«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандарты



жүктеу 133.17 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі133.17 Kb.
: cont
cont -> Психологические труды
cont -> Психологическая подготовка спортсменов. Инновационные технологии Словарь используемых терминов
cont -> Өлкетану әдебиеттері бөлімі Отдел краеведческой литературы Қазақ өлеңінің жырдариясы
cont -> Өткен сенбіде үйде демалып жатқанымда, есіктің сыртынан тықыр естілді. Іле қоңырау шырылдады. Сұрамастан аша салдым. Екі балаң жігіт тұр екен. «Аға, жарапазан ғой» деді де, домбыраны қағып-қағып жіберіп, әнге басты
cont -> Сводный график по защите магистерских диссертаций научного и педагогического и профильного направлений 2010 г. 14. 06. 2010 г
cont -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің




Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2010 жылғы

Жарлығымен



БЕКIТIЛГЕН



«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған

банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру»

мемлекеттiк қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппараты көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мемлекеттiк қызмет көрсететiн бөлiмшесiнiң (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімше) мекенжайлары мен байланыс деректерi осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген.

2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттiк қызмет «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 30-бабының 5-тармағы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңы 8-бабының л-2) тармақшасы және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5504 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының «Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті және бас бухгалтерлік кітапты автоматтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес келетін автоматтандырылған банк жүйесінің бар болуы туралы қорытынды беру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 22 желтоқсандағы № 112 қаулысы негiзiнде көрсетiледi.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының үйінде тұтынушылар үшiн қолжетiмдi орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

5. Ұлттық Банктің бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы қорытынды (бұдан әрі – қорытынды) беру не қызмет көрсетуден бас тарту туралы қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет заңды тұлғалар – екінші деңгейдегі банктерге (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:

1) мемлекеттiк қызмет тұтынушы өтініш жасаған және осы Стандарттың 11-тармағында белгiленген құжаттардың пакетi ұсынылған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн iшiнде көрсетiледi;

2) қажеттi құжаттар пакетi кезек күтпестен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiгіне салынады;

3) қорытындыны не қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тұтынушыға мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшенің жауапты орындаушысы кезек күтпестен почтамен жібередi не тұтынушыға не оның сенім білдірілген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) береді.

8. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.

9. Құжаттарды қабылдау және беру жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн күн сайын жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының үйінде, сондай-ақ банктің банктік жүйесін сол жерде тексеру арқылы көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының үйі мүмкiндiктерi шектеулі адамдарға қолжетiмдi болуы үшiн пандустары бар кiру есiктерiмен жабдықталған.



2. Мемлекеттiк қызмет көрсету тәртiбi
11. Тұтынушының қорытындыны алуы үшiн талап етiлетiн құжаттар:

1) сауалнама-өтiнiш;

2) қорытынды беру туралы еркін нысандағы өтініш;

3) автоматтандырылған банк жүйесін сатып алу туралы шарттың нотариат куәландырған көшiрмесi;

4) бизнес-жоспардың нотариат куәландырған көшірмесінің бір данасы.

Жоғарыда көрсетілген барлық құжаттар ұсынылған күннен бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тұтынушының бастамасымен автоматтандырылған банк жүйесін тексереді.

Қорытынды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптар сақталған жағдайда беріледі.

12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған сауалнама-өтініш осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген нысан бойынша толтырылады. Шет тiлiнде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкiне мемлекеттiк тiлдегi немесе орыс тiлiндегi аудармасымен ұсынылады.

13. Құжаттарды хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiктен алуды және тіркеуді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының хат-хабар қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі осы Стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырады.

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Құжаттарды алынғаннан кейін құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше тіркейді және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің басшылығына бұдан әрi мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшенің қарауы үшін жібереді.

14. Қорытындыны мемлекеттік қызмет көрсететін бөлiмшенің орындаушысы тұтынушыға почтамен жібередi не тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) береді.

15. Ұсынылған құжаттардың пакетi осы Стандарттың 11-тармағында белгiленген талаптарға сәйкес келмесе не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда қорытынды беруден бас тартылады.

Қорытынды алу үшiн құжаттарды қайта тапсырған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің жауапты бөлімшесіне оларды соңғы берген сәттен бастап өзгермеген құжаттар ұсынылмайды. Бұл ретте құжаттар жалпы негiзде қаралады және мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмi тұтынушының өтiнiштi және қажеттi құжаттардың пакетін қайта берген күнiнен бастап есептеледi.

Қорытынды беруден бас тарту себептерi жазылған дәлелдi жазбаша жауап осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн iшiнде берiледi. Жауап почтамен жiберiледi.




3. Жұмыс қағидаттары
16. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң бөлімшелері тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдептiлiк;

2) көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттiк қызметтiң уақтылы көрсетiлуi;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және конфиденциалдылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшiн келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген мерзiмде олардың сақталуы.
4. Жұмыс нәтижелерi
17. Тұтынушыларға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімдiлiк көрсеткiштерiмен өлшенедi.

18. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппараты бөлімшесінің жұмысы бағаланатын сапа және тиімділік көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұйрығымен бекiтіледi.


5. Шағымдану тәртiбi
19. Тұтынушы мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшенің жауапты орындаушыларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетiлген мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшенің басшысына шағым жасай алады.

20. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы тұлғаның атына берiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолмен беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

21. Іс-әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібін түсіндіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты бөлімшесі осы Стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырады.

22. Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

Шағымды беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметі, аты-жөні, өтініш жасау себебі мен талаптары көрсетіледі.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.

Қолмен қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тiркеледi.

23. Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон шағымның қолмен қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

24. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

25. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының үйінде тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

______________________

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және

бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап

беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

1-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының

мемлекеттiк қызмет көрсететiн бөлiмшесiнiң мекенжайы

және байланыс деректерi


Орталық аппарат бөлімшесінің атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмiрi

Коды, телефоны

1

2

3

4

Бухгалтерлік есеп департаменті

050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21

445

8 (727) 2596807

қабылдау бөлмесі



Бухгалтерлік есеп департаментінің қаржы ұйымдарының және арнайы қаржы компанияларының бухгалтерлік есеп методологиясы басқармасы




445/3

8 (727) 2704911

____________________

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және

бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап

беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартына



2-ҚОСЫМША
Сауалнама-өтініш
Өтініш берушінің атауы ________________________________________________________________

СТН _________________________________________________________________________________

Өтініш берушінің орналасқан жері:

Облыс _______________ Қала _________________ Аудан ___________________________________

Көше ___________________________________ Үй _________________________________________

Автоматтандырылған банк жүйесінің аты _________________________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Автоматтандырылған банк жүйесін әзірлеуші ______________________________________________

____________________________________________________________________________________________

Нұсқасы _____________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________

Автоматтандырылған банк жүйесі құрылған күн ___________________________________________

____________________________________________________________________________________________

Әзірлеушінің орналасқан жері:

Облыс _______________ Қала _________________ Аудан ___________________________________

Көше ___________________________________ Үй _________________________________________
Өтініш беруші пайдаланылатын автоматтандырылған банк жүйесінің бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап беретіндігін растайды.

Басшы ___________________________________ Аты-жөні

(қолы)

Мөр орны
____________________

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және

бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап

беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

3-ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының келіп түсетін хат-хабарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыратын бөлiмшесiнiң

мекенжайы және байланыс деректерi



Орталық аппарат бөлімшесінің атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмiрi

Коды, телефоны

1

2

3

4

Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаменті

050040, Алматы қаласы,

«Көктем-3» ықшам ауданы, 21



604

8 (727) 2596853

қабылдау бөлмесі

Ұйымдастыру жұмысы, сыртқы және қоғамдық байланыстар департаментінің ұйымдастыру жұмысы және бақылау басқармасы




211

8 (727) 2704566,

2704921

____________________

«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және

бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап

беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

4-ҚОСЫМША

Сапа және тиімдiлiк көрсеткiштерiнiң мәндерi



Сапа және тиімділік көрсеткiштерi


Көрсеткiштiң нормативтiк мәнi

Көрсеткiштiң ______ жылғы мақсатты мәнi

Көрсеткiштiң ______ жылғы ағымдағы мәнi

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгiленген мерзiмде қызметтi ұсыну жағдайларының пайызы (үлесi)

100 %







2. Сапасы

2.1. Қызметтi ұсыну процесiнiң сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %







3. Қолжетімділік

3.1. Қызметтi ұсыну сапасына және тәртiбi туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %







3.2. Электронды форматта қолжетiмдi болатын қызметтердің пайызы (үлесi)

50 %







4. Шағымдану процесі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %







5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердiң әдептiлiгiне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90 %






____________________


«Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға және

бас бухгалтерлік кітапқа қойылатын талаптарға жауап

беретін автоматтандырылған банк жүйесінің болуы туралы

қорытынды беру» мемлекеттiк қызмет стандартына

5-ҚОСЫМША

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты бөлімшесінің мекенжайы және байланыс деректерi


Орталық аппарат бөлімшесінің атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет нөмiрi

Коды, телефоны

1

2

3

4

Ішкі аудит департаменті

050040, Алматы қаласы,

«Көктем-3» ықшам ауданы, 21



239/1

8 (727) 2596817

қабылдау бөлмесі


____________________



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет