Бу және су қыздыру қазандықтарына техникалық куәландыру жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар



жүктеу 152.27 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі152.27 Kb.
: laws -> law -> nnic -> 0802
0802 -> Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары
0802 -> 2 бөлім 1 тарау. Жабдық 1 параграф. Жалпы талаптар
0802 -> Рудалы кен орындарын жер асты қазу кезіндегі тау жыныстарының және жер бетінің жылжуын бақылау бойынша нұсқауға
0802 -> Асинхронды қозғалтқышы бар шахталық көтергіш қондырғыларды сынау, жөндеу және тексеру бойынша методикалық нұсқаулықтар
0802 -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Домна өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар
0802 -> Метрополитендерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары 1-тарау. Жалпы талаптар
0802 -> Жерасты амалымен жұмыстар жүргізу кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
0802 -> Генераторлық газды өндіру мен тасымалдаудағы құрылғы мен қауіпсіздіктің салалық нормативтері




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайларды

және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау

комитетінің

2010 жылғы «11» қазандағы

№ 31 бұйрығымен келісілген



Бу және су қыздыру қазандықтарына техникалық куәландыру жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдар

1 - тарау. Жалпы ережелер
1. Бұл әдістемелік ұсынымдар бу және су қыздыру қазандықтарының металл конструкциясына техникалық куәландыру жүргізу тәртібін анықтайды.

2. Техникалық куәландырудың мақсаты қазандықтың металл конструкциясының сенімді және қауіпсіз эксплуатациялануын қамтамасыз ету үшін техникалық күйін анықтау болып табылады.

3. Техникалық куәландыруға мыналар жатады:

конструкцияның (колонналар, ригельдер, байланыстар, арқалық балкалар, төбе жабынының бекіткіш балкалары) беріктігі мен қатаңдығын қамтамасыз ететін карастың аспалы элементтері және төбе жабындары; қандай да біреуінің зақымдануы апаттық жағдайдың туындауына алып келетін жауапты есептеу элементтері;

қандай да біреуінің зақымдануы қазандықтың қауіпсіз эксплуатациялануына әсер етпейтін басқа есептеу элементтері: қатаңдық белдіктері, бункер және қаптама элементтері, фермалар форсункалары.

4. Аспалы каркасы жоқ (өзі тіректі) қазандықтарда техникалық куәландыруға коллекторлар мен барабандар, қызу беттерінің тірек тораптары жатқызылады.

5. Қазандықтар иелерімен металл конструкциясында анықталған зақымдануларды жою шаралары және қазандықтың металл конструкциясына жоғары температуралардың әсер ету себептерін жою шаралары іске асырылады. Қазандық иесі өз бетімен тұғырлар, төсемелер, сатылар, кранштейндер және алаңдар қоршаулары, металл конструкцияның есептелмейтін және қосалқы элементтеріндегі зақымдануларды жояды.

Ескерту. Істеп тұрған металл конструкциясының сыртқы беттерінің температурасы жобалау құжаттамаларымен негізделген шамалардан аспайды.

6. Техникалық куәландыруды жүргізу кезінде бақылаудың негізгі түрі қазандықтың металл конструкциясының элементтерін көзбен сыртқы бақылау болып табылады. Бақылаудың басқа түрлері және бірінші кезекте бұзбай бақылау, көзбен көріп бақылау кезінде металл конструкциясының элементтерінде пішіні немесе өлшемдерінде жобадан ауытқулар анықталса, негізгі металда немесе (және) пісірілген қосылыстарда зақымданулар анықталса, ұзақ уақыт бойы жоғары температура ықпалында болған телімдерін анықтау кезінде жүргізіледі.

7. Егер техникалық куәландыру нәтижелері бойынша негізгі элементтер және каркастың пісірілген қосылыстарының күйі осы бөлімде әрекеттегі нормативті – техникалық құжаттар талаптарын қанағаттандырса, қазандықтың металл конструкциясы одан әрі эксплуатациялауға жарамды деп саналады.

8. Металл конструкцияны техникалық куәландыру қазандықтарға техникалық куәландыру өткізетін аттестацияланған ұйымдармен орындалады.

2 - тарау. Техникалық куәландыру бойынша жұмыстарды ұйымдастыру
9. Металл конструкциясын техникалық куәландыру, қызметкерлерді қауіпсіздіпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарды қазандықтың иесі іске асырады.

10. Техникалық куәландыру кезіндегі диагностикалық бақылауда қолданылатын құрылғылар және құралдар жіберілмейтін ақаулықтарды анықтау үшін пайдаланылады.

11. Тексерілмеген және тексеруден өтпеген құрылғыларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

12. Бұзылмайтын бақылау құрылғыларының сезімталдығы шекті берілген өлшемнің жартысы болатын ақауды нақты анықтауды қамтамасыз етеді.

13. Металл конструкцияларының иілу және басқа да түзілік өлшемдерін өлшеу кезінде 1 мм – ден кем емес дәлдікті, қабырға қалыңдығын өлшеу кезінде 0,1 мм – ден кем емес дәлдікті алуға мүмкіндік беретін өлшеу аспаптарын және стандартты және арнайы әдістемелер қолдану керек.

14. Металл мен пісірмелі қосылыстардың механиалық қасиеттерін анықтау сынақтың сол түрлеріне нормативтік – техникалық құжаттар талаптарына сәйкес жүргізіледі.

15. Техникалық куәландыруға жатқызылатын бу немесе су қыздыру қазандығы жұмыстан ажыратылады және суытылады.

16. Каркастың айналдыра қаламасымен қазандықтардың металл конструкцияларын кезеңдік және мерзімінен бұрын техникалық куәландыру неғұрлым жылу кернеулі орындарда айналдыра қаламаны қайта монтаждау кезінде жүргізіледі.

17. Кезеңдік және мерзімінен бұрын техникалық куәландыру жүргізу кезінде куәландыруды жүргізуші маман колонналарды ашқаннан кейін башмактарды және айналдыра қаламаларды алғаннан кейін қазандықтың металл конструкциясына тексеру жүргізеді. Аталған жұмыстарды орындау қажеттілігі металл конструкцияның техникалық күйіне, бұдан ертеректе өткізілген куәландыру немесе техникалық диагностика нәтижелеріне тәуелді анықталады.

18. Техникалық куәландыруға жатқызылатын қазандықтың металл конструкциясының беті ластанудан тазартылады. Беттерді дайындау сапасы қолданылатын бақылау әдістемесінің талаптарымен анықталады.

19. Техникалық куәландыру кезіндегі орындалған жұмыстарға оны жүргізген ұйым, бірінші реттік құжаттама толтырады, оның негізінде қазандық мүмкіншіліктері және одан әрі эксплуатациялау жағдайлар туралы қорытынды ресімделеді.

20. Бірінші реттік құжаттама қазандықтың металл конструкциясына куәландыру жүргізген ұйымның мұрағатында сақталады.



3 - тарау. Техникалық күйді бағалау алгоритмі
21. Қазандықтың металл конструкциясының техникалық күйін бағалау алгоритмінде мынадай мақсаттарда жұмыстар мазмұны және реті қаралады:

қауіпсіз эксплуатациялау мүмкіншілігін бекіту;

жойылмайтын ақаулар байқалған жағдайда қауіпсіз эксплуатациялау ресурсын анықтау.

22. Қазандықтардың металл конструкцияларын техникалық куәландыру кезінде техникалық күйін бағалау алгоритміне мыналар жатады:

қазандықтың металл конструкциясының конструктивтік ерекшеліктерін талдау және техникалық құжаттамасымен танысу;

техникалық куәландыру бойынша эксплуатациялау шарттарын талдау және жұмыстар жоспарын (бағдарламасын) құру;

сыртқы тексеру, металл конструкциясының элементтерін өлшеу және бақылау, диагностикалық параметрлер кешені бойынша металл конструкциясының техникалық күйін бағалау және қажет болса, беріктікке есептеу;

қорытынды жазу.

23. Ішкі тексеру кезінде олардың зақымдануы табылған жағдайда металл конструкциясының металл элементтерін өлшеу және бақылауды өткізу жүргізіледі.

24. Қалқандар қаптамасы орнатылған және каркасты айналдыра қаламасы бар қазандықтарда каркас элементтерін тексеру үшін қол жетімсіз сыртқы зақымдану белгілері айналдыра қаламаның қирауы, каркас пен қалқандар қаптамаларының элементтерінің сыртқы беттерінің ақаулары болып табылады, олар:

қалдық деформация және орнықтылықты жергілікті жоғалту құбылыстары (қаптама табақшаларындағы және каркас элементтерінің тік қабырғаларындағы еңістер мен томпақтар);

негізгі металл мен пісіру жапсарлары бойынша жарылулар мен жарықшақтар;

коррозиялық тозу және металдың аса қызуының іздері.

25. Техникалық куәландыруды жүргізу кезінде аталған зақымданулар болмаған кезде айналдыра қаламаны қайта монтаждау жүргізілмейді.



4 - тарау. Техникалық құжаттамамен танысу, қазандықтың металл конструкциясының конструктивтік ерекшеліктері және эксплуатациялау жағдайларын талдау
26. Бірінші реттік техникалық куәландыру кезінде қазандық каркасының конструкция ерекшеліктерімен, іргетас, аршу және монтаждау жұмыстары, монтаждау формулярын қабылдау – тапсыру құжаттарымен, ақауларды монтаждау кезінде рұқсат етілген түзетулер бойынша жұмыстарды орындау көлемі мен әдістемелерімен танысу керек.

27. Кезеңдік және мерзімінен бұрын техникалық куәландыру кезінде қазандық төлқұжатына және жөндеу журналына ертеректе жазылған жазбалармен танысу, жөндеу, қалпына келтіру немесе қайта конструкциялау жұмыстары (негізгі және пісіру материалдарын пайдалану, орындау технологиясы, жұмыстар сапасын бақылау т.б.) кезінде нормативтік – техникалық құжаттар талаптарының сақталуын тексеру керек.

28. Қазандықтың металл конструкциясының конструктивтік схемасында конструктивтік орындалу ерекшеліктерінің нәтижесінде қирауға неғұрлым бейім элементтер (телімдер) белгіленеді.

29. Эксплуатациялық құжаттама мәліметтері бойынша нормадан ауытқыған жағдайлардағы металл конструкциясы элементтерінің эксплуатациялау ұзақтығын анықтайды, апаттық тоқтату себептері мен жағдайларын талдайды және конструкцияның келеңсіз әсерге тап болуы мүмкін телімдерін анықтайды. Бұл телімдерді металл конструкцияның схемасында белгілейді.

30. Жөндеу журналындағы жазбалар бойынша қазандықтың металл конструкциясының конструктивтік схемасында пісіруді қолданумен жөндеуге ұшыратылған элементтерді (телімдерді) белгілейді.

31. Жөндеу жүргізу құжаттамасын талдау негізінде конструкцияның неғұрлым осал бөліктері туралы, ақаулардың таралу қарқындылығы туралы мәліметті нақтылайды және сыртқы тексеру кезінде басымырақ көңіл бөлуді қажет ететін металл конструкцияның элементтерін және тораптарын анықтайды. Осы мәліметтерді ескере отырып қазандықтың металл конструкциясына техникалық куәландыру бағдарламасын әзірлейді.



5 - тарау. Сыртқы тексеру, өлшеулер және бақылау
32. Бірінші реттік техникалық куәландыру кезінде сыртқы тексерудің мақсаты қазандықтың металл конструкциясының жобалау құжаттамаларына және тіркеу кезіндегі ұсынылған құжаттамаларға сәйкес орындалғандығы және каркас және оның элементтеріне зақым келмегендігін тексеру.

33. Кезеңдік және кезектен тыс куәландырулар кезінде сыртқы тексерудің мақсаты қазандықтың металл конструкциясының жарамдылығын, оларды одан әрі эксплуатациялау мүмкіншілігі мен жағдайларын бекіту.

34. Қазандықтарды қайта конструкциялау кезінде сыртқы тексеру екі кезеңмен жүргізіледі:

қазандықты қайта конструкциялау жұмыстары басталғанға дейін – істеп тұрған металл конструкциясының техникалық күйін анықтау және қазандықты қайта конструкциялауды жүргізу мүмкіндігі үшін қажетті қалпына келтіру жұмыстарының көлемін анықтау мақсатымен;

қайта конструкциялау аяқталғанан кейін – бірінші реттік техникалық куәландыру жүргізгендегідей.

35. Қазандықтың металл конструкциясын (әсіресе, жоғары температура ықпалында болатын элементтер) сыртқы тексеру кезеңінде элементтердің ұзындығы мен қимасы бойынша геометриясының мүмкін болатын бұзылуларына, негізгі металл мен пісіру жапсарлары бойынша жарықшақтар, тот басу іздері мен қақтың түзілуіне көңіл бөлу керек.

36. Тексеру кезінде бойлық осьтерде нормалаушы көрсеткіштерден асып кететін екі және одан да көп шамалардың тігінен ауытқуы анықталған жағдайда каркасты геодезиялық түсірілуін жүргізу ұсынылады.

37. Аспалы каркасы жоқ (өзі тіректі) қазандықтарда тірек тораптарын тексеру тірек коллекторлары мен барабандарының көлденең осьтерінің жобадағы шамалардан ауытқуы анықталғанда, қазандықтың орын ауыстырылуы кезінде жобалау шамаларына сәйкес келмеген жағдайда жүргізіледі.

38. Сыртқы тексеруде төбе жабынынан, одан әрі қазандықтың металл конструкциясын жоғарыдан төменге қарай ярустар бойынша қарап тексеру ұсынылады.

1 - параграф. Төбе жабындары элементтерін тексеру
39. Арқа балкаларын тексеру кезінде жергілікті орнықтылықты жоғалту (балка қабырғасындағы ойықтар мен томпақтар, көлденең қабырғалар және балка сөрелеріндегі деформация), төменгі сөре мен балка қабырғасының төменгі бөлігіндегі (балка қыздырылғанда) коррозиялық тозу, көлденең және жазықтықтарда балканың бойлық осінің деформациясы, бір жақты жүк түсіру кезінде балканың бұрылуы сияқты құбылыстарға көңіл бөлу керек.

40. Жоғары температура аймағындағы байлайтын және айқасатын балкаларда коррозиондық тозуға, әсіресе байлайтын балкалардың ішкі жағына көңіл бөлу керек.

41. Шоғырланған күштердің түсу орындарында (аспалардың тірелу тораптары, барабандар тіректерінің орналасқан орындары) тірек беттерінің күйін тексеру және тік қабырғалардың орнықтылығын жергілікті жоғалту мүмкіншілігіне назар аудару керек.

42. Элементтердің өзара қосылыстарының тораптарының тұтастығын, әсіресе төбе жабындары элементтерінің бойлық осьтерінің қисаюы анықталғанда тексеру керек.



2 - параграф. Колонналар, ригельдер, байланыстар және қатаңдық белдіктерін тексеру
43. Аталған элементтерде қазандықтан бойлық осьтің жазықтықтан сыртқа мүмкін болатын қисаюын және элементтердің қосылыс тораптарының тұтастығын тексеру керек.

44. Каркастың айналдыра қалама бар болған кезде тіпті қирауға дейін жетуі мүмкін күшті коррозиялық тозуға ұшырауы мүмкін ригельдер мен колонналардың ішкі сөрелерін тексеру керек.

45. Осылайша екінші реттік тіректерді және каркас балкаларын, каркастық айналдыра қаламадағы аспалы қалқандарды тексеру керек.

46. Колонналар башмактарын (бетоннан тазарту, тірек плитасын қоса отырып) келесідей жағдайларда тексеру керек:

тірек бөлігі маңайында колонна оқпанында коррозияның күшті іздері анықталғанда;

колонналардың тірек тораптары маңайында су ағызу үшін арық бар болғанда;

колонналардың тірек тораптарының ауданында үнемі су бар (шалшық, ылғалды күл т.с.с.) болған кезде.

3 - параграф. Оттықта немесе қазандықтың газ жолында жарылыстан кейін каркасты тексеру
47. Колонналардың тірек тораптарының және олардың тораптарының каркастың көлденең элементтерімен қосылыстарына, оның ішінде төбе жабындарының байлау балкаларымен тұтастығына баса назар аудару керек.

48. Иілген байланыстардың қосылыс тораптарының өзара және каркас колонналарымен тұтастығын тексеру.

49. Каркас элементтерінің бойлық осьтерінің деформациясына назар аудару керек: көлденең элементтер үшін иілген ось, әдетте, баяу майысқан болып келеді, колонналар осінде иілу нүктелерінің пайда болуы мүмкін.

4 - параграф. Жоғары берікті болттарда жасалған каркас элементтерінің монтаждау қосылыстарын тексеру
50. Фланецтер мен колонна сөрелерін немесе элементтерді жалғайтын фланецтер араларындағы жарыққа баса назар аудару керек.

51. Сыртқы қарап тексеру кезінде ұлғайған есептелмеген жүктемелер каркасқа берілісі бөлек элементтердің және жалпы барлық каркастың деформациясына алып келетінін ескеру керек. Аса жүктеме, мысалы нормативтік шамалармен салыстырғанда 2,5 кПа (250 кгс/м2) қызмет көрсету алаңында жүктеме ұлғаюы кезінде немесе каркасқа қандай да қосымша жүктеме беру кезінде туындауы мүмкін.

52. Металл күйін анықтау бойынша зерттеулер коррозиялық және эррозиялық тозу және жоғары температура ұзақ мерзім бойы әсер еткенде рұқсатты шамадан асатын қалдық деформация анықталған жағдайда каркастың негізгі аспалы элементтерінде және қатаңдық белдіктері үшін жүргізіледі.

53. Зерттеулер көлемі және үлгілерді кесу орындарын куәландыруды жүргізуші ұйым анықтайды.

54. Магниттік – ұнтақ дефектоскопияны коррозиялық және эррозиялық тозу орындарында металл конструкция элементтерінің максималды қалдық деформация орындарында мүмкін болатын жарықшақтарды анықтау үшін орындайды.

55. Ультрадыбыстық және магниттік қалыңдық өлшеуіштері қазандықтың металл конструкциясының элементтерінің тозу дәрежесін анықтау үшін қалдық қалыңдықты анықтау үшін қолданылады.

56. Металл қаттылығын өлшеу металл мен пісірмелі қосылыстардың механикалық қасиеттерінің сипаттамаларын жанама бағалау үшін орындайды.

57. Қазандықтың металл конструкциясы элементтерінің металының кесіндісінен дайындалған үлгілерді үзуге сынауды металдың механикалық қасиеттерінің физикалық сипаттамаларын анықтау үшін жүргізеді.

58. Металдың микроқұрылымын зерттеу жоғары температураның әсері нәтижесінде металл конструкцияның элементтерінің аспалы қабілетіне кері әсер етуін және құрылымдық өзгерістерді бекіту үшін жүргізеді.

59. Қатаңдық белдіктері мен каркастың негізгі аспалы элементтерінің пішінінің геометриясының бұзылуын анықтаған жағдайда екі өзара перпендикуляр бағытта жобадағы ережеден элементтің бойлық осінің ауытқуын бекітетін деформация формуляры толтырылады.

60. Көрінетін сыртқы себептерсіз каркас геометриясының өзгеруін анықтаған жағдайда іргетасқа нивелирлеу жүргізу және өткен жылдардағы каркастың тіректерінің астындағы шөгу өлшемдерінің нәтижелерімен танысу керек.

6 - тарау. Қазандықтың металл конструкциясының техникалық күйін бағалау
61. Қазандықтардың металл конструкциясының техникалық күйін бағалау үшін негіздеме мыналар болып табылады:

металдан жасап шығару, монтаждау, жөндеу, қайта конструкциялау немесе эксплуатациялау кезінде туындайтын және таралуы қазандықтың металл конструкциясының элементтерінің қирауына алып келуі мүмкін ажырамалы және ажырамайтын қосылыстарда ақаулардың бар болуы;

бастапқы шамалармен салыстырғанда есептеуден жоғары шамадағы кернеудің жоғарылауын тудыратын элементтердің геометриялық өлшемдері мен пішінінің өзгеруі (пластикалық деформация, коррозиялық және эррозиялық тозу т.с.с. нәтижесінде);

қазандықтың металл конструкциясының элементтерінің конструктивтік беріктігінің төмендеуіне алып келуі мүмкін жоғары температуралардың әсер етуі нәтижесінде металдың механикалық қасиеттері мен құрылымының өзгеруі;

барлық конструкцияның беріктік және қатаңдық сипаттамаларының өзгеруі (оттықтағы немесе қазандықтың газ жолындағы жарылыс, айналдыру қаламаның қирауы салдарынан жоғары температура немесе өрт т.с.с. есептелмеген әсер етулер нәтижесінде).

1 - параграф. Каркастың, төбе жабынының және қазандықтың қатаңдық белдіктерінің техникалық күйін бағалау үшін нормаланатын көрсеткіштер
62. Қазандық каркасының тігінен ауытқуы колонналар бойынша көлденең бағытта іргетас қимасынан және қабат бойы мына шамалардан аспайды:

өнімділігі 800 т/с дейінгі және каркас биіктігі 50 м кем емес қазандықтар үшін Н/500 (Н – іргетас қимасынан биіктік немесе қабат биіктігі);

қалған барлық қазандықтар үшін – Н/500.

63. Көлденең аспалы бір элементтің бір шетінің екіншімен салыстырғанда отырғызылуы 0,003L шамасынан аспайды (L – элемент ұзындығы);

64. Каркастың тіректерінің астында іргетастың отырғызылуы 0,001L аспайды (L – колонналар араларындағы көлденең ара қашықтық);

65. Каркас элементтерінің салыстырмалы иілуі мына шамалардан аспайды:

1/370 – төбе жабындарының арқалық балкалары мен ригельдер үшін; екі тіректі конструкция кезінде қазандықтың аспалы барабандарының ригельдері;

1/270 – су экономайзері балкалары мен ригельдері үшін; тік бағытта аспалы айналдыра қаламаның рамаларының ригельдері; конвективтік шахта және оттықтың қатаңдық белдіктері үшін;

1/230 – төбе жабынының қосалқы балкалары үшін; горизонталь бағытта аспалы айналдыра қаламаның рамаларының ригельдері;

1/180 – аспалы айналдыра қаламаның рамаларының ригельдері үшін; құбыртәрізді ауа қыздырғыштарының балкалары мен ригельдері.

66. Металдың рұқсатты жіңішкеруі мына қатынаспен анықталады:
W = 0,9 Wпр.,
мұндағы:

W – элементтің нақты қимасының кедергі моменті;

Wпр. –элементтің жобалық қимасының кедергі моменті;

Прокаттық профильдің қабырға қалыңдығы 10 мм дейін болған кезде қабырғаның 11 мм артық жіңішкеруіне жол берілмейді.

67. Тік қатаңдық қабырғалары бар аспалы балкалардың қабырғаларының томпаюы (қабырға қалыңдығы Н) 0,006Н шамасынан аспайды; тік қатаңдық қабырғаларынсыз – 0,003Н.

68. Тіктеуіш бойынша өлшенетін құрамды пісірмелі аспалы немесе тұтас элементтердің винт тәрізділігі мына шамадан аспайды:

көлденең қима биіктігі 3 м артық емес – 0,001L, бірақ 10 мм артық емес;

көлденең қима биіктігі 3 м артық – 0,0012L, бірақ 12 мм артық емес (L – элемент ұзындығы).

69. Ғимарат каркасына тірелетін аспалы қазандық агрегаттары үшін көлденеңінен орын ауыстыру (ғимарат конструкциясынан бойлық және көлденең бағыттарда) төбе жабыны деңгейінде колоннаның ұзындығының 1/7000 шамасынан аспайды;

арқалық балкалардың иілуі пролет ұзындығынан 0,002 шамасынан аспайды; арқалық балканың бір шетінің отыруы екіншісімен салыстырғанда балка ұзындығының 0,003 шамасынан аспайды.

70. Жоғары берікті болттармен жасалған монтаждау қосылыстарында фланецтер араларындағы немесе қабырға сызығы бойынша колонна сөресі мен фланец және профиль сөресі арасындағы жарық 0,2 мм аспайды; фланецтер шеттері бойынша:

қалыңдығы 25 мм артық емес фланецтер үшін - 0,6

қалыңдығы 25 мм және одан артық фланецтер үшін - 1,0.

71. Қалыңдығы 0,1 мм щуп болт осінен 40 мм радиусты зонаға кірмейді. Гайканың үстінде шығып тұрған болт бөлігінде резьбаның екі торамынан кем емес болады.

72. Аспалы деформациясы бар және (немесе) есептеу элементтері нормаланған көрсеткіштерден асып кететін есептелмеген әсер нәтижесінде зақымданған қазандықтардың металл конструкциялары мен каркастары үшін беріктікке есептеу жүргізеді.

7 - тарау. Қазандықтардың металл конструкцияларының техникалық куәландыруының нәтижелерін ресімдеу жөнінде ұсыныстар
73. Қазандықтың металл конструкциясының техникалық куәландыру нәтижелері оны жүргізген ұйым толтыратын қорытынды түрінде ресімделеді.

74. Сараптамалық қорытындыда қазандықты одан әрі эксплуатациялау мүмкіншіліктері мен жағдайлары туралы қорытынды болады; нормаланатын көрсеткіштер рұқсатты шамалардан аса ауытқып кеткен жағдайы анықталса, қысыммен жұмыс істейтін элементтерін техникалық диагностикалау қажеттілігі қосымша анықталады.

75. Қорытындыға мыналар қосымша беріледі:

анықталған зақымданған элементтер көрсетуімен зақымданулар ведомосты, ақау сипаты мен орналасқан орны;

зақымданған элементтердің орналасқан схемасы және екі өзара перпендикуляр жазықтықтардағы элементтің бойлық осінің деформация эпюралары бар деформация формуляры;

металл күйінің зертханалық зерттеу нәтижелері;

беріктікке есептеу нәтижелері және каркастың аспалы қабілетін қалпына келтіру бойынша шаралар (рұқсатты шамалардан ауытқы бар болған кезде).

76. Қорытынды қазандықтың төлқұжатына қоса беріледі.

77. Нормативтік (тағайындалған) қызмет мерзімін атқарған қазандықтар үшін қазандықтардың металл конструкцияларының техникалық куәландыру нәтижелері бойынша қорытынды техникалық диагностикалау нәтижелері жөніндегі қорытындымен және қазандықтың қызмет мерзімін ұзартумен біріктірілуі мүмкін.

78. Кезектен тыс куәландыру жүргізу кезінде осындай куәландыру жүргізуге итермелеген себеп көрсетілуі керек.

79. Техникалық куәландыру нәтижелері қазандықтың төлқұжатына, қазандықтың оңтайлы күйі мен қауіпсіз эксплуатациялануына жауапты тұлғамен немесе куәландыруды жүргізген тұлғамен жұмыстың рұқсатты параметрлері мен келесі куәландыру мерзімдерін көрсетумен, толтырылады.

80. Егер техникалық куәландыру нәтижесінде нысанды эксплуатациялауды тоқтату немесе эксплуатациялау параметрлерін төмендету қажеттілігі туындаса төлқұжатқа сәйкес дәлелді жазба толтырылады.



81. Нысанды техникалық куәландырудан кейін эксплуатацияға қосу қазандықтың иесімен жазбаша өкім бойынша жүргізіледі.

______________________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет