«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы



бет6/12
Дата17.05.2020
өлшемі1.46 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Адами капиталды дамыту


Цифрлық экономика халықта оның жемістерін пайдалануға мүмкіндік беретін цифрлық дағдылардың болуын талап етеді. Бұл ретте, қазіргі кезде халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығының деңгейі 76,2% құрайды, және алдағы жылдарда оның өсуі қажет. Қазіргі сәтте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бірқатар бастамаларды енгізуде:

1) 3-4 сыныптарда оқуда және күнделікті өмірде ақпараттық технологияларды тиімді пайдалану үшін заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс істеудің жалпы базалық білімдерін қалыптастыратын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді;

2) робототехника шеңберінде бағдарламалаудың жалпы негіздеріне үйрететін робототехника бойынша 372 үйірме жұмыс істеуде.

Сонымен қатар, жас ұрпаққа жаңа талаптарды ескере отырып, креативті ойлау мен техникалық дағдыларын дамыту арқылы орта білімнің мазмұнын қайта қарау қажеттілігі туындап отыр.

Техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша:

1) 3 (үш) мамандық базасында студенттерде таңдаған мамандық шеңберінде іс жүзінде АКТ пайдаланудың базалық білімдерін қалыптастыратын «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні енгізілді;

2) техникалық және кәсіби, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімде білім беру бағдарламалары үшін негізгі база болатын кәсіби стандарттар әзірленуде.

Сонымен қатар, бүгінгі күні 2014-2016 жылдар кезеңiнде АКТ мамандықтары бойынша мамандарды дайындауға 14,5 мың бiлiм беру гранты бөлінген, ал осы кезеңге шығару 94 мың адамды құрды.

Бұл ретте, мемлекеттің экономикасында АКТ мамандықтары бойынша таңдалған кәсіпте кәсіби білімге, ептілікке және дағдыларға ие мамандардың жетіспеушілігі байқалып отыр.

Цифрландыру еңбек нарығында қамтылған мамандықтар құрамына қойылатын өндірістік талаптардың қолданыстағы жүйесінен айтарлықтай озып отыр. Еңбек нарығы мен білім беру жүйесі арасында жедел байланыстың болмауы бір мезгілде талап етілмеген кадрларды даярлауға және «өлмелі» мамандықтар бойынша кадрлардың босауына әкелуі мүмкін. Білім берудің барлық деңгейінің мазмұнын барлық мамандардың цифрлық дағдыларын дамыту арқылы толығымен қайта қарау қажет.



    1. Инновациялық экожүйе


Бүгінгі күнгі шындық өзгерістердің шексіз айналымын білдіреді, және олардың қарқынды жүріп жатқаны соншалықты, жаңа жағдайларға уақытында бейімделу өте маңызды. Ұзақ мерзімді перспективада жүйені үдеуге мәжбүрлейтін жүйенің өзінде іргелі өзгерістер болған кезде ғана табыс болуы мүмкін. Дәл осындай прогрестің шынайы қозғалтқыштарына (адами капиталмен қатар) стартаптар жатады – жаңару және даму құралы, және экономиканың тек физикалық өлшеуінің (ЖІӨ өсуі) ғана емес, қоғамдық сананың өзгеруі, кәсіпкерліктің жаңа мәдениетінің пайда болуы.

Осындай мәдениетті құру үшін технологиялық кәсіпкерлер қабаты пайда болады. Әрбір табысты кәсіпкердің артында одан сәл кем табысты жүздеген, ал олардың артында – жаңа өнімдер мен қызметтерді енгізуге тырысатын, оның өзі экономика үшін оң әсерге ие мыңдаған ұсақ кәсіпкерлер тұратындығын түсіну маңызды. Балалар кәсіпкер болуды және стартаптарды жасауды армандайтын, өз идеяларымен Қазақстанды ішінен өзгертетін жағдайға қол жеткізу қажет.

Стартаптардың тиімді жұмыс істейтін экожүйесі – Қазақстан үшін озат ақылдардың «тартылу нүктесі» болу және АКТ саласында, сондай-ақ басқа салаларда да прогресивті идеялардың генераторы болу мүмкіндігі. Қазақстанда осындай стартап индустрияны құру – оңай мақсат емес, бірақ оны іске асырудағы азғантай кешеуілдеудің өзі елдің дамуын жылдарға кейінге қалдыруға қабілетті. Сондықтан дәл қазір ұзақ мерзімді өзгерістерді қосу үшін негізді қалау өте маңызды, стартаптар экожүйесін дамытуға шаралар осыған бағытталған.

Дамыған стартап-ортасының негізгі элементтері: технологиялық кәсіпкерлер – инновациялық идеялардың негізгі көзі болатын дарындар; «ақылды» қаржыландырумен айналысатын кәсіби инвесторлар; тиімді экожүйе – кәсіпкерлердің дамуын қолдайтын инфрақұрылым болып табылады.

Қазақстанда стартап-ортасын дамыту бағдарламасын іске асыру кезінде дамудың осы кезеңінде индустрия үшін ерекше бір қатар қиындықтарды назарға алмау мүмкін емес. Солардың ішіндегі ең маңыздысы – кәсіпкерлердің сыни массасының және венчурлік қаржыландырудың болмауы.

Мәселен, басқа елдермен салыстырғанда, Қазақстанда технологиялық стартаптар өте аз. 2015 жылға қолда бар деректер бойынша Қазақстанда бар жоғы шамамен 200 стартаптар есептелді, Ресейде олардың саны 3800, ал Израильде – 6000 құрды. ҒЗТКЖ бөлінетін шығындардың төмен деңгейі (ЖІӨ-нен 0,2%, Израильдегі – 4,1% қарсы) болашақта да осындай жағдайдың сақталу тәуекелділігі туралы куәландырады.

Қазақстанда стартап-ортасы ерекшеліктерінің бірі 20 мың АҚШ долларынан 100 мың АҚШ долларына дейін жыл сайынғы гранттарды ұсынатын, негізінен Технологиялық дамудың ұлттық агенттігі мен Techgarden дербес кластерлік қоры есебінен стартаптарды қаржыландырудың мемлекеттік сипаты болып табылады. Сонымен қатар, кәсіби венчурлық инвесторлардың қолдауы жоқ немесе аз.

Стартаптардың тірі экожүйесін құру – оңжылдықтарға есептелген міндет. Бұл ретте жаһандық мақсат - стартаптардың орасан зор санын «топтамалық» шығару үшін жағдайлар жасауда. Осы кезде мемлекет өзгерістер катализаторының рөлін атқаруы мүмкін.

Технологиялық кәсіпкерлердің тап ретінде болуы қажетті жағдай екендігін түсіне отырып, Израильдің көптеген ЖОО техникалық факультеттерде кәсіпкерліктің міндетті курсын ұсынады. Сондай-ақ техникалық жобаларға «тапсырыс беру» жүйесі де дамығын, мұнда тапсырыс берушілер – ірі жергілікті және халықаралық компаниялар, ал орындаушылар студенттер болып табылады. Әрдайым шақырылған табысты кәсіпкерлермен лекциялар және шеберлік кластары өткізіліп тұрады.

Қысқа мерзімді перспективада қазақстандық кәсіпкерлердің сыни массасын құру мүмкін емес болғандықтан, халықаралық тәжірибені қарастыру қажет. Жалпы, дамыған экожүйесі бар елдер шетелдік кәсіпкерлер мен технологиялық мамандарында стартаптардың жергілікті экожүйесін дамыту үшін қажетті ерекше ноу-хау көзін көреді. Олардың тәжірибесі, сонымен қатар кәсіпкерлікті, басқаруды зерттеу және әзірлеу технологиялары – шетелдік мамандар бөлісуге дайын барлық атқарымдар стартаптардың жергілікті экожүйесін қалыптастыруды жеделдетуге көмектесуі мүмкін. Бұдан бөлек, олар экожүйенің өзінің, сондай-ақ оның әрбір қатысушысының болашақта бәсекелестік ерекшелігі болуы мүмкін мәдениеттер мен білімдердің әртүрлілігін қамтамасыз етеді.

Сингапур мысалы орынды, мұнда жақсы ЖОО болған кезде дарындарға қажеттілік ұсыныстардан асып түсті. Қысқа мерзімді кезеңде шешім: шетелдік ғалымдар үшін ғылыми зерттеулерді қолдау мен қаржыландыру, Сингапурға көшумен көмек, қолайлы көші-қон ережелерін енгізу сияқты ынталандыруларды құру болды. Ұзақ мерзімді перспективада шәкіртақылық бағдарламалар құрылды, ғылыми зерттеулерді қолдау қорын құру мақсатында Дьюк университеті және «ГлаксоСмитКляйнмен» серіктестік орнатылды. Бүгінгі таңда Сингапурда әлемнің түпкір-түпкірінен шамамен алты мыңдай ғалымдар тұрып, жұмыс істеуде, стартап индустрияда қамтылғандардың шамамен 52% шетелдіктер болып табылады.

Технологиялық кәсіпкерлерді тартуда өзінің тиімділігін арнайы визалық қолдау бағдарламалары да дәлелдеді. Атап айтқанда, ірі компаниялар мен стартаптарда жоғары білікті техникалық кәсіпкерлердің тапшылығын қысқарту үшін құрылған Ұлыбританияның «Техникалық нация» визалық бағдарламасы техникалық мамандарға виза беру жүйесін жеңілдетті. Сонымен, 2014 жылы Tech City UK үкіметтік ұйымы тарапынан ЕО азаматтары болып табылмайтын, бірақ Ұлыбритания үшін басым салаларда – АТ және ақпараттық қауіпсіздік, қаржылар және т.б. бірегей тәжірибе мен құзыреттерге ие мамандар үшін жылына 200-ден астам жұмыс британдық визаларын беру құқығы берілді. Бірге жұмыс істейтін технологиялық мамандарға визаға топтық өтініштерді беруге рұқсат етілді. Мұндай тәжірибе шетелдік техникалық мамандар мен кәсіпкерлерді тарту үшін «Астана Хаб» технопаркін құру кезінде де қолданылуы мүмкін.

Қазіргі таңда Қазақстанда венчурлық қаржыландыру институты әлсіз дамыған, Қазақстан Республикасының аумағында венчурлік қаржыландыруға ие болған АКТ саласында ірі стартаптар жоқ, кәсіпкерлік бастама әлсіз және стартаптарды қолдау үшін қолданыстағы инфрақұрылым тиісті дамымаған. Қаржылық және реттеушілік шектеулер, сонымен қатар бастапқы кәсіпкер үшін жоғарғы тәуекелділік орын алуда. Кәсіпкерлік қызмет пен стартаптар құру оқушылар мен студенттер арасында төмен насихатталады, бизнес инкубаторлар саны өте аз, елімізде олардың саны бар жоғы 20 шақты, дәл осы кезде цифрландырудың көшбасшыларының бірі, Қытайда олардың саны шамамен 400. Халықтың басым бөлігі жалдамалы жұмысшы болудан гөрі өз бизнесін ашуды артық көреді. Венчурлық саланы құру тұрғысынан Израильдің тәжірибесі қызықты, ол мемлекет венчурлық қаржыландырудың қызмет ету негізін құруда анықтаушы буын бола алатындығын көрсетеді. Бірлесіп инвестициялау қоры (қорлардың қоры) құрылды, оның құрылып отырған қорларға шетелдік қордың мажоритарлық салымы мен жергілікті қаржы институттарының инвестициялары жағдайында бағытталған инвестициялардың жалпы сомасынан 40% дейін инвестицияларына мандаты болды. Қордың әрбір басқарушы компаниясы мемлекеттік акцияларды бастапқы құн (ең төмен пайыз қосылады) бойынша сатып алуға оларға колл-опцияларға ие болды, бұл қосымша ынталандыруды, басқаша айтқанда «арзан» ақшаларды жасады. Шараның нәтижесі Израильдің венчурлық саласын құру болды: құрылған қордың басқаруымен мемлекеттік инвестициялардың 100 млн. АҚШ долларға ондаған жылдардан кейін 5 млрд. АҚШ долларға айналды.

Аустралияда 2015 жылдың желтоқсанында инновациялар мен ғылымды қолдау үшін ғылыми әлеуеттің білімдер мен инвестицияларды адами капиталға өндіру процесінің, мемлекеттік шикізаттық даму моделінен әртараптандырылған инновациялық экономикаға көшуінің артуына бағытталған «National Innovation and Science Agenda» бағдарламасы қабылданды. Шаралардың бірі стартаптар үшін капитал өсіміне салықтың төмендеуі, сондай-ақ инновациялық қызметпен айналысатын компаниялар үшін жылына 200 мың АҚШ долларынан аспайтын пайдаға 20 %-дық салықтық жеңілдіктер болды. Бағдарламаны іске асыру үшін барлығы 840 млн. АҚШ доллары бөлінді, соның ішінде, жоғарғы және орта оқу орындары оқушыларының компьютерлік сауаттылығын арттыруға, АКТ саласында мамандарды кәсіби даярлауға, ЖОО ғылыми-зерттеу қызметіне, Стартаптар қолдау қорын құруға және аустралиялық стартаптардың Кремний алқабына және басқа да технологиялық хабтарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге.



Стартаптарды нысаналы мемлекеттік қолдау тиімді болуы мүмкін, алайда, негізгі назар жүйелік шараларға сақталуда: қазақстандық және шетелдік кәсіпкерлерді тарту, инвесторларды қолдау, нормативтік-құқықтық база дамуының инфрақұрылымдық объектілерін дамытуды қолдау, сондай-ақ сұранысты ынталандыру және шағын компаниялар үшін оған қолжетімділікті қамтамасыз ету.


  1. Каталог: sites -> default -> files
    files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
    files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
    files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
    files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
    files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
    files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
    files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


    Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет