Құдабаев А. Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. 2005. 24 наурыз



жүктеу 47.11 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі47.11 Kb.
: download -> DBases -> E A Buketov -> Files
Files -> Қирабаев, С. Қабыкенім менің [Текст] / С. Қирабаев // Орталық Қазақстан. 2009. 17 наурыз
Files -> Куандыкова Д.Қ. Е. А. Букетов прозасындағы бейне жасау шеберлігі/Д.Қ. Қуандықова //Қазақст. Респ. Ұлттық Ғылым акад хабарлары, Тіл, Әдебиет сер.=Известия нан рк сер филолог. – 2006. №5. – 16-19 б
Files -> Әнуар тарақОВ, филология ғылымдарының докторы
Files -> Зейтінова М
Files -> Уәлихан Ш. А. Ы. Қайран, менің асыл ағаларым-ай!/Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихан//Егемен Қазақстан. 2004. 25 тамыз (№217-220)
Files -> Сәулебектегі, А. Біз білетін Бөкетовтің біз білмейтін қырлары / А. Сәуле-бектегі // Жас Алаш. 2005. 19 наурыз (№32-33)
Files -> Акылбаев Ж. С
Files -> Құлақ түрді тым ауыр сұрақ кірді
Files -> Асанұлы Қ. Е. А. Букетов публицистикасындағы ой мен тіл үйлесімі / Қ. Асанұлы // Ақиқат. – 2002.– №1. – 91-94 б
Files -> Жойқынбектегі, Қ. Айнымас серік / Қ. Жойқынбектегі // Орталық Қазақстан. 2014. 5 шілде
Құдабаев А.

Ебекең туралы үзік сырлар / А. Құдабаев // Орталық Қазақстан. - 2005. - 24 наурыз
Өткен ғасырда ғылымда өз орнын ойып алған ұлы тұлға - Евней Арыстанұлы Бөкетов туралы оның мерейтойы қарсаңында баспасөз беттерінде материалдар жиі беріліп жүр. Дегенмен, бұл мақалаларда негізінен Ебекеңнің ғылымдағы, әдебиеттегі орнына ерекше көңіл бөлініп, оның адамгершілік, кісілік қасиеттері көлеңкеде қалып келеді. Евней Арыстанұлының өмірбаянындағы ақтаңдақтардың бірі - ол кісінің қызметтен (ректорлықтан) кеткеннен кейінгі бірнеше жылы. Ол таңғаларлық жағдай емес - «Құлан құдыққа құласа, құлағында құрбақа ойнайдының» кебі келіп, әшейінде жарыққа үймелеген кебелек қүсап Ебекеңнің маңынан шықпайтындардың қарасы жоғалып, айналасында азғантай жолдастары, сырластары қалып еді.

...1971 жылы күзде әскер қатарындағы борышымды өтеп, елге оралдым. Ендігі ойым - жоғары оқу орнына түсіп, бір мамандықтың құлағын ұстап, ел қатарлы қызмет істеу. Осы ойда жүргенімде 1972 жылдың наурыз айында радиодан (ол кезде жаңалықтың жаршысы сол еді ғой) Қарағанды педагогикалық институтының Қарағанды мемлекеттік университеті болып қайта құрылғанын, оның ректоры болып химия ғылымдарының докторы, профессор Евней Арыстанұлы Бөкетов тағайындалғанын құлағым шалды. Сол кезде атын бірінші рет естіген Ебекеңмен тағдыр қызметтес, дәмдес-тұздас қылар деген ой үш ұйықтасам түсіме кіріп пе екен?..

Радиодан естіген хабарым көңілімнің түпкірінен мықтап орын алып, сол жылы университеттің математика факультетіне оқуға түстім. ҚарМУ - сол кездегі Қазақстандағы екі университеттің бірі, екінің біріне қол жеткізбес оқу орны еді ғой.

Қызығы мол студенттік жылдары университеттің қоғамдық жұмыстарына белсене араластым, оқуда да көштен қала қоймадым. Сондықтан болар, университетті жақсы аяқтап, математика факультетінде жұмыс істеп жүрген жерімнен 1978 жылғы қазанда Евней Арыстанұлы өзіне шақырып алып, проректорлық қызмет ұсынды. Аты аңыз болған Ебекеңмен сол күннен бастап күнде кездесіп, қоян-қолтық жұмыс істедім. Жалпы, менің қызметкер ретінде қалыптасуым сол ұлы адамның көрсеткен үлгісі негізінде жүрді. Евней Арыстанүлы өле-өлгенше «Ұлық болсаң, кішік бол» деген принципті берік ұстанды, мені жас демей, қызметтен тыс уақытта да араласып, қуаныш-қызықты бірге бөлістік.

...1979 жылдың күзінің соңы болатын. Бірде Зүбайра Дүйсенқызы (Ебекең үйіндегі жеңгеміз) телефон шалып, келіп кетуімді өтінді. Салып ұрып барсам, Зүкең қамығып «мына ағаң ауырып қалмаса жарар еді, кеше кешкісін Саттар Имашев (сол кездегі идеология жөніндегі хатшы) телефонмен сөйлесіп, Ебекеңе «орныңды босат деді» - деп, жолдасының қызметі емес, денсаулығын уайымдап отыр екен.

Әрине, өз қолымен шаңырағын көтерген ордасынан кету кімге оңай тисін, осы кезде Ебекең көңілсізденіп жүрді, өмірінің ең бір қиын кезі де сол уақыт болар. 1980 жылдың аяғына дейін жолдастары бар, шәкірттері бар, барлығы келіп-кетіп жүріп Ебекеңді жалғызсыратпады. Дегенмен, келушілер саны біртіндеп сұйыла берді. Міне, осы тұста Евней Арьістанүлына жиі барып хал-жағдайын біліп, көңілін аулап жүрдім. Жаздың жайма шуақ күндері Федоров су қоймасына суға түсуге баратынбыз. Сол тұста оның орта тұсында кішкене аралсымақ болатын, дем арасында біз шешінгенше Ебекең сол аралсымаққа дейін үш-төрт рет жүзіп барып келетін. Зор тұлғалы болғанымен, керемет жүзгіш еді, суда өзін еркін сезінетін. Сөйтіп анда-санда суға түсіп, серпіліп келе жатқанда өзінің лабораториясына апарып, көмірден бензин алатын тәжірибелері туралы әңгімелеп, Алла жазса жуық арада бұл жұмысты бітіретінін айтатын. Жалпы бұл жұмыс Ебекеңнің алыс-жақыннан келген жолдас-жораларына, таныс-туыстарына - сүйсініп айтатын мақтанышы еді.

...1982 жылдың 10 қарашасында, ұмытпасам КОКП Орталық комитетінің Бас хатшысы Л.Брежневтің қайтыс болған күні болуы керек. Евней Арыстанұлына келдім. Екеуміз әдеттегідей саябаққа серуендеуге шықтық. Бірақ Ебекеңде үн жоқ. Жарты сағаттай үнсіздіктен кейін маған қарап: «Балам, біздің де күн туар» - деп терең күрсінді. Ебекеңнің көкірегінің қарсайырылуының себебін ойы оралымды, санасы саңылаулы оқырман өзі ұға жатар... Бұл сөздің төркінінен ғалымды қатты қинап жүрген қиянат түйінінің шешілуі жақындағандай сезіндім. Қайткенмен де шиеленіскен шатпақтың шешілуі оңай емес екен.

Иә, Ебекең сөз жоқ, ұлы еді, оның әр сезінен, әр қимылынан бекзаттықтың лебі есіп тұратын. Айтқан әңгімелері өнегелі, сөздері салмақты келетін еді. «Балықшы балықшыны алыстан таниды» демекші, жақсыға жақсының үйір болатын әдеті, Ебекең де бірқатар игі жасымен аралас болды, ол туралы аз жазылып жүрген жоқ. Бірақ осы жерде де бірер мысал келтіре кетсек артық болмас. Ебекең өзі араласқан азаматтардың кісілігін, кішіпейілдігін, азаматтығын сүйсіне айтып отыратын. Зекең (академик Зейнолла Молдахметов) туралы «бұл ма, бұл Зейнолла - психолог, Қүнанбай» - деп сипаттама берген. Сол кездегі жас ғалымдар Көкетаев, Тұрмүхамбетов, Смайлов, Әлмұхамбетовтер туралы ете бір нәзіктікпен «бұл жігіттердің болашағы зор» - деп болжаған еді, Ебекеңнің бұл сөздерінің қате кетпегенін қазір көзіміз көрді.

...Бірде Евней Арыстанұлы Мәскеуде Қазақстан Компартиясы Қарағанды облыстық комитетінің бұрынғы бірінші хатшысы Акулинцевпен кездескенін әңгімелеген болатын. Акулинцев Қарағандыны сағынатынын, онда тамаша ұйымдастырушы қазақ азаматтарының көптігін айтып, кейбіреуіне тірек бола алмағандығына өкінішін білдірген екен. Әсіресе Қарқаралы аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы М.Шаекинді қорғап қала алмағанын ерекше атап, онымен кездессе «менің атымнан кешірім сұра, кешірсін* - деп Ебекеңе аманат артқан екен.

1983 жылдың қараша айының соңғы күні болар, Жұлдыз атты қызым дүниеге келіп, қуанышымды бөлісуге Ебекеңді іздеп үйіне бардым. Зүкең жеңгеміз Евней Арыстанұлының Химия-металлургия институтында бильярд ойнауға кеткенін айтты. Институтқа барсам Ебекең бильярд қызығына әбден кіріскен екен, өзі жалпы осы ойынды жақсы ойнаушы еді. Ебекеңе өз қуанышымды жеткізіп, ауылдан шешем келіп жатқанын айттым. Евней Арыстанұлы ойынды тастай салып: «Кеттік сіздің үйге, апайды немересімен құттықтаймын» - деп, алды-артыма қаратпай үйге тартты. Содан шешеймен амандасып, қуанышына құтты болсын айтқаннан кейін: «Апай, мына университетті көтереміз деп жүріп, ұшып кеттік қой, ештеңе етпейді, жақсы күндер әлі алда» - деп зор денесімен селкілдей, қарқылдап күлді. Ебекеңнің бұл сөзі сол мезетте жүрегімді солқ еткізіп, жадымда жатталып қалды. Біздің үйден шығып бара жатып Ебекең шешеймен қоштасып, Нақияның (зайыбым) мандайынан сүйді. Нақия ол кісінің мұнысына таң қалған, себебі Ебекең нағыз аристократша ылғи да оның қолынан сүйетін. Қайдан білейік, бұл оның мәңгі қоштасқаны екен, арада он шақты күн өткен соң, 13 желтоқсанда Ебекең бақилық болды, қазақ ғылымы аспанында бір жарық жұлдыз сөнді...



Ебекең жайлы айтылар әңгіме аз емес. Осындай ұлы тұлғамен кездесіп, өмір сабағын алғаным, қатар қызмет істегенім, араласқаным үшін мың мәртебе шүкіршілік етемін, мен үшін өмірімнің ең бір керемет уақыты - сол кісімен тығыз байланыста болған кезім.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет