Құдайберді Бағашар исламдағы бала тəрбиесі



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата21.12.2019
өлшемі0.63 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Құдайберді Бағашар
ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТƏРБИЕСІ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы
мақұлдаған
Қолдарыңыздағы еңбекте бала тəрбиесінің мұсылмандық бастаулары
қамтылған. Дəлірегі, кітапта қалыңдық таңдау мен жанұя құрудың мəн-
маңызы, ұрпақ тазалығы, сəби дүниеге келгенде атқарылатын діни салт-
жоралғылар, баланың өсу барысындағы жасына сай ерекшеліктері жəне
мұсылмандық тəрбиенің мəйегі мен негіздері баяндалады.
Еңбек бала тəрбиесіне жауаптылықпен қарайтын барша оқырман қауымға
арналған.
Кіріспе
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой өлкесі, − деп кемеңгер Абай ақын өлеңмен өрнектегендей,
перзент сүю – адамзат тарихымен бірге жасасып келе жатқан ең бір
хикметті құбылыс, əр ата-ананың жан қалауы. Өйткені, бала − өмірдің сəні,
отбасының шаттығы, Құдай тағаланың берген сыйы, аманаты. Шал
ақынның «Босағасын алтыннан соқсаңдағы, Перзент сүймей, адамның
мейірі қанбас» деуі де осыдан шығар.
Зарығып күткен перзенті дүниеге келгендегі Мұқағали ақынның тебіренісі
əрбір жанның ұрпақ сүйгенде бастан кешетін сырлы сезімін бейнелегендей:
Иə, Алла, көрдім бе, көрмедім бе?!
Иə, Тəңірім, бердің бе, бермедің бе?!
Шырылдаған үніңнен айналайын,
Шыныменен өмірге келгенің бе?!
Қызым болсаң − қырымда құралайсың,

Ұлым болсаң − ұлы бір мұрадайсың.
Естисің бе, есі жоқ, ей, дүние,
Менен неге сүйінші сұрамайсың?!
Шындығында, баланың шыр етіп өмірге келуі − зор қуаныш. Дана қазақ
тоғыз ай құрсақта жатқан сəбиді шілдеханамен қарсы алып, тербелген тал
бесікке салған.
Бесік жырымен əлдилеген, алақанға салып аялаған. Тəрбиесіне
жауаптылықпен қараған. Бойына жақсы қасиеттер сіңіруге тырысқан.
Өйткені, «ұрпағымен мың жасайтынын» жақсы білген.
Иə, жаңа туылған сəби тап-таза, ақ парақ секілді. Оған не жазылатыны,
қалай жазылатыны ата-анасына байланысты. Сол себепті ұрпақ тəрбиесі −
қай кезде де ең өзекті тақырып.
«Тəрбиə» – арабтың сөзі. «Көктету, өсіру, жетілдіру» деген мағынаны
білдіреді. Мағжан Жұмабаев «Педагогика»
аттыеңбегініңалғысөзіндеадамныңбасқа жаратылыстардан бөлек екенін,
тəрбиені қажетсінетінін былай деп білдірген екен:
«Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда, адам баласы туғанда
өте əлсіз, зағип, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады.
Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам
баласы − туғанда іңгəлаған айғайы мол бір кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі
тым əлсіз. Өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы
осылай өте əлсіз боп туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына
азық беріп, өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тəрбие қылмай болмайды».
Тəрбие кешенді түрде жан-жақты қолға алынуы тиіс. Алайда тəрбиенің
өзегін қайдан алу керек? Кемел тəрбиені қайдан табамыз? Қала берді,
тəрбие берудегі мақсатымыз не болуы тиіс? Тəрбиеден не күтеміз?
Бұл мəселеге аталмыш еңбегінде М.Жұмабаев төмендегідей жауап айтады:
«Тəрбиеден мақсұт − адамды һəм сол адамның ұлтын, асса, барлық адамзат
дүниесін бақытты қылу.
Ұлт мүшесі əрбір адам бақытты болса, ұлт бақытты, адамзат дүниесінің
мүшесі əрбір ұлт бақытты бол са, адамзат дүниесі бақытты. Қысқасын
айтқанда, тəрбиеден мақсұт − адам деген атты құр жала қылып жапсырмай,
шын мағынасымен адам қылып шығару».
Демек, баланы тəрбиелеудегі мақсат − оны жан-жақты кемелдендіріп,
қоғамға пайдасы тиетін азамат етіп қалыптастыру. Осы орайда, Ислам
дінінің кемел тəрбиеге қосар үлесі зор. Ал, Исламдағы тəрбие негіздерімен
танысуға руханият дамып келе жатқан бүгінгі күні толық мүмкіндік туып
отыр. Исламда бала тəрбиесі жігіттің өзіне қалыңдық таңдау сəтінен-ақ

басталады. Өйткені, болашақ ананың ары бар, ақылы бар, ұятты, көргенді,
діндар болуы ұрпақ тəрбиесіне өз əсерін тигізбей қоймайды.
Исламда жанұя құрудағы негізгі мақсаттардың бірі – өмірге ұрпақ əкелу,
иманды, ізгі ұрпақ тəрбиелеу. Хадисте бұл турасында «Балаға əкенің берер
ең жақсы сыйы − ол тəрбие» делінген.
Балаға көңіл аудару, өскенде жаны ізгілікке толы мұсылман, қоғамға
пайдалы азамат етіп қалыптастыру – үлкен сауапты істің бірі. Сондықтан
сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
атааналарға: «Балаға бір мəрте көңіл бөліп, тəрбие беру − бір сағ1
көлемінде садақа бергеннен де жақсы»,2 «Кімдекім жылаған баланы
жұбатса, Аллаһ тағала жаннатта оған қалағанынша сый-сияпат береді»3 −
деп, балаға көңіл бөлудің сауап жағынан да артықшылығын ұқтырған.
Шығыс халықтарында айтылатын «Бала қымбат болса, баланың тəрбиесі
одан да қымбат» деген нақыл сөздің мəні терең. Өйткені, тəрбиелі ұрпақ −
атаананың мақтанышы, елдің ертеңі. Кез келген халықтың болашағы, оның
өміршеңдігі рухани қайнардан сусындаған, ұлттық рухы кемел, жақсы
тəрбиеленген ұрпақтың қолында. Егер ұлт өз болашағын аманат етіп
тапсыратын текті, саналы ұрпақ өсіре алмаса, оның келешегі бұлыңғыр
тартпақ. Сөз жоқ, ұрпақ тəрбиесіне, ұлттың келешегіне ата-ана жауапты.
Сондай-ақ баланың тар ойлы, жетесіз болып өсуіне, парықсыз қылық
танытуына тəрбиешінің кінəланғаны тегін емес. Тіпті «Бала істеген
жауыздықтың жазасын тəрбиеші көтерсін» деген Иран елінің мəтелі де
осыдан туған. Сол себепті ұрпағының өзінен оза туғанын қалаған
мұсылман халықтары бала тəрбиесіне үлкен жауапкершілікпен қараған.
Халқымыздың бір ерекшелігі − тəрбиеге үлкен мəн беруінде. Өйткені,
бүкіл салт-санасы, əдет-ғұрпы, ертегі, аңыздары, мақал-мəтелдері, жыр-
термелері, ойын-сауығы, жұмбақтары мен жаңылтпаштары барлығы да
айналып келіп тəрбиеге тірелген.
Бірақ, өкініштісі, соңғы жылдары қазақ қоғамында да ұлттық тəрбие
жүйесі қағажу көріп, тəрбиелік ырғағы бұзылып, бала тəрбиесінің тым
нашарлап кеткені белгілі. Оған есірткі мен анашаға тəуелділер, ішкілік пен
темекіге əуестер, жасөспірімдер арасында бұзақылықтар мен қылмыстың
өршіп кетуі т.б. дəлел. Себептер де аз емес. Көбіне іскерге қоймадағы жүгі,
саудагерге сатқан малы, шенеунікке шен-шекпенінің қымбат болуы, үй
ішіндегі күйбең тіршіліктен шешенің қолының бір босамауы,
жұмысбастылықтан əкенің уақыт таппауы т.б. Қазіргі уақытта
теледидардағы кино мен мультфильмдердің көбі атыс-шабыс, төбелес,
қирату, ұру, сындыру, күш көрсетуге негізделген. Ал бұлалдың санасы əлі
қалыптаса қоймаған балаға зиянды екені айтпаса да түсінікті.

Ұлыбританияда теледидардың əсері жайын да жазылған 2286 мақаланы
сараптағанда, көптеген зерттеушілердің ортақой тоғыстырған тұсы –
теледидардан көрсетілетін қатігездік пен озбырлық əрекеттердің
көрермендерге де жұғатындығы. Бұл жағдай, əсіресе, бала санасына
көбірек əсер қалдырады. Баланың теледидардан не көрсе соны істейтіндігі,
жағымды-жағымсыз қылық болсын өзіне үлгі ретінде қабылдап, соған
қатты еліктейтіндігі байқалған.
Америкада 8 жасынан 30 жасына дейінгі адамдардың өмірі зерттелгенде,
жас кезінен ұрыстөбелеске жақын бағдарламаларды көбірек көріп өскен
адамдардың кейін өскенде де мейірімсіз, тасжүректеу келетіндігі, қылмыс
істеуге де жақын тұратындығы анықталған. Сондай-ақ олардың өз
балаларын сотқар қылып өсіретіндіктерімен қоймай оларға күштеп жаза
беруге де дайын тұратындықтары байқалған. Міне, бұлар бала тəрбиесінің
негізін шайқалтатын кері ісəрекеттер болып табылады. Бұл сондай-ақ егер
бала тəрбиесімен саналы түрде айналыспасақ, болашақта бізді үлкен қауіп-
қатер күтіп тұрғанын ұқтырады. Бұл кереғарлықтардың қатарына
дəстүрден қол үзгенімізді, дініміздегі тəрбие құндылықтарымен жете таныс
болмағанымызды да қосыңыз.
Біз бүгін осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында «Исламдағы бала
тəрбиесі» атты еңбекті əзірлеп отырмыз. Кітапта негізінен «Мұсылман
жанұясында бала тəрбиесі қандай болу керек?»,
«Бала тəрбиесінде ата-ананың рөлі қандай?»,
«Бала тəрбиесінің кезеңдік ерекшеліктері нелер?»,
«Балаға діни құндылықтар қалай үйретілуі керек?»,
«Пайғамбарымыз балаларға қалай қараған?» деген секілді т.б. өзекті
мəселелер қамтылған.
Сондай-ақ баланың əр жас мөлшері жеке-жеке ескеріліп, діндегі сол жасқа
сай тəрбие ұстанымдары анықталды. Баланың өмірге келгенінен бастап,
физиологиялық-психологиялық даму ерекшеліктері көрсетілді. Кітап жазу
барысында Құран аяттары мен Мұхаммед пайғамбарымыздың (саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм) хадистері негізге алынды. Мұсылман ғұламалардың
ақыл-кеңестері де ұмыт қалмады. Əсіресе, хадис саласының білгірі проф.
Ибраһим Жананның «Хазрети пейгамберин сүннетинде тербие» (Хазірет
пайғамбардың сүннетіндегі тəрбие) (Измир, 2008) кітабы мен қазіргі
заманғы танымал мұсылман ғалымы, ойшыл һəм ағартушы Фетхуллаһ
Гүленнің «Чекирдектен чынара» (Бесіктен беласқанға дейін) (Станбул,
2002) кітабынан үзінділерге орын берілді. Сондай ақ тақырыптың
мазмұнын ашатын ғибратты қысқа əңгімелер де келтірілді.

Бір ескерте кетерлігі, бұл кітап бала тəрбиесіне қатысты басқа да
педагогикалық, психологиялық тұрғыдан жазылған кітаптардан ислами
негіздерімен,
діни тəрбие мəйегіне басымдық беруімен ерекшеленеді.
Еңбекте Ислам дініндегі бала тəрбиесіне қатысты мəселелердің бəрі толық
қамтылды деу қиын. Неге десеңіз, баланың өзі кішкентай болғанмен,
мəселесі үлкен. Үлкен мəселені толық қамту көлемді уақытты қажет етеді.
Бала тəрбиесіне қатысты мұсылмандық негізді, діндегі тағылымды
мүмкіндігінше жинақтап оқырман назарына ұсына отырып, еңбектің ұрпақ
тəрбиесіне қосар үлесі, халқымызға тигізер пайдасы мол болар деген
үміттеміз.
Бүкіл мақтау мен мінсіздік Хақ тағалаға ғана тəн! Өнегесі өміршең ардақты
елші Мұхаммед Мұстафаға (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) салауат айтып,
сəлем жолдаймыз!
Автордан
I-ТАРАУ
ОТБАСЫ – ТƏРБИЕ БЕСІГІ
Отау тігу
«Отан – отбасынан басталады». Ата-бабамыз осылайша атан түйенің белін
қайыстырар алапат ойды жалғыз ауыз сөзге сыйдырыпты. «Малым –
жанымның, жаным – арымның садағасы» деген қағиданы ана сүтімен бойға
дарытқан қазақ үшін ары жанынан жоғары тұрған. Сол себепті де, жарық
дүниеге шыр етіп келген сəбидің күні ертең-ақ ержетіп отбасын
құрайтынын ескеріп, ерте қам жасапты. Қазақтың бел құда, бесік құда
болатын ежелгі дəстүрі осыдан бастау алған. Бұдан «он үште отау иесі»
деген аталы сөздің де бекер айтылмағанын байқаймыз.
Қазақтың баласы мен қызының отау тігуіне қатысты айтылған даналық
сөздерін, сан ғасыр сұрыпталып бізге жеткен əдет-ғұрыптарын,
дəстүрлерін, салтжоралғыларынжиып-теріпқарастырсақ, кешегікөшпелі
жұрттың өмір салтынан тұтастай ислам пəлсапасы айқындала түсер еді. Ол
пəлсапаның өзегінен ұрпақтанұрпаққа жалғасын тапқан үлкен өнегені
аңғарамыз. Осы өнеге негізі Ислам дінімен сабақтасып, бір-бірін
қуаттайды. Бұл қазақ халқының Ислам дінін берік ұстанғанын аңғартады.

Халық даналығын Құранның Исламдағы бала тəрбиесі аят-сүрелерімен
шегелеп, бекіте түседі. Мысалы, Құран Кəрімде: «Араларыңдағы
бойдақтарды, сондайақ қолдарыңдағы құл мен күңдеріңнің дұрыстарын
үйлендіріңдер. Егер олар кедей болса, Аллаһ өз игілігімен байытады. Аллаһ
(игілігі) өте кең əрі бəрін білуші»4 – деген аят бар. Қасиетті Құран
Кəрімнен отбасына қатысты, үйленген ер мен əйелдің құқықтары мен
міндеттері хақында мұнан да басқа көптеген аяттарды кезіктіруге болады.
Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде:
«Үйленіңдер, көбейіңдер, мен қиямет күні үмбетімнің көптігімен
мақтанамын»5 деп, үмбетіне отбасы құруды жəне ұрпақ өрбітіп, өріс
кеңейтуді насихаттайды.
Мұсылмандықты діңгек еткен қандай да бір ұлттың немесе қоғамның өз
кемеліне келуі əрбір керілген керегенің мығым боп, əрбір көтерілген
шаңырақтың шайқалмауына тəуелді. Сондықтан отбасы − ұлт дəнегі,
қоғам тірегі. Бұрынғы ойшылдар бұл тірек берік болса, ұлт та, сол ұлт
ұйыстырып отырған мемлекеттің іргетасы да бекем болатынын айтып
кеткен. Отбасы қалай бой түзесе, қоғам да соның ырқында болады.
Адам ата ұрпақтары осы қағидалардың барлығын білсе де, мұның бастау
бұлағы мен шешімі Ислам дінінде тұнып тұрғанына көз жеткізе алмай-ақ
келеді. Ислам діні мұсылман пенденің үйін «жаннаттың бір пұшпағына»
теңейді. Сол себепті де «Жұмақтың бір пұшпағына» баланған шаңырақтың
астында бүлдіршіндер имани тəрбие алуы тиіс. Осындай құтты
шаңырақтағы бүлдіршіндердің үйді бастарына көтеріп, шулағанының өзі
періштелердің құлшылықтағы тəсбихын еске салатындай тым тəтті болмақ.
Үйленуді əрі ғибадат, əрі сүннет деп ұғу керек. Сондықтан да ата-ананың
мұсылмандық міндеттерінің бірі − мұсылман үмбеті деген атқа лайық
иманды перзент тəрбиелеу. Осы арқылы екі дүниеде де Аллаһтың
разылығына бөлену. Шаңырақ көтеретін екі жас алдарына осындай асыл
мақсат қойса, болашақта отбасымен басталатын отаны берік болады.
Ислам діні бозбала мен бойжеткеннің осы бағытты көздей отырып,
шаңырақ көтеруін сауапты əрі құптарлық іс деп таниды. Бас-аяғын терең
ойластырып, ыстық сезім мен нұрлы ақылды басшы етіп тігілген отау
баянды, сол отауда жарық дүние есігін ашқан ұрпақ та қайырлы болмақ.
Болашақ күйеу мен қалыңдық
Баяғыда бір кісі ойшылға барып: «Балам бір жасқа толды. Тəрбиесін қай
кезден бастаған дұрыс?», – деп сұрағанда, əлгі ойшыл: «Сіз тəрбиені бір
жылға кешіктіріпсіз ғой», – деген екен. Мұнан тəрбиенің сəби жарық

дүниеге келген сəттен бастап қолға алынуы керектігін байқаймыз. Ал
дінімізде ұрпақ тəрбиесі тіпті одан да ерте, жар таңдаудан басталады.
Себебі, Ислам дінінің шаңырақ құруға байланысты ұстанымдарына зер
салсақ, шаңырақта дүние есігін ашатын ұрпақтың да қамы алдан ала
ойластырылып қойғанын аңғару қиын емес. Өскен ортасының балаға
міндетті түрде əсер ететіні айтпаса да түсінікті. «Ұяда не көрсе, ұшқанда
соны ілетін» бала үшін əке-шешенің əрбір іс-əрекеті маңызды. Сондықтан
болашақ қалыңдық пен күйеу бірбірінің бойынан имандылықты,
салиқалықты (дініміз талап еткен асыл қасиеттерді) іздегені жөн. Аллаһ
тағала Құранда мұсылмандарға былай деп бұйырады:
«(Ей, мұсылмандар!) Мүшрік (Аллаһқа серікқосқан) əйелдер иманға
келмейінше олармен үйленбеңдер. Мұсылман күң − саған ұнаған мүшрік
əйелден қайырлы. (Ей, мұсылмандар! Қыздарыңды) мүшріктерге олар иман
етпейінше қалыңдыққа бермеңдер. Мұсылман құл − саған ұнаған мүшрік
ерден қайырлы. Олар (мүшріктер) сендерді тозақтың отына шақырса,
Аллаһ сендерді жаннатына жəне кешіріміне бөленуге шақырады. Аллаһ
адамдарға ғибрат алсын деп аяттарын осылай түсіндіреді»6.
Демек, адамзат өмірлік серік болар жарын таңдауда ең бірінші оның
имандылық қасиетіне мəн беруі қажет. Құран аятымен əспеттеліп, бізге
жеткен қастерлі жар таңдау ұғымының имандылыққа баса назар аударуы
адамзат бақыты үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.
Өнегелі өмірдің жарқын үлгісін адамзатқа танытқан Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) да: «Жар таңдаған жан əйелдің төрт
қасиетіне көңіл бөледі: дүниесі, тектілігі, əдемілігі жəне діндарлығы.
Діндарын таңдаған бақытқа кенеледі»7, деу арқылы болашақ қол ұстасқан
жүрек қалауыңның иманды болуын өсиет еткен.
Көрген жанды тамсандырар сыртқы сұлулық пен шалқыған дəулет −
қолдың кірі секілді өткінші дүние. Басты байлық – руханият байлығы, жан
сұлулығы. Бұл – хақтың бірлігін таныған иманның жемісі. Аят пен
хадистерде ең əуелі иман мəселесінің айтылуы − ертең дүниеге келер
иманды, парасатты ізгі ұрпақтың мəңгілік бақыты үшін деп түсінуіміз
керек.
Құран Кəрім жүрегі иман сəулесімен нұрланған ерлі-зайыптылар хақында
былай дейді:
«Мұсылман ер кісілер, мұсылман əйелдер, мүмин ер кісілер, мүмин
əйелдер, бойұсынған ер кісілер мен бойұсынған əйелдер, шыншыл (шын
сөзді) ер кісілер мен шыншыл (шын сөзді) əйелдер, сабырлы ер кісілер мен
сабырлы əйелдер, кішіпейіл ер кісілер мен кішіпейіл əйелдер, ар-ұятын
қорғайтын ер кісілер мен ар-ұятын қорғайтын əйелдер, ораза ұстайтын ер

кісілер мен ораза ұстайтын əйелдер, Аллаһты көп зікір ететін ерлер мен
əйелдер, міне, оларды Аллаһ толық кешіреді əрі оларға үлкен сый
əзірлейді»8.
Яғни, обал-сауапты білетін дінге берік əрі Ұлы Жаратушыға құлшылық
жасайтын ерлі-зайыптылардың тілегі мен тірлігі жарасып, сөзі мен ісі бір
жерден шығып, айрандай ұйыған отбасы болады. Адамның айнаға қарап,
өзін түзегені секілді, балалары да атаанасынан өнеге, ғибрат алып, иманды
болып өседі. Себебі, иманды əке-шеше − күнə мен қиындыққа сабыр
танытады, күпірліктен бойларын алыс ұстайды. Осылайша иманды
отбасының илəһи рухани қуаты балашағасына да оң əсерін тигізеді.
Аллаһты құрметтейтін, ақыретіне алаңдайтын, өз міндетін адал атқаруға
тырысатын, ажалды үнемі қаперде ұстайтын ата-ананың балалары
салмақты, байсалды, барлық жағынан үлгілі болып өседі. Біреудің ала
жібін аттамайды. Айналасына ұдайы мейірім шуағын шашып, ораза ұстап,
намаз оқиды. Яғни, Аллаһтан əмір болған бес парызды өтеп, харамнан
бойын аулақ ұстайтын əйел мен ер кісі құрған шаңырақтың іргесі берік
болады. Қоғамды ізгілікке бастайтын мұндай парасатты отбасының
балалары мен немерелері де өз ұлтының барлық құндылықтарын терең
игермек. Бойына діні мен ділін қатар сіңірген ұрпақтың рухы да биік
болмақ.
Қазақ «Əке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дейді. Осы мəйекті
сөзде айтылғандай, жар таңдағанда ең əуелі көрікке емес көргенді жерден
шыққанына көңіл бөлген абзал. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм) бір хадисінде: «Қоқыста өскен қызыл гүлге қызықпаңдар!» деп
ескертеді. Мəнісін сұраған сахабаларына «Айтпағым, нашар ортада өскен
сұлу əйел», − деп түсіндіреді9. Хазірет Омар (р.а.) хадисті тарқатып:
«Жаман ортада өскен сұлу əйелден сақтаныңдар! Себебі, одан туған бала
негізге тартпай қоймайды. Текті, көргенді жердің қызын таңдаңдар! Себебі,
ол өзінің əкесіне, көкесіне, бауырларына тартқан ұрпақты дүниеге əкеледі»,
− деген.
Ата-бабамыз да ұрпағына көргенді жердің қызын алуды үгіттеп былай
деген:
Жал-құйрығы қаба деп,
Жабыдан айғыр салмаңыз.
Қалыңмалы арзан деп,
Жаманнан қатын алмаңыз.
Айтқанымды тексермей,
Алды-артыңды тектемей,

Жабыдан айғыр салсаңыз,
Жауға мінер ат тумас.
Ақылымды ескермей,
Жаманнан қатын алсаңыз,
Топқа түсер ұл тумас...
Жаманнан – жақсы туса да,
Жақсыдан – жаман туса да,
Тартпай қоймас негізге.
(Бұқар жырау)
Парасатты отбасы құру − болашақ ошақ иесі мен отағасына да сын.
Халқымыз ертеректе ер жігіттерді былайша сынаған екен: «Күйеу жігіт
білім-білігі бар, шаруашылыққа икемді, епті болуға тиіс. Атабабаларымыз
«Пайғамбардың сүннетін өтей алсаң, үйлен», − дейді екен. Ол үшін ат
үстінен аударысу, жамбы ату, садақ тарту, шауып бара жатып шұқанаққа
салынған затты ілу, күрестіру, отын жарғызу, мал бақтыру, диқаншылық,
қонақ күту, той-томалақты өткеру, өлең айту, мал сою, пышақ қайрау,
шалғы, кетпен шыңдау, т.б. сияқты сынақтардан өткізген. Сөйтіп, өз
беттерімен жандарын бағып, үй болып кете алатындарына көздерін
жеткізген. Ұстанымдық жағынан, бүгінгі таңда да дəл аталғандардай
болмаса да, сол сипаттас шарттар қоюдың қажеттілігі артпаса, кеміген жоқ.
Бірақ бұған əр түрлі себептермен елеусіз қалудың салдарынан кейбір жас
жігіттер отбасылық өмір шындығымен бетпе-бет келгенде, осалдық
танытып, жаңа көтерген шаңырақтарын шайқалтып алып жүр»10. Демек,
қалыңдық та жар таңдау барысында жігіттің бойынан нағыз ер-азаматқа
тəн қасиеттерді іздегені жөн.
Ислам дінінде иманды, ибалы жар таңдау − ең əуелгі міндеттердің бірі.
Хазірет Омар (р.а.) халифа болып тұрған кезінде бір кісі келіп баласының
қылықтарына көңілі толмайтынын айтады. Сөз тыңдамай, қит етсе өзіне
қарсы келетінін сөз етеді. Халифа баланы шақыртып, бұның себебін
сұрайды. Бала: «Уа, мұсылмандардың əміршісі, əкенің бала алдында
ешқандай міндеті жоқ па?» − деп сұрайды. «Əрине, бар», − деген
халифа Омар ол міндеттерді былай деп тізбектейді: «Əке ең алдымен
болашақ ұрпағына ары таза, мінез-құлқы жақсы ана таңдауы керек (яғни
сондай əйелді жар етуі қажет). Сосын баласына жақсы ат қоюы əрі оған
Құран Кəрімді үйретуі қажет». Мұны естіген бала: «Ендеше, əкем
бұлардың ешбірін де орындаған емес. Маған ана ретінде таңдаған əйелі
мəжуси (отқа табынушы), қойған аты

«тасбақа» деген мағынаны береді. Ал Құраннан бір əріп те үйреткен
емес», − дейді. Сонда хазірет Омар баланың əкесіне қарап: «Негізінде
сенің үстіңнен балаң шағым жасауы қажет екен. Баланың алдындағы
парызыңды орындамасаң, бала да əкенің алдындағы өз міндетін
орындамасы анық», − деп кінəнің əкеде екенін түсіндірген екен.
Міне, мұсылмандықта дүниеге келген баланың тəрбиесі, шаңырақ
құрылмай тұрып ойластыруқажеттігі осыдан. Ислам отау құрмаған бозбала
мен бойжеткенге ана əрі əке ретінде қарап, болашақ бала тəрбиесіне
қаншалықты үлес қосатынына баса назар аударады. Демек, қыз бен жігіт
қол ұстасып, жанұялық өмірге қадам баспай тұрып, бір-бірінің бойынан
осындай қасиеттерді іздестіруі керек. Себебі, ұрпақ тəрбиесі ер мен əйелдің
үйленуге шешім қабылдаған сəтінен бастау алады.
Қазіргі кезде көптеген жастар осы бір өміршең мəселеге атүсті қарайды.
Тіпті, көшеде, кафеде, клубта кездескен кез-келген біреумен асығыс жанұя
құрып кете барады. Отбасы мəселесіне жан-жақты қарап, тəжірибесі бар
кісілердің пікіріне құлақ асқан жөн. Кейде сезімге беріліп үйленуден бақыт
күткен жанұя оба жайпап, ойраны шыққан тамұққа айналуы мүмкін.
Діндар деген кейбір кісілердің өзі осы мəселеге келгенде орашолақтық
танытып, кейбір жайттарды ескермей шалыс басып жатады. Ондайда
жанұяның берекесі қашып, ырың-жырыңнан көз ашпайды. Ұрыс-керіс те
үзілмейді. Өйткені, отағасының діндарлығы əйеліне, ал əйелінікі еріне
ұнамай ырду-дырду күй кешеді. Мұндай жағдайда ерлі-зайыптылар тіл
табыса алмай, екеуі екі бөлек əлемде өмір сүреді.
Күйеуі діндар, əйелі діннен хабарсыз (немесе керісінше) жанұяда екі түрлі
кітап, екі түрлі га зет оқылады, екі түрлі əңгіме айтылады. Əйелі бір
нəрсені қаласа, оны күйеуі жақтырмайды. Əйелі діни заңдылықтарды,
иманды, тəрбиені айтса, күйеуі оны жанжалға айналдырады. Мұндай
сүреңсіз өмірді өмір деуге келе ме, келмей ме, төрелігін сіз айтыңыз11.
Ақ неке
Отбасы ұғымы тек ұрпақ жалғастығымен өлшенбейді. Отбасы – қоғамның
маңызды бір бөлігі, ұлттың бүгіні мен ертеңі. Сол қасиетті шаңырақтың
сүттей тазалығын, шатттығы мен бақытын ақ неке одан əрмен бекіте түседі.
«Неке» дегеніміз үйленуге ниет еткендерге қойылатын діни талаптарды
орындай отырып, екі жастың қол ұстасып, өз қалауымен бас қосып
шаңырақ көтеруі. Өйткені оның белгілі бір мақсаты бар. Аллаһ тағала
некенің шарттарын тəрк еткен отауға разылық танытпайды.
Дін − адал некеге құрылған отбасын ұлттың негізіне, іргетасына, тірегіне


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет