Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер классы. Буынаяқтылар типі



Дата16.05.2020
өлшемі21.48 Kb.

Буынаяқтылар типі. Шаянтәрізділер классы.

Буынаяқтылар типі- аяғы бунақталған, екіжақты симметриялы, көпжасушалы жәндіктер. Денесінің сырты тығыз хитинмен қапталған. Осы типке жататын жәндіктердің барлығының аяқтары буын-буын бунақтармен жалғасқандықтан, буынаяқты жәндіктер деп аталған. Жер шарын мекендейтін жануарлар дүниесінің 80 %-дан астамы буынаяқтылар үлесіне тиеді. Қазір ғылымға олардың 1 миллионнан астам түрлері белгілі.


Буынаяқтылар

типі


Шаянтәріздестер

Өрмекшітәріздестер

Бунақденелілер

Шаяндар


Шаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасы

ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:
  • Дене кейбір түрлерінде үш бөліктен –бас, көкірек, құрсақтан, ал кейбір түрлерде (өзеншаян, таңқышаян, асшаянда) екі бөліктен –баскөкірек және құрсақтан тұрады.
  • Тыныс алу мүшесі – желбезек
  • Қанайналым жүйесі – ашық жүйелі жүрек және қантамырлардан тұрады.
  • Зәр шығаруға жасыл бездер қатысады. Олар бас бөлігінде (өзеншаянда) орналасады.
  • Сезім мүшелері: күрделі көздер-көру, мұртшалар-иіс сезу және сипап сезу, қызметін атқарады.Тепе-теңдік сақтау мүшесі бар.
  • Басым бөлігі дара жынысты.
  • Жынысты жолмен көбейедіШаянтәрізділер класының жалпы сипаттамасы

Шаянтәрізділер класы

Шаянтәрізділердің 30000 – ға жуық түрі белгілі, негізінен тұщы су қоймаларында, теңіздерде кең тараған .Олардың арасында бентосты (су түбінде мекендейтін ), планктонды , паразитті және құрлықта тіршілік ететін түрлері бар. Құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділер ылғалды жерлерде, дымқыл ортада мекендейді және желбезекпен тыныс алады, осы белгілері оларды суда тіршілік ететін формалардан шыққандығын дәлелдейді.

Денелерінің ұзындығы 1 – 2 мм – ден 80 см – ге дейін. Шаянтәрізділер басқа буынаяқтылардан аса айрықша белгілерімен ерекше. Біріншіден олардың екі жұп мұртшалары: акронның өсінділері – антеннулалары және денесінің бірінші сегментінің түрі өзгерген аяқтары – антенналалары болады. Соған орай оларды антенна І және антенна ІІ деп атайды. Екіншіден, тек шаянтәрізділерде ғана аяқтарының қарапайым екі бұтақты құрылысы сақталған. Мұндай аяқ екі буыннан протоподит пен базиподит және екі буындалған бұтақтан – экзоподит және эндоподиттен тұрады. Сонымен қатар, протоподитте тыныс алу қызыметін атқаратын ерекше өсінділері преэпиподиттері бар.

Шаян туралы мәлімет


Шаянның денесі екі бөліктен: баскөкірек және құрсақтан құралады. Баскөкірек бөлігінде бірі- ұзын, бірі-құсқа екі жұп бунақтанған мұртшалары, екі көзі мен ауыз мүшелері алдыңғы жағында болады. Бұлардан сәл төменірек бес жұп бунақтанған аяқтар көрінеді, олардың алдыңғы екеуінің ұшында үлкен қысқышы бар, ал қалған төрт жұбы жүретін аяқтар болып есептеледі.

Құрылысы мен физиологиясы.

Шаянтәрізділердің денесі негізінен бас (cephalon) , кеуде (thorax) , және құрсақ (abdomen) бөлімдерінен тұрады, бірақ бас бөлімі келесі кеуде бөлімімен бірігіп кетіп баскеуде бөліміне айналады. Сондықтан шаянтәрізділердің басым көпшілігінде денесі нақты дифференцияланған екі бөлімнен құралған: баскеуде және құрсақ.

Дене құрамына кіретін сегмент саны , басқа буынаяқтылырмен салыстырғанда алуан түрлі : 5 – 8 – ден 50 – ге дейін.

Бас бөліміндегі сегменттерінің саны тұрақты, яғни барлық шаянтәрізділердің басы акрон және 4 сегменттен құралған. Акрон болжам бойынша , арғы тегінің (көп қылтанды буылтық құрттардың) простомиум бөлігі, ал оның өндірісі – антеннулалары немесе І антенналары пальпилерінің гомологы. Антенула – мұртшалардың бірінші жұбы. Басының алдынғы бөлімінде , ауыз тесігінің алдында орналасады, бірқатар буындардан тұрады және негізінен бір бұтағы. Тек кейбір жоғары сатыдағы шаяндарда олар екіге кейде тіптен үшке ажырайды.

Антеннулалар – сезу, әсіресе иіс сезу мүшелері, бірақ кейде жүзу үшінде жұмсалады.

Акроннан кейіегі 4 сегменттердің әр қайсысында бір жұп түрі өзгерген аяқтары болады. Солардың ішінде бірінші сегменттің аяғы ұзарып антена деп аталатын мұртшаға айналған. Бұл мұртшалардың екінші жұбын құрайды және антена ІІ деп аталады.Олар әртүрлі қызмет атқарады.

Жабыны.

Шаянтәрізділердің бүкіл денесі сыртқы қанқа түзетін хитинді кутикуламен қапталған. Кутикуланың астында гиподермальді эпители қабаты және базалды мембрана жатады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділерде хитинді кутикуласы жұмсақ әрі мөлдір , ал жоғарғыларында құрамында Са СО3 тұзының көптігінен ол қалың, қатты және мықты. Суда тірішілік ететіндіктен шаянтәрізділерге денеде ылғалды сақтап тұратын кутикуланың ең сыртқы қабаты – эпикутикуласы дамымаған. Осы ерекшелігі құрлықта тіршілік ететін шаянтәрізділерде де сақталған.Сондықтан олар ылғалы мол жерлерде ғана тіршілік етеді.

Ас қорыту жүйесі

Жақсы жетілген ішегі тік немесе аздап иілген түтік түрінде болып, алдынғы , ортанғы және артқы ішектерден тұрады. Аналь тесігі тельсонның құрсақ бөлімінде орналасқан.Ішектің алдынғы және артқы бөлімдері сыртқы хитинді кутикуланың жалғасы мен қапталған, яғни экдодермалды. Түлеу кезінде осы кутикулаларда жаңарып ауыз және аналь тесігі арқылы түтік түрінде шығады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің алдынғы ішегі кеңейіп қарынға айналған.Ол кардиалді немесе шайнағыш және пилорикалық бөлімдерге ажыраған. Қарынның кардиалді бөлімінің арқа және бүиір қабырғаларындағы кутикуласы қалыңдап, ізбес сіңген шеті үшкірленген үш күшті шайнағыш тақталарына айналған.

Шаянтәрізділердің зәр шығару жүйесі

Екі жұп безді мүшеден тұрады: Антеналды және максилярлы. Антеналды бездер жоғары сатыдағы шаяндарда болады, ал қалғандарында – максилярлы , тек Leptostraca отрядының өкілдерінде зәр шығару бездерінің екеуі де болады. Бездің мүшелер түрі өзгерген целомодукталар . Антиналды және максилярлы зәр шығару жүйесінің құрылысы ұқсас. Әр мүше қапшықтан және одан басталатын, безді қабырғалары бар, иілген түтікшеден тұрады. Түтік бірнеше иірім жасап кеңейген қуысқа – қуыққа ашылады.Қуық қысқа өзегіне антеналардың түбінде немесе ІІ – ші максилаларының түбінде ашылады.

Тыныс алу жүйесі.

Polychaeta класындағыдай аяқтарымен тығыз байланыста. Көптеген ұсқ шаянтәрізділерде арнайы тыныс алу мүшелері жоқ . Олар бүкіл денесімен тыныс алады. Басқаларында тыныс алу мүшесі желбезектер. Олар аяқтарының протоподиттерінде басталатын тақталы немесе бұтақталға жұқа қабырғалы өсінділері – эпиподиттер . Су желбезек қуысынан бас қалқаны мен дене арасындағы саңылауы арқылы бір жағынан кірсе екінші жағынан шығарылады және осы бағыт өзгеруі де мүмкін. Суды желбезек қуыстарына айдайтын, минутына 200 қозғалыс жасайтын, екінші максиланың ерекше өсіндісі.Басқа жоғары сатыдағы шаяндар да желбезектері кеудесінде емес, құрсақ аяқтарында дамиды.

Қан айналу жүйесі

Ашық типті. Гомолинфа қан тамырларының ішінде қозғалып, кейін арнайы қабырғаларымен шектелмеген дене қуысының бөлімдері – синустарға құйылады.

Қан айналу жүйесі тыныс алу жүиелерінің даму денгейімен белгілі дәрежеде байланыста. Егер желбезек қызыметін кеуде аяқтарының эпиподиттері атқарса, онда жүрек түгелімен кеудеде жатады, ал тыныс алуға құрсақ аяқтарының эпиподиттері жұмсалса, жүрек құрсақта орналасады.

Шаянтәрізділердің нерв жүйесі

Көпқылтанды буылтық құрттардікіне ұқсас . Ол жұп мидан, жұтқыншақ асты ганглясынан, жұтқыншақ маңындағы сақина – конниктивадан және құрсақ нерв тізбегінен құралған.

Жұтқыншақ үсті ганглиясы немесе ми үш бөлімнен құралған алдынғы – протоцеробрум, ортанғы дейтоцеробрум және артқы тритоцеробрум. Протоцеробрум күрделі және қарапайым көздерді , деитоцеребрум антенулаларды нервтендіреді, ал антеналаларға баратын нервтер жұтқыншақ маңы коннективтерінен басталады. Басқа буынаяқтағылардай шаянтәрізділердің нерв жүиесінде неиро секрет – гармондарды бөліп шығаратын неиросекраторлы клеткалар орналасқан.Олар организмнің ішкі ортасына , гомолинфаға арнайы сөлдерді шығарып жеке мүшелердің зат алмасу түлеу, тағы басқа процестерді реттеп тұрады. Шаяндардың нейросекреторлы клеткалары протоцеробром, дейтесеробром және құрсақ нерв тізбегінің әр түрлі бөлімдерінде орналасқан.

Жыныс жүйесі

Шаянтәрізділер дара жыныстылар, тек паразиттік өкілдерінде және тіркеліп тіршілік ететіндерде гермафродитиз кездеседі. Жыныс диморфизмі айқын. Аталықтарының антинулалары , не антеналары анлығына ұқсайтын мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағлыс мүшелерге айналған. Құрсақ бөліміндегі аяқтары шағылыс мүшелеріне айналып, түтік тәрізді болады. Төменгі сатыдағы шаянтәрізділердің аталығы аналығынан едәуір кіші, тіпті ергежейлі аталықтары да кездеседі.

Дамуы.

Шаянтәрізділердің басым көпшілігінің жұмыртқасы сарыуызға бай болғандықтан, жұмыртқа жарым – жарты және беткейлік түрде бөлшектенеді. Бұларда жұмыртқа клеткасы бөлінбей, тек саруыздың ортасында орналасқан ядросы бірнеше рет бөлінеді. Пайда болған ядролар жұмыртқаның шетіне ығысып, сол жерде цитоплазмамен қапталады да тұтас клеткалы қабатын, яғни блоста дерма қабатын түзеді. Бластадерма сары уызды қоршайды бұдан кейінгі даму жұмыртқаның сыртқы бетіндегі құрсақ бөлігінде клеткалардан құралған ұрық алқабында өтеді. Ұрық жапырақшасынан мүшелер қалыптасып , ұрықтың денесі сегменттеле бастайды. Ең алдынғы бөлімінен болашақта күрделі көздері дамитын бас тізбектері және бас қалқаншасы – акронмен антеналды және мондибулярлы сигменттері бөліктенеді.

Классификациясы


Шаянтәрізділер класы 5 класс тармағына бөлінеді:

1. Желбезекаяқтылар – BRANCHIOPODA

2. Цефалокаридалар – CEPHALOCARIDA

3. Максиллоподалар – MAXILLOPODA

4.Бақалшақты шаяндар – OSTRACODA

5.Жоғарғы сатыдағы шаяндар - MALACOSTRACA


Шаяндардың маңызы


Қорек тізбегінде маңызды рөл атқарады. Ірілері (таңқышаян, асшаян,омар, өзеншаян) құрттарды, ұлуларды, балықты, өсімдіктерді қорек етеді. Ал ұсақтарын (дафния, циклоп) балықтар жем етеді.Араларында балықтардың паразиттері бар, циклоптар адам құрттарының аралық иесі болып табылады.

Өзен шаяндарын өсіру 16%-ға дейін ақуызы мен 0,5%-ға дейін майы бар жоғары сапалы диеталық және дәмді ет алуға мүмкіндік береді. Шаяндар сорпа, тұздық және салаттар әзірлеу үшін пайдаланылады. Пісірілген мойындары мысалы балық тағамдарына гарнир ретінде беріледі.

Шаяндардың шағуы. Шаяндардың шағуы Қазақстанның оңтүстік аудандарында жиі кездеседі.

Алғашқы көмек: шаққан жерге кез-келген өсімдік майын жағу; шаққан жерге ыстық қыздырғыш кою; анальгин мен антигистаминдік дәрі-дәрмектер ішу (супрастин, димедрол, пипольфен); зардап шегушінің жағдайын кәсіби бағалау және соған байланысты сырқатты жазу мен жалпы улануды емдеу шараларын таңдау қажеттігінен жедел дәрігер шақыру.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет