Дәретті бұзбайтын жағдайлар



Дата03.05.2016
өлшемі175.36 Kb.
Аса қамқор, ерекше мейірімді Аллаһтың атымен

Дәретті бұзбайтын жағдайлар

Әлемдердің Раббысы – Аллаһқа мақтаулар мен мадақтар болсын, пайғамбарымызға, оның отбасына және барлық сахабаларына Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын! 


Содан кейін:

Қандай да бір құлшылықты бұзылды деп, тек Қасиетті Құран, Сенімді Сүннет және Иджма’ (ғалымдардың жалпы келісімі) негізінде ғана айтуға болатындығында күмән жоқ. Сондай-ақ, бұл нәрсе дәрет бұзылатын жағдайларға да қатысты. “әл-Ишраф” 1/100, «әл-Маджму’» 1/55.


Көп адамдар дәретті бұзады деп санайтын және шындығында бұзбайтын нәрселер мен іс-әрекеттер мыналар: 

1.Әйелге тию (терінің бір біріне тиюі)

Әйелге тию дәретті бұзады ма жоқ па? Бұл мәселеде ғалымдар арасында үш пікір бар:



Бірінші пікір, әйелге тию қандай жағдай да болсын дәретті бұзады. Бұл пікірді атақты Ибн ‘Умар мен Ибн Мас’уд (оларға Аллаһ разы болсын) сияқты сахабалар ұстанған. Сондай-ақ, бұл пікірді имам аш-Шафи‘и мен Ибн Хазм да ұстанған. “әл-Умм” 1/15, “әл-Мухаллә” 1/244.
Олардың дәлелі мына Құран аяты болып табылады: “Егер жүніп болсаңдар, тазаланыңдар (ғұсыл алыңдар). Ал егер ауырсаңдар не сапарда болсаңдар немесе қайсыбірің әжетханадан шықсаңдар не әйелдермен жақындассаңдар және су таппасаңдар, таза жермен жүздерің мен қолдарыңды сүртіңдер (тәяммум)”. (әл-Маида, 6 аят).
Ибн ‘Умар және Ибн Мас’уд былай деген: “Мұндағы “жақынадасу” сөзі жыныстық қатынасты білдірмейді”. “Тафсир ат-Табари” 1/502.

Екінші пікір, егер әйелге тию қалаумен, яғни шаһуатпен болса, онда ол дәретті бұзады. Бұл пікірді Имам Малик ұстанған және бұл имам Ахмадтың белгілі пікірі болған. “әл-Мудаууана” 1/13, “әл-Муғни” 1/192. 

Үшінші пікір, әйелге тию дәретті бұзбайды, және ол тию әдейі ме әлде кездейсоқ па, шаһуатпен бе әлде жоқ па, әйел туыс болсын яки болмасын, бәрі бір де бұзбайды. Бұл Ибн ‘Аббастың, сондай-ақ имам Абу Ханифаның, Хасан әл-Басридің, ‘Атаның, Таустың, әш-Шайбани мен шейх әл-Ислам ибн Таймияның пікірі болып табылады. “әл-Мабсут” 1/68, “әл-Аусат” 1/126, “Маджму’ әл-фатауа” 21/410.
Бұл пікір үшеуінің ішіндегі ең дұрысы.
Ибн ‘Умар мен Ибн Мас’удтың жоғарыдағы аятта жай тию жайында айтылған деген тәпсіріне келсек, бұл пікірге кейбір сахабалардың қарсы пікірлері болмағанда күшті дәлел болар еді. Алайда Ибн ‘Аббастың Аллаһ та’аланың “жақындассаңдар” сөзіне берген тәпсірі ретінде, былай дегені белігілі:“Мұнда жыныстық қатынас жайында айтылған” Ибн Аби Шейба 1/166. Сахих хадис.
Сондай-ақ Ибн ‘Умар мен Ибн Мас’удтың тәпсірі пайғамбарымызға қарама-қайшы. ‘Аиша (оған Аллаһ разы болсын) айтқан: “Мен пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында, аяқтарымды қиблаға қаратып ұйықтайтынмын. Ол намаз оқып жатып, сәжде жасаған кезінде, маған тиетін, сол кезде аяқтарымды бүгетінмін, ал ол тұрған кезінде, қайтадан созатынмын”. әл-Бухари 382, Муслим 272.
Егер де әйелге жай тию дәретті бұзатын болғанда, пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ‘Аишаға тигеннен соң намазын жалғастырмас еді. ‘Аишаның сөзіне қарағанда, бұл жағдай бір рет емес, тұрақты болғаны анық.
Және ‘Аиша (оған Аллаһ разы болсын) айтқан: “Пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әйелдерін сүйіп, дәретін қайта алмай намаз оқи берген”. Ахмад 1/68, ан-Насаи 1/104. Хафиз Ибн ‘Абд әл-Барр, хафиз ‘Абд әл-Хаққ әл-Ишбили, хафиз Ибн Хаджар, шейх Ахмад Шакир және шейх әл-Әлбәни хадисті сахих деген. «Файд әл-Қадир» 5/129, «Сахих әл-джами’» 4997.
Сондай-ақ, “Бір күні ’Умар әйелін сүйіп, сосын дәретін қайта алмай намаз оқыды” деген хабар да келген. Ибн ‘Абд әл-Барр в “әл-Истизкар” 3/44. Иснады сахих.
Сонымен, әйелге тию дәретті бұзбайды деген пікір шындыққа ең жақыны болып табылады. Және имам аш-Шафи’и былай деген: “Егер пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намаздың алдында әйелдерін сүйіп сосын дәрет алмаған делінген хадис сахих болса, онда әйелге тию дәретті бұзады деп есептемеймін”. Ибн Хаджар “ат-Тальхыс” 1/44 .
Мұсылмандар туысқан әйелдеріне әдейі не кездейсоқ болсын, әрдайым тиген. Алайда, сахабалардан одан кейін дәрет алғандығы немесе дәрет алуға бұйырғандығы жайында ешкімнен ешқандай хабар келмеген. Және шейх әл-Ислам ибн Таймия былай деген: “Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдеріне жақындаған соң дәрет алғандығы жайында ештеңе келмеген”. “Маджму’ әл-фатауа” 21/410.
Алайда бөтен әйелдерге тию дәретті бұзбайтындығына қарамастан, әдейі жақындау – харам. Себебі Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтқан: “Ер адамға оған харам болған әйелге тигеннен гөрі басына темір ине кіргені жақсырақ!” ат-Табарани в «әл-Кәбир» 20/210. Сахих хадис. «ас-Сильсилә ас-сахиха» 226.

2. Күмән 

Абу Һурайрадан (оған Аллаһ разы болсын ) келген хадисте пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Егер қайсысың ішінде жаман сезінсе және ауа шықты ма немесе жоқ па деп күмәнданса, даусын естімейінше немесе иісін сезбейінше мешіттен шықпасын”. Муслим 1/99.


Бұл ұлы хадис, себебі мұнда діннің өте маңызды мына қағидасын қамтылған: “Күмәнділік сенімділікті бұзбайды”, ол күмән қаншалықты үлкен болмасын. Егер адам дәрет алғаны анық есінде болып, бірақ бұзып алғаны есінде жоқ болса, онда оның дәреті бар. Және сондай-ақ егер адам дәреті жоқ екенін анық біліп, бірақ алып алмағаны есінде болмаса, онда оның дәреті жоқ. Ғалымдар бұл мәселеде бірыңғай келіскен. 
Алайда, егер бір адам иісін сезбесе және даусын естімесе, бірақ ауа шыққандығында анық сенімді болса, онда оның дәреті бұзылды. Имам әл-Бағауи айтты:“Хадистің мағынасы, адам дәретінің бұзылғандығы жайында анық сенімді болмайынша намазды бұзбауы керек болып табылады”. “Шарху-Ссунна” 1/353. 
Сондай-ақ, егер адам дәрет алып болған соң немесе қандай да бір құлшылық жасап болған соң, бір нәрсені қалдырып кетті ма, жоқ па сияқты күмәндар пайда болса, оларға мән берудің қажеті жоқ. Сауд Арабиясының Тұрақты комитеттің ғалымдары (әл-Ләджнату-ддаима) былай деген: “Құлшылық жасалып болған соң пайда болатын күмәндар есепке алынбайды”. “Фатауа әл-ләджна” 7/143.

3. Ауру себебінен бөлінетін сұйықтықтар

Егер де адамның ауру себебінен сұйықтықтар бөлінсе, мейлі ол простатит болсын, зәр ұстамай алмау немесе тұрақты қан ағулар болсын, бұлар дәреттің бұзылуына себеп болып табылмайды. Бұған дәлел Фатима бинт Абу Хубайштан келген хадис болып табылады, ол бір күні Аллаһтың елшісіне (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) келіп сұрады: “Әй Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)! Менде тұрақты қан ағулар (истихада) болады, және мен одан тазалана алмаймын. Сол себепті мен намазды қалдыруым керек пе?”. Сонда Аллаһтың елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деді: “Жоқ! Расында, бұл етеккір емес, қантамырдан ағатын қан. Егер сенде етеккір басталса, намаздарыңды қалдыр, ал ол біткен кезде, қаннан тазаланып (яғни ғұсыл ал), сосын әрбір намаздың алдында дәрет алып оқы”. әл-Бухари 320, Муслим 1/62.


Шейх әл-Ислам Ибн Таймия айтқан: “Кім дәретін намазын оқып біткенше сақтай алмайтын болса, онда намаз оқу алдында дәрет алып оқысын, ал намаз кезінде бөлінген сұйықтықтар оған еш зиян тигізбейді! Және бұл фақиһтердің жалпылай келісімі бойынша дәретті бұзбайды. Бұл адамға ең бастысы – әр намаздың алдында дәрет алу керек”. “Маджму’ әл-фатауа” 21/221.
Сонымен, ауру себебінен әрдайым тұрақты сұйықтықтары бөлінетін адам бір дәретімен бір парыз намаз бен онымен бірге қосымша намаздарды ғана оқи алады, ал келесі намаз басталған кезде оның дәреті бұзылады да оған қайтадан дәрет алу керек.

4. Анал тесігі мен басқа адамның жыныс мүшесіне тию

Анал тесігіне тию немесе әйелге күйеуінің жыныс мүшесіне немесе күйеуге әйелінің жыныс мүшесіне тию дәретті бұзбайды, себебі бұған ешқандай дәлел жоқ. Жоғарғы аталғандар дәретті бұзады деген пікірді ұстанатындар мына хадиске қарап қияс (салыстырма) жасайды: “Кім өзінің жыныс мүшесіне тисе, дәрет алсын”. Алайда бұл хадис бұған дәлел бола алмайды, себебі хадисте: басқаның емес, “өзінің жыныс мүшесіне” делінген. Және анал тесігі (дубур)жыныс мүшеге жатпайды. 


Аллаһ та’ала айтты: “Расында, муминдер жетістікке жетті... олар сондай өздерінің жыныс мүшелерін (фурудж) сақтайды, тек әйелдері мен күңдерінен басқа” (аль-Муминун 23: 1, 5-6).
Муфассирлердің ешқайсысы “жыныс мүше” (фардж) сөзін анал тесігі деп тәпсірлемеген. 
Және де Аллаһ та’ала айтты: “өздерінің жыныс мүшелерін (фурудж) сақтайды, тек әйелдері мен күңдерінен басқа”. Ал жыныстық қатынас анал тесігімен емес, жыныс мүшесімен жасалытынында күмән жоқ. 
Имам Ибн Хазм былай деген: “Жыныс мүшеcін (фардж) анал тесігі (дубур) деп атау дұрыс емес”. “әл-Мухаллә” 1/241.
Сондай-ақ «Лисану әл-‘араб» немесе «ан-Нихая» сияқты белгілі араб сөздіктерінде “закар”, ”фардж” (жыныс мүшесі) сөздері ”дубур” (анал тесігі) деген мағынаны да береді деп айтылмаған. 
Сонымен, қолдың анал тесігіне немесе күйеуі мен әйелдің бір бірінің жыныс мүшесіне тиюі және жуындырып жатқан кезде балалардың жыныс мүшесіне тиюі және сондай сияқтылар дәретті бұзбайды, себебі бұған Құранда да, Сүннетте де және біріңғай келісімде де (иджма‘) ешкандай дәлел жоқ.

5. Мәйітті жуу мен табытты көтеру 

Абу Һурайрадан келген риуаятта пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Кім мәйітті жуындырған болса, өзі де жуынсын, ал кім табытты көтерген болса, дәрет алсын”. Абу Дауд 3161, аль-Байһақи 1/303. Хадисті Хафиз Ибн Хаджар, шейх Ибн әл-Қайим, шейх Ахмад Шакир, шейх әл-Әлбәни және шейх ‘Абду әл-Қадыр әл-Арнаут сахих деген. “Ируа әл-ғалил” 1/184.


Алайда пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұл бұйрығы уәжіп емес, мустахаб болып табылады. Бұл Ибн ‘Аббастан (оларға Аллаһ разы болсын) келген хадиспен түсіндіріледі, онда пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Мәйітті жуындырып болған соң ғұсыл алуларың міндетті емес, өйткені мәйіт нәжіс болып табылмайды, тек қолдарыңды жусаңдар жеткілікті”. әл-Хаким 1/386, әл-Байһақи 3/398. Хафиз Ибн Хаджар хадисті хасан деген.
Ибн ‘Умар (оған Аллаһ разы болсын) айтқан: “Біз мәйітті жуындырып болған кезімізде, кім қаласа ғұсыл алатын, ал қаламаса алмайтын”. ад-Дарақутни 191, әл-Хатыб 5/424. Хафиз Ибн Хаджар мен шейх әл-Әлбәни сахих хадис деген.
Имам әл-Хаттаби былай деген: “Мен мәйітті жуындырған адамға ғұсыл алуды, ал табытты көтерген адамға дәрет алуды міндеттеген фақихтерді білмеймін. Сондықтан да хадистегі бұл амалдарды мустахаб амалдардың қатарына жатқызуға болады”. «‘Ауну әл-Ма’буд» 8/438.

6. Нәжіске тию

Нәжіске тию дәретті бұзбайды, себебі бұған ешқандай да дәлел келмеген, сондай-ақ бұл мәселеде ғалымдар арасында ихтиляф жоқ. “әл-Аусат” 1/203.


Алайда дене мен киімдегі нәжістерді тазалап, алып тастау керек!

7. Жыныс мүшеден шығатын ауа
Көбінесе әйел адамдарда болатын жыныс мүшеден ауаның шығуы дәретті бұзбайды. “әл-Мабсут” 1/83.
Шейх Ибн әл-‘Усаймин айтқан: “Жыныс мүшеден шығатын ауа дәретті бұзбайды, өйткені бұл анал тесігінен шығатын ауа емес”. “Фатауа марати әл-муслима” 1/14.

8. Қан алдыру (хиджама) мен қанның ағуы (жыныс мүшеден емес) 

Қан ағу мәселесіне келсек, бұл да дәретті бұзбайды. Джабир ибн ‘Абдуллаһ (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: “Әскери жорықтардың бірінде бір ансар намаз оқып жатқан кезінде үш рет садақпен жараланады, алайда ол қан ағып жатқанына қарамастан намаз оқуын тоқтатпады”. Абу Дауд 198, Ибн Хузайма 36. Хасан хадис. “Сахих Сунан Аби Дауд” 192.


Имам аш-Шаукани жазған: “Бұл оқиға жайында пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтылғандығында күмән жоқ және ол (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қан ағып жатқанына қарамастан намаз оқығанын мақұлдады. Егер де қанның ағуы дәретті бұзатын болғанда, өзімен бірге әскери жорықтарға қатысқандардың бәріне міндетті түрде айтып түсіндірген болар еді”. “Сайлу әл-джаррар” 1/99.
Дәл осыны шейх әл-Әлбәни да айтқан. “ас-Сильсилә ас-сахиха” 1/606.
Сондай-ақ бұл хадис қанның нәжіс емес екендігіне дәлел болып табылады.
“’Умар ибн әл-Хаттабтан (оған Аллаһ разы болсын) денесінен қан ағып жатса да намаз оқыған” деген хабар да келген. Малик 1/39, Ибн Са’д 3/350. Хафиз Ибн Хаджар сахих деген
Және де Хасан әл-Басри былай деген: “Мұсылмандар жарақаттарынан кан ағып жатса да намаздарын тоқтатпаған”. әл-Бухари 1/280.
Ал қан шығаруға келсек, Ибн ‘Умар былай деген: “Қан шығарған адам дәрет алуға міндетті емес, қан алынған жерлерін жуып жіберсін”. аль-Байһақи 1/140. Иснады сахих.

9. Намазда күлу

Намазда күлу оны бұзады деген пікірді ұстанатындар Абу әл-‘Алидің хадисіне сүйенеді: “Бір күні пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бен оның сахабалары намаз оқып тұрған кезде бір соқыр адам өтіп бара жатып, құлап қалды. Сол кезде кейбір сахабалар күліп жібереді, сосын пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) күлгендерге қайтадан дәрет алып, намаз оқуларын бұйырды”.


Бұл хадисті ад-Дарақутни мен Ибн ‘Ади өте әлсіз иснадпен келтірген және хадистің әлсіз екендігінде мухаддистердің арасында келіспеушіліктер жоқ. “Сыфа әл-уду” 52, “Сахих фиқху-Ссунна” 1/142.
Бір күні Джабирден (оған Аллаһ разы болсын) намаздағы күлкі жөнінде сұралғанда, ол былай деді: “Намазды қайталау керек, бірақ қайта дәрет алудың қажеті жоқ”. аль-Байһақи 1/144, ад-Дарақутни 1172. Хафиз Ибн Хаджар иснадын сахих деген.

10. Құсу мен кекіру

Құсу мен кекіру дәретті бұзады деп айту үшін дәлел керек, ал имам аш-Шаукани мен ас-Сан’ани айтқандай ондай дәлелдер жоқ. “Субулю-Ссәләм” 1/100 және “Найлюл-аутар” 1/180.


Ал “Егер адам құсса, мұрыннан қан ақса, кекірсе немесе түссіз сұйықтың (мәзи) бөлінсе, онда намазын тоқтатып, дәрет алуы керек” деген хадиске келсек, онда ол хадис әлсіз болып табылады. 
Алайда Ма’даннан келген сахих хадис бар, Абу ад-Дарда (оған Аллаһ разы болсын) пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) құсқаннан соң дәрет алғанын айтқан. Содан кейін Ма’дан Саубанды кездістіріп, болған жайды айтып берген соң, Саубан былай деді: “Ол рас айтты, ол кезде пайғамбарымызға (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) суды мен құйып тұрған едім”. ат-Тирмизи 1/58, Абу Дәуд 7/8. Хадистің сахихтығын имам Абу ‘Иса ат-Тирмизи мен шейх әл-Әлбәни растаған.
Бірақ бұл хадисте құсқан соң дәрет алу уәжіп екендігі айтылмаған, себебі пайғамбарымыз (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұны бұйырған жоқ, тек өзі ғана дәрет алды, сондықтан бұл іс мустахаб болып табылады, өйткені пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) ісі өздігінен қайсыбір амалдың уәжіп екендігіне сілтемейді (указывать). “аль-Муғни” 1/247, “Ируа әл-ғалил” 1/148.

11. Ғайбат, өсек және т.с.с.

Ғайбат пен өсек айту дәретті бұзатыны жайында айтылған хадис сахих емес болып табылады. Имам Ибн әл-Джаузи. “аль -‘Иләл” 1/365 


Бірақ ғайбат пен өсек айту үлкен күнәлар болып табылады!

12. Шаштарды қысқарту мен қыру және тырнақтарды алу 

Абу Миджләздан риуаят етіледі: “Ол Ибн ‘Умар тырнақтарын алып болған соң дәрет алмағандығын көрді”. Ибн Аби Шайба 1/55. Иснады сахих.


Хасан әл-Басри айтқан: “Кімде-кім шаштарын немесе тырнақтарын қысқартса, немесе нәскиін шешсе, оған дарет алу міндетті емес!”. Сә’ид ибн Мәнсүр бен Хафиз Ибн Хаджар иснадын сахих деді. “Фатх әл-Бари” 1/482.
Барлық ғалымдар, тырнақтары мен шаштарын алып болған соң дәрет алу міндетті емес деп есептеген, тек Мужәхид пен әт-Табаридің дәрет алу керек деп есептегендері риуаят етілген. “әл-Мусаннаф” 1/56, “әл-Мабсут” 1/65.
Ал әз-Зухри, ‘Ата, Ибраһим ән-Нахаи және Хаммад қысқартып болған жерлерді сумен сүрту мустахаб деп есептеген. “әл-Мабсут” 1/65, “Шарх әл-Мууатта” 1/39.
Алайда ол мустахаб екеніне Құранда да, Сүннеттеде, сахабалардың сөздерінде де дәлел жоқ! Және бізге олардың неге сүйенгендері белгісіз.
Өйткені, мустахаб – олда шариғаттықүкім, ал әрбір шариғаттықүкімге дәлел керек!Шейх әл-Ислам ибн Таймия айтты: “Қандай да бір заттың уәжіп немесе мустахаб екендігін растайтын шариғаттық дәлел негізінде ғана уәжіп немесе мустахаб деуге болады”. “Маджму’ әл-фатауа” 1/265.
Имам аш-Шаукани айтты: “Мустахаб – бұл да дәлелді талап ететін шариғаттық үкім!”. “Сайл әл-джарар” 4/70.
Шейх Дибиян ибн Мухаммад ад-Дибиян, шаштар мен тырнақтарды қысқартқан соң дәрет алу немесе сумен сүртуге байланысты барлық пікірлерді келтіре отырып былай деді: “Шаштар мен тырнақтарды алып болған соң дәрет алу да, сумен сүрту де заңдастырылмаған! Өйткені уәжіп немесе мустахаб екеніне дәлел қажет, ал ондай дәлел жоқ”. “Ахкаму ат-таһара” 3/279.

13. Мәсіх тартылған нәскиді шешу

Мәсіх тартылған нәскиді шешкен адамның дәреті бұзылады ма деген мәселеде ғалымдар арасында келіспеушіліктер бар. 


Бұған қатысты үш пікір бар:
Біріншісі: оның дәреті бұзылмайды, және оған ештеңе істеудің қажеті жоқ;
Екіншісі: оның дәреті бұзылмайды, бірақ оған аяғын жуу керек;
Үшіншісі: оның дәреті бұзылады, және ол қайта дәрет алу керек;
Жоғарыдағы пікірлердің ең дурысы бірінші пікір екендігінде күмән жоқ, өйткені ол Аллаһ та’ала тарапынан рұқсат етіліп, жеңілдетілген масіх тарту түсінігімен сабақтасады. Ал басқа пікірлерге келсек, имам ар-Рафи’и айтқандай олар шариғаттық жеңілдікке қарама-қайшы. «Шарх әл-Уәджиз» 2/370. 
Мәсіх тартылған нәскиді шешу дәретті бұзатынын растайтын ешқандай хадистің жоқтығы да бұл пікірге дәлел болады! Және де “Ізгі халиф ‘Али ибн Аби Талиб бір күні дәрет алып және аяқ киіміне мәсіх тартты, содан соң оларды шешіп намаз оқыды”, деген хабар келген.“Тамаму-ннасх фи ахкам әл-масх” 91.
Шейх әл-Ислам ибн Таймия айтқан: “Нәски мен бас киімге мәсіх тартып, оларды шешсе, ол адамның дәреті бұзылмайды. Мәсіх тартудың уақыты өтіп кетсе де, дәрет бұзылмайды. Және де (оларды шешкен соң) қайтадан басқа мәсіх тартудың да аяқтарды жуудың да қажеті жоқ. Бұл Хасан әл-Басридің пікірі. Ханбали мазһабының сахих пікірі мен көптеген ғалымдардың сөздеріне сәйкес мәсіх тартуды шаштарды қысқартумен салыстырма жасауға (қияс) болады”. “әл-Ихтиәрат” 15.
Сондай-ақ, бұл пікірді Қатада мен Ибн Аби Ләйлә ұстанған. Және бұл пікірді Ибн әл-Мунзир, имам Ибн Хазм, шейх әл-Ислам ибн Таймия және шейх әл-Әлбәни, шейх Ибн Базз бен шейх ибн ‘Усаймин де ұстанған. “әл-Мухаллә” 2/105-109, «әл-Маджму’» 1/557, “Фатауа Ибн Баз” 10/113, “Фатауа Ибн ‘Усаймин” 11/193.
Ал бір күні сахабалардың бірінен бір адам нәскиіне мәсіх тартып, шешкен адам жайында сұраған кезде, ол былай деп жауап берді: “ол адам аяқтарын жусын”, - деген хабарға келсек, ол әлсіз болып табылады. 
Бұны Ибн Аби Шейба 1/187 мен әл-Байһақи 1/289 келтіреді, бұның иснадында Язид ибн ‘Абдуррахман ад-Даләни есімді жеткізуші бар. Ол жайында хафиз Ибн Хаджар былай деген: “Ол шыншыл (сыддиқ), алайда көп қателескен және тадлиспен айналысқан”. 

14. Әурет жерге қарау

Кейбір қоғамдарда әурет жерге қарау дәретті бұзады деген пікір қалыптасып кеткен. Бірақ бұл қате пікір, себебі бұған ешқандай дәлел де, тіпті имамдардың сөздері де жоқ! Алайда бөтен адамның әуретіне қарау - күнә іс болып табылады. 



Соңында, Әлемдердің Раббысы – Аллаһ та’алаға 
сансыз мақтау-мадақтар болсын!

Автор: А’маш



Орыс тілінен қазақ тіліне аударған:

«Ханифия форумы»
Каталог: files -> book -> kaz -> fikh
fikh -> Умра мен қажылық жасаушыларға арналған жаднама Дайындаған Дамир Хайруддин Қазақ тіліне орыс тілінен аударған «Абу Ханифа мирасы»
fikh -> Жүкті және емізулі әйелдердің оразасы туралы Әйелдер жүктілік немесе бала емізу себебімен ұстамай қалған оразаны өтеу керек пе?
fikh -> Әл-Мухаррам айындағы және Ашура күніндегі ораза турасында
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> -
fikh -> И’тикаф (Мешітте оңашалану) «И’тикаф» сөзінің анықтамасы
fikh -> Қажылық парызға айналатын шарттар
fikh -> Халәл тағаммен тамақтану қажеттігі туралы және жануар бауыздаумен байланысты ережелер


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет