«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы


Цифрлық инфрақұрылымды дамыту



бет5/12
Дата17.05.2020
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Цифрлық инфрақұрылымды дамыту


Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым

Бүгінгі күні ақпараттық-технологиялық инфрақұрылым экономикалық дамудың маңызды элементі болып қалыптасуда. Заманауи қолжетімді телекоммуникациялық инфрақұрылымсыз Қазақстанның әлемдік экономикалық және ақпараттық кеңістікте орнығуы мүмкін емес. АКТ қолжетімділігі цифрлық экономиканы құрудың іргетасы болып табылады.

Интернетке кең жолақты қолжетімділік дамыған АКТ инфрақұрылымының негізгі құрауышы болып табылады. Кеңжолақты қолжетімділік FTTх, ADSL сияқты сымды технологиялармен және 3G, 4G және спутниктік байланыс сияқты сымсыз технологиялармен қамтамасыз етіледі. Халықты және бизнесті интернет желісіне кеңжолақты қолжетімділікпен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының қалаларында және

облыстарында телекоммуникациялық инфрақұрылым құрылды; алайда, бүгінгі күнге ол ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін қанағаттандырмайды. Цифрлық теңсіздікті төмендету мақсатында ауылдық елді мекендерді кеңжолақты қолжетімділік желілерімен сапалырақ және толайым қамтамасыз ету қажет.

Көптеген елдердің үкіметтері интернетке кеңжолақты байланысты өз даму бағдарламаларының негізгі элементі ретінде қарастырады. Еуропалық Одақ «EU 2020» стратегиясына енген «Цифрлық күн тәртібі» негізгі бастамасын іске асыруда, онда интернетке жоғарыжылдамдықты қолжетімділік инфрақұрылымы Еуропалық Одақтың заманауи экономикасының негізі ретінде белгіленген. АҚШ ауыл тұрғындарының оптикалық-талшықты инфрақұрылымға қолжетімділігін кеңейту бойынша жобаларды федералдық бюджеттен қаржыландыруда. Канада «Цифрлық Канада 150» стратегиясы шеңберінде - ауылдық және шалғайдағы ауылдық пунктердегі 280 мыңға жуық үй шаруашылықтары үшін жоғарыжылдамдықты интернеттің қызметтерін кеңейтуді инвестициялауда.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің ақпараты бойынша 2014 жылы 6-74 жас аралығында интернет желісін (мобильдікті қоса алғанда) пайдаланушылардың үлесі 63,9%, 2015 жылы – 72,9%, 2016 жылы - 76,8% құрады. Халықты 4G желілерімен қамту 2015 жылы 65,5%, 2016 жылы 69% құрды.

Ауылдық елді мекендерде «цифрлық алшақтық» байқалуда - деректерді жеткізу желілерін дамудағы артта қалушылық. 2014 жылдың қорытындылары бойынша қалалық интернет желісі пайдаланушыларының тығыздығы 72,6 %, ауылдық елді мекендерде 52,7%, 2015 жылы – 76,4% және 68,3%, 2016 жылы тиісінше 81,3% және 70,9% құрды. Өңірлердің ақпараттық теңсіздіктен арылуы еліміздің географиялық өлшемімен, бір бөлігі алыс шалғайда және қиын қолжетімді жерлерде орналасқан 6600 астам ауылдық елді мекеннің болуымен күрделенеді. Әлемдік тәжірибеде бұл мәселе:

- ел халқының ақпаратқа, соның ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, отандық хабар таратудың ақпараттық қорларына тең құқықты қолжетімділігі мүмкіндігі;

- халықтың, бизнестің және мемлекеттің артып келе жатқан ақпараттық қажеттіліктерін озық түрде қанағаттандыруды ұсынатын жерсеріктік байланыс пен хабар таратуды дамыту арқылы шешіледі.

Жалпы жеткізу қабілеті 2160 МГц құрайтын «KazSat 2» және «KazSat3» ғарыштық байланыс желілері іске қосылды. 16 байланыс операторлары жер станцияларының 7000 бірлігі арқылы жерсеріктік және ұялы байланыс қызметтерін көрсетеді. «OTAU TV» спутниктік телерадио хабарын таратудың ұлттық желісінің деректеріне сүйенсек 2015 жылдың қорытындысы бойынша цифрлық телерадио хабарларын тарату абоненттерінің жалпы саны 1 млн. асты. 2017 жылғы шілдедегі жай-күй бойынша ел халқының 77 % цифрлық жер үсті телерадио хабарларын таратумен қамтамасыз ететін 356 радиотеледидар станциялары енгізілді.

2019 жылы ХЭО-ның Дүниежүзілік радиобайланыс конференциясында (ДРК-19) 5G жаңа буында мобильді байланыстың стандарттарын қабылдау күтілуде. ХЭО қабылданған стандарттарына байланысты уәкілетті орган тарапынан Қазақстан Республикасының аумағында 5G технологиясын енгізу бойынша тиісті жұмыс атқарылатын болады.

АКТ саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Қазақстанның информатика мен телекоммуникациялардың әлемдік жүйесіне қосылуы қазірдің өзінде мемлекеттік басқаруда, бизнесте, өнеркәсіптік объектілерді басқару жүйелерінде ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерінің дүркінді өсуіне әкелді, азаматтардың дербес деректерін өңдейтін операторлармен АКТ қызметтерін көрсету салаларын кеңейтті.

Соңғы жылдары мемлекеттік ақпараттық жүйелерге, сонымен қатар, банк және өнеркәсіп секторларына да бағытталған ақпараттық қауіпсіздікке төнген қатерлердің күрт өсуі орын алуда. ЕМС компаниясының «Global Data Protection Index» талдамалық есебінің деректері бойынша 2012 жылдан бастап дүние жүзі бойынша жоғалтылған деректер көлемдері 400%-ға өсті. Жоғалған деректердің жалпы көлемі шамамен 2,36 терабайтты құрады. Барлық әлем бойынша жоспардан тыс тоқтап қалулар және деректерді жоғалту жыл сайын ұйымдарға 1,45 млрд. АҚШ доллардан астам сомаға келеді. Халықаралық электрбайланысы одағының Жаһандық киберқауіпсіздік индексіне сәйкес 2017 жылы Қазақстан 193 мемлекеттің ішінен 83 орынға ие болды, яғни, рейтингтің төмен деңгейінде орналасты. Осы индекс құқықтық ортаның даму деңгейін, техникалық алғышарттарды, ұйымдастырушылық шараларды, құзыреттердің дамуы мен мемлекет ішіндегі және сыртындағы кооперацияны ескереді.

Кеңжолақты қолжетімділік желілерінің дамуымен, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымдағы түрлендірулермен, шаруашылық жүргізуші субъектілердің «онлайн» ортаға көшумен және өнеркәсіпте, энергетикада, банк қызметінде және АКТ-қызметтер саласында технологиялық процестерді автоматтандырумен қатар ақпараттық кеңістік пен байланыс инфрақұрылымының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ойластырылған және бірізді саясатын жүргізу қажет.

АКТ қолдану саласында Қазақстан экономикасын цифрландыру процестерінің тиімділігіне әсер ететін қауіпсіздіктің негізгі проблемалары мен қатерлері, оларды еңсеру шаралары «Қазақстанның киберқалқаны» киберқауіпсіздік тұжырымдамасында көрсетілді және ақпараттың тұтастығын, құпиялылығын, қолжетімділігін және оны өңдеу кезінде пайдаланушыларды сәйкестендіруді қамтамасыз етудің сенімді технологияларын қолдануды көздейді.

Қазақстан Республикасы экономикасын цифрландыру жөннідегі іс-шараларды тиімді іске асыру ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның бірлігін, тұрақтылығын және қауіпсіздігін, деректердің сақталуын және негізінде АКТ қолдануға негізделген шешімдер жатқан процестерге азаматтардың сенімін қамтамасыз ету кезінде ғана қамтамасыз етілетін болады.


    1. Каталог: sites -> default -> files
      files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
      files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
      files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
      files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
      files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
      files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
      files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


      Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет