«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы



бет9/12
Дата17.05.2020
өлшемі1.46 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

5.2 Цифрлық мемлекетке көшу


Цифрлық мемлекет

Цифрлық трансформациялану деректер негізіндегі проактивті деп аталатын қызметті қоса алғанда, жаңа бизнес-моделдердің туындауына әкеп соғады. Провайдер өз клиенттері туралы неғұрлым көп білсе, олар соғұрлым клиенттер қажеттіліктеріне барынша сәйкес келетін және клиенттердің өздері де білмейтін қажеттіліктерден асып түсетін қызметтерді ұсына отыра, одан әрі дербестелген ұсыныстарды жасауы мүмкін. Бұл транзакциялар талдауын ескере отырып, белгілі бір қызметте қажеттілікті болжамдап, азаматтар мен кәсіпкерлерге қызметтер ұсынуға мүмкіндік береді.

Қызметтерді көрсету тәсілдерін және мемлекеттің азаматтар және бизнеспен өзара іс-қимыл етуін трансформациялау үшін негізгі бағыт ашық архитектура қағидаттарына (OpenAPI) өту болады, оның жанында коммерциялық секторы бар кооперацияның сапалы жаңа деңгейі құрылатын болады. Бұл цифрлық инфрақұрылымға шоғырланып, мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі «соңғы милді» үкіметтік емес және бизнес-қауымдастығына беріп, ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл ретте мемлекеттік емес ақпараттық ресурстар азаматтар мен кәсіпкерлер бастамашылық ететін және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер ала алатын жекелеген өзіндік экожүйелерге мемлекеттік қызметтерді біріктіріп, фронт-енд болып табылатын болады.

Мемлекет-азаматтарға

Азамат емес, мемлекет, азаматтардың қажеттіліктерін түсініп, мекемелерге олардың баруы қажеттілігінсіз мемлекеттік қызметтер көрсету үшін олармен байланысатын, басқарудың моделі іске асырылатын болады.

Бұл ретте, кез келген уақытта, кез келген орында және кез келген құрылғыда (байланыс орталығы, веб-портал, зиаткерлік мессенджерлер, мобильді қосымшалар, SMS-хабарламалар) ақпарат пен қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған бірыңғай «фронт-офисті» құру жолымен, омниканальді қызмет көрсету моделін іске асыру үшін бүгінде шашыраңқы ақпараттық жүйелер мен арналарды біріктіру жоспарлануда.

Аталған модельге көшу азаматтарға бір арнадан (портал, мобильді қосымша или байланыс орталығы) қызметті бастауға және оны басқа арнада (мысалы, қол қою халыққа қызмет көрсету орталықтарында болады) аяқтауға мүмкіндік береді.

Барлық процестерді (G2C, G2B, G2G) жетілдіру үшін бірінші кезектегі негізгі қағидат «paper-free» форматы – қағаз құжат айналымын жою, «бір өтініш» қағидатына ауысу бойынша өзара іс-қимылды іске асыру болады. Тиісінше, ақпарат қағаз жеткізгіштерде ұсынылатын процестерді болдырмау үшін процестерді талдау, өмірлік жағдайларды сипаттау және ақпараттық жүйелерді біріктіру бойынша жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады.

Егер, Gartner әдіснамасына сәйкес «электрондық үкімет» дамуының бастапқы кезеңдерінде тиімділіктің негізгі көрсеткіші көрсетілген электрондық қызметтер саны болса, онда тиімділіктің жаңа көрсеткіштері көрсетілген қызметтер санының төмендеуі және онлайн түрде «жапсарсыз» көрсетілетін өмірлік жағдайлар санының өсімі болады. Осылайша, аталған шараларды таяу арада іске асыру 20 млн. астам анықтамаларды толығымен алып тастауға мүмкіндік береді.

Қазіргі қоғамда кеңістікті деректер туралы цифрлық ақпарат мемлекеттік басқарудың стратегиялық ресурсына айналды және оның орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кілт болды. Елімізде әртүрлі кәсіпорындардың өндірістік қызметі нәтижесінде алынған деректердің ауқымды көлемі жинақталды. Алайда үлкен көлем мен жинақталған жиынтықтың құрылымдалмауы ақпараттық тосқауылды туындатады, ал кейде ақпаратпен алмасу және осы ақпарат негізіндегі басқару процестеріне кедергі жасайды. Жергілікті жер туралы ақпаратқа қойылатын нарықтың жаңа талаптары, ақпараттық технологиялардың дамуы жаңа шешімдер іздеуге байлнысты. Қалыптасқан жағдайдан шығу жолы электрондық түрдегі кеңістікті деректерге тұтынушылардың қол жетімділігін және олардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау болмақ.

Кеңістіктік деректерді бірдейлендіру, дамыту және қолдау мақсатында мемлекеттік геодезиялық қамтамасыз ету жүйесі өзекті күйде жаңартылып, бірыңғай координаттар жүйесі құрылады, бірыңғай нысандар мен деректер құрылымдары бойынша ашық пайдалану карталары орнатылады.

Оқшауланған кадастрларды бір ақпараттық кеңістікке интеграциялау бойынша жұмыс жүргізілетін болады, осылайша, жаңадан пайда болған әрбір объект, үй болсын немесе жол болсын, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер рәсімдерін өту кезінде олар картада оны жаңартып, көрсететін болады. Енгізу нәтижесінде жер қатынастары, архитектура, құрылыс, экология, геология, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және ауыл шаруашылығы саласында халыққа көрсетілетін қызметтер қолжетімділігі мен сапасы артады, сондай-ақ карталарды жаңартуға кететін шығындар азаяды.

Өзіне қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтумен, мемлекеттік қызмет көрсетуді жоспарлау және кейіннен тек қана электрондық нысанда көрсетуді қарастыратын «Digital by default» қағидатын іске асыру негізгі іс-шара болып табылатын болады.

Халықты жұмыспен қамту процестерін тиімді басқару үшін еңбек нарығы туралы талдамалық және статистикалық ақпаратты біріктіретін бірыңғай тұғырнама құрылатын болады. Бұдан басқа, еңбек заңнамасының шарттарын сақтау ашықтығын қамтамасыз ету және олардың бұзылуының превентивтік түрде болдырмау, сондай-ақ еңбек қатынастарын ресмилендіру мақсатында әлеуметтік жәрдемақылар мен зейнетақы аударымдары және тағы басқа бойынша төлемдерді және т.б. тіркей отырып, еңбек қатынастарын жасасуға арналған цифрлық тұғырнама мен жағдайлар жасалынатын болады.

Белсенді азаматтық ұстанымды білдіруде жердемдесу және халықпен кері байланысты құру мақсатында «Ашық Үкімет» және «Ашық Парламент» қағидаттарын одан әрі дамыту жөніндегі іс-шаралар іске асырылатын болады. Тиісінше, «ашық бюджеттер» – бюджет қаражаттарын пайдалануға қоғамдық бақылау орнату тетігі; «ашық НҚА» - одан әрі жария талқылаулар үшін нормативтік құқықтық актілердің және заң жобаларының тұжырымдамалары жарияланған жобалары; «ашық деректер» – мемлекеттік құпияларға, персоналды деректерге және Қазақстан Республикасының Заңдарында көрсетілген басқа да деректерге жатпайтын, коммерциялық пайдалануға арналған жария қолжетімділіктегі деректер.

Нормативтік құқықтық актілердің электрондық сүйемелденуінің жүйесін қалыптастыру заң шығарушылықтың ықтималды сапалы процесін, қоғамға және айрықша бизнес қоғамдастыққа нормашығармашылық процеске тікелей қатысу мүмкіндігіне ие болатын барынша ашық және көпшілікке қолжетімді тетікті қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады. Көрсетілген шаралар қабылданатын заңнамалық бастамалардың ашықтығы есебінен билік органдарына сенім білдіру деңгейін арттыруға және бизнесті жүргізу үшін қолайлы ортаны қалыптастыруға ықпал ететін болады.

Бағдарлама шеңберінде виртуалды мұражайлар желісін құру және барлық музейлік қорларды, концерттердің, пьесалардың жазбаларын, материалдық және материалдық емес тарихи және мәдени мұраның маңызды элементтерін электронды форматқа аудару жоспарлануда. Ақпаратқа қол жеткізуді
жаңа бірыңғай электрондық порталын құру арқылы қамтамасыз етуге болады, ол еліміздің мәдени өмірін бір танымал ресурсқа аударуға мүмкіндік береді. Бұл Қазақстанның әлемдік кеңістіктегі мәдениеті мен өнерін алға жылжытудың және оны кең танымал ету мүмкіндіктерінің ең қолжетімді форматы.

Мемлекет-бизнеске

Мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылын цифрландыру кәсіпкерлердің транзакциялық шығындарын төмендетуге, мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруға бағытталған.

Іс-шаралар кәсіпкерлерді «жапсарсыз» қызметтермен қамтамасыз етуге және бизнеске арналған «бірыңғай терезе» – халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру тәжірибесіне ұқсас қағидатын іске асыру инфрақұрылымын құруға бағытталады.

Аталған бастама негізгі болады және шағын, орта бизнесті қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының ашықтығын және оңайлатуды қамтамасыз етуді, сондай-ақ заңды тұлғаларға басқа да мемлекеттік қызметтерді көрсетуді көздейді. Бұдан басқа әлемдік тәжірибені, атап айтқанда «SMEs Go Digital» сингапурлық бағдарламаны ескере отырып, шағын және орта бизнес үшін кәсіпкерлерге бірыңғай тұғырнамада бухгалтерия, адамдар ресурстарын басқару, қаржылық талдау және басқалары секілді түрлі АТ-сервистерге қолжетімділік ұйымдастырылады.

Келесі маңызды бағыт ол табысты іске асырылғанда, салықтық және кедендік әкімшілендіру сапасы артатын шаралар кешені болып табылады.

Импорттық және экспорттық операцияларды жүзеге асыру кезінде шығындарды төмендету шаралары, импортталатын тауарлардың сапасын бақылау тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26-тамыздағы Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2018-2022 жылдарға арналған Ұлттық экспорттық стратегиясы» Бағдарламасы аясында жүзеге асырылатындығын атап өткен жөн.

Бірыңғай ақпараттық ортаны енгізу және электрондық шот-фактурларды берумен бірге, платформа құра отырып өндірілетін және импортталатын тауарлардың таңбалануын жүргізу жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу, шектеу және жолын кесуге, сатып алынатын тауарлардың сапасы мен бағасының кепілдігін, тауардың түпұсқалығын растауды, тауарлардың, оның ішінде контрафактілік тауарларды заңсыз әкелуге, өндірісіне және айналымына қарсы тұруға бағытталған экожүйені құруға мүмкіндік береді.

Мемлекеттік органдардың ішкі қызметін цифрландыру

Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігі кадрлық, бухгалтерлік есепке алу, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алуды жоспарлау және орындау, басқа мемлекеттік органдармен хат алмасу және сол сияқты күн сайынғы қарбалас операцияларды орындаумен байланысты процестерді автоматтандыру деңгейіне тәуелді. Мемлекеттік органдардың өзара тиімді іс-қимылы және «paperfree» қағидатын сақтау мақсатында одан әрі цифрлық қойманы дамытумен, бұлыңғыр есептеу қағидаттарына құрылған бизнес-процестерді басқару жүйесін дамыту көзделеді. Осындай үлгілік міндеттерді, басым түрде ақпараттандырудың сервистік моделі бойынша автоматтандыру жұмыстары жалғасатын болады.

Мемлекеттік деңгейде шешімдерді қабылдау процестерін жақсарту үшін үлкен деректер негізінде зияткерлік талдау және болжамдау жүйесін дамыту бойынша жұмыстардың кешені жүргізілетін болады.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, әлемнің 40-тан астам үкіметі және Fortune тізіміндегі 500 компанияның 60%-ы инновациялар үшін архитектуралық тәсілді пайдаланады. Мемлекеттік орган архитектурасы мемлекеттік органдардың қызметін трансформациялауды және автоматтандырыуды жүргізудің ұзақ мерзімді (5 жыл) стратегиясын қалыптастыруға бағытталатын болады. Архитектураны әзірлеу шеңберінде ИТ-жобаларды автоматтандыру мен қаржыландырудың басымдықтары айқындалатын болады. Бұл ретте, мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимылының анағұрлым қолайы сценарийлерін әзірлеу мақсатында жария талқылау арқылы үкіметтік емес ұйымдар мен азаматтарды тарту болжамдалуда.

«Yellow pages» қағидатын сақтау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметін автоматтандырудың негізгі қағидаты қолданыста бар және жаңадан құрылатын ақпараттық жүйелер жеке компаниялармен іске асырылатын әртүрлі сервистер мен қосымшалар үшін АРІ ұсынатын микросервистік архитектураны іске асыру болады.

«Қоршаған орта мен табиғи ресурстар мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесін» құру саяси және құқықтық аспектіде: ұлттық стратегияда тұрақты даму мен экологиялық апаттын алдын алуды іске асыруға көмектесуге; қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғау саласында жариялық және қоғамды демократияландыру үдерістерін іске асыруға көмектесуге; қалың бұқара топтарының экологиялық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуі үшін қажет шарттар құруға; экология мәселелері бойынша тұрғындардың қоғамдық пікірінің мониторингін іске асыруға мүмкіндік береді. Экономикалық аспектіде – табиғи ресурстарды пайдалану, қоғамдық өндіріс тиімділігін көтеру, тұрғындар өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайларын жақсарту. Әлеуметтік аспектіде – тұрғындардың денсаулығын жақсарту және өмір ұзақтығын көтеру; тұрғындардың экологиялық мәдениетін және экологиялық білімін көтеру үшін жағдайлар жасау.

Денсаулық сақтауды цифрландыру деректердің бірыңғай қоймасының тұғырнамасын енгізумен және мобильдік денсаулық сақтауды дамытумен, саланы одан әрі цифрландыруды, сонымен қатар студенттерді оқыту, диагнозды қою және емдеу жоспарларын басқарудың процестеріне толықтырылған шынайлықтың озық технологияларын, машиналық оқыту және жасанды зияткерлікті енгізуді болжамдайды.

Денсаулық сақтаудың біріктірілген платформасы медициналық жүйелердің бір-бірімен және сыртқы жүйелермен икемді өзара іс-қимыл ету мүмкіндігін, тасығыш құрылғылармен, коммерциялық компаниялармен құрылатын мобильдік қосымшалардың бірігумен түпкілікті пайдаланушыларға арналған қосымшалар экожүйесін құру мүмкіндігін, сондай-ақ еліміздің әрбір азаматына арналған электрондық денсаулық төлқұжатын енгізуді болжамдайды.

Өңірлік медициналық ақпараттық жүйелерді кезең-кезеңмен енгізу жолымен «тірі деректер» бірыңғай деректер қоймасы құрылатын болады. Жинақталған деректер кейіннен Big data технологиясының қолданысымен медициналық статистика, талдауды және тиісті шешімдерді қабылдау үшін пайдаланылатын болады. Бұл қағазсыз денсаулық сақтауға көшуді, көрсетілетін көмекті оңтайландыру мен тиімділігін арттыруға, әртүрлі деңгейлер мен медициналық ұйымдар арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Көмекті көрсету процесіндегі емделушіні қоса алғанда, барлық қатысушылар үшін негізгі медициналық ақпаратқа қорғалған қолжетімділік қамтамасыз етілетін болады. Дербестелген хабарламалар мен ескертулер арқылы, соның ішінде мобильді технологиялар көмегімен, халықты өз денсаулығын сақтауы және салауатты өмір салтын қалыптастыру процесіне тартылуы қамтамасыз етілетін болады.

Медициналық ақпараттың орталық хабы рөлінде бола отырып, электрондық денсаулық паспорттары пациенттер мен медициналық қызметкерлерді де, денсаулық сақтауды басқару және қаржыландыру органдарын да уақтылы және анық ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ақпараттық жүйелерін электрондық денсаулық паспортымен интеграциялау қаражаттарды пайдалану негізділігі мен тиімділігін арттыруға, медициналық көмек сапасын арттыру үшін қаржылай ынталандырудың жаңа тетіктерін енгізуге жағдай жасайды.

Сайлау жүйесінің транспаренттігін арттыру үшін Бағдарламаны іске асыру шеңберінде цифрландыру бойынша іс-шаралар көзделген, олар халықтың есебін жүргізетін мемлекеттік органдар, сайлау комиссиялары және жергілікті атқару органдары интеграцияланатын сайлаушылар тізімін қалыптастыратын және өзекті ететін тиімді жүйе құруға мүмкіндік береді. Жүйенің архитектурасы сайлау іс-шараларын жүргізу кезінде сайлаушыларды электрондық түрде тіркеу үшін мемлекеттіккөрсетілетін қызметтерді әзірлеуге, сондай-ақ жалпы электрондық сайлау жүйесін одан әрі жаңғыртуға қызмет ететін болады.

Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жедел мониторингін жүргізу мақсатында орталық мемлекеттік органдар, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар деңгейінде ұсыну үшін ақпаратты көрсетуге мүмкіндік беретін бірыңғай аналитикалық платформа енгізілетін болады

Сенімді құқықтық ортаны және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттің мүдделерін қатаң қорғауды қамтамасыз ету үшін осы бағытты біртұтас, жаһандық цифрландыруды талап етеді. Осы жұмыс шеңберінде 5 байланысқан компоненттерден тұратын «электронды іс» енгізіледі: азаматтардың электрондық өтініштері, субъектілер мен тексеру объектілерінің бірыңғай тіркелімі, әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі, электрондық қылмыстық іс және талдау орталығы.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарын одан әрі цифрландыру шеңберінде қағазсыз құжат айналымына көшу жалғасады, олардың қызметінің тиімділігін арттыру үшін ақпараттық-аналитикалық жүйелер енгізілетін болады.

Келесі бағыт әскери ұйымдардың құрылымдары мен мемлекеттің қоғамдық қауіпсіздігінің басқару жүйелері үшін геоақпараттық негіз болатын арнайы мақсаттық геоақпараттық платформаны құру болып табылады.

«Ақылды» қалалар

«Smart city» бастамасы – азаматтарға олардың инфрақұрылымын жетілдіру есебінен қолайлы қалаларды құру үшін шарттарды іске асыру.

Стратегиялық бағыт - қаланың орнықты дамуын қамтамасыз ету және нақты уақыт режимінде контекстік ақпаратты талдау және технологияларды енгізу арқылы тұрғындар мен туристер үшін қолайлы жағдай жасау үшін қала қызметтері мен жеке бастамалардың ресурстары өзара әрекеттесетін және ынтымақтасатын урбандалған аумақты құру.

Бастамалардың тиімділігін арттыру және шығынды оңтайландыру үшін, қызмет интеграторы IoT технологияларын, Open API, жасанды интеллект және басқаларды пайдалана отырып, жобалардың тізімін ұсынатын стандартты ЖАО архитектурасын әзірлейді. Бұл тәсіл тұрғынға және күнделікті қажеттіліктеріне көліктік инфрақұрылым, қауіпсіздік, әлеуметтік, денсаулық сақтау және басқа салаларда назар аударады. Құжат Қазақстанның барлық қалаларында Smart City бағдарламасын іске асыру үшін қажетті шешімдерді анықтайтын болады, облыстың басымдықтары бойынша оқшаулау үшін әр түрлі факторларға байланысты жобалар ұсынылған.

Бұл жобаларды іске асыру бенчмаркинг, яғни әлемдік қауымдастықта, сондай-ақ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын озық тәжірибені пайдалану арқылы жүзеге асырылатын болады. «Сollaborative innovation» принципін іске асыру негізгі болып табылады - мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар арасындағы өзара әрекеттесу форматы, онда жаңа жетілдірілген шешімдер, тәсілдер мен НҚА-да қажетті өзгерістер жасалатын болады.

Smart city тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын және жылу, су бөлу жүйелерін автоматтандыру бойынша шаралар көзделген.




Каталог: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет