Дания Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360км



Дата16.05.2020
өлшемі19.37 Mb.

Дания

Дания солтүстігінен оңтүстігіне қарай 360км,шығыстан батысқа қарай 480км – ге созылған.Дания аумағы:43093 км2.Дат архипелагына 500 арал кіреді.Жер ауданы бойынша 130-ыншы орынды алады.

Дания Патшалығы (дат. Kongeriget Danmark) — Солтүстік Еуропадағы мемлекет. Ол Ютландия түбегінде және Дания архипелагында орналасқан.

Дания – әлемдегі монархиялық құрылымы сақталған санаулы елдердің бірі. Аталған ел Еуропада орналасқанымен, Еуропалық Одаққа мүше болудан бас тартқан. Себебі өз валютасының құнын өзі ұстап тұруды мақсат еткен. Дания мемлекеті туралы осы сынды қызықты мәліметтермен таныс болғыңыз келсе, бізбен бірге болыңыз.

Данияның астанасы-Копенгаген

Копенгагеннің әкімшілігі

Даниядағы театр

Опералық театр

Мәрмәр шіркеуі

Кронборг сарайы

Жер бетінің түзлісі. Дания жер аумағының көп бөлігін толқынды онша биік болмаған жазықтықтардан құралған.

Данияның тамаша табиғаты

Дания туралы қызық мәліметтер

Данияда пластикалық бөтелкелер қоқысқа тасталмайды. Себебі бір бөтелке су сатып алатын болсаңыз, суға 20 крон, ал бөтелкеге 22 крон төлеуіңіз керек болады. Ал бөтелкенің құны арнайы пластикалық қалдықтарды өткізетін орталықтарда қайтарылады екен.

Дания әлемдегі ең бақытты адамдар өмір сүретін ел болып саналады. Англияның Лестер университетінде жүргізілген бақыт табиғаты туралы зерттеу нәтижесі дат халқын әлемдегі ең бақытты адамдар екенін көрсетті.

Копенгаген тұрғындары метро арқылы күніне 660 мың шақырым жүріп өтеді. Ал велосипедпен одан екі есе жолды өткереді екен. Бұл әлеуметтік үрдіс экологиялық мақсатта жолға қойылмаған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бензин тапшы болып, даниялықтар жаппай велосипед қолдануға көшеді. Қазіргі кезде бензин жеткілікті болса да, адамдар велосипедпен жүруге бейімделіп кеткен.

Sroget (Стрёгет) – Еуропадағы ең ұзын шоппингтік көше. Копенгаген қаласындағы бұл көшеде сауда жасауға үйреніп қалған еуропалықтар Данияның еуро валютасын пайдалануға шақырады. Дат үкіметі мұнымен келіспейтінін білдірген.

Дания Еуропалық Одақтың құрамына кірмейді және өз валютасын қолданады. Дат кроны – ең көне қағаз валюталардың бірі.

Копенгагендегі Tivoli (Тиволи) саябағы – әлемдегі ең ескі саябақ. Уолт Дисней Тиволиді көргеннен кейін Диснейленд саябағын жасап шығарған деседі.



Данияда нан пісіру әдісі жақсы дамыған. Сіз әрбір бұрыштан тәтті тоқаштар сататын дүкендерді кездестіре аласыз. Кез келген даттыққа жолай қалсаңыз, өзінің сүйікті тоқаштарын, бәліштерін айтып, қай жерден табуға болатынын көрсетіп береді. Тәттіге деген құмарлық басым болғанымен, артық салмақтан зардап шегетін даттықты көрмейсіз. Бұл салауатты өмір салтын жақсы ұстанатындықтарынан болу керек.

Даниялықтардың басым бөлігі таңғы сегізден түскі төртке дейін жұмыс істейді.

Қызметкерді жұмыстан шығаратын болсаңыз, екі ай бұрын ескертіп қоюыңыз керек. Жұмыс беруші қол астындағыларды тамақтандыру керек. Таңғы ас, түскі ас, кешкі ас – бәрі де бастықтың мойнында. Бірақ әрбір жұмысшы ай сайын 50 еуро төлейді, қалғанын басшы төлеуі тиіс.

Көпшілік даттықтар үшін автокөлік – қолжетпейтін сән-салтанат. Неге десеңіз, көлігі бар тұрғын мемлекетке көліктің бағасынан да қымбат салық төлеп тұрады. Бұл – Еуропадағы ең жоғарғы салық.

Данияда кең таралған көлік – велосипед.

Мүгедектерге, ата-аналарға жеңілдік жасау үшін автобустар еңкейе алады. Қоғамдық көліктерде тегін WI-FI бар.



Данияда үйлер өте қымбат

Данияда медициналық қызметтер тегін көрсетіледі. Әрбір ауданда "үй дәрігері" бар. Науқастар кез келген уақытта қарала алады.

Қаланың әрбір бұрышынан арзан бағаға гүл шоқтарын сатып алуға болады.



Арбалы аттар жүретін жолда автокөлік ұшырасып қалып, атты ашуландыратын болса, жүргізуші көліктен түсіп, көліктің бетін жауып, аттың ашуын басуы керек.

Копенгаген қаласындағы зоопарк

Даниядағы ұлттық мұражай

Tivoli (Тиволи) – Данияда орналасқан Еуропадағы ең үлкен ойын-сауық саябағы. Кезінде Уолт Дисней аталған саябаққа келіп, осыған ұқсас жоба жасауды ойластырған. Нәтижеде Париж (Франция) бен Атланта (АҚШ) қалаларында Диснейленд саябағын салдырған.

Дания азаматы балаларға арналған LEGO (Лего) ойынын құрастырған. «LEGO» дат тіліндегі «leg godt» сөздерінен шығып, «жақсы ойна» деген ұғымды береді.

Назарларыңызға рахмет!!!

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет