Д. Есімова Ұстаздың Ұлттық ТӘлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығЫ



жүктеу 1.93 Mb.
бет2/8
Дата02.05.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

Бұл айтылғандар халық тәрбиесінің міндеттеріне де толық сәйкес келеді. Бүгін партада тәлім алып отырғандар еліміздін XXI ғасырдағы тағдырын шешетін азаматтар. Сондықтан, мұғалім көз алдында болашақ ұрпақтың отырғандығын әрдайым естен шығармауы міндет.


Осыған орай қалың жұртшылықтың мұғалімнің жеке басына, оның тек кәсіби сапасына ғана емес, сонымен бірге адамгершілік қасиетіне, деонтологиялық дайындығына, оның моральдық бет-бейнесіне ден қойып, көңіл аударуы тіпті де тегін емес.

Түптеп келгенде, қоғам мұғалімге ерекше жауапкершілік жүктейді. Мұғалім тәрбиесіне ең көнгіш кезіндегі адам сеніп тапсырылады. Мұғалім баланың білімін, икемділігін, әдетін, мұратын және өмірлік мақсатын қалыптастырады, яғни оның қолында адамның өмірлік тағдыры тұр. Кезінде көне грек философы Платон былай деген екен еді: «Егер кебіс тігуші олақ болса, мемлекет бұдан көп зардап шеге қоймайды – бар болғаны азаматтар біршама нашар киінер, ал егер ұстаз өз міндетін нашар орындаса, онда елде надандар мен бұзақылар көбейіп кетеді». Д. В. Луначарскийдің сөзі де осы ойға үндес: «Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе, онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол жарамсыз болып табылады, алайда ең бағалы деген гауһар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы – не үлкен қылмыс, немесе орны толмас өкінішке айналады. Сондықтан бүл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды күні бұрын біле отырып жұмыс істеу қажет» – деген.

Педагог өзінің күнделікті жұмысында мектеп оқушыларына және олардың ата-аналарына қазіргі дүниеде болып жатқан жағдаяттардың мәні мен ой-мақсатын дер кезінде және де дәлелді түсіндіруі, ақылаққа (моральға) жат насихаттың зиянды ықпал жасауына қарсы тұра білуді үйрету мен бірге, идеялық және моральдық тазалығы, табандылығы жөнінен үлгі көрсете алуы, біздің мұраттарымызға жат нәрсенің барлығына ымырасыз болуы тиіс.

Педагогтың iс-әрекеттiк аясы барлық жағынан әлеуметтiк мән-мағынаға толы және ол күннен күнге жетіліп отырады. Мысалы, экономикалық тұрғыдан алып қарағанда, педагог ештеңе өндiрмейдi, тыңдырмайды сондықтан оның елге экономикалық пайдасы жоқ, деп санау халық арасында қалыптасқан пiкiр.

Ондай пiкiр педагог қызметiнiң толық пайдалылығын сандық көрсеткiштерге салып сыйғызуға болмайтындығының белгiсi. Оның белдi-беделдi, дарынды, ақылды, елге жан-жағынан пайдалы қанша азамат тәрбиелеп шығарғаны және сол азаматтардың халық қазынасына келтiрген экономикалық үлесi тиын-теңгеге салып санауға келмейдi.

Бiрақ мұғалімнің жұмысында жiберген олқылықтары алыс ұзамай қарасын көрсетiп жатады: түрлi экономикалық, саяси, тұрмыстық қылмыстар (қылмыстың нәтижесiнде болған шығын, оны ашып, әдiл жазалауға шығарған шығын т.с.с.); ден саулығы, жан саулығы әлсiреген азаматтар (шындап айтса, олар экономика жағынан әжептеуiр елге масыл) т.б. Мұны да ақшалы көрсеткiшпен сипаттау мүмкiн емес.

Сондықтан неғұрлым ұстаз ел, отан, халық алдындағы борышың саналы өтеуге ынталы болса, соғұрлым оның еңбегi елге экономикалық жағынан да пайдалы болатыны күмән тудырмайтын айғақ.

Осыны түйiндей келе өз iсiне шебер, парыздылық санасы жеткiлiктi дамыған педагог қызметiнiң тiкелей педагогикалық нәтижесiмен бірге едәуiр экономикалық нәтижесi де бар деп айтуға болады. Оның негізгі міндеттері – шәкірттеріне әлем туралы ғылыми түсінікті сіңіру, оқушыларды өз бетінше және шығармашылықты ойлауға баулу, ғылыми таным тәсілдерін меңгерту, өміршеңдіктерін арттыру, т.б.


3 Ұстаздың деонтологиялық даярлығы
Болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығы – кез келген білім беру мекемелерінің шарттарының бірі оқыту-тәрбиелік үрдісінің тиімділігі. Мұғалімнің деонтологиялық дайындығы – бұл мұғалімнің сана-сезімінің дайындық қалпы, оның кәсіби борышының талаптарына біліміне, қабілеттілігіне, дағдыларына сәйкес білім беру, тәрбиелеу қызметтерін орындау. Кәсіби сана-сезімінің дамудың деңгейі, кәсіби қызметінде міндеттерді тани білуі оның дайындығының жалпы міндетті бөлігі болып табылады. Басқалай айтқанда бұл - ұстаздың жеке тұлғалық интегративті сипаттамасы ғылыми-теориялық, әдістемелік және психологиялық-педагогикалық дайындықты, сонымен қатар жеке тұлғаның кәсіби қабілеттілігін, кәсіби маңызды қасиеттірін өзіне қосады. Осыдан ұстаздың деонтологиялық дайындығын қалыптастыру оқшауландырылған үрдіс емес екенін түсінеміз.

Ұстаздың деонтологиялық дайындығы кәсіби құзретінің даму деңгейін, құндылық бағдарлардың басымдылығын, педагогикалық әдептіліктің, деонтологияның, әлеуметтік өмір заңдылықтардың, Конституцияның және тағы басқа заң актілерінің нормаларын сақтау және меңгеру деңгейін сипаттайды.

Ұстаздың деонтологиялық дайындық тек қана педагогикалық деонтологияны білу және түсінуді шектемейді, сонымен бірге білім беру мекемелердің әртүрлі салаларына енгізу бойынша белсенді жұмыс жасау. Осының нәтижесінде мұғалімде деонтологиялықинтуитивизм пайда болады, осында мейрімділік түсініктен немесе алдындағы логикалық бастамасынан (мейірімділік борышты орындауынан құралады) кәсіби борыш тәуелсіз болып есептеледі. Деонтологиялық интуитизмге сәйкес имандылық міндеттер әлеуметтік қажеттіліктерде негізі жоқ, олар өз беттерімен, мәңгілік және тәуелсіз екені анық.

Басқа сөзбен айтқанда ұстаздардың деонтологиялық дайындық - бұл ұстаздың қызметіңде сана-сезімінің кәсіби қалпы (деонтологиялық сана-сезім), содан кейін ол өзіндік сана-сезімге айналады. Ұстаздың өзіндік сана-сезімінің көрінуі ол өзінің мінез-қылығындағы рефлекстің мотивін, кәсіби борышын түсінуінің пайда болуы болып табылады. Басқаша айтқанда ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезім.

Ұстаздың деонтологиялық өз-өзін тану мазмұны келесі нұсқауларды құрайды:

- ұстаздық жоғары мәдениетті сенімді ескеретін «Оқушының психикалық, физикалық денсаулығына зияндық келтірме!» киелік қағиданы қалыптастыруға нұсқау;

- еңбегін, оқушының білімін қателіксіз, объективті бағалау қабілеттілігінде, өзінің және басқалардың мінез-құлқын сынай бағалау және өзінің әрекеттерін өзіндік сынай алу қабілеттілігінде көрінетін әділеттіктің сезімтал сезімін нұсқау;

- жалпы және арнайы-кәсіби интелектті, ой-саналылықты, өзінің кәсіби қызметінің саласында ғана емес, сонымен бірге ұқсас салаларда жедел ақпараттың көптігін қалыптастыру, пассионарлық индукцияны (басқа дамдардың өзінің идеялармен, көңіл-күйімен жұқтыру), педагогикалық шеберлікті меңгеруді қалыптастыруға нұсқау;

Ұстаздың деонтологиялық сана-сезімін қалыптастыру өмір бойы жүреді. Бірақта бұл үрдісті жас кезінен бастау керек, себебі қазақ философы Зейнолла Серікқалиұлының ой-пікірі бойынша «егер қазіргі студент кәсіби борышты белгілі қызмет саласында қолайлы тіршілік ету үшін мамандыру ретінде, ал басқару қызметін карьера ретінде түсінсе, сонда біз кентаврға айналған халық ұрпақтары ретінде, арамдармен бірге бейбіт өмір сүруімізге тура келеді», бізде ол пікірге қосыламыз. Болашақ ұстаз сенімдерді деонтологиялық дайындық нәтижесінде алса, біріншіден, келешек ұстаз өз пікірінің дұрыстығына жеке тұлғалық сенімділік қасиетін тәрбиелеу керек, яғни өз пікірі қалыптасу өзіндік бағалы бағдарына сәйкес саналы әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Болашақ ұстаз деонтологиялық дайындық нәтижесінде жітілдірілген көрінісі шынында педагогикалық сана-сезім түсінігі, сонымен қатар кәсіби парызына қарым-қатынасы. Жоғарғыда айтылғанға К. Д. Ушанскидің сөзін келтірейік: «мұғалімде педагогика және психология саласында білімі, теориялық тәжірбиесі болу керек. Бірақ оған тек қана терең білімі жеткіліксіз. Сенімі қатал, терең және жүйелі адам болу керек. Шығармашылық шабытта сенімсіз жұмыс істеуге мүмкін емес. Адамзатты тәрбиелеуге басты жолы сендіру және сендіруді тек қана сендіру арқылы жүргізу керек. Тәрбиелеуші сендірусіз қандай да тәрбиелеу әдістері жақсы болса да, шындығында ешқандай күші жоқ, өлі күйінде қалады.

Ұстаздың қалыптасқан сенімінде кәсіби қызмет үрдісінде деонтологиялық кредоға («кредо (лат. тілінен сredo – сенемін, сенімдімін) – сенім, көз қарастар, өмірге көз қарасының негізі») айналады - ұстаздың ішікі сенімі, кәсіби борышты түсіну негізінде түсініктерді қалыптастырады, ол мінез-қылықтарын реттеуші болып табылады.

Ұстаздың деонтологиялық дайындығы деонтологиялық мінез-қылықтарын қалыптастыруға көмектеседі. Олардың қалыптасуына:

- педагогикалық деонтологияның негіздерін меңгеру деңгейіне;

- педагогикалық деонтологияны түсіну деңгейіне;

- педагогикалық деонтологияның спецификасына;

- әрбір ұстаздың жеке тұлғаның қайталанылмайтын шығармашылық дарашылдық байланысты.

Бұл жүйенің («деонтологиялық сана-сезімі, деонтологиялық өзіндік сана-сезімі, деонтологиялық сенімі, деонтологиялық кредо») бір элементінің түсіп қалуы ұстаздың деонтологиялық дайындығының қалыптаспауына әкеледі.

Ұстаздың деонтологиялық дайындалмағандығы оның кәсіби тәжірбиесі жоқтығында көрінеді, нақтырақ:

- тәрбиелеушілердің, ұстаздардың өзінің кәсіби парызын түсінбеуі тәрбиеленушімен дұрыс қарым-қатынас құрай алмауына әкеледі, олардың көңіл-күйін түсіну, жеке түлғалардың белсенді дамуытуға барлық күшін жұмылдыру;

- кәсіби өзіндік дамуы қалыспағандық, яғни ұстазда кәсіби Мен-концепциясының жоқтығы кәсіби-деонтологиялық өзіндік сана-сезімінің деонтологиялық сеніміне және кредоға айналу үрдісі мүмкін еместігіне әкеледі. Педагогикалық деонтологияның үрдісіне сәйкес деонтологиялық сенім мен кредосы ұстаздың мінез-қылықтарын реттейді.

Білім беру жүйесінде барлық қызметкерлерінде деонтологиялық дайындығын қалыптастыруға керектігі мүмкіндік туады, ең біріншіден мектепке дейінгі мекемелеріндегі тәрбиелеушілерінен, жалпы білім беретін мектептеріндегі, лицеейлердегі, колледждегі мүғалімдерден, жоғары оқу орынның ұстаздарынан бастау керек.

Мұғалімнің деонтологиялық дайындығы – бұл мұғалімнің кәсіби борышының талаптарына, біліміне, қабілеттілігіне, дағдыларына сәйкес білім беру, тәрбиелеу қызметтерін орындауда сана-сезімінің дайындық күйі.

Кәсіби сана-сезімінің даму деңгейі, кәсіби қызметінде міндеттерді тани білуі оның дайындығының жалпы міндетті бөлігі болып табылады. Ұстаздың деонтологиялық дайындығы кәсіби құзыретінің даму деңгейін, құндылық бағдар басымдылығын, педагогикалық әдептіліктің, деонтологияның, әлеуметтік өмір заңдылықтарының, Конституцияның және тағы басқа заң актілерінің нормаларын сақтау және меңгеру деңгейін сипаттайды.

Басқа сөзбен айтқанда, ұстаздың деонтологиялық дайындығы - бұл ұстаздың қызметі барысында өзіндік сана-сезіміне айналатын, санасының (деонтологиялық санасы) позитивті кәсіби күйі. Ұстаздың өзіндік сана-сезімінің көрінуі - өзінің мінез-құлығының уәжін түсінуі, рефлексияның пайда болуы, кәсіби борышын түсінуі болуы болып табылады. Қорыта айтқанда, ұстаздық деонтологиялық дайындығы - ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімінің күйі.

Ұстаздың деонтологиялық даярлық нәтижесінің жетілдірілген көрінісі шынына келіп сайғанда педагогикалық сана-сезім түсінігі, сонымен қатар кәсіби және ұлттық парызына қарым-қатынасы. Жоғарғыда айтылғанға К. Д. Ушинскидің сөзін келтірейік: «мұғалімде педагогика және психология саласында білімі, теориялық тәжірибесі болу керек. Бірақ оған тек қана терең білімі жеткіліксіз. Сенімі қатал, терең және жүйелі адам болу керек. Шығармашылық шабытта сенімсіз жұмыс істеу мүмкін емес. Адамзатты тәрбиелеуге басты жол сендіру және сендіруді тек қана сендіру арқылы жүргізу керек. Тәрбиелеушінің сенімінсіз қандай да тәрбиелеу әдістері жақсы болса да, шындығында ешқандай күші жоқ, өлі күйінде қалады».

Көріп отырғанымыздай, ұстаздың деонтологиялық даярлығы, негізінен кәсіби даярлығын қалыптастыра отырып, өз қызметін іске асыру барысында алдына қойылған мақсатын, міндетін толық түсініп, қызметін атқаруда жоғары жетістіктерге жетуге ұмтылуымен қатар, адамзат алдындағы өзінің кәсіби парызын түсінуге дейін жеткізетін деонтологиялық сана-сезімінің қалыптасуына әкелетінін көруге болады. Деонтологиялық сана-сезімі жетіле түсініп, сананың жоғарғы сатысы өзіндік сана-сезімге ауысады. Осындай сана-сезімнің иегері, деонтологиялық даярлығы бар ұстаз ұлттық тәлім-тәрбие беру үдерісін қалай жүргізу керек? Басқаша айтқанда, ұлттық тәлім-тәрбие беруге ұстаздың деонтологиялық даярлығының мағынасы неде? Деген сұрақтар туындайды. Деонтология, педагогикалық деонтология, деонтологиялық даярлық ұғымдарының мағынасы белгілі болғаннан кейін, ұлттық тәлім-тәрбиенің өзектілігі неде деген сұраққа тоқтайық.

Қазіргі жағдайда ұлттық тәлім-тәрбие беру өзекті мәселелердің біріне айналуда. Себебі, еліміздің өркениеті мен эконмикасын тұрақтандыру, патриоттық сезімін арттыру жолында ұлттық тәрбие көздерімен сусындата білім беру қажеттігі де туындап отыр. Осы мәселені іске асыру үшін болашағымыздың рухани дамуын дұрыс жолға қоя білуіміз керек. Халқымыздың орасан зор адамгершілігімен, үлкенге деген құрметімен, кішіге ізетімен, қонақжайлығымен, ақыл-парасатымен, көсемдігімен, шешендігімен, әділдігімен, өз мүддесімен ұштастыруымен, ұлтжандылығымен, көрегендігімен ерекшеленетін салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын, мол мәдени, рухани мұраларын сақтап, оны заман өткен сайын еселеп жаңғырта түсетін қырларын жастарға ұғындыра білім беруді негіздеу қажеттігі айқындала түсуде.

Сонымен қатар еліміздің тәуелсіздік алып, әлеуметтік-экономикалық дамуы, ұлттық сананың қайта жаңғыруы жағдайында ұлтымыздың сан ғасырлар бойы жинақтаған тәлімдік тәжірибесін бүкіладамзаттық құндылық тұрғысынан саралап, қазіргі жастар тәрбиесінде пайдалана білу қажеттілігі туындауда. Сондықтан ұлттық тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру бүгінгі таңда өзіндік ерекшеліктерімен айшықталары анық. Ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы бар ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие негізінде құрылған білім мен икемділік жүйесінен нәр алып, ұлтқа тән іс-әрекет түрлерін меңгеруі және ұлттық тұрпаттық қадір-қасиетті тану өз еліне деген сүйіспеншілігін оята отырып, өзге ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жері мен елінің ұлттық қасеиттеріне деген қызығушылығын тудыратыны айдан анық.

Ұстаздың «ұлттық тәлім-тәрбиенің» мазмұнын негіздейтін ортағасыр ғұламаларының ой-пікірлері, көзқарастары, ұлтымыздың тілін, дінін, ділін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптейтін қзақ ағартушыларының, зиялыларының шығармалары, ақын-жыраулардың өлең-жырлары, тәрбиелік ойын түрлері, би-шешендердің даналық сөздері, батыр халқымыздың елін-жерін жаудан қорғаған ерлік-өнегелерін ғылыми тұрғыдан саралап, талдап, заман талабына сай жүйелеп негіздесе ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға мүмкіншілігіміз де болады. Сонымен, «ұлттық тәлім-тәрбие» - жеке тұлғаның тілін құрметтеуге, дінін қастерлеуге, ділін қалыптастыруға, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге бейімдеуге, ұлттық құндылық қасиеттерін үйренуге, бүгінгі күн талабындағы жетістіктерді, нақты жағдайда пайдалануға үйрететін тәрбие болып табылса, ал бұл тәрбиенің мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне өз үлесін қоса алатын, ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды ұштастыра алатын толық кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығының мағынасын жоғарыда қарастырылған деонтологиялық даярлық және ұлттық тәлім-тәрбие анықтамаларын сабақтастыра отырып, ашуға болады. Сонымен, ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы дегеніміз – кәсіби парызына сәйкес, ұлттық тәлім-тәрбиені жүргізу бойынша білімдері, біліктілігі және қабілеттері негізінде қалыптасқан ұстаздың парыздылық санасының дайын күйі. Ұлттық сана-сезімінің даму деңгейі, ұлттық тәлім-тәрбие беруде міндеттерді тани білуі оның дайындығының жалпы міндетті бөлігі болып табылады. Басқалай айтқанда бұл - ұстаздың жеке тұлғалық интегративті сипаттамасы ғылыми-теориялық, әдістемелік және психологиялық-педагогикалық дайындықты, сонымен қатар жеке тұлғаның кәсіби қабілеттілігін, кәсіби маңызды қасиеттерін меңгеруі. Осыдан ұлттық тәлім-тәрбие беруге ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру оқшауландырылған үрдіс емес екенін түсінеміз, яғни бұл даярлық ұстаздың деонтологиялық дайындығына тікелей қатысты болатындығын көреміз.

Ұлттық тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығы ұлттық сана-сезімінің даму деңгейін, ұлттық құндылық бағдарының басымдылығын, педагогикалық әдептіліктің, деонтологияның, әлеуметтік өмір заңдылықтарының, Конституцияның және тағы басқа заң актілерінің нормаларын сақтау және меңгеру деңгейін сипаттайды.

Ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы бар ұстаздың бойында мына қабілеттер болуы керек:

- оқушыларды қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің негізгі ұғымдарымен, білімдерімен, дүниетанымдық идеяларымен және әдістерімен таныстыра алатын;

- оқушыларға қазақтың тілін, тарихын, дінін, ұлттық салт-дәстүрін, ұлттық мәдениетін, әдет-ғұрпын таныстыра отырып, сана сезімін, намысын, мінез-құлқын, дүниетанымын қалыптастыра алатын;

- оқушыларда қазақтың ұлттық құндылықтары негізінде әлеуметтік-психологиялық, құқықтық-экономикалық және логикалық ойлауды дамытудың қажетті дағдылары мен шеберлігін меңгертетін, дұрыс және шешен сөйлеуді, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстай білуді, бәсекеге қабілетті құзыреттілікті қалыптастыра алатын;

- жас ұрпақты жат қылықтардын сақ болуға, жан және тән сұлулығын сабақтастыра білуге және оны дамытуға үйрететін;

- жас ұрпаққа қоғам мен табиғат ресурстарын өз игілігіне ұқыпты да ұтымды пайдалануға икемдеуге, ұлттық құндылықтарымызды дүниежүзілік жалпы адамзатқа тән құндылықтармен сабақтастыра алуға үйрететін;

- ұлтаралық қарым-қатынасты жетілдіру үшін қазақ халқының терең де мағыналы тәлім-тәрбиесін қазақстандағы басқа ұлт өкілдеріне насихаттай алатын.

Әрине, ұлттық тәлім-тәрбиенің негізі ұлттық сана сезім, ұлттық тіл, ұлттық мәдениет, ұлттық діл, ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрып категорияларына сүйенетіндіктен, болашақ ұстаздардың осы қасиеттерінің дамуына ықпал қажет. Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыру үдерісіне дәстүрлі классикалық педагогикадағы тәлім-тәрбие бағыттарын толық қамыту және ескеріледі. Зерттелетін даярлықты қалыптастыру үдерісіне қазақ халқының ұлттық ойындарының, мақал-мәтелдерінің, өсиет сөздерінің тәлім-тәрбиелік мәні ерекше орын алады, сонымен қатар туыстық қатынастар, жеті ата түсінігі, қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесі, келін тәрбиесі, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасын реттеудегі ұлттық тәлім-тәрбиенің рөлі, қазақ халқына тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, қазақ халқының адамгершілік құндылықтары, ұлттық тәлім-тәрбие беруде діннің алатын орнына ерекше көңіл бөлуді керек етеді. Ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы бар ұстаздың ұлттық сана-сезімі өте жоғары деңгейде, ұлтына берілгендігі, ұлтжанды болуы өте маңызды. Бұл даярлықты қалыптастыруға халқымыздың ұлы ғұламалары мен ойшылдарының еңбектеріндегі тәлім-тәрбие көрінісі, мәдени мұра нысандары, халқымыздың ұлағат сөздерінің тәлім-тәрбиелік мәні және қазіргі мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдарының ұлттық тәлім-тәрбие берудегі рөлі де өте маңызды. Ұлттық тәлім-тәрбиеден сұсындаған болашақ ұстаз өз іскерлігінде ұлттық нақыштағы шараларды асыруға дайын болады. Болашақ ұстаздың деонтологиялық сана-сезімімен бірге ұлттық санасының жетіліп, деонтологиялық нанымға айналуы даярлықты қалыптастыруға жетелейді.


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1. Менің ұстаз кәсібін таңдауымның себептері неде?

2. Қазіргі заманғы педагогикалық кәсіптің мақсаттары мен міндеттері қандай

3. Ұстаздың тұлғасының даму шарты неліктен кәсіби бағытталған қызмет болып табылады?

4. Ұстаздың кәсіби өзін өзі тәрбиелеуі дегеніміз не?

5. Өзін өзі бағалау дегеніміз не?

6.Ұстаздың өзін өзі тәрбиелеуде оның орны қандай?

7. Ұстаздың күмәнсіз тұлғасы қандай?

8. Ұстаздың кәсіби парызы дегеніміз не?

9. Ұстаздың өзіндік санасы дегеніміз не?

10. «Даярлық», «ұстаздық қызметке даярлық», «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсініктеріне анықтама беріңдер.

11. Бұл түсініктердің өзара байланысы неде?

12. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттерде «ұстаздық қызметке даярлық», «ұстаздың кәсіби даярлығы» түсініктерін қарастыруда қандай негізгі көзқарастар бар?

13. «Ұстаздың деонтологиялық даярлығы» термині нені білдіреді?

14. «Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімі» түсінігіне анықтама беріңдер?

15. «Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімі» және «адамның өзіндік сана-сезімі» түсініктерін салыстырыңдар. Ұқсастығы, айырмашылығы неде?

16. Ұстаздың деонтологиялық өзіндік сана-сезімінің мазмұны қандай?

17. «Деонтологиялық сенім», «деонтологиялық кредо», «деонтологиялық іс-әрекет» дегеніміз не?

18. Педагогикалық деонтология үрдісіне сәйкес педагогтың мінез-құлықтарын деонтологиялық сенім және кредо реттейтінін дәлелдеңдер.

19. Деонтологиялық даярлығы бар ұстаз моделін құрастыр.

20. Ұстаздың деонтологиялық даярлығының қалыптаспағандығы қалай көрінеді?
4 Ұлттық тәлім-тәрбие
Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жастар бойына қалыптастыруда, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты. «Отбасы адамның өте маңызды, өте жауапты ісі. отбасы өмірді кемеліне келтіреді, отбасы бақыт әкеледі, бірақ әрбір отбасы, ең алдымен мемлекеттік маңызы бар зор іс болып табылады»,- деп анықтама берген А.С. Макаренко болатын. Яғни, отбасы – қоғамның маңызды буыны және өзінше бір кішігірім ұжым. көп ұлтты мемлекетіміздің негізі осы шағын ұжымдардан қаланады. осы жағынан кез келген отбасы өзін қоғамның бір бөлігі деп түсінеді. Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: «Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек» екені айтылған.

Қазіргі кезеңдегі саяси, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, тұрмыстағы күйзеліс, ұлтаралық қатынастардың шиеленісе түсуі, адамгершілік құндылықтардың құлдырауы, білімге, адал еңбекке деген ынтасының азаюы, отбасын құруға жауапкершілікпен белсенді қарамауы, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің бел алуы т.б. мәселелері жастар тәрбиесіне жаңаша қарауды талап етіп отыр.


5 Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің ерекшелігі
Қазақ халқының әріден келе жатқан мәдениетін және білім, тәлім-тәрбие беру жүйесінің негіздерімен жан-жақты танысу бүгінгі күннің басты бағдары, талабы десек те болады. Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату – жастардың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады. Қазақта «үйлену оңай, үй болу қиын» дегендей үйленіп, үй болу әрбір адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар.

Қазақ халқы қыз ұзатып, ұлын үйлендіріп келе жатқан, басқа халықтар сияқты думаншыл-сауықшыл халықтардың бірі. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің әр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дәстүрлері өте көп. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін – салт-дәстүр. «Қызын қияға, ұлын ұяға» қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді» деп бағалағандықтан. Сондықтан, ата-ана балаларын тұрмыс пен салтқа бейімдеп, шеше көріп тон пішуге, әке көріп оқ жонуға баулитын болған. Осылайша ұрпақтың отбасы тәрбиесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Бұрынғы қазақ жастары тәрбиені мектеп пен медреседе оқып білмесе де қызы анадан, ұлы әкеден үлгі-өнеге алған. Қазақ халқының тарихы дәстүрге өте бай. Отбасы үшін ежелден тән қасиетті балажандық, балаларды еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, үлкенді құрметтеу, туысқандық кең байланыс, көршілермен және ұлты басқа халықтармен достық, ізгілік қатынастар осының бәрі қазақ халқының тұсмыс қалпына байланысты болған. Қазақ қыз-келіншектері мен ер азаматтарының бойында өзге халық өкілдерінің бойынан көрінетін дара қазақы болмысы жарқырай көрініп, жүрекке жылы әсер еткен. Әсемдік пен әдептілік үйлесімдік тапқан. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз.

Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғыасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген. Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын оларға мынадай шарт қояды: біріншіден, қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет. Бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: «қандас туыс адамдар үйленсе дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады». Екіншіден, ағайын-туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады. Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Айттыру, құда түсу ежелден келе жатқан дәстүр екенін жоғарыда сипаттадық. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар.

Кейбір өмірдің ащысы мен тәттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе бала өмірге келмей жатып құдаласуға уәделеседі де «бел құда»; екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып «бесік құда» атанады. Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз ер жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі. Қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты жалғастыруды «сүйек жаңғырту» немесе «сүйек шатыс» деген. Бір кездері құдалы болған адамдар құдалықтарын ұзақ жалғастыру үшін қыз берісіп, қыз алысады. Бұрынғы замандағыдай қазіргі кезде қызды зорлап қосу жоқ. Бірақ ата-аналары ақылдасып және екі жастың келісімі бойынша жасалатын салт. Қалай отау құрғанда да жаңа түскен келіннің екі жақты жақындататын дәнекерлік ролі аз емес. Келін болып түскен қыздың жаңа жұрттағы қадірі оның ақылы мен адамгершілігінде, шаруа икемділігінде, аналық қасиеттерінде және жарына деген мейір-махаббатында деуге болады. Әрине, бұл жастардың адамгершілік қасиеттеіне, алған тәрбиесіне, әдептіліген байланысты. Соңғы кезде қазақ халқының табиғатына тән, ана сүтімен сүйекке сіңген ізгі әдет-ғұрыптардан тыс қалып бара жатқандаймыз. Өз ұлтының өткені мен болашағына бей-жай қарайтын тәрбиеден тысқары қалған жастар аз емес.

Ата-ананы сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет білдіру, әдеп сақтаудан хабарсыз кей жастардың қылығы әркімнің-ақ намысына тиері сөзсіз. Халық өнерін игеру – жастарды еңбек сүйгіштікке, әсемдікке бағыттап, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, жақсы әдет, дәстүрлерін жалғастыруға баулиды. Ұлттық тәжірибеміз отбасынан басталып, кейін де жалғасын тауып жатса, қазіргідей қазақ халқының қанында жоқ, ата-баба тәрбиесіне жат өзін жарық дүниеге әкелген анасын, әлпештеп өсірген асқар тауы әкесін қарттар үйіне өткізген, нашақорлық пен маскүнемдікке салынғандардың шаңырағы ортаға түспес еді. Атам заманнан жалғасып ар ұжданымызға ұялаған қанымызға сіңген қастерлі қазақ салтын ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын мұра ретінде кейінгі ұрпаққа қалдыру – бәріміздің де борышымыз. Ұрпақ тәрбиесіне айрықша мән берген ата-бабамыз асыл сөздің кестесімен сәби жүрегін тербеп, ой-санасын игі адамгершілікке жетелейді. Сондықтан кең байтақ ата жұрттан ертеден жас буынға жалғасып келген ар-ұят сақтау, мейірімді, шарапатты болу салтанатын құрды. Ұнасымды қарым-қатынас жасай білу. Бұл адамзат баласының әу бастан өз өміріне серік етіп, ұғыныса, сыйласа, тіршілік құру сапарында алға ұстап келе жатқан әдеп салттарының ең көкейкестігі.

Адамдар өздерінің арасында тату, кішіпейіл, өресі деңгейлес қатынастардың тату болғаны жөн екендігіне ежелден-ақ ден қойған. Дәстүрге арқа сүйемегеннің көсегесі көгермейді деген атамыз. Яғни отбасы ауыл-аймақ, көпшілік, қоғам болып адамдарды тәрбиелеу қазақ халқының өмірінен өзекті орын алған. Салт-санасы, әдет-ғұрпы, ойын-тойы осы мақсатты іске асыруға бейімделе жүргізілген. Ата-бабаларымыздың, даналарымыздың, ақын жарауларымыздың ақыл-өсиеттері, ауыз әдебиеті үлгілерінде сақталған және халықтың ежелден келе жатқан салт-санасындағы, әдет-ғұрпындағы дәстүрлік тарих тағылымдарын өмірге үйлесімді пайдалану – ұл мен қызға берілетін тәлімді жетілдірудің тиімді жолы болуымен қатар, олардың бойына инабаттылықты, мейірімділікті, бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып, бала тәрбиесінің жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етеді. Мұның нәтижесі түрлі кінәраттарға тосқауыл жасап, дөрекіліктер мен қатыгездіктен тиылуға және әдептіліктің бойға даруына ынталандыратын тиімді тәсіл. Қорыта айтқанда, бүгінгі күнде жастарды әдепті де саналы етіп тәрбиелеу үшін ең алдымен тәрбие ережелеріне сүйене отырып, ұлттық дәстүрімізді, әдет-ғұрыптарымызды, дінімізді, ата-бабаларымыздан қалған насихат мұраларын жастардың санасына сіңіре білу басты міндетіміз болуы қажет. Тәрбиенің көзі – ата-бабамыздан қалған дана сөздер десек, біз сол насихаттың жүргізушісіміз. Бұған қоғам алдындағы үлкен міндет ретінде қараған жөн.

Халықтық педагогикада тәрбиенiң сегiз түрi бар. Олар: дене, еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, экономикалық, экологиялық, құқықтық, сұлулық тәрбиелерi. Ендi осы тәрбие түрлерiне қысқаша тоқталып кетейiк.

Жеке адамды жан-жақты дамытуда дене тәрбиесiнiң рөлi ерекше. Дене тәрбиесiнiң мақсаты оқушының денесiн дамытуға, денсаулығын нығайтуға, ағзасын шынықтыруға, күн тәртiбiн дұрыс ұйымдастыруға, салауатты өмiр салтына тәрбиелеу. Халық педагогикасында дене тәрбиесi адам дүниеге келген күннен бастап қолға алынады.

Халық еңбектi бүкiл тәрбие жүйесiнiң күретамыры деп қарастырған. Еңбекке асыл мұрат деңгейiнде қарайды. Еңбек тәрбиесi деп оқушыны еңбекке сүйiспеншiлiкпен, еңбек адамдарына құрметпен қарауға, халық шаруашылығының салаларындағы еңбектiң алуан түрлерiне баулу, еңбек iс-әрекетiнiң барысында олардың дағдысы мен iскерлiгiн қалыптастыруға, сөйтiп болашақта мамандық тандауға дайындау деп түсiнемiз. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсiптiк бағдар беру оқушылардың қоғамға пайдалы, өнiмдi еңбекке тiкелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудiң, жеке адамды адамгершiлiк және зиялылық жағынан қалыптастырудың негiзгi көзi болып табылады.

Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз окушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауға белсене қатыстыру, олардың бойына тәртiптiлiк пен мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру, Отанға, халқына, еңбекке және қоғамдық iс-әрекетке деген жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелеу.

Акыл-ой тәрбиесi әр заманда жастарға бiлiм берудiң негiзгi құралы болып келдi. Ақыл-ой тәрбиесi – адам зиялылығының негiзi. Сол арқылы оқушыны ойлау iс-әрекетiнiң басты шарты болып табылатын бiлiм қорымен қаруландыру, негiзгi ойлау операцияларын меңгерту, бiлiм, бiлiк, дағдылар мен дүниетанымын қалыптастыру мiндеттерi шешiледi.

Тәрбиенiң басқа салаларымен тығыз байланысты тәрбиенiң түрi экономикалық тәрбие. «Экономикалық тәрбиенiң негiздерi» еңбек тәрбиесiнде жатыр. Экономикалық тәрбиеде көзделетiн мақсат – оқушыларды бiлiмдер негiздерiмен қаруландыру, қоғамның экономикалық саясатын ұғындыру, өндiрiс, айырбас, бөлiсу және тұтыну ауқымындағы негiзгi экономикалық қатынастарды тәжiрибеде меңгерту деп түсiну керек.

Экологиялық тәрбие дегенiмiз – экологиялық нормалардың, ережелердiң қажеттiлiгiн жастардың мiнез-құлқында тәрбиелеу және экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру. Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесiмен тығыз байланысты. Өйткенi өндiрiстiк iс-әрекеттiң барысында адам өзiн қоршаған ортаға тiкелей әсер ете алады.

Сондай-ақ, адамның сұлулық сезiмдерi олардың өмiрiнде зор рөл атқарады. Әсемдiктi көре, түсiне, жасай бiлу адамның рухани өмiрiн байытады. Сұлулықты танытудың негiзгi құралдары әдебиет және өнер. Сұлулық тәрбиесiнiң мақсаты оқушыны көркемдiк пен сұлулықты тани бiлуге, оған баға беруге, күнделiктi өмiрдегi адамның жеке басының эстетикасын, қатынас эстетикасын, үй-жағдай және киiм-кешек эстетикасын қалыптастыру, талғампаздыққа тәрбиелеу және сыртқы мәдениетi мен iшкi дүниесiнiң үйлесiмдiлiгiн қалыптастыру.

Ал жоғары дамыған құқықтық мәдениет болмай қоғам алдындағы мiндеттердi орынды шешу мүмкiн емес. Адамның құқықтық мәдениетi күрделi. Ол әр адамның құқықгық тәрбиесiнiң деңгейiмен тығыз байланысты. Құқықтық тәрбие деп оқушыға құқықгық бiлiм беру, занды құрметтеуге, құқықты қорғау iс-әрекетiне тәрбиелеуге үйрету деп түсiнуiмiз керек. Адамның неғұрлым құқықтық бiлiмi толық және терең болған сайын оның құқықтық мәдениетi жоғары болады.

Егемендi елiмiзде 120 ұлттың өкiлдерi ұзақ жылдар бойы тату-тәттi, бiрге өмiр сүрiп жатыр. Ұлт достығын күшейтуде Кеңестiк идеологияның оң ықпал еткенiн естен шығаруға болмайды.

Соңғы он бес жыл iшiнде әлемнiң әр түпкiрiнде этникалық және дiни қақтығыстардың жиi болып жатуы халықтар бiрлiгiн күшейтудегi идеологиялық жұмыстардың әлсiреуiнен де болып отырғаны көпке аян.

Ел президентi Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында айтылғандай «Iшкi саяси тұтастық пен қоғамның топтасуы саяси, идеологиялық, дiни, этникалық немесе таптық мүдделердi бiрiктiруге бағытталған ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мәдениеттi насихаттауға байланысты» деп қарауға тура келедi.

Ұлт мәдениетiнiң өзiндiк ерекшелiгiн ақтара қарап терең зерттеген педагог ғалымдардың бәрi де оның тәрбиелiк мәнiн сөз етпей өткен емес. «Халықтық тәрбиеден тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ» деп орыстың ұлы педагогы К. Д. Ушинский текке айтпаған.

Ұлттық тәрбиенiң ұйтқысы – ана тiлi. Тiлiн жоғалтқан этнос, өзiнiң бұрынғы этностық қасиетiнен айрылады. А. Н. Толстойдың «Тiл ұлттың жаны... идеяның, сезiмнiң, ойдың жанды көрiнiсi» деуi де ұлт тiлiнiң ұлттық мәдениеттi басқаларға бейнелеп бере бiлудегi артықшылығын көрсетуi деуге болады.

«Тiл – халықтың тарихы, сана-сезiмi, көңiл-күйi, әдебиетi, мәдениетi. Тiлсiз мәдениет пен тарихтың дамуы мүмкiн емес» (А. И. Куприн) деп қарайтын болсақ, ұлттық тәлiм-тәрбиенiң де асыл арқауы тiлге келiп тiреледi.

Ұлттық мәдениет пен мемлекеттiк тiлдiң өркендеуi Қазақстанда тiршiлiк ететiн жүзден астам ұлттардың этникалық жағынан өркен жайып көркеюiне мұрындық болып отыр.

Этностық мәдениеттiң өсiп-өркендеуi үшiн де қолайлы жағдай, мәдени кеңiстiк керек. Ол кеңiстiк деп отбасын, мектепке дейiнгi балалар мекемелерiн, оқу орындарын, ұлттық мәдени орталықтар мен газет-журнал, көркем және ғылыми әдебиеттердi, ғылыми зерттеу және әкiмшiлiк мекемелерiн жатқызамыз.

Соңғы он бес жыл iшiнде, әсiресе соңғы 4-5 жылда Қазақстанда тұратын аз ұлттардың балаларының ана тiлiнде оқу оқып бiлiм алуына, ұлттық мәдениет үлгiлерiн насихаттауға бiр табан болса да қолайлы жағдай туғызылды. Республикамызда 15 ұлттың тiлiнде 36 жексембiлiк дiни мектептер жұмыс iстейдi. Онда 2500 бала, 970 ересек адамдар оқиды.

Бүгiнде республикада немiс, өзбек, ұйғыр, корей, украин, татар тiлдерiнде 138 мың дана газет-журналдар шығып тұрады.

Тәулiгiне бiрнеше тiлде радио және телехабар берiледi. Республикамыздың кiтапханаларында корей, немiс, өзбек, ұйғыр, татар тiлдерiнде 70 мың данадай кiтап қоры бар. Қоғамдық мекемелерде корей, немiс, ұйғыр, татар ұлт өкiлдерi жұмыс iстейдi.

Ақпарат құралдары арқылы оқу-ағарту және мәдениет орталықтарында халық-саны аз ұлттардың салт-дәстүрлерi, музыкасы мен ұлттық киiм үлгiлерi, ойын түрлерi, тағамдары туралы үздiксiз мол мағлұматтар берiлiп келедi. Мектептер мен балабақшаларда, арнаулы орта және жоғары оқу орындарында ән-күй, би ансамбльдерiнiң орындауында ұлттық фестивальдар мен көрмелер, кештер жиi ұйымдастырылуда. Стадиондар мен ойын алаңдарында ұлттық спорт, ойын түрлерi өткiзiлiп, олар ұлт достығының кепiлдiгiне айналуда.

Неке сарайлары мен ауылдық клубтарда жас жұбайлардың үйлену тойлары ұлттық рәсiмде өткiзiлiп халық арасында кең насихатталуда.

Жақсы дәстүр жалғаса берсе екен деген игi тiлекпен Қазақтың Ы. Алтынсарин атындағы бiлiм академиясының этнопедагогика және тәрбие лабораториясының ғылыми қызметкерлерi Қазақстанда тұратын орыс, немiс, поляк, корей, дүңген, тәжiк, түрiк, өзбек, ұйғыр т.б. халықтардың отбасындағы ұрпақ тәрбиелеу дәстүрлерiнiң озық ұлгiлерiн жинастырып, 2000 жылы «Санат» баспасынан «Халық – қапысыз тәрбиешi» атты жинақ шығарды.

Соңғы жылдары Қазақстан халықтарының мақал-мәтелдерi, ән-күйлерi, ұлттық ойындары бiрнеше жинақ болып басылып шықты.

Осының бәрi Қазақстанда тiршiлiк етушi тiлi басқа, тiлеуi бiр, салт-дәстүрi ұқсас елдердiң ұлттық мәдениетiн, бала тәрбиелеу дәстүрлерiн халық арасында кең түрде насихаттауда iстелiп жатқан игiлiктi iстердiң жемiсi, ұлттық ынтымақты күшейтудегi нақтылы iс-шаралар.

Қазақстан халықтарының елiмiздiң экономикасы мен мәдениетiн өркендетудегi соңғы жылдардағы қол жеткен табыстарын ынтымақ пен береке-бiрлiктiң нәтижесi деп қарауға тура келедi.

Егемендi елiмiздi бұдан әрi де бейбiт жолмен өркендете беремiз десек әрбiр ұстаз бен ата-ана, саналы ұлт өкiлдерi:

Ынтымақ елдiкке жеткiзедi,

Береке бiрлiкке жеткiзедi – деген халық қағидасын үнемi iс пен әрекеттiң пәрмендi құралы ретiнде пайдалануды естен шығармауы керек.

Қазақ халқы ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне ерекше қарап, оның өзiндiк ерекшелiгiн ескере тәрбиелеген. Осыған орай ұл тәрбиесi мен қыз тәрбиесiне жеке-жеке тоқталуға тура келдi.




1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет