Боранбаева бақтылы сансызбайқызы ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық саяси қызметі



жүктеу 475.8 Kb.
бет1/3
Дата03.04.2016
өлшемі475.8 Kb.
түріДиссертация
  1   2   3
: images -> stories -> downloads -> avtoreferaty
avtoreferaty -> Хайдаров есқайрат ерболатұлы XX ғасырдың басындағы қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы: тарих және тағылым
avtoreferaty -> Әож 94(574. 1): 332 021(043) Қолжазба құқығында
avtoreferaty -> Бердіғожин лесқали базарғалиұлы қазақстанның мұнай-газ өндірісі саласындағы жұмысшы, инженер- техникалық кадрларының қалыптасуы және өсуі
avtoreferaty -> Аликулова нұрлыгүл сапақҚызы ұлы Отан соғысы жылдарындағы Батыс Қазақстанның әлеуметтік экономикалық жағдайы
avtoreferaty -> Ахметова ұлжан төлегенқызы орынбор ғылыми мұрағаттық комиссиясының құрылуы және қызметі
avtoreferaty -> Салмырза жайна ізбасарқызы сыр өңірі қазақтарының азаттық қозғалысы
avtoreferaty -> Демеуова нұРГҮЛ ҚажымұҚАНҚызы XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау
avtoreferaty -> Дюсенгалиева мерзат ғҰбайдоллақызы бөкей Ордасындағы сауда-саттық және кәсіпкерлік
avtoreferaty -> Әож 94 (574. 1): 664. 95 (574. 1) Қолжазба құқығында
avtoreferaty -> Қайрғалиева гулфайруз батырлар институты және оның дәстүрлі қазақ қоғамындағы орны

ӘОЖ 94(574):32,5(043) Қолжазба құқығында



БОРАНБАЕВА БАҚТЫЛЫ САНСЫЗБАЙҚЫЗЫ

Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметі

(1875-1921 жж.)

07.00.02 – Отан тарихы

(Қазақстан Республикасының тарихы)
Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін

дайындалған диссертацияның



АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы

Орал, 2009

Жұмыс М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекші: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Т.З.Рысбеков

Ресми оппоненттер: тарих ғылымдарының докторы,

профессор Х.Б.Табылдиев


тарих ғылымдарының кандидаты,

доцент С.А.Есқалиев

Жетекші ұйым: Еуразия гуманитарлық институты

Диссертация 2009 жылы « 30 » __сәуір__ сағат----де М.Өтемісов

атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті (090000, Орал қаласы, Достық даңғылы, 162) жанындағы БД 14.61.26 Біріккен Диссертациялық Кеңестің мәжілісінде қорғалады.


Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасынан танысуға болады.


Автореферат 2009 жылы «31» наурызда таратылды.

Диссертациялық Кеңестің

ғалым хатшысы,

тарих ғылымдарының докторы Б.Г.Шинтимирова

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық-саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар рухани азаттық пен демократиялық – ағартушылық идеяларға толы бұл кезеңде, ұлт зиялыларын ойландырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, қазақ халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін қазақ елін қалың ұйқыдан оятып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекет құру еді. Олай болса ғасыр басындағы дағдарыстан шығудың жолын қарастырған алаш көсемдерінің теориялық ізденістері, практикалық қызметі бүгін де өз маңызын жойған жоқ.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тарих толқынында» атты еңбегінде ХХ ғасыр зиялылары тағдыры турасында: «Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы ұмыт болған жоқ» [1, 15 б.], – деп жазған болатын.

Міне, ұлт бостандығы жолында жанкешті қызмет еткен осы ұлт зиялыларының өмірі мен қоғамдық-саяси және шығармашылық қызметін зерттеу егемен ел болуымызбен күн тәртібіне шықты. Бұл мүмкіндікке зерттеуші ғалымдар еліміздің тәуелсіздігі салтанат құрған кезеңде ғана қол жеткізді.

Ғұмар Қараш – қазақ тарихында өз орнын ала алмай келген тұлғаның бірі. Өйткені оның өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, шығармашылығы халқына адал еңбек етіп, болашаққа жөн сілтеп, өз ұлтын өркениетті елдер қатарына қосуға бағытталған.

Туған халқының мүддесі үшін адал қызмет етіп, сол жолда құрбан болса да, ұзақ жылдар бойына ұлтына беймәлім болып келген Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін тарихи тұрғыдан зерттеу қазіргі заман қажет етіп отырған тың тақырып екендігін айғақтайды.

Тақырыбымыздың тарихи-танымдық маңызы осындай өзектілігімен ерекшеленеді.



Мәселенің зерттелу деңгейі. Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, көзқарасы біртұтас кешенді ғылыми жеке тақырып ретінде арнайы зерттелмегенімен, әдебиет, заң саласындағы зерттеулерде белгілі дәрежеде ғылыми айналысқа енді. Олардың құндылығы ғұмырнамалық, әдеби, саяси құқықтық көзқарасы ғылыми танымдық тұрғысынан жазылғандығымен және берілген бағалар өзінің әркелкілігімен ерекшеленеді. Қазақ халқының патриот перзенті Ғ.Қараштың аз ғана ғұмырының барлық қыры арнайы зерттеуге лайық. Ал жарық көрген әртүрлі зерттеулерді саралау Ғ.Қараштың өмірі мен қызметінің толық ашылып, зерттелмеген тұстары көбірек екендігін көрсетіп отыр. Ғалымдар Ғ.Қараштың әдеби-шығармашылық қызметінің қыр-сырын ашу бағытында көп еңбектенді. Ғ.Қараш туралы зерттеулердің басым көпшілігі оның ақын-жазушы, қаламгер ретіндегі шығармашылығын ашуға арналған. Ал Ғ.Қараштың қоғамдық-саяси қызметі толымды түрде жазылмай келеді. Бұл жағдайдың қалыптасуы тиісті деректердің ғылыми айналымға енбеуімен байланысты.

Ғ.Қараш – өткен ғасырдың 20-30 жылдары орын алған зорлық-зомбылықтың кінәсіз құрбаны болып жазықсыз жазаға ұшырап, кейін ақталған қазақ интеллигенциясының қайраткерлері қатарындағы ірі тұлғалардың бірі, қоғам және саясат қайраткері, шығармашылықтың ірі өкілі.

Ғ. Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін Алаш қозғалысы, оған қатысқан қазақ зиялылар тарихымен тікелей байланыстыра отырып зерттеуді қажет етеді. Өйткені өткен ғасыр басында ұлт азаттық қозғалысқа қатысқан интеллигенция өкілдерінің дені ұлттық мәселені шешуді Алаш алдына қойды. Осы мақсатта бұл ұлт-азаттық қозғалысқа қазақтың барлық оқыған зиялылары қатысты. Қазақстандағы патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы қазақ оқығандарын өз айналасына топтастырып, олардың қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуына ықпал етті.

Жиырмасыншы жылдары Алаш тарихы бойынша жарық көрген зерттеу жұмыстарының қатарына Н.Мартыненко құрастырған Алаш қозғалысының тарихына арналған «Алаш Орда» атты құжаттар жинағы сол кезеңдегі идеологиялық тұрғыда Алаш қозғалысын сынау мақсатында жазылғанымен Алаш қозғалысының тарихынан құнды деректер бере алатын құжаттар жинағы ретінде бүгінгі күнге дейін қолданылып келеді [2].

1933 жылы желтоқсанда БК(б)П Қазақ Өлкелік Комитетінің жанындағы Партия тарихы институтында Алаш қозғалысы мәселесі төңірегінде болған қызу пікір-таласта аталмыш институт қызметкерлері С.Брайнин мен Ш.Шафиро «Алашорданың тарихи ролі» атты баяндама жасайды. Кейін аталмыш авторлар осы баяндама негізінде «Очерки по истории Алаш Орды» атты еңбек жариялайды. Бұл еңбекте С.Брайнин мен Ш.Шафироның Алаш қозғалысы жөніндегі тұжырымдары сол кезеңдегі идеология талабына сай жазылғанына қарамастан, авторлардың Алаш партиясы мен Алашорда тарихына қатысты нақтылы мәліметтері Алашорда идеологиясын ашық түрде насихаттау деп бағаланды. Осыдан соң БК(б)П Қазақ өлкелік партия комитетінің бюросы 1935 жылғы 15 сәуірдегі қаулысымен аталмыш кітап пайдаланудан алынып тасталды. Сонымен бірге жоғарыда айтылған Н.Мартыненко құрастырған құжаттар жинағы үшін де осы үкім оқылып, еңбек ғылыми айналымнан шығарылады [2].

Ғ.Қараштың қоғамдық қызметін зерттеуге арналған жұмыстар негізінен бірнеше кезеңдермен ерекшеленеді. Алғашында, яғни ХХ ғасырдың 30- жылдары кеңестік идеологияның үстемдігі жағдайында жарық көрген тарихи-саяси әдебиеттерде қайраткер ақынның қазақ әдебиетіндегі алатын орны туралы айтыла бастады. Алайда сол кезеңдегі заман талабымен Ғ.Қараштың қызметіне «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген біржақты теріс баға берілді. Мәселен, Ғ.Тоғжановтың 1931 жылы Мәскеуден шыққан «Әдеби энциклопедияның» бесінші томына жазған мақаласында, С.Мұқановтың 1932 жылы «Қазақстан» баспасынан шыққан «ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты еңбегінде Ғ.Қараштың әдеби мұрасына таптық принцип тұрғысынан талдау жасалды. Сондай-ақ алаш қозғалысы мүшелерінің өмірі мен қоғамдық-саяси қызметін зерттеу мәселесінде айырықша орын алатын С.Сейфулиннің «Тар жол тайғақ кешу» атты мемуарлық еңбегінде де Ғұмар молда ақын, Алашорданың жыршысы есебінде бағаланды [3].

Жоғарыда айтылғандай, кешегі Кеңес өкіметінің тұсында алаш зиялыларымен бірге Ғұмар Қараштың да дүниетанымы, саяси көзқарасы мен шығармалары жөнінде түрлі кереғар пікірлер айтылып, әрқилы бағалар беріліп отырды. Соған қарамастан Ғұмар Қараштың шығармашылығы мен қоғамдық-саяси қызметі зерттеушілер назарынан тыс қалмады.

Мәселен, 1934 жылы жарық көрген Шәңгерей жинағына Нұғыман Манайұлының жазған алғы сөзінде Шәңгерей мен Ғұмар өзара сабақтастық тұрғысынан қарастырылып, ақын өміріне қатысты кейбір тың мәліметтер келтіріледі [ 4].

Сонымен, 30-жылдары Ғұмар Қараш мұралары жөнінде бір жағынан ауыр сындар айтылып жатса, екінші жағынан ол қазақтың көрнекті ақын жазушылары санатында оқулық кітабына енгізіледі. Мәселен, 1939 жылы Е.Ысмайлов пен Т. Ақшолақовтың құрастыруымен орта мектептің 9 класына арналған хрестоматияда Ғұмардың 11 өлеңі мен «Сырым батыр» тарихи жыры жарияланды [5].

Ғұмартануда ғалым Есмағамбет Ысмайловтың орны ерекше. Ғалымның 1943 жылы қараша айында «ХХ ғасырдағы қазақтың демократияшыл әдебиеті» деген тақырыпта ғылым кандидаты дәрежесін алу мақсатында қорғаған диссертациялық еңбегі Ғұмар Қараш мұраларына мейлінше әділ баға беруімен ерекшеленеді [ 6].

Е.Ысмайловтың архивінде сақталған С.Аманжоловтың хатына қарағанда Ғұмар мұраларын жинауға оның да атсалысқанын көрсетеді. Соғыстан аман- сау оралған ғалым Сәрсен Аманжолов ғылыми жұмыс қызметімен Мәскеуге тоқтап, кітапхана, архивтерде жұмыс істегенде, Е.Ысмайловтың өтініші бойынша Қараш өлеңдерінің көшірмесін жіберіп отырған. Нақтылап айтқанда, С.Аманжолов Ғұмар Қараштың «Дұрыстық жолы» газетінде жарияланған өлеңдері мен мақалаларын түгелдей жинап, жіберіп тұрған, мұны мұрағат деректері дәлелдейді [ 7, 178 п.].

1947 жылы қаңтардың 21-інде Қазақстан Коммунистік большевиктер партиясы Орталық Комитетінің «Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институты жұмысындағы саяси өрескел қателер туралы» деген қаулысынан кейін Мұрат, Шортанбай, Шәңгерей т.б. ақындармен бірге Ғ.Қарашқа да «революцияға дұшпан буржуазиялық-ұлтшыл Алашорда партиясының қайраткерлерінің бірі» деген баға берілді.

Сөйтіп, осы қаулыдан соң Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің 1957 жылғы «Қазақстан халқының әдеби-поэзиялық және музыка мұрасын зерттеуді сын тұрғысынан қарап пайдаланудың жайы және оларды жақсарту шаралары туралы» қаулысына дейінгі аралықта Ғұмар мұраларын оқуға тиым салынды. Аталған қаулыдан кейін 1958 жылы Мәскеу қаласында жарық көрген «Қазақ поэзиясының антологиясына» [8] ақынның «Достыма» және «Түсінбеймін» атты екі өлеңі беріліп, Ғ.Қараш қазақтың ірі ақыны деп бағаланады.

«Қазақстан» газетінің шығу тарихы мен басылымның ұйымдастырушысы әрі шығарушысы болған Ғ.Қараштың газет бетінде көтерген мәселелері туралы Қазан төңкерісіне дейінгі баспасөз тарихын жазып, библиографиялық көрсеткіштерін жасаған Ү.Субханбердина,Қ.Атабаев сынды зерттеушілердің еңбектері зерттеу жұмысымызда кеңінен пайдаланылды [9].

Ғ.Қараштың ғұмырнамасын зерттеушілердің қатарында М.Ысмағұловтың еңбегі ерекше орын алады. Ол 1959 жылы «Қазақстан мұғалімі» газетінде жариялаған көлемді мақаласында Ғ.Қараштың шәкірт тәрбиесіне қатысты айтылған тұжырымдары мен баланың еркін, жан-жақты өсіп жетілуіне, мектеп мұғалімінің тигізетін ықпалы туралы педагогикалық ой-пікірлерін бағалап, Ғ.Қараштың өмірі мен қызметін зерттеудің жаңа бағытын ұсынды [10]. М.Ысмағұловтың Ғ.Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі жөнінде жазылып, бірақ жарияланбаған қолжазбасы бүгінде ғылыми айналысқа еніп, ғұмартанудағы құнды дерек болып отырғаны анық [11].

С.З.Зиманов пен М.Ш.Ысмағұлов 1962 жылы Мәскеу қаласында жарыққа шыққан «Философская энциклопедия» деген еңбекте Ғұмар Қараштың өмірі мен пәлсапалық ой-тұжырымдарына ғылыми талдау жасап, оның дұрыс бағалануына атсалысты [12].

1970 жылдары бірқатар еңбектерде Ғ.Қараштың қоғамдық-экономикалық ой-пікірлері қарастырылды. С.Зимановтың кеңестік ұлт мәселелеріне байланысты зерттеулерінде, С.Байсаловтың «Қазақстанның алғашқы ұжымдық шаруашылығының құқықтық негіздері» атты мақаласында Ғұмардың туған жерінде «Құрқұдық» артелін ұйымдастырудағы қызметі айтылған. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының саяси-экономикалық көзқарастарын анықтауға қалам тартқан зерттеуші М.Жақсыалиев М.Сералин, Ж.Сейдалин, Б. Қаратаев, сынды Ғ.Қарашты қазақ қоғамының ілгері дамуына демократиялық бағыт ұстаған, халықтың әлеуметтік дамуын жақтаған ірі қоғам қайраткері ретінде қарастырды [13].

Бірақ осы кезеңде Ғұмар Қараш туралы көзқарас түзелді десек, әлі қателесеміз. Бұған дәлел, тарихшы П.Пахмурный М.Жақсыалиевтың Ғұмар Қарашты прогресшіл демократтар бағытына жатқызған пікіріне үзілді-кесілді қарсы шығып, Ғұмарды «Алаш» партиясының ұранын жазған ұлтшыл деген кесімді пікір түйеді [14, с. 166-167]. Ал, Ғұмардың әлеуметтік ой-пікіріне тоқталып, оны қазақ зиялыларының алдыңғы қатарлы өкілі ретінде қарастырған Ғ.С.Сапарғалиев пен М. С. Дүйсеновтың жарыққа шыққан еңбектері кейін жинап алынып, пайдалануға тиым салынады [14].

Дегенмен осы тұста халқымыздың абзал азаматы Ғұмар Қараш есімін бұрынғы Кеңес Одағы көлемінде таныстыруға жазушы, ғалым М. Мағауин үлкен еңбек сіңірді. 1978 жылы аталмыш автордың құрастыруымен Ленинград қаласында жарық көрген «Қазақстан ақындарының жинағына» Қараштың алты өлеңі енгізіледі [15, с. 24-26].

Сонымен, өткен ғасырдың 30-жылдарының ортасынан бастап, 80-жылдардың аяғына дейін бұл тақырыпты нақты тарихи тұрғыдан зерттеуге ресми идеология мүмкіндік бермеді. Ал Ғ.Қараштың аты аталса, тек ол идеологиялық жау тұрғысынан аталуға тиіс болды. Алаш қозғалысы тақырыбы бойынша жаңа әдістемелік және теориялық деңгейде ой-тұжырымдар жасаған көрнекті ғалым К.Нұрпейісов атап көрсеткендей, осы 1930 жылдардың ортасынан 1980 жылдардың соңына дейін отандық тарихнамада Алаш қозғалысына байланысты зерттеулер жүргізудің мүмкіндіктері болмаған [16, 14 б.].

Сондықтан ХХ ғасырдың 80-жылдарына дейін ғұмартану бойынша елеулі еңбек бола қойған жоқ. Тек 1980 жылдардың екінші жартысынан басталған қоғамдағы демократиялық жаңарулар және Қазақстанның өз тәуелсіздігін жариялауы нәтижесінде ұлттық тарихымызға терең көңіл бөлініп, ХХ ғасырдың басындағы алаш қайраткерлерінің қоғам дамуындағы алатын орнын анықтау мәселелерін көтерген мақалаларда Ғұмар есімі қайта ауызға алынды.

«Алаш-Орда: құрылуы, қызметі және күйреу тарихы» деген тақырыпта Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің жанындағы партия тарихы институтының ұйымдастыруымен 1989 жылдың шілде айында өткен пікір алысуда Алаш қозғалысы тарихын тиесілі дәрежеде бағалау мақсатында құнды да маңызды тұжырымдамалар жасалды.

Демек, қазақ демократиялық интеллигенциясының ХХ ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси қызметін зерттеудегі шын мәніндегі жаңа кезең 1980 жылдардың соңына қарай басталды. Оған жол ашып берген сол кездегі бүкіл Кеңестер Одағын қамтыған қайта құру кезеңі еді. Соған байланысты тоталитарлық жүйенің құрбаны болған Ғұмар Қараш сияқты қазақ мәдениеті мен ғылымының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық комитеті жанынан құрылған комиссияның қорытындысы болды.

Қорытындыда: «Ғұмар Қараштың шығармаларында патшалық отарлау саясаты да, өкіметтің екіжүзділігі де, жергілікті үстем таптың надандығы мен топастығы өлтіре сыналды. Оның өлеңдері өмірдің мәні туралы, болмыстың заңдары туралы, сол кезең дүниесіндегі өз халқының орны туралы философиялық ой-толғамдарға толы. Ұлтты қайта өрлеуге бастайтын жол ағарту арқылы өтеді» [17], - деп Ғұмар Қарашқа тағылған жазықсыз айыптың күшін жоққа шығарды.

Тек осы қаулы қабылданғаннан соң ғана мерзімді басылымдарда Ғұмар Қараштың өмірбаяны мен шығармашылық қызметін айқындайтын мақалалар жариялана бастады. Алайда бұл мақалалардың көпшілігі әдебиетшілер мен журналистердің үлесінде болды. Сонымен бірге Ғұмардың халқымен қайта табысуына мүмкіндік алған осы кезеңде әдебиеттанушы Қ.Сыдиықов «Замана» деген атпен Ғұмар Қараштың шығармалары мен өлеңдері топтастырылған жеке кітап бастырып шығарды. Әрине, бұл қоғам қайраткері Ғ.Қараштың соңына қалдырған мол мұраларын зерттеушілер үшін игілікті іс болғанын баса айтуымыз қажет [18].

Еліміз тәуелсіздігі ұлттық көзқарасқа негізделген отандық тарих ғылымының жаңа арнаға түсуіне және өткен тарихымызды жаңаша саралауға жол ашты. ХХ ғасыр басындағы ұлт зиялыларының Алаш қозғалысындағы қызметін қажетті деңгейде айқындап көрсету соңғы жылдарды ең өзекті тақырыптардың біріне айналды. Бұл тұрғыда қазақ зиялылары тарихындағы «ақтаңдақты» беттерінің сырын ашып, олардың мол мұрасын зерттеудің бағытын айқындап берген М.Қозыбаевтың, К.Нұрпейісовтің, М.Қойгелдиевтің, Д.Аманжолованың, Ғ. Ахмедовтың және өзге де зерттеушілердің еңбектері жарыққа шықты [19]. Тәуелсіз Қазақстан жағдайында тарих ғылымындағы оң өзгерістерге сәйкес ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси жағдайға, Алаш қозғалысының даму ерекшеліктеріне, қазақ зиялыларының қазақ халқының азаттығы жолындағы саяси күресіне арналған бірқатар ғылыми диссертациялар қорғалды. Бұл ғылыми жұмыстардан ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдай, елдегі ұлттың рухани оянуы және демократиялық жаңғырулар, қазақ зиялы қауымының қалыптасуының алғы шарттары, қазақ елдігін қалыптастыру жолындағы ұлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметтері және олардың Кеңестік жүйенің қыспағына түскен ауыр тағдырлары жөнінде мәліметтер аламыз [ 20 ].

Ғұмар Қараштың өмірі мен шығармашылығы М.Олкотт, Т.Дж. Виннер, А.Беннигсен сияқты шетелдік ғалымдардың зерттеулерінде де ғылыми талдау тақырыбы болды [ 21 ].

Ғ.Қараштың өмірі, ақындығы, шығармашылығы, саяси-құқықтық көзқарасы жөнінде ғылыми пікірлер соңғы жылдары жазылған еңбектерде, диссертациялық жұмыстарда көрініс тапты.

Ғалым М.Тәжмұраттың Ғ. Қараштың мол мұралары негізінде ақындық қырын зерттеуі ғұмартанудағы жаңа белес болды. Ғалымның 2004 жылы жарық көрген «Ғұмар Қараш» атты монографиялық еңбегінде ақынның әдеби шығармашылық мұрасы ХХ ғасыр басындағы жаңару қозғалысы жәдидия тарихымен байланысты баяндалады. Зерттеуші ақын өмірі мен шығармашылық қызметіне мүмкіндігінше талдау жасады. Сондықтан да М.Тәж-Мұраттың бұл еңбегін Ғ.Қараштың өмірі мен шығармашылық қызметін біріктіре зерттеген алғашқы туынды ретінде бағалаймыз. Сонымен бірге аталмыш автордың тың деректер негізінде жазылған «Шәңгерей» атты кітабы да зерттеу тақырыбымыз үшін құнды еңбектердің қатарынан көрінді. Дегенмен автор Ғ.Қараштың қоғамдық-саяси қызметі мен Алаш қозғалысындағы рөлі жөніндегі мәселеге тоқталмаған [22].

Ғ.Қараш өмірін зерттеуде жергілікті өлке танушы ғалымдар Т.Рысбековтың, И.Кенжалиевтың, Б.Бірімжаровтың Батыс Қазақстан тарихының келелі мәселелері қарастырылған еңбектерінде Ғ. Қараш өскен Бөкей өлкесіндегі қоғамдық өмір мен бөкейлік алаш зиялыларының қоғамдық-саяси қызметіне қатысты деректердің мол қамтылуы, біз қарастырып отырған мәселенің жан-жақты ашылуына мүмкіндік жасады [23].

Ғ.Қараштың құқықтық көзқарастарына заңгер ғалымдарымыз да назар аударуда. Бұл тұрғыда ұлт қайраткерлерінің өмірі мен саяси құқықтық көзқарасын саралап жүрген С.Өзбекұлының еңбегінің маңызы зор. Ғалым ұлт зиялыларының атқарған қызметтерін, олардың қоғамдық-саяси, құқықтық көзқарастарын баяндай отырып, Ғ.Қарашқа ХХ ғасыр басындағы даму кезеңінде қоғамдық-саяси және құқықтық ой-пікірге ерекше үлес қосып, артына өшпес із қалдырған ірі тұлға деп баға береді [24].

Ғ.Қараштың мемлекет, құқық, саяси жүйе, заңдылық, әділсот, құқық бұзушылық, әйел теңдігі туралы ой-пікірлері мен жалпы құқықтық көзқарастары А.Исмайловтың кандидаттық диссертация тақырыбының негізгі зерттеу объектісі ретінде қарастырылған[25]. Сонымен Ғұмар Қараштың өмірі мен қызметі жөнінде жоғарыда қысқаша тоқталған ғылыми әдебиеттерге шолу нәтижесінде Ғұмар Қараштың әдеби, публицистикалық мұрасы, шығармашылығы, құқықтық көзқарасы біршама жақсы зерттелгенін көреміз. Бірақ оның қоғамдық-саяси қызметінің арнайы концепциялық тарихи зерттеу объектісі ретінде қарастырылмауы бұл тақырыптың өзектілігін аша түседі.



Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Диссертацияның басты мақсаты – Ғ.Қараш өмірінің барлық кезеңдерін қоғамдағы саяси-әлеуметтік өзгерістермен байланыстыра отырып, оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен жағдайларды, Алаш қозғалысындағы орны мен рөлін айқындау, қоғамдық-саяси және шығармашылық қызметін тарихи тұрғыда зерттеу болып табылады. Осыған байланысты зерттеу жұмысының алдына төмендегідей міндеттер қойылды:

– Ғ.Қараштың өскен, білім алған ортасы, оның қоғамдық көзқарасының қалыптасуына әсер еткен негізгі факторларды анықтау;

– Алаш қайраткерлерінің бірі ретінде Ресей империясының отарлық саясатын, ұлттық езгіні сынауы және қазақ халқының жер, дін, оқу-ағарту мәселелеріне қатысты көзқарасын айқындау;

– Ғ.Қараштың 1911-1913 жж. аралығындағы «Қазақстан» газетінің ұйымдастырушысы әрі шығарушысы қызметінде жүріп атқарған ағартушылық жұмысын талдау нәтижесінде оған обьективті баға беру;

– Ғ.Қараштың педагогикалық және діни ағартушылық қызметін деректік материалдар негізінде саралау;

– Ұлт жанашырының «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құрудағы қайраткерлігін ашып көрсету;

– 1917 жылғы ақпан төңкерісінен кейінгі саяси өзгерістерді, шараларды халыққа насихаттап түсіндірген белсенді қызметін тұжырымдау;

– Ғ.Қараштың Кеңес дәуіріндегі атқарған қоғамдық-саяси қызметін және мерт болуын бұрын ғылыми айналымға тартылмаған, сондай-ақ осы уақытқа шейін жарияланған деректік материалдар негізінде талдауға алу көзделінді.



Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері. Диссертациялық жұмыс жоспары мен мазмұнының ішкі құрылымына сәйкес 1875-1921 жыл аралығын қамтиды. Зерттеудің мерзімдік ауқымында туған жылы мен қаза болған уақыт аралығындағы Ғұмар Қараштың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметінің мазмұны анықталады.

Зерттеу жұмысының методологиялық негізі обьективтік,тарихилық, жүйелік, салыстырмалық, және талдау мен жинақтау, даму сияқты ғылыми таным принциптеріне сүйеніп құрылған. Зерттеу жұмысын талдауда соңғы жылдары тарих ғылымындағы өзекті тарихи тақырыптар, соның ішінде ұлт-азаттық козғалыстың көрнекті тарихи тұлғаларының өмірі мен қызметін зерттеуде қалыптасқан жаңа концепциялар мен ой-тұжырымдар негізге алынды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Отандық тарих ғылымында Ғ.Қараштың өмірі, қоғамдық-саяси қызметі ғылыми айналымға алғаш рет енгізіліп отырған мол мұрағат деректері мен бұрын жарияланған еңбектерді сыни тұрғыдан талдау негізінде кешенді түрде зерттелуінде болып табылады. Зерттеуге енгізілген жаңалықты былайша топтауға болады:

– Жаңа тың деректермен толықтыра отырып, Ғ.Қараштың мақсаты елінің азаттығы үшін күрес екендігі айқындалды;

– Ғұмар Қараштың ұлт мәселесі жөніндегі көзқарасы арнайы зерттеліп анықталды;

– Алаш қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің бірі, Алаш идеясын насихаттаушы есебінде баға берілді;

– Халық ағартушысының педагогикалық ой-пікірлері мен діни ағартушылық қызметіне тарихи обьективті тұрғыда талдау жасалынды;

– Ұлт жанашырының жәдидшілдік қызметі нақтыланды;

– Ғұмар Қараштың қоғамдық көзқарасы, дүниетанымы, жеке басының қадір-қасиеттері айқындалды;

– Ғұмар Қараштың тарихи мұралары жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан тұжырымдалды.



Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.

– Ғұмар Қараш қоғам қайраткері ретінде қазақ халқын өркениетті елдердің санатына көтеру үшін өзінің саяси көзқарастары мен ой-пікірлерін халықты жаппай ағартушылыққа, білім мен ғылымды меңгеруге шақырды;

– Ғұмар Қараш – халық жанашыры. Оның шығармаларының барлығы сол заманның көкейтесті, зәру мәселелерін, яғни қазақ халқының әлеуметтік, саяси, экономикалық, құқықтық қайшылықтарын ашып көрсетуге талпынған, олардан шығу жолдарын іздестірген мақсат-міндеттерден туындаған;

– Ғұмар Қараш – ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалыстың жаршысы ретінде өзіндік орны ерекше тұлға. Ол ұлттық-демократиялық зиялыларымен бірге қазақ қоғамының әлеуметтік экономикалық және саяси мәселелерін шешуге белсене араласады. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Сералин, Б.Қаратаев сияқты өз қызметінің басты бағыттарын анықтап алып, ой-пікірлерін халыққа кеңінен тарату үшін газет шығару ісін қолға алды;

– Халық қамқоршысының дін, ұлт, тіл, мәдениет хақындағы озық ой-пікірлері мерзімді баспасөз беттерінде жарияланып, бүкіл қазақ сахарасының рухани саяси өрлеуіне ықпал етті. Ғұмар Қараштың ХХ ғасыр басындағы қазақ халқының өркениетті мемлекеттер сапына қосылып, ілгері дамуы жөніндегі көзқарастары бүгінгі күні өзінің мәнін жойған емес;

– Ғұмар Қараштың қоғамдық-саяси көзқарасы ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуымен тікелей байланыста болды. Оның Қазақстандағы сол кезеңдегі ең көкейтесті маңызды мәселелерді шешуге ат салысуы, рухани ізденіс, күйзелісі өзіне замандас алаш қайраткерлерінің пікірлерімен үндесе дамыды;

– Ғұмар Қараш – жоғары діни білім алған қайраткер. Оның қоғамды өзгертуге бағытталған идеялары діни қағидалар мен шариғат заңдарына негізделіп, дін халықты имандылыққа, өркениеттілікке жетелейді деп тұжырым жасайды. Шариғат заңдары мен дін талаптарынан туындайтын имандылықтың негізінде қалыптасқан тақуалық, ар-ождан қасиеттері дағдарысқа ұшыраса, онда мемлекетте мәдени эрозия жайлап, қылмыс пен теріс қылықтар көбейеді. Ғұмар дін және шариғат заңдары ғылым мен өнердің дамуына еш кедергі болмайтынын ғылыми негізде дәлелдейді;

– Ұлттық мәні бар саяси-әлеуметтік және мәдени мәселелерді көтеріп, шешуде мерзімді баспасөздің атқарар қызметінің маңыздылығын Ғұмар Қараш жақсы түсінді. Сондықтан да ол шын мәнінде жалпы ұлттық газет шығару ісіне көп күш жұмсады. Шәңгерей Бөкеевтің бағыт беруімен, Ғұмар Қараш пен Елеусін Бұйриннің басшылығымен, Бақытжан Қаратаевтың қосшылығымен, озық ойлы, халық қамын ойлаған жекелеген дәулетті адамдардың демеушілігімен 1911 жылдан бастап Ордада, Оралда «Қазақстан» газеті шыға бастады;

– Ғұмар Қараш сол кездегі қазақ өлкесіндегі басқа да ойшылдар секілді Ақпан төңкерісін қуанышпен қарсы алды. Патшаның тақтан құлауын ірі саяси оқиға деп таниды, самодержавиелік зорлықтың күйреуі халықтарды отарлық езгіден құтқарады деп санады. Қазақ қоғамының барлық ойлы азаматтары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов сияқты ірі тұлғалардың «Алаш» туының астына бірігуін қолдайды.



  1   2   3


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет