«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы


Цифрлық Жібек жолын іске асыру



бет10/12
Дата17.05.2020
өлшемі1.46 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру


2022 жылға қарай дамудың келесі асуларына қол жеткен кезде, бағыт табысты іске асырылды деп есептеуге болады:

1. Қазақстанның барлық халқын сапалы, үздіксіз және 4G-мобильді байланыспен қамту.

2. Жеке тұлғалар мен компаниялардың деректерді берудің жаһандық желілеріне мүлтіксіз, жаппай және жылдамдығы жоғары қол жеткізуі.

3. Тұтастай, мемлекет деңгейінде және жеке алғанда әрбір пайдаланушы деңгейінде құзыретті кадрлар мен заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жұмыс жасайтын және дамитын киберқауіпсіздік жүйесі.

Жақын арадағы келешекте Цифрлық Жібек жолын іске асыру бірнеше іс-шара қамтылған екі бастаманы болжамдайды – бұл байланыс желілерін қамтуды кеңейту және киберқауіпсіздікті күшейту.

Байланыс желілерін және АКТ инфрақұрылымын кеңейту

Байланыс желілерін қамтуды кеңейту контурды қорғау және ақпараттық қауіпсіздік оқыс оқиғаларын алдын алумен кеңжолақты деректерді берудің жаһандық желілеріне қолжетімді инфрақұрылымын дамыту мәселелерін қамтиды. Деректерді берудің қолжетімділігі, тұрақтылығы және қауіпсіздігі аталған Бағдарламаның және ақпараттық технологиялар мен цифраландыру мәселелерімен байланысты басқа да бағдарламалардың барлық бастамалары үшін қажетті техникалық негіз болып табылады.

Бастама байланыстың спутниктік жүйесін жаңғыртуды, байланыстың тіпті ауылдық елді мекендерге дейін талшықты-оптикалық байланыс желілерін дамытуды, транзитті потенциалды арттыруды және цифрлық телерадио хабарларын кеңейтуді қамтиды.

ТОБЖ, сондай-ақ спутниктік технологиялар базасында Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендеріне кеңжолақты және қолжетімді интернетке қол жеткізуді қамтамасыз ету маңызды бірінші кезектегі міндет болып табылады. Бұл мақсаттар үшін басым жобалардың бірін іске асыру - мемлекеттік-жекешелік әріптестік схемасы бойынша 1 200-ден астам ауылдық елді мекенде талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жоспарлануда. Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін ТОБЖ қамту мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарды заманауи жылдамдығы жоғары байланыс қызметтерімен қамтамасыз етеді, 2,1 млн. Астам адам жылдамдығы жоғары Интернет желісіне қосылудың техникалық мүмкіндігіне ие болады.

Бағдарлама шеңберінде Қазақстан Республикасының барлық аудан орталықтарында жаңа ұрпақтың мобильдік инфрақұрылымын (4G желілерін, ал болашақта 5G де) дамыту жоспарлануда. 4G-стандарт мобильдік интернетке кеңжолақты қолжетімділікті және тиісті деректерді беру жылдамдығын арттыруды болжамдайды.

Интернет қолжетімділігін кеңейту үлкен деректер технологиясын дамыту шамасына қарай байланыс операторлары үшін одан әрі тартымды болуы мүмкін. Қосылған пайдаланушылардан деректер ауқымдарын жинау және талдау басқалардың арасында пайдаланушылардың (жеке тұлғалардың, сондай-ақ компаниялардың) артықшылық беру және мүмкіндіктерін, сондай-ақ нарықтық динамиканы, абоненттің өмірлік циклын және сыртқы жағдайлар әсерін толық түсінуге мүмкіндік береді.

Алайда, үлкен деректер технологиясының дамуында күш-жігердің үйлестіру, қиысу және бірыңғай бағыты өте маңызды. Сондықтан үлкен деректер дамуында жеке тұлғалар, сондай-ақ корпоративтік сектор туралы деректердің ірі көлемі бар мемлекет маңызды рөлге ие. Мемлекет күш-жігерінің нығайтуы мен дамуына үлкен деректер талдауының технологиялық орталығын құру – бірыңғай деректерді «жинау орны» және ұлттық, мемлекеттік ақпараттық ресурстарының сенімді жұмыс істеуін, сақталуын, бүтіндігін, оның ішінде қолданыстағы бастамалар негізінде қамтамасыз ету жәрдемдесетін болады.

Мобильдік байланыстың базалық станцияларының, мемлекеттік органдар, ұлттық компаниялар мен жеке ұйымдардың мұқтажына арналған спутниктік байланыс арналарының жұмысын, сондай-ақ еліміздің барлық аумағындағы телевизиялық хабар таратуды байланыстың екі спутнигінен тұратын «KazSat-2» және «KazSat-3» «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесі қамтамасыз етеді. «KazSat-2» аппаратын пайдалану мерзімі 2023 жылы өтетіндіктен, осы мерзімге қарай «KazSat-2R» ғарыштық байланыс жүйесін пайдалануға енгізу жөніндегі жұмыстар аяқталатын болады.

Елдің транзиттік әлеуетін арттыру мақсатында Бағдарлама шеңберінде Ресей, Қытай және Орталық Азия бағыттарында телекоммуникациялық трафикті қамтамасыз ете алатын заманауи, өнімді және ауқымды көлік инфрақұрылымын құру арқылы көрші елдердің байланыс операторларымен көпжақты серіктестік дамитын болады.

АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Аталған Бағдарлама шеңберінде киберқауіпсіздікті күшейту Қазақстан Республикасының ақпараттық жүйелерінің бұзылуға тұрақтылығын арттыруды, АКТ саласындағы контурды қорғауды және техникалық құралдардан бастап және азаматтар мен компаниялардың жалпы қолжетімді желілерінде қауіпсіз тәртіп мәдениетін жасау ақпараттық қауіпсіздікті арттыруды болжамдайды.

Бастама ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталықтарын және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою қызметтерін құруды, сондай-ақ зерттеу зертханаларын және деректерді өңдеу орталығын қалыптастыруды қамтиды. Институционалдық қолдау ретінде заңнамаға өзгерістер енгізіліп, киберқауіпсіздіктің стандарттары айқындалды.

Осы саладағы мемлекеттің инфрақұрылымдық күш-жігерін Қазақстан Республикасы ақпараттық қауіпсіздігінің ұлттық үйлестіру орталығын құру ретінде рәсімделетін болады. Орталықтың негізгі функциялары ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және арттыру, сондай-ақ негізінде ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік жағдайын кешенді мониторингтеу жататын басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін бірыңғай тұғырнаманы құру болып табылады.

Интернеттің қазақстандық сегментінде ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қою мәселелері бойынша үйлестіруге ерекше назар аударылатын болады, бұл Халықаралық электр байланыс одағының киберқауіпсіздік индексінде Қазақстан Республикасының позициясын арттырады.

Мемлекет киберқауіпсіздік проблемаларын іргелі және қолданбалы зерттеудің ынтымақтастығы мақсатында зиянды қодты зерттеу зертханаларын, ақпараттық қауіпсіздік құралдарын және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуына сынақ жүргізу үшін сынақ зертханасын құруға материалдық және ұйымдық қолдау көрсетеді.

Бағдарлама инновациялық экономиканы құру, 2050 жылға қарай 30 дамыған елдің қатарына кіру және заманауи технологиялық әлемнен сырт қалмайтындай қоғам мен өндірісті түрлендіру сияқты негізгі өршіл мақсаттарға қол жеткізу үшін іске асырылуы талап етілетін өзара байланысты шаралардың кешенін іске асыруды көздейді. Осы мақсатқа қол жеткізу бүкіл қоғамның бірігуін және жұмылдырылуын, қысқа мерзім ішінде серпіліс жасауды талап етеді.

Киберқауіпсіздік тұжырымдамасын («Қазақстан киберқалқаны») іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік мәселелері де пысықталатын болады.

АКТ саласында жаңа технологиялардың, инновациялық әдістер мен құралдардың үнемі пайда болуын ескере отырып, қажет болған жағдайда, Бағдарлама шеңберінде қосымша бастамалар іске асырылады.


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет