Д. Есімова Ұстаздың Ұлттық ТӘлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығЫ



жүктеу 1.93 Mb.
бет5/8
Дата02.05.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

      1. Ұлттық тәлім-тәрбие не үшін қажет.

      2. Қазақтың ұлттық тәрбиесінің ерекшелігі.

      3. Ұлжандылық қасиет дегеніміз не?

      4. Қазіргі кездегі мектептердегі ұлттық тәлім-тәрбие беру мәселелері қандай жағдайда?

      5. Қазақ ойшылдарының ұлттық тәлім-тәрбиенің қажеттілігі туралы еңбектері.

      6. Ұлттық тәлім-тәрбие қажеттігі мен оның дамуына себепші болған қоғамдық-әлеуметтік объективтік шарттар қандай?

      7. Бала тәрбиесіндегі сыртқы және ішкі ықпалдардың рөлін сипаттап бер.

      8. Көрнекті тұрмыс деректерін пайдалана отырып, ұлттық тәлім - тәрбиенің қоғамда және бала қалыптасуындағы беделінің артуын түсіндіріп бер.

      9. Ұлттық тәлім-тәрбиенің мақсаты ретінде баланы жан-жақты тәрбиелеудің мәні неде?

      10. Өзіңіздің мектеп жылдарындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің жүргізілуіне талдау жүргізіп көріңіз, ондағы тәрбиенің алдыңызға қойған басты мақсаттары қандай еді?

      11. Педагогикалық мамандықты таңдауыңыздағы себеп-түрткілер қандай болды?

      12. Ұлттық тәлім-тәрбие қоғамдағы қандай иммунопсихологиялық мәселелерді шеше алады? Сипаттап бер.

      13. Ұлттық тәлім-тәрбие оқушылардың ұлттық санасын қалыптастыру кепілі деген тұжырымды түсіндір.

      14. Қазақ этносының пайда болу тарихының кезеңдерін атап жаз және сипатта.

      15. Қазақ халқы тәлімінің дәуірлік даму кезеңдерін сипатта

      16. Ұлттық психологияның құрылымына талдау жаса.

      17. «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиелеудің халықтық ұстанымдарын (шарттарын) талдап, ажырат.

      18. Қазақ халықының ұлттық ойлау ерекшеліктеріне талдау жаса.

      19. Ұлттық салт-дәстүрлер – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы екенін дәлелде.

      20. Салт-дәстүрлердің халықтық тұрмыс–тіршілігіндегі жаңаруын өмірден мысал келтіре отырып, сипатта.

Тақырыпқа сәйкес тест сұрақтары:
1. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек» деген кім:

А) Әл Фараби;

B) Ыбырай;

C) Абай;


D) Шоқан;

E) Шәкәрім.


2. Оның қоятын талабы тұрақтылық, әділетшілдік:

А) Әл Фарабидің;

B) Ыбырайдың;

C) Абайдың;

D) Шоқанның;

E) Шәкәрімнің.


3. «Қылам дегенін қыларлық, түрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайртаы бар болсын» деген кімнің пікірі?

А) Әл Фарабидің;

B) Ыбырайдың;

C) Абайдың;

D) Шоқанның;

E) Шәкәрімнің.


4. «Ерлік тәрбиеден туады» деген кім?

А) М.Ғабдуллин;

B) М.Момышұлы;

C) Махамбет Өтемісұлы;

D) Ақтамберді;

E) Бұқар жырау.


5. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген кім?

А) М.Ғабдуллин;

B) М.Момышұлы;

C) М.Әуезов;

D) С.Көбеев;

E) Абай.
6. «Адам өз өмірінің қожасы болғандықтан өз бағытын өзі жасауы керек, ол не нәрсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған тергенін орынсыз шашпай өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ар ожданы таза болады» деген қазақ ойшылы:

А) Әл Фараби;

B) Ыбырай;

C) Абай;

D) Шоқан;

E) Шәкәрім.
7. Оның бірінші қоятын талабы мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Ол: «Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, сұрамшақ, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана адам парасатты болады» деген:

А) Әл Фараби;

B) Ыбырай;

C) Абай;


D) Шоқан;

E) Шәкәрім.


8. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілу керек» деген кім:

А) Әл Фараби;

В) Ыбырай;

C) Абай;


D) Шоқан;

E) Шәкәрім.


9. «Патриот» деген сөз, гректің patris деген сөзі:

А) отан;


В) ерлік;

C) елжандылық;

D) ұлтжандылық;

Е) мейірімді.


10. Қазақ мақал мәтелдерінде кісіліктің осы қырына ерекше мән берген:

А) ақылдыққа;

В) кісілікке;

C) борыш пен жауапкершілікке;

D) ұятқа;

Е) әдемілікке.


7 Ұстаздардың ұлттық тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы
Қазіргі уақытта «жаңа» қоғамға сапалы, білімді де, білікті маман қажет. Мұндай маманды қалыптастыру – қазіргі заманғы білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет болып табылады. Жаңа ақпаратты қоғамның өркениетті, прогресшіл бағытына сай, терең білімді, өзгерісті жағдайға тез бейімделгіш, өзге елдердегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын өресі биік ұрпақты тәрбиелеу – бүгінгі қоғам талабына сай, еліміздің білім беру жүйесін баса дамытуға, оны дүниежүзілік деңгейге көтеруге мемлекетіміз ерекше мән бере бастады. Дүниежүзілік деңгейге көтерілудің басты талабы ұстаз даярлығы болып табылады. Ал ұстаз қызметінің негізгі мәні – оқушыларды оқыту, тәрбиелеу, дамыту ғана емес, сол үдерістерді басқаруды шығармашылықпен ұйымдастыра білу. Әрбір жеке тұлғаның, бүкіл халықтың, бүкіл қоғамның тағдыры оқытушы еңбегінің нәтижесіне тікелей байланысты.

Сонымен қатар, болашақ ұрпақтың білімі қазіргі заманғы әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деуімен қатар, « ....қазақстандық жоғары оқу орындардың міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» деп атап көрсеткен болатын. Бұл міндеттің ойдағыдай жүзеге асырылуы педагогикалық жоғары оқу орындарының жаңа тұрпаттағы ұстазды, яғни шығармашылық ойлау қабілеті, кәсіби – педагогикалық біліктілік деңгейі жоғары, ұлтжанды мамандарды даярлау мәселесіне жаңа тұрғыдан келуіне тікелей байланысты.

Бірде – бір ұлт өз елінің тарихын, мәдениетін сыйламайынша, өз өлкесінің тарихи және рухани мұрасын қайта қалыптастырып өркендетпейінше, азаматтық және рухани тәрбие жүргізбейінше дамып, өмір сүруі мүмкін емес. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматы, патриотын тәрбиелеу болса, осыған сәйкес «қазақстандық патриотизм мен ұлттық патриотизм» студенттердің тәрбиелік деңгейін бағалаудағы көрсеткіш болып қарастырылады.

Кеңес Одағы кезінде жоғарғы оқу орындарында студенттерді тәрбиелеудің арқауы болған «социалистік тәрбие» ұғымы сол идеологиямен бірге құрдымға кетті. Қазіргі заманда біздің болашақ ұстаздардың жас ұрпақты тәрбиелеу үдерісінде деонтологиялық жауапкершілік толықтай дәрежеде жүзеге асырылмай келгендігі белгілі.

Өкінішке орай, соңғы жылдары қалыптасқан тәрбие жүйесі көпшілік жағдайда сөз, ұран, мәліметтік сипатта болып, жоғары оқу орындарындағы студенттердің кәсіби парызын түсіну, болашақ ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие бере білу қабілетін жетілдіруді қарастырмады, оларға тәрбиенің осы бағытын дамытуды қиындатты. Мұның өзі қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие беру мәселесіне жаңаша көқарас тұрғысынан қарауға және студенттердің ұлттық сана-сезімін, сапаларын, мінез-құлқын қалыптастыруға мүмкіндік беретін данышпандар еңбектеріндегі ұлттық дәстүрге негізделген тұлғаның өз ісіне жауапкершілігін, оған сүйіспеншілігін оятуға қозғаушы күш болады.

Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда.

Сонымен оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастыру Қазақстандағы кәсіби білімнің жаңаруы, ұстазды даярлаудың жоғарғы деңгейлі іргелі теориялық және рухани дайындығына сәйкес кәсіби білім берудің жаңа парадигмасын жасап шығаруына қажет.

Парадигма - адамның шұғылданатын ісіне жаңа философиялық көзқарас болып табылады. Демек, болашақ ұстаздардың кәсіби іс-әрекеттеріне жаңа моральдық көзқарас қажет, сондықтан, болашақ ұстаздың өз ісіне деонтологиялық көзқарасын қалыптастырудың философиялық негіздерін ескеру қажет. Ал моральдық көзқарас философияның еншісінде.

ХXI ғасыр әлеуметтік құндылықтар жүйесінің қайта қараумен сабақтасып келген қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында болып жатқан қайта құрылымдармен ерекшеленеді. Тұрақты дамудың қазіргі заманғы тенденцияларын, үздіксіз білім беру, жаһандануды ескере отырып, ҚР білім беру жүйесінің даму стратегиясы құралады. Қазіргі заманғы мектептің негізгі мақсаты жоғары әлеуеті бар рухани күшті жеке даралық тұлғалы болмысты тәрбиелеп шығару болғандықтан, бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді арттырудың басым бағыттарын айқындау педагогика ғылымы мен озат тәжірибенің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық.

Сондықтан, болашақ ұстаздың білімі әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажет. Елбасының 2006 жылғы Қазақстан халқына жолдауының «Осы заманғы білім беру және білікті кадрлар жүйесін дамыту» деп аталатын бөлімде: «Бізге экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет. ...Ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды шарты бұл әлеуметтік бәсекелестік үрдісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім» - деп атап көрсеткен.

Ал Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында, гуманитарлық білім тұжырымдамасында, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламаларындағы туған өлкеге сүйіспеншілікті қалыптастыруға ерекше мән берілуі, бұл мәселенің өзектілігін дәлелдей түседі.

Бүкіл қазақ халқына, әсіресе жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру – ел болашағының негізі екенін және осы тұрғыда ұстаздың кәсіби даярлығы ерекше орын алатындығын ескерсек, болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыру қажеттігі туындайды.


7.1 Ұстаздардың ұлттық тәрбие беруде деонтологиялық даярлығының алғышарттары

Біз қарастырып отырған ұлттық тәлім-тәрбие берудің бүгінгі күнгі қажеттілігінің басты әлеуметтік алғышарттарын: қазіргі қазақ қоғамындағы қайғылы қасіреттер: тастанды жетім балалар, отбасын құрмағандар және ажырасқан жастар, қарттар үйлеріндегі көздерінен қанды жас ағып отырған әжелер мен аталар, ішкілік пен нашақорлыққа салынған жастар, қаулаған қылмыс, сыбайлас жемқорлық, мектептердегі оқу-тәрбие жұмысының нашарлауы, көрегенсіз қыздар мен ұлдардың ата-ананы құрметтемеуі, ата-ананың бала тәрбиесімен айналаспауы, өз тілін, тарихын, әдебиетін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін білмейтін жастар, тұрмыс-тіршіліктің нашарлауы, экономиканың құлдырауы, жұмыссыздық, табиғат жағдайларының нашарлауы т.б. ұлттық тәрбиенің болмауынан пайда болған құбылыстар деп санаймыз. Егер қазақ халқы отбасында және мектепте ұлттық тәрбие алған болса, бұл қайғылы қасіреттер болмас еді. Ендігі мақсат еліміздегі тәрбиенің негізі – ұлттық тәлім-тәрбие болуы тиіс. Сонда ғана жоғарыда аталған құбылыстарды болдырмауға және одан құтылуға болады.

Қазақстандағы ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер тарихының түп тамыры көне мәдени мұра-халықтық педагогика мен VI ғ. Орхон-Енісей жазуларынан басталып, орта ғасыр ойшылдарының парасатты тәлімгерлік ой толғаныстарымен толысып, ХIV-ХIХ ғ.ғ. ақын-жыраулардың терме, толғауларында жалғасып, ХIХ ғ. екінші жартысында өмір сүрген қазақтың ғұлама ағартушы-демократ ұлдары: Шоқан, Ыбырай, Абай, Сұлтанмахмұт еңбектері арқылы өркен жайғанымен, шын мәнінде Қазан төңкерісіне дейін педагогика, психология ғылымдары дербес ғылымдық дәрежеге көрсетіліп жетпеген еді. Оның бірнеше себептері болады. Біріншіден, Қазақстанда қоғамдық ғылымдардың сан салалы тауарлары бір-бірінен дараланып бөлініп шығып, ғылыми терминдері қалыптасып жетілмеген болатын. Екіншіден, әр ғылымның салаларын жеке-жеке ғылыми тұрғыда зерттеуші ғылымдардың жоқтығы, үшіншіден, - ғылым салалары өрістетерлік ғылыми-техникалық материалдық базаның (арнаулы зерттеу мекемелері мен баспа орындарының) болмауы себеп болды.

Болашақ ұстаздың кәсіби шеберлігін қалыптастыру қай заманның, қай қоғамның болсын ойшылдары мен зерделі зиялыларын толассыз толғанысқа, үздіксіз ізденіске түсіргендігі күмән туғызбайды. Халқымыздың болашағын ойлаған асыл ойлы ғұламаларымыз да кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған.

Сонымен қатар, ұстаз тұлғасына Қорқытата, М. Қашқари, әл – Фараби, Ж. Баласағұни, Дулат Бабатайұлы және т.б ғұламалардың еңбектерінде ерекше мән берілсе, қазақ даласының төл перзенттері, ақын–жазушылар А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаев, А. Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, шығармаларында оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру және оған болашақ ұстаздарды дайындау мәселелері нақты қойылып, оларды шешу жолдары қарастырылады. Осы ағартушы-педагогтар, ақын–жазушылар ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік еңбектер жазуда өз ұлтының салт–санасын үңіле зерттеп, сан ғасырлық тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасы мен психологиясына терең ғылыми талдау жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдет-ғұрып, салт-дәстүрі мен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беруде пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің оқушылары мен мұғалімдеріне және болашақ ұстаздарға арнайы оқулықтар, оқу құралдары мен әдеби шығармаларын жазды.

Педагогикалық мәселелерді ғалым әрі философ әл-Фараби өзінше қарастырды (870-950 жж.), оның педагогикалық тұжырымдамасы дидактика мен тәрбие теориясының мәселелерін бірге қамтитын іргелі жүйе болып табылады. Әл-Фарабидің тәлім-тәрбиелік идеялары теориялық дәрежесі жағынан кез келген педагогикалық ілімге бастапқы негіз бола алады, әсіресе оның күллі адамзат қауымдастығының жиынтығы ретінде ұлы қоғамды суреттейтін ізгілік тұғырнамасы қазіргі педагогиканың жетекші идеясы болып отыр. әл-Фараби жетілген тұлғаны тәрбиелеу үшін «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген ұстанымды басты қағида ретінде ұсынды. Сонымен қатар, әл-Фараби білімді меңгеруді интеллект арқылы жүзеге асыруды ұсынады. Интеллект түсінігін бірнеше мағынада қолдану ұсынылады. Біріншіден қарапайым адамның парасаттылығы жөнінде айтқанда интеллект сөзі қолданылады, екіншіден мутакалимдердің айтысқа түскенде айтатын мағынасында, үшіншіден «Аристотельдің «Дәлелдеме» деген трактатында», төртіншіден Аристотельдің «Этика» деген еңбегінің алтыншы кітабында, бесіншіден «Жан туралы» трактатында, алтыншыдан «Метафизикада» қолданылады. Студенттердің білімді меңгеруі өзінің интеллектін қалыптастыра отырып, меңгеруі оның санасының жетіліп, білім негіздерін нанымға алмастыруға мүмкіншілік жасайды. әл-Фараби интеллектіні потенциальды, актуальды деп бөледі. Актуальды интеллект объектілерді пайымдап, жүре келе дарыған интеллектіге айналады. әл-Фараби ұстаздардың деонтологиялық даярлығына қажетті «интеллект» ұғымына философиялық тұрғыда тұжырымдамалар жасап, бірнеше бөліктерге ажырап кету себептерін ашқан. Оның тұжырымдамаларын түйіндей келе, потенциальды интеллекет – формаларды жүзеге асыратын субстанция, актуальды интеллект – тек осы форма жөнінде көкейтесті, жүре келе дарыған интеллект бірінші материядан бірте–бірте өрлеп, нәрселердің аяқталатын шегі бірінші материя және материя болып табылады деп қорытындылаймыз. Яғни, студенттердің интеллектін қалыптастыру үшін, объектілерді материя ретінде түсінуін актуальды жағынан жүре келе дарыған интеллектіге ауыстыруға демеу жасау болып табылады.

Әл-Фарабидің педагогика ғылымының негізін салушы екендігін оның еңбектерінде қарастырылған педагогикалық ұғымдардың анықтамалары неғұрлым нақтылай түседі. Педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын оқыту мен тәрбиеге ғұлама мынадай түсініктеме береді: «Оқыту - адамдар мен халықтарда теориялық қайырымдылық дарыту болады, ал тәрбие - білім-білікке негізделген өнер арқылы оларға этикалық қайырымдылық дарыту тәсілі. Оқыту тек сөз арқылы жүзеге асырылады, ал тәрбие кезінде адамдар мен халыққа, білімге негізделген қасиеттерден шығатын әрекеттерді жасауды дағдыға айналдыру үйретіледі...». Осы анықтамалардың астарлы мағынасы қазіргі педагогикадағы «оқыту» мен «тәрбие» ұғымдарына берілген анықтамалармен сабақтасып, өзара байланысып жатқандығын айқын аңғаруға болады. әл-Фарабидің мұрасында педагогиканың негізгі ұғымы болып табылатын «білім беру» ұғымы да қарастырылған. «Оқу бастамасы біздерге болмыс бастауларын білу құралы болып табылады, ал олардан шығарылатын қорытындылар – ғылыми пәндерді игерудің бастамасы мен құралы» деген ғұламаның анықтамасы қазіргі педагогикадағы «білім беру - оқыту нәтижесі, тура мағынасында ол оқып-үйренілетін пән туралы алғашқы түсініктің, ұғымның қалыптасуын білдіреді» деген анықтамамен өзара байланыс табады.

Әбу-насыр әл-Фараби өз еңбектерін тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазды, арифметика, геометрия, астрономия, музыка ғылымдарын педагогикалық, яғни тәрбиелік ғылымдар дейтін жүйеге жатқызып, педагогика, методика мәселелері жөнінде арнаулы еңбектер жазды. Гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесін қарастырды, Фараби жастарға ғылым-білімді қалайша меңгерту керектігі жөнінде көптеген ақыл-кеңес береді, ғалым адамның моральдық бейнесі қандай болуы керектігі жайлы пікірін ортаға салады. Ғылым-білім үйренемін деген жас адамның ақыл-ойы айқын, ерік-жігері, тілек мақсаты тек ақиқат пен шындық жолында ғана болуы тиіс дейді. Фараби еңбектерінде ұстаз бен шәкірттің ара қатынасы, бұл екеуінің психологиялық қасиеттерінің қандай болуы керек екендігі жәйлі де аз айтылмаған. Ұстаз өз шәкіртінен адалдық, сыпайылық, ізгілік, әділдік сияқты жақсы қасиеттерді көргісі келсе, онда оның өзінде де осы аталған қасиеттер болуы шарт. Фараби мінез тәрбиесіне ерекше көңіл бөледі. Жастардың жаны мен тәнін тәрбиелеуді бесігінен бастаған абзал деп атап көрсетеді.

Жүсіп Баласағұни моральдық-этикалық, психологиялық қағидалары ибн Сина мен әл-Фараби ілімдерімен сабақтасып жатады. Өйткені «Құтадғу білік дастанында адамдарды тәрбиелеу – мемлекет көздейтін негізгі шараларының бірі, зұлымдық – барып тұрған әлеуметтік ауру, оны оқу-тәрбие арқылы ғана жоюға болады, адамдардың жақсы қылықтары мен қасиеттерін жетілдіре берсе, қоғамды да, мемлекетті де жақсартуға болады дейтін жалаң ағартушылық идея аңғарылады. «Құтадғу білік» дастанының он бес тарауы түгелдей дерлік тәлім-тәрбиелік мәселелерді әр қырынан сөз етеді.

Қожа Ахмет Иассауи «Диуани Хикмет» («Ақыл, даналық кітабы») атты көпшілік бұқара халыққа түсінікті тілмен жазылған шығармасында да тәлімдік мәселелер баршылық. Онда діни-сопылық қағидалармен қатар бұл дүниелік жәйттар оқып, білім алу, имандылық, ақыл-парасатқа жетілу, іс-әрекетте шыдамды, төзімді болу, жақсы мен жаманды айыра алу, достық пен махаббатты қастерлеу, азды қанағат тұту, кемтар, ғаріп адамдарға қамқор, әділетті болу, адал жолмен жүріп-тұру секілді жалпы адамгершілік нормалар дәріптеледі. «Ақыл, даналық кітабының» беттерінде («Махаббатқа берілгендер өз мақсатын табады», «Достарыңа төбеңмен қызмет қылған», «Қызықпай мал-мүлікке дүние тепкен» т.б.) жақсы ақыл-кеңестермен қатар надан, сараң, залым, дүниеқұмар адамдарды келемеждеп («Ей достар, наданменен көңіл қоспа», «Жалған сөйлеп имансыз болма, Дүние үшін иманы мен дінін сатар» т.б.), олардың жаман қасиеттерін шенеп, мінейді. Иассауи Хикметтерінің имандылық пен адамгершілікті насихаттайтын ақыл-кеңестері қазіргі жастарымыз үшін де пайдалы. Сонымен қатар бұл еңбекте ғұлама адамның өміріне қажетті негізгі қағида-шарттарын, парыз-қарыздарын баяндай отырып, халыққа соның ішіндегі, түркі тектес халықтарға насихаттауды мақсат етіп қояды. Адамның бойында қалыптасатын тәубашылық, ғибадатшылық, махаббат, сабырлық, шүкіршілік, ризашылық, заһидшілік (анықтық), ғаріптік сияқты қасиеттер арқылы тәрбиелеуге көңіл бөледі. Бұл болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда таптырмас құрал болып табылады.

Ұлы ғұлама әл-Фараби: «Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің барлығын жадында жақсы сақтайтын, бұлардың ешнәрсесін ұмытпайтын ... алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі ..., меніңше шешен, өнер-білімге құштар қанағатшыл жаны асқақ және ар-намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ..., жұрттың бәріне ... жақсылық пен ізеттілік көрсетіп ... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» дейді. Еліміздің болашағы бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені даусыз. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектеріміздің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі, жан- жақты болып қалыптасуының қамтамасыз етілуі - мемлекеттік маңызы бар іс. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, әсіресе, ұстаздарымыздың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты. Парасаттылықты, адалдықты шәкірттерінің бойларына жас кезінен ұялататын ұстаздар десек, қателеспес едік. Сондықтан да ұстаз еңбегіне еш баға жетпек емес.

«Ұстаз дегеннің өзі - биік атауға тең. «Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз!» – деп ұлы данышпан Абай айтып кеткендей, және де ұстаздың өзі- адам құндылықтарды терең сіңірген, рухани жаны таза адам болуы, қазір жаңалықтар легімен енген соны технология, технологиялық дәуір. Осыған орай қазіргі кезеңнің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқының салт-дәстүрін дәстүрлей білетін, туған Отанын, жан- тәнімен сүйетін азамат дәрежесіне тәрбиелеу және осыған жетелеудің өзі педагогикалық шеберлік болып табылады.

Абай атамыздың: «Ақырын жүріп анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» – деп айтқанындай, ұстаз үшін кәсіби шеберлікке жету, өз мамандығының данышпаны болу бір күнде пайда болатын дүние еместігін біз жақсы түсінеміз және өмір бойы ізденушілікті, зерттеушілікті талап ететін мамандық екенін анық аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Ұстаздың әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киімі, аяқ алысы, жүрісі, көзқарасы психологиялық және ізгілік тұрғысынан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады. Әрбір ұстаз үшін оқу–тәрбие процесін ұйымдастыруда мол білімділікті, ақылдылықты, дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді.

Ұстаз жалпы білім беретін мектептерде жас ұрпақты оқытып, әрі оларды тәрбиелеу қызметін атқаратын маман. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді. Ұстаздың кәсіби шеберлігі ЖОО-да берілетін білім мазмұнына тәуелді. Болашақ ұстаздың білім мазмұнымен сусындап алуы, оның ішкі ұстанымын қалыптастыруға түрткі болады. Ұстаз өзін-өзі ұдайы жетілдіре отырып, кәсіби сенімі қалыптасып, илану сезімі түзіледі. Ұстаздың кәсіби қарызы мен парызы түсінігі қалыптасып, санасында бекиді. Осыдан барып ұстаздың өзінің қызметіне деген жауапкершілігі артып, балаға деген сүйіспеншілігі туады.



Ұлы ойшыл Абай Құнанбаев адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала келе, өзінің он тоғызыншы қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. Естіген нәрсенің есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» - деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырымды жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайлықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. «Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмысына бір, ең болмаса айына бір, өмірді қалай өткізгенің жайында өзіңмен өзің есеп ал» - дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: «Адам баласы бір-бірімен ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық» – Дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің ерекшелігін саралап көрсете білді. «Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, оның өзінің замандастарының бәрі кінәлі» - дейді. Яғни Абай сана-сезімді тәрбиелеп жетілдірудегі қоғамдық ортаның рөлін материалистік көзқараспен түсіндіреді. Адамның жақсы, жаман болуы, ақылды-ақылсыз болуы генетикалық негізге байланысты, ақсүйек тұқымнан шыққандар ақылды, алғыр болады дейтін буржуазиялық нәсілдік, идеалистік көзқарасқа қарама-қарсы Абай адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдеді. Өзінің отыз жетінші сөзінде: «Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» – деді. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана «Атаның баласы болма, адамның баласы бол... жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін», деген гуманистік ой-пікірді қуаттау болды. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж. Руссо, Д. Дидро, И. Кант т.б. орыстың ұлы ойшыл-педагогтары: Л. Н. Толстойдың, К. Д. Ушанскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр. Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері қазақ халқының рухани азығына айналып отыр. Абай бала мінезінің қалыптасуы жөргектен басталатынын айта келіп, бұл жөнінде «жетінші сөзінде былай дейді: «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады... Біреуі білсем екен демекілік. Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген», тұжырымынан жақсы байқалады. Абай бала психологиясының басты ерекшелігі – білуге құштарлық деп есептейді. Өсе, ер жете келе, тәрбие құралдары арқылы бала жанына жақсылық ұрықтарын егіп, игі сезімдерге, адамгершілікке тәрбиелеуге болады. Ақын бала мінезін қалыптастыруда ата-анасының, ұстаздардың, құрдастары мен достарының үлгі-өнегелері мен тәрбиесінің маңызы зор деп дұрыс түйіндейді.

Шәкәрім Құдайбердиев Абай үлгі еткен өнер-білімді, адамгершілік ізгі қасиеттерді өзіне ұран тұтып, «Жастарға» деген өлеңінде былай дейді:

Қой, жігіттер, күн болды ойланарлық,

Білім, әдет, ақылды ойға аларлық.

Надандықтан еліріп босқа жүрсек,

Мына заман көрсетер бізге тарлық...

Асыл сол – ақыл, білім бойда барлық,

Айла, өтірік, арсыздық өнер емес.

Мен де анаудай болсам деп таласарлық, -

деп оларға қатарыңнан қалма, өтірік, өсек, ұрлық-зорлыққа әуес болма, жалқаулықтан, жамандықтан қаш, өнегелі, өнерлі елдерінің жастарынан үйрен, оқу оқып, білім ал, талаптанып, талпын, бойыңдағы өнерің мен біліміңді ел қажетіне жұмса дейді. Ол қазақ жастарына ақылды мен ақылсыздан, адалдық пен арсыздың ара жігін былай ашып көрсетеді:

Ақылды сол – ынсап пен ар сақтайды,

Арсыз сол – адамдықтан жан сақтайды.

Адал сол – таза еңбекпен күнін көріп,

Жаны үшін адамшылық ар сатпайды, – деп соқырға таяқ ұстатқандай көрсетіп, үлкендер айтқан ақылды қабыл алып, ар тазалығы үшін күресуді, өтірік-өсек, ұрлық жолы адамгершіліктен аздыратындығын, қу-сұм болма, өзгеден айлаңды асыр, азғырушылардың «ақыл-кеңесін» алсаң оңбайсың, қор болып азып-тозып адамдық қалыптан айырыласың дей келе:

«Өнер қылма ар сатып, жалданбақты,

Ұлық болып, елді жеп малданбақты.

Біреуді жеп, біреуді табамыз деп,

Қашан жақсы көруші-ек алданбақты.

Өлсең де ондай сөзге құлақ салма,

Ардан күсіп, ақылдан құры қалма,

Әкең түгіл, арғы атаң айтса-дағы

Білімі жоқ наданның тілін алма!» Ақын жастарға ғибрат алуға ылғида ақылмен ойлап іс қылуға, құлқынның құлы болма, «адамдық борыш – ар үшін қызмет етуде» «жаным арымның садағысы», «...Мал да аяулы, жан да аяулы болса, жаның үшін малыңды сат! Ал жан да аяулы, жар да аяулы болса жар үшін жаныңды құрбан ет!»- дейді. ақынның психологияға байланысты көқарастарын «Анық пен танық», «Қазақ айнасы», «Мұсылмандық шарттар» т.б. шығармаларынан кездестіреміз. Бұларды ғұлама адамдарға сыртқы дүниенің, қоршаған табиғаттың жұмбақ сырын ұқ, танып-біл, оның өлшеу сіз байлығын мұратыңа, қажетіңе жарат, бұл үшін жаратқан адамға ми береді, білу, нану, ұғынту, тану – бәрі ақыл ісі, олар мидан шығады деп тұжырым жасайды.

Тән сезіп, құлақ естіп, көзбен көрмек,

Мұрын иіс, тіл дәмнен хабар бермек.

Бесеуінен мидағы ой хабар алып,

Жақсы, жаман әрі істі сол тексермек.

Ми қызметі адамның сезім мүшелерінің әрекеті арқылы іске асады, ойға алған істі жүзеге асыруы, адамның әділетті, әділетсіз болуы, ізгілікті қууы немесе жауыздық жолға түсуі ақыл мен жүректің ісі, сондықтан әр нәрсені сарапқа салып, байыбына барып, терең ойлап, топшылап ақылмен іс қылу адамдықтың басты парызы дейді. Ұстаздың кәсіби шеберлігін қалыптастыру үдерісіне Шәкәрім айтып кеткен тұжырымдарды қолдану орынды. Болашақ ұстаз өзінің кәсіби парызын санасы арқылы түсініп, ішкі ұстанымына айналдырса ғана, бойында сенім, илану пайда болып, өз жұмысында үлкен жауапкершілікке жүктеліп, балаға деген сүйіспеншілігі артады. Осы үдеріс арқылы болашақ ұстаздың кәсіби шеберлігі артады.

Шәкәрім өзінің пәлсапалық сипаттағы ой-пікірлерін әрмен қарай жалғастырып: жер жүзінде неше түрлі халық бар, олардың бәрі-бәрі де жаратылыстың ішкі сырын ұғып білуге ынтық, бірі «дүниені жаратушы тәңірі - күн» тіршілік күн нұрынан жаралды десе, енді бірі – «құдай жоқ» деп жар салады, үшіншісі көп құдайға табынса, төртіншісі міне құдай деп суретке табынып, ойын он саққа жүгіртеді, осының бәрі дүние сырын білуге ұмтылушылық, «нағыз тәңір жолы – қиянатсыз ақ жүрекпен адал еңбек ету», - деп ой түйіндейді.

Ахмет Байтұрсыновтың бүкіл өмір жолындағы басты идеясы қазақ халқының ұлттық санасын ояту, тұрмыс-жағдайын жақсарту, ол үшін халықты жаппай сауаттандыру, оқыту керек екенін айтып, өзінің ұлттық идеясын насихаттады. Ол «барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім-ғылымның дамуына, мектеп, ағартушылық ісінің жанданып кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде, семинарияда бала оқытты, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру саласында көп ізденді. Ол өзінің оқушыларға ұлттық тәрбие беру, оған болашақ ұстаздарды дайындау туралы ой-пікірлерін «Қазақ» газетінде жариялаған мақалаларында, «Тіл туралы», «Әдебиет танытқыш», «Баяншы», «Тіл ашар», «Әліпби», «Сауат ашқыш», «Әліппе астар», «Оқу құралы» (хрестоматия) т.б. еңбектерінде жан-жақты айтып, өзі тікелей іске асырып отырды.

Ахмет Байтұрсынов осы еңбектері арқылы Қазақстанда ұлттық білім беру жүйесінің негізін қалады. Ол жүйенің элементтері: ұлттық жазу жүйесі; ұлттық негіздегі бағдарламалар, оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар; ұлттық мектепке керек заттар; мектеп ісін жандандыратын ұлтжанды ұстаздар мен тәрбиешілер екенін атап көрсетті.

Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» атты еңбегі қазақ топырағында тұңғыш жарық көрген нағыз ұлттық педагогика оқулығы. Ол мектеп мұғалімдері мен педагогтік оқу орындарының тыңдаушыларына оқушыларға ұлттық тәлім - тәрбие беруге даярлау мақсатында жасалған дүние. Оқулықта ол «Алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі», - деп, соған арнаған. Ол өзінің осы педагогикасын 14 ірі бөлімнен құрып, оның өзін бірнеше шағын бөлімдерге бөле отырып, ұқыпты түрде талдау жасап, түсініктеме береді. Сөз басына М. Жұмабаев «Тәрбие деген не?», - дейді де, оған жауап бере келе, оны дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық тәрбиесі, құлық тәрбиесі деп төртке бөледі. «Егерде Адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны», - дейді. «Балам Адам болсын дейтін ата-ана осы төрт тәрбиені дұрыс орындасын», деп жазып, оларды ұлттық тәлім-тәрбиенің құрамдас бөліктері деп санайды.

Мағжан кітабында әлемдік педагогиканы меңзей отырып, халықтық педагогиканы есінен бір сәт шығармайды. Оны жалпы педагогиканың ең негізі етіп қояды. Бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың, ұлттық тәлім-тәрбиенің алатын орны ерекше екендігін мысал келтіре отырып дәлелдейді. Ұлттық тәлім-тәрбиенің құнды жақтарын пайымдап ашып отырады. Осыған орай педагог М.Жұмабаев «Әр тәрбиенің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі. Әрбір ұлттың баланы тәрбиелеу туралы ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тастақ жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс. Ұлт тәрбиесінің жақсылық жағы көп», - деп жазды. Осылайша ол қазақ педагогикасының тарихында тұңғыш рет «ұлт тәрбиесі», «әрбір тәрбиеші, сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен таныс болуға тиіс», - деген ұғымдарды педагогика ғылымына ендірді. Мағжан осыған орай педагогтар, тәрбиешілер халықтық педагогиканы қолдана отырып, түрлі заманда шыққан педагог ғалымдардың ойларымен жақсы таныс болуы керек дейді.

«Тәрбиешінің міндеті, - деп жазды ол өзінің кітабында, - балада искусствоның қандай түріне ынта бар екенін тауып, сол ынтасын, сол түр туғызатын сұлулық сезімдерін өркендету», - дейді де, оған жетудің жолдарын көрсетіп береді. Мағжан егер де, сұлулықты өзі сүймесе, жан-тәнімен түсінбесе, педагогика саласындағы сұлулық туралы сыр шертпес еді. Мағжан шын педагог болмаса, үлкен сыршыл, сұлу жанды ақын болмас па еді, қайтер еді?

«Баланың маңайындағы адамдардың жүріс-тұрыстары да әдепті сұлу болуға тиісті. Сұлу дене, сұлу қозғалысты көріп өскен баланың денесі де, қозғалысы да сұлу болады. Бала түрлі музыка құралдарының үндерін тыңдасын, сурет салып үйренсін. Топас Адам тірі өлік», - дейді Мағжан.

Ол осы ұлттық мәдениет және ізгілік туралы ойларын «Құлық сезімдері» деген бөлімде одан әрі дамыта түседі. Ол қазақ халқына басқа халықтың жақсысын үйрен, сөйтіп көтеріл. Басқа халықты, адамзатты сүй, - деген өсиет айтады. «Адам шын ізгі адам боламын десе, халық ісі, халық пайдасы жолында құрбан бола білсін», - дейді.

Сонымен, Мағжан Жұмабаевтың «Педагогикасы» ұлттық тәлім-тәрбиені жүзеге асыруға бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп ұстаздары мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш құнарлы еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені Мағжан «Педагогикасының» басты ерекшелігі - оның қазақ топырағымен, салт-дәстүрлері және мінез-құлқымен тығыз байланыстылығында, өзі айтқандай қабысып жатқанында. Оқулықта басынан аяғына дейін ұлттық тәлім-тәрбие басшылыққа алынып, оған сүйеніп, ұлттық тәлім-тәрбие беруге ұстаздарды даярлау туралы ой-пікірлерінің айтылуы қазіргі кезде қазақ мектептерінде оқу-тәрбие үдерісіне ұлттық мазмұн беру қажеттігімен сипатталады.

Халық тәрбиесінің мәселелерімен өмір бойы айналысып келе жатқан Мұзафар Әлімбаев: «Оқулық – тұтас ұлттық игілігі, бүкіл халықтың кітабы. Халық кітабы халықтың өзіндей парасатты, өнегелі, қадірлі болуы тиіс», – деп жазса, педагог-зерттеуші А. Қыраубаева айтқандай: «...болашақ мұғалімдерді қазақ баласының жан дүниесі мүлде ескерілмеген орысша оқулықтардың аудармасымен оқытпай, Мағжан «Педагогикасындағы» ойлармен нәрлендіретін кез келді».

Сонымен, Мағжан Жұмабаевтың мұрасындағы ұлттық тәлім-тәрбиенің мәні мынада: ол қазақ топырағында тұңғыш рет «Педагогика» атты ұлттық оқу құралын жазған; ол өз еңбектерінде ұлттық, эстетикалық, адамгершілік, құлық тәрбиелерінің мәселелерін қарастырған; өзінің педагогикалық жүйесінде тіл туралы, оның білімділік және тәрбиелік рөлдеріне ерекше назар аударған; әсіресе жас ұрпаққа ұлттық тәлім-тәрбие беру және оған ұстаздарды дайындау мәселелерін басты мәселелер деп санаған.

Жоғарыда жасаған талдаулардан М. Жұмабаевтың шығармашылығындағы ұлттық тәлім-тәрбие туралы ой-пікірлерін қазіргі кезде қазақтың ұлттық мектебін жасауда, онда ұлттық тәрбие беруді жүзеге асыруда, ұлттық тәрбие беруге мектеп мұғалімдері мен болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруда маңызы мен мәні ерекше деп бағалауға болады.

Жүсіпбектің оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру және оған ұстаздарды дайындау туралы ой-пікірлері 1924 жылы мектеп мұғалімдері мен педагогтік оқу орындары тыңдаушыларына арнап «Тәрбиеге жетекші», 1926 жылы «Психология», «Жан жүйесі және өнер таңдау», 1929 жылы «Жаңа ауыл» атты еңбектерінде жан-жақты көрініс береді .

Ж. Аймауытовтың «Тәрбиеге жетекші» атты оқу құралында оқу мен оқыту ұғымдарына қатысты ереже-шарттар, мектептегі шешуші тұлға – ұстаздың орны мен беделі, оның әдіс-тәсілдері кең көлемде сөз болады. Әсіресе, әрбір ұстаз бойында өз ісіне, еңбегі мен мамандығына деген жоғары жауапкершілік пен терең сезім, өтілген және жаңа тақырып арасындағы байланыстың болуы, оқушы қабілеті мен зейінін жаңа сабаққа аударып, қызықты тәжірибе салыстыруларға бару, көрнекілікке, соны дерекке назар аудару талап етіледі. Ең негізгісі, ұстазға оқушылар сеніп тапсырылған соң одан адамдық қасиеттер, ізгілік иірімдері, маңыздысы – білім нәрінің сыр-сипаттары талап етіледі.

Аймауытовтың еңбектерінде ұлттық өнердің орны, жас ұрпақты тәрбиелеудегі мәдени-рухани құндылықтар жан-жақты баяндалады. Әсіресе, ұлт мектептерінде кескін және әуез өнерін дамытуға кең жол ашу, ән-күй, сурет салуға зор маңыз беру керектігі түрлі дерек, салыстырулар арқылы өріс алады. Автордың мақсаты жас ұрпақ – айнала - әлемді, табиғат тамашаларын құрғақ қызықтап, үстірт қабылдамай, керісінше, өмірге сүйіспеншілік, өнерге құштарлықпен қараса, әрбір іс-әрекетінен әсемдікке, білімге, мамандыққа өз көзқарасы, дүниетанымы қалыптасатындығы дәлелді жеткізіледі. Әрі адамгершілік-эстетикалық тәлім-тәрбие арқылы жас ұрпақ бойына ұлттық ерекшеліктерімізді сіңіру, әсемдік әлемін жан-жақты сезіну, ең негізгісі – мектепке өзгеріс, ұстазға – жаңалық, шеберлік тұрғысынан рухани көмек, тірек болу көзделеді.

Жүсіпбектің педагогикалық көзқарастары адамға, оны тәрбиелеу мүмкіндігіне деген сенімнен басталады. 1918 жылы «Абай» журналында жарияланған мақаласынан бастап, ол тәрбие жұмысын бірінші орынға қояды. «Тәрбие» деп аталатын осы мақалада Жүсіпбек қалың оқырманға адамның хайуандардан айырмашылығы жайында әңгіме қозғай отырып, адам бойындағы ұнамсыз мінез-құлықтардың барлығы тәрбиенің кемдігінен деп қорытынды жасады. Оның ойынша, адам табиғаттың емес, тәрбиенің құлы болуы керек. Қиянат, зорлық, бірін-бірі өлтіру тәрбие болмағандықтан, адамның тек табиғаттың құлы болып өмір сүргендігінен. Адам өміріндегі тәрбиенің рөлін зор бағалаған ол тарихтағы ірі құбылыстардың бәрін тәрбиемен байланыстырады, оған нақты мысалдар келтіреді.

Жүсіпбек тәрбие жөніндегі халықтық мұраға, оның озық жағына сүйенеді. Қазақтың «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі», «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді» деген мақалдарын еске ала отырып, бала өміріндегі ата-ана тәрбиесінің, өнегенің орнын зор бағалайды. Тәрбие берудегі оқу орындарының маңызын атап көрсетеді. Адам өміріндегі тәрбиешінің рөлін ол дәрігермен ғана салыстырады. Соның өзінде дәрігерден жоғары қояды. «Адамдық көзбен тереңнен тексерсе, дәрігерден де тәрбиешінің көп болғаны артық. Дәрігер адамның денесін сауықтыратын болса, тәрбиеші адамның ақылын, мінезін, жанын сауықтырады. Ақылды адам көбейсе, Отанның күзетшісі, қорғаны», - дейді.

Болашақ ұстаздарға арналған Ж.Аймауытовтың «Психология» кітабында осы пәнге қатысты негізгі категориялар жайлы мәліметтер ғылыми талдау арқылы түсіндіріледі. Мұнда организмнің тітіркенушілік пен сезгіштік қасиеттерінің ерекшеліктері, жануарлар мен адамның дағдысы, соқыр сезімдері, өсімдіктер дүниесіндегі тіршілік белгісі талданады. Осымен байланысты автор И. П. Павловтың шартты рефлекстер туралы әйгілі ілімнің негізгі қағидаларын сөз етеді. Сонымен қатар денедегі мүшелер, нерв жүйесі, қозу, тежелу процестері, ми бөліктері, сезім мүшелерінің (көз, құлақ, иіс, дәм, тері т.б.) анатомиялық құрылысы мен негізгі қызметтері жайлы мол мәліметтер беріледі. Жүсіпбектің кейбір психологиялық ұғымдарды қазақ өмірінің материалдары негізінде дәлелдеуі де қызықты. Ол сезім мен түрлі дене құбылыстарының психологиялық ерешеліктері халықтың көшпелі тұрмысы факторлары арқылы түсіндірсе, түйсік пен қабылдау, ынта мен ілтипат, ес, елес, қиял жайлы ойларын шығармашылық тәжірибеге сүйене баяндайды. Кітапта әдет-ғұрып, салт-сана, дәстүр, оң мен теріс қылықтардың табиғаты, мәдениет пен өнердің, дін мен пәлсапаның, географиялық ортаның адамның жан дүниесіне әсері мәселелерін талдауында да қазақ өмірінен, оның рухани мұрасынан алынған материалдар көптеп кездеседі.

Сонымен, Ж. Аймауытовтың ана тілі – тәрбие құралы, ұлттың ұлы байлығы, тарих – халық шежіресі, ол ұлттық тәрбие құралы, тәрбиенің ұлттық сипатта болу, оны ұлттық мектептерде жүзеге асыру туралы ой-пікірлері, оның ұлттық сипатта жазған оқу құралдары мен мақалаларының елімізде қазіргі кезде ұлттық тәлім-тәрбиені жүзеге асыруда, оған болашақ ұстаздарды даярлауда теңдесі жоқ мол мұралар деп бағалауға толық болады.

Мыржақып Дулатовтың оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру туралы ой-пікірлері оның мынадай еңбектерінде баяндалған: «Есеп құралы», «Қирағат», «Оян, қазақ!», «Оқу құралы» және «Серке», «Қазақ», «Ақ жол», «Айқап», «Еңбекші қазақ» газет-журналындағы көптеген мақалалары.

Міржақып «Қирағат» кітабының «Мұғалімдерге» атты кіріспесінде қазақтың ұлттық мектебі, онда оқыту, оқыту кітаптары туралы былай деп жазған: «Қазір біздің қазақ халқында оқудың жаңа дәуірі басталған кез. Біздің қазақта шын қазақша мектептің керектігін біле бастаған шақ. ...Қазақ балаларын оқытуға... қазақ тілінде оқу кітаптарын керексіне бастады. Міне, сіздер керексінген қазақ тіліндегі оқу кітаптарының бірі осы кітап...».

Енді бұл қирағат кітабын қалай пайдалану, яғни қалай оқыту жайында кеңеселік. ...өзі білумен өзгелерге білдіру екі басқа. Білгенін кісіге үйрету, яғни балаларды оқыту өз алдына бір ғылым. Ғылым - педагогика, - деп ұстаздарға педагогика ғылымын игеруге жол сілтейді.

Міржақып Дулатовтың мақалаларында қазақ мектептерінде оқу-тәрбие үдерісін ұлттық сипатта жүзеге асыру туралы ой-пікірлерінің маңызы мен мәні ерекше. Ол мектептің мақсаты: «Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру», міндеті: «...балқыған жас баланың бойына, ана тілімен, өз ұлтының тұрмысымен һәм табиғаттан жазылуы, бастауыш мектепте алған тәрбиенің әсерлі, күшті, сенімді болуы»; нәтижесі: «...Мұндай балалар мектепті бітіргеннен кейін қай жұрттың арасында жүрсе де, сүйегіне сіңген ұлт рухы жасымайды. ...қайда болса да тіршілігінде, қандай ауырлық өзгерістер көрсе де ұлт ұлы болып қалады» деп, ұлттық тәлім-тәрбиенің әсерін тамаша көрсеткен.

Сонымен, М. Дулатов ұлттық тәлім-тәрбиені кең насихаттап, оны мектептің оқу-тәрбие үдерісіне ендіру мақсатында ана тілін, оның тәрбиелік және білімділік мәнін ашуды, оқыту мен тәрбиенің ұлттық сипатта болуын, ұлттық мазмұнды оқу құралдарын шығару туралы еңбектерінің жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеуде алатын орны мен маңызы ерекше.

Әмбебап ағартушының артына қалдырған рухани мұрасында кешегі көшпелі қазақ елінің әдет-ғұрпы, дәстүр салты, жол-жоралғысы, тәлім-тәрбиесі мен үлгі-өнегесі, өзіне тән этикалық, эстетикалық ұнам-талғамдары ұлттық колоритқа толы сан алуан нақты деректермен безендіріле баяндалған. Осы тұрғыдан «Оян қазақ» атты туындысының орны бөлек.

Табиғатынан тәлімгерлік қасиеті мол жазушы қазақ арасында көбіне көзге түспей, түссе де еленбей жүрген ғылым-білімге, өнерге, зерек, дарынды балаларды оқытып-тәрбиелеудің мәні жайында сөз ете келіп, дарындылықтың кейбір психологиялық астарларына үңілді. Осы жәйт автордың мына төмендегі түйіндеуінен жақсы аңғарылып тұр: «Туысында қанша зеректік болса да, - деп жазды М. Дулатов, - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзінің табиғатына не нәрсе шеберлік барлығын сезіп, өз жолына түссе ғана, көзге көрінеді... Жақсы суретші адамның сыртқы түрін айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанын да көріп тұрғандай боласың...».

Халқымыз егемендігіне қол жеткізген шақта жас өркендері жерге шырылдап түскен кезден есейіп, есі кіріп болғанға дейінгі аралықта ана тілінің уызына жаратып қана қоймай, олардың ұлттық рухпен, дәстүр-салт, әдет-ғұрыптан мейілінше сусындауына ерекше көңіл аударуымыз қажет. Бұл жөнінде М. Дулатов былайша жерін жеткізе айтқан еді. «Бастауыш мектепте алған тәрбиенің, - деп жазды ол, - әсерлі, күшті, сіңімді болуы, қай халықтың мектебінде болса да оқу кітаптары ана тілімен, өз ұлтының тұрмысынан, һәм табиғаттан жазылып, баяндап оқытудың асыл мақсатына муафик үйретуден, осылай біліп, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана тілін анық үйреніп, керекті мағлұмат алып шығады. ... Оқудағы мақсат жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру...».

М. Дулатовтың тәлім-тәрбиелік тағылымдарынан қазіргі күн талабы-тілегімен ұштасатын тағы бір кесек ойды кездестіреміз. Ол жас ұрпақты имандылыққа тәрбиелеу. Қазіргі қазақ жастардың белең алуы тәлімгер қауымға жас буынды жөргегінен мейірімділік пен имандылыққа баулап тәрбиелеу қажеттігін күн тәртібіне қойып отыр. Осы жөнінде мұсылмандардың қасиетті кітабы, «Құранның» үлгі-өнегесі толы тағылымдарына да баса назар аудару қажеттігі газет-журналдарымызда сан рет жазылып жатыр. Ол жұртты оқуға, білім алуға таратқан кезде бір жағынан діни оқуды да жатсынбау қажет дейді. Автор орысша оқып, орыс тілін үйренген қандай пайдалы болса, мұсылманша оқып, дінді танып, оны өмірлік қажетке пайдаланса кісі жан-жақты білімді азамат болып шығатыны айтылған. Ол медреселер ауыл мектептерінде ғылыми пәндерді, түрлі тілдерді меңгерумен қатар, діни оқудан да мағлұмат алудың маңызын былай түсіндіреді: «Медреседе сыйласып екі молда. Бірі оқытсын мұсылманша, бірі орысша. Педагогия тәртібімен оқытса қазағым кетер едің сонда алға... Риза қазақ халқы болар еді, хүкімі шариғаттың тұрса қолда...». Біздің ойымызша, аса білікті, әмбебап саясаткерлердің осы айтқандарында қазіргі тәлім-тәрбие үдерістерін жүзеге асыру жағдайында да еске алғанымыз жөн сияқты. Ал М. Жұмабаев өзінің «Педагогикасында» былай дейді: «... дін сезімдері күшті Адам, яғни тәңірінің барлығына, құдіретіне сеніп, оның махаббатын алуға, қаһарына ұшырамауға ұмтылатын адам өмір бойы ізгілікке ұмтылып, жауыздықтан безбек».

Халел Досмұхамедұлының оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру туралы ой-пікірлері оның түрлі атқарған қоғамдық қызметтерінде, «Сана», «Шолпан» журналдарында шыққан мақалаларында, сондай-ақ «Қазақ халық әдебиеті» атты еңбегінде, жаратылыстану пәндерінен қазақ мектептері оқушылары мен мұғалімдеріне арнап жазған төл оқу құралдарында кең көрініс береді.

1921 жылы Х. Досмұхамедов Түркістан республикасында қазақ-қырғыз ғылыми кеңесінің төрағасы болады. Ғылыми кеңес қазақ арасында ғылым мен білімнің таралуы үшін үлкен жұмыс істейді: оқулықтар, оқу құралдарын шығару, мұғалім кадрларын дайындау, әртүрлі ғылым салаларын тарату. Олар туралы Х. Досмұхамедов өзінің «Қазақ-қырғыз білім комиссиясынан» атты мақаласында баяндаған.

Х. Досмұхамедов ғылыми кеңестің білім комиссиясы жанынан «Сана» атты журнал ұйымдастырып, оның редакторы болады. «Сана» журналында шыққан материалдарымен таныса отырып, Х.Досмұхамедовтың ұлттық тәлім-тәрбие беру, ондағы ұстаздың міндеттері туралы көзқарастарын жақсы аңғаруға болады.

Журналды шығарудағы мақсат: «Аңсаған елге, алақтаған мұғалімге, жас өспірім шәкірттерге түсінікті сөз беру». Оның тақырыптары оқыту мен тәрбиелеудегі ұлттық идеяны жан-жақты қамтиды.

1) «Ең негізінен бастап әр пәндерден түсінікті қылып жалпы білім беру: а) ғылым-қисап (математика); ә) физика, химия туралы түрлі мағлұматтар беру; б) дүниенің жаралуы, түзілісімен, аспандағы жұлдыздармен, жердегі болатын жауын-шашын секілді өзгерістермен таныстыру; в) жануарлармен, жер жүзіндегі ағаш, шөп секілді түкпенен, тас-топырақпен таныстыру, жердің қалай жаралғанын, неден түзілгенін білдіру; г) бұрынғы өткен халықтармен, олардың мәдениетімен, салтымен таныстыру, бұрынғыдан қалған тамақтарды қалай іздеу жайында, қалай пайдалану туралы баяндама беру; д) қай жұртта қандай шаруа бар, қандай заң бар, қандай тұрмыс тіршілік бар – сонымен таныстыру; е) жер жүзіндегі елдермен, жерлермен таныстыру; ж) санақ туралы баяндама беру, жер жүзіндегі елдердің туысының, өлімінің, оқуының, сауатсыздығының, түрлі қажетіне жұмсайтын бұйымдарының санағын беру; з) адамның, малдың аурулары туралы, саулық сақтау туралы мағлұмат беру; и) хәріп тізу, баспахана түзеу, кітап бастыру, сүгірет сана береді;

2) Қазақ-қырғыз жұртының тарихымен, салты әдетімен, тұрған жерімен таныстыру. Өз еліміздің өткен кеткені туралы, басынан кешкен дәуірлері туралы бұрынғы, осы күнгі мекендері туралы қолдан келгенше толық мағлұмат беру, ата-бабаларымыздың істерімен танысып, еткен жаңылыстарына күйініп, жақсылықтарына сүйініп ғибрат алмақ – адамға сана береді;

3) Қазақ-қырғыз жұртының тілімен, әдебиетімен жақсы таныстыру. Тіл – жұрттың жаны. Өз тілін өзі білмеген ел – ел болмайды. Тілінен айрылған жұрт – жойылған жұрт. Тілімізді бұзбай ұстарту шарттарын қарастыру, өрнекті түрлерімен таныстыру;

4) Білім тартып, елдің қолын мәдениетке жеткізген мектеп, сондықтан мектептің тарихы, түрлері, түзілісі, оқуы, оқыту реттері, мұғалімдердің күй-жайы туралы, оқу құралдары, кітаптары туралы толық баяндама беріп тұру;

5) Адамның табиғаттағы бір мінезі – ойын-сауық қылып, қызықтар көруі. Салтымызға, тұрмысымызға қарай түзілген елімізде көп ойындар бар. Біздің кейбір ойындарымызға Европа таңқаларлық. «Сананың» бір міндеті өз еліміздегі ойындармен оқушыларын таныстыру...», - деп, Халел Досмұхамедов журнал шығарудағы қазақ-қырғыз білім комиссиясының міндеттерін жалпы қазақ-қырғыз қауымына жариялады.

Х. Досмұхамедов өзінің ұйымдастырушылық және ғылыми-педагогикалық жұмыстарында қазақ тілінде ғылыми терминология жасау ісіне белсене араласты, әсіресе ұлттық қазақ мектептері үшін төл тума оқу құралдарын жазып шығарады. Мысалы, ол физиология және психология пәндеріне байланысты көптеген терминдік атауларды төл тіліміздің сөздік қорына жиырмасыншы жылдардың өзінде-ақ іріктеп ала білген. Солардың бірі мыналар: жүйке жүйесі (нервная система), жүйке талы (нервные волокна), жүйке орталығы (нервный центр), ми қалтасы (мозговой желудочек), көзқағар жүйке (глазодвигательный нерв), жүйкенің ұлы жүйесі (центральная нервная система), жүйке түйіні (нервный узел) т.б. Автордың жаратылыстану пәндерінің аттарын қазақшалауы да құптарлық нәрсе. Мәселен, ол анатомияны «Тән жүйесін тану», физиологияны «Тән тірлігін тану» деп алуы көңілге бірден ұялайды.

Х. Досмұхамедов қазақ оқушыларына арнап бірнеше оқу құралдарын жазған. Олар 1927 жылы «Адамның тән тірлігі», 1926 жылы «Жануарлар» және «Сүйіктілер туралы», 1932 жылы «Табиғаттану», 1925 жылы «Оқушылардың денсаулығын қорғау» және «Тән жүйесін тану», 1926 жылы «Жануартану» атты оқу құралдары кезінде қазақ мұғалімдері мен оқушылары үшін теңдесі жоқ еңбектер болды. Өйткені оларда қазақ халқының мал, адам және табиғат туралы халықтық білімдері кеңінен пайдаланған.

Сонымен, Халел Досмұхамедовтың төл оқу пәндері бойынша ұғымдар мен атауларды құру, тіл, білім беру жүйесін, мектептер проблемаларын жасаудағы оның ұлттық тәрбие беру туралы ой-пікірлері білім беру мазмұнына қосқан ерекше үлесі деп айтуға негіз болады. Сол қазақ халқы үшін қызмет етуді өмірлік мұрат еткен аяулы азаматтың артында қалған мұралары қазіргі егемен еліміздің жас ұрпағын ұлттық рухта тәрбиелеуде маңызы ерекше екені сөзсіз.

Ұлы ойшылдарымыз және ағартушы–педагогтардың оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге және оған ұстаздарды дайындау мәселесіне арнап жазған еңбектеріне талдау жасай отырып, мынадай қорытындыға келеміз, қазақ тәлімгерлері еңбектерінің ұлттық сана–сезімді, ұлттық намысты, тарихи сананы қалыптастыруда алатын орны мен маңызы ерекше. Сондықтан сол қазақ тәлімгерлерінің ой-пікірлерін егемен еліміздің бүкіл халқын, әсіресе жас ұрпағымызды қазақ халқының ұлттық рухында тәрбиелеу негізіне алынуы, ол үшін олардың сол ұлттық тәлім-тәрбие беру туралы көзқарастары жан-жақты зерттеліп, оқу–тәрбие жұмысында кең қолданыс табуы тиіс. Сонда ғана ұлттық тәлім-тәрбие – ұлт болашағының негізі бола алады.

Осыдан ұлттық тәлім-тәрбие алған ұрпақ дені сау, білімді, ақылды, адамгершілікті, иманжүзді, сұлу да сымбатты, халқын, елін, туған жерін, оның табиғатын сүйетін ұлтжанды, ата-бабамыз армандаған «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат болып өседі деп айта аламыз. Ұлттық тәлім-тәрбиенің мақсаты – оқушылардың ұлттық дүниетанымын қалыптастыру. Ал ұлттық дүниетаным ана тілі, ата тарихы, төл мәдениетіміз және ұлттық салт-дәстүрлеріміз арқылы ғана қалыптасады. Сондықтан ұлттық дүниетанымның сол негіздерін оқып үйренуді басты мәселе етіп қою керек. Ол үшін мектебімізде ұлтымыздың ерекшелігіне, тарихына, мәдениетіне, өнеріне, салт-дәстүрлеріне, тұрмыс-тіршілігіне, отбасы тәрбиесіне сай қарастырылып шығарылған бағдарламалар, төлтума оқулықтар, көрнекіліктер, қосымша әдебиеттер, әсіресе ұстаздарға қажетті әдістемелер кеңінен пайдаланылуы тиіс. Бұл көмекші құралдарды пайдалана отырып, мектептерде ұлттық тәлім-тәрбие беруді іс жүзіне асыратын – мектептің ұстаздары. Өкінішке орай, олар ұлттық тәлім-тәрбие беруге педагогтік жоғары оқу орындарында дайындықтан өтпеген. Осы себептерге байланысты қазір қазақ мектептерінде оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру талапқа сай жүргізілмеуде.

1988-1991 оқу жылдары педагог зерттеушілердің қазақ мектептері мен ұстаздардың тәрбие жұмыстарының жоспарларына және тәжірибелеріне жасалынған талдауларына сәйкес, ұстаздардың тәрбие жұмыстарында қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен халық педагогикасының зор мүмкіншіліктерін нашар пайдаланатындығын, мектептердегі ұлттық тәрбиенің сапасы төмен екендігін байқаймыз. Жалпы білім беретін қазақ мектептерінің іс-тәжірибелерінен ұстаздар практикасында оқушыларға ұлттық тәрбие беру жайы төмен деңгейде екенін, өйткені олардың ол мәселе бойынша теориялық білімдері, практикалық іскерліктері мен дағдылары жетіспейтіні осы ғалымдардың еңбектерінде анықталған. Олай болу себебі, кеңестік дәуірде Қазақстанда қазақтың ұлттық мектебінде оқу-тәрбие жұмысының бағдарламалары, оқу және әдістемелік құралдары ұлттық тәрбиенің ерекшеліктерімен санаспаған орыс тіліндегі аудармасы арқылы жүзеге асырылды. Ал педагогтік жоғары оқу орындарында болашақ ұстаздар оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беруге тіпті даярланбады.

Әрине, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары елімізде мектептердегі ұлттық тәлім-тәрбиенің сапасының артуы байқалады. Көптеген ұстаздардың тәрбие жұмыстарында этнопедагогиканың, халық педагогикасының негіздерін қолдану мүмкіншіліктері бірнеше сатыға көтерілді.

Көптеген ғылыми жұмыстарға, зерттеулерге талдау жасай отырып, қазақ мектептеріндегі оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру жайының көңілге толарлық еместігін анықтаған соң, оны жақсартудың бірден–бір жолы болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге даярлығы екендігіне көзімізді жеткіздік. Яғни, болашақ ұстаздарды ұлттық тәлім-тәрбие беруге арнайы даярлығын қалыптастыра отырып, жүргізгенде ғана қол жеткізуге болады. Ал ол арнайы даярлық ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге өзінің ұлттық, кәсіби парызын түсінген де ғана жетуге болады. Болашақ ұстаздың ЖОО-да алатын білім мазмұны арқылы кәсіби шеберлігін қалыптастырып, арттырса және ішкі ұстанымын қалыптастырса жақсы нәтижеге жетуге болады. Сонымен қатар, болашақ ұстаздың ұдайы үдеріс негізінде сенімін қалыптастырып, иландырса ғана оның қарыз бен парыз сезімі күшейіп, жауапкершілігі артады, соның нәтижесінде балаға деген сүйіспеншілігі туады. Осылардың барлығы болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастырады. Яғни болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастырғанда ғана оқушыларға ұлттық тәлім-тәрбие беру үрдісі жақсарады және ұлттық санасы дамыған жас ұрпақты тәрбиелеу жүзеге асырылады.

Ата–бабаларымыз, өздерінің күнделікті тіршілік-тұрмысынан көрген, басынан өткерген жайттарды таразылап, ой елегінен өткізіп, ұрпағын өмірге жарасымды, заман талабына сай салиқалы азамат етіп тәрбиелеуге ұмтылған. Оған септігін тигізетін ұлттық әдеп ғұрып, салт-дәстүрлерді жасап, оны ұрпақтан-ұрпаққа баға жетпес асыл мұра ретінде қастерлеп жеткізіп келген ғой. Ата–салтымыз – халқымыздың ойшылдығынан, данышпандығынан дарыған, ұзақ өмірдің елегінен өткен сарқылмас қазына, асыл мұра. Атам заманынан бері тұрмыстың сан қилы өткелдерінен өткен халқымыз, тереңнен толғап өзінің күнделікті тұрмыс-болмысынан бүгінгі күнгі адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясына татитын, тәлім боларлық үлгіні де, сөзді де мол қалдырған.

Жоғарыда айтылған қазақ тағылымының негізгі бағыттары, көпшілік ұйғарымдары, тәжірибелік қорытындылары: болашақ ұстаздардың көргенді атануы – қазақ тағылымының басты шарты, не нәрсе болса көз жеткізу, иландыру, шындық пен әділдіктен, ақиқаттан айнымау, берген антына берік болу, аманатқа борышты болмау; ар, ождан тазалығын сақтау, ақыл-ойлы, парасатты болу, барлық іс-әрекетіңнен, сөйлеген сөзіңнен, қарым-қатынасыңнан, көзқарасыңнан ғибрат белгісі көрініп тұру; ерте тұрып кеш жату, аз сөйлеп, көп тыңдау, салмақты сөйлеу, иманды, инабатты, қайырымды болу, жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау, рухыңа кір салмау, үлкендерді тыңдау, құрметтеу, өз қатарынан кем қалмау, асып-таспау, достық пен татулықты сақтау, ел берекесін сақтап, оның бойына үлес қосу.т.с.с. қасиеттерді игеруге жетелейді. Осының барлығы болашақ ұстаздың жеке тұлғалық дамуына түрткі болады.

Сонымен қатар, қазақ тағылымының ең бір зор үлгісі – айқындық, ашықтық, жариялылық, әркім өзі көзі көргесіне иланарлық, оның дұрыстығына көз жетерлік, әбден сенімі молайғандықтан тағылым алмасқа, үйренбеске, оны ғадетке айналдырмасқа амалы жоқ болғасын, әдетке айналдыру. Осының бәрі педагогтың деонтологиялық тәрбиесін жетілдіру қажеттілігіне сәйкес бойына дарытуды қажет ететін адамгершіліктік қасиеттер.

Өткен ұрпақ қалдырған қоғамдық байлықты игеру, бағалай білу, сақтай білу әрбір адамға үлкен әлеуметтік және адамгершілік жауапкершілікті жүктейді. Мұны келер ұрпаққа жеткізу ұстаздың міндеті, кәсіби парызы, деонтологиялық талаптардың құрамдас бөлігі. Қазақстанда ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды, тарихи тәжірибелерді, сан ғасырлық мәдени ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, қазіргі білім мазмұнын жаңғырту болашақ ұстаздарды даярлау үдерісіне жаңа талаптар қояды, солардың ең бастыларының бірі – болашақ ұстаздардың ұлттық тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыру мәселесі. Бұл игі істі жүзеге асыру үшін өткеннен тағылым алып, бар ақыл, өнегені сауатты қолдана біліп, заманымызға қарай икемдеу үшін мектепті сапалы және жоғары саналы мамандармен қамсыздандыру қажеті туады.

Сондықтан ұстаз тұлғасын адамгершілік тұрғысынан қалыптастыру, яғни ұстаздың тек кәсіби сапасына ғана емес, тұлғалық сипатына, адамгершілік қасиетіне, оның моральдық бет-бейнесіне ден қою - көп көңіл аударарлық мәселе.

Жоғарыда сипатталған тұжырымдамалар ұстаз тұлғасына қойылатын заманауи талаптарға сәйкестігін көрсетеді. Педагогиканың көптен бері топталып айтылып келе жатқан этикалық мәселелерi бүгiнгi күнгі замана талаптарына сай болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға себепкер алғышарттарды атап айтсақ:



тарихи, қазақ халқының ғұламалары айтып кеткен, ұлттық тәлім-тәрбиенің қажеттілігі мен ол үшін ұстаз тұлғасына қажетті қасиеттерді қалыптастыру және ұстаз тұлғасын дамыту, оған қойылатын жауапкершіліктің артуы;

әлеуметтік, қазiргi кезде ұстаздың деонтологиялық даярлығын қалыптастырудағы әлеуметтік жағдайлар:

- өмiр шарттарының өзгеруіне, құндылықтардың ауысуына байланысты мемлекеттiң, әлеуметтiң, ата-ананың мектепке, ұстазға қоятын талабының жоғарылауы;



педагогикалық, ұлттық тәлім-тәрбиені бiлiм беру саласының әртүрлi объектiлерiнде жүргізу қажеттілігі;

психологиялық, ұстаздың кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейде қалыптасуының көкейкестілігі мен тұлғалық дамып-жетілуі. Осыған орай, ұлттық тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды қамтитын ғылыми iзденiстердің қажеттігі туындайды.

Осыған орай, ұлттық тәлім-тәрбие беруге болашақ ұстаздардың деонтологиялық даярлығын қалыптастыруды қамтитын ғылыми iзденiстердің қажеттігі туындайды.

Қорыта айтқанда, біз зерттеуімізде қарастырып отырған болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығының қазіргі уақытта жоғарыдағы алғышарттардың негізінде қалыптастыру қажеттігі туып отыр.

Педагог, ақын М. Әлімбаевтың «Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу – аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа» - деп, айтқаны әрбір ересек адамның, әсіресе мұғалімдердің сана-сезімінде салмақты орынға ие болатын ақыл. Сапалы білім мен сауатты тәрбие беру – тектік қорымызды сақтаудың негізгі алғышарты деп ойлаймыз.



1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет