Д. Серікбаев атындағы вкгту шқмту им. Д



жүктеу 266.25 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі266.25 Kb.
: files -> MethodBook
MethodBook -> 1.Әбішев К. А. Философия А., 2006ж. Бөрібаев Т.Қ. Ұлт менталиенті. А.,2002ж
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070500 Математикалық және компьютерліқ улгілеу Оқу түрі: күндізгі Өскемен Усть-Каменогорск 2013
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Жылу техникасы
MethodBook -> Д. Серікбаев атындағы ШҚмту «Көлік және логистика» кафедрасы
MethodBook -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
MethodBook -> «Жалпы инженерлік пәндер» кафедрасы, машинажасау және көлік факультеті
MethodBook -> Ф1 и вкгту 701. 01-01-1-2011
MethodBook -> Ғылым философиясы және тарихы
MethodBook -> Дәріс сабағының құрылымы: Дәріс №1,2 Тақырып




Д.СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф2 Н ШҚМТУ 701.01-01-1-2011

Сапа менеджмент жүйесі

Силлабус

(студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы)


бет 13дан




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

ТКМФ факультетінің деканы


_____________Адрышев А.К.

___________________2011 ж.


ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ҮРДІСТЕР ЖӘНЕ АППАРАТТАР

Силлабус
ТЕХНОЛОГИЧЕСКИЕ ПРОЦЕССЫ И АППАРАТЫ

Силлабус


Мамандық: 5В0709 «Металлургия»

Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3

Семестр: 6



Кредит саны: 3

Сағат саны: 135

Дәрістер 30

Зертханалық сабақтар: 15

СОӨЖ: 45

СӨЖ: 45


Емтихан: 3 семестр

Өскемен


Усть-Каменогорск

2011


Силлабус Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Химия, металлургия және байыту» кафедрасында дайындалып 5В0709 – «Металлургия» мамандығындағы студенттерге арналған.

«Химия, металлургия және байыту» кафедрасы отырысында талқыланды


Кафедра меңгерушісі Н.А. Куленова
№____ хаттама ____________________ж.

Тау-кен металлургия факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төраға Н.А. Нұрбаева
№____ хаттама ______________________ж.

Дайындады


оқытушы Ж.С. Оналбаева

Норма бақылаушы А.Е. Касенова

ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТ ЖӘНЕ СОҒАН БАЙЛАНЫСТЫ АҚПАРАТ
«Химия, металлургия және байыту» кафедрасы, тау-кен металлургия факультеті

(Г-1-411 дәрісх.)

Пән жүргізетін оқытушы: Ж.С. Оналбаева, оқытушы.

Жұмыс телефоны: 540-911

Дәрісханалық сағат және консультацияға арналған уақыт: сабақ кестесі және оқытушының жұмыс кестесі бойынша.

1. ПӘНГЕ СИПАТТАМА, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


1.1 ОҚЫЛАТЫН ПӘНГЕ СИПАТТАМА
Қазіргі кезде металлургия жылу алмасу, масса алмасу, гидромеханиканың функционалдық негізделген күрделі технологиялық үрдістермен тығыз байланысты.

Қолданылып жүрген технологиялық үрдістер және металлургиядағы жасалып жатқан инновациялық технологиялар ұсынылып отырған инженерлік шешімдермен қатар қажетті металлургиялық жабдықтармен қамтамасыз етілген жағдайда өндіріске табысты түрде енгізіледі.

«Технологиялық үрдістер және аппараттар» пәні 5В0709 мамандығының үшінші курс студенттері үшін жалпы инженерлік болып табылады. Зертханалық – тәжірибелік сағаттар эмпирикалық тәуелділіктерді гидромеханиканың, масса- және жылуалмасудың аналитикалық дифференциалдық теңдеулерімен сауатты байланыстыра отырып, теориялық материалды толығымен бекітуге көмектеседі.

Толығымен алғанда, «Технологиялық үрдістер және аппараттар» пәні студенттерге қолданыстағы және жоспарлардағы технологиялық сұлбалар мен металлургиялық құрылғыларға ғылыми-тәжірибелік тұрғыдан қарауға мүмкіндік туғызады.

«Технологиялық үрдістер және аппараттар» пәні қағаз және электрондық тасымалдауыштарда бар көрнекі құралдармен қатар әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілген.

1.2 Пәнді оқытудағы мақсат
Студенттерге технологиялық сұлба мен жабдықтарды таңдау кезінде гидродинамика, жылу- және массаалмасу үрдістерінің маңыздылығын көрсету.
1.3. Пәнді оқытудың міндеттері
1) Гидродинамика, жылу- және массаалмасу заңдарын металлургиялық гидро- және пиросұлбаларға келтіріп оқыту;

2) Халықаралық өлшемдер жүйесінің (СИ) метрологиялық талаптарын ескере отырып, кестелермен, номограммалармен, техникалық анықтамалармен жұмыс істеп үйрету.


1.4 Пререквизиттар
«Технологиялық үрдістер және аппараттар» пәнін оқу үшін «Физикалық химия», «Металлургиялық үрдістер теориясы», «Жалпы метталлургия» пәндерінен алынған білімдері қажет.

1.5 Постреквизиттар
Бұл курстан алынған білім металлургияның арнайы пәндерінің бағдарламасын меңгеруге және курстық жобалармен қатар дипломдық жобаны орындау кезінде қажет.

2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ


2.1 Тақырыптық жоспар


Тақырып атауы, оның мазмұны

Көп еңбекті қажет ететін пән, сағат

Ұсынылған әдебиеттер

1

2

3

Дәрістік сабақтар

Тақырып 1. Кіріспе. Металдарды тазалау, алу және бөлу металлургиясында гидро- және пирометаллургиялық сұлбаларды таңдауда гидромеханикалық, жылуалмасу және массаалмасу үрдістерінің рөлі.

2

[1], [2], [3]

Тақырып 2. Негізгі металлургиялық процестер. Металлургиядағы жылулық және материалдық баланстарды есептеудің жалпы формулалары

1

[2], [3]

Тақырып 3. Қолданбалы гидромеханиканың негіздері. Паскаль және Бернулли заңдарын вакуумдық металлургиядағы барометриялық металөткізгіштерді есептеуге және сұйық және газдарды тасымалдау кезінде құрылғыны таңдауға қолдану

2

[12] II бөлім

Тақырып 4. Гидродинамиканың дифференциалдық теңдеуі. Гидродинамикалық ұқсастықтар. Металлургиялық үрдістер мен құрылғыларды модельдеу кезіндегі критериалдық теңдеулер

2

[10] I бөлім

[14] 1, 5 бөлім




Тақырып 5. Жылуалмасу процестері. Жылуөтгізгіштік, жылуберу, жылу алмасудың негізгі теңдеулері. Жылу алмасудың қозғаушы күші. Металлургиялық үрдістердің жылулық баланстары

2

[12] 7, 9 бөлімдер

Тақырып 6. Конвекциялық жылуалмасу үрдістерінде температура және ағым жылдамдықтарының таралуы (дифференциалдық теңдеу). Жылулық ұқсастық критерийлері (Нуссельт, Пекле, Фурье, Прандтль, Био). Жабдықтарды және технологиялық сұлбаларды таңдауда жылулық үрдістерді модельдеу

2

[12] 7, 9 бөлімдер

[14] 4 бөлім



Тақырып 7. Массаалмасу үрдістері. Молекулярлық диффузия, массақайтарым және массаберу үрдістерінің қозғаушы күші. Массаалмасу құрылғыларының негізгі өлшемдерін есептеу

2

[12] 10, 16 бөлімдер

[22] 9 бөлімдер




Тақырып 8. Металдарды тазарту және бөлу дәрежелерін конденсацияланған жүйелерде (ликвация) фазалық тепе-теңдік диаграммасы бойынша графо-аналитикалық тәсілмен есептеу

2

[12] 11, 12 бөлімдер

[14] 6-10 бөлімдер




Тақырып 9. Металдарды тазарту және бөлу дәрежелерін сұйық – бу (айдау) фазалық тепе-теңдік диаграммасы бойынша графо-аналитикалық тәсілмен есептеу

2

[13] 3 бөлімдер


Тақырып 10. Экстракция процестерінің материалдық балансы, сұйықтықты экстракция

2

[10] 9 бөлім


Тақырып 11. Ерітінділеу процесінің материалдық балансы, қажетті құрылғыларды таңдау

1

[10] 8 бөлім


Тақырып 12. Төменгі сортты мырыш концентраттарын ҚҚ пешінде күйдірудің теориялық және тәжірибелік негіздері

2

[14] 3 тарау


Тақырып 13. Түсті металлургияның шаң аулау құрылғыларына жалпы шолу, жұмыс істеу принциптері

4

[14] 10 тарау


Тақырып 14. Түсті металлургияның жартылай өнімдерін және қалдықтарын кәдеге асыру

4

[14] 11 тарау


Зертханалық сабақтар

Тақырып 1. Зертханадағы қауіпсіздік техникасының ережелері.

1

[35]

Тақырып 2. Техникалық және тура өлшеулер кезіндегі метрологиялық сипаттамалар

1

[33] 1 бөлім


Тақырып 3. Техникалық гидравлика

2

[33] 4-5 бөлімдер

Тақырып 4. Металдарды бөлудегі вакуумды металлургиядағы барометриялық металөткізгіштер

2

[33] 4 бөлім

[15] 1 бөлім




Тақырып 5. Жылуалмасу процестерін зерттеу. Еркін және мәжбүрлі конвекция кезінде жылуқайтарым коэффициентін анықтау

4

[33] 10 бөлім


Тақырып 6. Массаалмасу процестерін зерттеу. Металдарды ликвациямен бөлу. Фазалық диаграммалар бойынша ликвацияның эксперименттік температураларын анықтау

2

[12] 10-16 бөлімдер


Тақырып 7. Массаалмасу процестерін зерттеу. Айдау. Күй диаграммалары бойынша тазарту дәрежесін анықтау

2

[12] 13 бөлім


Тақырып 8. Массаалмасу процестерін зерттеу. Экстракция. Экстракция сатыларын, бөлу дәрежесін анықтау.

1

[12] 16 бөлім


Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы

Тақырып 1. Түсті металлургияның арнайы терминдер сөздігімен жұмыс істеу (апта сайын 1 сағат)

15

[34]


Тақырып 2. Қолданбалы гидравлика негіздері. Металлургиялық құрылғыларды таңдау кезінде гидравлика сұрақтарын қарастыру

2

[32] 13 бөлім

[12] 3 бөлім




Тақырып 3. Қолданбалы гидравлика негіздері. Металлургиядағы қысымда және температураны өлшеу құралдары.

2

[32] 13 бөлім

[12] 3 бөлім



Тақырып 4. Қолданбалы гидравлика негіздері. Гидромеханикалық үрдістерді модельдеу

2

[32] 13 бөлім

[12] 3 бөлім



Тақырып 5. Металлургиядағы жылуалмасу. Жылуалмасу құрылғыларын таңдауда және металлургиялық үрдістердің жылулық баланстарын есептеуде жылуалмасу негіздерін бекіту

4

[12] 7-9 бөлім

[31] 1 бөлім



Тақырып 6. Металлургиядағы массаалмасу үрдістері. Масса алмасу құрылғыларының негізгі өлшемдерін есептеу

2

[12] 7-9 бөлім

[31] 1 бөлім



Тақырып 7. Абсорбция, абсорбциялық құрылғылар сұлбасы

1

[12] 10-16 бөлім

[14] 6-10 бөлім



Тақырып 8. Адсорбция. Адсорбенттерді сипаттамасы. Ионалмасу үрдістері.

2

[12] 10-16 бөлім

[14] 6-10 бөлім



Тақырып 9. Ерітінді және балқымалардан кристалдау. Металдарды ликвациямен бөлу және тазарту. Металлургиялық жүйелердің күй диаграммалары бойынша графоаналитикалық есептеулер

4

[12] 10-16 бөлім

[14] 6-10 бөлім



Тақырып 10. Сұйық – бу екі фазалық жүйелердің сипаттамасы. Металлургиялық жүйелердің күй диаграммалары бойынша графоаналитикалық есептеулер

4

[12] 10-16 бөлім


Тақырып 11. «Қатты – сұйық» жүйелеріндегі экстракция үрдістері – ерітінділеу және сұйық экстракция. Сұйық экстракцияны есептеудің графоаналитикалық әдісі

4

[12] 10-16 бөлім


Тақырып 12. Түсті металлургиядағы негізгі үрдістер. ҚҚ пештерін төменгі сортты мырыш концентраттарын түйіршіктеу үрдісінде қолдану

1

[14] 9 бөлім


Тақырып 13. Түсті металлургияда үрдістерді кешенді қолдану

2

[14] 10 бөлім




2.2 Өздік жұмыс тапсырмалары (СӨЖ)



Тақырып

Тапсырманың мазмұны және мақсаты

Ұсынылатын әдебиеттер

Дайындау мерзімі

Бақылау түрі

Тапсыру уақыты

1

2

3

4

5

6

Металлургия бойынша арнайы терминдермен жұмыс істеу

Лексиконды металлургиядағы кәсіби терминдермен толықтыру

[34]


Семестр бойы

Семестр аяғында тестілеу өткізу

Семестраяғында




1

2

3

4

5

6

Металлургиядағы техникалық гидравлика негіздері

Техникалық гидравликаның үрдістері мен құрылғыларының физикалық мәнін бекіту

[12]

[13]



2, 3, 5 апталар

Баяндама жасау

3, 4, 6 апталар

Металлургиядағы жылуалмасу негіздері

Металлургиядағы жылуалмасу сұрақтары бойынша анықтамалар, сөздіктер, номограммалар, диаграммалармен жұмыс істеп үйрену

[12]

[14]


[22]



7-10 апталар

Есептер тексеру

7-10 апталар

Металлургиядағы массаалмасу негіздері

Массаалмасу сұрақтары бойынша арнайы әдебиетпен жұмыс жасау

[12]

[14]


[13]


11-15 апталар

Тестілеу

11-15 апталар



    1. Пән тапсырмаларының орындалу және тапсыру кестесі




Бақылау түрі

Оқудың академиялық кезеңі, апта

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

Сабаққа қатысу

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Дәріс конспектісі




























*













*

Ауызша сұрау

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

*

Коллоквиум



















*



















*




Тестілеу










*
















*













*

Баяндама










*










*






















Аралық тестілеу



















*






















*



  1. ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




  1. Негізге әдебиеттер

1. Дытнерский Ю.И. Процессы и аппараты химической технологии – М.: Химия, 1992

2. Иоффе И.Л. Проектирование процессов и аппаратов химической технологии – Л.: Химия, 1991

3. Руководство к практическим занятиям в лаборатории процессов и аппаратов химической технологии /под ред. Романкова П.Г. – Л.: Химия, 1990

4. Витков Г.А. и др. Гидродинамика и теплообмен в химической технологии – Тверь:ТПИ, 1992

5. Янков В.И. и др. Гидродинамика и теплообмен в химической технологии – М.: Наука, 1994

6. Испирян Р.А., Клингер А.В. Тепло и массообмен в химико-технологических процессах – Тверь:ТПИ, 1991

7. Васильев Ю.Н. и др. Новые теплообменники – М.: Недра, 1994

8. Лесохин Е.И., Рашковский П.В. Теплообменники – конденсаторы в процессах химической технологии: моделирование, расчет, управление – Л.: Химия, 1990

9. Романков П.Г., Фролов В.Ф. Массообменные процессы химической технологии – Л.: Химия,1990

10. Касаткин А.Г. Основные процессы и аппараты химической технологии – М.: Химия, 1973

11. Основные процессы и аппараты химической технологии. Пособие по проектированию /под ред. Ю.И. Дытнерского – М.: Химия, 1983

12. Павлов К.Ф., Романков В.Г., Носков А.А. Примеры и задачи по курсу процессов и аппаратов химической технологии –Л.: Химия, 1987

13. Гельперин Н.И. Процессы и аппараты химической технологии. Ч.1,2 –М.: Химия, 1981

14. Набойченко Н.Н., Агеев Н.Г., Дорошкевич А.П.. Процессы и аппараты цветной металлургии, Екатеринбург, 1997


  1. Қосымша әдебиеттер

15. Тимонин А.С. Конструирование и расчет выпарных и кристаллизационных аппаратов –М.: МИХМ, 1989

16. Киприанов А.И. Процессы и аппараты химико-механической технологии. Массообменные процессы –Л.: ЛТА, 1991

17. Кобахидзе В.В. Тепловая работа и конструкции печей цветной металлургии. Учебник для ВУЗов – М.: МИСИС, 1994

18. Егоров А.В. Расчет мощности и параметров электроплавильных печей – М.: МИСИС, 2000

19. Процессы и аппараты химической технологии /под ред. Фельдмана –Л.-Талин:ТТУ, 1987

20. Процессы и аппараты химичекой технологии: лабораторный практикум /под ред. Ершова А.И. – Минск: Университетское, 1988

21. Тябин Н.В., Кондакова Л.А. и др. Процессы и аппараты химическоц технологии: лабораторный практикум. Учебное пособие – Волгоград, 1987

22. Бурмистров Г.Н. Материаловедение для футеровщиков-каменщиков и огнеупорщиков. Учебник. 3-е изд. – М.: Стройиздат, 1995

23. Кривандин В.А. и др. Металлургическая теплотехника. В 2-х томах. –М.: Металлургия, 1986

24. Багров О.Н. Испарительное охлаждение печей в цветной металлургии –М.: Металлургия, 1979

25. Микулинский А.С. Определение параметров руднотермических печей на основе теории подобия –Л.: Энергия, 1986

26. Краснощеков Е.А., Сукомел А.С. Задачник по теплопередаче – М.: Энергия, 1969

27. Лабораторный практикум по термодинамике и теплопередаче /под ред. В.И. Крутова, Е.В. Шишова – М.: Высшая школа, 1988

28. Грошев М.В. Основы расчета промышленных печей –Киев: Государственное издательство технической литературы УССР, 1954

29. Теплоэнергетика и теплотехника. Общие вопросы. Справочник /под ред. В.А. Григорьева –М.: Энергия, 1980

30. Сучков В.Д. Теплофизические величины. Справочные данные для проетирования металлургических печей –М., 1963

31. Атлас. Металлургические печи., 1988

32. Тепло и массообмен. Теплотехнический эксперимент. Справочник /под ред. В.А. Григорьева –М.: Энергоиздат, 1980

33. Кипарисов С.С., Падалко О.В. Оборудование предприятий порошковой металлургии –М.: Металлургия, 1988

34. Реутова Г.А., Тогузов М.З. Толклвый словарь «Спецтермины цветной металлургии» -Усть-Каменогорск: ВКГТУ, 2007

35. Инструкция по технике безопасности в методических указаниях к лабораторным работам. ВКГТУ, 2005

4 БІЛІМДІ БАҒАЛАУ
4.1 Оқытушы талаптары
Оқытушы талаптары:


  • Сабақ кестесіндегі дәрістік және тәжірибелік сабақтарға қатысу міндетті;

  • студенттердің қатысылуы сабақтың басында тексеріледі. Кешіккен жағдайда студент тыныш дәрісханаға кіріп, жұмысқа кірісуі қажет, ал үзілісте оқытушыға кешігу себебін түсіндіру қажет;

  • сабаққа екі рет кешігу бір рет сабақтан қалғанмен тең;

  • балмен есептелетін жұмыстарды бекітілген мерзімде тапсыру қажет. Жұмыс уақтылы тапсырылмаса қойылатын балл төмендейді. Барлық тапсырманы тапсырмаған студенттер емтиханға кіргізілмейді;

  • қанағаттанарлық деген баға алған студентке аралық бақылауды қайталап өтуге рұқсат берілмейді;

  • орташа рейтингі Рср = (Р1 + Р2)/2 50% кем, студенттер емтиханға енгізілмейді;

  • сабақ барысында ұялы телефондар сөндірулі болу керек;

  • студент сабаққа іскерлік киімімен келу қажет.



4.2 Баға критериі
Барлық тапсырма түрлері 100-балдық жүйемен бағаланады.

Ағымдағы бақылау апта сайын өткізіледі және оның ішіне дәрістерге қатысуды, тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарды орындау кіреді.

Білімді ағымдағы бақылау тест түрінде семестрдің 7 және 15 апталарында өткізіледі. Рейтинг келесі бақылау түрлерінен жиналады:

Аттестациялау кезеңі

Бақылау түрі, меншікті салмақ, %

Қатысу

Конспекті дәрістер

Ауызша сұрау

Коллоквиум

тестілеу

баяндама

Ағымдағы тестілеу

Барлығы

Рейтинг 1

15

5

10

10

20

10

40

100

Рейтинг 2

15

5

10

10

20

-

40

100

Емтихан емтихандық сессия кезінде тест түрінде өтеді.

Пәннен студент білімінің қорытынды бағасын құрайтындар:

- 40% қорытындысы, емтиханнан алынған баға;

- 60% қорытындысы ағымдағы үлгерім.

Қорытынды баға есебінің формуласы:


, (1)
мұнда Р1, Р2 – бірінші, екінші рейтингтің бағасына сандық эквивалент сәйкесінше;

Э – емтихандағы бағаның сандық эквиваленті.


Қорытынды әріптік баға және балл түріндегі сандық эквивалент:


Әріп жүйесіндегі баға

Баллдың сандық эквиваленті

Пайыздық түрі, %

Дәстүрлі жүйедегі баға

А

4,0

95–100

өте жақсы

А–

3,67

90–94

В+

3,33

85–89

жақсы

В

3,0

80–84

В–

2,67

75–79

С+

2,33

70–74

қанағаттанарлық

С

2,0

65–69

С–

1,67

60–64

D+

1,33

55–59

D

1,0

50–54

F

0

0–49

қанағатсыздандырылған


4.3 Қорытынды бақылауға арналған мәлімет
Емтиханға дайындық ретіндегі бақылау сұрақтары

1 Технологиялық сұлбаларды және жабдықтарды таңдау кезіндегі термодинамиканың негіздері

1.1 Металлургиялық сұлбалардағы жылулық құрылғылардың максималдық пайдалы жұмысын анықтайтын негізгі термодинамикалық функциялар

1.2 Үрдісті оңтайландыратын жұмыс параметрлерін таңдауда және металлургиялық реакциялардың материалдық және жылулық баланстарын есептеудегі химиялық термодинамика негіздері

2 Технологиялық үрдістер және аппараттарды есептеу үшін қолданбалы гидравликаның жалпы сұрақтары

2.1 Гидростатика. Гидростатиканың негізгі теңдеуінің тәжірибелік мәні

2.2 Гидродинамика. Сұйық және газдар механикасы. Негізгі және қосымша жабдықтардың металлургиялық сұлбасында сұйық және газдың қозғалысын бағалау кезіндегі гидродинамиканың негізгі теңдеулері. Арындар және олардың өлшемдері

2.3 Сұйықтардағы денелер қозғалысы. Газдардың кесектелген материалдар және балқымалар арасынан қозғалысы. Қозғалыстағы материалдар бойынша құрылғылардың өткізу қасиеттерін есептеу

2.4 Гидродинамикалық ұқсастық. Металлургиялық үрдістер және аппараттарды модельдеу кезіндегі критериалдық теңдеулер

2.5 Критериалдық теңдеулерді қолдана отырып берілген жылдамдықпен сұйықтың (газдың) қозғалысы үшін қажетті қысымды есептеу

2.6 Сұйық ортада араластыру және біртексіз жүйелерді бөлу

3. Массаалмасу үрдістері

3.1 Массақайтарым үрдістерінің қозғаушы күші. Массаалмасу аппараттарының негізгі өлшемдерін есептеу

3.2 Абсорбция. Абсорберлерді есептеу. Абсорбциялық аппараттардың сұлбасы

3.3 Адсорбция. Адсорбенттер сипаттамасы. Ионалмасу үрдістері

3.4 Сұйықтарды (балқымаларды) қайта айдау. Сұйық – бу екі фазалық жүйелерінің сипаттамасы. Жай айдау және оның аранйы түрлері.

3.5 Ерітінді және балқымалардан кристалдау. Металдарды ликвациямен бөлу және тазарту. Аймақтық кристалдау. Материалдық баланс.

Конденсацияланған жүйелердегі фазалық тепе-теңдік. Металлургиялық жүйелердің күй диаграммалары бойынша графоаналитикалық есептеулер

3.6 «Қатты – сұйық» жүйелеріндегі экстракция процестері – ерітінділеу және сұйықтықты экстракция. Сұйықтықты экстракцияны есептеудің графоаналитикалық әдісі

4 Жылуалмасу үрдістері

4.1 Жылуқайтарым үрдістерінің қозғаушы күші. Жылуалмасу аппараттарының негізгі өлшемдерін есептеу

4.2 Жылулық ұқсастық. Жылуалмасу үрдістерін модельдеу кезіндегі жылулық ұқсастықтың критериалдық теңдеулері

4.3 Металлургиялық үрдістердің жылулық баланстары
Емтихандық тестілеу сұрақтары (типтік нұсқа)
1 Жылдамдығы химиялық кинетика заңдарымен анықталатын процестер

A) Жылулық B) Гидромеханикалық C) Диффузиялық D) Механикалық E) Реакциялық


2 Қатты денелер механикасының заңдарымен анықталатын процестер

A) Жылулық B) Гидромеханикалық C) Диффузиялық D) Механикалық E) Реакциялық


3 шаманы қалай атайды

А) Пьезометриялық арын В) Динамикалық арын С) Кинематикалық арын

D) Жойылу арыны Е) Толық гидродинамикалық арын
4 Бернулли теңдеуі

А) В) C)

D) Е) P=P0 + ρg(z0-z)
5 Қай кезде сұйықтың ламинарлы ағу режимі байқалады

А) Re>10000 В) Re=2300 C) Re<2300 D) Re<100 Е) 2300
6 Қай кезде сұйықтың тұрақталған турбулентті ағу режимі байқалады

А) Re>10000 В) Re=2300 C) Re<2300 D) Re<10000 Е) 2300
7 Ағындық сорғылар қай сорғылар тобына жатады?

А) қалақшалы (лопастные) сорғыларға В) үйкеліс сорғыларына

C) көлемдік сорғыларға D) центрге тарту сорғыларына Е) осьтік сорғыларға
8 Жылжитын сұйықтың қысымын көтеріп двигательдің механикалық энергиясын сұйық энергиясына айналдыратын гидравликалық машина

А) Желдеткіш В) Сорғы С) Газ үрлеуіш D) Компрессор Е) Монтежю


9 Компрессорлық машиналардың сығылу дәрежесі – бұл

А) Газдардың сорылуы болатын бастапқы қысымның компрессорлық машиналар тудыратын соңғы қысымға қатынасы

В) Компрессорлық машиналар тудыратын соңғы қысымның газдардың сорылуы болатын бастапқы қысымға қатынасы

С) Газдардың айдалуы болатын бастапқы қысымның компрессорлық машиналар тудыратын соңғы қысымға қатынасы

D) Компрессорлық машиналар тудыратын соңғы қысымның газдардың айдалуы болатын бастапқы қысымға қатынасы

Е) Компрессорлық машиналар тудыратын бастапқы қысымның газдардың сорылуы болатын соңғы қысымға қатынасы


10 Жоғарғы қысым тудыратын компрессорлық машиналар

А) Газүрлеуіштер В) Компрессорлар С) Желдеткіштер D) Вакуум сорғылар

Е) Центрге тартқыш сорғылар
11 Сұйықтан және онда таралған басқа сұйық тамшыларынан құралатын біртексіз жүйе

A) Суспензия B) Эмульсия C) Көбік D) Түтін E) Шаң


12 Сұйықтан және онда таралған газ көпіршіктерінен құралатын біртексіз жүйе

A) Суспензия B) Эмульсия C) Көбік D) Түтін E) Шаң


13 Балқыту және күйдіру пештерінің бөлшектерінің пішіні қандай болады?

А) Дөңгелек тәріздес В) Дұрыс емес пішінді С) Сфералық D) Талшықты Е) Сопақ


14 Ұшырындыларға бөлшектердің қандай пішіні тән?

А) Дөңгелек тәріздес В) Дұрыс емес пішінді С) Сфералық D) Талшықты Е) Сопақ


15 Араластыру қондырғыларының негізігі сипаттамасы

А) Жұмсалатын қуат В) Араластыру тиімділігі С) Араластыру температурасы

D) Араластыру қысымы Е) Араластыру мөлшері
16 Араластыру қондырғыларының негізігі сипаттамасы

А) Жұмсалатын электр энергиясы В) Араластыру мөлшері

С) Араластыру температурасы D) Араластыру қысымы Е) Араластыру қарқындылығы
17 Конвекциямен берілген жылу мөлшерін анықтайтын формула
А) В) С)

D) Е)


18 Сәулелену – бұл

А) Газдың немесе сұйықтың қозғалмалы бөлшектерімен жылудың тасымалдануы

В) Энергияның электромагниттік толқындар ретінде таралуы

С) Жылудың ортада таралу процесі

D) Тыныштық күйіндегі бөлшектердің тікелей жұғысудан жылудың біртіндеп өтуі

Е) Бір денеден басқа денеге энергияны беру процесі


19 Жылутасымалдағыштарға қойылатын талаптар

А) Төменгі тығыздық В) Төменгі жылусыйымдылық С) Жоғары тұтқырлық

D) Төменгі бу түзу жылуы Е) Термиялық тұрақтылық
20 Жылутасымалдағыштарға қойылатын талаптар

А) Төменгі тығыздық В) Төменгі жылусыйымдылық С) Төменгі тұтқырлық



D) Төменгі бу түзу жылуы Е) Термиялық тұрақсыз



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет