Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің №1 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерімен өткізілген жоспарлы мәжілістің ақпараты



жүктеу 56.98 Kb.
Дата29.04.2016
өлшемі56.98 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары
Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің №1 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерімен өткізілген жоспарлы мәжілістің ақпараты

Әлеуметтік жұмыс- өте күрделі, жан-жақты білімді, ізденісті талап ететін мамандық түрі. Халыққа қызмет ете отырып, әлеуметтік тұрғыдан қорғауға, қолдауға мұқтаж жандарға қол ұшын беру сияқты тапсырмаларды мақсат ете отырып, көмек көрсету- әлеуметтік жұмыстың күрделілігі болып табылады.

Әлеуметтік қызметкерлер мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста болып, ақыл-кеңес беру мақсатында арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің сапалы өркендеуі үшін аянбай еңбек етіп, етене, қоян-қолтық араласуына, мамандар білімдерін жетілдіріп, ой-өрістерін жаңа әдіс-тәсілдермен дамытып, әрдайым ізденісте болып, еңбекке деген құлшыныстың, белсенді, жауапты, тыңғылықты, аса іскерліктің арқасында қол жеткізуге ғана болады.

Бөлімшеде 2012жылдың басында жоспарланғандай, аптасына 1 рет, жоспарлы отырыс жүргізіледі. 2012жылдың сонау қаңтар айынан бастап бөлімшеде 42 жоспарлы мәжілістер өткізілді. Әрбір жоспарлы мәжілісте- талқыланатын өзекті мәселелер жоспарланып, мәжілістің хаттамасы дер кезінде толтырып отырады.

Жоспарлы мәжілісте - бөлімшеде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетілетін мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналардың тыныс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы, арнаулы әлеуметтік қызмет түрлерінің сапасы, әлеуметтік қызметкерлердің балаларға бару кестесі, жұмысқа жауапкершіліктері, қоғамдық істерге белсенді араласулары, жаңа әдіс-тәсілдерді игерулері, психологиялық ақыл-кеңестер мен тренинг, семинар-сабақтардың түрлері міндетті түде жоспарланып, талқыланып отырады. Әрдайым жоспарлы мәжіліс – жаңа білімдермен тоғысып, қызықты өтуде.

Соның бірі 2012 жыл – Мәдениет жылы болып аталуына байланысты, 07.11.2012ж, сағат 10.00 де, №42 жоспарлы мәжілісті «Кәсіптік және жеке қарым-қатынас жасау мәдениеті» деген тақырыпта әлеуметтік қызметкерлермен ойын түрінде, анкеталық- сұрақ, психологиялық тренинг, кеңестер, кең көлемде өткізілді.

Жоғарыда айтып өткендей, әлеуметтік жұмыстың қыр-сырын меңгеру үшін, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласы мамандарының біліктілігін арттыру барысында Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар Басқармасының қолдауымен әрдайым білімімізді жетілдірудеміз. Биылғы жылы, қазан айының 24-ші жұлдызында Астана қаласындағы, «Ұлағат» мәдениет және даму қорының, арнаулы әлеуметтік қызметтер саласы мамандарының біліктілігін арттыру семинарына қатысып, көптеген деректер, әлеуметтік салаға қажетті ақпараттар, пайдалы кеңестер алып іс-тәжірибеде колданудамыз. ҚР-ның халықты әлеуметтік қорғау және еңбек Министрлігінің, әлеуметтік көмек Департаментінің мүгедектерді оңалтудың және МӘҰ бағыттарын жүзеге асыру Басқармасының бастығы А.О. Табергенова, ҚР-ның халықты әлеуметтік қорғау және еңбек министрі, әлеуметтік қорғау және бақылау комитетінің председателінің орынбасары Г.М. Тохсеитова, ҚР-ның Президентінің адам құқығын қорғаудағы комиссияның мүшесі, тәжірибеші психолог Г.А. Наби, «Астана қаласының балалар психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекемесі» басшысы медицина ғылымдарының докторы С.Е. Бупежанов және тағы басқа білікті мамандар дәрістер оқып, озық, Отандық және халықаралық тәжірибелерді заманауи әлеуметтік қызмет салаларына енгізумен қатар мүгедектерді емдеу және оңалтудың заманауи бағыттарында әдіс-тәсілдерімен ой бөлісіп, дөңгелек үстөлдер өткізіліп, әлеумет саласының өзекті мәселелері ортаға салынып, талқыланып, талданды. Міне, осы семинардан алған дәріс, әдіс-тәсілдерді де Бостандық аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған әлеуметтік қызмет көрсетудің №1 бөлімшесінің әлеуметтік қызметкерлерімен өткізілген №42 жоспарлы мәжілісінде «Кәсіптік және жеке қарым-қатынас жасау мәдениеті» тақырыбында ортаға салып, ой бөлісіп, ҚР-ның Президентінің адам құқығын қорғаудағы комиссияның мүшесі, тәжірибеші психолог Г.А. Набидің «Күйзеліс: күйзелістен шығу жолдарының әдіс-тәсілдерін меңгеру, психологиялық тренинг» семинарын әлеуметтік қызметкерлермен ойын түрінде өткіздік. Әлеуметтік қызметкерлер орындарынан тұрып, молекулалар сияқты қозғалыста әуенмен қимылдар жасап, әуен тоқтағанда, әрбір адам тез жұп-жұбымен тұра қалуы тиіс. Екі жұп бір-біріне өз есімдері жайлы толық ақпарат береді, яғни есімін кім атады?, не себепті? Есімінің тарихы қандай? Мыс: Ақмаралдың есімі жайлы естіген, білгенін Гүлсім айтса, ал Ақмарал Гүлсім жайлы айтуы керек, солай ойын жалғасады...

Әріптестер келесі ойында 3 топқа бөлінеді, қалам, қағаздар, плакаттар беріліп, күйзелістерді бейнеленіп, тығырықтан шығу жолдарын іздестіреді...

Күйзеліс- ұзаққа созылатын енжар, жабырқаңқы көңіл-күйді сипаттайтын ішкі сезім жағдайы, ол күнделікті өмір сүру қабілетіне әсер етеді.

Күйзелістің сезіміне мыналар жатады:



  • Енжар, жабырқаңқы көңіл-күй

  • Күнделікті істер мен қызығушылықтарға ықыластың болмауы

  • Алаңғасарлық зейін мен концентрация

  • Ағзаның зат алмасуының бұзылуына әкелетін тәбетсіздік немесе шамадан тыс тәбет

  • Мазасыз ұйқы

  • Шаршау

  • Өзін-өзі қажетсіз үмітсіз сезіну

Күйзеліспен күресу үшін, адам өзінің науқас екендігін мойындау қажет және дер кезінде көмек сұрай білу керек.

Психологиялық денсаулықтың жағымды жағдайларымен байланысатын тұрмыс қалпы - достарымен уақыт өткізу, қызықты іспен айналысуға уақыт бөлу, спортпен жүйелі түрде айналысу, адам өз-өзіне сенуі тиіс, өз-өзін жақсы көру, өзінің қолынан бәрі келетініне бек сеніп, алда талай толағай табыстарға жететіндігін ойлау керек. Бүгінгі сәтсіздік- ертеңгі сәттіліктің бастауы! Жағымсыз ойлардан сақтану керек. Жымиып күлуді де ұмытпаған абзал. Кейбір арт-терапевттердің айтуынша, адамның рухани жанын емдеуге би сөзден де жақсы көмек береді екен, билеп жатқан адамда зат алмасу процесі жақсы жүреді, жүрек- қан тамырлары мен тыныс алу жүйелері қалпына келіп, иммунитеті күшейетін көрінеді, егер, әр-түрлі би қимылдарына салып билесе, мидың да жұмысы қалыпты жағдайда болады, - дейді психотерапияның көзқарасына сүйенер болсақ... Ән- көңілдің- ажары демекші, ән- адамды сабырлы қалыпқа келтіреді, ән шырқағанда, жаныңызды бүкіл әлемге ашқандай болып, эмоциялардың шығуына мүмкіндік болады.

Келесі бағдарлама бойынша әріптестердің қолына 2 грек жаңғағын беріп, алақанға салып 1-3 минут уқалау арқылы мидың қызметін жақсартуға, жұмыс жасауына әсері мол екендігін, теледидар алдында отырғанда да жасап отыруға ыңғайлы жаттығуды бірнеше рет қайталады...

Әлеуметтік қызметкерлер ән айтып, ақын-жазушылардың жырларының шумақтарын оқып, би қимыл-қозғалыстарын орындап, пайдалы кеңестер алып, келешекте денсаулыққа дер кезінде көңіл бөлетіндерін айтып, бір сергіп қалды...



Қарым қатынас жасау үлгілері:

  • Жұбыңыздың тілінде сөйлесіңіз;

  • Жұбыңызға сыйластық танытыңыз;

  • Ойды жалпы қарастыруға тырысыңыз;

  • Жұбыңыздың пікірін, ойын шығаруға тырысыңыз;

  • Белсенді тыңдаңыз;

  • Өзіңіздің ұсынысыңызды айтыңыз;

  • Жиірек «ия» деп айтыңыз, «жоқ» дегенді аз айтыңыз;

  • Қайғырып, уайымына қосылып, сезім білдіріңіз;

  • Жанжал шығармауға тырысыңыз;

Келесі бағдарламада әріптестерге диаграмма сызылған қағаз үлестіріп, диаграммада 8 бөлікке бөлінген, сұрақтарға жауап берулері тиіс:

НЕ ІСДЕЙМІН? НЕ ІСТЕУДЕМІН?



  1. Өзім үшін...

  2. Жұмысым, қызметім үшін...

  3. Туған-туыстарым үшін...

  4. Ата-анам үшін...

  5. Достарым үшін...

  6. Жарым үшін...

  7. Балаларым үшін...

  8. Өзімнің денсаулығым үшін...

Әрине, сұрақтарға жауап беру барысында, ең басты адам өзі үшін, өзінің денсаулығы үшін дер кезінде көңіл бөлмей, басты назарға алмайтындығы ескерілді, қорытынды жасалып, кеңестер берілді.

Мұндай әдіс-тәсілдердің нәтижелері мүмкіндігі шектеулі балалар мен олардың ата-аналарына да пайдасы, әсері мол деп білеміз.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсақ, әлеуметтік сала- күрделі, үлкен ізденістерді талап етеді. Адамның бойында адамгершілік қасиеттің, білімділіктің, біліктіліктің, қарым-қатынас жасау мәдениеттерінің, адал ниеттердің болуын көксейді. Талап, Еңбек, Терең Ой, Қанағат, Рахым- ойлап қой! деген ұлы Абай сөздерімен қорытындыласақ артық болмас...

Бостандық аудандық жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің

мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған

әлеуметтік қызмет көрсетудің

1 бөлімшесінің кеңесшісі: Н. Алимбекова







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет