Даналық мәйегі



жүктеу 33.11 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі33.11 Kb.
: repository -> history -> %D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Даналық МӘйегі жібек жолының рухани бесігі
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> МҰхтар әуезов және «манас» жырының талқысы тұрсын ЖҰртбай
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Тұрсын Жұртбаев
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Обвинительное заключение
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Бүкіләлемдік түйсікті сезініп, оны танудың ғаламдық ақиқат сарасы көркем сана. Көркем сана басталуы мен соңы, төбесі мен түбі жоқ шетсіз-шексіз ғарыштың ғалам жаратылысы туралы әсіреәфсаналық (мифтік) көркем көзқарас
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> МЫЊ жылдыќ жолдыњ тоѓысы (Перекресток дорог тысячалетий)
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰртбай, Жоба жетекшісі, филология ғылымдарының докторы
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Көркемдік шындық және тарихи тұлға
%D0%B0%D1%80%D1%82%D1%83%D1%80%D0%BB%D0%B8 -> Өмір ішінен өлім, Өлім ішінен өмір іздеген жанкештілер
Даналық мәйегі
Ұлылар – бүкіл өмірі мен еңбегі арқылы қалыптасады, ал – даналар – дна болып тууы керек деген ұғым бар. Даналар ғасырдың екінші, ұлылар – кезеңнің перзенттері арқылы бүкіл адамзаттың ақыл ойының дамуына үлес қосқан халық ретінде асқақ бағаланады. Үндінің данасы Рабиндранат Тагордың: исі адамзаттық мәдениетке өзінің бір дана өкілі арқылы үлес қоспаған ұлттың өмір сүруге қақысы жоқ. Адамзатқа ортақ тұлға тудырған халық қана дүние салтанатын күтіп, мәңгі жасауға құқық алады – деген пікірі бр. Қазақ халқын сондай құқыққа ие еткен дананың бірі – Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Қаныштың кен қойнауын барлау және оны жобалап білу, кеннің тегін айыру туралы ілімі – дүние жүзінің ғылыми ойлау жүйесіне қосылған ұлы жаңалықтарының бірі болып табылады. ХХ ғасырдағы дана саясаткер Ульиям Черчилдің өзін таңдандырған тұлғаның тағдыры да даналарға тән күрделі де шиеленісті жағдайда өтті. Әлеуметтік – қоғамның құрылымға пәлендей қатысы жоқ сияқты көрінетін кен барлау ғылымның өкілдері де саясаттың қысымынан құтыла алмады. Саясат пен ғылымды қатар ұстағысы келгендердің кесірінен Қаныштың тірі кезіндегі өмірі де, көз жұмғаннан кейінгі мәңгілік дналық сапары да қырғи қабақ күншілдіктен арылған жоқ. Оның атын өшіріп тыну үшін қазіргі М. Әуезовтің қараң шаңырағының жанындағы үйін де жетпісінші жылдары жермен жексен етті. Ұлттық академиясының негізін қалаған, дналығымен дүние жүзін мойындатқан Алайда Қаныштың есімінің қадірі онымен жойылып кеткен жоқ. Оның атымен ғалам түкпіріндегі тылсым жұлдыздың есімі берілді. Ұлы ғалымның мұрасы осы уақытқа дейін толық басылым шықпауы да талай астарлы мағынаны білдіреді. Келесі жылы иесі әлем жұртшылығы ЮНЕСКО – ның дәргейінде Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы мерейтойын атап өтеді. Осыған орай ғұлама ғалым Сәтбаевтің сенімді шәкірті академик Шафик Шокиннің бас редакторлығымен дана тұлғаның көп томдық шығармалар жинағының І томы “Ғылым” баспасының жарық көрді. Басылымның жүзеге асуына ұйытқы болып жүрген Халықаралық Қ. Сәтбаев қорының президенті, ақын Кәкімбек Салықовтың мағұлыматы бойынша ұлы ғалымның шығармалар жинағы 10 томнан асатын көрінеді. Деректер мен зерттеу еңбектерінің табылуы мен жинақталу мүмкіндігіне орай басылым жалғса бермек екен. Бұл – Қазақстан ғылымы үшін ғана емес, дүние жүзілік маңызы бар өте бағалы да құнды басылым.

Академик Қ. И. Сәтбаев шығармаларының бірінші томына Жезқазған кенті аймағы мен Жезқазған – Ұлытау өңіріндегі пайдалы қазбалары туралы еңбектері енген. Мұндағы еңбектер отызыншы жылдардан кейін кезінде тұңғыш рет жарияланып отыр, оған Жезқазған таукен және металлургия комбинатының құрылуы мен жоспарлауына байланысты қилы – қилы тартыстар мен тағдырға толы материалдардың басы алғаш рет жүйелі түрде берілген. Ұлы империяның өмірінде шешуші орын алған ғылыми - өндірістік аймақтық тағдырына қатысты жайлар бойынша кеңінен қамтылған. Ғылыми ой мен өндірістік ұйымдастыру шаралары қамшының өріміндей қатар өріліп, барынша пайымды баяндалған. Мақалалардың әр қайсысы жалпыға түсінікті қарапайым тілмен әрі терең патриоттық сезімммен жазылған. Бұдан Қ. Сәтбаевтің туған еліне деген махаббаты, оның балалық шағына деген сенімі, қазақ ұлтының рухани байлығы мен жері байлығының қызығын туған көрсе деген ақ ниеті мен мүдделі анық тілегі анық байқалады. Сонымен ғылымның өсиетті армандары да нысана танытады. Бірінші томдағы “Үлкен Жезқазған” туралы зерттеуді және оның тағдыры туралы ойларын оқи отырып, қазақ даласының жер асты тарихын лқып шыққандай әсерде қаласың. Алдағы томдардың нағыз даналық мәйегіне толы болатынына сенім зор. Бұл басылым – ұлттық рухани қазына ретінде бағаланатын мәдени олжа.

Даналардың еңбегіне суық қол араласпаса екен және барынша ашық пікірлі мақалаларын қысқартпай, өңдемей берсе екен деген тілек бар. Өйткені, жинақ туралы пікір алысқан кейбір орталарда әлдекімдер туралы пікірді бермесе де болды деген көсемсіген сөздерді естіп қалдық. Мұндайға жол берілсе – данамның ойы мен өмірінің кейбір тұстары сөзсіз бұрмалаушылыққа ұрынары анық. Оған таяуда Қаныш Сәтбаевтің өзі іргесін өз қолымен қалаған Ғылым академиясының ғимараты көрсеткен “міне толық дәлел дәлел бола алады. Үлкен мәжіліс залының дыбыс жаңғырту құпиясының күрделілігі сондай, қазіргі заманныңең жаңа дыбыс күшейткіштері де ондағы адамның дауысын анық естірте алмады. Күңгірлеп тұрып алды. Сөйтсе, ғимарат сарайының ортасында пәленбай тонналық шырағды күрделі жөндеуден өткізген кезінде алып тастапты. Кейін жер сілкінгенде қауіп төндіреді деген сылтаумен қайтадан орына қойылмапты. Сол алып шырағдан сарайдың бүкіл дыбысын реттеп отырады екен. Нгерде ол шырағдан орнында тұрса ешқандай дыбыс жаңғыртқышсыз – ақ сөйлеушілердің дауысы ең соңғы қатарда отырғандарға да емін еркін естіледі екен. Қазір ғимарат залы тілі суырылған қоңырау сияқты үнсіз тұр. Дананың мақалалары мен хаттарындағы бір сөз бен сөйлем алынып тасталса, өзі салған ғимараттың “мінез көрсеткенінде мігез көрсетіп, жалған пікірлердің жаңғырығына айналуы айдан анық нәрсе. Алып шырағдан орнына қойылар, алып ойлы дананың шырақты ойлары халық жүрегіне толық жетер деген сенімдеміз.

Басылым баянды болсын.




Тоғалық Тұрсын.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет