«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы



бет3/12
Дата17.05.2020
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Ағымдағы жағдайды талдау


Әлемдік экономикалық дағдарыстар алдымызға жаңа сын-тегеуріндерді қойып, мемлекеттік саясаттың халықты қажетті әлеуметтік қорғаумен қамтамасыз етуге бағдарлануы салдарынан мемлекеттің экономикаға көбінше қатысуына әкелуде. Мемлекеттің жоғары белсенділігінің кері әсері – халық пен бизнестің тәуекелдер мен қазіргі заманның сын-тегеуріндері жағдайларында экономикалық агенттер ретінде өз мінез-құлқын өзгерту қажеттілігіне дайын болмауы. Дегенмен, көз алдымызда болып жатқан цифрлық революция Қазақстанға цифрландыруды мемлекеттік саясат ретінде өзінің даму жоспарына енгізу қажет екендігіне әкелуде.

БҰҰ аясында есептелетін АКТ дамуының негізгі әлемдік рейтингінде – ICT Development Index, – Қазақстан 2015 жылдан бері өзінің жағдайын өзгертпей, 2016 жылы 175-тің ішінен 52-орын алды. Бағдарламаны және өзге де стратегиялық бағыттарды іске асыру нәтижесінде еліміз рейтингте 2022 жылға қарай 30-шы, 2025 жылға қарай – 25-ші, 2050 жылға қарай – 15-ші орынға дейін көтеріледі.

Сондай-ақ Қазақстан цифрландырудың қазіргі деңгейі тұрғысынан The Boston Consulting Group халықаралық консалтингтік компанияның e-intensity рейтингінде де қуып жетуші ел болып отыр. Қуып жету мәртебесін еңсеру үшін Бағдарламада әлемдегі мемлекеттердің күн тәртібінде тұрған цифрландырудың барлық бағыттары бойынша революциялық, серпілісті іс-шаралардың болуы талап етіледі.

Бұл бағыттар экономиканың дәстүрлі салаларының цифрлық трансформациялануын, адами капиталдың дамуын, мемлекеттік органдар қызметінің цифрландырылуын, цифрлық инфрақұрылымның дамуын, сондай-ақ цифрлық технологиялар аясында кәсіпкерлік экожүйені дамыту саласында серпілісті қамтиды, нәтижесінде экономиканың нақты секторында өндіріс модельдерін өзгерту және қосылған құнды құру.

Сонымен бірге Қазақстан «нөлден» бастамайды. 90-шы жылдары үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, «Болашақ» халықаралық білім беру бағдарламасы бастау алды, 2005 жылы «электрондық үкіметтің» қалыптасуы басталды. Сондай-ақ Қазақстанда инновациялық экожүйенің бірқатар элементтері құрылды, Алатау «ИТП» АЭА, «Назарбаев университеті» АҚБ жұмыс істеуде, Astana hub халықаралық технопаркі іске қосылуда. Еліміздегі ересектердің ¾ цифрлық сауаттылықтың базалық деңгейіне ие, ¾ астамында интернетке қолжетімділік бар. Бұл Бағдарламаны іске асыруда біздің басты назарымызда болатындай айтарлықтай база.

2013 жылы бекітілген «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы ақпараттық қоғамға көшу үшін жағдай жасаудағы қадамдардың бірі болды. Еліміздің экономикасын цифрлық трансформациялаудың іргетасы ретінде аталған бағдарлама мына факторлардың дамуына: ақпараттық қоғамға көшуге, мемлекеттік басқаруды жетілдіруге, «ашық және мобильді үкімет» институттарын құруға, ақпараттық инфрақұрылымның тек корпоративтік құрылымдарға ғана емес, сондай-ақ ел азаматтарына қолжетімділігін арттыруға септігін тигізді. «Ақпаратты Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы іске асырылған үш жылдың нәтижесі бойынша қазірдің өзінде 70% іс-шара орындалып, нысаналы индикаторлар 40% артығымен орындалды. Алайда АТ жаһандық ауқымда қарқынды түрде дамуы өз ережелеріне мәжбүрлеп, адекватты және уақтылы реакция талап етеді. Сондықтан Қазақстан үшін келесі қадам – ұлттық экономиканың, білім берудің, денсаулық сақтаудың негізгі салаларын, сондай-ақ мемлекеттің қоғаммен және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау салаларын түрлендіру процесіне дер кезінде бастамашылық ету.

Мемлекет басшысы 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауында цифрландыру арқауы болып табылатын Үшінші жаңғыру туралы, цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету қажеттілігін, және «коммуникацияның дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді» деп жариялады. Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық жоспарда мемлекеттің Үшінші жаңғыруын іске асыру мақсаттарына қол жеткізудің критерийі айқындалды – Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылады. Ол үшін экономиканың жылдық орташа өсу қарқыны 4,5-5% деңгейде болуға тиіс. Өсудің жаңа моделінде негізгі драйвері ЖІӨ 70%-ға өсуін, халықтың жұмыспен қамтылуын, экспортты ұлғайтуды және инвестицияларды тартуды қамтамасыз етуге қабілетті экономика секторлары болуы тиіс. Осыған байланысты, Үшінші жаңғырудың алдыңғы қатарында тұратын басым бағыттар бекАТілді. Өсімнің қалған 30% қысқа мерзімді перспективада әлеуметтік салаларды (денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту) және АКТ салаларын қамтамасыз ету болжануда.

Еліміздің Президенті Үшінші жаңғырудың бесінші басымдығында киберқылмыспен, діни экстремизммен және терроризммен күрестің өзектілігін белгіледі. Мемлекет басшысы өз Жолдауында Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне мақсаты ақпараттандыру және байланыс саласында қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ азаматтардың ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды пайдалануы кезінде олардың жеке өміріне қолсұқпаушылықты қорғау болып табылатын «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасын әзірлеу жөнінде тапсырма берді.

Демек, аталған Бағдарламада қойылған батыл мақсаттарға қол жеткізу және оған қол жеткізуге қажетті өзгерістерді іске асыру үшін дайындық және барлық қажетті алғышарттар бар.

    1. Экономика салаларындағы цифрлық түрлендірулер


Жаңа цифрлық революция бүгінгі өндіру тәсілдерін, жеткізу тізбектері мен қосылған құнды құру тізбегін өзгертеді. Өнеркәсіптің цифрлық трансформациялану драйвері бірі болып табылатын Индустрия 4.0 қосымша құндылық физикалық объектілердің, процестердің, цифрлық технологиялардың бірігуінің есебінен қамтамасыз етілетін өндірісті ұйымдастыру тұжырымдамасы болып табылады, бұл ретте нақты уақыт режимінде физикалық процестердің мониторингі жүзеге асырылады, орталықсыздандырылған шешімдер қабылданады, сондай-ақ машиналардың өзара және адамдармен іс-қимылы жүреді. Барлық физикалық объектілердің толассыз цифрландырылуы және олардың бірігуі жаппай өндірістен жаппай даралануға көшуге негіз жасайды, өндірістің икемділігі артады, жаңа өнімді игеру уақыты қысқарады, өз кезегінде олар жаңа бизнес-модельдерді іске асыруға және клиенттермен дараланған жұмыс тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді. Осының барлығы өнеркәсіп кәсіпорындарының тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай дәрежеде арттырады.

Өндіру, өңдеу өнеркәсібі және электр энергетикасы

Жер қойнауын пайдалану қазіргі таңда Қазақстан экономикасының нақты секторының негізін құрайды. Алайда, осы күнге дейін өңдеу өнеркәсіп секторы жоғары деңгейде жеткілікті дамымаған. Электр энергетикасы халық пен өңдірістің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді, бірақ технологиялық және ресурс үнемдеу деңгейіне көшуді талап етуде.

Қазақстан минералдық ресурстарының қоры бойынша әлемдегі көшбасшылар қатарында кіреді. Еліміздегі шикізат қоры барланған мырыш, вольфрам, барит қорлары бойынша әлемде бірінші орында, уран, күміс, қорғасын және хромит бойынша – екінші, алтын бойынша – алтыншы, мұнай бойынша – он екінші, табиғи газ қоры бойынша он төртінші орында тұр.

2015 жылы минералдық ресурстарға жалпы әлемдік бағаның төмендеуіне байланысты, тау-кен өндіру өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2,5%-ға төмендеді, мұнай өндіру 1,7%-ға, көмір және лигнит өндіру 7,2%-ға, сондай-ақ темір кенін өндіру 22%-ға қысқарды. 2016 жылы тау-кен саласында өндіріс көлемінің құлдырауы 2,7%-ды құрады. Дегенмен, ұзақ мерзімді перспективада мұнай және тау-кен секторлары қазақстандық экономикасының жұмыс істеуі үшін маңызды мәнін сақтайды. Бұл ретте жер қойнауын пайдалануда еңбек өнімділігі өндірістің технологиялық жабдықталуы сияқты төмен деңгейде қалып отыр.

Тау-кен өндіру және өңдеу өнеркәсіптерінде Индустрия 4.0 тұжырымдамасына сәйкес жаңа технологиялық деңгейге көшу маңызды тренд болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі әлемдік көшбасшылармен салыстырғанда технологиялық жабдықталуы жағынан жеткіліксіз күйде, тұтастай алғанда, ол төмен еңбек өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілікке әкеледі. Еліміздегі кен орындарының бір бөлігі (21%) заманауи жабдықтар мен деректерді берудің дамыған желілерімен жабдықталғанына қарамастан, кен орындарының айтарлықтай бөлігі жаңғыртуды қажет етеді. Осылайша, кен орындарының 56% желілердің болмауымен немесе олардың жеткілікті түрде дамымауымен сипатталады, кен орындарының 23% жабдықтарын толық ауыстыруды талап етеді.

Өндіру өнеркәсібінің цифрлық құрамдас бөлігін дамытудың елеулі тежегіш факторларының арасында қаржы ресурстарының шектелуі, салада да, АТ да гибридті мамандануы бар білікті кадрлардың жетіспеушілігі, цифрландыруды енгізуден экономикалық пайданың жеткіліксіз түсінуі, сондай-ақ инфрақұрылымның шектелуі болып табылады.

Өңдеу өнеркәсібі – дамуы Қазақстанның орнықты дамуының маңызды шарттарының бірі болып табылатын экономика саласы. Өңдеу салалары жоғары технологиялық қызметтерге сұранысты қалыптастырады, инженерлік құзыреттерді және сапалы жұмыс орындарын жасайды. Бұл ретте технологиялық даму бөлігінде өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының 80%-дан астамы автоматтандырылудың және цифрлық технологиялардың енуінің төмен дәрежесімен сипатталады. Осылайша, мысалы, қазіргі уақытта мұнай өңдеуде МӨЗ жөндеу жұмыстарына жыл сайынғы жоспарлы тоқтатулар пайдаланылады, бұл жөндеу процестерінің оңтайландырылмауын және құрылғыға қызмет көрсетпеуін дәлелдейді, тиісінше толығымен шығындардың ұлғаюын әкеп соқтырады.

Желінің барлық элементтері мен қатысушылары арасындағы тиімді ақпарат алмасуды, ірі іркілістерден, табиғи катаклизмнен, сыртқы қатерлерден қорғауды және өзін-өзі қалпына келтіруді қамтамасыз ету мақсатында түрлі Smart технологияларды енгізу энергетикадағы негізгі әлемдік тренд болып табылады.

Қоршаған ортаны қорғау саласы жедел, шынайы және толық ақпаратты қажет етеді. Осыған орай автоматтандыру мәселелерінің маңызды стратегиялық мәні бар, өйткені бұдан әрі қоршаған ортаны қорғау саласындағы қызмет нәтижелері тек материалдық базаның жай-күйінен, персоналдың біліктілігінен ғана емес, сондай-ақ барлық экологиялық ақпаратты ұсынудың дұрыстығы мен жеделдігінен де құралатын болады.

Көлік және логистика

Сапалы көлік және логистика инфрақұрылымы аумақтың байланыстылығын арттыру және тауарларды белгіленген жерге дейін жеткізуге үстеме шығыстарды төмендету есебінен экономиканың дамуына қуатты серпін береді.

Байланыс желілері инфрақұрылымының дамуынан барынша әсерді алу үшін көлік қатынастарының барлық түрлерін дамыту және оның құнын арзандату есебінен де, жүктерді қайта жіберу және жеткізу инфрақұрылымын дамыту есебінен де аумақтың көлік байланыстылығын қатар дамыту талап етіледі. Қазіргі уақытта Қазақстанның темір жол желісі жоғары дамығанмен, автомобиль жолдары желісі жеткілікті дамымаған, әуе тасымалдау құны тым қымбат. Еуропа-Азия мультимодальдық трансконтинеттік жүктерді тасымалдау дамуда, бірақ мұнда да үлкен өсу әлеуеті бар. Теңіз және өзен тасымалдарының кішігірім көлемі бар, мұнда да ашылмаған өсу әлеуеті бар.

Экономиканың көлік саласындағы проблемаларды шешуде әлемдік тәжірибені мысалға алар болсақ, АҚШ-та осы мақсат үшін зияткерлік көлік жүйесі бойынша алғашқы стандарттарды өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында әзірледі. 2002-2012 жылдар кезеңінде АҚШ-та ұлттық зияткерлік көлік жүйесі бағдарламасы іске асырылған болатын. Жапонияда зияткерлік көлік жүйесін құруға ғылыми зерттеулерден бастап өткен ғасырдың 70-жылдарының бірінші жартысында кірісті, олар кейінірек жалпыұлттық әл-ауқатты артыру үшін әлеуметтік-бағытталған бағдарлама түрінде рәсімделген. Қытайда 2007 жылы «Қытайдың зияткерлік көлік жүйесін дамыту стратегиясы» қабылданды. зияткерлік көлік жүйесіне сервистерді әзірлеу мен енгізуге арналған тиісті тапсырмалар Қытай экономикасын дамытудың бесжылдық жоспарларында көрсетіледі.

Осылайша, көлік-логистика саласының одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін көлік құралдарын басқару арқылы транзиттік әлеуетті арттыруды, ақпаратты жедел өңдеу және оңтайлы әрі ұтымды шешімдерді және басқарушылық ықпалдарды әзірлеу арқылы көліктегі қауіпсіздікті күшейтуді қамтамасыз ететін көлік жүйесін енгізуді қарастыру талап етіледі.

Шетел мемлекеттерінің тәжірибесі көрсеткендей, жүк ағымының өсуіне әуе жүк тасымалдау, сондай-ақ мультимодальдық тасымалдауларды дамыту процесінде «E-freight» халықаралық стандартты қолдана отырып, қағаз құжат айналымын оңтайландыру есебінен қол жеткізуге болады.

Сала проблемалары бірнеше өлшемдерге байланысты және ішкі және сыртқы контурларға қатысты:

- транзиттік және импорттық жүктерді бақылаудың төмендігі;

- шешім қабылдау үшін тасымалдардың барлық түрін мониторингтеу, талдау және болжау мүмкіндігінің болмауы;

- логистика инфрақұрылымының нашар дамуы.

Жоғарыда аталған проблемалар транзиттік әлеуетті пайдаланбауға, сондай-ақ ішкі өндірістің дамуында кедергілерге әкеледі.

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы – азық-түлік және экономикалық қауіпсіздікті, сондай-ақ әсіресе ауылдық жерлерде мемлекеттің еңбек әлеуетін қамтамасыз ететін Қазақстан экономикасының маңызды салаларының бірі. 2016 жылғы деректер бойынша ауыл, орман және балық шаруашылығының ЖҚҚ мемлекеттің ЖІӨ 4,6% құрады, салада еліміздегі жұмыс істейтін халықтың 18% қамтылған.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінің (қызметтерінің) жалпы шығарылымы 2016 жылы жалпы республика бойынша 3 684,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы дәрежеге қарағанда 5,4%-ға жоғары. 2016 жылы егін шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі 7,5% және мал шаруашылығы өнімдерінің - 2,8% құрады. Дегенмен, ауыл шаруашылығы өсудің іске асырылмағын әлеуетіне ие сала болып қала беруде.

Ауыл шарушылығының жалпы өнімінің оң динамикасына қарамастан, жалпы өндіріс көлемі тұтыну мен халық табысының өсу қарқынынан артта қалуда, ал еңбек өнімділігінің және өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмен деңгейде сақталуы өнім шығаруды өсіруге мүмкіндік бермейді, бұл ішкі тұтынуда импорттың жоғары үлесін негіздейді. Қазақстанның ДСҰ-ға кіруімен сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілікті арттыруға талаптар да күшейтілді.

АҚШ, Канада және Австралия сияқты дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, цифрлық технологиялар осы дәстүрлі саланы түбегейлі өзгертеді. Заманауи геоақпараттық жүйелер мен IoT қоса алғанда, түрлі қайнар көздерден алынатын үлкен деректер топырақтың азып-тозуынсыз әрі ресурстарды ұтымды пайдаланумен жоғары өнімді алуға мүмкіндік береді. Өнеркәсіптік заттар интернеті қашықтықтан басқара отырып, автоматтандырылған фермаларды құруға мүмкіндік береді. Дамыған логистика жүйесі мен электрондық сауда ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын сақтай отырып, тіпті оларды шағын фермерлік шаруашылықтарға да соңғы тұтынушыға дейін жеткізудің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл ұлт денсаулығын сақтау тұрғысынан да, экспорттық әлеуетті іске асыру тұрғысынан да экологиялық таза өнімді өндіруді сақтау мен дамытудың маңызды факторы болып табылады.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында цифрлық технологияларды қолданатын ауыл шаруашылығы өндірушілерінің үлесі көп емес, бұл өнімділіктің өсуін және шығыстардың қысқаруын шектейді. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығына арналған жерлер не мақсаты бойынша пайдаланылмайды, не тиімсіз пайдаланылады, және бұл оны үлкен аумақ, халықтың тығыз орналаспағандығы және жерлердің жай-күйі мен пайдалануды мониторингтеудің қажетті инфрақұрылымының болмауы салдарынан қысқа және ұзақ мерзімді перспективада талдау мен болжаумен бақылауға қиын.

Балық шаруашылығы кіріс көзі, экономикалық өсімге, тұрғындардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етуге, балық өнімінің экспортын арттыруға, басқа да әлеуетті мүмкіндіктер арналған мен биологиялық алуантүрліліктің жаңартылатын қайнар көзі ретіндегі база түрінде үлкен маңызға ие. Балықты бақылаусыз заңсыз аулау және оның көлеңкелі айналымы балық қорларының жойылуына және азық-түлік өнімнің дефицитіне әкеліп соқтыруы мүмкін, балықтың көлеңкелі айналымын анықтау қажеттілігі туындауда.

Цифрлық технологиялардың көмегімен ауыл шаруашылығында түрлендірудің үлкен әлеуеті бар, және цифрландырудың ауқымды бағдарламасы жағдайында ауыл шаруышылығы дамудың сапалы жаңа деңгейіне шығуға және ел экономикасының драйвері болуға қабілетті. Ауыл шаруашылығын цифрландыру бағдарламасының іске асырылатын іс-шаралардың негізгі бағыттары шығымдылық пен еңбек өнімділігінің артуы, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау болып табылады.

Электрондық сауда

Сауда – Қазақстанда экономикалық өсудің маңызды драйвері. Көтерме және бөлшек сауда үлесі; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу Қазақстанның ЖІӨ-де 2016 жылы 16,8% құрады, ал оның ЖІӨ үлесі соңғы екі онжылдықтың кейбір жылдары 2 пайыздық пунктті құрады. Бұл ретте электрондық сауданың үлесі бүгінгі таңда бөлшек сауданың салыстырмалы түрде кішігірім бөлігін құрайды – 2016 жылы 1%.

Сонымен қатар, осы уақытта дамыған және дамушы елдерде электрондық сауда қарқынды дамуда, оның оң әсері бизнес саласына ғана емес, тұтастай алғанда, елдегі халықтың өмір сүру сапасына да таралады. Атап айтқанда, электрондық коммерцияның арқасында, мысалы халықаралық саудаға тартылу есебінен халық төмен бағалармен көптеген тауарларға қол жеткізе алады. Бизнеске ықпал ету тұрғысынан қарағанда, электрондық коммерцияның өсіп келе жатқан танымалдылығы осы салада өз бизнесін ашуға ниет білдірген адамдар санының өсуіне әкелетіндігін атап кету керек.

Алдағы 10 жылда бірқатар сапалы өзгерістер есебінен электрондық сауданың тартымдылығы өседі деп болжануда. Солардың ішінде – жеткізудің жаңа тәсілдерін қолдану, клиенттік талдауды кеңінен пайдалану, тауарлардың ассортиментін кеңейту және мобильді коммерцияның танымалдылығының өсуі есебінен жеткізу тиімділігінің артуы.

Сонымен қатар, электрондық сауданы дамыту үшін құндылықты құру тізбегінің барлық кезеңдеріндегі бірқатар кедергілерді де ескеру қажет.

Мысалы, клиенттерді тарту кезеңінде шектеуші фактор - электрондық сауданы және ойыншыларды жеткіліксіз ілгерілету, электрондық сауда теледидар мен сыртқы жарнамада жарнамаланбайды, бұл да жаңа тұтынушыларды тартуға мүмкіндік бермейді.

Электрондық тұғырнамаға қол жеткізуді ұйымдастыру кезінде электрондық сауда индустриясының ойыншыларында АТ-жүйелерінің жиі техникалық істен шығуы орын алады. Бұл ретте кеңінен таралған проблемалардың бірі оларды мобильді құрылғылардан пайдалану үшін жүйенің барлық жерден бейімделу қабілетсіздігі болып қала беруде.

Бұдан басқа, Қазақстанда индустрияны дамыту үшін қажет ерекше құзыреттері бар мамандардың, мысалы, интернет-маркетологтар мен контент бойынша мамандардардың жетіспеушілігі сезіледі.

Тауарларды жинақтау, тиеу және жеткізу көлік және логистика инфрақұрылымы дамуының жеткіліксіз деңгейімен қиындатылады, өз кезегінде бұл қымбат әрі ұзақ логистика себебіне айналады.

Жоғарыда аталған қиындықтардың барлығына онлайн тұтыну мәдениетінің төмендігі, азаматтардың ақпараттандырылуының төмен деңгейі, ШОБ үшін заемдық қаржыландырудың қол жетімсіздігі және капиталдың жоғары құнына себепші болатын қолайсыз экономикалық жағдаят қосылады.

Электрондық коммерция аясын құқықтық реттеу саласында да басты проблемалар да бар. Оларға электрондық сауда компаниясының экспортын шектейтін күрделі кедендік рәсімдер, салықтық жеңілдіктердің, және мемлекет тарапынан басқа да пәрменді ынталандырудың болмауы, шетелдік компаниялардың, оның ішінде кроссшекаралық сауданың дамуы үшін шектеулер және сауданың ауқымды көлеңкелі айналымы жатады.

Қаржы секторы

Қаржы секторы экономиканың маңызды элементі болып табылады, оның жай-күйіне болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы мен сапасы тәуелді. Қазіргі уақытта электрондық төлемдер мен электрондық сауда қаржы секторының ажырамас бөлігі болып отыр. Қаржы саласы клиенттермен өзара іс-қимыл жасау үшін инновациялық технологиялар мен цифрлық сервистерді енгізу мен қолдануда дәстүрлі түрде көшбасшы болып табылады. Барлық дерлік банктер қызметтерін қашықтық арналар арқылы ұсынады. Банктердің 70% жеке тұлғаларға сервистерін интернет және мобильдік банкинг арқылы көрсетеді, банктердің 55% өз қызметтерін мобильдік қосымша негізінде ұсынады. 2015 жылмен салыстырғанда, 2016 жылы интернет және мобильдік банкингті пайдаланумен жеке тұлғалардың төлемдер көлемі 2,6 есе өсті. Инвесторлар үшін брокерлермен клиенттің электрондық цифрлық қолтаңбасы негізінде сауда операцияларын жүргізуді және жеке кабинет арқылы электрондық қызметтерді көрсетуді қоса алғанда, электрондық қызметтерді көрсету тәртібі оңтайландырылды. Бұл нарыққа өңірлік инвесторлардың қол жеткізуін жеңілдетіп, инвесторларға әлемнің кез келген нүктесінен қазақстандық қор нарығында қаржы құралдарымен сауданы жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Қаржы қатынастарын одан әрі цифрландыруға саланың тиімді реттеуінің, қаржы секторының мемлекеттік ақпараттық жүйелермен және деректер базасымен тиімді тетіктің және электрондық өзара қарым-қатынастардың жүйеленген стандарттарының, клиенттерді қашықтан сәйкестендірудің әмбебап тетігінің болмауы, сондай-ақ халықтың қаржылық сауаттылығының жеткіліксіз деңгейі кедергілер болуда.

Халықты формалды қаржы жүйесіне тарту маңызды элемент болып табылады. Қаржылық, атап айтқанда, төлем қызметінің қолжетімділігін арттыру үшін банктен тыс экожүйелер дамуда – электрондық ақшалар жүйелері, ұялы байланыс операторларымен абоненттік шоттан тауарлар мен қызметтерге төлеу жөнінде шешімдер енгізілуде. Бұл ретте бұл шешімдер халықтың жаппай қолдануын шектейтін қызметтерді жеткізушінің экожүйесімен шектелген. Мобильдік төлемдердің ең көп дамуының мысалы Швеция және Кения болып табылады, тәсілдердегі айырмашылыққа қарамастан – банктік және банктен тыс тұғырнамалар.

Ұлыбритания, Швеция, Австрия, Сингапур, Корея, Австралия сияқты елдердің тәжірибесі көрсеткендей, халықты институтаралық қашықтан сәйкестендіруді қамтамасыз ету үшін технологиялық тұғырнамаларды құру, қаржы секторында ашық тұғырнамаларды енгізу, қаржы секторында қызмет көрсету деңгейінің сапалы өсу мақсатында қаржы институттары, клиенттер мен мемлекеттік органдар арасында өзара іс-қимыл мен коммуникацияның біріктірілген цифрлық ортасын құру цифрландырудың ғаламдық трендіне сәйкес келеді, саланы түрлендіреді және қаржы және басқа да қызметтерді жаппай алуды қамтамасыз ету үшін алғышарттарды жасайды.

Заманауи технологиялық трендтер қаржы қызмет көрсету парадигмасын түбегейлі өзгертеді – жаңа салалар мен бағыттар, бизнес-модельдер пайда болады, қаржы қызметтерінің құны төмендейді, сондай-ақ салаға тән тәуекелдер біркелкі етеді.

АКТ саласын дамыту

АТ нарығының құрылымында үш ірі сегментті бөліп көрсету қажет: жабдық, лицензиялық бағдарламалық қамтылым және АТ саласындағы қызметтер.

IDC агенттігінің деректері бойынша Қазақстан Республикасындағы АТ нарығының көлемі 2014 жылы 2.0 млрд. АҚШ долларына қарағанда, 2015 жылы 1 687 млн. АҚШ долларын құрады. Жабдық сегментінің үлесі 81,2% немесе 1369 млн. АҚШ долларына бағаланады, лицензиялық бағдарламалық қамтылымның үлесі 7,5% немесе 126,8 млн. АҚШ доллары, АТ-қызметтер үлесі 11,3% немесе 190,5 млн. АҚШ доллары.

2016 жыл ішінде еліміздің АТ-нарығының көлемі 1307,4 млн. АҚШ долларын құрады. Жабдық үлесі 84,3% немесе 1101,8 млн. АҚШ долларын, лицензиялық БҚ үлесі 4,7% немесе 62,1 млн. АҚШ долларын, АТ-қызметтер үлесі 11,0% немесе 143, 5 млн. АҚШ долларын құрады. Салыстыру үшін, Англия және Франция сияқты елдерде АТ қызметтердің үлесі 2016 жылы тиісінше 46,5% және 43,7% құрады. Шығыс-еуропалық мемлекеттерде, мысалы, Польшада және Чехияда АТ нарықтың жалпы көлемінде АТ-қызметтер үлесі тиісінше 32,6% және 34,9% құрады. Ресейде АТ-қызметтер үлесі 23,8% құрады. Сонымен қатар, мемлекеттің жалпы қосылған құнына кіретін жергілікті қамту көлемі мардымсыз, негізінен АТ-қызметтер есебінен қалыптасады және сараптамалық бағалаулар бойынша АТ-қызметтердің үлесінің 30 % аспайды.

Бұл деректер АТ-дағы инвестициялар тиімділігінің төмендігін, киберқауіпсіздік деңгейінің төмендігін және жергілікті қамтуды ілгерілету шараларын қабылдау қажеттілігін көрсетеді.

«Қазақстандық ІТ-компаниялар қауымдастығы» ЗТҚ деректері бойынша 2016 жылы елімізде ақпараттық технологиялар саласында қызметін жүзеге асыратын 2560 компания тіркелген. Бұл компаниялар әртүрлі қызмет түрлерін жүзеге асырады, олардың ішінде 770 компания бағдарламалық қамтылымды әзірлеумен айналысады. Осы компаниялардың ішінде іске асыратын АТ жобаларда жергілікті камтудың жоғары үлесін (100%) қамтамасыз ететін АТ компаниялар да бар.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, АТ компанияларын дамыту үшін жағдай жасауды және стартаптарды қолдаудың толық циклын қалыптастыруды технопарктар қамтамасыз етеді. Алайда, еліміздегі қолданыстағы технопарктер құрылған даму институттарының ақпараттық технологиялар сегментінде жұмыс тиімділігінің төмен болуы салдарынан тиісті түрде дамымай отыр. Қазақстанда Венчурлік қаржыландыру институты да тиісті түрде дамыған жоқ.

Технологиялық даму, еліміздің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары ақпараттық технологиялар секторындағы қосымша құнның өсуіне және сенім білдірілген бағдарламалық қамтылыммен жұмысқа бағдарланған жұмыс істейтін қолданыстағы отандық АТ-компанияларды толық қолдау болып табылатынын атап өту қажет. Бір уақытта, даму шарттары – бүкіл әлемнен технологиялық кәсіпкерлерді өзара тиімді шарттарды тарта отырып, стартап бағыттарын қалыптастыру және дамыту.


    1. Каталог: sites -> default -> files
      files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
      files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
      files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
      files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
      files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
      files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
      files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет