Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: е-r-1 санаты үшін



жүктеу 204.69 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі204.69 Kb.
: userfiles -> files
files -> Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттардың сенімді өкілдерінің сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар тізбесі
files -> Личная информация
files -> Тақта (билборд) орналасатын орындар
files -> Сырдария ауданы бойынша сайлау учаскелері
files -> Ира́к (араб. عراق‎‎), официальное название — Респу́блика Ира́к
files -> Личная информация
files -> Баранец обыкновенный Huperzia selago плаун-баранец
files -> Определение. Сумма членов бесконечной числовой последовательности называется числовым рядом

БАҚ-ң жариялану күні:

«Ақ жол» 24.11.2015 год

Аяқталу күні: 07.12.2015ж

«Знамя труда» 24.11.2015 год


Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялау туралы хабарландыру
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары:

Е-R-1 санаты үшін: жоғары білім;  жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес; 2) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес; 3) ғылыми дәрежесінің болуы; 4) мемлекеттік органдарда басшылық немесе өзге лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес; 5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.



Е-R-4, Е-G-3 санаттары үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибиесі талап етілмейді; мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда ортадан кейінгі білімі барларға рұқсат етіледі.

Е-G-4 санаты үшін: жоғары немесе ортадан кейінгі білім не орта техникалық немесе кәсіптік білім; жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.


Санаты

Мемлекеттік қызмет атқарған жылдарына қарай

теңгеден

теңгеге дейін

E-R-1

109548

147986

E-R-4

56376

76235

E-G-3

53813

72391

E-G-4

48047

64704


Талас ауданы әкімінің аппараты әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды

080800, Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы №1 үй, 306-бөлме, телефон/факс: 8(72644) 6-22-11, электрондық пошта: akimtalas@mail.ru


1. Талас ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы - 1 бірлік (санаты Е-R-1, № 01-16-01).

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Ауданның елді мекендерін дамыту және жаңғырту, салынып жатқан тұрғын үй, ғимараттар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, т.б. объектілерінің көркемдік шешімін табуын қамтамасыз етеді. Өз құзыретi шегiнде аудан аумағындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің кешенді дамытудың бірыңғай стратегиясын жүргізеді. Пайдалануға берілетін объектілерді Заңда белгіленген тәртіппен қабылдау және тіркеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етеді. Елді мекендердің бас жоспарының жобаларын әзірлейді, аудандық мәслихаттың бекітуіне ұсынады. Салынып жатқан объектілердің мониторингін жүргізеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктер актілерінің және тапсырмаларының орындалуын өз құзыреті шегінде қамтамасыз етілуін қадағалайды. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алуды үйлестіреді. Қала, ауылдық округі елді мекендерінің бас жоспарларын іске асыру жөніндегі қызметті үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе өнер саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе сәулет немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе құқық саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



2. Талас ауданы әкімдігі ветеринарлық бөлімінің басшысы - 1 бірлік (санаты Е-R-1, № 01-15-01).

Функционалдық міндеттері: Мекеменің жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді. Жануарлардың энзоотиялық және аса қауіпті аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын бақылайды және оларды жүргізуге бөлінген бюджеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есепке алуды, есептілікті жүргізуді, талдауды жүзеге асырауды ұйымдастырады. Уәкілетті органға есеп беруді қамтамасыз етеді. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Аудан көлемінде халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау, жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеуді ұйымдастырады.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін және хат-хабарларды қарап, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайды. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау, жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жоюды жүзеге асыруын қадағалайды. Өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, Үкімет қаулыларының, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктер актілерінің және тапсырмаларының орындалуын бақылайды. Мемлекеттік, салалық және аймақтық бағдарламалардың іске асырылуын бақылайды. Өз құзыры шегінде мемлекеттік сатып алуды үйлестіреді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы: ветеринария (жалпы) немесе мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



3. Талас ауданы әкімдігі дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-20-02).

Функционалдық міндеттері: Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету. Дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық жоспарларын әзiрлейдi және iске асырады. Спорт түрлерi бойынша аудандық деңгейде жарыстар өткiзедi. Спорттың әр түрi бойынша аудандық құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi. Аумақтарда бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамыту. Аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi және iске асырады. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық атқарушы органға табыс етедi. Жоспарға сәйкес оқушылар, жасөспірімдер, мүгедектер, ардагерлер арасында бұқаралық және ұлттық спорт түрлерінен біріншілік, турнирлер, чемпионаттар өткізуді ұйымдастырады. Дене шынықтыру және спорттың дамуына негізгі және экономикалық көрсеткіштеріне сараптама жасау. Дене шынықтыру және спорт ұйымдарының дене шынықтыру және спортты дамытудағы мемлекеттік және аймақтық даму бағдарламаларын; материалдық-техникалық базаны нығайту; спорт ізбасарларын дайындау және іріктеу жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің шегінде қарау. «Дене шынықтыру және спорт туралы», «Еңбек туралы» Заңдарының және көпшілік–спорт жарыстары кезіндегі техника қауіпсіздігі мен санитарлық–гигиеналық норма ережелерінің сақталуын қадағалау. Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Президенті, Үкіметі актілерінің, облыс, аудан әкімдіктері қаулыларының, облыс, аудан әкімдерінің шешімдері мен өкімдерінің, хаттамалық және басқа тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру.Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi. Тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі- білім саласында. Мамандығы: дене шынықтыру және спорт.

Қазақстан-2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңды, осы санаттағы нақты лауазымға сәйкес мамандандыру облыстарындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



4. Талас ауданы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-21-06).

Функционалдық міндеттері: Астық қозғалысы есебін жүргізу. Аса қауіпті зиянды организмдер мен саяқ шегірткелерге қарсы химиялық күрес жұмыстарды ұйымдастыру. Маркетинг жұмыстарымен айланысу. Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Қаржы, есеп-қисап және мемлекеттік сатып алу жүмыстарын жүргізу. Ауыл шаруашылығы дақылдарын сақтандыру жұмыcтарын бақылауға алып, үйлестіру.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - ауылшаруашылық ғылымдары немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе экономика немесе маркетинг немесе статистика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік реттеу туралы» Заңын білуі.



5. Талас ауданы әкімдігі сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің сәулет, қала құрылысы және жобалау секторының бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-16-03).

Функционалдық міндеттері: Аудан көлемінде инженерлік жүйелер құрылысы, аудан әкімінің бағдарламаларын жасау және орындалуын қадағалау, жергілікті атқару органдарымен, қала, ауыл әкімдерімен электрондық байланыс, «Мекен-жай тіркелімі» жылжымайтын мүлікті түгендеу, ақпараттық инженерлік қондырғыларының жүйесін енгізу мен дамыту, қала құрылыс кадастырын жүргізу жөніндегі жұмыстарын үйлестіру. Аудан көлемінде нысандарды қабылдау комиссиясының жұмыстарына қатысу. Сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілері және басқа да нормативтік құқықтық актілерінің орындалуына бақылау жасау. Елді мекендердің бас жоспары, абаттандыру жұмыстарын үйлестіру. Арыз-шағым мәселелері. Кадрлармен жұмыс және іс-жүргізу мәселелері. Құрылыс саласында заңгерлік қызметі мәселелері.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында. Мамандығы: құрылыс немесе құқық саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



6. Талас ауданы әкімдігі тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы - 1 бірлік (санаты Е-R-4, № 01-02).

Функционалдық міндеттері: Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне техникалық тексеру жұмыстарын жүргізу, күрделі жөндеу жұмыстары жеке түрлерінің жүргізу тәртібін, мерзімділігін, жүргізілетін шаралар тізімдерін анықтау, жұмсалатын шығындар сметасын келістіру және жөндеу жұмыстарының жеке түрлері орындалып болғаннан кейін қабылдау комиссиясының жұмысына қатысу. Бөлімнің іс қағаздарын жүргізу, экономика жұмыстарын жоспарлау, бухгалтерлік есеп жүргізу, белгіленген мерзімде өкілетті органдарға есеп тапсыру, арыздар мен өтініштерді қарау, аудан әкімінің шешімдері мен өкімдерін дайындау, анықтамалар әзірлеу.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы: құрылыс немесе құқықтану немесе экономика немесе мемлекеттік және жергілікті басқару.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



7. Талас ауданы әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы- 1 бірлік (санаты Е-R-4, №01-18-02).

Функционалдық міндеттері: Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, индустриалдық-инновациялық саясатты жүзеге асыру мақсатындағы жұмыстарды ұйымдастыру, бөлімге қатысты салаларға инвестиция тартуға ықпал ету, инвестициялық және инновациялық тізімге ұсыныстар қалыптастыру, аудан әкімінің бағдарламаларын жасау және орындалуын қадағалау. Аудан бойынша кәсіпкерлік және өнеркәсіп саладағы субъектілердің қызметіне талдау және болжам жасау. Қазақстан Республикасының Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Үкімет Қаулыларын, жоғарғы мемлекеттік органдарының актілерін, аудан әкімінің шешімдерін, өкімдерін, әкімдіктің қаулыларының орындалуын қадағалау. Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау, индустриалдық-инновациялық саясатты жүзеге асыру мақсатында жергілікті атқару органдарының жұмысын үйлестіру, әртүрлі жиындар, семинар-кеңестер өткізу. Бөлімге келіп түскен кіріс және шығыс құжаттарын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, орындалуын бақылау.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласында немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы - экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе құқықтану немесе қызмет көрсету саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясы, Қазақстан Республикасының «Жеке кәсiпкерлiк туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



8. Үшарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-30-02).

Функционалдық міндеттері: ауыл әкімі аппаратының жұмысын ұйымдастыру мәселелерімен айналысады. Ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдерін дайындайды. Ауылдық округі әкімінің атына келіп түскен өтініш, арыз-шағымдарды тіркеп, оларға тиісті жауаптар қайтарады және 1-ОЛ есебін жүргізеді. Округ әкiмiнiң азаматтарды қабылдауын ұйымдастырады Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша қызмет көрсету жұмысын қамтамасыз етеді. Жоғарғы органдардан келіп түскен қаулылар, өкім және шешімдерінің орындалуына бақылау жасайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында немесе әскери іс және қауіпсіздік немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина). Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы) немесе әскери іс және қауіпсіздік (жалпы) немесе денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету (медицина) (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



9. Үшарал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – ветеринар 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-30-03)

Функционалдық міндеттері: 1. Округ бойынша ветеринарлық іс-шаралар жоспарын орындайды. Ауылдық округте жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы округ әкімінің шешімдер қабылдауына тиісті жұмыстарды жүргізеді, құжаттарды рәсімдейді. Ауылдық округті көрiктендiру, көгерiштендiру және санитарлық тазалығын сақтау, табиғат пен қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын ұйымдастырады. Мал басының қамтылуын ұйымдастырады, жануарлардың аса қауіпті аурулары бойынша бекітілген профилактикалық іс-шаралар жоспарын мерзімінде орындайды. Ауылдық округтің аз қамтамасыз етілген тұрғындарына атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін қажетті құжаттарды жинақтап, уәкілетті органға тапсырады. Мемлекеттк бағдарламалардың орындалуын қаматамасыз етеді. Салауатты өмір салтын насихаттау, гендерлік, тіл және жастар саясатымен айналысады, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіподақ ұйымдарымен жұмыс жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе ветеринария. Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе ветеринария (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



10. Аққұм ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-35-03)

Функционалдық міндеттері: Жер, мүлік салықтары мен басқа да міндеті төлемдердің бюджетке түсуін қамтамасыз етеді. Бөгде адамның көмегін қажет ететін жалғызбасты адамдармен, аз қамтамасыз етілген отбасылармен, жетімдермен, мүгедектермен тиісті жұмыстар жүргізіп, құжаттарын тиісті орындарға жолдайды. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік және әскери қызмет бойынша жұмыстардың орындалуын ұйымдастырады. Ауылдық округі әкімінің берген басқа да қызметтік тапсырмаларын орындайды.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – білім саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық саласында немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе техникалық ғылымдар және технологиялар немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы - білім саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы).

Қазақстан – 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Казақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



11. Көктал ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-24-02):

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімі аппаратында бақылауға алынған Қазақстан Республикасының Президентінің, Үкіметтің, облыс және аудан әкімдерінің, әкімдіктің нормативтік актілерінің орындалуы бойынша жинақтау папкаларын жүргізу. Бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу. Мемлекеттік сатып алу Заңдылықтарына сәйкес жұмыстарының сапалы турде өткізілуін жүргізеді.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.



12. С.Шәкіров ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-33-05):

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылық жануарларын шаруашылық кітап бойынша компьютерлік базаға енгізу. Ауылдық округтегі жеке тұрғындар мен шаруа қожалықтары малдарына есеп жұмыстарын жүргізеді. Ауылдық округі бойынша мал жайылымдарын анықтайды. Ауылшаруашылығына қатысты басқа да ауыл әкімінің тапсырмаларын орындайды. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрмыстық жәрдемақылар тағайындау үшін қажетті құжаттарды жинақтап, уәкілетті органға тапсырады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі – ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында. Мамандығы - ветеринария (жалпы) немесе ауылшаруашылығы ғылымдары (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



13. Қызыләуіт ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы - 1 бірлік (санаты E-G-3, №01-29-05).

Функционалдық міндеттері: Өзіне жүктелген сала бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жүзеге асырады және тиісті бөлімге тоқсандық мәліметтер береді. «Нотариат туралы» Заңда белгіленген құқықтарға сәйкес азаматтарға нотариалдық қызметтер көрсетеді. Барлық іс –қағаз тек комьпютер арқылы жүргізіледі.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе құқық саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында немесе қызмет көрсету саласында. Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе қызмет көрсету саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



14. Ойық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-бухгалтері - 1 бірлік (санаты E-G-3, № 01-31-06)

Функционалдық міндеттері: Ауыл әкімінің берген тапсырмаларын орындайды. Ойық ауылдық округі әкімі аппаратындағы бухгалтерлік есеп-қисап жұмыстарын жүргізу, мүліктерді түгендеу, жеке еңбек келісім - шарттарын жасау, аппарат қызметкерлерінің жалақысын есептеу, кассалық және материалдық құжаттар кітабын жүргізу. Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарларын, жоспарға өзгерту мен толықтыру және есептіліктерін жүргізеді. Жылдық, тоқсандық, айлық бухгалтерлік есептерді тиісті органдарға тапсырады. Бастауыш кәсіподақ ұйымының жұмыстарымен айналысады.

Үміткерлерге қойылатын біліктілік талаптар: білімі - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес. Мамандығы - экономика немесе есеп және аудит немесе қаржы.

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білуі.



15. Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – 1 бірлік (санаты Е-G-3, 01-26-03).

Функционалдық міндеттері: ауылдық округі аумақтарында адам мен жануарларға ортақ аурулардан халық денсаулығын қорғау, тіркелген жағдайда эпизоотиялық жағдайын анықтау, ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіру жүргізу және жануарларды бірдейлендіру бойынша компьютерлік базаға енгізу, ауылдық округі бойынша ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ветеринариялық іс-шаралар жоспарын, есебін жүргізу, шаруашылық кітаптарының бет есебіне қондырылатын мал басы туралы және аудандық статистика басқармасына берілетін мал басы санағы бойынша есепке тікелей жауапты болу, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары бойынша жұмыс жүргізу, ветеринарияға және ауыл шаруашылығына қатысты анықтамалар мен хабарламалар дайындау.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: білімі – ветеринария немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе құқық саласында немесе гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында. Мамандығы - ветеринария (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе білім саласында (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



16. Қаратау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы – 1 бірлік (санаты Е-G-3, 01-26-04).

Функционалдық міндеттері: ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырушылар мен запастағы әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, ауыл жастарымен жұмысты ұйымдастыру және спорттық іс-шаралардың өтуін қамтамасыз ету, ауылдық округ бойынша және әкімшілік ғимаратында өрт пен техника қауіпсіздігінің сақталуы жөнінде жоспарлы жұмыс жүргізуін ұйымдастыру, баспасөз басылымдарына жазылуды ұйымдастыру. Әскери қызметке қатысты анықтамалар мен хабарламалар дайындау.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: білімі – техникалық ғылымдар және технологиялар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес немесе гуманитарлық ғылымдар немесе құқық саласында немесе білім саласында немесе ауылшаруашылық ғылымдары. Мамандығы - техникалық ғылымдар және технологиялар (жалпы) немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (жалпы) немесе гуманитарлық ғылымдар (жалпы) немесе құқық саласында (жалпы) немесе білім саласында (жалпы) немесе ауылшаруашылық ғылымдары (жалпы).

Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы нақты лауазымды сәйкесінше мамандандыру салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.



17. Кеңес ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы - 1 бірлік (санаты E-G-4, №01-32-06).

Функционалдық міндеттері: Ауылдық округте есепте тұрған әскер қатарына шақырылушылар мен запастағы офицерлер және әскери міндеттілердің қозғалысын есепке алу, жастарды әскери қызметке дайындау. Аз қамтылған отбасыларға жәрдемақы тағайындау іс-қағаздарын жүргізу. Кәсіподақ ұйымының жұмыстарын жүргізу.

Үміткерлерге қойылатын квалификациялық талаптар: Мамандығы - жалпы.

Қазақстан - 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын, осы санаттағы мемлекеттік лауазымдарды мамандандыруға сәйкес салаларындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының Заңнамалық және нормативтік құқықтық актілерін білу.



Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 19 наурыздағы №06-7/32 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын қалыптастыру қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес өтініш (бұдан әрі - Қағида).

2) 3х4 үлгідегі суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) білімі туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда №6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органмен белгіленген шекті мәннен төмен емес нәтижемен тестілеуден өткені туралы қолданыстағы сертификаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі.



Е-R-1 санаты бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының конституциялық заңы, «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Әкімшілік рәсімдер туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi;

E-R-4, E-G-3, Е-G-4 санаттары бойынша келесі тестілеу бағдарламасы қарастырылған: мемлекеттік тілді білуге тест (20 тапсырма); логикалық тест (10 тапсырма). Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тестке Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Мемлекеттік қызмет туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын бiлуге арналған тест сұрақтары кiредi.

Құжаттарды қабылдау мерзімі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күнінің ішінде, жоғарыда көрсетілген мекен-жай бойынша орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратына тапсырылуы тиіс.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде азаматтардың өздері әкеліп берген немесе поштамен жіберген (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін көрсетілген құжаттарды электрондық пошта арқылы берген азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күн бұрын кешіктірмей береді. Аталған құжаттардың түпнұсқасы берілмеген жағдайда тұлға әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабар алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Талас ауданы, Қаратау қаласы, Достық алаңы, № 1 үй (3-қабат, 306 кабинет) мекен-жайда орналасқан Талас ауданы әкімінің аппаратында әңгімелесуден өтеді.

Конкурстық комиссияның үміткерлермен әңгімелесу отырысына байқаушылардың қатысуына жол беріледі.



Аталған лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтерме ақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Аудан әкімінің

міндетін атқарушы С.Дадабаев



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет