Д. Есімова Ұстаздың Ұлттық ТӘлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығЫ



жүктеу 1.93 Mb.
бет1/8
Дата02.05.2016
өлшемі1.93 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті

К. М. Кертаева, Д. Д. Есімова



ҰСТАЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ
Педагогика және психология

бағыты бойынша білім алатын студенттерге

арналған оқу-әдістемелік құралы

Павлодар


Кереку

2010


ӘОЖ 37.013: 39 (075.8)

КБК 74.6Я73

Е 87
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Химиялық технологиялар және жаратылыстану факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен басуға ұсынылды
Пікірсарапшылар:

Е. Жұматаева – педагогика ғылымдарының докторы, профессор, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының профессоры;

Б. Х. Галиева – педагогика ғылымдарының кандидаты, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің психология және педагогика кафедрасының доценті;

Ж. М. Байгожина – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі.


Кертаева К. М., Есімова Д. Д.

Г 16 Ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы: Педагогикалық мамандықтар студенттеріне арналған оқу - әдістемелік құралы / К. М. Кертаева, Д. Д. Есімова – Павлодар : Кереку, 2010. – 133 б.


Бұл оқу құралында ұлттық тәлім-тәрбиенің теориялық негіздері баяндалады: ұлттық-тәрбиенің теориялық-тұжырымдамалық, әдіснамалық негіздері анықталады, ұлттық тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісі қарастырылады.

Оқу құралы барлық бағыт бойынша педагогикалық мамандықтар студенттеріне, магистранттар, докторанттар және оқытушы қауымына арналған.


ӘОЖ 37.013: 39(075.8)

КБК 74.6Я73


© Кертаева К. М., Есімова Д. Д., 2010

© С. Торайғыров атындағы ПМУ, 2010


Материалдық дурыс болуына, грамматикалық және орфографиялық қателерге авторлар мен құрастырушылар жауапты

Кіріспе
ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім кеңістігіне сай бейімдеп білім беру, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттердің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу – кезек күттірмес мәселе. Осының бәрі ғылыми және практикалық негізінде жаңа маман даярлауға, соның ішінде болашақ педагог маман даярлауға, жаңа тактикалық және стратегиялық талаптар қояды. Бұл талаптар еліміздің тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» халыққа Жолдауының «Қазақстан мұраты» бөліміндегі «…Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар … күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы, өз елінің патриоттары болады. Олар ұрпақ тәрбиесінде дана болады: оның саулығына, біліміне және дүниеге көзқарасына қамқорлық жасайды…» деген пікірімен үндеседі.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Біздің елімізде білім берудің тиімді жұмыс істейтін қазақстандық жүйесі қалыптасып, қазіргі әлемде Қазақстанның лайықты орын алуына мүмкіндік беретін оқыту мен кадрларды даярлаудың сапалық білім деңгейіне қол жеткізетін болады» деп атап көрсетілген. Яғни, «жаңа» қоғамға сапалы, білімді де, білікті маман қажет. Мұндай маманды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет болып табылады. Жаңа ақпаратты қоғамның өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгерісті жағдайға тез бейімделгіш, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі қоғам талабына сай, еліміздің білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге көтеруге мемлекетіміз ерекше мән бере бастады. Дүниежүзілік деңгейге көтерілудің басты талабы ұстаз даярлығы болып табылады. Ал ұстаз қызметінің негізгі мәні – оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үдерістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры оқытушы еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты.

Соған орай бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны бәрімізге белгілі.

Сонымен қатар болашақ ұрпақтың білімі қазіргі заманғы әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деуімен қатар, «... қазақстандық жоғары оқу орындардың міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» деп атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу орындарының жаңа тұрпаттағы ұстазды, яғни шығармашылық ойлау қабілеті, кәсіби – педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары, отансүйгіш мамандарды даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.

Көріп отырғанымыздай, Елбасының халыққа Жолдауын ұлттық білім берудің және ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың перспективасы десек, онда «Білім туралы» заңда білім беру жүйесінің міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практитика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру үшін қажетті жағдайлар жасаудың ең бастысы жалпы білім беретін қазақ ұлттық мектебін жасау. Ал осы қазақ ұлттық мектепте ұлттық тәлім-тәрбие беруге ұстаздың даярлығының қажеттігі – қазір елімізде орын алып отырған иммунопсихологиялық мәселелерді: Ана тілін, Ата тарихын, Төл мәдениетін, Ұлттық салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тастанды жетім балалар, «қиын» балалар, қарттар үйлерінде көздерінен қанды жас ағып, жылап отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қылмыстың қаулауы, сыбайлас жемқорлық, жұмыссыздық, жезөкшелік, қазақ мектептерінің жабылуы, мектептегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы, мұғалімдер беделінің төмендеуі, оларға қамқорлықтың жасалынбауы, тәртіпсіз ұл және қыз балалар, тағы басқалардың бірте-бірте жоюдың және олардың алдын алып, болдырмаудың негізгі жолы екендігі, ал мектептерде ұлттық тәлім-тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, иманжүзді, еңбекқор, сұлу да сымбатты, ұлтжанды болып өсетіндігінде.

Сонымен, Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту болашақ мұғалімдерді даярлау үдерісіне жаңа талаптар қояды, солардың ішіндегі ең бастыларының бірі – болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлау мәселесі болып табылады.

Ұсынылып отырған оқу әдістемелік құралының басты мақсаты – жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын мамандардың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыра отырып, тәрбие саласы бойынша білімдерін кеңейту, сөйтіп оларды тәрбиелеп, дамытуға шағын да болсын үлес қосу және оларды өзін-өзі тәрбиелеуге ынталандыру.
1 Педагогикалық деонтология ұғымы.
Деонтология терминін алғаш рет адамгершілік теориясына қолдана отырып енгізген Джереми Бентам (1834) болды. Джереми Бентам ағылшын философы, заңгер, Лондон университетінің негізін қалаушылардың бірі болған. Ұйымдастырушы және экономист Бентам ғылымда утилитаризм теориясының жеке бағытын жасап шығарушы ретінде де танымал. Оның айтуы бойынша адамның кез келген қызметі адамдарға беретін пайдасы жағынан бағалануы тиіс. 21 жасында Бентам өлгеннен кейін өзінің денесін анатомиялық тәжірибелер жасауға ұсынып, ал тек қаңқасы қалғанда киімін кигізіп, басын кептіріп, көрінетін жерге қою туралы келісім-хат жазып қалдырған, яғни барлығына әрбір адам өмірінде өлгеннен кейін де пайда келтіруі қажет дегенді еске салғысы келді. Бентам өзінің концепциясын «деонтология» деп атады.

Кеңес одағында деонтология ілімі 1917 жылдан бастап белгілі болды. Тек патшалық қоғамның күйреуі нәтижесінде этика саласында көптеген өзгерістер болды, яғни үкімет этиканы жойды, соның ішінде медицина ілімінің этикасы жоққа шығарылды. Кеңес Одағының кейінгі жылдары этика ілімінің тоқырауына байланысты этика жөніндегі еңбектер шығарылмады. Алайда медицина ілімі этикасыз дамуы мүмкін емес. 1946 жылы ғана кеңес дәуіріндегі онкологияның негізін салушы, хирург Н. Н. Петров хирургиялық этика жөнінде кітап шығарды. Бұл кітапта Н. Н. Петров «этика» терминін ешкімге де белгісіз «деонтология» термиінімен алмастырады, өйткені ол кезеңде этика жөніндегі кітаптардың басылып шығуы мүмкін емес еді. Осылайша бұрынғы Кеңес Одағында, қазіргі уақытта тек қана медицина ілімінде емес, сонымен қатар басқа да ғылым саласында қолданылатын жаңа «деонтология» термині пайда болды.

Бірақ деонтологияның адамгершіліктік парыз ілімі ретінде «таркөлемді» болып қалды, этикада деонтология түсінігінің де қажеттілігі шамалы болды. Этика саласындағы сөздіктерде жойылып барып, «құпия» тіршілік ете отырып, деонтология деп аталатын ерекше ғылымның идеясы жоғалған жоқ. Деонтологияның «құпия» кезеңі көп жылдарға созылып, соңында әлеуметтік тәжірибенің әртүрлі салаларындағы негізгі ғылым тарауы болып жарыққа шықты. Яғни, деонтология – этикалық теорияның тарауы, онда моральдық талаптар мен ережелер, мәселелер және әлеуметтік қажеттіліктердің адамгершілік формасына тән ерекшелік ретіндегі жалпы борыштылық мәселелері қарастарылады.

Осының бәрін қорыта келе, деонтологияны – парыздың моральдық талаптар мен ережелердің және әлеуметтік қажеттіліктің адамгершілікке тән біліну түрі ретінде жалпы міндеттенудің мәселелерін қарастыратын этикалық теорияның бөлігі деп қарастыруға болады.

Деонтология түсінігіне мынадай түсініктер беріледі:

- «Орыс тіліне енген, түбірінің мағынасын білдіретін, 25000 шет ел сөздеріне түсіндірме» сөздігінде деонтология (грек тілінен deon, ontos – парыз. парыздылық; logos – ілім, сөз) – бұл мораль, адамгершілік туралы ілім;

- «орыс тіліне енген шетелдік сөздер» сөздігінде деонтология «адамның құқықтары мен міндеттері, адамгершілігі туралы ілім»;

- Н. Г. Комлевтің редакциясы бойынша жасалған «Шетел сөздері сөздігінде» (грек тілінен deon, ontos –парыз, парыздылық; logos – ілім) – 1) этика саласының тарауы ретінде қарастырылатын парыз туралы ілім; 2) дәрігерлердің міндеттерін атқаруындағы мінез – құлқындағы этикалық ережелері мен принциптерінің жиынтығы;

- «Жаңа философиялық сөздікте» деонтология (грек тілінен deo – парыз және logos – ілім, сөз) – парыз бен парыздылықты қарастыратын этикалық теорияның тарауы, концепциясы;

- «Оксфорттық түсіндірме сөздігінде» деонтология (deontology) – адамдардың сыпайы мінез-құлқы мен этикасын зерттеумен айналысатын ғылым саласы;

- «Этика сөздігінде» деонтология (грек тілінен deon - парыз және logos – ілім, парыз туралы ілім) – (алдын ала жазылған адамгершілік талаптарын көрсететін) парыз бен парыздылық мәселелері қарастырылатын этика тарауы болып табылады.

Деонтологияның ғылым ретінде дамуы оның салаларының пайда болып, жетілуіне әсер етті. Қазіргі уақытта деонтологияның салалары әртүрлі. Соларға қысқаша тоқталсақ:

- педагогикалық деонтология – кәсіби парызына сәйкес ұстаздың мінез-құлқы жөніндегі ілім (К. М. Кертаева, К. М. Левитан, Е. Н. Жуманкулова, Г. А. Караханова, Г. М. Коджаспирова және т.б.);

- медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің алдарына келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім (А. Ф. Билибин, Б. Е. Вотчал, Ф. П. Гааз және т.б.);

- психологиялық деонтология – көмек көрсететін мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін, «көмек беруші-көмек алушы» қатынастың этикалық апсектілерін зерттейтін ілім (М. А. Гулина, А. А. Крылов және т.б.);

- әлеуметтік деонтология - әлеуметтік қызметкердің мінез-құлқы мен қызметінің принциптері мен кәсіби-этикалық ережелерін зерттейтін ілім (Л. М. Анисимова, Н. Ю. Гуревич, Д. П. Котов және т.б.);

- заңгерлік деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқының кодексі туралы білімдердің жалпы жүйесін көрсететін, заңгерлік ғылымның саласы болып табылады (Н. М. Блохин, В. М. Горшенев және т.б.);

- журналистік деонтология – журналистің кәсіби мінез-құлқының парыздық принциптер, ережелер, талаптар жүйесі; ЖАҚ жұмысшыларының жауапкершілік мінез-құлықтарының құқықтық және этикалық ережелер жиынтығы; белгілі жағдайларда қызмет ететін ЖАҚ табиғатымен міндеттелген, журналистік мінез-құлықтық категориялық императивтер жүйесі ретінде саналы түсініп, оған тәуелсіз іске асырудың міндеттері мен ережелерінің журналистік парызы» туралы ілім (Е. П. Прохоров, Ю. М. Батурин және т.б.).

Жоғарыда қарастырылған материалдардан, деонтологияның кез келген мамандық иелерінің өздерінің кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым ретінде қарастырамыз. Педагогикалық деонтологияның пайда болу алғышарттарын этикалық-философиялық, тарихи-әлеуметтік, әлеуметтік-психологиялық деп бөліп қарастыруға болады. Этикалық-философиялық алғышарттар:

1) адам өз өміріндегі қарым – қатынастарында басшылыққа алатын құралы мораль болып табылады. Мораль адамның мінез-құлқының ішкі реттеушісі. Моральдың құрамдас элементтері: сана мен адамгершіліктік мінез-құлық. Сананың жеке және қоғамдық түрі бар. Жеке сананың негізгі компонентері: рациональды, эмоциональды және жігерлі. Рациональды компонент құндылықтар, мақсаттар, идеалдар, парыз, әділет туралы түсініктерден тұрады. Рациональды және эмоциональды компоненттер ғана сенімді тудыра алады. Ал осы рациональды және эмоциональды компонеттердің кейбір жағдайларда іске асуы жеке сананың жігерлі компонентіне тәуелді. Осы үш компоненттің жеке сана тұрғысында өзара әсерлесуі қызметті іске асыруға көмектеседі. Сонымен қатар сол қызмет саласында тұрақты қатынастың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұндай нәтижеге адамның мінез-құлқының сырттан бақылаушының қажетінсіз іске асуымен жетуге болады. Сана құрылымында қызметтің бұл түрі өзіндік санасымен қамтамасыз етіледі. Өзіндік сана – «адамның өзінің білімін, сезімін, мұқтажын, мінез-құлық және қызметінің уәжін түсініп, бағалағанда жететін сана деңгейі. Өзіндік сана негізінде өзін-өзі бақылау, өзін-өзі ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, жеке тұлғаның өзіндік көрінуі іске асады». Моральдың бұл құрамдас элементтері оның мағынасын түсіндіреді. Осы жерде Қ. Жарықбаевтың «өзіндік сана – бұл кісінің бүкіл өмірі барысында өзінің шама-шарқынша жинақтаған, оның өзіне ғана тән жеке-дара санасы. Оның күнгей де, көлеңкелі жақтары да болады, өзіндік сана адам есі кіріп, есейген шақта кемелденеді» деген анықтамасын келтіре кету керек.

Мораль теориясының қажеттілігін парыз, ар-ождан, моральдық принциптер мен идеалдардың, адамдардың адамгершіліктік позицияларының пайда болуы тудырды. Осы мәселерді шешу этиканың зерттеуін тудырды. Яғни, К. М. Кертаева еңбегінде мораль этиканың зерттеу пәні болып табылатын қорытындыға келеді. Бұл пән тұтас моральдық ережелерді, құндылықтарды және идаелдарды негіздеп, кәсіби парыздың мағынасын ашады. Бұл моральды ережелер мен құндылықтарды түсіну әдістері, нақты адами қарым-қатынастардағы кәсіби парыздың іске асу ерекшелігі – деонтологияның негізгі міндеттерінің бірі. Адам өмірінің әрбір саласындағы моральдық ережелер, принциптер мен құндылықтар ерекше. Осыған орай, моральдың құрамынан кәсіби мораль тармақтанып, бөлек шығады. Ал кәсіби моральдың ережелері кәсіби этиканы зерттейді. Қоғамдағы кейбір кәсіби қызметтерге моральдық талап жоғары қойылады. Ол мамандықтарға негізінен дәрігер, заңгер, педагог, ғылыми, журналист және көркем-өнер мамандықтары жатады. Сол мамандық иелерінің ішкі дүниесі мен қатар, табиғи қабілеттерін дамыта отырып, жеке-тұлғалық қасиеттері де қалыптасады. Әрбір мамандыққа тән өзіндік кәсіби моралі, өзіндік деонтологиялық қалпы болады. Педагогикалық мамандықтарға сәйкес, педагогикалық қызметке тән талаптар мен моральдық ережелер, құндылықтардың қалыптасуымен педагогикалық этика шұғылданады, ал оларды түсініп, іске асыруды педагогикалық деонтология жүргізеді.

Сонымен, педагогикалық деонтология – ұстаздық парыз туралы ғылым. Бұл ұстаздың іс-әрекетінің саналы, адамгершілікті компоненті. Педагогикалық деонтологияға мұғалімнің парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы-әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады. Жоғарыда айтылған философиялық, этикалық, психологиялық ойларды және педагогикалық топшылауларға қарап, педагогикалық деонтология ұстаздық қызметтің реттеушісі бола отырып, жалпы этиканың ішіндегі жекелей мамандыққа ғана тән болатын педагогикалық мораль ұстанымдары мен ережелерін қарастыратын тарауы деген қорытындыға келеміз;

2) тарихи-әлеуметтік алғышарттар мынаған келіп саяды: әрбір қоғамдық-экономикалық формациялардың өзіне тән ұстаз тұлғасына қойылған талаптар мен олардың іске асырылуы арасындағы қайшылықтары болуымен түсіндіріледі. Ұстазға қойылатын талаптар саяси жағдайға, әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, ұлттық дәстүрлерге байланысты болды. Ұстаз мамандығы көпғасырлық мамандық болып табылады. Әрбір қоғамдық-экономикалық формацияда ұстазға қойылатын талаптармен қатар, әр мемелекетте де ұстаз мамандығына көзқарас әртүрлі болды.

Ежелгі дүниедегі Мысырда ұстаз мамандығы әлеуметтік дәулеттің кепілі ретінде қарастырылды. Бұл мамандық иесі ақылды деп саналып, ортаға сыйлы болды. Ал ежелгі Қытайда да ұстаз қызметі өте жоғары орынға қойылды. Мұғалімді әке ретінде сыйлады. Ежелгі Грецияда ұстаз қызметі дәулетті отбасының ұлдарын бағып-қағатын құл ретінде ғана шектелді. Тәрбиешінің бойында аса бағалы қасиеттер болмады. Ұстаздық қызметтің ақысы да аз болды. Ежелгі Римде де ұстаз қызметі бағаланбады.

Орта ғасырда қытай мұғалімі ерекше құрметте болды, ал батыс Еуропада ұстаз қызметін монах немесе священниктер атқарды. Олардың әлеуметтік статусы жоғары болды.

Қайта жаңғыру дәуірінде священник орнын біртіндеп кәсіби мұғалім ауыстырады. Жалақысы община қорынан төленді. Әрине, мұндай мұғалімдердің кәсіби деңгейі төмен болған. Батыс Еуропаның көптеген елдерінде мұғалімдерді тағайындау жұмыстарына шіркеу тікелей қатысып отырды. Англияда жекелей мектептердегі жағдай жеке тұлғалардың қалталарына тәуелді болды, өйткені жекелей мектептерді қаржыландыру қалталы бай адамдардың құзырында қалып отырды. Ал Францияда мұғалімдер мемлекеттік қызметкер ретінде үкіметпен тағайындалды. Осы мәліметтерге сүйеніп, ұстаз қызметіне уақыт аралығында қоғам және мемлекет тарапынан позитивті қатынасы өзгеріп отырғанын көреміз. Деонтология түсінігіндегі негізгі мағына парыз категориясында болып табылатындықтан, педагогикалық деонтологияның пайда болуының негізгі алғышарты ұстаздың жеке тұлғасына, оның кәсіби қызметіне парыздылық негізінде қойылатын талаптар болып табылады. Парыз категориясын көптеген ойшылдар, педагогтар, ғалымдар қарастырған. Солардың ішінде шығыстың ойшылы және педагогы Конфуций «әрбір адамның қоғамдық орны анықталып, өмірлік қарым-қатынасы және қызметіне қатысты кез келген іс нақты және толық сипатталған парыз жолына бағыттау қажет. Жеке адамгершілік ережелері қоғамдық міндеттермен толық сәйкес келеді. Эмоциялар мен аффектілердің толық қалыптандырылуы 5 қасиетке: жанашырлық, әділетті, тәртіпті, адалдықты және секем болуға жеткізеді» деп айтып кеткен.

Ғұлама шығыс ойшылы, философ-ғалым аль-Фараби жақсы тәрбиешінің бойында он екі табиғи қасиеттері болуы керек деп айтып кеткен, олар: жақсы қызмет ететін күшті дене мүшелері, айтылғандарды жақсы түсінетін, есінде сақтау қабілеті жоғары, ақылды, дұрыс сөйлей алатын, білім мен түсінуге махаббаты бар, шаршамайтын, тамаққа және басқа рахат сезімдеріне тойымсыздық қасиеті жоқ, шындықты сүйетін, тәкаппар қасиеті және ар-ожданы бар, ақшаны және басқа да бағалы заттарды жаны жек көретін, барлық адамдарға әділ, қыңыр емес, шешімді істер атқара алатын, батыр. Ал чехиялық педагог Я. А. Коменский ұстаздың кодексін жасап шығарды. Ал қазақ ғалымы, тарихшы, этнограф-ағартушы Ш. Уалиханов мұғалім білімді, сезімтал, балаларға үлгі болуы керек деп атап көрсеткен. Ұстаздың қандай болуы қажет, оның қызметтік міндеттері туралы ойлар өте көп. Айтылғандарға талдау жасай отырып, ұстазға қойылатын талаптар өте жоғары екендігін көреміз, соған байланысты ұстаздың өзіне қойылған талаптарын түсініп, өзінің кәсіби парызын дұрыс орындауға ұмтылуы педагогикалық деонтологияның міндеттерінің бірі деп айтуымызға болады. Ол міндеттердің орындалуы барысында «қазіргі уақытта ұстаздың мінез-құлықтарын реттейтін ережелерден тұратын белгілі бір қалыпты талаптарда негізделген, кәсіби мінез-құлықтың эталоны қалыптасады. Осындай эталоны бар ұстаз қазіргі қоғам және әлеумет қоятын талаптарға сәйкес бола алады және осы мәселенің шешуін қарастыру педагогикалық деонтологияның пайда болуына себепші болды;

3) әлеуметтік-психологиялық шарттар ұстаздың тәрбиеленушілерімен қарым-қатынасының тазартылуын жүргізудің қажеттілігінде, яғни қарым-қатынастың психогигиенасының сақталуы және іс-әрекетеріне әлеуметтік бақылау жасау болып табылады. Бұл жерде гигиена тек тазалықты білдіріп қоймай, сонымен бірге адам денсаулығына әсерін де қамтиды. Психогигиена гигиенаның бір бөлімі болып табылады. Ол әртүрлі ортаның адам психикасына әсерін зерттеп, адамдардың жүйкелік-психикалық денсаулығын жақсартып, сақтауға іс-шаралар жасайды. Ұстаз үшін психогигиенаның шеше алатын мәселесі қарым-қатынас психогигиенасы болып табылады. Ұстаз оқушылардың психикалық денсаулығына зиянын тигізбейтін қарым-қатынастың қажеттілігін түсіну және іске асыру әдіс-тәсілдерін педагогикалық деонтология зерттеуі қажет. Адамдардың әрбір минуттық психикалық күйі ғана емес, сонымен қатар олардың болашағы да ұстаз қызметіне тәуелді. Балалармен жұмыс стихиялық немесе инерттілік жағдайда жүруі мүмкін емес. Егер де балалармен жұмыс өзіндік сананың бақылауынан шығып кетсе, ұстаз шатасып, қайтымсыз қателіктер жібере бастайды. Сондықтан мұндай қателерді болдырмау үшін, педагогтардың белгілі бір моральды талаптарды орындап, өзіндік және саналы таңдау жасауға әлеуметтік бақылау қажет. Осы таңдау арқылы «дұрыс немесе бұрыс әрекет» түсінігіне сүйенуге болады. Осы тұрғыда кәсіби педагогикалық қызметтің ерекше қасиеті ұстаздың басқа адамға өзінің әсерінің (оқушыға жақсы немесе жаман, пайдалы немесе зиянды әсер) бағыты мен деңгейін анықтау үшін жауапкершілігі болып табылады. Осы жауапкершіліктің шектерін анықтау, нақтырақ айтсақ, педагогикалық әсер етудің шектерін анықтау педагогикалық деонтологияның міндеті. Ұстаз баланың мектептік өмірінде болып жатқан жағдайларын қатысады. Әрбір жағдайда ата-аналардан ұстаздың балаға дауыс көтеруге, тыйым салуға немесе мадақтауға рұқсат сұрауға мүмкіншілігі болмайды. Бірақ олармен келісу үшін мұндай әрекеттердің нәтижесі маңызды. Егер де ұстаздың шешім қабылдауға бостандығы шексіз болса, онда шешім қабылдауға жауапкершілік деңгейі де жоғары болуы керек. Кез келген шешімдерді ұстаз кәсіби қызметін реттейтін ережелі-құқықтық актілерге сәйкес қабылдайды. Ондай ережелер Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында көрсетілген. Мұндай құқықтық ережелердің ерекшелігі - оларды орындау мемлекет тарапынан бақыланады. Сонымен қатар ұстаздың мінез-құлықтық қызметін моральдық талаптар да реттейді. Ол талаптар жалпыға бірдей парыздылық саясына жинақталған. Ұстаз адамгершіліктік талаптарды қоршаған ортадағы адамдардың бақылауымен ғана орындайды, ал моральдық талаптар саналы әрекеттермен ғана бақыланады,. Сондықтан сананың моральдық талаптарды орындауда үлкен маңызы бар. Яғни ұстаз бен оқушының қарым-қатынасын адамгершіліктік-этикалық өзіндік санадан тыс дұрыс жолға қою мүмкін емес, ал мұндай қарым-қатынас көрсеткіші әрбір ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мораль ережелерін сақтаумен көрінеді.

Сонымен, педагогикалық деонтология ұстаздың кәсіби парызына адалдығы, өзінің кәсіби қызметін реттейтін құқықтық принциптері мен ережелерінің жиынтығын ұстануы, санасының болуы. Осы анықтамалармен қатар, еңбекте педагогикалық деонтологияның пәні, қызметі, міндеттері мен принциптері анықталған. Педагогикалық деонтология пәні – ұстаздың кәсіби мінез-құлығын анықтайтын жиынтықтағы адамгершіліктік ережелер жүйесін тәжірибелік қызметінде меңгеру және басшылыққа алу үдерісін зерттеу болып табылады, ал ұстаз мінез-құлқы тек әлеуметтік ережелерді (мораль ережелерін, салт-тәстүр ережелерін, құқық ережелерін) білумен ғана шектелмейді, сонымен қатар, оның осы әлеуметтік ережелерге, бұл ережелермен қорғалатын кәсіби құндылықтарға (құқықтық, этикалық, эстетикалық) қатынасымен де анықталады. Ұстаздың мінез-құлқы кәсіби ойлау мәдениеті, өзінің еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыру біліктілігі, қарым-қатынас шеберлігі, өзінің кәсіби тәжірибесін бағалап, жетілдіруі, дұрыс шешім қабылдай алуы, ұжымда жағымды психологиялық орта жасай білу қабілетінің болуы және т.б. қасиеттерімен көрінеді.

Педагогикалық деонтологияның міндеттері ұстаздың кәсіби парыз мағынасын ашу, кәсіби қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілігі, оқушылармен, ата-аналармен, коллегалармен қарым-қатынас үдерісінде қойылатын талаптар ержелерінің жүйесін анықтау ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік қызметте оларды іске асырудың шарттарын анықтау да болып табылады. Педагогикалық деонтологияның міндеттеріне ұстаздың кәсіби мінез-құлықтық алғышарттары мен кәсіби қызмет барысында жанжалдық жағдайларды, жағымсыз факторларды шеттету әдістерін зерттеу, педагогтардың жалған білімдерін болдырмау, моральды және кәсіби-мағыналы қарым-қатынастарды түсінуді белсендіру және қызығушылығын тудыру бағытын анықтау, жеке тұлғаның деонтологиялық қасиеттерін тәрбиелеу, ұстзадың кәсіби қызмет ережелерінің мағынасы мен алатын орнын анықтау, педагогикалық мамандық қажеттігін көтеру де жатады.

Педагогикалық деонтология кез келген ғылым секілді, белгілі бір қызметтерді атқарады. Ол қызметтер:

- ұстаздың кәсіби парызының мағынасын, оның деонтологиялық дайындығын, деонтологиялық қасиеттерін тәрбиелеуді және т.б. зерттейтін ғылыми-теориялық;

- ұстаздың санасының моральды және мінез-құлықтық тұрақты ережелері ретінде құндылықтарының қалыптасуы мен зерттелуіндегі аксиологиялық қызмет;

- ұстаздың кәсіби парызын іске асырудағы, педагогикалық үдеріске қатысушылармен қарым-қатынас барысында жағымды моральды-психологиялық климат түзудегі, тәрбиеленушілердің дұрыс дамуы мақсатында физикалық және психикалық денсаулығын зиян келтірмей, жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлерін таңдаудағы конструктивті-техникалық қызмет;

- педагогикалық деонтология және оның жекеленген бағыттары дамуының болашағын зерттейтін прогностикалық қызмет.

Педагогикалық деонтология принциптері – бұл ұстаздың кәсіби қызметіне қойылатын бастапқы талаптар, олар қарым-қатынастың әртүрлі жүйелерінде оның мінез-құлқына әлеуметтік бағыт беру қызметін атқарады. Педагогикалық деонтологияның келесі принциптері анықталған:

1) тәрбиеленушінің табиғатына сай, дұрыс дамуына әсер ету принципі, бұл жағдайда ұстаз өзінің деңгейін үнемі жетілдіріп отыруы, әрбір оқушының психологиясын зерттеуі, дамыта оқыту идеяларын іске асыру қабілеттерін үздіксіз арттырып отыруы қажет;

2) адалдық принципі, яғни ұстаз оқу-тәрбие үдерісінің әрбір қатысушысын адал бағалауында;

3) оқушыға физиологиялық және психикалық денсаулығына зиянын тигізбей, жағымды әсер ету. Осы үш принципті ұстану арқылы деонтологиялық талаптарға сәйкес жеке тұлғалық қасиеттерді дамытып, іс жүзіне асыруға болады деп қорытындылаймыз.

Ұстаздың деонтологиялық дайындығын қалыптастырудың негізі кәсіби дайындықты қалыптастыруда болатындығын айта кету керек.

Педагогикалық қызметке кәсіби дайындық мәселелерін бірқатар отандық және шетелдік ғалымдар қарастырған.

Мәселен, «педагогикалық қызметке дайындығы» («ұстаздың кәсіби дайындығы») ұғымының анықтамасын Н. Н. Никитина және Н. В. Кислинская деген ғалымдар ұстаздардың кәсіби дайындығы ретінде екі түрге бөліп қарастырады:

- ұстаздардың теориялық дайындығы – ол жалпы мәдениетті, жалпы ғылымды, арнайы, психологиялық-ұстаздық білім жүйелерін тиесілі меңгеру;

- ұстаздардың тәжірибелік дайындығы квалификациялық сипаттамадағы мазмұндалған тізімде көрсетілген білімі мен дағдылары.

Қазақстандық ғалым Н. Д. Хмельдің зерттеулерінде ұстаздың кәсіби қызметке дайындығын уәждік-жеке даралық, мазмұнды және үрдісті компоненттердің жиынтығы ретінде қарастырады.

Л. В. Занина, Н. П. Меньшикова тұлғаның кәсіби дайындығына: «өзінің еңбек және кәсіби жолын таңдауға даярлығы, өзінің қызығушылықтарын, өзінің жеке тұлғалық, жеке дара психологиялық ерекшеліктерін түсіну» деп сипаттама береді.

Ал атақты ресейлік ғалым-педагог В. А. Сластенин педагогикалық қызметтің кәсіби дайындығын «ұстазға кәсіби келісілген талаптар жиынтығы кәсіби негізі ретінде құрамындағы бір жағын ерекше көрсетуге болады – психологиялық, психофизиологиялық және жеке тұлғалық дайындығы, ал басқа жағынан – ғылыми-теориялық және тәжірибелік дайындығы» ретінде анықтайды.

Сонымен қатар, әлеуметтік пегагогика бойынша сөздікте қандайда қызмет түріне кәсіби дайындық «өзін белгілі кәсіби қызметке қабілетті және дайындалған, оны мақсатты орындай алатын жеке тұлғаның субъектілік қалпы» ретінде қарастырады.

Болашақ ұстаздардың ашылған әртүрлі аспектілерінде даярлауды қалыптастыру ұстаздардың кәсіби дайындығын зерттеу мәселесіне әр түрлі көзқарастар және «ұстаздың кәсіби дайындығы» («ұстаздардың кәсіби дайындығы») түсінігіне әртүрлі трактовкалар бар. А. С. Мағауова ұстаздың кәсіби дайындығын зерттеу мәселесі бірнеше бағыттарда жүргізілетіндігін көрсетеді:

- жеке тұлғалық, алдағы қызмет сипаттамасында келісілген жеке даралық жеке тұлғалық сапасының пайда болуы сияқты қарастырылатын дайындық (К. А. Абульханова-Славская, В. Г. Ананьев, Л. С. Выготский, А. Н. Леонтьев және т.б.);

- функциональдық, оны уақытша дайындық және жұмыс қабілеттілігі, психологиялық функциялардың алдын ала белсенділігін артыру, қызметті іске асыру үшін керекті психологиялық ресурстарды жұмылдыра алуы сияқты көрсетеді (Е. П. Ильин, Н. Д. Левитов, Ф. Генов және т.б.);

- жеке-қызметтік, жеке тұлғаның өзінің қызметін тиімді орындау мүмкіндігін беретін барлық жағынан көрінуі сияқты дайындықты анықтайды (А. А. Деркач, М. И. Дьяченко, А. И. Мищенко және т.б.).

Жоғарыда зерттеліп қарастырылған анықтамалармен қатар, біз зерттеу жұмысымызда қазақстандық ғалым К. М. Кертаева анықтамасына да сүйендік. Бұл ғалымның ойы бойынша:

Мұғалімнің деонтологиялық дайындығы – бұл мұғалімнің кәсіби борышының талаптарына, біліміне, қабілеттілігіне, дағдыларына сәйкес білім беру, тәрбиелеу қызметтерін орындауда сана-сезімінің дайындық күйі.

Кәсіби сана-сезімінің даму деңгейі, кәсіби қызметінде міндеттерді тани білуі оның дайындығының жалпы міндетті бөлігі болып табылады. Ұстаздың деонтологиялық дайындығы кәсіби құзыретінің даму деңгейін, құндылық бағдар басымдылығын, педагогикалық әдептіліктің, деонтологияның, әлеуметтік өмір заңдылықтарының, Конституцияның және тағы басқа заң актілерінің нормаларын сақтау және меңгеру деңгейін сипаттайды.

Басқа сөзбен айтқанда, ұстаздың деонтологиялық дайындығы - бұл ұстаздың қызметі барысында өзіндік сана-сезіміне айналатын, санасының (деонтологиялық санасы) позитивті кәсіби күйі. Ұстаздың өзіндік сана-сезімінің көрінуі - өзінің мінез-құлығының уәжін түсінуі, рефлексияның пайда болуы, кәсіби борышын түсінуі болуы болып табылады. Қорыта айтқанда, ұстаздық деонтологиялық дайындығы - ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімінің күйі.

Болашақ ұстаз деонтологиялық даярлық нәтижесінің жетілдірілген көрінісі шынына келіп сайғанда педагогикалық сана-сезім түсінігі, сонымен қатар кәсіби және ұлттық парызына қарым-қатынасы. Жоғарғыда айтылғанға К. Д. Ушинскидің сөзін келтірейік: «мұғалімде педагогика және психология саласында білімі, теориялық тәжірибесі болу керек. Бірақ оған тек қана терең білімі жеткіліксіз. Сенімі қатал, терең және жүйелі адам болу керек. Шығармашылық шабытта сенімсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Адамзатты тәрбиелеуге басты жол сендіру және сендіруді тек қана сендіру арқылы жүргізу керек. Тәрбиелеушінің сенімінсіз қандай да тәрбиелеу әдістері жақсы болса да, шындығында ешқандай күші жоқ, өлі күйінде қалады».


2 Ұстаздың кәсіби парызы
Бүгінгі күні бүкіл адамзат қауымы алдында бұрын болмаған, бүкіләлемдік ауқымды проблемалар қойылуда. Олардың ішінде бейбітшілік пен қарусыздану, қоғамдық және әлеуметтік даму, кейбір мемлекеттер мен аймақтардың артта қалуын жою, ғылыми-техникалық алға басу, халық ағарту және мәдениет проблемалары, халық санасың өсіру, денсаулық сақтау, адамның жаңа биологиялық, әлеуметтік жағдайларға бейімделуі, қор мен энергетика, азық-түлік пен табиғат және т.б. күрделі мәселелер бар. Осы проблемалардың бәрі адамзаттың қазіргі жағдайына, оның болашағына зор әсер етуде. Ал осының бәріне мұғалім тұлғасы сипатының қатысы бар.

Педагогтың кәсiптiк санасының өзгеруiне, әдеп жүйелерiн сұранысқа сәйкес құрауына мәжбүр ететін сана-сезімнің қозғауы олардың деонтологиялық дайындығына, деонтологиялық потенциалына және сыртқы түрткі болған жағдайлар мен әлеуметтік сұраныстың ықпалына байланысты. Осыған сәйкес мұғалім еңбегінің әлеуметтік құндылығына көңіл аударайық. Бүгінгі күн талаптарына сай жалпы білім беретін мектептердің барлық түрлерінде білім беру мен тәрбиенің мақсаты, міндеті, мазмұны оқу-тәрбие процесін оңтайлы ұйымдастыру, гуманизациялау, гуманитарландыру бағытына негізделуі қажет. Атап айтқанда, мектеп оқушылары әлемдік және отандық мәдениеттің ортақ мәселелерін бағдарлай білуге, ең құнды адамдық қасиеттерге, ұлттық сана-сезімге ие болуға, демократиялық және жаңа әлеуметтік-мәдени ортада өмір сүрудің жаңа ережелерін үйренуге, мәдени тілдік қажеттілікті бағалауға мән берілуі керек. Осы мақсатта мектептегі барлық пәндерге арналған мемлекеттік базалық жаңа оқу бағдарламалары мен оқулықтар, әдістемелік нұсқаулар қабылданып, мектеп тәжірибесіне енгізілуімен бірге мұғалім тұлғасының сапасына деген талап өседі.

Осы бағытта «Қазақстан Республикасында орта білім беруді дамыту» тұжырымдамасы (1997), Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» (1999), Қазақстан Республикасының «Білім беру ұйымдарындағы тәрбие берудің» кешенді бағдарламасы (2000), т.б. қабылданған.

Осылардың бәрін жүзеге асыратын мұғалім, оқытушы, тәрбиеші. Мұғалім мамандығын мәнгілік деп атайды. Адам өзі өмір сүргеннен бері әрдайым оқып-білуге, өз тәжірибесін жас ұрпаққа таратуға, өмір тәжірибесін саналы, максаткерлік тұрғыда меңгеруге талпынды. Жастар тәлімгері, әдетте, біршама көп білетін, әрі құрметті адамдар болды. Олар атқарып отырған істің маңыздылығы және тандаулы мұғалімдердің беделі мұғалімдік мамандыққа айрықша ілтипат білдіруді талап етеді. «Мұғалім деген ат қасиетті ат. Мұғалім деген аттан таза еңбекті сүйетін еңбек иесі деген сөзді ұғынады…. Елдің надандығымен алысатын адам – мұғалім…» – деп Сабит Мұқанов 9 ақпан, 1928 жылғы «Еңбекші қазақ» газетіндегі «Тәрбие туралы» мақаласында өзінің ауылдағы мұғалімдерге үндеуінде жазған.

Педагог тұлғасының қоғамдағы орны жөнiнде барлық заман мен халықтардың философтары, педагогтары, психологтары, көптеген белгiлi ѓалымдары зерттеген, жазған. Және мұнда оқыту мен тәрбие iсiне жарамды мұғалім тұлғасының ерекше мiнездемелерiн бөлiп көрсетуге тырысқан.

Бұл мәселе бойынша заман өзгеруіне сәйкес әр түрлі көзқарастар болғаны мәлім. Мысалы, Ежелгi Шығыс елдерiнде ұстаз болуға жабық, айрықша құқықты кастаға кiретiн абыздар лайықты деп саналатын. Ежелгi Греция мемлекеттерiнде оқытушы болып аса тәжiрибелi және сыйлы азаматтар, софистер мен философтар тағайындалған. Аристотель «Афина саясатында» еңбегінде афиняндықтардың ұстазға мемлекет алдындағы жауапкершiлiктерi мен тәрбиеленушiлер алдындағы мiндеттерiн реттейтiн талаптар айтылатын ұстазды сайлаудың салтанатты рәсiмi туралы жазады. Сократ ұстаздың еңбегiн баланы дүниеге келтiруге көмектесу (повивалдық) шеберлiгімен салыстырған, өйткенi тәрбиеленушi екiншi дүниеге келуi үшiн мұғалiмiне мiндеттi – деп санаған. Рим педагогы Квинтилиан тек жоғары бiлiмдi және балаларды жақсы көрiп, оларды зерделейтiн адам ғана ұстаз бола алады деп жазған.

Орта ғасырлар кезеңiнде оқытушыларды университеттерде дайындай бастады. Болашақ ұстаздарды балалардың білім сапасы қаталдық пен жазалай бiлуге байланысты деген пікірге иландырған. Университеттi тәмамдағаннан кейін жас мұғалiмге «кiнәлi» оқушылардың алақандарынан соғу үшiн қамшы немесе ферула деп аталатын арнайы диск орнатылған сызғышты беретiн. Оларды қорытынды емтихан қабылдайтын комиссияның алдында осы құралдың көмегiмен оқушыларды «тәрбиелеу» қабiлетiн көрсетуге мәжбүр қылатын. Кембридж университетiнде емтихан кезiнде ақша төлеп ұруға арнайы бала жалдайтын. «Аюға намаз үйреткен таяқ» мәтелі осы кезден қалған болар.

Ұлы Шығыс философы әл-Фараби (870-950) «Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсіне білетін, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, … еш нәрсені ұмытпайтын… алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі.., мейілінше шешен, өнер-білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да атрибуттарына жирене қарайтын, табиғатынан әділеттілік пен әділеттілерді сүйіп, жақындарына да, жат адамдарына да әділ.., жұрттың бәріне өз білігінше жақсылық пен ізгілік көрсетіп… қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек…», деп ұстаз тұлғасының үлгісін көрсеткен.

Мұғалім қоғамдагы өз орнын нақты білуі тиісті. «Оқушының бүкіл болашағы оқытушының қолында. Ол өсіп азамат болғанда, жақсы әсер, үлгілі тәрбие берген оқытушысына мыңда бір алғыс айтады. Сондықтан жеті жасар балаларды тәрбиелейтін оқытушы өзіне жүктелген әрі ауыр, әрі жауапты, әрі құрметті міндетін тереңірек түсінумен бірге, ардақтап ақтай білуі керек»– деп, Спандияр Көбеев «Кейбір педагогикалық мәселелер туралы» мақаласында жазған болатын.

Мұғалім – қоғам мен өскелең үрпақ аралығындағы сарапшы. Адамзат көп ғасырлық тарихында ұстаздыққа жататын өте мол тәжірибе жинақтады. Жас ұрпақ мұғалім аркылы, әлеуметтік орта және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ең бағалы және қажетті мағлұмат алып, санасына сіңіреді. Мұғалім балаларға өткен ұрпақ өнегесінің ең таңдаулысын теріп беруі және ескінің кемістігі мен кеселінен аулақ болуды үйретуі тиіс. Мұғалім жас ұрпаққа білімін ғана емес, ғылыми дүниетанымын, ұлттық мұратын, егеменді елімізде орныққан азаматтық позициясын қалыптастырады, оларды рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелейді.

Мұғалім мамандығы – біздің елімізде ең кең тараған мамандықтың бірі. Мамандықтың бұқаралығы оның маңыздылығын көрсетеді, дегенмен бұл әрбір мұғалімнен педагогикалық кәсіптің қоғамдық мәртебесін көтеру жөнінде айрықша қамқорлықты қажет етеді.

Мұғалім болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға, оның алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған. Болашаққа жарамды адамды тәрбиелеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет – тек сонда ғана тәрбиеленуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады.




  1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет