«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы



бет12/12
Дата17.05.2020
өлшемі1.46 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.6. Басқару жүйесі


«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру бастапқы бес қағидатты сақтауды білдіреді.

1-қағидат – «флагмандық салаларды цифрландыру». Бағдарламадан туындайтын негізгі және едәуір жылдам макроэкономикалық әсер экономиканың қолданыстағы салаларын цифрлық трансформациялауды іске асырумен байланысты орын алатын болады. Осы мәнмәтінде жаңа технологиялар енгізу есебінен, сонымен қатар қазіргі бизнес процестерді ілеспе бейімдеу есебінен қол жеткізілетін еңбек өнімділігінің ауқымды өсуі салаларды цифрландырудың негізгі міндеті болып табылады.

2-қағидат – «аттап жүру». Қазақстан Республикасы келесі күнгі инновацияның пайдасына тексерілген шешімдерді елеңдеместен нақты ең жетік технологияларды енгізу бағытын ұстанады.

3-қағидат – «икемді болу». Бағдарламаға өзгерістер енгізу кезінде қазіргі мемлекеттік жоспарлау жүйесінде қарастырылған жағдайларда, agile-тәсілі қолданылуы мүмкін.

4-қағидат – «бизнеспен серіктестік». Бағдарламаны тиімді іске асыру жеке сектордың белсенді рөлінсіз мүмкін емес. Жеке сала күшімен шешілуі қисынды болып табылатын арнайы проблемаларды (тиімсіздік салаларының) шешу үшін мемлекет ірі бизнестерді де, және ШОБ де тартатын болады. Тиімді өзара іс-қимылды іске асыру үшін экономика субъектілерінің мемлекетпен табысты ынтымақтасуы үшін оларға уәждемеге қатыстыру және құру құралдарын нақтылау қажет. Осыған байланысты, цифрлық жобаларға инвестицияларды тарту үшін ерекше жағдайлар құрылатын болады, яғни кәсіпорындарды цифрлық транформациялау үшін шығындарды барынша төмендету жасалады.

5-қағидат – «реттеуді бейімдеу». Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде реттеулер мен стандарттарды өзгертуді талап ететін түрлі мәселелер туындайды (мысалы, «үлкен деректер» немесе IoT стандарттарын пайдалану мәселелері). Мемлекет қарқынды даму шарттарын құру, оның ішінде цифрлық дамудың ұқсас сатысындағы елдермен салыстырғандағы жағдайларды жасау үшін айрықша үдемелі заңнаманы қабылдау бойынша дербес бастама жасайды.

Өзгерістердің үзіліссіз болуына кепілдік беру үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құрылатын болады, ол Бағдарламаны іске асырудың мақсаттарына қол жеткізу үшін іс-шараларға мониторинг, бағалау және түзету жүргізуге арналған. Іс-шаралар Кеден одағы елдері – Ресей Федерациясының және Беларусь Республикасының ұқсас бастамаларымен синхрондалатын болады. Бұдан басқа, Бағдарламаны, бастамаларды орындауды және мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін цифрлық түрлендіруді басқаруға қажетті құрылым құрылатын болады.

Үкімет деңгейінде CDO позициясы, мемлекеттік органдарда олардың жетекшілік етілетін саладағы цифрландыруға жауапты CDO басшылығымен цифрландырудың офистер құрылды. АКТ саласына жауапты уәкілетті органның жанында мемлекеттік органдарды цифрландыру офистеріне қажетті әдістемелік және консультациялық қолдау ұсынуға және цифрландыру бағытында мемлекеттік органдар мен бағыттар арасында, сол сияқты мемлекеттік органдар мен бизнес-қоғамдастық, АТ-компаниялар, технопарктер, ЖОО мен ғылыми салалар арасында да бастамаларды үйлестіруді қамтамасыз етуге арналған цифрландырудың жобалық офисі құрылатын болады.

Бағдарламаны іске асыру және 4.0 Индустриясына өтудің жаһандық мақсаттарына қол жеткізу үшін ойлау стилін, басқару және жұмысты ұйымдастыру стилін өзгерту қажет. Заманауи жылдам өзгеруші әлем басқарудың қатаң иерархиясымен, әрекеттердегі қатал бақылаумен және есептілікпен басқару процестерін, өзіне тән артық төрешілдік етілген әкімшілік-командалық жүйелерге ескіргендігін білдіреді. Нұсқаулықты орындай алу емес, ал іс жүзіндегі мақсаттарды көру және оларды белгілеген мерзімде және қоршаған әлемнің жедел өзгерістері жағдайында сапалардың белгіленген критерийлері бойынша қол жеткізу сыни талап болып танылады. Бұл үшін қысқа мерзімді перспективада қол жеткізілетін мақсаттармен орындауға икемді жобаларды және бастамаларды қоса алғанда, басқарудың түрлі тәсілдерін саналы түрде енгізу қажет. Басқарудың икемді, басқаша айтқанда бейімді әдістері нәтижелерді жедел жеткізумен және өзгеріп жатқан жағдайлар аясында жедел бейімделумен қысқа мерзімді мақсаттар негізінде жоспарлауға мүмкіндік береді. Олар нақты мақсатқа қол жеткізуге жұмыс жасап жатқан уақытша командалардың (колларборацияның) өзара іс-қимылының желілік иерархиялы емес құрылымдарын құру қабілеттілігін талап етеді. Мұндай құрылымдар артық төрешілдік аппаратты құрмауға және адамдарға қызықты және өршіл міндеттерді орындауға мүмкіндік бере отырып, орнына жиналған тәжірибе мен білім ала отырып, оларды қажетті жұмыстарды орындау үшін белгіленген құзыреттерімен тартуға мүмкіндік береді.

Тиісінше, «Зерде» ҰИКХ» АҚ-ның базасындағы цифрландырудың жобалық офисі басқарудың икемді, бейімді тәсілдерін енгізудің драйвері болады және одан әрі мемлекеттік органдардың басқа да құрылымдарын тарта отырып, оларды мемлекеттік органдардың цифрландыру офистеріне таратады.

Орта және ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізу үшін апробациялау жүргізіледі және болашақты модельдеу негізінде құрылған басқару стильдері енгізіледі. Атап айтқанда, тұрақты негізде өзгерістерді стратегиялық жоспарлау, болжау және осы өзгерістерді іске асыру жөніндегі жол карталарын әзірлеудің форсайт-сессиялары пайдаланылатын болады.

  1. Қажетті ресурстар


Цифрлық бастамаларды іске асыру елдің одан әрі экономикалық өсуі үшін бірқатар іс-шаралардағы маңызды буын болады. Бағдарламада қосымша құн құрудың және экономикадағы шығындарды қысқартудың едәуір әлеуеттілік бар, бұл өз тарапынан 2025 жылға таяғанда елдің ЖІӨ өсу қарқынын жылына 4,5-5% деңгейге жеткізуге мүмкіндік береді, сонымен бірге 1,6%-2,2%, яғни үштен бір бөлігі тек қана цифрландыруға қатысты болады. Бұл сценарий мемлекеттік деңгейде де, сол сияқты жеке салалар мен компаниялар деңгейінде де өзгерістерге келетін тұтастай тәсілді, максималды тартымдық пен қосымша инвестицияларды қарастырады. Бұл ретте, Бағдарламадағы мемлекеттің үйлестіруші және бағыттаушы қатысуы тек инвестициядан келетін тікелей қайтарымға қол жеткізуге ғана емес, сондай-ақ цифрландырудан бастап білім беру сапасын жақсартыға, өмір сүру сапасын өсіруге, инвестициялық және бизнес орталықтарды дамытуға ұзақ мерзімді әсерлерді қамтамасыз етуге шартталған.

Инвестициялардан келетін тікелей әсер

Бағдарламаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен 141 млрд. теңге алу болжануда, сонымен қатар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен 169 млрд теңге қаражат тарту күтілуде. Алдын ала есептеу бойынша экономиканы цифрландырудан келетін тікелей әсер 2025 жылға қарай 1,7 – 2,2 трлн. теңгеге қосымша құнды қалыптастыруға мүмкіндік береді, осылайша 2025 жылға қарай жеке инвестицияларды ескере отырып, инвестициялардың жалпы көлеміне инвестициядан 4,8 – 6,4 есе қайтарылымды қамтамасыз етеді.

Цифрландыру барлық секторларға ықпалын тигізеді және Қазақстан Республикасы экономикасының құрылымдарын тұтастай алғанда шикізаттық емес салалардың әлеуеттін түрлендіру және ашу, стартап-белсенділікті ынталандыру және «жаңа салаларды» ашу арқылы өзгертуге әкеледі. Бұл ретте түрлі салалардағы цифрлық технологиялардың ықпал ету дәрежесі біркелкі болмайды – құнды құрудың ең үлкен әлеуеті Қазақстан экономикасының дәстүрлі салалары, оның ішінде шикізат секторы шеңберінде болжануда, бірақ сонымен қатар электрондық саудада, АТ-саласында және қаржы индустриясында құн құрудың принципшіл түрдегі жаңа мүмкіндіктері ашылуда.

ЖІӨ-нің көзқарасы бойынша айрықша маңызды әсерлер мынадай 12 негізгі жобаларға келеді:


  1. IT-стартаптардың халықаралық технопаркін құру (Astana hub);

  2. 4.0 Өнеркәсіптік индустриясының технологияларын енгізу, оның ішінде «Зияткерлік кен орны» жобасын іске асыру, модельдік зауыттарды құру;

  3. «paper free» қағидатын енгізу;

  4. зияткерлік көлік жүйесін құру;

  5. электрондық сауданы дамыту;

  6. ШОБ арналған цифрлық тұғырнаманы (бір терезе) құру;

  7. көлеңкелі айналымды төмендету үшін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесін дамыту;

  8. қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту бойынша шаралар кешенін іске асыру;

  9. ашық тұғырнамаларды (Open API), Big Data және Жасанды зияткерлікті дамыту;

  10. телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды дамыту, оның ішінде кең жолақты қолжеткізуді жүргізу;

  11. кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру және электрондық декларациялауға көшу;

  12. Smart City жобаларын іске асыру.

Сапалы әсер

Экономикалық әсерге қол жеткізуден және бәсекеге қабілеттілікті өсіруден басқа цифрландыру халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік салаларға оң ықпалын тигізеді – Бағдарламаның негізгі мақсаттарының бірі. Бұндай бастамалар қысқа мерзімді келешекте инвестициялардан тікелей қайтарылымды болжамайды, бірақ олар Бағдарламаның ұзақ мерзімді табысты болуына және елдің дамуына (мысалы, білім беруді дамыту) маңызды, сондай-ақ, мемлекет рөлінің квинтэссенциясы (денсаулық сақтауды, электрондық үкіметті, «ақылды қалаларды» дамыту) ретінде қажет.

Осындай бастамалардан келетін жиынтық әсер кейінге қалдыру сипаттамасына ие және тек жылдар өте толығымен белгілі болады. 2022 жылға қарай білім берудің, денсаулық сақтаудың және инвестициялық орталардың сапалы дамуынан әсердің басталуы күтілуде. Бұл әсер Бағдарламаны іске асыру аясында елеусіз, бірақ ұзақ мерзімді перспективада әлемнің топ-30 дамыған елдерімен әлеуметтік-экономикалық дамуда алшақтықты айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Қазақстанның БҰҰ АКТ даму индексіндегі 30 алдыңғы қатарлы елдердің құрамына кіруі Бағдарламаны іске асырудың маңызды нәтижесі болады.



Бұдан да кең ауқымда цифрландыру бағдарламасын сәтті енгізу елді алғашқы бейнелері енді білініп келе жатқан ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамудың келесі тегеуріндеріне дайындайды.

Глоссарий





ИТП АКҚ




«Инновациялық технологиялар паркі» автономды кластерлік қор;

АӨК




агроөнеркәсіптік кешен;

Блокчейн

-

қандай бір деректерді және (немесе) қандай бір бизнес желісіне қатысушылар жасаған әрекеттерді хронологиялық тәртіппен электрондық нысанда жүргізу;

Бид

-

сатып алушы валютаны, бағалы қағаздарды, активтерді сатып алуға келіскен сұраныс бағасы, сатып алушының ең жоғары бағасы;

ЖІӨ

-

жалпы ішкі өнім;

ТОБЖ




талшықты-оптикалық байланыс желілері;

ДЭФ ЖБИ




Дүниежүзілік экономическалық форумның жаһандық бәсекегеқабілеттілік индексі;

МО

-

мемлекеттік органдар;

ЖКО




жол-көлік оқиғасы;

АКТ

-

ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;

АТ

-

ақпараттық технологиялар;

ИКЖ




интеллектуалды көлік жүйесі;

ЭЖЖ




электр жеткізу желілері

АКМ

-

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі;

БҒМ

-

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі;

ИДМ

-

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі;

ҰЭМ

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі;

ШОБ

-

шағын және орта бизнес;

ХЭО




Халықаралық электр байланысы одағы;

АШМ




Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық министрлігі


ЖАО

-

жергілікті атқарушы органдар;

ЭМ

-

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі;

ҰБ




Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;

ҒЗТКЖ




ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

НҚА




нормативтік құқықтық актілер;

МӨЗ




мұнай өңдеу зауыты;

БҰҰ




Біріккен Ұлттар Ұйымы;

ЗТБ




заңды тұлғалар бірлестігі;

ЖЖЕ




жол жүру ережелері;

ҚР

-

Қазақстан Республикасы;

АҚШ

-

Америка Құрама Штаттары;

Экономикалық агенттер

-

экономикалық игіліктерді өндіруге, үйлестіруге, алмасуға және тұтынуға қатысушы экономикалық қатынастардың субъектілері;

ОМО




орталық мемлекеттік органдар

Цифрландыру

-

бизнес үлгілерді құру және/немесе өзгерту және құндылық тудыратын жаңа кірістерді және мүмкіндіктерді алу үшін цифрлық технологияларды қолдану;

Экономиканы цифрлық трансформациялау

-

жекелеген цифрлық түрлендірулерде, сондай-ақ тиімді цифрлық инфрақұрылымдарды қалыптастыру есебінен экономика құрылымын өзгертуде қорытындылаушы экономиканы басқару үлгісін өзгерту, солардың нәтижесінде жаңа технологиялық және экономикалық құрылысқа өту жүзеге асырылады, сондай-ақ экономиканың жаңа салаларын құру жүзеге асады;

Цифрлық экономика

-

өндірісті оңтайландыру, бөлу, алмастыру, қолдану және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін арттыру мақсатында электрондық технологияларды, электрондық инфрақұрылымды және қызметтерді, үлкен көлемді деректерді талдау технологиясын пайдалау кезінде қалыптасатын қоғамдық қатынастардың жиынтығы;

Цифрлық тұғырнама

-

екі немесе одан да көп түрлі цифрлық өзара іс-қимыл субъектілерінің кешенді цифрлық процестерін қамтамасыз ететін алаң;

Цифрлық экожүйе

-

өзара тиімді мақсаттарға (коммерциялық табыстар, инновациялар немесе ортақ қызығушылықтар сияқты) қол жеткізу үшін стандартталған цифрлық тұғырнамаларды қолданатын цифрлық экожүйенің өзара байланысты субъектілерінің және объектілерінің топтары;

Цифрлық технологиялар




белгілі бірізділікпен және белгілі жиілікпен кодты импульстарды жазуға арналған электрондық есептегіш аппаратураны пайдаланатын технологиялар ;

3D-принтерлер

-

цифрлық 3D-моделі бойынша физикалық объектіні қабаттап құру әдісін пайдаланатын шеткері құрылғы;

ADSL




asymmetric digital subscriber line — асимметриялы цифрлы абоненттік желі;

API




application programming interface;

В2В




Business to Business;

CDO




chief digital officer – бас цифрлық офицер;

G2B




Government-to-Business;

G2C




Government-to-Citizen;

G2G




Government-to-Government;

Fulfillment

-

сатып алушының тапсырысты ресімдеуі сәтінен бастап және оның сатып алынған затты қолына алуы сәтіне дейінгі операциялардың кешені;

FTTх




fiber to the x —X нүктесіне дейінгі оптикалық талшық;

IDC

-

International Data Corporation — халықаралық зерттеу және консалтинг компаниясы;

ICT




information and communications technology;

IoT




Internet of Things;

STEM




Science, technology, engineering, and mathematics.

__________________________________



1 Сомалар тиiстi қаржы жылына арналған бюджетке сәйкес жаңартылады.


Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет