен-кеткенін мүлде ұмытып, өмір-бақи мәңгүрт-құлға айналады.Бір түйенің төс терісінен бес-алты кепеш шығады екен.[1.113]

Мәңгүрт өзінің кім екенін, ел-жұрты, руының кім екенін, өз атының кім екенін білмес. Балалық шағы, әке-шешесі де мүлде есте қалмас. Бір сөзбен айтқанда, мәңгүрт өзінің адам екенін аңғармас. Өзінің кім екенін білмейтін,сезбейтін мәңгүрттің шаруашылық тұрғыдан келгенде толып жатқан артықшылығы болған. О да бір, тілсіз мақлұқ мал да бір, сондықтан ол қауіпсіз де, иесіне шексіз бағынған құлақ кесті құл. Қашып құтылып кету деген ұғым оның ойына мүлде келмес. Мәңгүрт те ит сияқты иесіне ғана пейіл. Басқа ешкіммен ол сұхбаттаспас. Бар ойлағаны қу қарынның қамы- қарны тоқ болса болды. Ал енді тапсырылған іске жан-тәнімен кірісіп пәруана беріліп мүлтіксіз орындайды.Әдетте мәңгүрттерді ең лас, қиямет жұмысқа салар еді, көнтері біреу болмаса басқа адам төзбейтін, жылбысқыдай жалықтыратын ең мезі жаман мехнатқа жегетін.[1.114]

Кейбір мәңгүрттердің басына түйенің терісі мәңгі қатып қалады екен. Ондай мәңгүрттерді: "Кәне, басыңдағы түйенің терісін сыпырып алып тастайық",- деп қорқытсаң, ол үшін бұдан асқан азап жоқ, жабайы жылқыдай жұлқынып, басына ешкімді жолатпайды. Ондайлар өмірі басынан кепешті алмайды. Ұйықтаса да сол бас киіммен жатып ұйықтайды...

Баласынан айырылған Найман-Ана мәңгүрт түйешіні тауып өзінің баласы емес екеніне көзі жеткенше, жаны жай таппайды.Ұлының соғыс даласында мерт болғанына бұрыннан да ана жүрегі түскір бір түрлі шүбәлана беретін сияқты еді, сол бір зілмәуір зымиян күдік көкейінен қайта көтерілген... Соңырасыз сол күдікпен жүрегі мәңгі сыздап, ұдайы үрей меңдеп жүргенше, өлі-тірісіне біржолата көз жеткізіп қайту керек болды.

Таяп келіп, Найман-Ана өз ұлын танығанда, түйе үстінен қалай аунап түскенін өзі де білмей қалды. Ақ інгеннен құлап түскендей болып еді,оны елер шама жоқ! Ана жүрегі сезгендей дәл сол мәңгүрт түйеші өз баласы болып шығады.Ұясы бұзылған құстай шырылдап баласына асыққан ана алда не боларын қайдан білсін?

Мәңгүрт те адам, тек сөйлесе кетсең кеше туған бала сияқты. Қарасаң сап-сау, ақыл-есі жоқ деп ойламайсың. Өзі әлі жап-жас, мұрты енді-енді тебіндеп келген, түр-тұлғасы да тәп-тәуір ұлына анасының зар жылап:

«Өз анасын тану сонша қиын емес қой» деп жалына, жалбарына жан ұшырған ана-мұңлықтың сөздеріне мәңгүрт күнде көріп жүрген адамдай селт етпейді.

Онда мәңгүрт ана мейірімін сезбеді ме? Бала-мәңгүрт болса да өз перзенті.Найман-Ана оны әкетуге бел байлап келген еді. Мәңгүрттенген ұлы Жоламан садақтың өткір жебелі оғымен зың-ң-ң еткізді де, сол жақ тар қолтықтың астынан кірш еткізді. «Баламның табанына кірген тікен менің маңдайыма кірсін» деп әлпештеп өсірген перзентінің басына түскен қатерден арашаламақ болып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр» деген оймен құдайға жалбарынған кең жүректі ананы ұлы Жоламан өз қолымен өлтіргенін сезбеді де...

"Өмір-гүл, өседі де өтеді,

Адам-қайық, өмір-ескек еседі.

Өмір-қылыш аямайды ешкімді,

Біреуді кеш, біреуді ерте кеседі"-деп,

Сабалақ би бабамыз айтып кеткендей өмір түрлі шиеленістерге толы дүние...

Иә, мәңгүрттікті тағдырдың басқа салғанын тіпті ана мейірімі де жеңе алмайтынын Лениндік сыйлықтың лауреаты,Социалистік Еңбек ері, Қырғызстанның халық жазушысы Шыңғыс Айтматов тайға таңба басқандай етіп жазды.

"Жалпы мәңгүрттікті екі бөліп қарауға болады: біріншісі, жаугершілік замандағы мәңгүрттік. Мұнда адамды қорлап, күш көрсету арқылы адами ойлау дүниесінен айырып, жазалап, құлақ кесті құл қылып тағылық тұтқында ұстау. Екінші бір түрі, қазіргі жахандану заманындағы рухани мәңгүрттік. Бұл екі көріністе күрделі мәселелер. Бірі күшпен орындалса, екіншісі, айлалы амал арқылы халықтың ділін, дінін, тілін ұмыттырып нағыз мәңгүртке айналдырған" [2.6]

Аңыздық деректігі жарық дүниеге алып келген өз анасын атып өлтіру мәңгүрттенудің жеке адами трагедиясы болса керек. Ал бүтіндей бір халық, ұлт өзінің тегін ділін, дінін ұмыта бастау - мәңгүрттіктің қоғамдық ұлттың трагедиясы.

Шәкәрім Құдайбердіұлы атамыз: «Зор дұшпаннан қалай сақтансаң,ұсақ жауыңнан да солай сақтан»-деген екен. Ана мейірімі де жеңе алмаған мәңгүрттіктен Аллаһ сақтасын,- деп жұдырықтай жүрегімнен шыққан өлең шумақтарыммен ойымды қорытындылаймын:

Адамзатты айырған ақыл-естен,

Дана халқым ежелден мәңгүрт дескен.

Мәңгүрттік-індет нағыз дауасы жоқ,

Ойы барды қалдырған өмір-көштен,

Мәңгүрттік-зары заман жарасының,

Хас дұшпаны адамзат баласының.

Күтуде болашағым ашық-жарқын,

Жамандықтан жирену-өмір салтым.

Ұлттық дәстүр,дін мен тіл-асылдарым!

Зердемнің санасына ұғынарым.

«Мәңгілік ел» болуға жазсын Алла,

Аулақ бол мәңгүрттіктен текті халқым!

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Ш.Айтматов «Боранды бекет» Жалын 1986ж.

2.Н.Мешітбаев «Мәңгүрттік мәні тереңде» Қостанай таңы 6.04.07.

3.Абай Қарасөз Книга слов Book of words

Международный клуб Абая 2009

4. Қазығұрт журналы Алаш жолы 2012 ж.




Каталог: materialy -> makala
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Сыр сүлейі Нұртуған Сабақтың мақсаты: Сыр сүлейі Нұртуғанның шығармаларымен таныстыру
materialy -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлы А. Құнанбаевтың шығармашылығымен
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан халқының XVIII-XIX ғасырлар аралығында рухани мәдениетінің дамуы
makala -> ОҚО, Шымкент қаласы, А. Байтұрсынов атындағы №50мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
makala -> Макала ОҚО, Мақтаарал ауданы, Жетісай қаласы
makala -> Білім беру жүйесін модернизациялау бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жаңа буын оқулықтарындағы проблемалары мен шешімдері досжанова Динара Сайрам ауданы,№94 жалпы орта мектебі
makala -> Дидактикалық ойындар және оларды сабақта пайдалану. Аширбаева Ақтолқын Бақытжанқызы Жетісай ауданы, №2 Ш. Уалиханов атындағы жом тарих пәні мұғалімі
makala -> Қазығұрт ауданы П. Тәжібаева атындағы жалпы орта мектебі бастауыш сынып мұғалімі Сиқымбаева Айтолқын Әріпбайқызы
makala -> Мақал-мәтелдер айтысы Кабылбаева Раушан Курманалиевна Бәйдібек ауданы, Абай атындағы жалпы орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
makala -> Түркістан облысы, Шымкент қаласы, N63 «Айсұлу» бөбекжай бақшасының тәрбиешісі Өмірзақова Назипа Сабырқызы


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет