Деп аталады. Мүшелдегі жылдар 12 түрлі жануардың атымен аталып отырады



жүктеу 35.47 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі35.47 Kb.
: files
files -> Шығыс Қазақстан облысындағы мұрағат ісі дамуының 2013 жылдың негізгі бағыттарын орындау туралы есеп
files -> Анықтама-ұсыныс үлгісі оқу орнының бланкісінде басылады. Шығу n күні 20 ж
files -> «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және үйлеріне кері тегін тасымалдауды ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
files -> «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру»
files -> Регламенті Жалпы ережелер 1 «Мұрағаттық анықтама беру»
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы А. Шаймарданов
files -> «бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
files -> Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2012 жылға арналған операциялық жоспары
files -> Тарбағатай ауданының ішкі саясат бөлімі 2011 жылдың 6 айында атқарылған жұмыс қорытындысы туралы І. АҚпараттық насихат жұмыстары







Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар 12 түрлі жануардың атымен аталып отырады.

Мүшелдегі 12 жануарлардың алтауы – үй жануарлары, алтауы – дала (түз) тағысы. Мүшелдегі жануарлардың жынысы, жасы есепке алынбайды. Сондықтан қой жылын қошқар жылы деп айтуға да болады.


Аңыз әңгіме


Мүшелдің шығуы жайында мынадай аңыз бар. Он екі жануар жыл атына ие болуға таласады. Сонда тышқан тұрып: «Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз де ерте тұрып, шығып келе жатқан күнді аңдиық. Сонда алдымен көргеніміз бірінші жылды, одан соңырақ көргеніміз екінші жылды т.с.с. өз кезегімізбен үлестіріп аламыз», - деп ұсыныс жасайды. Бұған келіскен жануарлар дем алып жатқанда, тышқан ептеп түйенің басына шығып алады. Сөйтіп, ол күнді бәрінен бұрын көріп, жыл басы болған екен. Түйе бойына сеніп, жылдан құр қалады.


Жылдардың реттері мен атаулары




1-жыл – тышқан жылы

2-жыл – сиыр жылы

3-жыл – барыс жылы

4-жыл – қоян жылы

5-жыл – ұлу жылы

6-жыл – жылан жылы

7-жыл – жылқы жылы

8-жыл – қой жылы

9-жыл – мешін жылы

10-жыл – тауық жылы

11-жыл – ит жылы

12-жыл – доңыз жылы




Мүшел жас


1-мүшел – 13 жас (ер жете бастау).

1-мүшел – 25 жас (жігіттік шақ).

1-мүшел – 37 жас (ақыл тоқтату).

1-мүшел – 49 жас (орта жас).

1-мүшел – 61 жас (орта жас).

1-мүшел – 73 жас (қарттық).

1-мүшел – 85 жас (кәрілік).

1-мүшел – 97 жас (қалжырау).

1-мүшел – 109 жас (шөпшек сүю).

1-мүшел – 121 жас (немене сүю).



Жыл санау
Биыл – осы жылы.

Былтырғы (өткен) жылы – 1 жыл бұрын.

Бұрнағы (мұрнағы) жылы – 2 жыл бұрын.

Одан арғы жылы – 3 жыл бұрын.

Бұрынғы жылдары – 4 жылдан бұрынғы жылдары
Қаңтар Ақпан Наурыз

Қаңтар келді қышынып, Ақпанда қыс ызғары Наурыз келді шуақты,

Сірескен қар жан-жағың, Қайтпағанмен, күн жылып, Шаттанбаған бар ма алап?

Үдегенмен үскірік, Айналаның мұз – қары Жылғалармен су ақты.

Күн ұзарды бір қадам. Бір қатады, бір жібіп. Бүрін жарды тал-тарақ.
Сәуір Мамыр Маусым
Сәуір келді жетті енді, Мамыр келді ән – думан, Құс көбейді көлдегі,

Дала гүл-гүл жайнады. Көлде аққу қалқыды. Маусым келді- жаз мейрам.

Жырға қосып көктемді, Орақ түскен шалғыннан Асыр салып төлдері,

Әнші құстар сайрады. Жұпар иіс аңқылды. Жан –жануар мәз –мейрам.


Шілде Тамыз Қыркүйек
Шілде келді. Бұл бір ай- Тамыз жомарт бұйырды, Қыркүйек пен күз келіп,

Жаз айы ғой ең ыстық Пісті қауын, алма, өрік, Шопан көшті күзеуге.

Апамызға құлпынай, Жүзім, алмұрт үйілді, Мектепке бет түзедік

Алша, шие терістік. Дастарқанға сән беріп. Гүл құшақтап біздер де.


Қазан Қараша Желтоқсан
Қазан келіп, көсілді Қараша кеп шіренді - Азынайды бораны,

Аяқтап жұрт жұмысты. Қара суық қысады. Желтоқсан- бұл қыс басы

Тал- тарақтар шешінді, Аспан жиі түнерді, Әйнекке ою ояды:

Қыс қамына кірісті. Сезіліп қыс нышаны. «Осы,- деп,- қыс нұсқасы».

С. Қалиев.

Жаз Күз
Жаз келіпті дегенше, Бұлттар төніп, жерге шөгіп,

Алма пісті дегейсің. Дымқыл туман басады.

Бақшамызда ендеше Шөп сарғайып, өңі тайып,

Алма теру көбейсін. Дала сұры қашады.

Жаз келіпті дегенше, Ойнай алмай...

Жайлау кеттік дегейсің. Денең мұздап тоңады.

Қорамызда ендеше Айтыңдаршы, бөбектерім,

Қой – қозылар көбейсін. Т. Молдағалиев. Бұл қай кезде болады?



Қыс суреті Көктем
Ауа мөлдір, тұп – тұнық, Қар, мұз еріп, су көбейіп

Аппақ, таза жаңа қар. Сай – салада ағады.

Асау аттай жұлқынып, Бүршік шашып,

Зуылдайды шаналар. Жапырақ ашып,

Күмістен алқа тағынып. Жер гүл шашақ тағады.

Бақтар күлім қағады. Бөбектерім!

Күн нұрына шағылып, Айтыңдаршы,

Қар жұлдыздай жанады. С. Мәуленов. Бұл қай кезде болады? Ш. Ахметов.



Материалды дайындаған

«Мемлекеттік тілді оқыту орталығы» МКҚК

оқытушысы А.М. Темірбекова






©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет