Цеснабанк және Visa компаниясы Қазақстандағы ірі автомай құю станциясы желілерінің бірі Helios-пен бірлесіп «Байқап көріңіз – Сізге жүлде алған ұнайтын болады!» кампаниясын жалғастыруда



жүктеу 35.04 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі35.04 Kb.



Баспасөз-релиз

Цеснабанктің Visa төлем карточкасы арқылы Helios-тың қызметтерін пайдаланып, автомобильге ие болыңыз!





  • Цеснабанк және Visa компаниясы Қазақстандағы ірі автомай құю станциясы желілерінің бірі Helios-пен бірлесіп «Байқап көріңіз – Сізге жүлде алған ұнайтын болады!» кампаниясын жалғастыруда.




  • Цеснабанктің Visa картасы арқылы төлеп, «Helios» автомай құю желісінің қызметтерін пайдаланғандар автоматты түрде әрқайсысы 20 литрлік 300 бензин талоны мен бас жүлде – автомобиль ұтысының қатысушылары болады.



Алматы, 11 желтоқсан 2012 ж.
Цеснабанк және Visa компаниясы қатысушыларға жүлделер мен бас жүлде – автомобильге ие болу мүмкіндігі бар «Байқап көріңіз – Сізге жүлде алған ұнайтын болады!» кампаниясын жалғастыруда. Осы жолы акция Қазақстан аумағында кең таралған желілердің бірі Helios автомай құю станцияларымен бірлесіп өтеді.
Акцияның қатысушысы болу үшін Цеснабанктің Visa картасының иеленушісіне 2012 жылдың 10 желтоқсаны мен 2013 жылдың 28 ақпаны аралығында Visa төлем карточкасын пайдаланып автомай құю станциясының желісінде бір рет болсын жанар май сатып алу қажет. Жеңімпаз бас жүлде – автомобильге ие болады, қалған қатысушылар арасында ай сайын 20 литрлік бензині бар 100 талон ойналады. Visa карточкасы арқылы жиірек төлесеңіз, ұтысқа ие болуға мүмкіндігіңіз болады!
Қазақстандағы Visa офисінің басшысы Табылдиев Ғалымның айтуы бойынша, осындай акциялардың көмегімен Visa карточкаларының иеленушілері толық көлемде қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың артықшылығын бағалай алады. «Осындай акциялар – Visa карточкасы арқылы төлеу бұл тек қана ыңғайлы әрі қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар бағалы сыйлықтарға ие болу мүмкіндігіне көз жеткізу. Біздің тарапымыздан бұл алғыс білдіру және Visa карточкасының қосымша бонустары».
Кампания туралы қосымша ақпаратты www.visa.com.kz. сайтынан алуға болады.

* * *




«Цеснабанк» АҚ туралы ақпарат

«Цеснабанк» АҚ 1992 жылы құрылған, бас офисі Республика елордасы Астана қаласында орналасқан Қазақстандағы жалғыз коммерциялық банк болып табылады. Банктің Қазақстан аумағында 21 филиалы және 100-ден астам қызмет көрсету пункті бар. 01.11.2012ж. жағдай бойынша 578 млрд.теңге нәтижесімен ҚР ЕДБ арасында активтерінің мөлшері бойынша 8 орынға ие.
«Цеснабанк» АҚ

Мекенжайы: 010000, Астана қ., Жеңіс д-лы, 29

Call Center: 8 800 080 25 25 (Қазақстан бойынша қоңырау соғу тегін)

тел.: +7 (7172) 58 77 11; факс: +7 (7172) 770-195

Баспасөз-қызметі: тел.: 770-733, Диана Батищева
www.tsb.kz, e-mail: info@tsb.kz
Visa компаниясы туралы ақпарат:
Visa карточка иеленушілеріне, сауда-сервис кәсіпорындарына, қаржы және үкіметтік ұйымдарға әлемнің 200-ден астам елдерінде электронды төлемдер желісіне жылдам, қауіпсіз және сенімді қол жеткізуді қамтамасыз ететін ғаламдық төлем жүйесі болып табылады. Электронды төлемдер тұтынушылар үшін алаяқтықтан қорғау мен сауда-сервис кәсіпорындары үшін кепілдікті қамтамасыз ете отырып, секундына 20 000-нан астам транзакцияны өңдей алатын VisaNet ғаламдық инновациялық процессингілік жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Visa банк болып табылмайды, төлем карталарын шығармайды, тұтынушыларға комиссия мен пайыздық мөлшерлемелерді белгілемейді, сондай-ақ карта иеленушілеріне кредит бермейді. Өз кезегінде, Visa-ның инновациялық шешімдері қаржы ұйымдарына өз клиенттеріне дебеттік, алдын ала төленген және кредиттік карточкалық өнімдерді қоса, қаржы құралдарының кең көлемді таңдауын ұсынуға мүмкіндік жасайды.
Толығырақ ақпаратты мына мекенжай бойынша білуге болады: www.corporate.visa.com.

«Гелиос» компаниясы туралы ақпарат:

"Гелиос" компаниясы 1999 жылдың 27 қыркүйегінде құрылды. Қазақстан нарығында ЖЖМ-ды бөлшектік және көтерме сату бойынша маманданған. "Гелиос" Павлодар мұнай-химия зауытының (ПМХЗ), сондай-ақ Ресей, Беларусия және Финляндия зауыттарының мұнай өнімдерін өткізеді. "Гелиос"-тың Қазақстанның 61 елді мекенінде 267 автомай құю станциясы бар. Компанияның филиалдары Қазақстанның 15 аймағында орналасқан.

"Гелиос"-тың бастысы өткізілетін өнімнің кепілдікті сапасы болып табылады. Аталған мәселені шешу үшін Сапаны бақылау жүйесі құрылды және кідіріссіз қызмет етуде, оның мақсаты мұнай өнімдерінің сапасын бақылау нүктелерін олардың қозғалысының барлық кезеңдерінде қамтамасыз ету болып табылады. Сапаны бақылау жүйесінің жұмысы өзінің жеті стационарлық және бір жылжымалы зертханасы арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстандағы Visa-ның баспасөз-қызметі

Жұлдыз Баймагамбет



+7 (727) 250 62 09

zhuldyz.baimagambet@ogilvypr.kz



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет