Д. Есімова Ұстаздың Ұлттық ТӘлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығЫ


Жеңіске жету қажеттілігін бағалау тестері



бет8/8
Дата02.05.2016
өлшемі1.93 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Жеңіске жету қажеттілігін бағалау тестері
Бұл тест сұрақтары қарапайым, тез жүргізілетін әдістемелердің бірі. Тестілеуді студенттердің жеңіске жетуге ұмтылысын анықтау мақсатында жүргізуге болады. Сауалнама сонымен қатар жеңілістен қорқу сезімін бағалауға да бағытталған. Бұл екі уәждік тенденция тұлғаның белгілі бір типін, әртүрлі мінез-құлқын анықтайды.

Зерттеу алдында студентке мынадай ережелер беріледі:

«Алдыларыңда адамның өмірінде жеңіске жету мен жеңілістен арылу үшін қолданылатын жағдайлардағы өзінің сезімдері мен қызметі туралы айтылады. Егер олармен толық келіссеңіз: +3, +2 келісемін, +1 жартылай келісемін, 0 жауап беруге қиналамын иә немесе жоқ, -1 келісуден көрі келіспеймін, -2 келіспеймін, -3 толығымен келіспеймін. Өз бағаларын баллдармен жеке параққа жазады».

Ескерту. Тест сұрақтары екі нұсқада жасалған: А түрі – ер адамдарға, В түрі - әйел адамдарға арналған.


А-түрі

1. Мен жаман баға алудан қорқудан, жақсы баға алу туралы ойлаймын.

2. Егер мен қиын тапсырма алсам, оны жалғыз орындаудан гөрі, екі жақтап жасағанды қалар едім.

3. Мен көбінесе жеңіл тапсырмалардан гөрі, қиын тапсырма алуды жөн көремін.

4. Мен жеңілістері болатын қиын істерге қарағанда жеңіске оңай жетуге болатын және көп қиналуды қажет етпейтін істі жасауға тырысамын.

5. Егер менің күшім жетпей жатса, басқа іске ауысудан гөрі барлық ынтамды сол іске салар едім.

6. Жалақысы орташадан жоғары, қызмет түрін өзім таңдайтын жұмысқа қарағанда орта жалақысы бар, қызмет түрі нақты анықталған жұмысты таңдаймын.

7. Мен уақытымды көркем әдебиеттен гөрі, арнайы әдебиетті оқуға арнаймын.

8. Жеңісі 100%-ға тең жұмысқа қарағанда, жеңілістің болуы 50%-ға тең, қиын жұмысты таңдар едім.

9. Сирек ойындарға қарағанда, көп адамдарға белгілі ойындарды үйренгенді қалаймын.

10. Өзімнің жұмысымды әріптестеріммен келіспесемде жақсы атқару мен үшін маңызды.

11. Мен қиын, ойлауды қажет ететін карта ойындарына қарағанда жеңіл ойындарды ойнағанды қалаймын.

12. Күштеріміз теңдей болатын сайыстардан гөрі, басқалардан да күшті болатынымды білетін сайыстарға қатысуды қалаймын.

13. Бос уақытымда тек жәй ойындарға қарағанда өзімнің біліктілігімді арттыратын ойындармен ойнағанды қалаймын.

14. Басқалардың кеңесін қажет етпей, істі 50%-ға жаңылу тәуекелімен жүргізсем де, өз ойыммен жасауды қалаймын.

15. Егер менің алдымда бастапқы жалақысы төмен, бірақ талаптарыма сай оны арттыруға мүмкіншілігі бар жұмыстан гөрі, бастапқы жалақысы қалыпты және тұрақты жұмысты таңдау тұрса, онда екінші жұмысты қалар едім.

16. Мен жалғыз ойнағаннан гөрі ұжыммен ойнағанды қалар едім.

17. Мен жұмысты тез және нашар емес, күшімді аямай, нәтижесіне қанағаттанарлықтай жасауды қалаймын.

18. Емтиханда жауабы көп ізденуді қажет ететін, өз ойыңды білдіре алатын нақты сұрақтарды таңдар едім.

19. Жеңілісі де, жеңісі де төмен жұмыстан гөрі, жеңілісі де бар, бірақ жеңіске жету мүмкіншілігі жоғары жұмысты қалар едім.

20. Алған жоғары бағадан гөрі, емтиханнан соң «өтті ғой» деп айтуды қалаймын.

21. Бітпеген екі жұмысқа қайта оралу керек болса, қиын жұмысқа қайта оралатын едім.

22. Бақылау жұмысын орындағанда дұрыс шығарудың орнына, қате жіберіп қоюды уайымдаймын.

23. Егер іс қолымнан келмей жатса, қиын жағдайдан шығудың орнына көмекке жүгінемін.

24. Жеңілістен кейін кеюдің орнына, жинақы және белсенді боламын.

25. Бастаманың жеңісіне күмәндансам, оған белсенді ат салыспай, тәуекелге бармаймын.

27. Жекелей жұмыс жасағаннан гөрі, біреудің басқаруымен жұмыс жасағанды ұнатамын.

28. Жеңісіне сенімді, таныс тапсырманы орындауға қарағанда, белгісіз тапсырмаларды орындаған ұнайды.

29. Алдыма міндетін жалпылай қойған тапсырмалардан гөрі, қалай және не жасау керек екенін нақты қойған тапсырмаларды орындағанда жетістікке жетемін.

30. Егер мен қиын тапсырманы орындасам, өте қиын тапсырмадан гөрі, алдыңғыға ұсқас тапсырманы орындағанды қалаймын.

31. Сайыс кезінде менің бойымда күйзеліс пен қиналудың орнына қызығушылық пен азарт пайда болады.

32. Мен болашақтағы жоспарларымды іске асырудың орнына, тек ойлап қана қоямын.


Б - түрі

1. Мен жаман баға алудан қорқудан, жақсы баға алу туралы ойлаймын.

2. Егер мен қиын тапсырма алсам, оны жалғыз орындаудан гөрі, екі жақтап жасағанды қалар едім.

3. Мен көбінесе жеңіл тапсырмалардан гөрі, қиын тапсырма алуды жөн көремін.

4. Мен жеңілістері болатын қиын істерге қарағанда жеңіске оңай жетуге болатын және көп қиналуды қажет етпейтін істі жасауға тырысамын.

5. Жалақысы орташадан жоғары, қызмет түрін өзім таңдайтын жұмысқа қарағанда орта жалақысы бар, қызмет түрі нақты анықталған жұмысты таңдаймын.

6. Жеңісті күтуден гөрі, күйзеліс сезімі қорқынышты тудырады.

7. Шытырман жанрдан гөрі ғылыми-көпшіліктік әдебиет ұнайды.

8. Маңызды, бірақ қиын емес жұмысқа қарағанда жеңілісі 50%-ға тең маңызды жұмысты таңдар едім.

9. Сирек ойындарға қарағанда, көп адамдарға белгілі ойындарды үйренгенді қалаймын.

10. Өзімнің жұмысымды әріптестеріммен келіспесемде жақсы атқару мен үшін маңызды.

11. Алған жоғары бағадан гөрі, емтиханнан соң «өтті ғой» деп айтуды қалаймын.

12. Мен қиын, ойлауды қажет ететін карта ойындарына қарағанда жеңіл ойындарды ойнағанды қалаймын.

13. Күштеріміз теңдей болатын сайыстардан гөрі, басқалардан да күшті болатынымды білетін сайыстарға қатысуды қалаймын.

14. Жеңілістен кейін кеюдің орнына, жинақы және белсенді боламын.

15. Өмірімдегі жеңілістердің жеңістерге қарағанда әсері көбірек.

16. Жаңа жағдайларда қызығушылықтан гөрі, қиналыс пен күйзеліс көбірек.

17. Мен үшін жаңа қызықты тағам пісірген, ескі тағамдарды пісіруден гөрі маңыздырақ..

18. Қызықты емес, бірақ маңызды жұмыс орындағаннан гөрі, жағымды және қиын емес жұмыс оырндағанды қалаймын.

19. Мен уақытымды екі-үш жұмысты бітірудің орнына, бір істі тындыруға жұмсағанды қалаймын.

21. Егер бір бөлмедегі бірнеше қыздармен қонақ шақыратын болсақ, оны өзім ғана ұйымдастыруды қалар едім.

22. Егер іс қолымнан келмей жатса, қиын жағдайдан шығудың орнына көмекке жүгінемін.

23. Сайыс кезінде менің бойымда күйзеліс пен қиналудың орнына қызығушылық пен азарт пайда болады.

24. Қиын жұмысты алғанда болады деп үміттенудің орнына, жүзеге асыра алмаймын деп күмәнданамын.

25. Жекелей жұмыс жасағаннан гөрі, біреудің басқаруымен жұмыс жасағанды ұнатамын.

26. Жеңісіне сенімді, таныс тапсырманы орындауға қарағанда, белгісіз тапсырмаларды орындаған ұнайды.

27. Егер мен қиын тапсырманы орындасам, өте қиын тапсырмадан гөрі, алдыңғыға ұсқас тапсырманы орындағанды қалаймын.

28. Алдыма міндетін жалпылай қойған тапсырмалардан гөрі, қалай және не жасау керек екенін нақты қойған тапсырмаларды орындағанда жетістікке жетемін.

29. Егер қиын тапсырманы орындағанда, қателік жіберсем, істі түзетудің орнына, күйзеліске ұшыраймын.

30. Мен болашақтағы жоспарларымды іске асырудың орнына, тек ойлап қана қоямын.


Нәтижелерді бағалау.

Сауалнаманың ер адамдарға арналған түрінің жауаптар кілті (А): +1, -2, +3, -4, +5, -6, +7, +8, -9, +10, -11, -12, +13, +14, -15, -16, +17, -18, +19, -20,

+21, -22, -23, +24, -25, -26, -27, +28, -29, -30, +31, -32.

Сауалнаманың әйел адамдарға арналған түрінің жауаптар кілті. (Б): +1, +2, -3, +4, -5, -6, +7, +8, -9, +10, -11, -12, -13, +14, -15, -16, +17, -18, +19, -20,

+21, -22, +23, -24, -25, +26, -27, +28, -29, -30.

Жоғарыдағы жауаптар кілтіне сәйкес сауалнаманың әрбір ойларына сәйкес келуі баллдарға мына жолмен айналдырады.




-3

-2

-1

0

+1

+2

+3

1

2

3

4

5

6

7




-3

-2

-1

0

+1

+2

+3

7

6

5

4

3

2

1

Егер кілтте жауап «+» белгісімен белгіленсе, бағанадағ бағалар (алымында) баллға айналдырады (бөлімінде): Егер кілтте жауап «-» белгісімен белгіленсе, онда олар да бағаларға айналдырылады. Баллдар қосылып, студенттің қандай уәжі басым екендігі анықталады. Егер 165 пен 210 арасында болса, жеңіске жету уәжі жеңіске ұмтылумен, ал 76 мен 164 арасында жеңілістен қашумен, ал 30 және 75 аралығындағы баллдар жеңіске жету мен жеңілістен қашу уәждерінің жоқтығымен анықталады.


4. Халық тәлімінің тарихи кезеңдері тақырыбына арналған сұрақ нұсқалары
Семинарлық сабаққа арналған сұрақ-тапсырмалар

  1. Этностар мәдениеті тарихын зерттеудегі қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарының өзара байланысын аңықта.

  2. Этностар мәдениетінің біркелкі дамымауы және ол жөніндегі әр түрлі көзқарастардың пайда болу себептерін айқындап бер.

  3. Этностар мәдениетін зерттеудегі басшылыққа алынатын әдіснамалық басты қағидалар қандай?

  4. Этностардың пайда болу заңдылықтарын саралап көрсет.

  5. Қазақ этносының пайда болу тарихының кезеңін ажырат.

  6. Қазақ атауының этимологиясы жөнінде не білесің?

  7. Қазақ халқы тәлімінің дәуірлік даму кезеңдерін сипатта.


Рефераттық тақырыптар

  1. Ұлт мәдениетін зерттеудегі тарих, археология, этнография ғылымдарының рөлі.

  2. Ұлт мәдениетінің ауыз әдебиеті үлгілері мен мифтік, діни көзқарастардан көрініс табуы.

  3. Қазақ атауының этимологиялық мәні және ол жөніндегі әр түрлі көзқарастар.


5. Қазақ этнопедагогикасының ғылыми-теориялық негіздері тақырыбына арналған сұрақ нұсқалары
Семинарлық сабаққа арналған сұрақ-тапсырмалар

  1. Халық педагогикасы туралы ғылымдардың көзқарастарындағы айырмашылықтарды көрсет.

  2. Салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар мен кәделер жөніндегі өз пікіріңді тұжырымдап бер.

  3. Ұлттық психологиялық құрылымның үш бөлігіне талдау жаса.

  4. Салт-дәстүрлердің халықтық тұрмыс-тіршілігіндегі жаңаруын өмірден мысал келтіре отырып сипатта.

  5. «Сегіз қырлы, бір сырлы» азамат тәрбиеленудің халықтық ұстанымдарын (шарттарын) талдап, ажырат.

  6. Қазақ халқының ұлттық ойлау ерекшеліктерінің (төрт түріне) талдау жаса.

  7. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогика қағидаларының идеялық үндестігін салыстыра талдап, ажыратып бер.


Рефераттық тақырыптар

  1. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі.

  2. Ұлттық салт-дәстүрлердің озығы мен тозығы.

  3. Ұлттық салт-дәстүрлер – ұрпақ тәрбиесінің пәрменді құралы.


6. Халық педагогикасы-этнопедагогиканың зерттеу нысаны тақырыбына арналған сұрақ нұсқалары
Семинарлық сабаққа арналған сұрақ-тапсырмалар

  1. Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде қалыптасуына қандай жағдайлар әсер етті?

  2. А. Байтұрсыновты қазақ этнолингвистикасының негізін қалаушы дегенді қалай дәлелдеген болар едің?

  3. Қазақтың этнопсихология ғылымының негізін қалаудағы Ж. Аймауытовтың рөлін айқыңыз.

  4. М. Жұмабаевты неге қазақ этнопедагогикасының теориялық негізін салушы дейміз?

  5. Н. Құлжанованың мектепке дейінгі тәрбие саласына сіңірген еңбектерін салалап танда.

  6. М. Дулатов пен Х. Досмұхамедовтың педагогикалық терминдер жасаудағы еңбектеріне талдау жаса.

  7. Кеңестік дәуірдегі қазақ этнопедагогикасының тоқырау және қайта өрлеу кезеңдерін атып, себептерін айқындап бер.


Рефераттық тақырыптар

  1. М. Жұмабаев және халық педагогикасы.

  2. Ж. Аймауытов және халық педагогикасы.

  3. Н. Құлжанова – мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы.

  4. А. Байтұрсынов және этнолингвистика ғылымы.


7. Халық педагогикасының бастау бұлағы тақырыбына арналған сұрақ нұсқалары
1) Семинарлық сабаққа арналған сұрақ-тапсырмалар

  1. Батыр-шешендер дегеніміз кімдер және оларды неге жаңа заманның иегерлері деп атайды?

  2. Қандай би-шешендерді және олардың нақыл сөздерін білесің?

  3. Шешендік сөздің құндылығы неде?

  4. Шешендік өнердің қандай ережесін білесің?

  5. Би-шешендердің тәлімдік қызметін қалай ұқтың?

  6. Шешендік өнер адамды неге үйретеді?


Рефераттық тақырыптар

  1. Шешендік өнер және ел басқару.

  2. Шешендердің кісілік қасиеттері.

  3. Шешен сөздің түп мақсаты.

  4. Біздің аймақтың би-шешендері.


2) Семинарлық сабаққа арналған сұрақ-тапсырмалар

  1. Ойын-сауықтың пайда болу себептері қандай?

  2. Ойын-сауықтың атқаратын қызметтері туралы не білесің?

  3. Ойынның түрлерін қалай сараптай аламыз?

  4. Өздерің ұлттық ойынның қандай түрлерін білесің?

  5. Өз ауылыңдағы мектептегі ұлттық ойынды өткізу дәстүрін баянда.

  6. Дене шынықтыру ойындарының қай түрін мектепте қалай пайдаланған болар еңді?


Рефераттық тақырыптар

  1. Ұлттық ойын-сауықтың қалыптасу шарттары.

  2. Ойын-сауық - өнердің түрі.

  3. Ойын-сауық және ойлану қабілетінің дамуы.

  4. Ойын-сауық – денсаулық кепілдігі.


8. Тұрмыс-салт дәстүрлері тақырыбына арналған сұрақ нұсқалары
Семинарлық сабаққа арналған сұрақ-тапсырмалар

  1. Киіз үйдің бөлшектерін атап, олардың атқаратын қызметтеріне сипаттама Бер.

  2. Киіз үйдің жасау-жиһаздарын атап шығып, олардың жасалу ерекшіліктер мен тұрмыстық қызметіне талдау жаса.

  3. Киіз үйдің жиһаздарында зергерлік өнерді пайдаланудың бір үлгісін жаса.

  4. Қазақтың ет және сүттен жасалатын тағамдарын ата.

  5. Қазақтын ет және сүт тағамдарын сақтау ерекшеліктеріне сипаттама бер.

  6. Ет және сүт тағамдарын әзірлеу технологиясының бір түрін іс жүзінде көрсет.

  7. Ұлттық киімдер мен ұлттық музыка аспаптары туралы баянда.

  8. Ұлттық киімдер мен ұлттық музыка аспаптарына сипаттама бер.

  9. Ұлттық киімдер мен ұлттық музыкалық аспаптарға зергерлік өнерді пайдаланудың бір үлгісін әзірле.


Рефераттық тақырыптар

  1. Киіз үй – қазақтын баспанасы.

  2. Ұлттық ою-өрнек үлгілерінің тәлімдік мәні.

  3. Ас – адамның арқауы.

  4. Зергерлік өнердің ұлттық тәлімдік және сәндік сипаты.

  5. Қазақтың музыкалық аспаптары және эстетикалық тәрбие.

  6. Ақын, сал-серілер – халықтың серкелері.

  7. Ақын – сөз бастар – қол бастар.

  8. Жарақты жауды жайратқан – сөз.


Тәжірибелік жұмыстар

  1. Киіз үйдің макетін жасап, құрылысына жеке-жеке сипаттама бер.

  2. Бас табақ, күйеу табақ, жерік асы табағының жасалуын сипатта.

  3. Қазақ отбасы тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктерін ата.

  4. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынастары туралы мақал-мәтелдерді тауып теріп жаз.

  5. Қазақ отбасындағы әке мен ананың рөлін салыстырып, өз тұжырымыңды білдір.

  6. Отбасы мүшелері орындауға тиісті он түрлі талапты айқындаңдар.

  7. Дәстүрдің озығы мен тозығын ажыратын, өз пікірлеріңді дәлелдеңдер.

  8. Қазіргі заман дәстүрлерінің бірін өткізудің сценарийін жасап кел.

  9. Қазақтың ұлттық тағамдары, ойындары, мақал-мәтелдерін (тұрмыс-салтпен байланысты) кім көп біледі деген жарыс өткізіңдер.

  10. Ұлттық киімдер мен зергерлік бұйым аттарын кім көп біледі деген жарыс ұйымдастырыңдар.


9. Қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлерін марапаттаудың әлеуметтік мәні тақырыбына арналған сұрақ нұсқалары
Семинарлық сабаққа арналған сұрақ-тапсырмалар

  1. Қазақ отбасына тән қандай дәстүрлер бар?

  2. Қазақ отбасы тәрбиесіндегі мәдени құндылықтарға нені жатқызар едің?

  3. Қазақ халқының ұл мен қыз тәрбиесін жеке-жеке қарастырудың мәні неде деп ойлайсын?

  4. «Үйлену оңай, үй болу қиын» деген мақалды қалай түсінесің?

  5. Ерте жастан отбасын құруға қалай қарайсын? Жауабыңды дәлелде.

  6. Отбасында кімнің сөзі шешуші болған жөн деп ойлайсың?

  7. Бар халыққа ортақ немесе жиі кездесетін салт-дәстүрлер бар мА? Олар қандай?

  8. Үйленумен байланысты қазақ және орыс халықтарының салт-дәстүрлері мен рәсімдерінде қандай ұқсастар мен айырмашылықтар бар?

  9. Тұлғаның толеранттық қасиеті дегенді қалай түсінесің?

  10. Көп ұлтты мемлекетте өмір сүрудің қандай ерекшеліктері бар? Саған ұнай ма?

  11. Жаңа заман тудырған қандай салт-дәстүрлерді білесің? Оның тәлімдік мәнін сипатта.

  12. Қазақ халқының қонақ күту рәсімдеріне қазіргі заман талаптары қандай өзгерістерді еңгізеді?

  13. Қонаққа шақырудың тәртібі (реті) қандай? Оған өзіңің сыни пікірінді білдір.

  14. Этностар мәдениетінің өсіп-өркендеуі үшін не қажет?

  15. Қазақстан халықтарының достығын нығайта түсу үшін не істеп жүрсің немесе не істер едің?

  16. Өзге ұлттардың қандай салт-дәстүрлері саған ұнайды және ол неліктен ұнайды?


Рефераттық тақырыптар

  1. Ата көрген оқ жонар.

  2. Қыз өссе – елдің көркі.

  3. Ары тазаның Жаны таза.

  4. Жан сақтама, ар сақта.

  5. Үйлену оңай, үй болу қиын.

  6. Тілі басқа, тілегі бір – отандастар.

  7. Әдлет - әдлет емес, жөн әдлет.

  8. Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар.

  9. Жастар және жаңа заман тудырған салт-дәстүрлер.

  10. Халықтар достығы – бейбітшіліктің кепілі.

  11. Ерлік тәрбиеден туады.

  12. Отан – оттан ыстық.


Отбасы тәрбиесімен байланысты шығармашылық тапсырмалар

- «Менің отбасым» атты тақырыпта ойтолғау жаз.

- «Заман және біз» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізіңдер.

- Жақсы әйел мен жақсы отағасының психологиялық портретін жасаңдар.

- Отбасында қақтығыссыз өмір сүру қағидаларын түзіңдер.

- «Ғасыр індеттері және жастар» атты тақырыпта плакаттар байқауын ұйымдастырыңдар.

- Бірнеше халықтың үйленуге, өлген адамды жерлеуге байланысты салт-дәстүрлеріне салыстырмалы түрде сипаттама беріңдер.

- «Қазіргі заманда кездесетін шаман дінінің қалдықтары» атты тақырыпта ой бөлісіңдер.

- «Ислам және жастар» атты тақырыпта баспасөз конференциясын өткізіңдер.

- Қонақ шақыруға арналған жадынама жасаңдар.

- Егер сен мектеп директоры болсаң оқушыларға төлқұжат тапсыру мерекесін қалай өткізетініңді әңгімелеп, жобасын жаса.
Студенттердің ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлық деңгейлерін анықтауға арналған сұрақтар


  1. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын білесің?

  2. Оларды кімнен естідің, қайдан тыңдадың және оқыдың?

  3. Ауыз әдебиетінің қандай жанрларын сүйесің?

  4. Қандай халық мақал-мәтелдерін жатқа білесің?

  5. Қандай ертегілерді білесің?

  6. Құрсақ тойы, «Жарыс қазан», шілдехана, сүйініш ұғымдарына түсінік беріңіздер.

  7. Бесік тойы қалай жасалады?

  8. Тұсау кесер тойы қалай жасалады?

  9. Сүндет тойы қалай жасалады?

  10. Атқа мінгізу тойы қалай жасалады?

  11. Ертедегі ұлы ойшылдар мен ғұлама-ғалымдардың есімдерін атаңыздар.

  12. Олардың қандай шығармаларын білесіңдер?

  13. Қазақтың эпостық шығармаларын атаңыздар.

  14. Сол жырларда қандай ізгілік қасиеттер баяндалады?

  15. Қазақтың ел қорғаған ұлтжанды батырларын және шешен-билерін атаңыздар.

  16. Олардың қандай адамдық қасиеттері сіздерге ұнайды?

  17. Қазақтың ақын-жырауларын атаңыздар.

  18. Олар өз шығармаларында қандай мәселелерді жырлаған?

  19. Қазақтың халықтық ұлт аспаптарын атаңыздар.

  20. Қазақтың халықтық ән-күйлерін атаңыздар.


Түйін
Арнайы дидактикалық жүйе анықтайтын, студенттің уәждік-тұлғалық қасиетінің қалыптасуына және студенттің ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлық саласында білім мен қабілеттерді өз бойына дарытуға бағытталған, болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын анықтай отырып, өзара байланысқан (уәждік, мазмұндық, технологиялық) үш құрамынан тұратын процессті, оның мақсаты, мазмұны, түрлері, әдістері және оқыту құралдары арқылы болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға болады.

Болашақ ұстаз мамандардың кәсіби даярлығының компоненті ретінде ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы бола алады. Осы оқу-әдістемелік құралда даралықтың тұрақты қасиеті ретінде ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығының жоғары оқу орнындағы болашақ ұстаздарды кәсіби даярлау барысында қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылады және оны қалыптастыруға болатындығына көз жеткізіледі. Болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыруға әсер ететін факторлар, тұлғалық қасиет ретінде ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы қалыптасуының тиімділігін арттыру үшін не істеу керектігі, яғни оны қалыптастырудың педагогикалық шарттары көрсетіледі.



Оқу-әдістемелік құралда болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыру мазмұны педагогикалық деонтологияның теориялық негіздеріне сүйеніп, халық педагогикасы, этнопедагогиканың теориялық негіздерімен, біліктерімен толықтырылса; болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие туралы білімдерін жан - жақты тереңдету және осы салада ізденіс, білік дағдыларын қалыптастыру мақсатымен оқу - әдістемелік кешені жасалынып, қолданылса және жоғары оқу орындарының оқу процесінде біртұтас педагогикалық процеске бағытталған оқытудың формалары мен әдістері, ғылыми ізденіс сипатындағы тапсырмалар, практикумдар осы тақырыптар төңірегінде қолданылса, онда болашақ ұстаздың ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығын қалыптастыру нәтижелілігі арта түседі, өйткені студенттер санасы ұлттық нақышта жетіліп, ұлттық тәлім-тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы қалыптасады деген болжамдауға болады.
Әдебиеттер


  1. Арынғазин Қ. М. Введение в смысловую педагогику / Монография. – Караганда : Изд-во КРУ, 2005. – 410 с.

  2. Әбдікәрімұлы Б. Профтехшкола и рынок. Монография. – Алматы : Ғылым, 1995. – 402 с.

  3. Каргин С.Т. Профессиональное взаимодействие в вузовском педагогическом процессе. – Караганда, 1999. – 223 с.

  4. Караев Ж. А. Педгогическая технология. – Алматы : РИК, 1999. – Б. 26-56.

  5. Кертаева К. М. Ұстаз қызметіндегі педагогикалық деонтология. – Алматы : Ғылым, 2002. – 222 б.

  6. Кертаева Ғ. М. Педагогикалық деонтологияның этнопедагогикамен сабақтастығы. Ұлт тағылымы, № 3/2003. – Б. 30-35.

  7. Кертаева К. М. «Рахат» мектебі : жаңа ғасырға – жаңа мектеп. – Павлодар, 2005. – 298 б.

  8. Кертаева К. М. Основы педагогической деонтологии. – Павлодар : Кереку, 2009. – Б. 10-20.

  9. Минжанов Н. А., Шаяхметова М. Н. Проблема образования в истории педагогической мысли Казахстана // Вестник КарГУ. серия Педагогика. – 2004. – № 3. – С. 161-166.

  10. Намазбаева Ж. М. Психология: оқулық / Ж. М. Намазбаева. – Алматы : Print – g, 2005. – 294 с.

  11. Шкутина Л. А. Профессиональная педагогика. – Караганда, 2002. - 240 с.

  12. Сластенин В. А. Формирование социально-активной личности учителя // Советская педагогика. – 1981. – С. 78-85.

  13. Пискунов А. И. Профессионально-педагогическая подготовка будущего учителя. // Советская педагогика. – 1985. – № 12. – С. 42-47.

  14. Левитан К. М. Педагогическая деонтология; Екатеринбург, 1999. – С. 8-15.

  15. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалімдерді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби дайындау. – Алматы : Нұрлы әлем, 2004. – Б. 77-85.

  16. Бөлеев Қ. Қазақ халқының этнопедагогикасы : оқу бағдарламасы. – Жамбыл, 1992. – 17 б.

  17. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты (оқушыларға мәдени-эстетикалық білім беру). – Алматы : Ана тілі, 1995. – 192 б.

  18. Наурызбаев Ж. Этнокультурное образование. – Алматы : Ғылым, 1997. – 152 с.

  19. Әбілова З. Этнопедагогика. – Алматы : ҚӘТУ, 1997. – 260 б.

  20. Әбілова З., Қалиева Қ. Этнопедагогика оқулығы. – Алматы : ҚазХҚ және ӘТУ, 1999. – 349 б.

  21. Халитова І. Р. Абай Құнанбаевтың мұрасын оқу-тәрбие процесіне енгізудің педагогикалық негіздері. – Алматы : РИК, 1997. – 151 б.

  22. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасы. – Алматы : Санат, 2001. – 320 б.

  23. Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы : Қазақ университеті, 1991. – 200 б.

  24. Елканов С.Б. Основы профессионального самовоспитания будущего учителя. Москва, Просвещение, 1989. – 189 б.

  25. Жумаханова Р.А. руководство по курсу «Этнопедагогика». – Алматы : КазГУ мировых языков, 1994. – 34 б.

  26. Асанов Ж. Болашақ мұғалімдерді этнопедагогикалық даярлығының теориясы мен практикасы. – Алматы : Ғылым, 1999. – 212 б.

  27. Сейталиев Қ. Тәрбие тоериясы. – Алматы: Мектеп, 1986. – 150 б.

  28. Әбдіғаппарова Ұ. М. Қазақ ұлттық ою-өрнек өнері. Арнайы курс бағдарламасы. – Алматы, 1997. – 22 б.

  29. Асылов Ұ., Нұсқанбайұлы Ж. Әдеп: инабаттылық дәрістері. – Алматы : Рауан, 1998. – 272 б.

  30. Бейсенбаева А. А. Теория и практика гуманизации школьного образования. – Алматы : Ғылым, 1998. – 225 б.

  31. Ахметова Г. Ұстаз – білім мен тәрбиенің ұйытқысы. // Қазақстан мектебі, 2001. – 21-24 б.

  32. Коменский Я. А. Великая дидактика. Избр.пед.соч. – М. : Учпедгиз, 1955. – 662 с.

  33. Песталоцци И. Г. Избранные педагогические сочинения. Т.2. – М.: АПН РСФСР, 1963. – 540 с.

  34. Дистервег Ф. А. Руководство к образованию немецких учителей. Избр.пед.соч. – М. : Учпедгиз, 1959. – 371 с.

  35. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы : Ана тілі, 1992. – 448 б.

  36. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы : Ана тілі, 1992. – 106 б.

  37. Досмұхамедов Х. Аламан. – Алматы : Ана тілі, 1991. – 176 б.

  38. Қалиев С., Оразаев М., Смаилова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы : Рауан, 1994. – 222 б.

  39. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан / Құрастырғандар Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. – Алматы : Кітап, 1992. – 196 б.

  40. Жарықбаев Қ. Б. Психология негіздері. – Алматы, 2005. – 439 б.

  41. Жарықбаев Қ., Қалиев С., Әбілова З. «Қазақ этнопедагогикасы» дәрісінің бағдарламасы. – Алматы : РБК, 1993. – 27 б.

  42. Жарықбаев К., Қалиев С. «Қазақ тәлім-тәрбие тарихы» дәстүрінің бағдарламасы. – Алматы : РБК, 1994. – 30 б.

  43. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. – Алматы : Қазақстан, 1996. – 160 б.

  44. Айталыұлы А. Ұлттану. – Алматы : Арыс, 2000. – 221 б.

  45. Құрсабаев М. «Атамакен» ұлттық ғылыми-тәлімдік, рухани-танымдық бағдарламасын оқу-тәрбие жұмыстарында жүзеге асырудың этнопедагогикалық-этнопсихологиялық мәселелері. – Алматы, 1993. – 110 б.

  46. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы. – Алматы : Кәусар бұлақ, 1994. – 32 б.

  47. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы : Ғылым, 1973. – 251 б.

  48. Әл-Фараби. Әлеуметтік-эстетикалық трактаттар. – Алматы : Ғылым, 1975. – 163 б.

  49. Қорқыт ата кітабы / Аударған Ә. Қоңыратбаев және Б. Байділдаев. – Алматы : Жазушы, 1986. – 128 б.

  50. Қорқыт ата / Аударған Ә. Дербісалин. – Алматы : Қазақстан, 1993. – 108 б.

  51. Қашқари М. Түбі бір түркі тілі. – Алматы : Ана тілі, 1993. – 125 б.

  52. Баласағұни Ж. Құтты білік. – Алматы : Жазушы, 1987. – 301 б.

  53. Алтынсарин Ы. Мұсылмандықтың тұтқасы. – Алматы : Қазақстан, 1993. – 46 б.

  54. Абай және қазіргі заман. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 336 б.

  55. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. Жауапты редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы : Ғылым, 1995. – 114 б.

  56. Уәлиханов Ш. Таңдамалы. – Алматы : Жазушы, 1986. – 560 б.

  57. Әлімбаев М. Халық-ғажап тәлімгер. – Алматы : Рауан, 1994. – 141 б.

  58. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының тарихы. – Алматы : Білім, 1999. – 153 б.

  59. Ушинский К. Д. Педагогические сочинения: В 6 т. Т.2. / Составитель С.Ф.Егоров. – М. : Педагогика, 1988. – 416 с.

  60. Қалиев С. Халық педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі. – Алматы : Мектеп, 1987. – 89 б.

  61. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. – Алматы: Рауан, 1998. – 128 б.

  62. Қалиев С., Аюбай Қ. Қазақтардың тәлімдік ойлар антологиясы. – Алматы, Қарасөз тағылымы, 2007. – 415 б.

  63. Қалиев С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. – Алматы, Рауан, 1994. – 222 б.

  64. Қожахметова К. Ж. Халықтық педагогиканы зерттеудің кейбір ғылыми және теориялық мәселелері. – Алматы : РБК, 1993. – 16 б.

  65. Қожахметова К. Ж. Мектептің ұлттық тәрбие жүйесі: теория және практика. – Алматы : РБК, 1997. – 141 б.

  66. Қожахметова К. Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. – Алматы : Ғылым, 1998. – 317 с.

  67. Есім Ғ. Сана болмысы. – Алматы : Ғылым, 1994. – 235 б.

  68. Есім Ғ. Қазақ философиясының тарихы. – Алматы : Қазақ университеті, 2006. – 214 б.

  69. Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы. – Алматы : Жалын, 1992. – 251 б.

  70. Бабанский Ю. К. и др. Педагогика. – М. : Просвещение, 1998. – 553 с.

  71. Харламов И. Ф. Педагогика. – М. : Высшая школа, 1999. – 512 с.

  72. Архангельский С. И. Лекции по научной организации учебного процесса в высшей шклое. – М. : Высшая школа, 1976. – 199 с.

  73. Смирнов В. И. Общая педагогика. – М. : Логос, 2003. – 302 с.

  74. Лихачев Б. Педагогика. Курс лекций. – М. : Прометей, 1998. – 464 с.

  75. Климов Е. А. Основы психологии, практикум. – М. : Юнити, 1999. – 175 с.

  76. Немов Р. С. Практическая психология, пособие для учащихся. – М. : Владос, 2002. – 318 с.

  77. Немов Р. С. Психология, Книга 3, Психодиагностика. – М. : Владос, 2003. – 630 б.

  78. Бордовская Н. В., Реан А. А. Педагогика. – М. : Питер, 2006. – 297 б.

  79. Сейітқазы П. Ұрпақ тәрбиесінің кейбір мәселелері, Ұлт тағылымы, № 1/2003. – Б. 8-11.

  80. Новоселов С. А., Шкутина Л. А., Егоров В. В. Творческий компонент профессиональной подготовки педагога профессионального обучения. – Киров, 2001. – 303 с.

  81. Хмель Н. Д. Теория и технология реализации целостного педагогического процесса : учебное пособие. – Алматы : АГУ им. Абая, 2002. – 90 с.

  82. Безрукова В. С. Педагогика. Проективная педагогика. – Екатеринбург : Деловая книга, 1996. – 344 с.

  83. Беспалько В. П. Педагогика и прогрессивные технологии обучения. – М. : ИПМО, 1995. – 210 с.

  84. Беспалько В. П., Татур Ю. Г. Системно-методическое обеспечение учебно - воспитательного процесса подготовки специалистов. – М. : Высшая школа, 1989. –144 с.

  85. Борисова Н.В Образовательные технологии как объект педагогического выбора. – М. : Аспект Пресс, 2000. – 121 с.

  86. Образцов П. И. Психолого-педагогическое исследование: методология, методы, методика. – Орел, 2003. – 295 с.

  87. Чернилевский Д. В. Дидактические технологии в высшей школе : учеб. пособие для вузов. – М. : ЮНИТИ-ДАНА, 2002. – 437 с.

Мазмұны





Кіріспе .................................................................................................

3

1

Педагогикалық деонтология ұғымы ................................................

6

2

Ұстаздың кәсіби парызы ...................................................................

16

3

Ұстаздың деонтологиялық даярлығы ...........................................

20

4

Ұлттық тәлім-тәрбие .......................................................................

28

5

Қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесінің ерекшелігі................

29

6

Ұлттық сана-сезім ...........................................................................

48

6.1

Ұлттық тәлім-тәрбие берудің әлеуметтік қажеттіліктері..............

50

6.2

Ұлттық тәрбие мен ана тілдің байланысы ......................................

56

7

Ұстаздардың ұлттық тәрбие беруге деонтологиялық даярлығы...

66

7.1

Ұстаздардың ұлттық тәрбие беруге деонтологиялық даярлығының алғышарттары .........................................................

68


8

Ұстаздардың ұлттық тәрбие беруде деонтологиялық даярлығын қалыптастыру әдістемесі......................................... …….……….

90





Тапсырмалар .......................................................................................

105




Түйін ....................................................................................................

125




Әдебиеттер ..........................................................................................

126

К. М. Кертаева, Д. Д. Есімова



ҰСТАЗДЫҢ ҰЛТТЫҚ ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУГЕ ДЕОНТОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҒЫ
Педагогикалық мамандықтар студенттеріне

арналған оқу-әдістемелік құралы


Павлодар



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет