Чеканова, С. Су "чернобылі" [Текст] / С. Чеканова // Индустрия Казахстана. 2009. №2. С. 40-42 б



жүктеу 62.79 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі62.79 Kb.
: download -> DBases -> Ecology of the CK -> Files
Files -> Оспанов К. Н. Последствия закрытия убыточных шахт Карагандинского угольного бассейна в целях экологической и техни­ческой безопасности / К. Н. Оспанов // Охрана труда Казахстана. – 2006. – №6(6). – С. 38-41
Files -> Сүйімбаева, A. M
Files -> Сарыарқа өзендерінің орогидрографиялық жағдайы және табиғи-антропогендік үрдістері. (Сарысу өзені мысалында) [Текст] / К. М. Ақпамбетова, ж әбдірахманова // Экологическое образование в Казахстане. 2008.№1. С. 8-9
Files -> Досмахов, С. М. Өнеркәсіпті өңірдегі экологиялық ахуал және оның географиялық аспектілері [Текст] / С. М. Досмахов // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы. Биология. Медицина. География сер.= Вестник КарГУ. Сер биология №3. С. 78-82 б
Files -> Айтымов, А. К. Теміртау қаласының экологиялық-гигиеналық жағдайына жаңадан қоныстанған оралман балалардың кардиореспираторлық жүйе қызметінің бейімделу үрдісі [Текст] / А. К. Айтымов, Д. М. Джанғозина // Қарағанды ун-тiнiң хабаршысы
Files -> Балқаш аллбүғасы Табиғи түрде өсіп-өнуі мүлде азайып барады. Бұ л түрі «Қызыл кітапқа»
Files -> В статье излагаются материалы по определению месячных и годовых
Files -> Нұржанова, Г. К
Files -> Өмірсерікқызы, Э. Іле-Балқаш алабындағы табиғи компоненттердің ластаушы көздері / Э. Өмірсерікқызы // География в школе. – 2007. №2. – 8-9 б. –
Files -> Рымкүл Біләлқызы Мәшүрбековаға
Чеканова, С.

Су "чернобылі" [Текст] / С. Чеканова // Индустрия Казахстана. - 2009. - №2. - С. 40-42 б.
Мәскеу минералдық геология институты мамандарының есептеуінше, Нұра өзенін сынаптан тазарту үшін зақымданған үш миллион текше метр топырақты аршу керек көрінеді. Қарағанды облысы ауызсу тапшылығын тартып отырған өңірлердің бірі. Оның сумен қамтамасыз етілуінің орташа көрсеткіші бар-жоғы 53%. Жалғыз ғана ашық су көзі Нұра өзені бүгінде аса үлкен көлемде зиянды заттармен ластанған көздердің тізіміне еніп отыр. Нұра - Қарағанды мен Ақмола облыстары аумағын кесіп өтетін республикадағы маңызды өзендердің бірі. Оның ұзындығы 910 км, жалпы аумағы 50 мың шаршы шақырым. Ол - Теңіз көлін толықтырып тұрған бірден-бір су көзі.

Су ішкен құдыққа түкіру

- Орталық Қазақстан аумағында су тапшылығы қашанда болған,- деді «Нұра өзенін қорғау, сақтау, өнімділігін күшейту және тиімді пайдалану жөніндегі заңнамалықты қолдану туралы» алқа мәжілісінде Қарағанды облысы прокурорының орынбасары Бағлан Тайымбетов,- Міне, осы жағдайға байланысты прокуратура қызметкерлері кезекті тексеріс өткізді. Оның үстіне Астананы сумен қамтамасыз етуді жақсарту үшін Ертіс өзенін Нұрамен қосу мәселесі күн тәртібінде тұр.

Нұра өзені бассейнінде бір жарым миллион адам тұрады, екі үлкен өнеркәсіп орталығы Қарағанды мен Теміртау қалалары орналасқан.

Қазіргі күні Астананы Есіл өзенінің бойында жатқан Вячеслав су қоймасы сумен қамтамасыз етіп тұр. Бірақ, алдағы он жылда Астана халқы едәуір көбейген тұста су қоймасының суы аздық ететін болады. Сондықтан оған балама ретінде Нұра өзені қарастырылған. Кезінде Астанаға жақын маңда Нұра-Есіл арнасы болған, алайда ол пайдалануға берілгеннен кейін жарты жыл өткен соң қайта жабылып қалды: судан сынап табылды.

Мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығына бақылау жасау бойынша басқарма бастығының орынбасары Жанна Штергердің айтуы бойынша, заң бойынша мемлекет қорғауына алынған Нұра қазіргі күні шын мәнінде аянышты күйде жатыр.

- Нұра суын пайдаланғаннан бұрын, улап жатыр,- дейді Жанна Штергер.-«МитталСтил Теміртаудың», Теміртау химия-металлургиялық зауытының, Қарағанды тоған шаруашылығының ағын суларының бәрі Нұраға ағып барады. Тағы да бес кәсіпорын Шерубай-Нұра мен Соқырдың тармақтарын ластауда. Қоршаған ортаға Теміртау қаласына жақын орналасқан жеті, Қарағанды маңындағы алты күлтөкпе мен кен үйінділері зиянын шектіріп жатыр. Өзен бойы жағалауынан судың ластануы мен бүлінуінен сақтайтын қорғаныш аумақтары мен жолақтары болуы керек. Бірақ, прокурорлық тексеріс кезінде мұндай жолақтардың жоқтығы анықталды. Ботақара кентінде бөген маңынан отыз тоннадай тұрмыстық қалдықтар табылды. Қазіргі кезде ауданның Есенгелді елді мекеніндегі Нұраның бойында орналасқан асфальт-бетон зауытының жұмысын тоқтату туралы мәселе қаралып жатыр. Бұл кәсіпорын табиғат қорғау аумағына орналасқан, ал оның құрлысын салу Нұра-Сарысу бассейні су шаруашылығы басқармасымен келісілмеген.

Нұраның экологиясымен және санитарлық жағдайымен көптеген мемлекеттік органдар айналысады: қоршаған ортаны қорғау аумақтық басқармасы, санэпидқадағалау басқармасы, Нұра-Сарысу бассейні су шаруашылығы басқармасы, «Қазнедра» басқармасы, жер ресурстары басқармасы бойынша комитет және «Қазгидромет» филиалы. Алайда, Жанна Штергердің айтуынша, шенеуніктер өздерінің әрекетсіздігімен заң бұзушылыққа жол беріп отыр. Қазіргі күні Нұра өзенінде және оның тармақтарында мұнай өнімдері, фенол, аммоний азоты, нитраттар мен органикалық заттар көп. Ал, Нұраны сынаптан тазарту мәселесіне тек Елордасын Астанаға көшіру кезінде ғана назар аударылды. Әйтсе де бұл жұмыстарды осыдан 20 жыл бұрын бастау қәжет еді. Мәскеу мин-геология институты мамандарының мәліметінше, өзеннің түбінде 150 тонна сынап жатқан көрінеді. Қазақстан үкіметі Нұра өзенін тазарту жобасы бойынша Бүкіләлемдік Қайта құру және Даму банкінен 40 миллион доллар грант алды. Жобаның техникалық-экономикалық негізін жасау жөніндегі тапсырмаға Су ресурстары жөніндегі комитет ие болды, ол әлемдік тәжірибелерді ескере отырып Нұраны сынаптан тазартуға міндеттеліп отыр. Мәселен, 60-шы жылдары Жапонияның Минамата қаласындағы синтетикалық кәушік өндіретін өнеркәсіп кәсіпорны қала маңындағы шығанақты ластап тастаған еді. Балық өнімдерін тұтынатын тұрғындар осының салдарынан орталық жүйке жүйесінің токсикалық кеселдеріне ұшырады. 1973 жылы жапондық қоршаған орта агенттігінің нормасы бойынша су түбінде 1500000 текше метр сынап қалдықтары жатқандығы анықталды. Оны тазарту 1987 жылы аяқталды. Су үлгілеріне 1988 жылы жүргізген екінші қайтара тексеру жұмыстары жобаның түгелдей ақталып шыққандығын көрсетіп берді. Бүгінде Минамата - экологиялық таза аймақ. Сынаптық ластануды одан әрі зерттеу және тазарту технологиясын жетілдіру үшін бүгінде әлемге әйгілі Минамата ¥лттық институты құрылды.


Қалай болып еді?

Нұра өзеніне сынап алғаш рет елу жылдай бұрын түсті. Сонда Теміртау қаласында синтетикалық кәушік зауыты (кейін - «Карбид» АҚ) іске қосылған болатын. Зауытты тазарту құрылғысынсыз пайдалануға жіберді. Зауыттың ағын сулары, сонымен бірге ауыр сынап магистралдық коллектор арқылы Нұраға тікелей құйылып жатты.

- Түрлі жорамал бойынша, осы металл ондаған, әйтпес жүздеген тонналап суға ақты,-дейді «ЭкоМұражай» директоры Дмитрий Калмыков.- Оны нақты айту қиын. Өйткені ол жылдары мұндай құжаттауды ешкім жүргізген жоқ.

Зиянды ацетальдегид өндірісі 1996 жылы жабылды.

- Қазір сынап қалдықтары өзен түбінде және оның жағалау топырақтарында жатыр,- деп Дмитрий Калмыков сөзін жалғады.- Жауын-тасқын кездері су бетіне ылаймен бірге сынап та көтеріліп, сай-салаға жайылып, су қайтқанда ол жағалауда қалып қояды. Ал, оны жайылымда жүрген мал жиді. Мұны тергеп-тексеру де мүмкін емес.

Сынап сүзгіш құрылғыларды алпысыншы жылдардың басында ғана сала бастады. Өндіріс қалдықтары тазарту резервуарларына жіберілді, мұнда олар хлорға салынды және биофильтрлердің көмегімен тұнбаға айналдырылды. Тазарту резервуарларына жинақталған сүзгіштегі тұнба арнайы аумақта сақталып, кейін Теміртау қаласына жақын жатқан Жауыр еңісіне тасылатын болған. Сол жерден сынап ылайы әлі күнге дейін топырақты зақымдап жатыр.

1969 жылы «Карбид» АҚ аумағында ылай сүзгіш алаңқайлар жасалды. Құрамында сынап бар ылай Нұра жағасында орналасқан ҚарГРЭС-1-дің ескі күлтөкпесіне жинақталды. Ол сол жерде кеуіп, ауаға ұшып кететін. Нұраны улап тұрған тағы бір қауіп ошағы «Карбид»АҚ-ның бұрынғы ацетальдегид өндірісінің Д-19 деп аталатын цехы.

1996 жылы банкрот болуына байланысты «Карбид» АҚ-ның жұмысы тоқтатылғаннан кейін оның аса қауіпті өндіріс цехын барлық ереже бойынша бекітіп тастауға және зиянды қалдықтарды залалсыздандыруға шамасы жетпей қалды. Соның кесірінен тек былтырғы жылы ғана төтенше жағдайлар (ТЖ) қызметінің мамандары «Карбид» АҚ-ның осы цехы аумағынан 1250 келі сынап жинап алды.

Сынап Нұра өзенінің Самарқанд су қоймасынан бастап Ростовка кентіне дейінгі аралығының елеулі бөлігін улап тастаған. Ең ластанған кесік Чкалов ауылынан Гагарин ауылына дейінгі орта болып есептеледі. Мамандардың есептеуінше, бұл аралықтағы жер қыртысында тоқсан тоннаға дейін сынап қалдықтары жиналып жатыр. Міне, 54 жыл бойы осы елді мекеннің тұрғындары құрамында сынабы бар суды ішіп, уланған балықты жеп отыр.

Ол да ештеңе емес
Соңғы кездері сынаптан да басқа қауіп ошақтары күшейіп отыр - су жағалауынан тонаушылық әдіспен құм және қиыршық тастар тасылып жатыр. Жағалау ұзарып барады, су құмға сіңіп барады, өзен таяздана түсуде. Облыстық прокуратураның алдын-ала есептеуі бойынша, тек бір ғана «Рахат» шаруа қожалығы Нұра-Соқыр тармақтары бойында шаруашылық жүргізген кезде мемлекетке 12 млн.теңге зардап шектірген. Нұра бассейні бойындағы 29 су қоймасының ішінде стратегиялық маңыздағы Самарқанд су қоймасының жайы аса алаңдаушылық туғызады. Ондағы жеке қолға өтіп кеткен гидротехникалық құрылғылар апатты жағдайда тұр, айналыс арнасы жұмыс істемейді.

- Су қоймасының гидротехникалық құрылғылары аса қауіпті жағдайда,- дейді облыс прокуроры Серік Ақылбай.- Қазір олар бір ірі кәсіпорынның қоластына берілген, меншік иесі өз міндеттерін орындамай отыр.

Прокуратура қызметкерлері тексеріс нәтижелерін жариялай келіп, гидротехникалық құрылғылардың қожайындары мұны өздерінің материалдық жағдайының ауырлығымен түсіндіретіндіктерін айтты. Сөйтіп, бір сөзбен айтқанда, оны еш қараусыз тағдыр тәлкегіне тастай салған. Осының салдарынан Самарқанд су қоймасынан бірнеше шақырымдық жерде орналасқан Чкалов және Садовая ауылдарының тұрғындарын алдағы уақыттарда басқа өңірлерге қоныс аударту қаупі туындап отыр.

Осы елді мекендер жыл сайын көктемгі су тасқынының астында қалады. Үстіміздегі жылы сел суы үй терезелерінің жақтауларына дейін жеткен. Өкімет 300-ге тарта тұрғынды Теміртау қаласы мен Калинин, Березняк ауылдарына көшірді. Чкалов ауылында 60 үй шаруашылығы зардап шекті. 2004 жылы су тасқыны гидро-метеорологтар айтқан мөлшерден екі есе көп болды. Самарқанд су қоймасының суы рұқсат етілген көлемнен әлде қайда асып кетті. Алайда, шлюзді соңғы сағаттарға дейін ашқан жоқ. ТЖ мамандарының есебінше, егер гидротехникалық құрылғылар шыдас бермегенде бүкіл Теміртау халқы сусыз қалар еді. Ал, жерден бір метр биіктікке деін көтерілген су жолдан кездескеннің бәрін сыпырып-сиырып Астанаға да жетуі мүмкін екен. Заң қорғаушылары «ҚР Су кодексінің» 25 бабына сүйене отырып Самарқанд су қоймасын мемлекет меншігіне қайтаруды көздейді. Заңда: «Ерекше стратегиялық маңыздағы құрылғылар мемлекет меншігінде болады және жалға, сенімдік басқару мен жекешелендіруге жатпайды» делінген.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет