Дәріс №1. Информатика негіздерін және оның қолданылуларын қосымша оқытудың мақсаттары мен негізгі түрлері



Дата07.11.2019
өлшемі21.31 Kb.

Дәріс №1. Информатика негіздерін және оның қолданылуларын қосымша оқытудың мақсаттары мен негізгі түрлері


Жоспар:
  1. Информатиканы негіздерін мектепте оқытудың мақсаттары.


  2. Информатиканы негіздерін мектепте оқытудың негізгі түрлері.

  3. Информатиканы негіздерін мектепте қосымша оқытудың мақсаттары.

Кілттік сөздер: Обьектив, технология, концепция, база.

Әлемдік дамудың қазіргі заманғы басты айырмашылығы қоғамдық еңбекті бөлуде ауырлық центрінің материялық өндіріс аумағынан ақпаратты алу, өңдеу, тарату, сақтау, көрсету, қолдануға ауысысуында болып табылады. Бұл процестің обьективті сипаттамасы қызметтердің интеллектуалды түрлері әсерінің дәрежесімен рөлінің адам өмірінің барлық жағынан жоғарылауына байланысты. Ақпарат дәстүрлік материалдық немесе энергетикалық ресурстар сияқты қоғаммен мемлекеттік бағыттық ресурс болып табылады. Ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, тарату, бейнелеу әдістемелерінен тұратын жаңа ақпараттық технологиялар жасалуда.

Бұларды таратудың ақпараттық базалары (ЭЕМ) электрондық есептеуіш машиналар болып табылады.

Осыған байланысты білім беруді ақпараттандыру қоғамды ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы, адамды толық мәнді өмірге даярлау және ақпараттық қоғамды қажеттіліктердің негізгі шарттары ретінде жан – жақты дамуды талап етеді.

Жоғарғы мектептегі ақпараттандыру концепциясы ақпаратты технология негізінде бастапқы процесті тарату және оны қайта құруға мүмкіндік бере отырып мақсаттарды, құрылымын, мәселелерді, негізгі бағыттарды, оларды шешу сатыларын, сондай-ақ қажетті материялық ресурстарды анықтайды.

Мектеп оқушыларымен информатика пәні бойынша жүргізілетін кластан тыс жұмыстар, дәстүрлі үйірме факультативтік курстар бойынша мектеп оқушыларының дайындық деңгейне қарай оқу тапсырмаларының жиынтығын, сонымен бірге осы сабақтардың тиімді программалық қамтамасыз етілуін дайындау – маңызды әдіснамалық міндеті болып табылады.



Оқытудың жаңа технологияларының барлығы оқушылардың өз бетінше білім алу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Оқыту технологиясы – оқу мен мазмұнын өңдеуге, көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы. Сонымен қатар, оқытушының оқыту барысында қажетті ақпараттық, техникалық құралдарды пайдаланып, оқушының терең білім алуына жағдай жасайды.

Информатикадан білімді бақылау тапсырмаларды басқа пәндік бақылау тапсырмаларынан өзгеше болады. Оқытудың жаңа әдістері негізінде қарапайымнан күрделіге сатылап, деңгейлі оқу жүйесі арқылы оқушылардың білім деңгейін бақылауға болады.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет