Дексаметазон



жүктеу 70.63 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі70.63 Kb.
түріҚұрамы
: images -> catalog
catalog -> Құрамы 1 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат 1000,0 мг пирацетам
catalog -> Құрамы 250 мл препараттың құрамында белсенді заттар: кәдімгі анис жемістері
catalog -> Құрамы Бір таблетканың құрамында белсенді зат винпоцетин 012 мг
catalog -> Құрамы 1000 мл бальзамның құрамында белсенді заттар (граммен): кәдімгі анис жемісі 20
catalog -> Құрамы 5 мл ерітіндінің құрамында белсенді зат 0 г глюкоза моногидраты (сусыз затқа шаққанда) қосымша заттар
catalog -> Құрамы 1 таблетканың құрамында белсенді зат 1,00 мг кетотифен 38 мг кетотифен гидрофумараты түрінде)
catalog -> Құрамы 100 мл шәрбаттың құрамында белсендi заттар: итмұрын жемістері 24. 48 г аскорбин қышқылы 2 г
catalog -> Құрамы Бір капсуланың құрамында белсендi зат 278. 000 амброксол гидрохлориді пеллеті
catalog -> Құрамы Бір таблетканың құрамында белсендi зат 30. 0 мг амброксол гидрохлориді
catalog -> Құрамы 5 мл препараттың құрамында 228. 5 мг үшін 457 мг үшін белсенді заттар : амоксициллин 262. 9 мг 525. 7 мг







Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және

фармацевтикалық қызметті

бақылау комитеті Төрағасының

2014 ж. “ 09 ” 09

№ 570 бұйрығымен

БЕКІТІЛГЕН



Дәрілік заттың медицинада қолданылуы

жөніндегі нұсқаулық
ДЕКСАМЕТАЗОН

Саудалық атауы

Дексаметазон


Халықаралық патенттелмеген атауы

Дексаметазон


Дәрілік түрі

Көз тамшыларының 0,1 % суспензиясы, 5 мл


Құрамы

1 мл суспензияның құрамында



белсенді зат: 1.0 мг дексаметазон ,

қосымша заттар: натрий хлориді, натрий дигидрофосфат моногидраты, натрий гидрофосфат додекагидраты, динатрий эдетаты, бензалконий хлоридінің ерітіндісі, полисорбат 80, этанол 96%, 10% натрий гидроксид ерітіндісі, тазартылған су.
Сипаттамасы

Ақ суспензия (15 с ішінде сілкуден кейін), қозғалыссыз фазаның біртекті таралуы 2 мин аздау сақталады.


Фармакотерапиялық тобы

Көз ауруларын емдеуге арналған препараттар. Қабынуға қарсы препараттар. Глюкокортикостероидтар. Дексаметазон

АТХ коды: S0lBA01
Фармакологиялық қасиеттері

Фармакокинетикасы

Дексаметазон ішке жылдам сіңеді, жартылай ыдырау кезеңі шамамен 190 минутты құрайды. Тері мен көзге жергілікті жаққаннан кейін жүйелі әсерін алу үшін жеткілікті сіңуі мүмкін. Плазмада дексаметазонның ақуыздармен байланысуы көптеген басқа кортикостероидтарға қарағанда аздау. Кортикостероидтар тін сұйықтығына, жұлын сұйықтығына енеді, бірақ зерттеулерде плацента арқылы мәнді диффузиясы айқындалмаған. Кортикостероидтар бауырда, бүйректе метаболизденеді және несеппен бөлінеді. Дексаметазонның метаболизмі басқа кортикостероидтардың метаболизміне ұқсайды. Көз ішіне елеулі мөлшерде енеді және алдыңғы сегменттің қабыну аурулары кезінде дексаметазон тиімділігіне ықпал етеді.


Фармакодинамикасы

Дексаметазон қабынуға қарсы, аллергияға қарсы әсері бар синтетикалық глюкокортикостероид болып табылады.

Дексаметазонның белсенділігі адам мен жануарларға оны пероральді қолдануға негізделген зерттеулер кезінде көрінген. Бұл зерттеулердің нәтижелері бойынша дексаметазонның белсенділігі преднизолон белсенділігінен шамамен 6-7 есе, ал кортизондікі 30 есе дерлік асып түседі. Қосылыстардың тиімділігіне метил радикал мен фтор атомын преднизолон радикалына қосу есебінен жетеді.
Қолданылуы


  • алдыңғы увеит, ирит, циклит, аллергиялық және көктемгі конъюнктивит, герпесті кератит, стероидты емге сезімтал беткейлі нүктелік кератит және спецификалық емес беткейлі кератит сияқты конъюнктива, мөлдір қабық пен көз алдыңғы сегментінің жедел қабыну ауруларында

  • химиялық, радиациялық және/немесе термиялық күйіктер салдарынан болған мөлдір қабық жарақаттарын емдеу үшін (мөлдір қабық ақауларының толық эпителизациясынан кейін).

  • көз алмасына операциядан кейін қабыну реакцияларын азайту үшін және трансплантат реакциясын басу үшін.


Қолдану тәсілі және дозалары

Тамшыларды тамызу жиілігі мен емдеудің ұзақтығы негізгі аурудың ауырлығы мен емдеу реакциясына байланысты өзгеріп тұрады. Ауыр қабынулар кезінде оңды жауапқа қол жеткізгенше әрбір отыз-алпыс минут сайын 1-2 тамшыдан көзге тамызып отырады. Оңды жауап болмағанда субконъюнктивальді немесе жүйелік стероидты емді қарастырған жөн. Жағымды жауап кезінде дозаны әрбір төрт сағат сайын бір тамшыға дейін азайту қажет.


Жағымсыз әсерлері

Жиі

- көз аймағындағы жайсыздық



Сирек

- дисгевзия (дәм бұзылысы),

- кератит, конъюнктивит, құрғақ кератоконъюнктивит, мөлдір қабықтың боялуы, жарықтан қорқу, айқын көрмеу, көздің қышуы, көзде бөгде денені сезіну, жас ағудың ұлғаюы, көзде қалыпсыздықты сезіну, қабақ аймағында қабыршық түзілуі, көздің тітікенуі, көз гиперемиясы

Жиілігі белгісіз

- препаратқа немесе оның компоненттеріне аса жоғары сезімталдық

- бас айналу, бас ауыру

- көзішілік қысымның артуы, көру өткірлігінің төмендеуі, мөлдір қабық эрозиясы, қабақ птозы, көздің ауыруы, қарашықтың кеңеюі


Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • дексаметазонға немесе препараттың құрамдас заттарының қайсы біріне жоғары сезімталдық

  • мөлдір қабық және конъюнктива қабықтарының Herpes Zoster туындатқан кератиттен басқа да вирустық аурулары

  • көздің Herpes simplex туындатқан вирустық аурулары

  • көздің зең аурулары

  • көз туберкулезі

  • жедел, емделмеген іріңді бактериялық көз жұқпалары


Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Дәрілермен өзара әрекеттесуі бойынша зерттеулер жүргізілмеген.

Егер бір мезгілде бірнеше көз дәрілері тағайындалған болса, онда дәрілер кем дегенде 5 минут аралықпен енгізілуі тиіс. Көз жақпамайларын соңғы кезекте енгізу керек.
Айрықша нұсқаулар

Тек көз тәжірибесінде пайдалануға арналған.

Офтальмологиялық кортикостероидтарды ұзақ пайдалану көз гипертензиясына және/немесе көру жүйкесі зақымдануымен глаукомаға, көру өткірлігінің төмендеуіне, көру өрісінің ақауларына және артқы камера катарактасының субкапсулярлық түзілуіне әкелуі мүмкін. Көзге емді ұзақ уақыт кортикостероидтармен алып жүрген емделушілерде, әсіресе сыртартқысында глаукомасы бар немесе болған емделушілерде көз қысымын және мөлдір қабықтың жай-күйін ұдайы және жиі тексеріп отыру қажет.

Жергілікті кортикостероидтарды, көзішілік қысымды тұрақты бақылау кезіндегі офтальмолог дәрігердің айрықша ұсынымдарын қоспағанда, бір аптадан артық пайдаланбайды.

Кортикостероидтар антибиотиктердің тиімсіздігі туралы шешім қабылдаған кезде маңызы бар жұқпа клиникалық белгілерін бүркемеу арқылы бактериялық, вирустық және зеңдік жұқпалардың төзімділігін және анықталуын төмендетуі мүмкін. Мұндай жағдайларда антибиотикотерапия міндетті болып табылады. Мөлдір қабықтың ұзақ жазылмайтын ойық жарасы бар, стероидты ем алған немесе алатын науқастарда зең жұқпаларын жоққа шығару қажет. Егер зеңдік жұқпа анықталған болса, кортикостероидтарды тоқтатқан жөн.

Жергілікті офтальмологиялық кортикостероидтар мөлдір қабықтағы жаралардың жазылуын баяулатуы мүмкін.

Мөлдір қабық пен склера жұқаруын туындататын аурулар кезінде жергілікті кортикостероидтар олардың тесілуін туындатуы мүмкін.

Көз қабынуларын емдеу кезінде жанаспалы линза тағу ұсынылмайды.

Сонымен қатар, бұл өнімнің құрамында бензалконий хлориді бар, оның көз тітіркенуін туындатуы мүмкін, жанаспалы линзаны түссіздендіретіні де белгілі. Жұмсақ жанаспалы линзамен жанасуын болдырмаған жөн.

Препаратты қолданар алдында жұмсақ жанаспалы линзаны көзден алу керек. Препаратты тамызған сәттен бастап 15 минут өткен соң оларды қайтадан тағуға болады.



Балалар

Балаларда қолданудың қауіпсіздігі мен тиімділігі анықталмаған.



Жүктілік және лактация

Жүкті әйелдерге кортикостероидтарды жергілікті қолдану клиникалық сынақтарының деректері жоқ, сондықтан препаратты жүктілік кезінде анасы үшін болжамды пайдасы ұрыққа төнетін ықтимал қауіптен асып түскен жағдайда ғана қолдануға болады.

Емшекпен қоректендіру кезінде Дексаметазонды қолданған жөн, өйткені препараттың емшек сүтіне ену ықтималдығы бар.

Көлік құралдарын басқару немесе қауіптілігі зор механизмдермен жұмыс қабілетіне әсер етуі

Дексаметазон көлік құралдарын жүргізу және механикалық жабдықтарға қызмет көрсету қабілетіне әсер етпейді. Алайда, тамызғаннан кейін жас ағу және көрудің бұлыңғырлануы ықтималдығын ескере отырып, көлік құралдарын жүргізу немесе механикалық жабдықтарға қызмет көрсетудің тура алдында препаратты қолданбаған жөн.




Артық дозалануы

Суспензияның АІЖ кездейсоқ түсіп кетуі ауыр жағымсыз салдарына әкелмейді. Препаратты ұзақ қолдану дексаметазонның жүйелі әсер етуіне әкелуі мүмкін.


Шығарылу түрі және қаптамасы

5 мл-ден полиэтиленді тамшылатқыш құтыда.

Әр құтыға заттаңба жапсырылады.

1 құтыдан медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картон қорапшаға салынады.


Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 250С-ден аспайтын температурада сақтау керек.

Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі

2 жыл


Құтыны ашқаннан кейін сақтау мерзімі – 4 апта.

Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін пайдалануға болмайды.


Дәріханалардан босатылу шарттары

Рецепт арқылы



Өндіруші

Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа» АҚ, Польша


Тіркеу куәлігінің иесі

Варшава фармацевтикалық зауыты «Польфа» АҚ, Польша


Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан өнім (тауар) сапасына қатысты шағымдарды қабылдайтын ұйымның мекенжайы

«Химфарм» АҚ, Шымкент қ., Қазақстан Республикасы,

Рашидов к-сі, 81, т/ф: 560882

Телефон нөмірі 7252 (561342)

Факс нөмірі 7252 (561342)

Электронды поштасы standart@santo.kz










©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет