Деректі фильмнің беташары



жүктеу 476.96 Kb.
бет2/4
Дата01.04.2016
өлшемі476.96 Kb.
1   2   3   4
: upload -> files
files -> Т. Н. Кемайкина психологические аспекты социальной адаптации детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей методическое пособие
files -> Ұлттар жіктеуіші
files -> Мазмұны бағдарламаның ТӨЛҚҰжаты
files -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама «Сұйық отын және аи-92 жанар жағар майын сатып алу»
files -> Жоба сайлау учаскелерін құру туралы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»
files -> Сайлау учаскелерін құру туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы»

Деректі фильмнің тақырыбын зерттеу жолдары

Сонымен деректі фильм түсіру туралы белгілі мекеменің тапсырысымен танысып, онымен келістіңіз немесе Сіздің фильм жасау жөніндегі ұсынысыңыз қабылданды делік. Енді фильмнің мақсатын, міндетін және оны түсіріп болғаннан кейін көрсетілер аудиторияны да көз алдыңызға елестете аласыз. Шартқа қол қойылды, уақыт белгіленді, енді іске кірісу қажет.

Келесі жұмыс тақырыпты мұқият зерттеуге арналады. Зерттеуші ретінде Сіз жақсы сценаристтің жағдай талғап жатпайтын қасиетін, ғылымға ден қойған ғалымның әрбір детальға зер салатын әдетін бойға сіңіріп, бақылаушы, сарапшы, ғалым, стенографист те бола алуыңыз міндет. Бірнеше тәуліктің, болмаса, бір айдың ішінде Сіз осыған дейін өзіңіз түпкілікті білмеген тың тақырыптың сарапшысы болып үлгергеніңіз жөн. Бұның өзі газет-журналға жаза салатын мақала секілді көрінгенімен, сөз бен бейнені қаз-қатар жымдастырып реттеу, сенімді бейнелеу, сюжетке қажетті құжаттарда табу, бұл ерекше еңбекті талап ететін шығармашылық еңбек екеніне куә боласыз.

Әдетте, зерттеу бағытын фильмнің идеясы, тақырыптары айқындайды.

Фильмнің тақырыбын игеру

Тақырыпты игеру үшін не істеу керек? Фильмді қалай жасамақсыз? Демеушілермен алғашқы кездесуде-ақ, бұл сауал кесе-көлденең тұрады.

Фильмді түсірем деген ниетіңіз табанды болса, әуел бастан-ақ, оның тақырыбынан болашақ жұмысыңызға керекті тетікті табуға тырысыңыз.

Олардың жиі кездесетін түрлеріне тоқталайық:



  1. Жағдаяттың немесе жеке шиеленістер;

  2. Күшті немесе харизматикалық тұлғалар;

  3. Ерекше назарға алынуы мүмкін нысандар;

  4. Жағдайдың, не кейіпкер мінез-құлығының фильмді түсіру қарсаңында күрт өзгеруі;

…Бұлардан басқа да фильмнің басталу алдында ойламаған жерден туындайтын жайлар көп. Дегенмен, жоғарыдағы төрт мәселе – туындыны сәтті ұйымдастыру арқауы. Үлкен жобалармен жұмыс үстінде тақырыптың шешіміне қатысты бір байламға келмес бұрын, алдын-ала оны зерделеп,ыждағатпен зерттеу артықтық етпейді.

Бұл кімге де болсын, бесенеден белгілі жағдай көрінуі мүмкін. Дегенмен, тақырыпты ашу үшін фильмнің негізгі желісін табу – уақытты үнемдеп, керексіз ақпараттардан арылуға септігін тигізеді. Ол сонымен бірге, фильмге пайдасы жоқ, керексіз зарттеулерге уақытты зая етпеуге жол ашады.

Тақырыпты зерттеуді үш кезеңге бөлуге болады:


  1. Баспасөзде жарияланған туындыларды тақырыпқа қатысты тарауға бөліп зерттеу.

  2. Мұрағаттардағы бейне және фотоматериалдар мен ақпараттық жаңалықтарда көрсетілген сюжеттерді мұқият қарау, қажеттісін сатып алу.

  3. Тақырыпты жіті білетін мамандармен пікір алмасу.

Осы орайда айтпағым, фильмге автор, режиссер болудан гөрі, көбінесе продюсерлік бағытта қызмет атқаруға тура келетіндіктен өзім тікелей қатысқан екі фильмнің жасалу жолын қысқаша баяндамақпын. Сонымен бірге, өмірде жиі кездесіп жүрген жәйт – сценарий жазу мәселесі. Сценарий қалай жазылады, үлгісі болса деген сауалдар алдымыздан жиі шығатынын жоғарыда атап өттім.

Төмендегі мысалдар өнеге, үлгі емес, тек жол сілтеу түрі ретінде қабылданса деймін. Өйткені сценарий қиналмай жазуға, дайын көрінетіндей дүниелерді оқып отырғанда онда баяндалатын жәйттерге «қандай бейнеқатарлар пайдалануға болады?», - деген мәселе бірінші кезекте алдыңыздан шығады. Газет-журналға арналған мақала оқырман оны оқуы үшін жазылады. Ал, фильмге диктор мәтінін әзірлеу, оны құлақпен есітумен қатар, соның сұлбасын көзбен көру үшін де жазылады. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей екені бесенеден белгілі. Диктор мәтініндегі ой-түсінік тұрпаты қарапайым да, бірден қабылданатындай болғаны дұрыс. Ал, көркем фильмдегі диалог негізінен өткір сөз, фразеологиялық тіркестерден тұрса, оны көрермен жаттап алып, өмірде жиі пайдаланатындығына куәміз. Ал, деректі фильмде керемет мақал-мәтелге сай көріністі бере алмайсыз. Айтпағымыз, деректі фильмдегі мәтін - бейнесәттерге көмекші рөлін атқарады. Ой мен көріністі дамытып, ажарын ашады. Мұндайда, сөйлем қысқа да нұсқа болса - оңды. Сонда дикторлық мәтіннің әсері күшті. Деректі фильм теориясын жіті зерттеген сыншылар:

- «Фильмде көрсетілген бейнеқатарларды сөзбен қайталамай, керісінше, кадрдан тыс қалған деректерді түсіндіріп, дәйектерді аша түсіңіздер», - дейді.

Демек, фильм сценарийін жазу үшін тақырыпты түпкілікті білу – заңдылық. Сонда ғана экранда көрсетілмек жайларға қосымша дәлелдер қосып, тосын айғақ айтып, соны сараптамалық өлшемдер арқылы баяндап, фильмнің эмоциялық ахуал-ауанын аша түсесіз. Тақырыптың «сыр сандығын» жүрегіңізбен сезіп, «қыл қобызын» дөп баса алсаңыз, мәтін әсерлі. Ең керегін мірдің оғындай етіп айта алсаңыз, фильм тынысын көрермен өзіңіздей қабылдамақ. Ескере кетер мәселе, баспасөзде оқылатын мақалалар әрқилы мамандық түріне бөлініп, салалық басылымдарда шығып жатады. Ал экран болса, жұртшылыққа жаппай ортақ. Бұл тұста кәсіби сөз тіркесін пайдаланбаған жөн. Фильмде бір-екі сөз түсініксіз болса, мағына шеңбері тарылады, көрермен ықыласы басқаға ауады. Сондықтан, сөз сараптау баршаға ортақ ұғымға сай өрілуі тиіс. Тегінде кәсіби тіркестерді мәтінге тіркей салғаннан гөрі, бейнеқатарлардың мүмкіндігін молынан пайдаланған ұтымдырақ болмақ.

Тағы бір ескере кететін жағдай, реті келгенше дикторлық мәтінде цифрлар мен статистикадан бойды аулақ ұстаған жөн демекпін. Олай болмаған күнде де екі минут аралығында бір ғана цифрды түсінікті, жеңіл етіп айтқан абзал. Ал бір сөйлемде екі-үш цифрды қатар жіберсеңіз, көрермен бірін де есте сақтай алмасы белгілі. Кейінгі кезде цифрлар мен статистиканы компьютерлік графика арқылы ұсыну қолданысқа енді. Әдемі бейнеқатар, мәтін, диктор дауысындағы, өлшемдік тыныста көрермен ынтасын статистикаға назар аударуға мұрсат береді. Егер де бір мәліметті тиянақты жеткізуді мақсат етсеңіз, ол цифрды кадрда ұзағырақ ұстап, дикторлық мәтіндегі цифрды фильм кейіпкерінің монологында қайталасаңыз, діттеген міндетіңіздің үддесінен шығасыз.

Осы қағидаларды қадағалау артықтық етпейді. Бұл ереже қатып қалған қалып та емес. Ендеше екі тақырыпқа жазылған екі сценарийге шолу жасайық. Қайталап айтсақ, бұл сценарийлер мақтаныш үшін емес, деректі фильм жасауға алғаш бет бұрған әріптестер үшін жобалық нұсқа түрі.

Мысалға, 2003 жылдың қыркүйек айында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің съезінің оқиғаларын арқау ете отырып, тіршілік негізі, әрі бейбітшілік үмітінің мәңгілік ізгілігі туралы 26 минуттан тұратын «Ақиқат бәйтерегі» атты екі бөлімді деректі фильм түсірдік. Фильм оқиғадан кейін бір ай уақыт өткеннен соң эфирге ұсынылды. Біз фильмге әзірлікті 3 ай бұрын бастадық. Еліміздегі дін конфессияларына қатысты барлық материалдарды жинастырдық. Бейнеқордағы, ертеректе осы бағытта дайындалған телетуындыларды шолып өттік. Кейінірек ол фильм желісінен айтарлықтай орын алмаса да, әлем жұртшылығының назары ауған Астанадағы дінаралық үндесу жиыны туралы қандай мағынадағы материал әзірлейміз деген идеяны қорытындылап, тақырыпты айқындай түсуге көмектесті.

Негізгі оқиға: Президент Резиденциясы, Салтанат Сарайы, «Бәйтерек» монументі және «Интерконтиненталь» қонақ үйі мен Когресс Холлда өткені белгілі. Камерагерлер ертеңді-кеш аталған нысандарда жұмыс жүргізді. Режиссерлер, редакторлар жоғары дәрежелі меймандардың барлығымен дерлік сұхбат өткізді. Айтпақшы, үш ай әзірлік кезінде Телерадиокешен тарапынан 5 минуттық «“Бәйтерек”: Дала мен Таулар аңызы» атты мультфильм, «CNN» телеарнасынан бірнеше рет көрсетілген әлеуметтік мағынадағы бейнеролик жасадық. Олар фильмде пайдаланылды және фильм көркемдігін арттырды. Ал ақиқатына тоқталсақ, өзімнің дайындаған сценарийімнің жобасын төрт мәрте түзеттім. Бірнеше сағаттан тұратын бейнематериалдан 52 минут қана таңдап алынды. Фильм авторының оқиға желісін жалғастыратын түсініктемелерінің үштен бірі ғана қорытынды туындыға енді. Ал, жазылған сұхбаттардың оннан бірі ғана фильмнен орын алды. Бұған себеп – мәртебелі дінбасылардың Елбасы Н. Назарбаев жүргізген дөңгелек үстел басындағы әңгімелерінің маңыздылығынан еді. Екіншіден, фильм стилі оқиға желісімен өрбіді. Дінбасылардың жеке дара бір өздері камера алдындағы сөзінен гөрі, барлық дін өкілдері алдындағы баяндамалары, дүниежүзінде бірінші рет өткізілген дінаралық үнқатысу съезінің деректілігін дәйекті түрде көрерменге жеткізуге мүмкіндік беретіндігін ескердік.

Сонымен “Ақиқат бәйтерегі” фильмі сценарийінің соңғы нұсқасы мынадай болды.

Студияның логотипі
(Фильм, Тіршілік тірегі – Бәйтерек монументін оқиға символы ретінде көрсетумен басталады).
Съездің әнұраны ретінде қабылданған композитор Төлеген Мұхамеджановтың композициясы.

Көріністе ақшаңқан бұлттар көші. Кадр «Бәйтерек» монументіне баяу ауысады.

Камера «Бәйтерек» ішіндегі лифтімен төмен қарай түсірілім жүргізеді. 1-ші планда Бәйтерек конструкциясы, 2-ші планда «Транспорт Тауэр» және тағы сол сияқты салынып жатқан ғимараттар кескіні.

Микшерлік ауысым.
Титр: Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені
ұсынады
деректі фильм


Ақиқат Бәйтерегі
Титр: бірінші фильм
Қазақстан Республикасы Президентінің Мәдениет орталығы. Сыртқы және ішкі көріністері.

Президенттің Мәдениет орталығындағы тарихи ескерткіштер фонында фильм авторының монологы беріледі.



1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет