Д. Есімова Ұстаздың Ұлттық ТӘлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығЫ



жүктеу 1.93 Mb.
бет3/8
Дата02.05.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

Ата көрген оқ жонар. Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ, жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi – бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген. Ер баланы бес жасынан бастап ат жалын тартып азамат болғанға дейiн мал бағу мен аң аулауға, отын шабуға, қора салуға, ағаштан, терiден, темiрден түрлi тұрмысқа қажеттi бұйымдар жасауға, яғни қолөнер шеберлiгiне баулыған. Әсiресе әкелерi мен аталары ұлдарға мал жаюдан бастап шаруаның алуан тәсiлдерiн үйретiп баққан. Мысалы, малды ерте өргiзу, саулатып қоя бермей, алдын кес-кестеп қайырып, тоқтатып жаю, шаңқай түске дейiн жусатпауды тапсырған.

Буаз малды ауылға жақын жаю, туа қалса төлiн алып жылы қораға тез жеткiзу, қойдың қозысын ауыздандыру (енесiн дүрыс емуге үйрету), жаңа туған жас төлдi аяқтандыру, т.б. әдiс-тәсiлдердi баланың жасынан бiлуiн қадалаған. Ат суыту, аттың ыстығын шығару үшiн аяғының күре тамырынан қан алу, еркек малды пiшу, қойды қырқу, тоғыту, мал сою, түйе қомдау, түйеге жүк арту, ер-тұрман әзiрлеу, қайыс илеу, сiреден таспа тiлiп, айыл, қамшы, жүген, шiдер өру, қой қосақтау, түйе матау, кесек құйып, қора салу, құрық салып, асау ұстау, оны үйрету, қазақы үйдi жығу, оны тiгу – мiне осының бәрi ер баланы жастайынан еңбекке тәрбиелеудiң өзегi болған. Ежелден мал бағып, айға қарап жұлдыз санап күн кешкен қазақ халқы өз ұрпағын өсiмдiктiң түр-түсiн ажырата бiлуге, қараңғы түнде жүлдызды аспанға қарап бағыт-бағдар белгiлеп, қоныссуды дәл табуға үйреткен.

Қонақ күту, үлкенге иiлiп сәлем беру, ән айтқызу, домбыра тартып күй шерткiзу, өлең-жыр жаттату, жаңылтпаш-жұмбақ үйрету немесе теңге алу, жамбы ату, аударыспақ, сайыс, көкпар, күрес сияқты ұлт ойындарын үйрету тәрбиенiң басты шарты болып есептелген.

Қазақта қонақ күтудiң де жазылмаған, бiрақ дәстүр болып қалыптасқан заңы бар. Үй иесi қонақты сыйлап, ас-суға тойдырғаннан кейiн, жатар алдында өзi ауылдың алты ауыз өлеңiн айтып немесе күй шертiп қонағына құрмет көрсетедi де, қонақтан «қонақ кәде» сұрайды. Қонақ өлең, жыр, қисса, ертек, терме, толғау айтып берiп немесе күй шертiп өз өнерiмен үй иелерiне құрмет көрсетуге мiндеттi болған.

Үнемi үйге келген қонақтан өлең-жыр, ертегi, аңыз әңгiме естiп өскен балаға да жастайынан сөз өнерiне бейiм, өнегелi, өнерлi болып өсуiне әсер еткен, «қонақ кәде» мен «ауылдың алты ауызы» жастарды сөз қадiрiн бiлуге, шешендiкке, ән мен жырға баулып өсiруде белгiлi рөл атқарған.

Баланы жастайынан сөз өнерiне баулу, мақалдап, тұспалдап ойды көркем сөзбен тыңдаушыға жүйелеп жеткiзе бiлуге үйретудi ата-бабамыз мақсат тұтқан. «Бiлiмдiден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» деп текке айтпаған.

Сөзiңдi айт ұққанға,

Айтып айтпай не керек –

Құлағына мақта тыққанға, –

деген мақал осы ойды меңзейдi.

Сондай-ақ қонақтың «ат тергеу» салты да болған. Ол үйге келген үлкенге 5-6 жасар баладан бастап отбасы мүшелерiнiң бәрi сәлем беруден басталады. Қонақ баладан жетi атасын таратып берудi талап етедi. Бала өзiнен бастап жетi атасына дейiнгiлердiң аттарын атап шығып, қай рудан екенiн бiлдiредi. Қонақ «жақсы, өнегелi азамат бол!» деп батасын бередi. Ат тергеу далада кездесе қалғанда жолаушылардың бiр-бiрiне сәлемдес-кеннен кейiн де iске асыратын әдетi. Мәселен, жасы үлкен адамға жасы кiшi жолаушы бұрылып келiп амандасқаннан кейiн, қарияның «қарағым, қай рудансың, қай ауылдың азаматысың?» деп сұрақ қоюы заңды болған. Осы кезде жасы кiшi азамат өзiнiң ата-тегiн айтып таныстырады. Оны бiлмеген ұят саналған. Ондайларды «жетi атасын бiлмейтiн – жетесiз!» деп сөгетiн болған.

Жiгiттiң үш жұрты. Ол – өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты деп аталады. Ел азаматы осы үш жұртын (өзiнiң әке жағындағы туыстары мен шеше жағындағы туыстарын, алған жарының ел-жұртын) жақсы ажырата бiлуi заң болып саналған. Үш жұрттың жәй-жапсарын ұлдың әке-шешесi жiгiтке айтып үйретiп, құлағына сiңiрiп отыруды мiндет санаған.

Отбасындағы ұл тәрбиесiнде әке мен аталардың рөлi ерекше. Әке үйелменнiң басшысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, асырап сақтаушысы, қамқоршысы. Әкенiң мiнез-құлқы, өзгелермен қарым-қатынасы, өнер-бiлiмi – ұл баланың көз алдындағы үлгi-өнеге алатын, соған қарап өсетiн нысанасы. Қазақта бiреудiң баласы жақсы, өнегелi азамат болса: «Оның әкесi немесе атасы жақсы кiсi едi, өнегелi жерден шыққан ғой» деп мадақтайтыны сондықтан. «Әкеге қарап ұл өседi, шешеге қарап қыз өседi», «Әке – бәйтерек, бала – жапырақ», «Жас – кәрiнiң көзi, кәрi – жастың тезi», «Ата – балаға сыншы» мақалдары да осы пiкiрдi халықтың қуаттауынан туған.

Отбасында әкелерi немесе аталары өз өнерлерiн балаларына үйретiп, олардың өзiндей мерген, аңшы, құсбегi, қолөнер шеберi немесе әншi, күйшi, ақын етiп тәрбиелеуге көңiл бөлген. Ата өнерiн баласының қууы, оны мирас етуi ежелгi ел дәстүрi болған. Қазақ халқының өмiрiнде жетi атасына дейiн мергендiк, аңшылық немесе ұсталық, күйшiлiк, емшiлiк өнердi қуып өткен адамдар жиi кездеседi. Осындай әке мұрасын жалғастырушы өнерлi жастарды дәрiптеу қазақ ауыз әдебиетiнен өзектi орын алған. Мысалы, Құламергеннiң баласы Жоямерген, Тобықбай сыншының баласы Толыбай туралы ертегi-аңыздар осы пiкiрдi дәлелдейдi. «Атадан ұл тумас болар ма, ата жолын қумас болар ма» деген мақал да – сол пiкiрдiң айғағы.

Аталары балалары мен немерелерiне ертегi, аңыз-әңгiме, мақал-мәтелдер айтып берiп, шешендiкке, тапқырлыққа тәрбиелеген. Мысалы, Абай, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, М. Әуезов сияқты ұлы ақын-жазушылар-дың немесе Төлеби, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке сияқты ел билеушi шешендердiң жастайынан елдiң салт-дәстүрлерi мен заңдарын, аңыз-әңгiме мен өлең-жыр, мақал-мәтелдерiн жаттап, жадында сақтап, көп бiлуi әкелерi мен аталарының әсерi екенi сөзсiз. Көптi көрген қариялар отбасының, ауыл-аймақтың үлгi тұтар тұлғасы, тәлiм-тәрбие мектебi сияқты.

Қазақ ауылында бала тәрбиесiне бүкiл ауылдың үлкендерi, әсiресе қарттары араласқан. Үлкендер ауыл-дастарының балаларының өрескел мiнез-құлқын көрсе, ұрсып, зекiп тыйым салуға, ақыл айтуға, тiптi реттi жерiнде ұруға да хұқылы болған.

Ән айтуға, күй шертуге, зергерлiк өнерiне бейiмi бар балаларды әке-шешесi, атасы ел iшiндегi аты шыққан әншi, күйшi, ұсталардың жанына қосып, шәкiрттiкке беруi ата дәстүрi болып саналған. Ал шәкiрттiң ұстазын ұлы әкесiндей сыйлауы, оның өнерiн жалғастырып, көпке тарату немесе жақсының жанында жүрiп, өнегелi шешен, ақын, билердiң, көптi көрген қариялардың батасын алу олар үшiн парыз боп есептел-ген. Сол мектептен тәлiм-тәрбие алған өнер адамдары ұстаздар жолын қуып, өнерiн жалғастырған. Мысалы, Төле би, Қазбек, Әйтеке билердiң ұстазы Әнет бабаның оларға айтқан өсиет-өнегелерi, Бiржанның өнер мектебiнiң түлектерi (үкiлi Ыбырай, Иманжүсiп, Балуан Шолақ, Ақан серi, Мәди), Тәттiмбеттiң шәкiрттерi (Жақсымбет, Қыздарбек, Ж. Каламбаев,. Ә. Хасенов), Құрманғазының шәкiрттерi (Сейтек, Дина, Соқыр Есжан) – ұстаздарының ұлағатын, өнер туындыларын жадында сақтап, бүгiнгi күнге жеткiзушiлер.

Сондай-ақ, атақты үйшi Сандыбай, зергер-ұсталар Әйтеке, Балтеке, Үйсiнбай, отамашы Шоқбатыр, Кәдiрсiз, Смый, суретшi Ә.Қастеевтер – өз өнер мектептерi бар халық таланттары. Олардың өнер үлгiлерi ұрпақтан-ұрпаққа шәкiрттерi арқылы тарап, бiрден-бiрге жалғасып, бүгiнгi дәуiрге жеткен.

Ежелгi ата-бабаларымыз «Жiгiтке жетпiс өнер аз», «Өнердi үйрен, үйрен де жирен», «Өнерлi өлмейдi» деп насихаттай отырып, қолөнерi мен шешендiк, тапқырлық, ақындық өнердi тең санаған.

Өнегелi, өнерлi, «Сегiз қырлы, бiр сырлы», намысқор азамат тәрбиелеу аталар арманы болған. Ал аталар жолын қуып, өнерi мен өнегелi iсiн жалғастыру жастарға да үлкен сын болып саналған. «Ата көрген оқ жонар» деген мақал соны меңзейдi.

Қыз өссе елдiң көркi. Қай ата-ананы алсақ та, қызының ертең барған жерiнде балдай батып, судай сiңiп кетуiн, жақсы жар, әдептi келiн, аяулы ана болуын армандайды. Қасиеттi ана қызының тәрбиелi болып өсуi үшiн жасынан ақ шашты қарияның алдынан аттатпай өсiредi. Халқымыз «Келiн-нiң – аяғынан, қойшының – таяғынан» дегенде, жаңа отаудың береке-құтын, ағайын-туыс, ауыл арасындағы беделiн, болашақ ұрпағына дұрыс тәлiм-тәрбие беруiн келiннiң жақсы-жаман қасиеттерiмен өлшеген.

Қазақ халқы келiннiң келген жерiнде жақсы жар, абзал ана, ұқыпты әйел болуы, бiрiншiден, оның өскен ортасына байланысты десе, екiншiден, келген жерiне де байланысты деп қарайды. Жаңа түскен жас келiнге енелерi қонақ күту, ас ұстау, бала күту, т.б. мәселелерде үнемi ақыл-кеңес берiп үйретiп отырады. «Келiннiң жақсы болмағы қайын ененiң топырағынан» деп, ененiң жас келiнге қамқоршы болуын талап еткен. Сондықтан да «Жақсы ауылға келген келiн – келiн, жаман ауылға келген келiн-келсап» деп текке айтпаған.

Әйел қандай биiк дәрежелi жұмыс iстемесiн, қайда болмасын оның ең басты мiндетi – өмiрге ұрпақ әкелу, бала тәрбиелеу. Көп жағдайда отбасының берiктiгi әйелге байланысты. Әйел сабырлылығы, кешiрiмдiлiгi, сыпайы-лығымен, т.с.с. жақсы қасиеттерiмен үй-iшiне береке әкелiп, шаңырақ бақытын орната алады.

Үлкендi сыйлау – бiздiң халқымыздың ежелгi дәстүрi. Ол дәстүр бойынша жастар үлкеннiң алдын кесiп өтпеуге, сыпайы болуға, үлкенмен сөз жарыстырмауға, тiптi үлкендердiң алдында қатты күлмеуге тиiс. Осындай ата дәстүрiмiздi бүгiнгi жастар жадында сақтап, жалғастыра бiлуi қажет.



Тән сұлулығы. Қыздарға жан-жақты сұлулық, яғни, жан сұлулығымен қоса, тән сұлулығы бiрдей болғаны жарасады. Жастықтың өзi – сұлулықтың, нәзiктiктiң белгiсi. Қыз балалардың көрiктi болып өсуiне ертеде аналары ерекше көңiл бөлген. «Аттың көркi – жалы, арудың көркi – шашы» деп ұққан аналар қыздың шашын дұрыстап күтiп-өсiрудi өнер санаған. Шашты жақсы өсiру үшiн айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын қос бұрым немесе бестемше етiп өру бойжеткен қыздардың көркi болған. Оған, мысалы, қыз бен жiгiт айтысындағы:

«Атымды әкем сүйiп Несiп қойған,

Шашымды бестемшелеп есiп қойған»,

деген сөз тiркестерi осы пiкiрдi дәлелдейдi.

Халық жырларында аруларды «Шашының ұзындығы iзiн басты», немесе «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», «Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп сипаттаған.

Бойжеткен қыздардың киiм киiсiне де ерекше көңiл бөлген.

«Адам көркi–шүберек,

Ағаш көркi–жапырақ»,

«Қыз өссе–елдiң көркi»,–

деп таныған халқымыз қыз балаларға қынама қамзол, дүрия бешпет, кәмшат бөрiк, қос етек көйлек, биiк өкше етiк тiктiрiп кигiзген. Сырға, бiлезiк, шашбау, шолпы сияқты әшекей заттарды тақтырған. «Қыздың көзi – қызылда» деген мақал да қыз баланың әшекей заттарға үйiрлiгiн бiлдiредi.

Ұзатылатын қыздың аулында айтылатын «Жар-жар», «Жұбату», «Сыңсу» өлеңдерiнде, келiн түсiру тойында орындалатын «Беташарда» қыздың, жас келiннiң басты-басты киiмдерi, сән-салтанаты мадақтала жырланған.

Халық жырларындағы арулардың сұлу мүсiнiн шебер суреттеудегi мақсат – жастарды әсемдiк сезiмге бөлеу. Сұлулықты терең сезiнiп, соған елiктесе екен деген ой-пiкiрден туған.

Халқымыз қыздың көркiне ақыл-ойы, мiнезi сай болуын қалаған. «Қыз – қылығымен сүйкiмдi», «Қызым үйде, қылығы түзде» деп, қыз тәрбиесiнiң ерекшелiгiне аса жоғары мән берген.

Қыздың ұзатылып барған жерiнде өсiрген ата-ананың, өскен ауылдың атына кiр келтiрмеуiн, сағын сындырмауын тiлеген.

Адамның мәдениетi мен тәрбие деңгейi оның сырт бейнесiнен, киiне бiлуiнен де көрiнедi. Бiздiң этикалық-эстетикалық мұратымыз – сырт көрiнiстiң әдемiлiгi мен рухани кемелдiлiктiң табиғи бiте қайнасуы. «Сырт пiшiннiң адам өмiрiндегi мәнi зор, – деп жазды А. С. Макаренко – ұқыпсыз, салақ адамды өз iсi мен қылығына есеп бере алады деп ойлау көбiне қиын. Киiне бiлу әдемiлiгiнiң де жүрiс-тұрыс әдемiлiгiнен маңызы кем емес». Қоғамның дамуына байланысты киiмнiң сәнi де өзгерiп отырады. Адамның әр уақытта өз тұсындағы сәнге сәйкес киiне бiлуi оның әсем-кербез талғамына байланысты. Жарасымды киiну дегенiмiз ең алдымен адамның үстiне киген киiмнiң бойына, түсiне, жас ерекшелiгiне үйлесiмдi болуы.

Киiмнiң сәндi де жарасымды болуымен қатар, киiп барған жерiндегi жағдайға, отырған орнына, iстейтiн қызметiне сәйкес келуiн де ескеру қажет.

Қыздардың темекi тартуы, iшiмдiкке үйiрлiгi бүгiнде әдетке айналып бара жатқаны байқалады. Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды.

Ишанбай Қарақұлов айтқандай: «Адам жарасымды тәуiр киiне бiлуi керек». Бұған кiмнiң таласы бар. Әйтсе де бүгiнгi жастарға әдебi мен әдетi көпке үлгi жас ұрпақ өкiлдерi екендерiн қашан да, қайда болса да есте сақтаңдар дегiмiз келедi. Өзiңдi басқаларға үлгi ет, басқаларды қызықтыратындай әдептiлiктiң иесi бол деймiз. Денсаулыққа, тазалыққа, сыпайылыққа зиянды ерсi әдет қай жерде де жеткiлiктi. Қыс пен күздiң суық күндерiнде де келте көйлекке қызығып, денсаулығына зиянын тигiзiп алған, боянамын деп әсем шашын әлемештеп алған, кiрпiктерiн жұлып, ендi оны қайта өсiре алмай жүрген бикештер аз ба? «Әсемпаз болма әрнеге», – деп Абай осындай ұрпақтарына ескерткен сияқты болады да тұрады.

Бiз жастардың, әсiресе, балаларымыздың әдептi, сыпайы болғанын өте ұнатамыз. «Әйелдiң бойындағы әлсiздiктi ұнатам» дегенде К.Маркс оларды тiптi де кемсiтiп айтпаған ғой”.

Жаным – арымның садағасы. Қазақ халқы неке тазалығына, қалыңдықтың арын сақтап, қыздың қасиетiн жоғары ұстауына өте зор мән берген. «Қызға қырық үйден тыйым, мың сан үйден сын» деп, ата-бабаларымыз қыздың абыройын бүкiл ауыл-аймақ болып қорғаған.

Неке тазалығы – болашақ шаңырақты қолайсыз жағдайда қалдырмау үшiн бойжеткен қыздарды жеңгелерi үнемi қорғап жүрген. Айт пен тойға бiрге барып, жалғыз жiбермейтiн болған. Ар тазалығы үшiн күрестi жоғары санаған ата-бабаларымыз «қыз қылығымен» деп, әдептi, инабатты, арлы болуын қалаған. «Жаным – арымның садағасы» деп санаған.

Ар тазалығы отбасы берiктiгiне де себепкер болған. Қазан төңкерiсiне дейiнгi отбасында айрылысу, баланы тiрi жетiм ету дегеннiң болмауына да осы ар тазалығы үлкен әсер еткен.

Қазақ халқының ұлттық-мәдени өркендеуі жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттың рухани қайта өркендеу негіздерін қалыптастыратын халық дәстүрлерінде тәрбиелеудің заңды, объективті қажеттігі арта түседі. Мұндай жағдай жеткіншек ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, оның ұлттық мәдениетімен, әдет-ғұрпы, дәстүрлерімен неғұрлым тереңірек таныстыру қажеттігін тудырады. Өйткені, мұндай негіздерді білмей, біздің ұрпағымыздың тәрбиелі болып өсуі мүмкін емес. Бұл арада ең маңыздысы мынау: әр адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз отанына бар жан-тәнімен берілген азаматы болу керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын ескеруі қажет. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлар негізінде жеткіншек ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының тәжірибесін игеруі керек.

Жалпы салауатты өмір салтын қалыптастыру, зиянды әдеттер, әдепсіз қылықтан арылу, ауырып ем іздемей тұрып, салауатты ғұмыр кешуге жол табу туралы мәселе ерте кезден-ақ зерделенген. Адамның рухани ішкі және сыртқы тазалығы адамгершілік, имандылық қасиеті, ақыл-ойының, дене бітімінің саулығы, тәлім-тәрбиесі туралы мәселелерді адамзат тарихи тамырын тереңнен алады. Халқымыз жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуге ерекше көңiл бөлiп, кейiнгiге талай ұлағатты сөздерiн, iс-тәжiрибесiн қалдырған.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында және оқу-тәрбие саласына байланысты басқа да құжаттарда жан-жақты білімді, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, денсаулығы мықты, шешен тілді, рухани дүниесі бай және салауаттылық деңгейі жоғары ұрпақты тәрбиелеу қажеттігі көрсетілген.

Ұлттық мәдениет, ұлттық мүдде, ұлттық сана-сезім, ұрпақты руханилыққа және салауаттылыққа тәрбиелеуде ұлтымыздың өзіне тән әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, жазба мұралары негізінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан асыл мұраларды жинақтап, зерттеп зерделеудің құндылығы арта түсуде. Қазақ халқы жастарды отбасында кiшiпейiлдiлiкке, iзеттiлiкке, имандылыққа, инабаттылыққа, салауаттылыққа тәрбиелеудi бiрiншi мiндет етiп қойған. Ер балаларға ауылдың үлкендерiне қос қолдап сәлем берудi, қыз балаларға ибалық жасап, үлкендерге жол берудi, олардың алдын кесiп өтпеудi уағыздаған. Жастардың жадына «сiз» деген сыпайылық, «сен» деген анайылық, «Адамдықтың белгiсi – иiлiп сәлем бергенi», «Кiшiпейiлдiктен кiшiреймейсiң», «Жұпыны жұтамайды, сыпайы сүйкiмдi» деген қағидаларды үнемi уағыздаған.

Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екенiн жақсы түсiнген ата-бабамыз жас жеткiншектердi өнерге, еңбекке шақыра отырып, рухани-адамгершiлiк iзгi қасиеттерге баулу мәселесiн алғашқы орынға қойған.

Халық мұраларында рухани-адамгершiлiк қасиеттердi, әсiресе, ар-ожданды қастерлеу тәрбиенiң басты қағидасы болып саналған. Осыны басты нысана етiп ұстанған ата-бабамыз «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол», «Ақ жүрген адам азбас», «Әдептiлiк, ар-ұят – адамдықтың белгiсi» деп ар тазалығы басқаға қиянат жасамауға, шыншыл, әдiл болуға баулиды. Әдептiлiк, сыпайылық, кiшiпейiлдiлiк, мейiрiмдiлiк, иманжүздiлiк қасиеттердiң бәрi ар-ұят, ождан тазалығынан туындайды. Имансыз болу – ата-ананы, ұстазды, үлкендi сыйламауды халқымыз кешiрiлмес үш күнә деп санаған. Қазiргi мейiрiмсiздiк, қатыгездiк, дөрекiлiк етек алып отырған заманда жасанды ар-ождан тазалығын сақтауға, рухани-адамгершiлiкке, имандылыққа тәрбиелеуге ерекше көңiл бөлу қажет болып отыр.

Рухани-адамгершілік пен салауаттылыққа баулитын халқымыздың сан ғасырлық тәлім-тәжірибесін, мұраларын болашақ жастар тәрбиесіне пайдаланудың берері мол екендігін халқымыздың зиялы азаматтары, ұлы ғұламалары да атап көрсеткен.

Қазақ ұлтының салауаттылық, парасаттылық, имандылық, адамгершілік тәлім-тәрбие туралы мәңгі өлмес құнды ұлттық мұрасының дамуын шолып өтсек, Ибн Сина еңбектері, Шығыс Аристотелі атанған ғұлама әл-Фараби, сонау көне түркі жазуымен тасқа қашап жазған ескерткіш «Орхон-Енисей жазуларынан» бастап, Ержүрек қолбасшы Күлтегін, Білге Қаған, мемлекет қайраткері Тоныкөк, Омар Хаям рубайлары, түркі тілдес халықтардың бәріне өшпес рухани мұра қалдырған: Жүсіп Баласағұни, Махмұт Қашқари, Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки, Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати шығармаларының орны ерекше. Араға бес ғасыр салып, қолымызға сағындырып жеткен ғұлама-ғалым Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» атты еңбегі, ұлттық психологиядан болашақтың салауаттылығына, имандылығына арналған мол мағлұмат алуға болатын еңбек. Тауасарұлы Қазыбек бектің «Түп тұқианнан өзіме шейін» атты еңбегі қазақ тарихының асыл мұралары екені айқын.

Адамның қоғамдағы орны, маңызы, тәлім-тәрбиесі, жан мен тән, өмірдің қыр-сыры туралы толғаныстар, ақыл-кеңес, даналық өсиеттер жөнінде толғаған ақын-жыраулар: Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұхар Жырау, Шал ақын, Дулат, Махамбет.

Қазақ халқын әлемге танытқан, Шоқан, Ыбырай, Абай еңбектерінің ұрпақ тәрбиесінде алар орны ерекше. Бүкіл бір халықтың ұстазы Ұлы Абай өзінің қара сөздерінде (45 сөзі) жан мен тән тазалығы, имандылық қасиеттері «толық адам», дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері, жалпы қауымның игілігіне айналады деп тұжырымдайды.

XX ғасыр басында қазақ халқының бiлiм беру саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұлттық негiздегi төлтума оқулықтар, рухани-адамгершiлiк тәрбиесi мәселесiне арналған ғылыми еңбектер жарық көрдi. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгiнгi оқушылардың рухани-адамгершiлiк тәрбиесiне, салауаттылығын қалыптастыруға пайдалануда тәлімдік ой-пікірлерімен қазақ даласына із қалдырған Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, X. Досмұхамедов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Ғ. Қараш және т.б. еңбектері – ұрпақ саулығы үшін қам жеген денсаулық мәселесіне арналған мұраларының орны ерекше.

Мәселен, М. Жұмабаев өзінің «Педагогика» оқулығында «Сау жан сау денеде ғана болады» деген адамзат дүниесінің ескі мәтелін дұрыстай отырып, баланың денсаулығы мәселесін «Дене тәрбиесі» бөлімінде егжей-тегжейлі қарастырады.

Ата-бабамыз келер ұрпағына «табиғат үйін» – орасан зор байлығын сыйлап кетті. Осы табиғатта олардың айналысатын шаруашылығы – төрт түлік малы, табиғи кенеулі асы: ішсе – сусыны, айран-сүті, қымыз-қымыраны, шұбаты; жесе – еті, қазы-қартасы, құрт-майы; мінсе – көлігі, ойын тойларда – сауығы болған.

Осы орайда, ақын Қадыр Мырза-Әлі қазақ ұлтының мінез-құлқын, адамгершілік, имандылық қасиеттерін, қазақ елінің табиғатымен байланыстыра келіп былай толғайды:

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,

Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.

Еркелікті, ерлікті желден алған секілді,

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.

Қасарысқан ерлікті шыңнан алған секілді,

Көшіп-қону дегенді құмнан алған секілді.

Мыңқ етпейтін мінезді жоннан алған секілді,

Түнеруді тұнжырап тұннен алған секілді.

Күн шуақты күлкіні күннен алған секілді - дейді.

«Ата – балаға сыншы» дейді қазақ мақалы. Әке өз балаларының жеке ерекшеліктерін, қандай іске, өнерге бейімделгенін, ерте аңғарып, шамасы келгенше баласының бойындағы табиғи қабілеттерін дамытуға күш салған. Баласы ойлы, сезімтал болса, ел адамы, қадірлісі болуды көздеп және игі жақсыларға теңеген. Парасатты әке балаларына ата-бабаларының іс-әрекетінің үлгі боларлық өнерін айтып, ағайынның туыстық, жақындық қатынастарын түсіндіріп, ата-тегі туралы айтып, ұрпағының саулығы мен имандылығын, адамгершілік қасиеттерін қалыптастырып отыруды өзінің парызы санаған.

Қазақ отбасы тәрбиесінде өзінің ғасырлар бойы саяси экономикалық, әлеуметтік-тарихи ерекшеліктеріне байланысты атап айтканда, кең байтақ жерін, шаруашылық дәстүрін әр түрлі шапқыншылық, жауынгерлік және табиғаттың дүлей апатынан сақтап, қорғап қалу үшін ұрпағын бала жастан іскерлікке, ептілікке, батырлыққа, мергендікке шымырлыққа, саулыққа, салауаттылыққа тәрбиелей отырып, жаны мен тәнінің бірдей жетілуін дәстүрге айналдырған.

Қазақ ұлтының болашақ ұрпағының санасына туған халқына деген сүйіспеншілік, ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, дінін, тарихын сезіне білетін жылы жүрек, тоқтамды ақыл мен имандылық өте қажет. Бұл айтылып отырған құндылықтар тек кана дені сау жаны мен тәні таза, адал иманды, салауатты тұлға бойынан табылатын қасиеттер. Сондықтан, қазақ ұлтының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының, салауатты өмір салтын қалыптастыруда, көздеген мақсатқа жету жолындағы өмір тіршілік әрекеттеріне тоқталып көрелік.

Қазақтың әдет-ғұрыптарының бірі – «Құрсақ шашу». Жас келіннің аяғы ауыр болғаны белгілі болса, оның абысын-ажындары, енелері келінді шақырып құрсақ тойын жасап, оның аман-сау, қол-аяғын бауырына алуына тілек білдіріп, шашу шашып, дастарханды түрлі дәмге толтырып, сауық жасаған. Ғұрып бойынша бойына бала біткен келіншекті «күмәнді», «аяғы ауыр» деп тұспалдап айтқан. Оның мәнісі жас келін қысылып, ұялмасын, тіл-көздің сұғынан сақтасын деген ойдан шыққан. Келіннің жерік асының табылып, жерігі қанған әйелдің құмары тарқап, ерекше сезімге бөленіп, денсаулығы жақсара бастаған. «Жерік асын жегеңдей қуанды» деген сөз осындайдан қалған. Жеріктікті басудың тек анаға емес, іштегі сәбидің де денсаулығына зор әсері бар. Мысалы, жерігі қанбаған ананың балалары әлжуаз, аурушаң, кейде кем тууы да мүмкін. Сәбидің аузынан суы шұбырып жүруі де осындайдан болады дейді халық даналығы.

Нәресте саулығына аса көрегендікпен қараған зерделі ана келінге құмсағыз шайнатқан, оның негізі нәресте ширақ болсын дегені, әсіресе рауғаштың баланың көзін көреген, құлағы сақ болуына септігі бар екенін біліп, өмір тәжірибелерінде пайдаланып отырған. Парасатты ана келінге ән тыңдатқызып, таза ауада жалаң аяқ жүргізген. Болашақ ананың сергек, тамағы құнарлы болғанын қадағалайды. Ән тыңдатқызғаны – нәресте зерделі, ақылды болмақ, жалаң аяқ жүріп – Жер-Анадан қуат алмақ, Айлы түнде келінді суға шомылдырғаны – нәресте ай жүзіндей сұлу болуын, сымбатты болуын қадалаған.

Халық аяғы ауыр ананы да тәрбиелеу жолын әсте ұмытпаған. Оны мәпелеп, аялай білген, ренжітпеген. Бұл жөнінде жазушы Зейнеп Ахметова былай деп жазған: «Қарағым, биік тауға қара – көңілің өседі, көңілің өссе – немерең кең пейілді болады, жайқалған шөпке, жайнаған гүлге қара – сәбиің шырайлы болады, бұлақтың көзін аш – бала қайырымды болады» деген секілді ұлағатты тәлімін беріп, аналарымыз жас келіншектің таным-талғамын ұштап, байқаған. Міне, қазақ ұлтының, ұлттық ұғымының ұрпақ саулығына, руханилығына деген ұлағаты.

Дені сау салауатты, рухани бай, ақылды ұрпақтың дүниеге келуін армандаған қазақ ата-бабаларымыздың асыл мұраларына көңіл аударсақ, «тәрбие тал бесіктен басталады» – деп бекер айтапаған. «Қазақ!.. Балаңды сұлу, сымбатты қылып өсір. Адам сұлулықты сүйсе, тазалықты сүйеді. Тазалықты сүйсе оған ауру үйір болмайды» – деген халық даналығы. Сол тазалық тал бесіктен басталмай ма?

Қазақтың әдет-ғұрыптарының бірі – тыйым сөздер. Тыйым сөздердің әлеуметтік қызметі адамның шаруаға ұқыптылығын, мақсаттығын, барды қадірлей білу, өзін-өзі тәрбиелеуі, айналаға қырағы, қамқор бола білуін арттыруға бағытталған деуге болады. Қадым замандардан бастау алатын мұндай тыйым сөздердің исін қазақтың бар ұрпағы бесік жырымен естіп, зердесіне құйып отырған, талқылауға жатпайтын, сөзсіз орындалуы тиіс ақиқат ретінде қабылдаған. Үлкенді сыйлап айтқанын екі етпеген бала – бабаларымыз байыбына бара бермесе де, осы нақылдарды ылғи есіне алып, жаман әдеттерден бойын таза сақтаған.

Қазақтың ұлттық ойындары – адам ағзасы үшін өте маңызды, теңдесі жоқ сауықтыру, денсаулықты нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру шараларының бірі. Қазақтың ұлттық ойындары – ептілікті, өжеттілікті, ширақтылықты, шапшаңдылықты, тапқырлықты және т.б. қасиеттерді талап етеді.

«Асау үйрету», «Мойын арқан», «Алтыбақан», «Қазақша күрес» – қазақ халқынын ежелгі спорт ойындары адам денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке керек кезінде тез ойланып, ұтымды амал, ақылды шешім, әдіс таба білуге машықтандырады.

Сондай спорттық, ұлттық ойындарға: «Тауық күрес», «Білектесу», «Арқан тартыс», «Бәйге», «Аламан бәйге», «Тай жарыс», «Құнан жарыс», «Дөнен жарыс», «Жорға жарыс», «Аударыспақ», «Түйе жарыс» кіреді. Осы ойындардың ішінде қызығы «Табақ алып қашу», бұл ойын үлкен жиындарда, тойларда ойналады, тамағы бар табақты төкпей-шашпай, ептілікпен, ширақтылықпен көздеген жерге жеткізу, ал қарсы жақ дәл сондай талаппен табақты келесі орнына жеткізу керек. Жеңілген жақ айыптарын кез-келген өнер түрімен өтеп отырған. «Қыз қуу», «Теңге салу», «Асық ойыны» оның бірнеше түрлері бар. «Алшын ойыны», «Омпа», «Асық тігіп ойнау», «Тас қала», «Хан», «Көкпар» т.б. спорттық ойындарды атауға болады. Бұл ойындар адамды дәлдікке, мергендікке, ептілікке, жауапкершілікке, адалдыққа, шыншылдыққа, ширақтылыққа тәрбиелейді.

А. Байтұрсынов «Тәні саудың – жаны сау» екенін айта отырып, «Ең әуелі бәрінен бұрын тазалықтың қадірін біл. Тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән саулықта» – деп денсаулықты сақтаудың маңызды жолын меңзейді. Себебі, денсаулықтың кепілі – тән мен ардың тазалығы. Ол саулықтың іргетасын қалайды.

М. Жұмабаевтың пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл тәрбиесі, сұлулық пен құлық тәрбиесі. Автор олардың бір-бірімен байланыстылығын былай түсіндіреді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егерде ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды жұмыстарға жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы. Балам – адам болсын деген ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын» – деген.

Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға таза ғылыми негіздегі білімдерді бере отырып, олардың жүректеріне рухани және адамгершілік, имандылық құндылықтарын енгізуді екінші қатарға қалдырады немесе тіпті мән бермейді. Соның салдарынан жастарымыздың бұзылып, рухани-адамгершілік, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда.

Адам баласы үшін – отбасы мейірімділіктің қайнар көзі. Ол отбасынан адам баласына қажетті тәлім-тәрбие, өмір заңдылықтарын осы ортадан алады. Сондай-ақ үлкенге құрмет кішіге ізет, ізеттілік, инабаттылық, адамгершілік және имандылық міндеттерін өз санасына құяды. Отбасы – сүйіспеншілік пен мейірімділік ошағы. Қазақ ата-бабамыз «ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп отбасы тәрбиесінің жобасын байқап отырған. Балаға туған тілі, жері, салт-дәстүрі, тарихын үйлесімді мейірімділікпен шектестіре отырып, санасына құйып отырған. Бұл жөнінде М. Шахановтың туған тілі, жері, салт-дәстүрі, және тарихты төрт ана деп, өз анасына теңестіруінде де үлкен философиялық мән бар. Құдіретті өз анаңның мейіріміне ешнәрсе тең келмейтінін адам баласы жақсы білген. Демек, әлемдегі барлық мейірімділік пен имандылық өмір заңдылықтарын ескеру ана мейірімі мен атаның тәрбиесі арқылы беріледі.

Сондықтан да қазақ халқы «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» деп бала тәрбиелеуші ата-аналардың да өнегелі болуын талап еткен. Көргендікті әуелі көп алдында өзің көрсет. Балаңды да, тәрбиеленушіңді де бетімен жіберме. Бесіктен белі шықпаған сәби шағынан жақсылыққа үйрет, жамандықтан жирент. «Бас мүлгісе, аяқ сүрінеді» дегендей, ең әуелі өзің үлгі бол, ұрпағың сонда ғана өнегелі тәрбие алады деп жалпы тәрбие мәселесіне, әсіресе, жақсы тәрбиенің игі ықпалына қазақ халқы өте-мөте үлкен мән берген. Халқымыздың педагогикалық қағиданы парасатты мақал-мәтелдер арқылы шебер бейнелейтініне тәнті боласыз. Мәселен, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің», «Өнеге көші өлшеусіз», «Жақсы атты тай жағалайды», «Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» т.б.

Қазіргі кезде көп ата-ана баламыз компьютерді, ағылшын тілін меңгерсе болды жетілген тұлға болады деп ойлайды. Ең алдымен әрбір бала адами тамаша қасиеттерді бойына жинақтаған дұрыс адам бола білуі шарт. Сонан кейін ғана білімін тереңдете алады. Адамдардың адами рухани-адамгершілік құндылықтарының орнындағы кемшіліктерді ешқандай да академиялық білімдердің толықтыра алмайтынын өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Жас ұрпақты рухани-адамгершілікке, салауаттылыққа тәрбиелеуде адамгершіліктің ақ жолынан айнымаған бұрынғы өткен ақыл-ой алыптарының мұра етіп қалдырған өсиет сөздері және ғұламалардың ғибраттары арқылы қоғамымызда салауатты өмір салтын қалыптастыруымызға болады. Сонда ғана бүкіл жер бетінде, әсіресе, жастар арасында бой көрсетіп жатқан маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік, парақорлық, дүниеқоңыздық, көреалмаушылық сияқты кеселдерден мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпағымызды қорғап қаламыз және аман сақтаймыз.



1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет