«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі»



жүктеу 136.19 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі136.19 Kb.
: sites -> default -> files
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
files -> Ф 06-32 Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
files -> Үкіметтің 2013 жылға арналған Заң жобалау жұмыстары Жоспарының орындалуы бойынша ақпарат
files -> Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының


Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің

2015 жылғы «27» сәуірдегі

№ 284 бұйрығына

1-қосымша

 

 


«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

 

1. «Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).



2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мемлекеттік кірістер комитетінің аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша, арнайы экономикалық аймақтар аумақтарындағы аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:


  1. көрсетілетін қызметті беруші ақпаратты қабылдау және өңдеу орталықтары арқылы;

  2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы;

  3. «электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.



2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Құжаттар топтамасын тапсырған уақыттан бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушыны дара кәсіпкер (бұдан әрі – ДК) ретінде тіркеу есебіне қою – көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды ұсынған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректерін өзгерту, ДК куәлігін алмастыру және (немесе) салықтық өтініште көрсетілген бірлескен дара кәсіпкерлікке қатысушылар (мүшелер) туралы деректерді өзгерту – құжаттарды алған күнінен кейінгі 1 (бір) жұмыс күні ішінде;

орындалмаған салық міндеттемелерінің болмауы шартымен көрсетілетін қызметті алушыны ДК ретінде тіркеу есебінен шығару – 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей;

2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – көрсетілетін қызметті берушіге 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на - 15 (он бес) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут, ХҚКО-на - 15 (он бес) минут.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (толық автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

1) ДК ретінде тіркеу есебіне қойған және ДК куәлігінде көрсетілген тіркеу деректері өзгертілген кезде – көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы ДК куәлігін беру;

2) ДК тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) туралы жазбаша растауды беру немесе уәкілетті органның интернет-ресурсында ДК тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) туралы ақпаратты орналастыру - ДК тіркеу есебінен шығару (шығарудан бас тарту) кезінде;

3) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздемелер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауабы.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.

Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО қағаз түрінде жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі басып шығарылады және көрсетілетін қызметті алушыға қағаз жеткізгіште беріледі.

7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ДК мемлекеттік тіркеу үшін алым (бұдан әрі – тіркеу үшін алым) ДК ретінде тіркеу кезінде республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және алымды төлеу күнi қолданыста болған 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады.

ДК мемлекеттік тіркеу кезінде алым төлеуден:

1) шаруа немесе фермер қожалықтары;

2) І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектер;

3) заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын оралмандар босатылады.

Алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын басқа ұйымдар арқылы қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

Сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

8. Жұмыс кестесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзілісті ескере отырып сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезекпен көрсетіледі, алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;

2) ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жүргізіледі, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген, портал арқылы электрондық кезекті «брондауға» болады;

3) портал – тәулік бойы, жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғалар – Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар, Қазақстан Республикасының тұрақты тұрғыны мәртебесі бар Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының және Тәжікістан Республикасының азаматтары жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-на:

1) ДК ретінде тіркеу және тіркеу деректерін өзгерту үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес салықтық өтініш;

жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру үшін).

орналасқан жерін растайтын құжат – мекенжай анықтамасы не жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат;

ДК ретінде тіркеу үшін – тіркеу үшін алым сомасының бюджетке төленгенін растайтын құжат;

кәмелеттік жасқа толмаған көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде – заңды өкілдердің келісімі, ал мұндай келісім болмаған кезде – неке қию (ерлi-зайыпты болу) туралы куәліктің көшірмесі не қамқоршылық және қорғаншылық органы шешімінің көшірмесі немесе кәмелеттік жасқа толмаған адамды толығымен іс-әрекетке қабілетті деп жариялау туралы сот шешімі;


  1. орналасқан орны бойынша тіркеу есебінен шығару үшін:

ДК қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде бір мезгілде:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2 және 3-қосымшаларына сәйкес салықтық өтінішті;

тарату салық есептілігін;

қосылған құн салығын (бұдан әрі – ҚҚС) төлеуші болып табылатын ДК қызметін тоқтатқан кезде – ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлікті немесе ол жоғалған немесе бүлінген кезде қағаз жеткізгіштегі түсініктемені;

ҚҚС төлеуші болып табылатын ДК тіркеуден шығару кезінде – ҚҚС бойынша тіркеу есебінен шығаруға салықтық өтінішті;

осындай есепке алу болған жағдайда, қызметтің жекелеген түрлері бойынша тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті;

бақылау-касса машинасын (бұдан әрі – БҚМ) есептен шығару туралы салықтық өтінішті ұсынады.



Өзіндік түрде дара кәсіпкер ретінде тіркеуге арналған құжаттар тіркелуші жеке тұлғаның өзімен тапсырылады, бірлескен дара кәсіпкерлікті тіркеуге арналған құжаттарды үшінші тұлғалармен және мемлекеттік органдармен қатынастарда мүдделерді білдіруге уәкілеттік берілген адам тапсырады.

Егер кәмелеттік жасқа толмаған жеке тұлға ДК ретінде тіркелген жағдайда, салықтық өтініш келу тәртібімен қағаз жеткізгіште табыс етіледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда құжаттардың қабылданғаны туралы белгімен, қабылдау күні және уақыты көрсетілген талон беріледі.

ХҚКО дайын құжаттарды беру тиісті құжататрды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда жүзеге асырылады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті ХҚКО арқылы алу үшін ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға жазбаша келісімін береді, ХҚКО ұсынған нысан бойынша.

ХҚКО нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде ХҚКО сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір күн ішінде дайын құжаттарды ХҚКО көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды;

порталға ДК ретінде тіркеу және тіркеу деректерін өзгерту үшін:

осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1 қосымшасына сәйкес электрондық құжат нысанындағы салықтық өтініш;

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттардың деректері туралы, мекенжай анықтамасын не мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурс болып табылатын жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын құжатты, тіркеу үшін алым сомасының төленгені туралы (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда), көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін жолданған сұраудың қабылданғаны туралы күні және уақыты көрсетілген мәлімет жіберіледі.

10. Егер:

шағын кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын ДК тіркеу кезінде:

1) өтініш беруші әрекетсіз заңды тұлғалардың жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) және (немесе) басшысы болып табылса және (немесе) әрекет етуге қабілетсіз немесе әрекет етуге қабілеттілігі шектеулі деп танылса және (немесе) хабар-ошарсыз кетті деп танылса және (немесе) қайтыс болды деп жарияланса және (немесе) оның Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 215, 238, 240-баптары бойынша қылмыстары үшін өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болса;

2) салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріндегі мәліметтерге сәйкес келмесе;

3) салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде болмаса, бұл жағдайлар шағын кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын дара кәсіпкерге мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

ДК тіркеу деректері өзгерген жағдайда:



  1. көрсетілетін қызметті алушы әркетсіз деп танылса;

  2. салықтық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың деректері сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдеріндегі мәліметтерге сәйкес келмесе;

салықтық өтініште көрсетілген орналасқан жері «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде болмаса мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.

Мемлекеттік қызметті алу үшін ХҚКО-на жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, халыққа қызмет көрсету орталықтарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар жазбаша түрде:



1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Министрлік басшысының не оны алмастыратын адамның атына;

2) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 14-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

ХҚКО қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым www.con.gov.kz ХҚКО интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚКО басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті алушылардың шағымында оның аты, тегі, әкесінің аты, почталық мекен-жайы, байланыс деректері көрсетіледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орны көрсетіле отырып, Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) шағымның қабылданғанын растау болып табылады.

Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің атына, ХҚКО-на келіп түскен мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық

нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
13. Заңмен белгіленген тәртіпте қабілеттілігін толық немесе ішінара жоғалтқан немесе өз өзіне қызмет көрсету, өз бетімен қозғалу, бағдаралу қабілеттілігн жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға қызмет көрсету 1414 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы ХҚКО қызметкерлерімен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: www.kgd.gov.kz, Министрліктің: www.minfin.gov.kz, ХҚКО: www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алуға мүмкіндігі бар.

16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефондары: 8-800-080-7777, 1414.

«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

1-қосымша





«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

2-қосымша

«Дара кәсіпкерді тіркеу есебі» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

3-қосымша



««Дара кәсіпкерді тіркеу есебі»» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

4-қосымша
(көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, болған кезде әкесінің аты (бұдан әрі – аты-жөні), не ұйымының атауы)

________________________________

(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы

қолхат
 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК филиалының №__ бөлімі (мекенжайы көрсетілсін) Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын табыс етпеуіңізге байланысты «Жекеше нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі» мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:

Жоқ құжаттардың атауы:



  1. ________________________________________;

  2. ________________________________________;

  3. ….

Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.

 
Аты-жөні (ХҚКО қызметкері) (қолы)

Орындаушы: аты-жөні_____________

Телефон __________



Алдым: көрсетілетін қызметті алушының аты-жөні / қолы
20__ жыл «___» _________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет